42
43
Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ ғасырдың 30 жылдары Шығыс
жəне Батыс Қағанат болып бөлініп, екі иеліктен тұрды:
1. Шығыс хандық: оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен
Шығыс Түркістан, астанасы — Баласағұн, кейде Қашқар қаласы бо-
лып тұрған.
2. Батыс хандық: Мəуераннахр жерлері. Оның орталығы Самар-
қан қаласы болды.
Шығыс хандық Қарахандықтардың негізгі бөлігі болып
саналған. Сондықтан оның ханы дəстүр бойынша жоғарғы Ұлы
қаған болып есептелген. Бірақ екі хандықтың арасында онша бірлік
болмай, олар жиі жеке-жеке бөлініп кетіп отырған. 1056 жылы
Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы
күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады, бірақ ол көп ұзамай
у беріліп өлтіріледі. Тəж-таққа Йинал-тегінің баласы Ибраһим ие
болады, алайда ол да біраздан кейін Барысхан əміршімен болған
соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатты 15 жыл бойы
(1059—1074 жж.) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрұл мен Богра-
хан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа
күшпен қосылады, ал екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны
бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Богра-
хан Харунның (1075—1102 жж.) — Қашғар, Баласағұн мен Хотан
қожалығының қол астына көшеді. Қарахан мемлекетінің əлсіреуін
пайдаланып 1089 жылы селжұқ сұлтаны Мəлік шах Самарқанды
басып алады, сөйтіп Бограхан Мəлік шахтың кіріптар вассалына
айналады. 1102 ж. Бограхан өлген соң көп ұзамай Мəуеренахрға
Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан Жабырайыл шабуыл жа-
сап, Əмударияға дейінгі жерлердің бəрін басып алды, бірақ Термез
қаласының түбінде жеңіліс тауып, өзі тұтқынға түсіп жазаланады.
Құдіретті сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118—1157 жж.)
селжұқтар Мəуераннахрға шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кез-
де Қарахан əулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастаған
еді. ХІІ ғасырдың ортасында қаптаған Қарақытай (Қидандар)
Жетісу мен Баласағұнды, сосын Шығыс Қарахандықтардың қалған
иеліктерін түгел басып алады. Сөйтіп, құдіретті Қарахан мемлекеті
ХІІ ғасырдың ортасында өзінің өмір сүруін тоқтатады.
Қарахан мемлекетінің жоғарғы өкімет билігі — хақанның
қолында болды, оған ең жақын кеңесші, көмекші — уəзірі болды.
Бұдан басқа күзет бастығы, есік қорғаушылары, қазынашылар жəне
елшілер қызмет істеді.
Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды əлеуметтік саяси инсти-
тут əскери мұралық жүйе болды.
Хандар елді өзіне жақын адам-
дармен жəне уəзірлермен бірігіп басқарды. Мемлекет бірнеше
ұлыстарға бөлінді. Хан мемлекеттік немесе əскери қызметі үшін
феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат
еткен. Мұндай жерлер икта деп аталады, ал оны берушілерді немесе
иесін иктадар деп атаған. Тұтас алғанда Қарахандар дəуірі сапалық
жағынан жаңа, яғни Қазақстан аумағында феодалдық құрылыстың
нығаюының тарихындағы маңызды кезең болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: