44
45
саты жоғары тұратын хакан деген жоғары түрік дəрежесін иеленген
билеушісі бар қуатты мемлекет құрылады. Орталығы — Имекия (не-
месе Кимекия) қаласы болды. Кимектерде мемлекет болғаны тура-
лы алғаш рет ІХ ғасырдың аяғы мен — Х ғасырдың басындағы араб
тілді тарихи географиялық шығармаларда айтылады. Мəселен, Əл-
Якуби кимектер мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттігі
туралы былай дейді: “Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен
мемлекеттерге, соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-оғыздар жəне кимек-
тер, оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің əр тайпасы жеке мемлекет,
олар бір-бірімен соғысып жатады” деп хабарлайды. ІХ ғасырдың
аяғынан ХІ ғасырдың басына дейін кимектер қалыптасқан мемлекет
болды, ал ХІ ғасырдың басында Кимек мемлекеті біртіндеп ыдырай
бастайды.
Оның құлауының екі себебі болды: бірінші, өзін-өзі билеу-
ге, өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының
кимектердің орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі се-
беп, екінші, ХІ ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі
Орталық Азия тайпаларының қоныс аударуының ықпалымен болған
сыртқы оқиғалар. ХІ ғасырдағы тайпалардың қоныс аударуының
негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Қытайда Қидандардың Ляо
мемлекетінің құрылуы еді. Осы мемлекеттің жерінің батысқа қарай
ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан əрі ығысуына əкеп соқты.
Ал, ХІ ғасырдың екінші жартысында Сырдария өзенінің
бойындағы, Аралдың Батысы мен Каспийдің Солтүстік өңіріндегі
оғыз жерін басып алған қыпшақтар айтарлықтай күшейіп, бұрынғы
қимақ-қыпшақ орналасқан негізгі аймақта күші мен қуаты жағынан
алдыңғы орынға шықты. Қимақтар осы оқиғалар кезінде өзінің
саяси жетекшілігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен бірге
қыпшақтарға тəуелді болып қалды. Осылай қыпшақтар Қимақ
мемлекетінің мұрагері болды. Бұдан былай қимақтар қыпшақ
тайпаларының құрамына еніп, қыпшақ деп аталды.
Достарыңызбен бөлісу: