30 лекция тақырыбы: Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланы әлеуметтендіру
Жоспар: Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері.
Қазіргі әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да әлеуметтік-экономикалық ахуалдары ауыр жағдайдағы отбасылар санының өсуіне байланысты педагогика мен психологияда «өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар» түсінігі жиі қолданыла бастады. Кейінгі жылдары бұл өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау қазіргі күннің көкейтесті мәселелерінің біріне айнала бастағаны да белгілі болды. Бұл мәселенің басты себептерінің бірі өскелең ұрпақтың қалыптасуында айтарлықтай әсері бар, балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін аса маңызды отбасы, білім беру, дем алу уақытын ұйымдастыру, денсаулықты сақтау секілді салаларға әсер еткен соңғы онжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың зардаптары да болуы мүмкін. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымының мағынасы қөптеген мәселелерді қамтитын күрделі мазмұн болып табылады. Өмірлік қиын жағдайға душар болған балалар қатарына элеуметтік аз қорғалған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-аналарының қамқорлығынан айрылған, мүгедектігі бар және дамуында бұзылыстары бар, оқыс жағдайларға тап болған, зорлық-зомбылық көрген және де бұл қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар жатады. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымына толық түсінік бере отырып, бұл балалардың әлеуметтік-педагогикалық сипаттамасын берудің маңызы бар. Бала – бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму үстіндегі организм [1]. Әрбір бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына да қарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін. И. Г. Кузина «өмірлік қиын жағдай» ұғымын, «адамның өзінің айналасындағылармен әлеуметтік қарым- қатынасы мен қалыпты өмір сүру дағдыларын объективті түрде бұзатын және субъективті тұрғыдан «күрделі» деп танылатын, ақырында адамды өз мәселелерін шешу үшін арнайы әлеуметтік қорғау қызметтерінің көмегі мен қолдауына жүгінуге мәжбүрлейтін жағдайлар» деп қарастырады [2]. Н. Г. Осухова болса, бұл ұғымды «сыртқы жағдайлардың немесе іштей өзгерістердің әсерінен баланың өмірге бейімделуі бұзылады да, нәтижесінде ол осыған дейінгі қалыптасқан мінез-құлық тәсілдері мен модельдері арқылы өзінің күнделікті өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындай күйге жетеді» деп түсіндіреді [3]. 5 «Өмірлік қиын жағдайлар» ұғымын анықтаудағы түрліше көзқарастар мен ұстанымдарды зерттей және саралай отырып, оның нақты белгілерін ажырату мақсатында келесі анықтаманы қарастыруға болады: өмірлік қиын жағдай, бұл – адамның қалыпты және қауіпсіз өмір сүруіне зардабын тигізетін және оның бұл жағдайдан өз бетінше шығып кетуі екіталай. белгісіз болатындай күйге түсуіне жеткізетін күйзелісі». Бұл жағдайда адамға міндетті түрде көмек керек. Әсіресе, өмірлік қиын жағдайларға тап болған балалар көмекке аса мұқтаж болады. Олар үшін, қиын жағдайлардан шығудың мүмкін жолдарын табу өте күрделі мәселе болып табылады. Бұл фактілерді ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық қолдау барысында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға көмек көрсетудің барынша тиімді жолдарын табу мен болжау қажет. Мұндай қолдаудағы басты мақсат- баланың қалыпты өмір сүруі мен тәрбиеленуі үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Қазіргі заманда өмір сүретін балалар үшін іс-әрекеттің екі саласы бар, және де олар бала тәрбиесіндегі негізгі институттар болып келеді - бұл, отбасы және білім беру жүйесі. Бала өміріндегі көптеген мәселелер де осы екі институттың әсеріне көбірек байланысты болып келеді. Бала үшін отбасы – бұл, оның дене бітімінің, психикасының, мінезқұлқының және интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайтын орта. Әлеуметтік институт ретінде, отбасының бала өмірі мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете алмауы, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың пайда болуына әкелетін басты факторлардың бірі болып саналады. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту ұстанымын жүзеге асыруға негізделген. Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады: - мүмкіндіктері шектеулі балалар; - мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; - қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтікэкономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар) [4]. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар - қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар; арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы балалар [5]. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңына сәйкес, өмірлік қиын жағдай - адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын, осы Заңда көзделген негіздер бойынша танылған ахуал [6]. Бұл заң бойынша, адам (отбасы) мынадай: 6 1) жетімдік; 2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу; 3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық; 3-1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы; 4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі; 5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы; 6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі; 7) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік; 8) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар); 9) бас бостандығынан айыру орындарынан босау [6]. Қазақстан Республикасындағы балаларға қатысты мемлекеттік саясат, бала мен ананы, отбасын жан-жақты кепілді мемлекеттік қорғауды өзінің маңызды міндеттері ретінде анықтайды. Әлеуметтік саладағы біртіндеп жүзеге асырылып келе жатырған мемлекеттік саясаттың нәтижесінде демографиялық процесстердегі оң динамика өз жалғасын таба бастады. Елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруымен байланысты республикадағы халық саны, сонымен қатар балалар саны да өсіп келеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарында республика тұрғындарының саны 17 417 673 адамды құрады (2014 жылдың 1 қаңтарында - 17 160 774 ), халық санының өсімі 260 мың адам. Әйелдер саны 9 003 150 құрады, ал ерлер - 8 414 523, яғни ерлер саны әйелдермен салыстырғанда 588 мың адамға кем. 2015 жылдың 1 қаңтарында 0 – 17 жас аралығындағы балалар саны 5 298 488 құрады, бұл көрсеткіш 2014 жылы - 5 151 221 болды. Өсім 147 267 адам (2014 ж .- 121 285). Ер балалар саны, қыз балалармен салыстырғанда 141 132 адамға артық (2719810/ 2578678). Бір жасқа дейінгі балалар саны да жыл сайын артып келеді. 2015 жылы республикадағы бір жасқа дейінгі балалар саны 2014 жылмен салыстырғанда 13 207 адамға көбейді (2014 г.- 383507, 2013 г. -376574). Орта білімге қолжетімділік құқығы Қазақстанда орта білімге қол жеткізу құқығы 2,7 мыңнан астам балаларды қамтитын 7 511 мектептерде жүзеге асырылады. Олардың арасында 7160 мектеп (3 161 шағын жинақты мектептерді қоса алғанда ) - жалпы білім беретін мемлекеттік күндізгі мектептер, 111 – жекеменшік мектептер, 11 – 7 халықаралық мектептер, 20 – Назарбаев Зияткерлік мектептері, 100- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептер. Орта білім алуда денсаулығына немесе әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты уақытша немесе тұрақты қиындықтарға тап болған адамдар үшін 79 кешкі мектептер жұмыс жасайды, оның 32 түзету мекемелерінің жанында, 7 девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған, оларда 14 288 оқушы білім алады. Тұтас алып қарағанда, 7160 жалпы білім беретін мемлекеттік күндізгі мектептердің: − 3777 оқыту қазақ тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі қазақ сыныптарында 792 223 оқушы; − 1262 оқыту орыс тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі орыс сыныптарында - 832 173 оқушы; − 2088 оқыту қазақ және орыс тілдеріндегі аралас мектептерінде; − 16 оқыту өзбек тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі өзбек сыныптарында 80 655 оқушы; − 13 оқыту ұйғыр тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі ұйғыр сыныптарында 15 067 оқушы; − 4 оқыту тәжік тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі тәжік сыныптарында 4 009 оқушы қамтылған. Инклюзивті білім беру даму үстінде – мектепке дейінгі және орта білім алу үшін, даму бұзылыстарын түзету және әлеуметтік бейімдеу үшін, сапалы білімге деген қолжетімімдікті барлық балалар үшін: денсаулығында қиындықтары бар (мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар); қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар (девиантты мінез-құлқы бар, әлеметтікэкономикалық және әлеуметтік- психологиялық статустары төмен); қамтамасыз ету мақсатында жағдайлар жасалуда. Мигрант, оралман, босқын статусы бар отбасыларының (6 мыңнан астам, оның ішінде 889- мектепке дейінгі жастағы, 5358 мектеп жасындағы балалар) балаларына, 24 725 оқушы-репатрианттарға, мектептері жоқ 1523 елді мекендерде тұратын 27 363 балаларға білім алуға мүмкіндік қамтамасыз етіліп отыр. Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де білім алуға деген конституциялық құқығы қарастырылған. Шетелдік азаматтардың балаларын мектепке қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы" №468 Бұйрығына сәкес жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарының есебіне қарағанда республиканың жалпы білім беретін мектептерінде басқа елдерден келген 20 655 оқушы (2012 жылы -14 374 оқушы) білім алады. 8 Мигрант балалардың басым бөлігі Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының және Алматы қаласының мектептерінде оқиды. Республиканың жалпы білім беретін ұйымдарында 11 546 оралман балалар оқиды (2012 жылы 14 950 бала). Олардың 4 734 - бастауыш мектептерде, 5 306 – негізгі, 1 503 - жалпы білім беретін мектептердің жоғары деңгейлерінде оқиды, 3-уі бала кезінен мүгедектер.. Оралман балалардың басым бөлігі, Алматы қ.– 3 218, Шығыс Қазақстан облысында – 1 809, Жамбыл облысында – 1 689, Оңтүстік Қазақстан облысында – 1 527, Ақтөбе облыстарында – 1 078 оқушы білім алуда. Облыстық, Астана және Алматы қ.қ. білім басқармаларының деректері бойынша 3 мүгедек балалардан басқа, барлық балалар (11 543 бала) білім берумен қамтылған. Республикада аз ұлттардың балаларына ана тілдерін оқыту үшін де жағдайлар жасалған. Білім беру ұйымдарында негізгі талаптардың бірі – аз ұлттардың өз ана тілдерін оқып-үйрену құқығын жүзеге асыру орындалады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша республикада 2013/2014 оқу жылында келесі мектептер жұмыс жасады: 57– оқыту өзбек тіліндегі мектептер (2012 жылы 60 мектеп); 14– оқыту ұйғыр тіліндегі мектептер (2012 жылы 14 мектеп); 2– оқыту тәжік тіліндегі мектептер (2012 жылы 2 мектеп). Өзбек тілінде 78 325 (2012 жылы 77 082 ) , ұйғыр тілінде 14 396 (2012 жылы 14 364) оқушы білім алады. Тәжік тілінде 4 834 (2012 жылы 3 893) оқушы білім алуын жалғастыруда. Бұл аталғандардан басқа, республика көлемінде өзбек тіліндегі сыныптары бар 91 (2012 жылы 79) , ұйғыр тіліндегі сыныптары бар 48 (2012 жылы 49), тәжік тіліндегі сыныптары бар 9 (2012 жылы 10) аралас тілді мектептер жұмыс жасайды. Арнайы білім беру – жалпы орта білім берудің құрамына кіре отырып мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алуына арнайы жағдайлар жасауды қарастырады және келесі мәселелерді қамтиды: арнайы оқу бағдарламалары, оқулықтар мен ОӘК, оқытудың арнайы әдістері мен тәсілдері, көмекші компенсаторлық оқыту құралдары; медициналық және әлеуметтік қызметтер. 2015 жылы мүмкіндігі шектеулі балалар саны 141 952 адамды құрады (2014 жылы 138 513 адам). Инклюзивті білім берумен қамтылған: мектеп жасындағы 46 340 (55%) бала (барлығы мектеп жасындағы 84 120 баладан, қалғандары арнайы мектептерде – 13 722 (14,6%)); арнайы сыныптарда – 11 461 (12,2%) бала; үй жағдайында оқытуда – 10 408 (7,3% ) бала; жекеменшік білім беру ұйымдарында – 2 189 (2,3 %) бала; колледждерде – 2 877 (3,0 %) жасөспірімдер; мектеп жасына дейінгі 14 717 (35,2%) бала (барлығы мектеп жасына дейінгі 41 805 баладан, қалғандары арнайы балабақшаларда –5 159 (12,3%); арнайы топтарда 4 474 (10,8%) бала, психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттерінде (ППТК) және оңалту орталықтарында (ОО) 12 663 (30,2%) бала 9 түзеу-педагогикалық қолдау алып отыр, үй жағдайында – 683 (1,6%) бала тәрбиеленуде. Мүмкіндігі шектеулі балалар, тегін әлеуметтік және медициналықпедагогикалық қолдаулар алуға; мемлекеттік медициналық мекемелерде, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінде тегін тексеруден өтуге; Қазақстан Республикасы заңнамалары аясында бекітілген тегін медициналық көмектер алуға; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы бойынша дене бітіміндегі немесе психикасындағы ауытқушылықтардың көріну деңгейлерінің түрліше болуына қарамастан ауытқушылық анықталған күннен бастап тегін психологиялық-медициналықпедагогикалық түзету алуға құқылы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алудағы құқықтарын жүзеге асыру мақсатында 2015-2016 оқу жылының басында 37 мектепке дейінгі ұйымдар, 100 арнайы мектептер, 51 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, 137 психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттері, 12 оңалту орталықтары, жалпы білім беретін мектептерде 880 логопедиялық пункттер жұмыс жасады. Қазіргі қоғамды трансформациялаудағы заманауи процесстердің өз кезегінде балаларға қатысты әлеуметтік саясатта да қарама-қайшылықтарды тудыратыны белгілі. Балалар құқықтарын қорғау мен сақтау бойынша конституциялық және басқа да заңнамалық кепілдіктер мен олардың іс жүзіндегі орындалуы арасында көптеген қайшылықтар болып жатады. Бұл қайшылықтар, әсіресе жетім қалып (түрлі жағдайларға байланысты), әртүрлі типтегі интернаттық мекемелерде тұруға мәжбүр болған балаларға қатысты мәселелерде қатты байқалады. Бала құқықтары туралы Конвенцияға 1994 жылдан бастап қосылған Қазақстан Республикасы өзін әлеуметтік тұрғыдан дамыған және құқықтық мемлекет ретінде көрсете отырып, өз тәуелсіздігінің 25 жылында Конвенция қағидаларына сәйкес балалар құқығы мен мүдделерін қорғайтын, атап айтқанда баланың отбасында өмір сүріп тәрбиеленуіне қатысты ұлттық заңнамаларды жетілдіруде, орасан зор жұмыстар жүргізді. Бұл кезеңдерде Қазақстан Республикасында келесі Заңдары қабылданды: «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» және т.б. 2006 жылы, БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясына сәйкес, негізгі міндеті балалардың құқығы мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылатын, Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Бұл жасалып жатырған жұмыстардың ауқымдылығына қарамастан, Қазақстан үшін, барлық балалардың отбасында тұрып тәрбиеленуін қамтамасыз ету әлі де болса уақыт пен еңбекті қажет етеді. Статистикалық мәліметтерге 10 қарағанда республикада жыл сайын 8 мыңға жуық ата-ананың қарауынсыз қалған балалар анықталады, олардың 3 мыңға жуығы балалар үйіне орналастырылады. Соңғы жылдары толық мемлекеттің қамтамасыз етуіне берілетін балалар санының біртіндеп өсе бастағаны секілді жағымсыз үрдіс те алаңдатушылық туғызады. 2012 жылы балалар үйіне 2 231 бала жіберілсе, бұл көрсеткіш 2014 жылы 2 839 болған, оның арасында 2 012 бала бала асырап алу, қамқорлыққа алу мен патронаттың күші жойылғаннан кейін балалар үйіне қайтарылған. Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің деректеріне қарағанда 2015 жылдың басында жетім балалар мен ата-ананың қарауынсыз қалған балалар саны 32 362 болған. Оның 21 350 баласы қазақстан азаматтарының отбасыларында қамқорлыққа алынып тәрбиеленуде, 1 820 бала – патронаттық тәрбиеде, 9 192 бала 188 балалар үйінде тәрбиеленуде. Балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің 7 395 (80,4%) 7 мен 18 жас арасында, ал 19,6 % (1 797 адам) 6 жасқа дейінгі балалар. Интернаттық мекемелер жүйесі 58 балалар үйі мен мектепинтернаттарды, 25 бөбектер үйін, 18 ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған үй-интернаттарды, 13 паналату үйлері, 28 жастар үйін, 29 отбасы түріндегі балалар үйлері және 17 жекеменшік балалар үйлерін қамтиды [7]. Жетім балаларды қамқорлыққа алудағы қазақстандық мемлекеттік жүйе оларды заңды түрде өз бетінше өмір сүруге сапалы түрде даярлауға баса назар аударуы қажет, жүйе әлі де болса «кәмелеттік жасқа жеткенше ұстау» қағидасымен жұмыс жасайды. Тәрбиелеу мен әлеуметтік бейімдеудің шешілмеген мәселелерін «мерзімді ұзарту», яғни Жасөспірімдер Үйі мен Жастар Үйі арқылы шешу оларды тағы да интернаттық мекемелердегі сияқты қамтамасыз етудің бір түріне әкелуі мүмкін. Елде болған түрлі тарихи жағдайларға (әлеуметтік катаклизмдер, репрессиялар, соғыс) байланысты қалыптасқан тәжірибелер ықпалынан болар Қазақстанда жоғарыда аталған балаларды тәрбиелеуде бірінші орында интернаттық мекемелер тұрды. Бірақ, қазіргі қоғамдық қатынастардың өзгеруі, экономикалық ахуалдың дамуы, отбасы мен бала тәрбиесіндегі заңнамалық актілердің әлемдік стандарттарға бейімделіп жетілдірілуі әрбір баланың бақытты өмір сүріп, елінің лайықты азаматы болатындай тәрбиеленуіне жағдай жасаудың басқа да жолдары мен тәсілдерін іздеуді, енгізуді қажет етеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Электронный ресурс - http://wikipedia.org.
Теория социальной работы / под общ. ред. И. Г. Кузиной. – Владивосток: Изд-во ДВГТУ, 2006. – 232 с.
Осухова Н.Г. Психологическая помощь в трудных и экстремальных ситуациях. М.: Академия, - 2005. - 288 с. (Высшее профессиональное образование) 2006
Концептуальные подходы к развитию инклюзивного образования в Республике Казахстан. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан Республики Казахстан.01.06.2015 г. № 348
Закон Республики Казахстан «О правах ребенка в Республике Казахстан. 08.08.2002 г. № 345- II 6. Закон Республики Казахстан «О специальных социальных услугах» от 29 декабря 2008 года № 114-IV (с изменениями и дополнениями по состоянию на 03.12.2015 г.)
Состояние и проблемы семейного устройства в Казахстане: опыт приемных и го- стевых семей: Методическое пособие. Рекомендовано Комитетом по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан – Алматы, 2015. – 152 с.
Руководство по предупреждению насилия над детьми. / Под ред. Н.К.Асановой. – М.: Издательский гуманитарный центр ВЛАДОС, 1997. – 512 с.
Григорьев Д.В., Кулешова И.В., Степанов П.В. Личностный рост ребенка как показатель эффективности воспитания: методика диагностирования. М.; Тула, 2002.
Никитин В. А. Начала социальной педагогики : учеб. пособие. – М.: Флинта: Московский психолого-социальный институт, 1998. – С. 54.
Декларация прав ребенка. Принята Генеральной Ассамблеи ООН от 20 ноября 1959 года. Статья 5. 12.Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка – М., 2010 г.