Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Өнімнің өзіндік құнының түрлері мен құрылымы



бет53/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

2.Өнімнің өзіндік құнының түрлері мен құрылымы

Кез-келген өнімді өндіру үшін әрбір кәсіпорында жұмыскерлердің, қызметкерлер мен инженерлердің белгілі бір уақыты жұмсалады, шикізаттар мен материалдар, отын мен энергия шығындалады.


Өзіндік құн - өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру мен сатуға байланысты кәсіпорында жұмсалған негізгі қорлар, шикізаттар, материалдар, отын мен энергия, еңбек және басқа да ресурстарды пайдалану шығындарының ақшалай көрінісі.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, сондықтан шығындарды толық және дұрыс анықтау келесіні камтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын калькуляциялау, қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығынын толық дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Өнімнің негізгі өндірістік өзіндік құны үш бөліктен тұрады:

  • тікелей кеткен материалдар құны;

  • тікелей кеткен жұмыс күшінің құны;

  • үстеме шығындар.

Тікелей шығындарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындармен қосылып есептелінеді. Мысалға, автомобиль өндірісі үшін метал, жиhаз өндірісі үшін ағаш негізгі материалдар болып табылады.
Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар – бұл өнімді өндіруге тікелей қатысқан өндіріс жұмыскерлеріне төленетін еңбекақы (еңбекақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.
Қызмет көрсететін цехтың көмекші жұмыскерлерінің еңбекақысы тікелей еңбекақы болып табылмайды, олар үстеме шығындарға жатқызылады. Одан басқа, үстеме шығындардың қатарына амортизация аударымдары, еңбекақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі, жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығындары және т.б. жатады. Үстеме шығындар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды шегеріп тастағанда пайда болады.

Жағдайға, мәніне және нақты есептеу нысанына байланысты өнеркәсіптің іс-тәжірибесінде өзіндік құнның келесі негізгі түрлері болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет