46
47
билеушісі етіп Инанч-Білге Буху ханды тағайындады. XII ғасырдың
аяғы — XIII ғасырдың басында Найман хандығы екіге бөлініп, оны
Инанчтың екі ұлы: Даян хан мен Бұйрық хан басқарды. 1204 жылы
моңғолдар Даянханды, 1206 жылы Бұйрық ханды талқандады.
Даянның ұлы Күшілік хан найманның қалған əскерін жинап, Қидан
мемлекетіне барып, бас сауғалады.
Қидан билеушілерінің тілін
таба біліп, наймандардың шашырап кеткен əскерінің басын қайта
біріктірген Күшіліктің қуаты тез күшейді. Осы кезде Хорезмшах
Мұхаммедтің əскерінен жеңілген қидандар өлкеде нақты биліктен
айырылды. Осыны пайдаланып, Күшілік хан 1211 жылы қалған
қидандарды тізе бүктіріп, өзінің ордасын Жетісуға көшірді. Күшілік
1213 жылы Алмалықтағы мұсылмандар иеліктеріне қарсы əскери
қимыл-əрекетін бастады. Күшіліктің əскері Алмалықты алғанымен,
моңғолдардың жақындап қалуына байланысты кері шегінді. 1218
жылы моңғолдар
наймандарды талқандап, қашып кеткен Күшілікті
ұстап алып, Бадахшанда өлтірді. Сөйтіп, XIII ғасырдың басын-
да бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу моңғолдардың қол астына
кірді.
Достарыңызбен бөлісу: