Негізгі капитал деп материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.
Негізгі капиталға жататындар:
құрылыстар;
күш машиналар мен жабдықтар;
машиналар мен құрал-жабдықтар;
өткізгіш құрылғылар (тетіктер);
жабдықтар мен бақылау-өлшеу құралдары;
тасымалдау ( көлік) құралдары;
құрал – сайман мен жабдықтар;
шаруашылық құрал - жабдықтары;
басқа да негізгі капитал.
Достарыңызбен бөлісу: |