Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет5/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Өзіндік сұрақтары:
1.Құстардың қаңқасының өзіндік ерекшеліктері?
2.Құстардың бас сүйегінің бөлімдерін ата?
3.Құстардыңдың қозғалмайтын бөлімдері қандай?
4.Алдыңғы аяқ белдеуі
5.Құстардың омыртқа жотасының бөлімдерге жіктелуі
6.Құстардың кеуде бөлімі қандай сүйектерден тұрады?
7.Құстардың иықтары қандай сүйектерден тұрады?


4лекция.
Құстардың ас қорыту жүйесінің ерекшелігі
Жоспар:
1.Құстардың қоректену түрлері
2.Құстардың асқорыту жүйесі
Лекция мақсаты: Құстардың ас қорыту жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Лекция мазмұны: Құстар әртүрлі жануартектес және өсімдіктектес қоректі пайдалана алады. Мейлі ірі немесе майда түрлер болсын орналасқан экологиялық қуысқа байланысты, қоректің белгілі бір түріне маманданады. Кейбір түрлері өте арнайы маманданған (стенофагтар), басқаларының қоректік спектрі кең (эфрифагтар). Қоректену сипаты мен жемтігін аулау тәсілі тұмсықтың құрылысына әсерін тигізеді. Көптеген құстардың тұмсығы ұзын, қорегін жерде немесе судан ұстайды. Есте ұстайтын нәрее - тұмсықтың, аяқтың және мойынның (дегелектер, құтандар, шалшықшылар) ұзындығының бір-біріне сәйкестігі байқалады. Тропикалық ормандардың шырынды жемістерімен қоректенетін кейбір құстардың тұмсығының іші қуыс әрі үлкен (тукандар, мүйізтұмсықтар;). Шалшықшылардың тұмсығы басқа құстарға қарағанда өте ұзын болады, өйткені олар қорегін лай мен батпақ арасынан іздейді, ал гүлдің нектарымен қоректенетін балсорғыштар, колибрилердің де тұмсығы тым ұзын және қабық арасынан, әртүрлі қуыстардан насекомдарды іздейтін жарқұстар мен шиқылдауықтардың да тұмсығы ұзарған. Жыртқыш құстар мен балықшы құстардың тұмсығы қысқа (сұңқарлар, жапалақтар) немесе ұзындау (суқұзғындары), бірақ үстіңгі тұмсықтың ұшы міндетті түрде ілгек болуы керек. Бұдан басқа, нағыз түнгі және күндізгі жыртқыштар өзінің жемтігін тырнағы күшті аяғымен ұстайды. Жемтігін ауада ұшып жүріп ұстайтын насекомқоректі құстардың тұмсығы кішкентай, бірақ үлкен аузының езуінде қылтанақтары болады, олар насекомдарды ұстауға көмектеседі (қарлығаштар, ұзынқанаттар, тентекқұстар, шыбыншылар). Қылқан жапырақты ағаштардың тұқымымен қоректенетін қайшы ауыздардың үстіңгі және астыңғы тұмсықтары бір-бірімен қиылысады, олар бүршіктің қабығын ашуға көмектеседі. Көптеген қунақтар мен тоқымашылардың тұмсығы қысқа әрі мықты болып, жеміс ағаштарының сүйекті тұқымын тістеп, оны ұсақтауға жәрдем береді. Қазіргі құстарды тіс жоқ, қорегі не тұмсығымен немесе мүйізтектес төсеніші бар етті қарынмен ұсақталады.
Құстардың тілі әр түрлі роль атқарады. Кейбір жағдайларда ол өте күшті редукцияға ұшыраған және ролі шамалы (бірқазандар, суқұзғындары, зымырандар, бәбісектер, түйеқұстар). Басқа жағдайда тіл ағаш сүрегі мен қабық арасындағы тар жолдардан жемтігін ұстауға көмектеседі. Әр түрлі балсорғыштардың тілі - сорғыш, ол гүл шірнесін сорады (колибрилер, шірнешілер, балсорғыштар). Тіл жемтігін, мысалы балықты ұстап тұруға жәрдемдеседі (пингвиндер) немесе үгіткіш қызмет атқарады (жыртқыш құстар). Азық ретінде майда су омыртқасыздарын пайдаланатын құстардың тілінің шеті суды сүзу және жемтігін ұстап қалатын елек қызметін атқарады (үйректер, қаздар, қоқиқаздар).
Асқорыту жүйесі. Құстардың асқорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Көп жағдайда оның көлемі шамалы және ежелгі құстарда болған тістер қазіргілерде жоқ. Ауыз қуысында әдетте кішкентай тіл орналасқан, ол үшкір және мүйізденген. Тілдің пішіні мен атқаратын қызметі әртүрлі және қоректену әрі қорегін үстау сипатына байланысты, кейде ол етті болып келуі де мүмкін. Қысқа жұтқыншаққа Евстахий түтіктері мен жіңішке көмекей саңылауы ашылады. Өңештің ұзындығы әр түрдің мойнының ұзындығына байланысты және оның шамамен ортаңғы бөлімінде кеңейген жемсау орналасады. Жемсау етқоректі құстарға қарағанда дәнқоректілерде жақсы дамыған. Жемсау - тек қоректі уақытша сақтайтын резервуар емес, ол сонымен қатар қоректің химиялық өңделуінің басталатын жері болып саналады. Кептер жемсауының қабырғалары қоймалжың сүзбе тәрізді масса («құс сүті») бөліп шығаратыны дәлелденген, осымен олар балапандарын қоректендіреді.
Құстардың өңеші көп қабатты беттік эпителийге және ұзына бойы сілемейлі бездерге бай. Эпителийлі төсеніш 4-10 қабаттан (әупілдек) тұруы мүмкін, ал шағалалар мен су құзғындарында сілемейлі эпителий өте күшті, қалыңдығы 600 мкм-ға жететін қабат құрайды. Сирақтылар мен зымыранның төсемелі эпителийі призматикалық, ал көптеген балыққоректі құстардың өңешінде жалпақ, қабыршақты болып келеді. Балыққоректілердің көптеген эзофагельді бездері қарапайым альвеолярлы және сілемей бөледі. Көрсетілген бездердің мукоидты клеткалармен төселінген шығару өзектері болады.
Нағыз сілемейлі тақтайша диффузды және фолликулярлы лимфоидты ұлпаға бай. Бұлшық еті-ұзын жолақты және циркулярлы қабатты. Өңештің үшінші гастральды бөлігінің сыртынан сақиналы қабаттан жекеленген ұзын салалы бұлшық ет өрімдері пайда болады.
Көптеген насекомқоректі құстарда өте күшті дамыған эпителиальды төсеніш (30 қабаттан артық) болады, олар жалпақ клеткалардан тұрады (маубас пен көкектен басқаларында). Эзофагельді бездер балыққоректі құстардағыдай альвеолярлы типті, бірақ майда сұңқартектестерде. тауықтектестер мен тақтайтұмсықтыларда бұл бездердің шеткі бөлімдерінің құрылысында біршама вариациялар байқалады. Десе де бұл бездер дәнекер ұлпада біртұтас қабат болып жатады. Насекомқоректі құстардың әртүрлі отрядтарында шығару өзегі ұзын болуы да (сайрауықтектестер, қарлығаштар, боздақтар, жыртқыштар) немесе қысқа болуы (тентекқұстар, көкқарғалар, бәбісектер, сандуғаштар) мүмкін. Эзофагель бездердің секретінің табиғаты мукоидты (сілемейлі).
Құстардың ас қорыту жүйесі. Құстардың ауыз-жұтқыншағы жалпы алғанда завропсидті құрылысты. Бірақта аздаған ерекшеліктері де бар. Эпителийде кератиннің жиналуы еріндерді мүйізді тұмсыққа айналдырады, ал ол үстіңгі және астыңғы тұмсықтардан тұрады. Ауыз қуысында жұп ұзына бойы жатқан бүйір таңдай қатпары болады, ол мұрын қуысының алдыңғы бөлімін аздапта болса ауыз қуысынан бөледі. Таңдайдың беті мүйізденген эпилелиймен жабылған. Бүйір қатпарлардың арасында таңдай тесігі болады, ол артқы жағынан кеңейіп, жалғыз ішкі танау тесігі – хоанаға айналады. Хоана тесігінің артында Евстахий түтігінің тақ тесігі ашылады. Ауыз қуысының түбінде әдетте жұқа әрі аз қозғалатын, ішкі бұлшық еті жоқ, тіл орналасады. Құстардың тілі алдына қарай үшкір және мүйізді қабатының күшті дамуымен ерекшеленеді. Тоқылдақтар мен колибриде тілді шығару артқы өте ұзарған мүйізшетәрізді өсіндінің қозғалуына байланысты жүзеге асады, олар бас сүйекті артынан орап өтіп оның үстінде жатып, танау тесіктеріне дейін жетеді. Тоты құстардың жалпақ әрі етті тілі әруақытта қозғалмалы. Тілдің түбінің артында көмекей тесігі жатады, ол тыныс алу түтігіне барады.
Барлық құрлық омыртқалылардағыдай, құстардың да ауыз қуысына көптеген сілемейлі бездердің жолдары ашылады. Астыңғы жақтың бұрақтарының арасында өзегі ауыз қуысының түбіне және тілдің ұшының екі бүйірінен ашылатын жақасты бездер орналасады. Ауыз қуысына, сол сияқты, жақ бездерінің, езу бездерінің және басқа жерлерде орналасқан көптеген майда безшелердің өзектері ашылады.
Көмекей тесігінің артында өңешке баратын кең кіреберіс орналасады, ол ауыз-жұтқыншақ қуысынан емізікшелер арқылы шектелген. Өңештің қабырғалары жұмсақ әрі оңай созылады. Өңештің ішкі беті сілемейлі қабықтың қатпарларымен жабылған. Көптеген құстардың өңештері анық байқалатын бөлім – жемсау құрайды, оның бөліндісі қорегін алдын-ала шылау қызметін атқарады, кейде асқорытуда маңызы болады. Кептердің жемсауы үлкен, екі бөлімді. Жұмыртқа басатын кезде жемсаудың эпителийі қалыңдайды, оның клеткалары жартылай майға айналады және «сүт» деп аталатын, онымен балапандарын қоректендіреді, сұйық бөлінді түзейді.
Өңеш жүрек тұсында қарынға ашылады, ол жеке-жеке екі бөлімнен – алдыңғы (кардиальды), аздап төмпиген, безді қарыннан және одан анық бөлінген, пироликалық бөлім, етті қарыннан (бөтеке) тұрады. Безді қарын оған келіп жалғасатын өңештен айқын бөлінбеген, бірақ біршама қалың қабырғасымен ерекшеленеді. Безді қарынның ішкі бетінде пепсин мен тұз қышқылын бөлетін көптеген түтіктәрізді асқорыту бездері болады. Қарынның бұл бөлімінде қорек ұзақ тұрмауы мүмкін, тек асқорыту бездерінің секреттерімен араласады. Етті қарын қабырғасы қалың етті, оның негізін бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары құрайды. Қарынның ішкі беті тығыз кератинтәрізді кутикуладан төсенген, ол бездер мен эпителий клеткаларының туындысы болып табылады. Асқорыту ферменттерімен жақсылап шыланған, қоректік зат етті қарында оның қабырғаларының бір ырғақпен жиырылуының (1 секундта 30-ға дейін) арқасында үгітіледі. Қорегінің үгітілуіне құстардың жұтқан тастары да (гастролиттер) көмектеседі, олар қарын қуысына жиналады және диірмен қызметін атқарады.
Қарын қуысынан 12-елі ішек шығады, ол орта ішек бөліміне жатады. Оның пішіні ұйқы безін орап жататын тұзақтәрізді. Ішектің ішкі бетінде қатпарлар болмайды, ол бүрлермен жабылып, ішектің сіңіру бетін ұлғайтады. 12-елі ішекке бауыр мен ұйқы безінің жолдары келіп құяды, олардың бөлінділері асқорытуда белгілі роль атқарады. Біршама үлкен бауыр екі бөлімнен тұрады, олар бір-бірімен жіңішке қылта арқылы байланысады. Бауырдың артқы жағында өт қапшығы (ол кейбір түрлерде болмайды) орналасады, одан өт жолы шығып 12-елі ішектің алғашқы бөліміне ашылады. Мұнан басқа, бауырдан тағы да екі бауыр өзегі ашылады: біреуі – бауырдың оң бөлігінен басталып 12-елі ішектің ортаңғы бөлігіне ашылса, келесісі – бауырдың екі арасындағы қылтадан басталып өт жолына құйылары. Ұйқы безі бірнеше бөліктерден тұрады. әдетте оның бір немесе екі өзек шығатын астыңғы жағын және бір өзек шығатын үстіңгі жағын ажыратады. Ұйқы безінің жолдары жеке-жеке өт жолының қасынан 12-елі ішекке ашылады.
12-елі ұзын ащы ішекпен жалғасады, ол спираль тәрізді оралып қысқа тік ішекке айналады. Ащы ішек пен тік ішектің шекарасында іші қуыс екі өсінді – соқыр ішектер орналасады, олардың ішкі беті көп құстарда көптеген бүрлермен жабылған. Соқыр ішектердің асқорытуда маңызы жоқ, бірақ лимфоидты мүше болып табылады. Қысқа тік ішек, біртіндеп кеңейіп, клоакаға айналады. Тік ішектің ішкі беті не майда бүршіктермен жабылған, не сақина тәрізді қатпарлы болады.
Құстардың клоакасы кеңейген қапшықтәрізді, ол үш бөлімнен тұрады. Алдыңғы екі бөлімнің шығу тегі энтодермальды, себебі олар ішек түтігінің туындылары болып табылады. Үшінші бөлім – эктодермальды, сыртқы жабынның дүмпуі есебінен дамиды. Клоаканың алдыңғы бөлімі тік ішектің артқы бөлімінен сақиналы тарылғыш арқылы ажыратылады. Бұл бөлімнің ішкі бетінің сілемейлі қабығы кішірек келген өскіншелер құрайды, бұлар қабыққа қырлы-ойлы сипат береді. Клоаканың бұл бөлімі қи массасының жиналуы қызметін атқарады. Клоаканың ортаңғы бөліміне несепағарлар мен жыныс жолдарының шығару өзектері ашылады. Бұл бөлімнің ішкі беті ұзынша қатпарлармен және емізікшелермен жабылған. Ортаңғы бөлім басқа екі бөлімнен сақиналы қатпарлар арқылы бөлінеді. Клоаканың артқы бөлімі клоака тарылғышының бұлшық етті біліктерімен қоршалған клоака тесігімен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет