Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009


 ХІV—ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер



Pdf көрінісі
бет27/76
Дата09.11.2022
өлшемі1,99 Mb.
#157247
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

3. ХІV—ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Монғол дəуірінен кейінгі кезең Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу 
жəне Оңтүстік Қазақстан халықтарының бірігуімен сипатталады. 
ХІV—ХVІ ғғ. Қазақстанның бұл бөлігі Түркістан деп аталды. Осы 
кезеңнің бастапқы сатысында Дешті Қыпшақтағы, Орта Азиядағы 
(Мəуераннахр) Шыңғыс əулетінің иеліктерінде монғол дəуірінің 
ыдырау үрдісі жүріп, бірнеше мемлекеттер құрылды: Ақ Орда, 
Моғолстан, Əбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы.
Ақ Орда.
ХІІІ—ХV ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде 
Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ол монғол шапқыншылығынан 
кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ 
Орданың негізін қалаушы — Жошының үлкен баласы Орда Ежен 
(1226—1280 жж.). Рашид əд-Диннің жазуына қарағанда (ХІV 
ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) əкесінің көзі 
тірісінде Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Əбілғазының 
айтуынша (ХVІІ ғ.) осынау жерді оған інісі Батухан ХІІІ ғ. орта 
кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес 
билеушілер болды. ХІV ғ. 2- жартысында Алтын Орда билігі 
əлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті. 
Аумағы: Батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне 
дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-
шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі 
жерлер. Астанасы
 — 
Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы 
— түрік тілді тайпалар. 
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-
Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы 


68
69
ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне 
араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мəуераннахр билеушісі 
əмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы 
күреседі.
Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Ал-
ғашқы ханы — Сасы Бұға (1309—1315), мұрагері — Ерзен хан
(1315—1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІV ғ. 2- 
ширегінде Ерзен мен Мүбəракқожа тұсында басталды. Мүбəрак-
қожа хан (1320—1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат 
жүргізуге тырысты. 
Шымтайдың (1344—1361 жж.) ұлы Орыс ханның кезінде (1361—
1376 жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тəуелсіз хандық болып 
жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едəуір нығаяды. Əйгілі 
тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Орыс хан өз заманы-
ның қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған. Ол ең алдымен 
Ақ Орданың саяси тəуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұм-
сады. Оның сыртқы саясаты негізінен Əмір Темірдің шапқыншы-
лық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Ал ішкі саясаты Ақ 
Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды 
көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші 
аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге жəне осы өңірдегі 
шаруашылық, мəдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге 
баса мəн берді. 
Орыс хан Алтын Орда тағы жолындағы күреске белсене қатысты. 
Ол хан болып нығайып алған соң ішкі феодалдық қырқысты жойып, 
Алтын Орданы өзіне бағындыруға əрекет етті. Бұл мақсатын 
жүзеге асыру үшін 1368 жылы Еділ бойына жорық жасайды. 
1374—1375 жж. Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып, 
Кама бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша 
билеушісі Мамайды жеңе алмайды жəне бұл кезде Ақ Орданың 
өзіне Əмір Темір тарапынан қауіп төнгендіктен Орыс хан Сырда-
рия бойындағы өз иелігіне қайтып оралады. Ол өзінің қайтар 
жолында Алтын Орданы жаулау кезінде өзіне көмекке келмеген 
Жошы əулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй-Қожаны 
өлтіреді. Оның баласы Тоқтамыс Əмір Темірге барып паналайды. 
Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп əскермен Ақ 
Ордаға жібереді. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374—1375) 
сəтсіз аяқталды, Ақ Орда əскерлері оның əскерлерін талқандады. 
Бұл соғыста Орыс ханның баласы Құтлық Бұқа қаза болды. Əмір 
Темірден жаңадан əскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Орыс 
ханның ұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда əскерлерінен жеңілді, тек 
төртінші жорығынан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отырды. 
Темір басқыншылығына қарсы күрестің негізгі ауыр салмағы Орыс 
ханға түседі. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс 
Орыстың баласы Темір-Мəлікті (1376—1379 жж.) 1379 жылы жеңіп, 
Ақ Орда билеушісі болды. 
Ақ Орданың əскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Ал-
тын Орданы алды. Сөйтіп, ол бір мезгіл (1380—1395 жж.) Ақ Орда 
мен Алтын Ордаға хан болды. ХІV ғасырдың 80-жылдары Тоқтамыс 
Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Əмір Темірге 
қарсы шықты. Осы кезде Əмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы 
ұзаққа созылған қанды соғыс басталды. 1395 жылы Кавказдағы Те-
рек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Əмір Темір Тоқтамысты 
жеңіп, Алтын Орданы талқандады. 
ХІV ғ. аяғы — ХV ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар 
мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда əлсіреп кетті. Ақ Орданың 
əлсіреу себептері: Əмір Темірдің тонаушылық жорықтары жəне ішкі 
тартыстар. 
1423—1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы 
Ақ Ордадағы өз əулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың 
соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі 
Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды 
өзіне қаратады. Бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сосын Ақ Орданың 
жеріндегі билік Шайбан ұрпағы Əбілқайырдың қолына көшеді. 
Саяси жағынан іс жүзінде дербес, экономикалық жағынан 
тəуелсіз болған, сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші 
хандарының əулеттік жөн-жосығы бар Ақ Орда мемлекеттік 
бірлестігі ХІV—ХV ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан 
жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың 
бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін Ақ Орда 
мемлекеті Қазақ хандығының құрылуына негіз болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет