Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет11/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Алдыңғы не соңғы ми (Telencephalon) құстарда бір-бірінен терең ұзынша саңылау арқылы бөлінген үлкен екі ми сыңарларынан тұрады. Құс миының аса ұлғайған ми сыңарларына сайшалар мен қыртыстар болмайды, олардың астыңғы жағы да, үстіңгі жағы да тегіс болып келеді. Иіс сезу пиязшықтары алдыңғы мидың астыңғы жағында орналасады. Олардың мөлшері үлкен емес. Алдынан иіс-сезу нервтері енеді. Әрбір сыңарларда қарынша қуысы болады, ол құстарда нашар дамыған, себебі ми сыңарлары тұтастай жолақ денелердің шашырап орналасқан клеткалық массаларымен толы. Құстарла, сүтқоректілерден ерекше, ми сыңарларына ми қыртысы емес, жолақ денелер біршама жетілген.
Құстар миының паллиальды формациялары ми сыңарларының артқы бөлімдерінде ең күшті дамыған. Олар латеральды паллиум-палеопаллиумнан, медиальды паллиум-архипаллиумнан және дорсальды паллиумнан тұрады. Құстардың паллиальды формациялары күделі нейронды құрамға және дамыған байланыстар жүйесіне ие. Архипаллиум афференттері жолақ денелерден, палеопаллиумнан, гипоталамустан, ми бағанасының ядроларынан және көрші сыңарлардың осы аттас құрылымдарынан алады. Эфференттер септум, дорсальды паллиум және жолақ денелерге бағытталады. Құстардың палеопаллиумы нашар дамыған. Бұл жерде иіс сезу пиязшықтарының жолдары табылған.
Орта ми тектумы әлі де болса маңызға ие, бірақ жолақ дене (corpus striatum), гиперстриатум (hyperstriatum) тәрізді, сүтқоректілердің жаңа қыртысына сайма-сай болып келеді, көп жағдайларда басты орталық болып табылады. Жолақ денелер құстарда күрделі құрылысты; оларда клеткалық массаның бірнеше зоналарын ажыратуға болады, олар бір-бірімен ақ заттың жіңішке жолақтары: гипер-, нео-, архи- және палеостриатум арқылы бөлінген. Барлық зоналар бір-бірімен екіжақты байланысқа ие. Бір жағынан жолақ дененің барлық зоналары ми сыңарлары ішінде де, сол сияқты мидың басқа бөлімдерімен де кең көлемді байланыстарға ие. Яғни жолақ дене зонасына көру, есту соматосенсорлы ақпараттар таламус ядросы арқылы түседі. Бұдан басқа, жолақ денелер мишықты, тектальды, тегментальды афференттерді де қабылдайды. Эфференттер ми бағанасы мен жұлынның қозғағыш ядроларына тіклей кескіндеме береді.
Құстардың танауы. Құстардың сыртқы жұп танаулары, пішіні әртүрлі болатын және мүйізді қабықпен қоршалған (тауықтәрізділер, кептертәрізділер және т.б.) тұмсығының түбінде орналасады.
Құстардың мұрнының құрылымы бауырмен жорғалаушылардың құрылымына ұқсас. Бірақ, рептилиялармен салыстырғанда, құстарда мұрын қуысының беті мұрын кеуілжірлерінің өсуіне байланысты ұлғайған. Құстарда үш мұрын кеуілжірі сақталған, олар қолтырауынтектестер туысына ұқсас болады. Бұл кеуілжірлер күрделі оралымдарға айналған. Құстарда Якобсон мүшесі тек эмбриональды кезде ғана байқалады.
Әдетте құстардың иіс сезуі нашар жетілген деп есептейді. Себебі барлық құстардың алдыңғы миындағы иіс сезу бөлігі өте кішкентай. Бірақ, тәжірибелер көптеген құстарда (жыртқыштар, балшықшылар, үйректер және т.б.) иіс сезу біршама жақсы дамығанын көрсетеді және ол қорек іздеуге пайдаланылады. Мысалы, үйректер ылғал жемді 1,5м қашықтықтан иіс бойынша таба алады. Жаңазеландиялық кивиде иіс сезу жемді іздеуде басты рецептордың қызметін атқарады.
Құстардың көздері. Үлкен көздері кірпікшелері бар үстіңгі және астыңғы қабықтар арқылы жабылған. Астыңғы қабық үстіңгі қабыққа қарағанда әдетте үлкен және көзді жабатын да сол. Көздің алдыңғы қиылысында үшінші қабақ немесе жыпылдауық жарғақша болады. Көз салыстырмалы әрі абсолютті мөлшері бойынша да өте үлкен. Өсімдікқоректі қазтәрізділер мен тауықтәрізділердің көздері салмағы бойынша шамамен мидың салмағына тең және дене салмағының 0,4 – 0,6% құрайды. Жыртқыш құстардың көзінің салмағы мидан 2-3 есе артық және дене салмағының 0,5 – 3% құраса, жапалақтарда көздің салмағы дене салмағының 1 – 5% тең болады. Басқа омыртқалылармен салыстырғанда құстар арасында көздері редукцияға ұшыраған бірде-бір түр кездеспейді.
Құстар көзінің механикалық мықтылығы склераның қалыңдауымен қамтамасыз етіледі, ол оны шеміршекті тостағанша (кейбір құстарда ол сүйектенген) жауып жатады. Көптеген құстарда бірнеше сүйекті тақтайшалар склералық сақина түзейді. Нұрлы қабық, рептилиялардағыдай, көлденең-жолақты бұлщық етті. Мөлдір қабық дөңес, көзбұрщығы жалпақ. Кірпікшелі денеде көзбұршақтың шеттерімен жанасуды жүзеге асыратын өсінділер болады. Кірпікшелі дененің сақиналы бұлшық ет талшықтары жиырылған кезде өсінділер көзбұршағын басалды және оны жақын арада көруге икемдеп біршама дөңістендіреді. Көруге бейімделу көзбұршағы формасының өзгеруі арқылы және оны бір мезгілде жылжыту арқылы, сол сияқты мөлдір қабаттың қисаюының кейбір өзгерістері арқылы жүзеге асады.
Торлы қабықта таяқшалар мен табақшалар болады. Құстардың табақшаларында жарық сезгіш және бейненің анақталағын үлкейту қызметін атқаратын майлы тамшылар болады. Құстарда, басқа да омыртқалылардағыдай, торлы қабықта орталық алаң – көрудің ең өткір учаскесі болады. Кейбір түрлерде, әсіресе қозғалыста болатын нысандармен қоректенетіндерде көрудің екі өткір аймағы болады. Оның біреуі көз алмасы түбінің орталығында, ал екіншісі – оның артқы қабырғасында орналасқан. Екінші орталық алаң көру өрісінің алдыңғы бөліміндегі бейнелерді ажыратуға мүмкіндік береді. Соқыр дақ аймағында тарақша орналасқан – ол шыны денеге еніп жатқан тамырларға бай пигментті қатпарлы туынды. Тарақша торлы қабықтың қоректенуін жақсартады. Тарақша бауырмен жорғалаушылардың көздерінде де бар, бірақ құстарда ол үлкендеу әрі күрлелі; бұл көз мөлшерінің үлкен болуымен байланысты болуы мүмкін. Көру түйсігін талдау орта мидың көру орталықтарында жүреді.
Құстардың барлығы да турлі түсті ажырата алады. Сондықтан да құстардың қауырсын жамылғысында ашық түрлі түсті дақтар жиі кездеседі, олар түрді ажырату қызметін атқарады. Әр көздің көру өрісі 150-170 градусты құрайды, бірақ бинокулярлы көру өрісі үлкен емес, бір жағы 20-30 градус қана. Жапалақтар мен кейбір жыртқыш құстардың көздері тұмсығына қарай орналасқан және бинокулярлы көру күшееді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет