Лекцияның жоспары: Афазия ауруына жалпы сипатт ама. Афазияның турлері оның айырм а шылықтары


Афазияны жою жөніндегі педагогикалық түзету жұмысының багыттар



бет3/5
Дата16.05.2020
өлшемі24,3 Kb.
#68885
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
АФАЗИЯ

Афазияны жою жөніндегі педагогикалық түзету жұмысының багыттар.

Афазияны жою жөніндегі логопедия жұмысына жалпы дидактикалық негіздегі оқыту пайдаланылады (көрнектілігін, түсініктілігін, саналылығын және басқалар) алайда осыған байланысты, сөйлеу тілі қызметін калпына келтірудің үйрету жұмысын қалыптастырудан айырмашылығы бар. Жаңа сөйлей бастаған балаға қарағанда сөйлейтін және жазатын ересек адамның миындағы қыртыстың күрделі қызметі біршама қысқаша құрылған. Педагогикалық түзету жұмысын жоспарлағанда негізгі төмендегідей қағидаларды басшылыққа алған жөн.



1. Сөйлеу тілі қызметін қалпына келтірудегі педагогикалық түзету жұмысының тәсілдерін таңдау кезеңге немесе сатыға байланысты. Инсульттан кейінгі алғашқы күндеріндегі жұмыс сөйлеу тілін қалпына келтіру барысында аурудың біршама енжарлықпен қатысу арқылы жүргізіледі. Сөйлеу тілі қызметінің тежелуін түзететін және алғашқы кезеңде қалпына келтіретін эферентті моторлы афазиядағы кездесетін литеральды парафазия сияқты сөйлеу тілінің бұзылуынан алдын ала сақтандыру тәсілдерін пайдаланады. Сөйлеу тілін міндетті түрде қалпына келтірудің ең соңғы кезеңінде ауруға тілін түзету жұмысының жолын және жоспарын түсіндіреді, тілін түзету жұмысына пайдалануға болатын көрнекі кұрал беріледі.

2. Педагогикалық түзету оқуының жүйесі не алғашқы бұзылған функцияларын қалпына келтіруге, не болмаса сөйлеу тілі қызметінің сақталған бөлімдерін қайта кұруға мүмкіндік беретін жұмыс тәсілін таңдауды ұйғарады. Мысалы, сенсорлы афазиядағы фонематикалық есту қабілетін қалпына келтіру барысы сақталган оптикалық және кинестикалық қабілеттерін пайдалану жолымен іске асырылады.

3. Алғашқы нейропсихологиялық алғы шартының қайсысы бұзылғанына қарамастан афазиянын кез келген, түріндегі сөйлеу тілінің сөйлеу мәнері, түсінуі, оқуы және жазуы сияқты барлық жақтарымен жұмыс жүргізеді.

4. Афазияның барлық түрлерінде сөйлеу тіліне өздігінен бақылауы дамытылады, сөйлеу тілінің қатынас қызметі қалыптасады. Тек аурудын өз қатесін түсінген жағдайда ғана сөйлеу тілін бақылау үшін, әңгімесін жоспарлау үшін парафазияны түзету үшін жағдай туғызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет