Өзіндік сұрақтары: 1.Құстардың нерв жүйесі қандай?
2.Құстардың сезім мүшелері
3.Мінез құлығының ерекшелігі қанадай?
№8лекция
Құстардың зәр шығару органдары Жоспар: 1.Зәр шығару жүйесі.
2.Тұз алмасу.
Лекция мақсаты: Құстардың зәр шығару және тұз алмасу жүйелерімен таныстыру.
Лекция мазмұны: Құстарда метанефросты бүйрек қызмет атқарады, олар күрделі сегізкөздің қуысында орналасқан. Бүйрек үш бөліктен тұрады. Бүйректен несепағар шығады, ол клоакаға зәр-шығару саңылауы арқылы ашылады. Қуық болмайды, бұл құстардың ботқа тәрізді қоймалжың зәр қышқылын шығаруға байланысты болуы да мүмкін. Құстар бүйрегінің негізгі бөліктері, рептилия бүйрегі сияқты, көптеген микробөліктерге бөлінеді, олардың ортасында жалпақ алып кетуші вена (v. intralobularis) және оны ілестіруші жіңішке артерия (а.intralobularis ) жатады. Артерия бұтақшаларын (vasafferens) бүйректің шетіне қарай орналасқан көптеген бүйрек шумақтарына (glomeruli) жібереді. Бөлік бетінде алып келуші венаның (renalis advehers) жіңішке бұтақшаларында (v.interlobularis) ілестіруші зәр жинайтын түтіктер жатады. Түтікшелерден зәр шығару өзекшелері орталық венаға бағытталады, иіледі және көптеген тұзақтардан соң Мальпигий денесінің бүйрек орамдарымен аяқталады. Капиллярлық жүйе алып келуші және алып кетуші веналарының арасында орналасады, зәр шығару өзектерін орап, Мальпигий орамдарынан шығатын артериялық тамырларды (vasa efferentid) қабылдайды. Құс бүйрегінің Мальпигий мөлшері үлкен болмайтыны анықталған, ол судың нашар сүзіп оны үнемдеуге көмектеседі. Негізінен зәр қышқылы бүйрек каналшалары қабырғаларының бездері арқылы бөлінеді. Омыртқалылар ішінде ең алғашқы рет нефронда Генле тұзағы (әсіресе сүтқоректілерде дамыған) пайда болады, оның айналасында капиллярлар қарсы ағыс жүйесі қалыптасады. Генде тұзағы-шығару жүйесінің өте белсенді қүрылымды элементі – бұл жерде түздар мен судың сіңірілуі және реабсорбциясы жүзеге асады. Натрий иондары тұзақтың өрмелегіш бөлімінде реабсорбцияланады. Мұның бәрі концентрлі зәрдің қалыптасуына және сұйықтықтың үнемденуіне алып келеді. Клоакада да судың сіңірілуі жүзеге асады.
Көптеген құстарда көз шарасының үстінде маңдай сүйектің қуысында орналасқан мұрын бездері болады. Жемтігімен қоса теңіз суын жұтып қоятын теңіз құстары осы тұзды бездердің көмегімен организмнен натрий тұзының астық мөлшері танау тесіктері арқылы тұзды тамшы түрінде шығарылады.
Құстардың зәр шығару жүйесі. Жұп метанефридиялық бүйрек құстың жамбас аймағындағы құрсақ бөлімінің дорсальды жағында орналасқан. Әрбір бүйрек үш бөліктен тұрады, ең үлкені артық бөлігі болып табылады. Әр бүйректен несепағар шығып, клоакаға ашылды. Құстарда, рептилиялардағыдай,екінші несепағарлар дамиды, олар Вольф өзегінің төменгі бөлімінен қалыптасады. Құстарда (африкалық түйе құс-страустан басқаларында ) қуық болмайды.
Протонефридиялық бүйрек эмбриональды кезеңде дамымайды. Мезонефридиялық бүйрек эмбриональды мүше болып есептелінеді,ол ұрық жұмыртқадан шыққан кезде жойылады.Тек құстың аталықтарында мезонефридиялық бүйректің алдыңғы бөлімі тұқым безінің қосымшасы ретінде сақталады. Құстарда, көпшілік рептилиялардағыдай, белоктық алмасудың сонғы өнімі мочевина емес,ол ертіндіден түйіршік түрінде оңай тұнбаға түсетін зәр қышқылы болып табылады.Нефрондардағы бүйрек шумақтарының мөлшері салыстырмалы түрде үлкен болмайды,яғни сүзілу қарқындылығын төмендетеді және суды жоғалту азаяды.Зәр қышқылының негізгі массасы бүйрек каналдарының қуыстарына шумақтарынан сүзілу арқылы емес ол бүйрек қақпа жүйесінің капиллярларымен оралған бүйрек каналдарының арнайы жолымен жүзеге асады. Нефрон каналдары ұзарған және оралған проксимальды, U- тәрізді иілген Генле тұзағы жане бүйректің ми затында орналасқан жинағыш түтіктерінде бөлінген. Мұндай нефронда қан плазмасына қатысты гиперосмостық зәр түзіледі.Айта кететін жай, құстарда сүтқоректілерден ерекшелігі сол, бұл қабілет өте жақсы анықталмаған: зәрдің осмостық концентрациясы қан плазмасымен салыстырғанда екі есеге жуық артық. Зәрдің қанығуы(концентрциялану) механизмі канал сұйықтығынан судың белсенді реабсорбциясын және каналдардағы еріген заттардың белсенді бөлінуіне байланысты емес,ол канал сүйықтығындағы натрий мен хлордың реабсорбциясына байланысты болады.Генле тұзағы қабырғаларының өткізгіштігі тұздылығы жоғары аймақтағы алғашқы зәрден судың пассивті ребсорбциясына мүмкіндік туғызса, ал натрий иондары Генле тұзағының өрлегіш бөлімі мен нефронның аяққы бөлімінде белсенді реабсорбцияланады. Егер бүйрек суды шын мағынасында көп мөлшерде шығарса, онда аз еритін зәр қышқылы каналдарда тұнбаға түсіп, оларды бітеп тастаған болар еді. Сол себепті нефрондарда және несепағарда ол клоакаға түсенге дейін салыстырмалы түрде сұйық күйінде қалуы керек. Құстардың бүйрегінің сүтқоректілер бүйрегінен айырмашылығы сол, олардың бір нефрондарында Генле тұзағы болса, ал екіншілерінде ол болмайды. Судың қосымша сіңірілуі клоакада жүреді; бұл жерде зәр түзілудің үшінші сатысы жүзеге асады. Бұлардың бәрі организмнен ыдырау өнімдерін шығаруда судың аз жоғалуына жағдай жасайды.
Өте күшті дегидратция кезінде немесе тұздар артық түскенде, не болмаса қоршаған ортаның температурасы жоғарылаған кезде, құстардың бүйректері осмостық гемеостазды қамтамасыз ете алмайды, себебі олардың консентрациялану қабілеттілігі шектелген, ал натрий мен хлордың зәрмен бірге шығарылуы төмен. Организммен бірвалентті иондарды шығаруда шөл мен теңіз құстарында, рептилиялардағыдай, тұз бездерінің атқаратын рөлі жоғары болады. Тұз бездерінің секрециясы ортаның осмомолярлығы жоғары болған кезде рефлекторлық жолмен қамтамасыз етіледі. Тұз бездерінің бөлінділерінде натрийдің концентрациясы қанға қарағанда төрт – бес есе және шамамен теңіз суына екі есе жоғары болады. Осындай қаныққан ерітіндіні шығару құстарға ащы суқоймаларынан су ішуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар тұз бездері тұщыландыру қызметін атқарып организмді натрий мен хлордың артық мөлшерінен тазартады. Басқа артық тұздар бүйрек арқылы зәрмен шығарылады.