Лекцияның сұрақтары: Микроэкономика пәні. Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен міндеті



бет5/6
Дата21.05.2020
өлшемі108,52 Kb.
#70152
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 тақырып

Нарықтық жүйеде үйлестіру мәселесін нарықтың екі түрі шешеді: өндірістік ресурстар нарығы және тұтынушылар игілігінің нарығы.

Кәсіпкерлік сектор мен үй шаруашылығы секторының өзара байланысын сұраныс пен ұсыныс моделі түсіндіреді. Бұл екі сектор тауар нарығында сату және сатып алу жөнінде әрекет ететін болса, онда модель баға мен сатылатын тауардың санын анықтайды. Әрбір нарықта шешім қабылдайтын белгілі екі экономикалық субъектілер болады, олар: сатушы мен сатып алушылар. Нарықтағы шешім қабылдау теңдестік бағамен, әр игіліктің теңдестік санымен үйлестіріледі.



Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысының нәтижесі - баға. Бұл көрсеткіш үй шаруашылықтар мен фирмалардың қабылдаған шешімдері туралы келісімге келуі үшін маңызды ақпарат береді.

Біріншіден, баға тұтынушылардың шығын деңгейін анықтап, оларды таңдауына, қалап алуына шығындар тұрғысынан әсер етеді.

Екінші жағынан, өндірушілердің түсімі бағаға тәуелді, ал түсім экономикалық шешім қабылдаған маңызды көрсеткіш болып есептеледі. Мысалы, нанның бағасының жоғарылауы - сатып алушылардың бұл тағамды түтынуды шектеуіне белгі береді, ал фирмалар үшін - нан нарығындағы теңдестікті қалпына келтіру үшін өнім көлемін көбейтуге болады. Тауарды тепе-теңдік кезіндегі бағамен сатып алғысы келетін тұтынушылар, осы тауарды пайдаланады, ал осы бағамен алғысы келмейтін немесе төлей алмайтындар бұл тауарды тұтына алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет