4 - мысал. Қайыңның күлі құрамында кальций оксиді, кремний оксиді, калий оксиді, натрий және фосфор оксидтері, магний және күкірт оксидтері бар. Осы оксидтерді классификациялаңыздар.
5 – мысал. Магний, кальций, кремний, темір, алюминий оксидтері цемент клинкерінің өндірісіндегі шихтаның құрамында кездеседі. Оларды жіктеңіздер.
“Электролиттік диссоциация және элементтердің қасиеттері” тарауында берілген өндірістік мазмұндағы есептер бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөнінде алған білімдерін одан әрі жетілдіріп тереңдетеді. Ерітінділерде жүретін реакциямен танысу, қоршаған ортада жүріп жатқан құбылыстарды химиялық тұрғыдан тануға көмектеседі. Бұл тарауда өндірістік мазмұндағы есептер шығарудың маңызы зор. Өйткені есеп шығару барысында түсіну, талқылау, жинақтау, жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға ауысып ойлау арқылы оқушылардың ақыл–ойы дамиды, біліктері мен дағдылары қалыптасады.
Бұл тарауға байланысты мынадай өндірістік мазмұндағы есептерді шығару жүзеге асырылды.
1 – мысал. Оттегі мен сутегін электрлік разряд қатысында әрекеттестіріп, сутегінің асқын тотығын (Н2O2) алатын құрылғының өнімділігі 500 кг.Сағатына ерітіндідегі сутегінің асқын тотығы 10%. Бір тәулікте қанша сутегі және оттегі реакцияға түсетінін есептеу керек?
2 – мысал. Диафрагмалық әдіспен алынған электрлік сілтешенің құрамында 120 г NaOH, 180 г NaCI, 5г Na2CO3және 0,7 NaCIO3 бар. Сілтешедегі бұл заттардың проценттік концентрацияларын есептеңіздер.
3 – мысал. Сильвинитті қайта өндіру кезінде оны суда ерітеді. (Сильвинит калий қосылыстарының өндірісіндегі басты шикізат болып табылады). Силикамнан шыққан KCI · 4NaCI · 9м 3 судағы 1т сильвинитті еріткен кезде ерітіндідегі тұздардың проценттік құрамын анықтаңыздар.
Келесі “Бейметалдар” тарауында өндірістік мазмұндағы есептерді шығарудың мәні зор. Бұл тарауда өндірістік мазмұндағы тақырыптардың көпшілігі қамтылған. Атап өтетін болсақ, күкірт қышқылын алу; азот, фосфор тыңайтқыштарын алу; тас көмірді кокстеу; синтездік аммиак өндіру; силикат өнеркәсібінің түрлері; кремний, коксохимия және қатты отынды газдандыру. Бұл тақырыптарға көптеген есептер шығаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |