Бағдарлы оқыту – оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы.
ҚР-ң мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізгі ережелеріне сәйкес 2006-2007 оқу жылынан бастап елеміздің жалпы білім беретін мекетептерінің жоғарғы сатысына бағдарлы оқытуды енгізу көзделіп отыр.
Бағдарлы оқыту – бұл жалпы білім беретеін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге менктепиің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастығы жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.
Ал кәсіптік білім беру деп – жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландырылған нақты кәсіби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесін түсінеді.
Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғарғы сыпып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.
Бағдарлы оқытуды енгізудің мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.
Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті – бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғапғы сатысын бастауыш, орта және кәсіптік білім беретін мекемелермен үйлестіруге келіп салды.
Сонымен бірге бағдарлы оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етуі қажет:
жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;
білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасау;
жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастығы, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.
Бағдарлы сыныптар оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкіндіктері, ата-аналармен таңдалынып алынған бағдар пәндерін оқытатын мұғалімдердің пікірлері, әдістемелік бірлестік ұсыныстарын, болжау мәліметтері, тестілеу нәтижелері ескеріле отырып құрылады. Ол оқушыларға негізгі назарды болашақ кәсіби білімнің таңдалып алынған бағдарының негізін құрайтын пәндерді оқуға, аударуға мүмкіндік береді.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үшін білім беретін мекеме, ең әуелі, бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың нақты жағдайы үшін неғұрлым тиімді үлгісін таңдап алу қажет.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп нақты жағдайларда бағдарлы оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады.
Оқу жоспарының базалық құраушысының құрылымы мен мазмұны барлық оқу орындары үшін бірдей болғандықтан жоғарғы сынып оқушыларын саралап оқыту принципін жүзеге асыру инвариантты мазмұнды кеңейту, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеудің, тиімді технологияларын пайдалану есебінен мүмкін болады.
Қоыта айтқанда, бағдарлы оқытуды енгізуге байланысты мектеп құрылымында, білім беру мазмұнында, оқу процесін ұйымдастыру деңгейлерінде жүзеге асырылатын барлық өзгерістер оқушының жеке тұлғасын олардың талап-тілектері мен танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес жан-жақты дамыту үшін жағдай жасауға бағытталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |