Лекциялар жинағы Оқу түрі: күндізгі, кешкі, қашықтықтан Құрастырған: Тұрмаханова С.Ә. Шатаева А. М


-апта. Кредиттік оқыту технологиясы



бет20/24
Дата08.02.2022
өлшемі178,17 Kb.
#119822
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ЛК Ин бб арн пед техн 2021

12-апта. Кредиттік оқыту технологиясы
23,24 лекция тақырыбы: Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы блім беру жүйесіне ендіруде «Кредиттік оқыту технологиясын» қолдану
Жоспар:
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы блім беру жүйесіне ендіруде «Кредиттік оқыту технологиясын» қолдану
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдері.– Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2015. – 13 б.
2 Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2010 ж
3 Тебенова К.С. Основы инклюзивного образования: учебное пособие / К.С. Тебенова, С.Т. Каргин, Л.С. Заркенова и др. – Алматы: издательство «Эверо», 2016.-304с.
4 Жалпы білім беру процесінде ерекше білім беруге кажеттілігі бар
балаларды қолдау бойынша педагог-ассистенттерге арналған әдістемелік
ұсынымдар – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. – 96 б.
Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу болып табылады 
Кредиттік жүйе алғаш рет АҚШ пайда болды
1870 жылдары Гарвард университетінің Президенті, белгілі Американдық білім қайраткері Чарльз Элиот салып, «кредит–сағат» ұғымын қоғамға енгізген болатын.
Бұл жүйе алғашында пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит-сағат» болып енгізілді. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық» жүйенің екінші кезеңі басталып, осы кезде АҚШ-тың ұлттық білім комитеті университет, колледж, мектеп топтарын жақсарту мақсатында, оқу бағдарламаларын стандарттауда «кредит» ұғымын тек университет пен колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, енгізе бастады
Қазақстанда
19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Осы заңның 11 бабында білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген
ҚР-ның «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында №66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген.
Кредиттік оқыту жүйесінің мақсаты:Студенттердің кәсіби деңгейін арттыру, жеке шығармашылық қабілетін жан-жақты дамыту, қажет болған жағдайда алыс және жақын шетелдерге кедергісіз ауысу.
Міндеттері :
білім көлемін біріздендіруді, оқытуда барынша дараландыру үшін жағдай туғызуды, білім алушылардың білімін тексеруді күшейтуді, білім алушылардың оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтауды жатқызамыз.
Кредиттік оқыту технологиясының негізгі міндеттерінің ішінде- оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтарын жандандыруды атап өткен орынды.
Қазақстанның жоғары мектебі дүниежүзілік білім деңгейіне жетуге және бірыңғай білім беру жетістігіне енуге ұмтылу бағытында. Алға қойған мақсаттарға жету механизімі Болондық процестің өлшемдерін орындау арқылы жүзеге асырылады.
Еуропа елдерінің қолдап отырған Болон декларациясының басты ұстанымдары: жоғары білім берудің үш деңгейін бекіту; оқыту үрдісін ұйымдастырудың және оқыту нәтижесін бағалаудың еуропалық кредит жүйесін енгізу; оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы; білім беру барысында еуропалық сапа деңгейін қамтамасыз етіп, жоғары білім сапасын бақылау
Кредиттік оқыту жүйесінің басты ерекшелігі: қойылатын бағаның әділдігі мен оның ашық айқындығы, оқу бағдарламасында әрбір пән екі немесе үш кредитке бөлінген, олардың әрбір кредитке бөлінген қызметі айқындалған, тапсырмалдарды уақтылы орындап ұпай санын арттырып отыра алады.
Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі компоненттері: мотивация, басқару іс-әрекеті, танымдық іс-әрекеті.
Көздейтін мәселелер:
- білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;
- білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
- білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;
- білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға ықпал ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі;
- оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;
- білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет