Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016


Тақырыбы: Орнитология пәні және курс міндеттері мен мазмұны



бет2/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Тақырыбы: Орнитология пәні және курс міндеттері мен мазмұны
Жоспар:
1.Орнитология пәнінің мақсаты, міндеттері
2.Орнитология ғылымының даму тарихы
Лекцияның мақсаты: Орнитология пәнінің зерттейтін ғылымдарымен, яғни құстар дүниесімен, оларды зерттеген ғалымдар жайында баяндау.
Лекция мазмұны: Қазақстан - Еуразия құрлығының орта бөлігінде, зоогеографиялық тұрғыдан қарағанда, Палеарктиканың ортасында орналасқан. Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінің ара қашықтығы 1800 шақырым болса, батысы мен шығысы.— 3000 шақырымға созылып жатыр. Табиғат жағдайы да - ерекше: солтүстігін орманды дала көмкеріп жатса, оңтүстігіне қарай шөл және шөлейт аймақтар, даласы мен қыры орналасқан. Ал оңтүстігі мен шығьіс бөлігін биік таулар мен тау жоталары қоршап жатыр. Осынау, әртүрлі ландшафт пен климатқа бай, кең байтақ жерімізде құстардың 488 түрі мекендейді. Олардың ішінде 388 түрі (79,5%) еліміздің аумағында ұя салады, солардың арасынан 138 түрі қыс кезінде де республика территориясын мекендейді. Күз кезеңінде құстың 14 түрі бізге қыстауға ұшып келсе, 47 түрі ел аумағы үстінен көп тұрақтамай ұшып өтеді, 35 түрі Қазақстан жеріне анда-санда ұшып келетін кірме құстар.
Құстардың кейбір түрлерінің жер бетінен мүлдем құрып кетуіне, еті мен жұмыртқасы үшін, оларды адамдардың аяусыз, қырып-жоюы себеп болды. Мысалы, Үнді мұхитының Маврикий аралында тіршілік еткен дроит деп аталатын ірі (көлемі қаздан екі есе үлкен) ұша алмайтын, көгершіндерге ұқсас құстарды, адамдар 1681 жылдардың өзінде-ақ жойып жіберген болатын. Көп ұзамай дронтқа ұқсас, Маскарен аралдарын мекен еткен додо аталатын құс та соның жолын құшты. Кейбір деректер бойынша (Винокуров 1992) соңғы 400 жыл шамасында жер бетінен құстардың 200-ден аса түрі жойылып кеткен. Сондықтан, табиғатты аялау, оның ішінде, құстар әлемін қорғау, адамзаттың басты борыштарының бірі болуы тиіс.
“Орнитология” терминін итальян табиғат зерттеушісі У.Альдрованди 16 ғасырдың аяғында енгізді. Орнитология туралы алғашқы шығарманы ежелгі грек ғалымы Аристотель жасады. “Жануарлар тарихы” деген еңбегінде құстардың 170 түрін сипаттаған.
Ғылым номенклатураның негізін және құстар классификациясын Карл Линней “Табиғат жүйесі” деген еңбегінде көрсетті.
Ч.Дарвин Галапагос аралдарындағы зерттеулер – органикалық дүниенің эволюциялық теориясы жасалды.
Ағылшын ғалымы Т.Гэкслидің, орыс ғалымы Мэнзбирдің, неміс ғалымы Фюрбрингердің зерттеулері 19 ғасырдың аяғында құстар классификациясы ның негізі болды.
Құстардың жер бетінде кеңінен таралуы туралы мәліметтер ағылшын ғалымы Ф.Склеттерге жер шарының орнитогеографиялық аймаққа бөлінуіне мүмкіндік берді. Кейінірек орыс ғалымдары Н.А.Серверцов (1877) және М.А.Мензберг (1888-1892) полиарктикадағы құстарды бөлді.
18 ғасырда Ресейде түрлі экспедициялар ұйымдастырылды. П.С.Паллас, Н.Я.Зерецковский, С.П.Крашенников және басқалар – Карелия мен Қырымның, Камчатканың жерлерін зерттеп, құстарын сипаттады. Соның нәтижесінде П.С.Паллас “Зоогеография Россо - Азиатка” деген еңбегін шығарды.
19 ғ ортасында орыс ғалымдары Н.М.Прежевальский, П.М.Козлов, М.М.Березовский Орталық Азия жерінің құстарын зерттеді.
Ресейде Орнитологиялық орталықтардың бірі болып Москва университеті саналады.
19 ғ. аяғы 20 ғ басында орыс ғалымы К.Ф.Рульс орыс орнитологиялық мектепті ұйымдастырды.
Бұл мектеп құстар морфологиясын, фаунистикасын, систематикасын, орнитогеографиясын зерттеді. Осы мектептің ғалымдары Н.А.Северцов, М.Л.Мензбер орнитологияның дамуына ерекше үлес қосты.
Октябрь революциясынан кейін – бірнеше зоологиялық мекемелер ашылды. Институттар, лабораториялар, қорықтар ашылып жұмыс жүргізілді.
Соның нәтижесінде көптеген зерттелген еңбектер шықты. Карпат пен Белоруссияның, Прибалтика мен Оралдың, Қазақстан мен Алтайдың құстары зерттелді. Г.П.Дементьева мен Н.А.Гладкованың 6 томдық “Фауна СССР” деген еңбегі жарық көрді.
Қазіргі орнитология – зоологияның кеңінен зерттелген аймағы. Орнитология көптеген пәндермен байланысты. Қазіргі құрлықтың зоогеографиялық бөлінуі құстардың жаралуы туралы мәліметтерге сүйенеді. Популяциялық экология, этология, генетика құстары орнитология ғылымымен байланысты.
Құстар физиологиясын экспериментальды зерттеуі кеңінен дами бастады. Қазіргі проблемалардың бірі орготопериодизм, энергеткиалық баланс, тұздардың алмасуы кеңінен зерттелуде.
Орниология ғылымы ауыл, орман шаруашылығында ерекше орын алады. Түрлі биологиялық әдістермен зиянкестермен күресу жүргізу әдісін жасайды.
Көптеген елдердің орнитологтары ұлттық ұйымдарға бірігуде. Британ орнитологиялық бірлестігі, Бомбей натуралистер қоғамы. Жылда түрлі зоологиялық журналдарда 2500-ге жуық мақалалар шығады. Халықаралық орнитологиялық конгрестер жүргізіледі. Әр 4 жыл сайын өткізіліп тұрады.
Құстардың 8600 түрі бар. Олар 3 отрядтан жоғары топқа, 40 отрядқа бөлінеді.
1 топ – қырсыз төстілер
2 топ – жүзгіш құстар (пингвин)
3 топ – қырлы төсті құстар. Құстардың басым көпшілігі (37 отряды) қырлы төстілерге жатады. Осы топтағы торғай отрядына құстардың 5093 түрі бар. Құстарды сақиналау жабайы құстар тіршілігін зерттеудің бір әдісі. Құстарды сақиналау әдісі Данияда 1899 ж қолданған. ТМД жерінде 1923 ж құстарды сақиналау басталды. Содан бері біздің елімізде 1 млн астам құс сақиналанды.
Экология жағдайының нашарлауы құстар санына, тіршілігіне әсерін тигізеді. Қазақстан экологиясы тұрақты аймаққа жатады. Климаттың өзгеруі, ауа, су, өсімдіктер экологиясының бұзылуы, Қазақстанда құстар санының азаюына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет