Лекцияның жоспары : Тазалау әдістері мен жуу құралдары Кептіру


Қышқылдардың шамалас концентрациялы сулы ерітінділерін әзірлеу



бет13/20
Дата26.12.2021
өлшемі132,88 Kb.
#105754
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
МХЭЖА лек 1-4

Қышқылдардың шамалас концентрациялы сулы ерітінділерін әзірлеу


Қышқылдардың сулы ерітінділерін (Н24, НСІ, НΝО3) әдетте бастапқы химиялық таза концентрлік қышқылдарды сәйкесінше сұйылту арқылы әзірлейді. Сұйылтуды көлем бойынша есептейді, себебі сұйықтықтың көлемін өлшеу оңай, әрі қолайлы. Мысалы: 1:5 арақатынасындағы сұйылтылған қышқылды әзірлеу үшін 5 көлем суға 1 көлем қышқылды құяды.

Концентрлік қышқылдардың пайыздық мөлшерін тығыздық бойынша бақылайды. Тығыздықты көп жағдайларда ареометр арқылы анықтайды. Қышқылдардың концентрацияларының тығыздыққа тәуелді мәндері анықтамаларда беріледі.

Концентрлік қышқылдармен жұмыс жүргізгенде өте сақ болу керек, себебі олар теріге тигенде қатты әсер етеді, киімді, столды және еденді ластайды. Қажет болған жағдайда қолға резеңке қолғап және көзілдірік кию керек.

Қышқылдардың сұйылтылған ерітінділерін әзірлегенде (әсіресе Н24) қышқылды суға шыны таяқшамен араластыра отырып жіңішке ағынмен қосу керек. Егер қоспа қатты қызып кетсе, онда оны суытып, соңынан қалған қышқылдың бөлігін құяды.

Киімге тиіп кеткен қышқылды тез арада судың көп мөлшерімен шайып, аммиакпен немесе ΝаНСО3-пен бейтараптап қайтадан сумен шаю керек.

Столдың және еденнің үстіне төгілген қышқылды алдымен құм тастап және Νа2СО3, СаО, Са(ОН)2, СаСО3 бейтараптап, тек содан соң ғана тазалау жұмыстарын жүргізеді.

Қышқылдардың сұйылтылған ерітінділерін оларға қарағанда анағұрлым концентрациялары жоғары ерітінділерден немесе өзара концентрациялары жақын ерітінділерден араластырып әзірлеу үшін көлемдерді есептеу барысында араластыру немесе айқастыру ережесін пайдаланған қолайлы. Осы ережені көрнекілі түрде 20 %-дық ерітіндіні сұйылту арқылы 5%-дық (масса бойынша) ерітіндіні алу мысалында қарастырып өтуге болады.



Компоненттердің концентрациялары, %

Айырмасы

Араластыру

Бастапқы

қажетті

20




5-0

5 бөлік




5







0




20-5

15 бөлік

Айқастыру ережесі араластырылатын ерітінділердің концентрацияларының орнына олардың тығыздықтары белгілі болған жағдайда да қолданыла алады. Мысал ретінде тығыздығы 1,57 г/см3 сулы ерітінді берілген болсын. Осы ерітіндіден тығыздығы 1,20 г/см3 ерітіндіні әзірлеу керек. Сонда айқастыру ережесі бойынша сызба құрастырамыз:

1,57 0,2


1,20

1,00 0,37

Яғни, тығыздығы 1,57 г/см3 ерітіндінің 20 см3 және судың 37 массалық бөлігін араластырамыз.

Бұл ереженің кемшілігі – әзірленген ерітінділердің дәлдігі төмен болады. Сондықтан да бұл әдісті концентрациялары шамалас ерітінділерді әзірлеу барысында қолданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет