Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары.
ҚР-ң құқық қорғау органдары дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталғын мемлекеттік органның мәжбүрлеу қызметі. Осы шараларды қолдау үшін ерекше құқық қорғау органдары құрылады.
Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде жүзеге асырылады және олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орныңтыру мен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі. Олардың қызметінің негізгі бағыттарына сот билігі, прокурорлық қадағалау, қылмыстық қудалау, әділет органдарының, адвокаттардың және т.б. қызметі жатады.
Құқықты қорғау үшін мемлекетімізде мынандай органдар құрылған:
Сот. Біздің елдегі сот төрелігін сот қана жүзеге асырады. Сот жүйесін ҚР-ң Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар және аудандық, сол сияқты оларға теңестірілген соттар. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. ҚР-ң соттарының судьяларының мәртебесі бірдей, ал бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ғана ерекшеленеді. Оларға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады.
Прокуратура. Прокуратура заңның дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалайтын орган. ҚР Прок-ң құқықтық мәртебесі, қызметтік ұцымдастырылуы, қызмет тәртібі және прокурорлардың өкілеттіліг Конституцямен бірге, ҚР Президентінің “ҚР-ң прокуратурасы туралы” 1995 ж.21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығымен, халықаралық шарттармен, прокуратура қызметінің жекелеген қырларын реттейтін әрі шектейтін заңдармен, сондай-ақ Бас Прокурордың бұйрықтарымен реттелген.
Достарыңызбен бөлісу: |