Лекциялық материалдың мазмұны



бет11/13
Дата31.12.2019
өлшемі1,27 Mb.
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Бақылау сұрағы: 1.Қазақстанның мәдени дамуында қандай өзгерістер болды.

2.Кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына сипаттама бер.



Әдебиет Н-3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15
27-28 лекция.Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті.

Мақсаты: Саяси жағдайға сипаттама беру, мәдениеттің дамуындағы өзгерістерді талдау.

Жоспары:

1. Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым.

2. Қазақстан әдебиеті мен өнері және тарихи-мәдени құндылықтары.

1.Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халкының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыкққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шыкты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси кағидалардың қыспағынан кұтылды.

Сондықтан өтпелі кезеңнің киыншылығына қарамастан, егемендік алған кезден бастап, Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінің республикалык кеңесінде егжей-тегжейлі талқыланды. Кеңесте атап көрсетілгендей, халыққа білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерге қол жеткені айтылды. Бірыңғай орта мектептердің орнына мектепте болашақ ұрпаққа білім беруде плюрализм орнап келеді. Соңғы жылдары гимназиялар, лицейлер, жеке жене авторлық мектептер ашылды. Тарих, Ана тілі және 1-5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бүрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.

Халыққа білім беру саласын алға бастыруда оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда, әсіресе 1996-1997 жылдары үкімет тарапынан едәуір айтуға тұрарлық жұмы-стар жүргізілді. Атап айтқанда, 1996 жылы білім беру саласына 65 миллиард теңге, немесе мемлекеттік бюджеттің 23,4 пайызы, 1997 жылы 73,3 миллиард теңге, яғни мемлекеттік барлық бюджеттің 21,4 пайызы бөлінді. Алайда, одан кейінгі жылдары халыққа білім беру саласындағы орнықтылық және кейбір кезек күттірмейтін мәселелердің шешілуін желеу етіп, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу бірсыпыра азайды. Мәселен, 1999-2001 жылдары білім беру саласына жыл сайын шамамен 12 миллиард теңге бөлінген. Мұның өзі білім беру саласындагы кейбір келеңсіздіктерге алып келді. Балабақшалардың 82 пайызы қысқарып, окушылары аз көптеген ауыл мектептері жабылып қалды.

Мектептерде жұмыс істейтін мұғалім кадрлардың сапалық құрамында келеңсіз жағдайлар калыптасты. 2001/2002 оку жылында республика бойынша педагог кадрлардың тапшылығынан мектептерде тек орта білімі бар 3,5 мың-нан астам мұғалім және 6 мың басқа мамандық иелері жұмыс істеді, жалақының аздығынан мектептерден 43,6 мың мұғалім басқа салаларға жұмысқа ауысып кетті.

Қазақстанның Білім жөне ғылым министрлігінің деректері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8 109 болды. Олардың 3545-і (44,2 %) қазақ, 2356-сы (29,4 %) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 төжік, 1 украин, ал 2008 мектеп аралас, қазақ-орыс тілдерінде сабақ жүргізген. Бір ерекше атап көрсететін жайт, әсіресе соңғы жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп окушыларының 54,4 пайызын қамтыды.

Республика мектептерінде техникалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң кадамдар өріс алды. 2001 жылы елде орта білім беру жүйсін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аякталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келді. «Интернет - мектепте» бағдарламасы аясында 1 414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылды.

Үкіметтің 2002-2004 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасында барлық денгейдегі білім беру, оқытудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын арттыру көзделді. Ауылдық жерлердегі мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың біліктілік деңгейін көтеруіне жағдай жасау, тағы да басқа істерді жүзеге асыру нақтыланды. Сонымен бірге кәсіптік мектептер мен колледждерге керекті оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу жайы да жан-жақты қарастырылды.2003/2004 оку жылында Қазақстанда жұмыс істейтін мектептердің саны - 8260-ка жетіп, онда 3 026,2 мың окушы білім алды. Мектептердің 3 687 (44,6 %) қазақ тілінде окытатын, 2 069 (26,1 %) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді. Республикада жыл сайын мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі окушылардың саны ұлғайды. Егер 2000 жылы оқушылардың 52,1%-ы мемлекеттік тілде оқыған болса, 2004 жылы 54,8%-ы оқыды. Мектептерде 270 мыңнан астам педагог жұмыс істеді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары білімі, 60 мыңнан астамының кәсіптік орта білімі болды.

Мектептердің материалдык-техникалык базасын нығайту, оларды жоғары білімді кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстары кейінгі оқу жылдарында одан ары жалғасты. 2005/ 2006 оқу жылында Қазақстан білім және ғылым министрлігіне қарайтын 8 222 мектеп жұмыс істеді, онда 3 млн оқушы білім алды. Оларға 300 мыңдай мұғалім сабақ берді. Білім жүйесін компьютерлендіру бағдарламасының орындалуы арта түсті. 2006 жылы жалпы білім беретін мектептерде 31 окушыға 1 компьютерден келді. Мектептердің 89 пайызы интернетке қосылды. 2005 және 2006 жылдары республикалық бюджеттен лингофондық және мультимедиалык кабинеттер сатып алуға қаражат көлемі өсті. Мектептердің 3716-сы қазақша оқытса, 2073-сі аралас тілде окытты. Мемлекеттік тілде білім алған балалардың саны жалпы оқушылардың 59,4 пайызын құрады. Ал 2007/2008 оқу жылында еліміздің барлық мектептерінде 2,8 млн. жас жеткіншектер окыды. Оларджың 234,5 мыңы алғаш рет мектеп табалдырығын аттағандар еді. Білім ұяларындағы окушылардың интернетті пайдалануына да кең мүмкіндіктер жасалынды. Республика бойынша 96,3 пайыз білім ұясы интернетке қосылды. Әр балаға шаққанда 23 оқушы бір компьютерді пайдалануға ие болды. 2007 жылғы тамыз айында Қазақстанда «Білім туралы» жаңа Заң қабылданды. Онда әлемдік білім кеңістігіне кіру, мұғалім мәртебесін көтеру, сапалы білім беру, басқару мен қаржыландыруды жетілдіру т. б. қаралған. Заң аясында 2007-2009 жылдары 229 мектеп құрылысы салынып, онда 150 мыңнан аса баланы окыту жоспарланған.

Қазіргі кезеңде мектеп оқушыларына ұлттық идеялық тәрбие жұмыстарына назар аудару ісі біркелкі жақсара түсті. Оған «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» қаулысының үлкен әсері тиді. Қаулының талаптарына сәйкес өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, ой-өрісін жетілдіруге, әсіресе окушылардың өнегелілігіне, ана сүтімен бойына дарыған мемлекеттік мәртебеге ие ана тілін, тарихын, ұлттық құндылықтарын игеруге, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге негізделген тәрбие жүмыстары өрістей түсті.

Ұлттық бірлікке тәрбиелеу мақсатында оқушылар арасында «Мен - Қазақстанның азаматымын» атты республикалык акция аясында басқа ұлт балаларының мемлекеттік тілді білуіне арналған конкурстар, барлық ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін насихаттайтын шаралар ұйымдастырылды.

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде мектеп мұғалімдерінің алатын орнын, атқаратын рөлін ескеріп, үкімет олардың мәртебесін көтеру, материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды іске асырды.

Еліміздегі басшы және ғылыми педагогикалык кадрлер біліктілігін арттыратын республикалык институт, 14 облыстық және Астана, Алматы қалалық педагогикалык кадрлер біліктілігін арттыру институттары және 5 аймақтық біліктілікті арттыру институттары жүмыс істеді. 2005 жылдан бастап жыл сайын 30 мыңнан астам мүғалімдер білімдерін көтеру курстарынан өтіп отырды.

Қазакстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы жарлығымен бекітілгек «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудын 2005-2010 жылдарға ар-налған Мемлекеттік бағдарламасында» 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу белгіленді. Оның негізгі мақсаты - жаңа кезеңнің талаптарына сай жастарды өмірге баулу үшін оларға бұрынғыдан да жоғары деңгейде білім беру.

Қазіргі кезде әлемнің 80 пайыздан астам мемлекеттерінде орта білім берудің мерзімі кемінде 12 жыл болып отыр. Мұның өзі соңғы 20-30 жылда ғылым мен техникалық ора-сан зор жетістіктерге қол жеткізіп, коғамның әр түрлі саласында жаңа технологиялардың кеңінен пайдалануынан туындаған еді. Міне, осымен байланысты елімізде 12 жылдық білім беруге көшу 2008 жылға жоспарланды. Бүгінде 2003 жылғы 22 қазанда бұрынғы ҚР Ұлттық ғылым академиясының 109 мүшесі қатысқан құрылтай жиналысы өткізіліп, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы бекітілді. ҚР ҰҒА-ның бұрынғы корреспондент мүшелерінің барлығы академияның толық мүшелері (академиктері) болып сайланды.

Еліміздің халық шаруашылығына жыл сайын академия ғалымдарының екі жүзге жуық талдау жаңалықтарын енгізу үрдіс алды. Егемендік алған уақыттан бері ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде 5 мың авторлық куәлік, 1354 шетелдік патенттер жөне 13 лицензиялык келісім куәландырылып бекітілді.

Республика ғалымдарының белсене қатысуымен Алматыда - ақпараттык технологиялар, Оралда - мәшине жасау, Қарағандыда - металлургия жөніндегі парктер ашылды. Астанада биотехнологиялык кешен салынды. Курчатовта Астанадағы Еуразия университетінің жанында ядролық технологияларды зерттеу қолға алынды. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің арасында бірінші болып космосқа өзінің жер серігін ұшырды.

Қорытып айтқанда, Қазақстанның егемендік алған уақыт ішінде халыкқа білім беру, ғылымды дамытуда біршама табыстарға қолы жетті. Ғылым мен білім экономиканың бәсекеге қабылеттілігін, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекет әлеуетін арттыруға өзінің тиісті үлесін қосты.

2. Қазақстан әдебиеті мен өнері және тарихи-мәдени құндылықтары.

Қазақ қоғамында ғылыми ой, ұлттық сананы калыптастыруда әдебиеттің алатын орны ерекше, өйткені қазақ халкы ежелден сөз өнерін қасиет тұтқан.

Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті мен ұлттық тілінің мәртебесін көтеруде соңғы кезде бірқатар игі шаралар іске асырылды. XX ғ. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, басқа да салалар бойынша мамандарды ақтау жүзеге асты. А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, Ш. Құдай-бердиевтің, Ө. Бөкейхановтың, X. Досмұхамедовтың, Ж. Аймауытовтың басқалардың кітаптары жарық көрді. Бұлардың шығармалары ұмыт болып, мектептерде, арнаулы орта және жоғары оку орындарында соңғы кезге дейін оқытылмаса, енді оқу орындарының бағдарламаларына кеңінен енгізіліп, окушы-студент жастарға олар жөнінде жан-жақты дәріс беріледі.

2004 жылдан басталған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында әдеби шығармаларды шығару ісіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл мәселе негізінен екі бағытта жүргізілді. Бірінші, ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлык тәжірибесін корыту, көркем жөне ғылыми сериялардың топтамасын шығару. Екінші, әлемдік ғылыми ой сананың, мәдениет пен әде-биеттің таңдаулы жетістіктерін аудару. Осы арқылы әлемдік коркем ойдың казақ тіліндегі біртұтас қорын калыптастыру. Қорға кіретін әдебиеттердің ең маңыздысы - 100 томдыққазақ фольклоры немесе қазір де шығып жатқан 100 томдық «Бабалар сезі». 2007 жылы оның 32 томы жарық көрді. Оған бұрын Кеңес дөуірінде тыйым салынған Қазақ әдебиетінің ертегісі бар, батырлар жыры, айтысы мен дастандары бар және басқа да материалдар кірді.

Соңғы жылдары Әдебиет жөне өнер институтының ғалымдары әзірлеген он томдық «Қазақ өдебиетінің тарихы» жинағының маңызы өте зор болды. Қазақ әдебиетінің көп томдық тарихын шығару кезінде ғалымдар халықтың ғасырлар бойғы көркемдік мұрасын ұлт азаттығы жолындағы күресімен байланыстырды, оған талдау жасап, кезең-кезеңдерге бөліп көрсетті. Сондай-ак Қазақ әдебиетінің проза жөне поэзия саласында бірсыпыра елеулі шығармалары жарық көрді. Олар: Нұр-Исламның казақ даласындағы шырақшысы болған әйгілі Ақтайлақ бидің адамдық асқақ тұлғасы мен өскен ортасын, заман ауанын шебер кестелеген Қ. Жұмаділовтың «Прометей алауы», Э. Төрехановтың Ескендір Зүлқарнайынның сүйген жары - шығыс аруынын трагедиялық тағдырын арқау еткен «Роксана», А. Егеубаевтың «Қүтты Жүсіп», Алаш көсемдерінің көркем бейнесін сомдаған С. Досановтың «Қылбүрау», Төле биден бата алган Қызай биінің қилы тағдырын қызықты баяндағанЖ. Ахмадидің «Есенгелді би» және «Жарылғап би» романдары жене т. б. Ал поэзия саласында «Қазақтың ақын кыздары» деген атпен республикалық дәрежеде жабық мұшайра жарысы ұйымдастырылды. Мұшайраның әдеби-мәдени шарасы Одақта өткізіліп, нәтижесінде «Гүлдесте» атты кітап дүниеге келді. Оған қазақтың ақын қыздарының жоғары бағаланған өлең-жырлары енді.

Мемлекеттің жаңа кезеңдегі жүргізіп отырған ұлт саясатымен байланысты қазақ тілін қайта түлету, мейлінше көкейкесті проблемаға айналды. 1989 ж. кыркүйектегі Тіл туралы Заң және Қазакстан Республикасының Конституциясы бойынша ол мемлекеттік тіл деп жарияланды. Іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар біршама жүзеге асырылды. Қазақстаннын барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде окыту белімдері ашылды. Мұның өзі ауылдан қазақша оқып келген жастардың ана тілінде тиянақты білім алуына жағдай жасады. 1997 жылы Тіл туралы екінші рет Заң кабылданып, Республикада қазақ тілін дамыту аясында жаңа қадам жасалды. Қазірде тілдердің қызмет етуі мен дамуынын 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ол рет-ретімен жүзеге асырылып, нәтижесін бере батады. Мәселен, бес облыстың іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізілетін болды. Олар -Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Жамбыл облыстары. Ал 2006 жылдан бастап Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында Алматы каласында іс кағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшірілді.

Тіл мәселесімен айналысатын арнайы комитеттің құрылуы - мемлекеттің бұл іске ерекше кеңіл бөліп отырғанын дәлелдеді. Тілдер жөніндегі комитет мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізетін орталыққа айналды. Оның жанынан тілдік орта кұру, мемлекеттік тілді оқытатын мамандарды қайта даярлау, тілдерді окытудың жаңа өдіс-тәсілдерін калыптастыру республикалық орталығы құрылды. Бұл орталық Білім мен ғылым министрлігімен бірлесе отырып, мемлекеттік тілді жеделдетіи оқып-үйренудің бірыңғай жүйесін талдау жасауды жүзеге асыруды қолға алды.

1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үкіметі тұңғыш рет идеологиялық үктемдіктен бас тартатынын, мәдени-шығармашылық бостандықты жариялап, оны қорғау, өнерге қол жеткізуге көмектесетін жағдаилар туғызу, жариялылықты қамтамасыз ету және шығармашылық қызметкерлерінің жұмысын халыкқа жария ету жөнінде міндеттемелер алды. Міне, осының нәтижесінде экономикалық қиындықтарға қарамастан, республикада мәдениеттің басты ошағы болып саналатын мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалык драма театры, Ақтөбеде драма театры, Ақмолада музыкалык драма театры, Батыс Қазақстан облысында Мәдениет институты және Қазақ драма театры, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мөселелері бойынша Ғылыми орталық ұйымдастырылды.

Жалпы 2001-2006 жылдар аралығында Қазақстан облыстарында 10 жаңа театрлар, Елордада жаңа екі театр ашылды. Республика сахна өнерінің бет-бейнесін бұл кезеңде 47 театр айқындады. Олардың қатарында екі өзбек және неміс, кәріс, ұйғыр театрлары да бар. Мәдениет және акпарат минстрлігінің басшылығымен Қазақстанның өз ішінде және іргелі халықаралык театр фестивальдерін өткізу үрдіске айналды. 2006 жылы Астанада балет артистерінің I халықаралық конкурсы, Алматыда Орталык Азия елдерінің бірінші халықаралык театр фестивалі өткізілді. Оған Әзербайжаннан, Төжікстаннан, Қырғызстаннан, Татарстаннан, Түркіменстаннан тоғыз театр қатысты.

Бұл жылдары енердегі менеджменттің тиімді үлгісінің өмірге келген жайттары орын алды. Мәселен, Айман Мұсаходжаева «Солистер академиясы» оркестрін ұйымдастырып, бүкіл музыкалык білім беруді қайта кұру жөнінде ұтымды жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Алматыда Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж ашты. Елімізде тың тұрпатты бірқатар шығармашылық ұжымдар - 3 симфониялық оркестр, 2 камералық оркестр, қазақтың халық аспаптары оркестрі, хореографиялық ансамбль ұйымдасты. «Гүлдер ансамблі» республикалык мемлекеттік гастрольдік-концерттік бірлестігі», «Республикалык және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы» қосылу арқылы «Қазақ әуендері ұлттық концерттік бірлестік» акционерлік коғамы құрылды.Қ. Қайсеновтың, С. Бакбергеновтың т. б. майдангер қаламгерлердің шығармашылық мұралары кеңінен насихатталды.

Жеткіншектерді ұлттар достығы, ел бірлігі мен келісім рухында тәрбиелеуді мақсат еткен студенттік кештер дәстүрге айналды. Әсіресе, А. С. Пушкин мерей тойына орайластырған поэзия мерекелері, Евразия Университетінде «Алпамыс батыр» жырының 1000 жылдық тойына арналған ғылыми-теориялык конференция, ғұлама тарихшы, Орта ғасырдағы ірі мемлекет қайраткері Мүхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой шараларының қоғамдық-саяси тұрғыдан тәрбиелік үлкен маңызы болды. М. X. Дулатидің өлмес мұрасы «Тарихи-и-Рашиди» еңбегі қазақ тілінде жарық көрді.

«Тарихи тұлға тағылымы» атты ғылыми-практикалык конференциялар өткізу кейінгі жылдары да жалғасын тапты. 2005 жылы шілде айында атақты әнші-сазгер бабамыз Мәди Бапыұлының 125 жылдық Мерей тойына арналған ғылыми практикалық конференция оның туған жері Қарағанды облысындағы Мәліксайда өтті. Сондай-ак, 2006 жылы Қазақстанның халык әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик, аса көрнекті фольклоршы ғалым, композитор Ахмет Жұбановтың туғанына 100 жыл толуына арналған жиын-тойлар тек республикада ғана емес, сонымен қатар Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде салтанатты жағдайда аталып өтті. Ал 2007 жылы үкіметтің колдауымен Қазақстан драма театрларының XV фестивалі, Қазақстан композиторларының осы заманғы шығармаларының фестивалі, «Опералия» халықаралық фестивалі, Бибігүл Төлегенованың халық аралық конкурсы, «Еуразия-2007» халықаралық кинофестивалі сиякты іргелі іс-шаралары жүзеге асырылды. Бұл шаралар жалпы елімізде өнер салаларын одан әрі дамытуда үлкен ықпалын тигізді.



Бақылау сұрағы:

1. Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым қалай дамыды.

2. Қазақстан әдебиеті мен өнері және тарихи-мәдени құндылықтарын ата..

Әдебиет: Н-3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15
29-30 лекция.Тақырыбы: Ақпарат және мәдени-ағарту орындарының қызметі.

Мақсаты: Ақпарат және мәдени-ағарту орындарының қызметіне сипаттама беру.

Жоспары:

1.Бұқаралық ақпарат құралдары және қызметі.

2. Мәдени-ағарту орындарының қызметі.

1.Қазақстан мәдениетін дамытуда Бұқаралық ақпарат құралдары, Баспа мен полиграфияның алатын орны ерекше зор. Олардың алдында сонгы жылдары мәдени мұра-ларды кеңінен насихаттау міндеттері қойылған. 2001-ші жылы республикада 1 754 бұқаралық ақпарат құралдар орындары, соның ішінде 1 167 газет, 451 журнал, 121 теле және радиокомпаниялар, 15 хабар тарататын компаниялар, бірнеше ондаған баспалар болса, ал кейінгі үш жылда акпарат құралдарының саны одан әрі артып, 2004 жылы елімізде 1 937 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істеді. Олардың 80 пайызы мемлекеттен тыс, жекешеленген ұйымдар болды. Республикада бұқаралық ақпарат құралдары он үш тілде кызмет етті. Қазақ және орыс тілін қоспаганда, бұлардың бәрі қазақстандық диаспоралар тілдері. Олардың бәрі медианарықта алуан қатынастарда берілген. 2007 жылы елдегі екі жарым мыңнан астам ақпарат құралдарының 469-ы қазақ тілінде, 856-ы орыс тілінде, 879-ы қазақ жөне орыс тілдерінде шығып тұрды. Этникалык топтардың ақпарат құралдарының жалпы саны - 28 олардың 11-і үйгыр, 8-і өзбек, екі-екіден украин және түрік тілдерінде болса, қалғаны бір-бірден жеті тілде шығарылды. Бұдан басқа 214 хабар тарату компаниялары жүйелі түрде жұмыс істеді.

Қазақстанда мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында бұқаралық ақпарат құралдарын бәсекеге кабілетті ету жайы жан-жақты қарастырылды. Онда мемлекеттік теледидарлар мен радионы кеңінен дамыту, республикада кең көлемде ақпараттық кеңістік қалыптастыру, тағы басқа да ауқымды шаралар көрініс тапты. Әсіресе, 2007 жыл елдің ақпарат саласы үшін елеулі сын кезкеңі болды. Өйткені Конституцияға енгізілген өзгерістер, алғаш рет партиялык тізім бойынша өткізілген Мәжіліс сайлауына әзірлік барысында республика бұқаралық акпарат құралдары, негізінен қоғамдагы ішкі саяси тұрақтылықты, этнос аралық татулықты, діна-ралық келісімді қаншалықты халық қастер тұтатынын таныта білді.

Қазақстан полиграфиялық баспаларынан тарихи-мөдени мұраларды, әлем әдебиетінің ең үздік үлгілерін жарыққа шығару жандана түсті. Соңғы жылдары көп томдық «Қазақ-стан ұлттык энциклопедиясының» 10 томы, Н. Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы онжылдық» «Қазақстан жолы» еңбектері, 10 томдық «Тарихи және мәдени ескерткіштер» жинағы, Мүстафа Шоқай шығармаларының екі томдығы, Қытай мұрағаттары негізінде қазақ тарихына арналған бес кітап, бес томдық Қазақстан тарихының үш томы жарық көрді. Елкей Марғұлан еңбектерінің 14 томдығын, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин тағы да басқа казақ әдебиеті классиктерінің көп томдық серияларын басып шығару қолға алынды. Бұдан басқа тағы бір ерекше бөліп айтатын жайт Қытай Халық Республикасындағы Үрімжі баспанасынан 2005 жылы - «Ежелгі үйсін елі (Қытай деректері мен зерттеулер)», 2006 жылы «Ұлы түрік қағанаты (Қытай деректері мен түсініктер)» атты деректі жинақтар жарық көрді. Қазақстандағы кітап басып шығару саласының жетістіктеріне, оның ішінде әлем әдебиетін аудару мен оқырманына жеткізуде Астанадағы «Раритет», «Фолиант», «Аударма» т. б. баспалар өнімді істер атқарды.

Қазақстан халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар кирил жазбаларды, сирек кездесетін басылымдарды, елге алдырту үшін Қытайға, Ресейге, Монғолияға, Батыс Еуропа елдеріне экспедициялар ұйымдастырылды. Қытай және Монғолияға жіберілген археологиялык экспедиция Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты, бұрын-соңды кездеспеген соны дерек көздерін тауып қайтты. Мәселен, Қытайдың мұрағатынан Қазақ хандары мен сұлтандарының көршілес Қокан, Хиуа, Қытай, Ойрат, Монғол тілдерінде жазған 3500-дей құжаттары табылды. Ал Еуропа мемлекеттерінен елдің ғылыми ортасында бұған дейін мәлім болмай келген 77 қолжазба мен 200-ге жуық баспа өнімдерінің көшірмелері әкелінді. Осының арқасында ұлттық кітапхана мен республика мүрағаттарының қорлары бірегей дерек көздерімен толықты. Тек 2005 жылдың өзінде соны тарихи деректер негізінде 100-ден астам кітап жарық көрді.

2006-2007 жылдары елдің мәденит мұрасын зерттеудің тұтас жүйесін жасау, елеулі тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Осының нәтижесінде Қазақстанның 230-дан астам мемлекеттік мұрағаттарында милионнан астам тарихи дерек қорларының сақталуына жағдай жасалды. Сондай-ақ 2,6 млн. мәдени құндылықтар жинақталған 161 музей жұмыс істеді.

Халықтың білім бұлағы болып саналатын кітапханалар жаңа талапка сай жұмыс істей бастады. Оларды жаңа әдебиеттермен жабдықтап, компьютерлендірудің, осы заманғы ақпараттық жабдықтармен қамтамасыз етудің мүмкіндіктері қарастырылды. Кітапхана, мұражай, демалыс орталықтары қызметкерлерін қазіргі ғылыми-техникалық және әдістемелік талапқа сай оқыту, мамандығын жетілдіру, ірі мәдени орталықтарға тәжірибе алуға жіберу шаралары белгіленді. Мәдениет комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес Түркістан каласында мүражай кызметкерлерінің, Орал қаласында кітапхана ісі жөнінде, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Актөбе калаларында ауыл мәдениетін дамытуға арналған республикалық және аймақтық конфеқренциялар мен семинарлар өткізілді.

2003 жылы республика кітапханалар корындагы кітап-тардың жалпы саны 67,7 миллион данаға, 8,4 миллион газет пен журналдар, ондағы оқушылардын атары 4 мил-лионға жетті. Өсіресе, ауыл кітапханаларының жағдайы біршама түзеліп, кітап сақтауға қолайлы жаңа ғимараттарға көшірілді. Мөдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 2001 жылы жарық көрген 198 кітаптың 96 700 данасын ауыл кітапханаларына тегін таратты. Бұл бастама кейінгі жылдарда да өзінің жалғасын тапты. Мұның өзі мәдениет саласындағы орталықтардың бірі болып саналатын кітапханалардың санын көбейтіп, олардың жұмыстарын жандандыруда едәуір игі әсерін тигізді. 1992-1995 жылдар аралығында республика бойынша мыңға тарта кітапханалар жабылып калса, кейінгі жылдары олардың көпшілігі кайтадан калпына келтірілді. 2004 жылы елімізде 3 462 кітапхана, оның 2849-ы ауылдык жерлерде жүмыс істесе, 2007 жылы қоғамдық кітапханалардың жалпы саны 3763-ке, ал олардың коры 86 млн. кітапқа дейін өсті. Барлық аймақтарда 58 кинотеатр, 458 кинокондырғы, 2 320 мөдени-демалыс мекемелері жұмыс істеді.

Мәдениет салаларының дамуында, халық өнерінің алатын орны, атқаратын рөлі ерекше. Халық өнері ел ішінде руханиятты жаңғыртуда, жоғалған дәстүрлерді қалпына келтіруде, мәдениеттің мәнін және адамның руханиятты зерделеуін барынша қамтамасыз етуге қызмет етеді. Соңғы жылдары халық өнерінің кайнар көзі-ауыл мәдениетінің дамуына ерекше көңіл бөлінген. Осының нәтижесінде қазіргі кезде ауыл мәдениетінің үлкен аясы қалыптастырылды. 2003 жылы республикада 9 465 көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыс істеді, олардың жұмысына 121,5 мың адам белсене қатынасса, 2006 жылы көркем-өнерпаздар ұжымдарының саны 19858-ге жетті. Олардың басым көпшілігі фольклорлық және отбасылық ансамбльдер, хор жөне драма ұжымдары. Хореографиялық және отбасылык ансамбльдер Қазақстанда тұратын халықтардың этникалык мөдениеті дамуының негізі болып табылады. Олар еліміздің көпұлтты мәдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуы ісіне өздерінің лайықты үлесін қосып келеді. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, респбуликаның 370-тен астам көркемөнерпаздар ұжымына «халықтық» деген құрметті атақ берілді.

Алдағы кезеңде республика мәдениетін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, колайлы жағдай жасау міндеті белгіленген. Елімізде шығармашылық ахуалын, әресі биік өнерге деген қажеттілікті, оны ұлттық тұрғыда өркендету, мәдени бағдарламаны жүзеге асыру, жас дарындарды тәрбиелеп өсіруде өзінің тиісті нәтижелерін беруге бағытталынды.

2003 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен 2004 жылдан 2006 жылға дейінгі «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама үш басты бағытты камтыды. Оның біріншісі - археологиялық және архитектуралық ескерткіштерге арналды. «Мәдени мұраның» екінші үлкен бағыты - ТМД елдері мен шетелдік мұрағаттардағы Қазақстан тарихына қатысты кұжаттарды, колжазбаларды, сирек кездесетін кітаптарды алдыру, көшірмесін жасаттыру еді. Мәдени мұрадағы үшінші бағыт-үлттық өдебиетімізбен өнеріміздің бай мұрасын зерттеп, жүйелеп, көп томдыктар түрінде басып шығаруға арналды.

2006 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталды және оның алдына қойылған міндеттер негізінен орындалды. Осымен байланысты Үкімет «Мәдени мұра» бағдарламасын 2007-2009 жылдары жалғастыру туралы шешім кабылдады. Нәтижесінде 2007 жылы мәдени-тарихи ескерткіштерді жаңгырту жүмыста-ры одан ары жалғасты. Атап айтқанда, Үлы Жібек жолының қазақстандық бөлігін, оның ішінде оңтүстік өңірлердегі мәдени-тарихи ескерткіштерді кайта қалпына келтіріп қана қоймай, оларды туристік инфракұрылымдармен кабаттастыра дамыту мәселесі койылды.Қорытып айтқанда, Қазақстанның экономикасының дамуымен байланысты білім, ғылым, әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрыкша назар аударыла бастады. Елдің болашагы мөдениетпен астасып жататындығы Үкімет шешімдерінде көрініс тапты. Республикалық бюджеттен мәдениет саласына бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын өсіп отырды. Мұның өзі мәдени саланы түгел камтып, оның едәуір аяғынан тік тұрып кетуіне әсер етті.



Лекциялардың тақырыптық жоспары.
Тақырып № 6-7.
Тақырып № 12–13
Бақылау сұрағы:

Каталог: files -> umo
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет