Лекцияның жоспары : Тазалау әдістері мен жуу құралдары Кептіру


Пипеткаларды жууға арналған аппарат



бет10/20
Дата26.12.2021
өлшемі132,88 Kb.
#105754
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
МХЭЖА лек 1-4

Пипеткаларды жууға арналған аппарат. Бұл аппарат ұзындығы 370 мм және түтігінің ішкі диаметрі 2 мм болатын пипеткалардың бір мезгілде 280 данасын жууға мүмкіндік береді. Пипеткаларды алдымен қышқылдық немесе сілтілік ерітіндіде сулап, соңынан ішінде түтікшелер орналасқан қорапты аппараттың цилиндрлік бөлігіне орналастырады.

Жуу барысында цилиндр ішіне су резеңке шланг арқылы толтырылады. Ыдыстың ішін шайған өңделген су сифонды түтік арқылы аппараттан автоматты жолмен төгіліп отырады.



2) Кептіру
Жуылған ыдысты міндетті түрде құрғақ қалпына жеткенше кептіру керек. Егер жуылған ыдысты сулы ерітініділермен жұмыс жүргізу үшін қолдану керек болса, онда оны құрғатып уақытты кетірудің ешқандай қажеті жоқ. Кептірудің кеңінен қолданылатын әдісі – бөлмеде торшаларда немесе ілмектерде кептіру. Топшалар және ілмектер қолайлы болу үшін ыдыс жуатын орынға жақын жерде орналасады.

Кептіруді жылдамдату үшін лабораторияларда сығылған ауаны қолданады. Мұндай жағдайда ауаны алдын-ала шыны матадан өткізеді.

Жекеленген жағдайларда ыдысты этанолды және диэтилдік эфирді немесе ацетонды қолданып кептіреді. Ол үшін ыдыстың сыртындағы суды сүлгімен құрғатып, ішкі жағын этанолмен немесе ацетонмен соңынан диэтилдік эфирмен шаяды. Эфирдің қалдығын таза құрғақ ауамен үрлеп кетіреді. Этанолдың және эфирдің қалдықтарын жеке ыдыстарға құйып, соңынан регенерациялайды.

Ұсақ шыны түтіктерді ішінде силикагелі бар вауум-эксикаторда кептіреді.

Ыстықпен кептіру әдісінде ыдыстарды 100-120оС-де кептіргіш сөреде ұстайды. Ыдыстарды алдын-ала аударып, ішіндегі суын сорғытып алу керек.

Ыдыстар ластанып қалмас үшін сөренің табақшаларына таза фильтр қағазын төсеп қояды. Жұмыс істеп тұрған сөрені ток көзінен өшіріп тастаған соң ыдыстарды оның ішінен бірден алыпшығуға болмайды. Себебі мұндай жағдайда ыдыстардың ішкі беті буланып кетеді.

Шұғыл жұмыс жүргізу қажеттігі туындаған жағдайда көлемі кішілеу ыдыстарды кептіргіш сөреден шығарып эксикаторға орналастыру керек. Себебі ыстық сөренің температурасы төмендеу үшін қосымша уақыт қажет. Ал эксикаторға симайтын көлемі үлкен ыдыстарды құрғақ және тазартылған ауаның ағынында кептіреді. Әрине, бұл шаралар жұмыс көлемі үлкен тәжірибелерді жүргізу үшін жарамсыз. Сондықтан да зерттеу жұмыстарын алдын-ала жоспарлап, қажет ыдыстарды алдын-ала жуып кептіру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет