Биологияны оқыту әдістері. Лекцияның мақсаты: - Биологияны оқыту әдістемесінен тұратын жүйеге түсініктеме беру,жеке оқыту әдістері мен принциптеріне сипаттама жасау.
Лекцияның жоспары: - 1.Биологияны оқыту әдістерінің жүйесі.
- 2.Биологияны оқытудың жеке әдістеріне тоқталу.
- 3.Әдістерді тандау және дамыту.
Биологияны оқыту әдістерінің жүйесі. - Әдістеме-оқытып-тәрбиелеудің мақсатын, педагогикалық іс-әрекеттің барысын, оқытудың тиімді,белсенді,әдістері мен жолдарын анықтайды.Мұғалім жас өспірімдер мен оқушыларға тиянақты білім,тәрбие қалыптастыруы үшін оқу процесіне жетекші болатын әдістеменің ғылыми негіздерін білуі керек.Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу, процестерінің жүйесі түрлі ғылым.Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеу оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту әдісі, биологиялық мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Биология ғылымының мақсаты: - Мектеп биология курсиарының мазмұнынымен биологиялық ғылымдағы ең үлкен айырмашылық, оның мақсатында, көлемінде, құрылымында, әдісінде және мазмұндау формасында. Биология ғылымының мақсаты- зерттеудің нәтижесінде табиғат туралы жаңалықтар ашу. Мектеп пәнінің мақсаты оқушыларға ғылымның жинақталған фактілерімен заңдылықтарын жеткізу.Мектеп биология пәнінен шақтап берген көлемінде, оқушыларға артық ақпаратсыз күрделі ғылыми проблемалармен ғылым негіздерін хабарлау.Мектептегі білім беру,тәрбиелеп оқыту негізінде жүргізіледі:материалдың мазмұны,оқыту әдістері,мазмұнның логикалық түрде қарастырылуы,оқыту процесінің барлық формалары мұғалімнің жеке тұлғасын тәрбиелейді, оның ғылымға деген көзқарасын арттырады.Табиғат туралы ғылымдардың негіздерін оқытудың мақсаты, диалектикалық –материалистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.
Биология әдістемесінде тәрбиелеп оқытудың жалпы жүйесі: - 1. Биологиялық түсініктер жүйесі;
- 2. Оқыту әдістерінің жүйесі ;
- 3. Биологияны оқыту барысында тәрбиелеу жүйесі;
- 4. Оқу жұмыстарының формуларының жүйесі;
- 5. Оқытудың материалдық-техникалық базалы жүйесі.
Оқыту әдістері және оның түрлері. - Биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптап алуын тағайындаудан басқа, ең бір басты маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады. Пәннен сабақ өткізу әдісін дұрыс таңдап қолданбаған жағдайда әрбір ұстаз алдына қойған мақсатына жете алмайды.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалының мазмұнын сәйкестендіре отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдағанда ғана сапалы білім беруді қамтамасыз етуге болады. Оқыту әдісі дегеніміз – оқушы мен оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері деп айтуға болады.Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз – ұстаздың білім беру әдістері деп қарасақ, екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау кабілеттілігі немесе әдісі.
- Практикада биологияны оқытудың әртүрлі әдістері бар.Білім беру барысындағы оқытушы мен білім алушы арасында қатынастың негізінде оқыту әдістерін негізгі топтарға жүйелеуге болады.Осы белгілердің негізінде білім беру әдістерін 3 группаға жіктейді:
- 1.Сөздік (білімнің кілті-сөз);
- 2.Танымдық (білімнің кілті-сөз және көркемділік);
- 3.Практикалық (білімнің кілті-сөз және оқытылу объекті,зерттеу).
- Сөздік әдістер тобына баяндама,әңгімелесу,түсіндіру және лекция жатады.Бұл жағдайда мұғалімнің әрекеті сөз ретінде көрініс берсе,ал білім алушының әрекеті тындау болып табылады.
- Танымдық әдістер тобы тәжирбиенің дәрежесін және көркем мақалаларды,заттар мен құбылыстары шынайы бейнесін көрсетеді(сурет,сызба,муляжь,модель).Бір сөзбен мұғалім зерттеліп жатқан объектің бейнесін толығымен көрсетеді.Нәтижесінде білім алушылар объекті бақылап,түсінуге тырысып,білім игереді.
- Биологияда білім берудің практикалық әдістер тобына объекті толығымен зерттеу және материалды толығымен игеруді жатқызады.Оларды лабороториялық жұмыстар кезінде немесе практикалық сабақтарда,экскурсия кезінде,тірі табиғатты зерттеу кезінде қолданады.
Әдістемелік тәсілдер: - Сөз-білім беру әдістерінің барлық түрлерінде қолданылады,бірақ сөздік әдістер тобында сөздің функциясы,ол-білімнің кілті болып табылады.Ал көркем және практикалық әдістер тобында сөз-бақылаудың және практикалық жұмыстардың ұйымдастырушысы.
- Білім беру әдістерінің әртүрлігі әртүрлі әдістемелік тәсілдермен жүзеге асады.Әдістемелік тәсілдер-білім беру әдістерінің негізгі элементтері.Олар білім беру процесі кезінде білім беруші мен білім алушының іс-әрекеттерін көрсетеді.Н.М.Верзилин,В.М.Корсунская әдістемелік тәсілдерді 3 негізгі топқа бөлді.Олар:
1.Логикалық тәсілдердің интеллектуалды іс-әрекетіне жатады: - салыстыру,
- жариялау,
- белгілерін айыру,
- натиже шығару,
- дәлелдеу.
2.Ұйымдастырылған тәсілдер кезінде мұғалім көңілді үйретілетін материалға бұрады.Мысалы: жоспар, жоспар бойынша жауап беру, тақта алдында жауап беру,орнында жауап беру және т.б. 3.Техникалық тәсілдерге әртүрлі құралдарды,материалдарды қолдану жатады.Ол білім алушылардың танымдық білімін жақсартады. - Биология сабағында әртұрлі әдістемелік тәжірбиелерді қолдану мұғалімнің танымдылық көңілін және педагогикалық шеберлігін көрсетеді.Яғни,мұғалім жұмысының сапалық дәрежесін көрсетеді.Білім беру әдістемесі білім алушының тұлға ретінде дамуын және көркемділік қасиеттерін артыратын жаңа әдістерін іздейді.
- Білім берудің барлық әдістерінің ортақ функциялары болады:
- -білім беруші;
- -дамытушы;
- -тәрбиелеуші;
- -қадағалаушы;
- -ынталандандырушы.
Әдістерді таңдау және дамыту. - Оқыту әдістерін дамыту немесе өзгерту білім алушының класстан классқа жоғарлай беруімен тікелей байланысты.Сондықтан бұрынғы әдістер күрделенеді және білім алушылардың іс-әрекеттерінің маңызы артады,танымдық әрекеттері күрделенеді,ұстаздардың рөлі өзгереді. Кластан класқа жоғарылаған сайын біртіндеп оқушылардың биологиялық білімдері кеңейіп, тереңдетіледі,қоршаған әлемде танып- білуге болатынын, материаның әр уақытта қозғалысқа және дамуда екендігіне көз жеткізеді.
- Оқушылардың пәндер мен тірі табиғат құбылыстары танымынан сабақ үлгеруі көп жағдайларда оқыту методтарына байланысты болады. Мұғалім методты анықтау кезінде курстың жалпы қорытындылау сипаты мен мектегі оқушыларының жас ерекшеліктерін еске алуы қажет.Білім берушінің белгілі бір материал бойынша жұмыс істеу үшін қолданылатын білім беру әдісін таңдау кезінде білім алушының жасын ескеру маңызды болып табылады.Әдістер мен тәсілдердің әртүрлігі білім беру процесінің ерекшелігін көрсетеді.Әдісті таңдау кезінде сабақтың мақсаты,оқытылатын материалдың мазмұны ескеріледі.Мысалы,морфологиялық құбылыстарды түсіну бақылауды талап етсе,ал физиологиялық және экологиялық бақылауды да,тәжірбиені де,экспериментті де талап етеді.
- Әдістерді таңдау кезінде қатысушылардың жеке жұмыс істеу деңгейін,даму жетілу деңгейін,мұғалімнің дайындық деңгейін және материалдың мазмұнының деңгейін(таныс материал немесе жаңа) ескеру қажет.Оған қоса мектептің материалдық жағдайы,мүмкіндіктері,жаңа технологиямен қамтамасыз етілуі,биология кабинетіне жарықтың түсуі маңызды аспект болып табылады.Әдісті таңдауға мекеменің белгілеген білім беру процесінің уақыт ұзақтығы және формасы әсер етеді.Білім берудің оптималды әдістерін таңдау әрбір әдістің сапалық деңгейінің жоғары болуымен сипатталады.
Қортынды: - Әдістеме-оқытып-тәрбиелеудің мақсатын, педагогикалық іс-әрекеттің барысын, оқытудың тиімді,белсенді,әдістері мен жолдарын Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу, процестерінің жүйесі түрлі ғылым.Биологияны оқыту әдісі, биологиялық мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі. Оқыту әдісі дегеніміз – оқушы мен оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері деп айтуға болады.Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз – ұстаздың білім беру әдістері деп қарасақ, екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау кабілеттілігі немесе әдісі. Практикада биологияны оқытудың әртүрлі әдістері бар.Білім беру барысындағы оқытушы мен білім алушы арасында қатынастың негізінде оқыту әдістерін негізгі топтарға жүйелеуге болады.Осы белгілердің негізінде білім беру әдістерін 3 группаға жіктейді:
- 1.Сөздік (білімнің кілті-сөз);
- 2.Танымдық (білімнің кілті-сөз және көркемділік);
- 3.Практикалық (білімнің кілті-сөз және оқытылу объекті,зерттеу).
Достарыңызбен бөлісу: |