Лекцияның мақсаты



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі37,94 Kb.
#85824
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
Қаржы саясаты және қаржылық механизмі


Қаржы саясаты және қаржылық механизмі
Жоспар:
1. Қаржы саясатының мәні мен мазмұны
2. Қаржы саясатының типтері
3. Қаржы саясатының міндеттері мен қағидалары
4. Қаржы механизмінің мәні мен құрылымы

Лекцияның мақсаты қаржы саясатының мазмұнын, ҚР қаржы саясатының нарықтық қатынастарға көшудегі ерекшеліктерін, қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.
1. Қаржы саясатының мәні мен мазмұны
Қаржы саясаты – бұл мемлекеттің қаржы аясындағы міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін жүргізілетін шараларының жиынтығы. Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Қаржы саясаты экономикалық заңдарының талаптарының негізінде қалыптасады. Нақты өмірде қаржы саясаты қаржы механизмі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы механизмі қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады.
Қаржы саясатының мақсаты – қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарын қанағаттандыру болып табылады.
Қәзіргі кезде қаржы саясатын жүзеге асыру барысында шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы;
- Мемлекеттік қаржылардық ұлғаюы;
- Ақша тауар ағындарында тепе-теңдікке қол жеткізу
- Басқа заңсыз бағыттарға қаржылардың жұмсалуына жол бермеу
- Банк жүйесінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету
- Өндірісте тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі;
Мемлекеттің қаржы саясаты дегеніміз бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі міндеттерін шешу үшін қаржыны пайдалну жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қажыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі.
Қаржылық саясатқа бюджеттік, ақша, несие, баға және кедендік саясаттар жатады. Осыған сәйкес қаржы саясаты қосалқы ролді атқара отырып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізудің негізгі құралы болып табылады.
Бюджеттік саясат Бюджетте жинақталған ІЖӨ бір бөлігін, бюджеттің шығыс бөлігінің қалыптасуын, әр түрлі деңгейлі бюджеттер арасында қаржылардың бөлістірілуін қарастырады. Бюджет дегеніміз– мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған ақша қорларының қозғалысын көрсететін заңды түрде бекітілген құжат.
Қаржы саясатының негізгі бөлігінің бірі – салық саясаты. 500 жылдан астам уақыт бойы қаржы саясатының салыққа деген қатынасы анықталуда:
• Мемлекет салықсыз жүзеге асуы мүмкін емес
• Салықтық емес төлемдер өсуге бағытталады
• Салық өзінің белгілі бір деңгейінен өте көп артық көлемде бекітілген жағдайда табиғи ұлғаймалы өндіріс үрдісінің бұзылуынан экономикалық жағдайдың құлдырауы жүзеге асады
• Дағдарыс жағдайында салықтар ең шекті мүмкін деңгейде бекітіледі
• Салықтардың жоғары деңгейде бекітілуі капитал ағынына әкеледі
• Мемлекеттің экономиканы реттеуі қажет болып табылады
• Салықтық жеңілдіктер айқын түрде ұлғаймалы өндіріс субъектлері арасында теңдей бөлінуі тиіс
Салықтық саясат ашық, қарапайым және тиімді болуы тиіс
• Негізгі салықтық база ретінде табыс пен мүлік қолданылуы тиіс.
Салық саясатының ел экономикасына әсері тікелей- жоғары салық деңгейі бекітіліп, оның нәтижесінде ұлғаймалы өндірістің инвестициялық мүмкіндіктері кеміген жағдайда және тұтыну деңгейінің төмендеп, өнім өндіру мен сату көлемі кеміген жағдайда айқын байқалады. Ақша саясатының құрамдас бөліктеріне эмиссиялық саясат және ұлттық валютаның тұрақтылығы жатады.
Эмиссиялық саясат, айналысқа қажетті ақша санын анықтаумен қатар бюджеттің табысын ұлғайту үшін де қолданылады.
Ұлттық валютаның тұрақтылығы өте күрделі процесс болып табылады себебі, егер ақша массасы қажетті көлемнен асып кетсе, инфляция қалыптасып, бюджеттің кірістері құнысызданады. Егер белгілі бір себептерге байланысты мемлекет өзінің ақша массасын реттей алмаса, онда елдің экономикалық қәуіпсіздігі бұзылады және ұлттық валюта басқа шет елдік валюталарға төтеп бере алмайды және ұлттық байлықтың белгілі бір бөлігі шығынға ұшырайды.
Несие жүйесі ішкі шаруашылық есеп-айырысу мен ссудалық капиталдың есебін қамтамасыз етеді. Ссудалық капитал бұл несие беруді жүзеге асыра отырып, айналым қаражаттарын қамтамасыз ету яғни ұлғаймалы өндіріс процесін жүзеге асырудың маңызды шарттарына жатады.
Баға саясаты мемлекет монопольды тауарлар мен қызметтерге бағлар мен тарифтерді реттеп отырады. Мемлекетте монополды иелігіне жер, жер қойнаулары, темір-жол, мұнай, газ құбырлары жатады. Баға саясаты экономиканы ретеудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Электрэнергияға, шикізатқа, транспорттық тарифтерге тауарлар мен қызметтердің барлық түрінің бағалары байланысты болады.
Кедендік саясат бұл саясатты салықтық және баға саясатының бөлігі ретінде қарастыруға болады, себебі кедендік алымдар мен салықтар тауарлар мен қызметтердің бағасына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар кедендік саясат ішкі нарыққа импорттық тауарларды ендіру мен шектеуге қатысты немесе экспортқа тауарларды шығаруға қатысты әсер ете отырып, ел экономикасына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет