Лекцияның жоспары: Өндірістік мазмұнды есептер өндіріс материалын үйренудің сапалылығын арттырудың факторларының бірі



бет1/5
Дата19.12.2022
өлшемі22,55 Kb.
#163355
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекцияны жоспары ндірістік мазм нды есептер ндіріс материалы
қызылша, дөненбай ағжан

15. Лекция тақырыбы: Бейорганикалық химияны өндіріспен байланыстыра оқыту


Лекцияның жоспары:
1. Өндірістік мазмұнды есептер - өндіріс материалын үйренудің сапалылығын арттырудың факторларының бірі


Лекцияның оқыту нәтижелері:
1.Мектеп курсындағы өндірістік мазмұнды есептердің маңызын түсінеді және оларды оқып- үйренудің методикалық тәсілдерімен жұмыс жасай алады.
2.Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерлікті көрсете алады.
3. Шығармашылықпен жұмыс істеуін ойлауға қабілетті болуын талап ете алады.


Лекцияның мазмұны:


Химия пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – оқушылардың химиялық білім негіздерін толық түсіну мен меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Химия пәнін оқып – үйренгенде есептер шығарып, жаттығулар орындаудың маңызы өте зор. Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Есеп шығару – оқушыларды химиялық ой – өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы. 
Есеп шығару оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі. Есеп шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.
Химиялық есептер:
1. Жаңа химиялық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету;
2. Сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
3. Білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру;
4. Проблема қою, проблемалық жағдай туғызу;
5. Материалды пысықтау, қорытындылау және қайталау;
6. Политехникалық ұстанымдарын іске асыру;
7. Оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін қолданылады;
Есеп шығару химия пәнің меңгеруде үлкен орын алады, себебі ол кезде оқушы өзінің алған теориялық білімін практикада қолданып үйренеді. Қажет болған жағдайда анықтамаларды пайдаланып оқулықтардан теориялық материалды қайталайды, есеп шығаруға қажетті мәліметтерді еске түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет