Лекцияның жоспары: Афазия ауруына жалпы сипатт ама. Афазияның турлері оның айырм а шылықтары



бет2/5
Дата16.05.2020
өлшемі24,3 Kb.
#68885
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
АФАЗИЯ

Афазияның түрлері.

Акустико - гностикалык сенсорлы афазия.

Сенсорлы афазияны ең алғашқы рет немістің психиаторы Вернике сипаттады. Ол сенсорлы афазияның бас миының сол жақ жарты шарының артқы жағындағы үшінші жоғарғы самай қыртысынң зақымдануынан пайда


болатынын көрсетті. Афазияның бұл түрінің ерекшелігі естіген сөзді қабылдау түсінігі бұзылады. Афазияның бұл түріндегі түсінуінің бұзылу себебі ұзақ уақытқа дейін түсініксіз болып келді. Тек 20- ғасырдың 30 жылдарында бұрынғы кеңес психологтары акустиканың агнозия
фонематикалық есту қабілетінің бұзылу себебінен пайда болатынын анықтады.

Акустико – гностикалық афазияда тілі оқуына қарағанда қатты бұзылады, себебі ол фонематикалық есту қабілетінің жағдайына тікелей байланыста болады.



Акустико-мнестикалық афазия.

Самай миының орталық және артқы тұсындағы бөліктерінің зақымдануынан пайда болады. Бұндай ауруға шалдыққан баланың естіген сөзді есінде сақтауы төмендейді. Бұндай ақаулықтар буындар мен сөздердің тізбектерін қайталағанда байқалады. Жекелеген сездерді қайталау қабілетінің біршама сақталуы мен мағынасы бір-бірімен үйлеспейтін үш – төрт сөзді қайталау мүмкіншілігінің бұзылуымен сипатталады. Әдетте ауру адам өзіне тапсырылған сөздердің алғашқысын және соңғысын, ал одан әрі қиындау сөздердің тізбектерін бергенде барлығын бірдей есінде сақтай алмайтындығын айтып, тек біреуін ғана қайталайды. Берілген сөздерді екінші қайтара мұқият таңдап алғанның өзінде тізбектік реттік қатарын сақтай алмайды. Немесе біреуін калдырып айтпай кетеді. Естіген сөздерін есіме сақтауының бұзылуы афазияның басқа түрлерінде де байқалады, бірақ бұл кемістік тек акустико – мнестикалық афазияның ғана негізгі
ақаулығы болып саналады, өйткені онда фонематикалық
есту қабілеті мен дыбыс шығаратын сөйлеу тілі
мүшелерінің қызметі бұзылады. Аурудың айналасындағылармен қарым -қатынастағы сөйлесу белсенділігінің жақсы жетілгендігі байқалады.

Семантикалық афазия.

Бас миының жарты шарының артқы төбе аймағындағы сөйлеу тілі орталықтарының зақымдануынан пайда болады. Бас миының сол жақ жарты шарының артқы белігі зақымдалған кезде сөйлеу тілінің құрылысы дұрыс сақталмайды, сөздің арасындағы керекті дыбыстар байқалмайды да сөз мағынасыз болып естіледі. Есте сақтау қабілеті төмендейді немесе фонематикалық есту қабілетінің жағдайы нашарлайды. Семантикалық афазияда керекті сөзді немесе заттың атын өз бетімен іздестіріп табуда қиыншылық байқалады. Ауру адам сөздердің септелу және жіктелу үлгісін табуда қиналғанда заттың іс - әрекетін және сапасын синтагматикалық әдіспен сипаттауға тырысады, демек сөзді басқа сөзбен алмастырмайды.

Септелгенде, жіктелгенде өзгерген сөздердің және қосымшалардың жалғануы арқылы туған жаңа сөздердің сөйлем құрамында әр түрлі септеулік шылаулармен тіркесіп сабақтасқандағы грамматикалық өзара байланыстарын және мағыналарын түсінудегі ауытқуын импресивтік аграмматизм деп атайды.

Семантикалық афазияда метефораны, мақал - мәтелдерді, қанатты сөздерді түсінуі мүлдем жойылады, олардың мағыналарының астарын түсінбейді, есептеу, санау қабілеті бұзылады.

Афференттік моторлы афазия. Бас ми қыртысының төбеден төменгі және тұрақты орталық бөлімдерінің қосымша аймағында орналасқан артқы орталық мидың зақымдануынан пайда болады.

Афференттік моторлы афазияға тән ерекшелік ол күрделі буындардың құрамын таңдауы қиындайды. Бұндай ауруға шалдыққан адамдар тұйық буындарды екі ашық буынға бөлшектейді, буындағы дауыссыздардың тіркесіп қатар келген жерін бөлшектейді, дауыссыз дыбыстарды түсіріп қалдырады. Сондықтан да то, жаз, мал сөздерін «то – н», «жа – з», «ма – л» деп те айтады. Зақымданудың немесе инсульт алған кездегі алғашқы кезеңінде афференттік моторлы афазияда сөйлеу тілін түсінуі өрескелі бұзылатындығы байқалады. Бірақ ол көпке созылмайды, инсульттан кейінгі немесе бірнеше тәуліктен кейін олардың ауыз екі сөйлеу тілін, жеке сөздердің мағынасын, жеңіл – желпі нұсқауларды түсініп орындауы қалпына келеді.

Эферентті моторлы афазия.

Эфрентті моторлы афазия орталық ми тамырларының сол жағындағы тармақтарының зақымданунан пайда болады. Бұндай жағдайда бағдарламаны игеріп алуы мен еске түсіруі қиындайды. Ми қимылы бөлімдерінің алдыңғы жағының зақымдануы дыбысқа, буынға және лексикалық орын ауыстыруы, еліктеп сөйлеуінің қиындығын туғызады. Буындар мен сөздерді қайталауы қиындайды, кейде оқуы, жазуы, ауызекі сөйлеу тілі толығымен орындалмайды. Өрескел бұзылған эферентті моторлы афазияның алғашқы кезеңінде ми қан айналымы бұзылғаңнан кейін өзінің сөйлеу тілі мүлде болмай қалуы мүмкін. Афазияның бұндай түрінде жеке дыбыстарды қайталауында қиналмайды, керісінше буындардың немесе дыбыстардың көп түрін қайталауда қиналатындыгы байқалады. Афазияның бұл түрінде мақалдарды, астарлы сөздерді, көп мағыналы сөздерді толық түсінбейді. Оқуы мен жазуында айтарлықтай қиындықтар кездеседі.



Динамикалық афазия.

Ми сыңарларының сөйлеу тілінің маңдай артқы бөлімінің сол жағындағы орталық жүйкесі зақымданған кезде пайда болады, немесе үшінші функционалды блок деп атайды. Ол блок сөйлеу тілі қызметінің белсенділігін, реттеуін және жоспарлауын қамтиды.

Афазияның бұл түріндегі сөйлеу тілінің негізгі ақаулығы сөзді қиналып айтқандығы, ал кейде емін – еркін белсен сөйлеуге мүмкіндігі мүлде болмайды. Динамикалық афазияда жекелеген дыбыстар дұрыс айтылады, сөздерді және қысқа сөйлемдері артикуляциясының қиындығынсыз қайталайды, бірақ тілінің қызмет қатынасы бұзылады. Өрескел бұзылу тек сөйлеу тілінде ғана білініп қоймайды, сонымен бірге әңгімелесуші адамның тек сөйлеген сөзін естіп қана емес, өзіне қойылған сұрақтарды, тіпті қимылдарын да аңғармай соған еліктеп қайталайды. Динамикалық афазияның негізгі бөлімі өз еркімен байланыстырып сөйлеуі бұзылады. Динамикалық афазияда заттарды атаған кезде, әсіресе таныс адамдардың, әкесінің немесе өзінің есімдерін, қалалардың, көшелердің аттарын атаған кезде ұмытшақ бола бастауы байқалады. Сөйлеу тілі барысының селқостығы салдарынан санды аяғынан бастап басына қарай қатарымен санап шығу тапсырмасын орындай алмай едәуір қиналады. Мысалы 20 – дан 1 – ге дейін.

Маңдай миының сол жағы кең көлемде зақымданған кезде, ойлау ниетін және мінез-кұлкын, тәртібін бағдарлауы қатты бұзылады, айналасындағылармен ісі болмайтыны байқалады. Өтінішін ешқашанда тұжырымдап айтпайды, сұрақтар да қоймайды. Өз еркімен мүлдем сөйлей алмауы мүмкін.

Динамикалық афазияда да эфферентті қозғаушы афазиядағы сияқты сөйлегенде түсінуі бұзылатындығы білінеді, күрделі сөйлемдердің мазмұнын түсінбейді. Әсіресе өзінің түсінігіне жеңіл болу үшін сөйлемдердегі сөздердің орындарын ауыстырып қоюды талап ететін қиындығы туындайды.

Афазияға шалдыққан кездегі мидың күрделі қыртысының қызметін зерттеудің жалпы мазмұны төмендегідей жүргізіледі:

1. Сөйлеу тілі қатынасының жалпы қабілетін зерттеу сөйлеу тілінің толықтығын, күнделікті тұрмыста қолданатын сөйлеу тілін түсінуін, сөйлеу тілінің белсенділігінің дәрежесін анықтау мақсатында ауруға шалдыққан адаммен сөйлесу.

2. Сөйлеу тілін түсінуін зерттеу. Бір және көп бөлімді арнайы нұсқауларды естіртіп айтады, заттарды іздеп табу тапсырылады, қысқа әңгімені есту бойынша айтып береді, логико-грамматикалық құрылысты шешеді. Фонематикалық есту қабілеті, естігенді жадында сақтауы, мақалдардың мағынасын түсінуі тексеріледі.

3. Сөйлеу мәнерін зерттеу. Машықтандырылған сөйлеу тілі дыбыстарды, буындарды, күрделілігі әр түрлі дәрежедегі сөздерді қайталауы, бейнелі суреттердегі заттарды атауы, іс - әрекеттердің қимылдарын атауы, бейнелі суреттердегі оқиға желісіне қысқа сөйлемдер және әңгіме құрастыруы, оқыған әңгімесін айтып беруі жатады.

4. Оқуын, жазуын және есебін зерттеу.

5. Акустикалық және оптикалық аңғаруын зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет