Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Нақты (өндірістік) инвестицияларды келесі түрлерге бөлуге болады



бет76/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Нақты (өндірістік) инвестицияларды келесі түрлерге бөлуге болады:
- жаңа құрылысқа,
- өндірістік қуаттарды кеңейтуге,
- жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта жаңғырту
- ғимараттар мен құрылымдардың орнын толтыруға бағытталған.
Инвестиция ресурстарын негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің қандай да бір бағытына жұмсау микродеңгейдегі, яғни жеке шаруашылық субъект деңгейіндегі, макродеңгейде, яғни жалпы экономика деңгейіндегі көптеген факкестелерге тәуелді. Кәсіпорынның күрделі жұмыс жоспарын құру шешімдеріне, ең алдымен, онда бос қаржы ресурсының болуы, негізгі қорлардың белсенді бөлігінің техникалық сипаттамасы, кәсіпорынның таңдап алған ұзақмерзімді стратегиялық дамуы бағдарламасы, өнімді өткізу нарықтарының құрылымы және т.б. секілді факторлар ықпал етеді.
«Материалдық емес активтер» ұғымы біздің экономикалық ғылымда қолданысқа енгеніне көп болған жоқ.
Шаруашылық қызметте ұзақ уақыт кезеңі бойынша (бір жылдан артық) пайдаланылатын және табыс әкелетін материалдық емес активтерге келесі негізде пайда болған құқықтар жатқызылады:

  • ғылым, әдебиет, өнер туындыларына және аралас құқық нысандарына, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға, мәліметтер негізіне және т.б. авторлық және басқадай келісім- шарттар;

  • өнертабыс патенттері, пайдалы үлгілерге, тауарлық және қызмет көрсету белгілеріне берілген куәлік және оларды пайдалануға берілген лицензиялық келісім шарт;

  • « ноу – хау » құқығы және т.б.

Сонымен бірге, материалдық емес активтерге жерді пайдалану, табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары мен ұйымдастыру шығындары жатады.
«Материалдық емес активтерге» басқа да түсініктеме беріледі, оған кіретіндер: шаруашылық іс-әрекетінде табыс әкелетін және ұзақ мерзімде пайдаланатын материалдық емес нысандарға кететін шығындар, жер аумағын және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, патенттер, лицензия, «ноу – хау», бағдарламалық өнімдерді пайдалану құқығы, монопольдік құқықтар мен жеңілдіктер (белгілі бір қызмет түріне лицензияны қоса алғанда), ұйымдастыру шығындары (кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу, брокерлік орын үшін және т.с.с.), тауар маркасы, тауарлық белгі және т.с.с.
Берілген нысандардың ерекшелік белгілері ретінде келесілер жатады:

  • материалдық негізі болмауы, сезілмейтіні, сонымен бірге, ұзақмерзімді құқықтар мен артылықшылықтарына сүйене отырып оны иеленушіге мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы табыс әкелетін аса бағалы қасиетке ие болуы;

  • кәсіпорынның қалыпты қызмет істеу жағдайында материалдық емес активтерді сату ниетінің жоқтығы;

  • іске асыруға мүмкіндік беретін есептік саясат арқылы қызмет ету мерзімінің белгісіздік жағдайына қарамастан (іскерлік абырой, тауарлық белгілер және т.б.) олардың бастапқы құнын өтеудің ойға қонымды мерзімін анықтау және ұзақмерзімдік инвестициялар құрамында айналымнан тыс активтер ретінде қызмет ету уақытының ұзақтығы;

  • оларды кәсіпорын қызметінің әр түрлі телімдерінде пайдалануға мүмкіндік беретін пайдаланудың көпмақсатты сипаты (жекелеген өнім түрлерін өндіру үдерісінде, жұмыстарды атқару немесе өндірістік қызмет көрсетуде, басқару саласында және т.б.);

  • мұндай активтерді қолданудан пайда түсірудегі талпынудың жоғары тәуекелдік деңгейі. Осыған байланысты, әдеттегі жағдайда иемденушілердің оны сатып жіберуге ұмтылмауы;

  • «Сезілмеушілік» әсерінен оны кәсіпорынның ортақ меншік көлемінен дербес меншік түріне бөліп, даралаудың мүмкін еместігі.

Қоғамдық өндірісте атқаратын қызметінің мазмұны мен орнына қарай материалдық емес активтер құрамын келесі төрт негізгі топқа бөлуге болады:

  1. Зияткерлік меншік.

  2. Мүлік құқығы .

  3. Кейін қалдырылған шығындар.

  4. Кәсіпорынның құны (іскерлік абыройы, имиджі).

Зияткерлік меншік - өнеркәсіптік меншіктің бір түрі бола отырып, ол ақыл-ой еңбегінің жемісі болып табылады. Ол пайдалы үлгіге, өнеркәсіп үлгілеріне, ЭЕМ және мәліметтер негізіне арналған бағдарламаларға, тауарлық белгі және қызмет көрсету белгісіне, тауардың шығу орнының атауына, селекциялық жетістіктерге, «ноу- хау» үшін патенттер және куәліктер беру арқылы танылады.
Зияткерлік меншіктің ішінен әдеби және аудиобейне туындыларына, аудармаға және өзге де осыған ұқсас өзге нысандарға авторлық құқықты бөліп көрсету керек.
Кейінге қалдырылған немесе мерзімі ұзартылған шығындар – бухгалтерлік есепте ұйымдастыру шығындары және ғылыми – зерттеулер мен тәжірибелік – конструкторлық жобалар (ҒЗТКЖ) түрінде берілген материалдық емес активтерді өтеуге жұмсалған шығындар.
Ұйымдастыру шығындары дегеніміз – кәсіпорын құруға қатысты біржолғы шығындар (құрылтайшылық құжаттарды жасағаны үшін заңгерлерге төленетін қалам ақы, мөр жасату құны, кәсіпорынды тіркеу, белгілі бір қызмет түріне лицензия алу ақысы, сонымен қоса, қосымша акция шығару, ипотекалық несиені жайғастыруға байланысты банктердің комиссиялық төлемдері және т.б.)
Кәсіпорынның бағасы іскерлік ортада оның іскерлік абыройының құны, оның имиджі ретінде бағаланады. Кең мағынада алғанда, кәсіпорын құнын кәсіпорынды басқару деңгейі, оның орналасуы, қалыптасқан инфрақұрылымы, шығарылатын өнімге деген тұтыну сұранысын қанағаттандыру секілді факторлар анықтайды.
Инвестициялар әрекетінің бағытталу нышанына қарай келесі топтарға бөлуге болады:

  • бастапқы инвестиция, яғни кәсіпорынды құру немесе сатып алу кезіндегі жоба бойынша жүзеге асырылатын инвестиция;

  • экстенсивті инвестиция - өндіріс әлеуетін арттыруға бағытталады;

  • инвестицияларды қайта пайдалану – жинақталған бос инвестициялық ресурстар, кәсіпорынның болашақта өмір сүруін және оның негізгі қорының ұтымды құрылымын сақтау мақсатында жаңа өндіріс құралдарын дайындау немесе салу, қолданыстағы нысандарды жаңасына ауыстыру, өнімді игеру немесе жаңа сату нарықтарын ұйымдастырумен байланысты өндірісті ұтымды жасауға, әртараптандыруға жұмсалады.

Инвестиция субъектісі тұрғысынан барлық инвестицияларды мемлекеттік және жеке меншікті деп бөлуге болады. Оларды, өз кезегінде, бағыты, мақсаты және қаржыландыру көзіне қарай бөлуге болады. Мемлекетік инвестициялар негізінен денсаулық сақтау, мәдениет, күрделі ғылыми- зерттеу мақсатына, қорғаныс, экономиканы құрылымдық реттеу үшін салалар мен өндіріс түрлерін басымдық түрде қаржыландыруға бағытталады. Жеке инвестициялар таза пайда табуға қолайлы жағдайы бар салалар мен кәсіпорындарға бағытталады. Жеке инвестицияны қаржыландыру көзі болып кәсіпорынның бөлінбеген табысы, амортизациялық қоры түріндегі жеке меншік қаражаттары, сонымен қатар сырттан тартылған қаржылар: құнды қағаздарды сатудан түскен қаржы және несиелер болып табылады. Мемлекеттік инвестиция республикалық, жергілікті бюджет есебінен, салық табысдерінен, әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің пайдасы (меншікті қаржысы) есебінен немесе ішкі және сыртқы мемлекеттік несие облигацияларын шығару есебінен (тартылған қаржылар) қаржыландырылады. Батыс елдерінде нақты инвестициялардың негізгі бөлігі жеке меншіктің инвестициясының үлесіне келеді, бірақ мемлекет те несиелер, субсидиялар беру мен экономикалық реттеу саясатын жүргізіп, мемлекеттік секторға капитал салу арқылы инвестиция ісіне белсенді түрде қатысады.
Мемлекетті және компанияларды қаржыландыру түрі болып табылатын банктердің қор операцияларын да айтып өту керек. Құнды қағаздарды сатып алу банктің қор операциясының үдерісі болып табылады, сатып алынған құнды қағаздар оның меншігі болып қалады. Инвестициялық құрылымында шетелдік кәсіпкерлер салған шетел инвестицияларының ұзақмерзімдік күрделі қаржы түрінде сыртқы инвестициялар үлесі өсіп келеді.
Өндіріс құрылымын қалыптастыруда инвестициялық үдеріс негізге алынатын рөл атқарады, осыған байланысты нарыққа көшу кезіндегі отандық экономикада орын алуға тиісті негізгі өзгерістер, ең алдымен, инвестициялық шешімдер қабылдау үдерісіне байланысты болады. Жоспарлы экономикаға тән халықшаруашылық тәсілінің орнына инвестициялық саясатты дербес жүргізетін және қаржылық жауапкершіліктің нәтижесіне жауапты кәсіпорындардың деңгейінде инвестициялық шешімдерді қабылдау тетіктері қалыптасқан. Қазіргі уақытта көпқилы даму бағыттары мен техникалық шешімдер ішінен кәсіпорын өзіне қолайлысын таңдап алуы тиіс. Микроэкономикалық деңгейде инвестициялық үдеріс жекелеген кәсіпорындар өз бетінше қабылдайтын көптеген инвестициялық шешімдерден құралатындықтан, дұрыс таңдау жасау олардың әрбірі үшін аса маңызды мәселе болып табылады. Бұл жағдай кәсіпорындағы инвестициялық үдерісті қалыптастыру тетігін экономикалық ғылым мен тәжірибе алдындағы басты мәселе ретінде қарастыруды қажет етеді.
Бағытталуына қарай кәсіпорынның инвестициялық қызметін негізгі екі түрге бөлуге болады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне, өндірістік қуаттарды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, өнім шығару көлемін арттыру, жаңа өнім түрлерін табу; ал сыртқы қызметке – компаниялар мен құнды қағаздарды сатып алу жатады.
Өндіріс қуаттарын кеңейту кәсіпорынның әлеуетін, шығарылатын өнім көлемін арттыру, жаңа өнім түрін өндіруге, соның нәтижесінде, пайданың көбеюіне алып келеді.
Техникалық қайта жарақтандыру және қайта жаңғырту, жаңа технологияларға көшу қолданыстағы құрал-жабдықтарды жетілдірілген түріне ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл амалдар шығарылатын өнім бірлігіне шаққанда өндіріс шығындарын төмендетуге, демек пайданы, өндіріс тиімділігін арттыруға себеп болады.
Шығарылатын өнім көлемін арттыру пайданы өсіруге, сонымен бірге, нарықтың үлкен бөлігіне ие болып, оған өз ықпалын тигізуге мүмкіндік береді.
Жаңа өнім өндіру пайданы жоғарылатуға, өндірісті әртараптандыруға жағдай туғызады, ал бұрын, өз кезегінде, шығарылатын жекелеген өнім түрлеріне сұраныстың құбылып отыруына байланысты тәуекелдікті азайтуға мүмкіндік береді.
Ішкі инвестициядан сыртқы инвестицияға көшу мыналарды білдіреді:
1. Компанияны сатып алу – келесі мақсатпен кез келген кәсіпорынның акциясының бақылау мөлшерін сатып алу:

  • технологиялық тізбектегі кемшілікті жою;

  • нарықты монополиялауға ұмтылу;

  • кәсіпорынның артық қаржысын инвестициялау;

  • әріптестікті күшейту;

  • қызметтің саласын алмастыру немесе кеңейтуге ұмтылу.

2. Құнды қағаздар сатып алу – бұл қандай да бір қызмет атқармай-ақ тұрақты табыс алу мақсатымен жасалған салым түрі. Мұндай стратегияның қаупі аз, дегенмен түсетін табыс та аз. Қорыта айтқанда, кәсіпорындағы инвестициялық қызмет (немесе іс - әрекеті) әрқашан да оның жұмыс тиімділігін арттыруға, демек, пайда көлемін жоғарылатуға бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет