Лексикалық тақырыбы: Ғылымның қоғамдағы рөлі. Техника ғылымы. Грамматикалық тақырыбы: Ғылыми стиль. Термин сөздер. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата31.01.2018
өлшемі189,22 Kb.
#36675
Лексикалық тақырыбы: Ғылымның қоғамдағы рөлі. Техника ғылымы.

Грамматикалық тақырыбы: Ғылыми стиль. Термин сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ғылым туралы білімдерін толықтыру, техника ғылымы, ғалымдар туралы білімдерін одан әрі жетілдіру.

Дамытушылық: Түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білім деңгейін дамыту. Тәрбиелік: Техника ғылымы мен оның белгілі ғалымдары туралы білуге тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ- жауап

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық тақта, слайдтар, оқулық, үлестірмелі парақшалар

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық

Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақтар

1. Шоқан Уәлиханов кім?

2. Шоқан қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

3. Шоқан 12 жасында қай жерде оқыды?

4. Шоқанның атақты еңбегі?

5. Атақты ғалым қанша жыл өмір сүрді?

Сөздік: көңіл аударды – изучил, игілігіне – во благо, аты шықты – человек с громким именем, атағын көкке көтерді – получить известность, дәулет – богатство, благосостояние.

Ереже. Егер жалпылауыш мүше (обобщающий член) бірыңғай мүшелерден (однородный член) бұрын тұрса, соңынан қос нүкте (двоеточие) қойылады. Мысалы: Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Теңіз, Алакөл.

Егер жалпылауыш мүше бірыңғай мүшелерден кейін келсе, оның алдына сызықша қойылады. Мысалы: Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен – бәрі де Қазақстанның ірі қалалары.



  1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, жалпылауыш мүшелердің астын сызыңдар.

Алматы, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау – бәрі де Шоқанның аралаған жерлері. Шоқанның генерал Гасфортпен бірге саяхатқа шыққан жерлері мыналар: Аягөз, Тарбағатай, Қапал таулары. Атақты ғалым, кемеңгер ойшыл, от-жалынды азамат, ержүрек саяхатшы – баршасы Шоқанға берілген баға.

  1. Жаңа сабақ.

Сұрақтар:

  1. Ғылым дегеніміз не? қалай түсінесіз?

  2. Ғылымның қоғамға пайдасы бар ма? болса қандай?

Сөздік:

Шығармашылық қызмет – творческая деятельность, жіктеу – деление, жаратылыстану – естествознание, қоғам туралы – об обществе, әлеуметтік – социальный, арнайы – специально, ғылыми таным – научное познание, кезең – период



Ғылымның қоғамдағы рөлі. Техника ғылымы.

Ғылым – білім алуға бағытталған адамның шығармашылық қызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым бірқатар білім салаларына жіктеледі. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар – жаратылыстану, қоғам туралы – әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы құрайды. Математика – өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының құрамына – механика, физика, химия, биология, қоғамтану ғылымдарына тарих, экономикалық ғылымдар, құқықтану, психология жатады. Өзінің пәніне орай философия барлық ғылымдармен байланыста болады, ғылыми танымның барлық кезеңдерінде өзін көрсетеді.



Ғылымның қоғамдағы рөлі




Ғылыми пәндер




Жаратылыстану ғылымдары



Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар


Техникалық ғылымдар


Оқушылар техника ғылымына тоқтамас бұрын осы саладағы белгілі ғалымдар туралы мәлімет жазып келу тапсырылған болатын, соған кезек берсек.

Оқушылардың өздік жұмыстары:

Қаныш Сәтбаев

Орынбек Жәутіков

Санжар Асфендияров өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат

Ереже: Ғылыми стиль, Термин сөздер

Әр сала қызметіне сай қалыптасқан стильдер болады. Ол стильдің бастылары: сөйлеу стилі, көркем әдебиет стилі, ресми-ісқағаздар стилі, публицистикалық стиль, ғылыми стиль.

Ғылыми стиль адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді. Ғылыми стиль – ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда, ғылыми оқулықтарда қолданылады.

Ғылыми стильдің ерекше функционалдық міндеті бар:



  1. Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді.

  2. Ойды тұжырымды түрде хабарлауға тырысады.

  3. Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді. Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады. Мысалы: Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Оның өсу мерзімі 1000 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылусүйгіш ағаштар қатарына жатады.

Ғылым мен техниканың алуан түрлі саласына қатысты қолданылатын сөздерді термин сөздер деп атаймыз. Термин сөздердің басты сипаттары мынадай:

*Ол ғылым мен терниканың әр саласына тән болу керек;

*Термин сөздер дара, бір ғана мағыналы болуы керек;

*Термин сөздердің көпшілігі дүниежүзі халықтарының тілдеріне ортақ болуы керек.



Термин сөздер



Ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы




Баламасы бар термин сөздер



Интернационалдық термин сөздер


Универсал – әмбебап,

устав – жарғы,

комплекс – кешен,

аэропорт – әуежай, т.б.



Карта, синтаксис, аммиак, азон, экология, синус, глобус, бизнес, т.б.
4. Жаңа сабақты бекіту.

1.Мәтінді оқып, сөздікті пайдаланып аударыңыздар.

2.Мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңдар.

3.Берілген термин сөздердің жасалу жолдарын анықтаңдар. Баламасы бар терминдердің қазақша атауын сөздіктерден табыңдар. Үлгі бойынша екі бағанға бөліп жазыңдар.

Глобус, комплекс, археология, континент, график, фонетика, мелодрама, миф, объект, реализм, аэропорт, роман, сатира, резюме, фольклор, лексика, текст, жанр, квадрат, коллектив.



4.Мына сөйлемдердің ішінен ғылыми стильде жазылғанын көрсетіңіз.

1. Жаздың жайлы кеші. 2. Алюминий тез балқиды. 3. Бидай құнарлы жерге егіледі. 4. Ауыл іші қазіргі уақытта өзгеше көңілді. 5. Ауылшаруашылығы дақылдары дәндерінің химиялық құрамы өте күрделі. 6. Көне парсы жазулары ғалымның қолына бұрынырақ ілікті. 7. Белоктарға құрамында азоты бар органикалық заттар жатады. 8. Ауылдардың арасымен жасыл сайды жарып аққан жіңішке өзен. 9. Уақыт мамыр айының басы болса да, ауадан салқын леп білінді. 10. Қоңырбас тұқымдастарына бидай, сұлы, қара бидай, күріш, арпа және басқалары жатады.



5. Төмендегі мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңдар.

Жезқазған аймағының экологиялық ахуалы мәз емес. Екі бүйірден Байқоңыр ғарыш айлағы мен Семей полигоны қыспаққа алып тұр. Ғарыш кемелерінің техникалық бөлшектері мен атом қалдықтары – гептил көктен түсіп, жерді уландырып, ластап жатыр. Семей полигоны төңірекке радиоактивті заттарды таратады. Тау-кен өндірісі төңірегінде тау-тау болып үйіліп жатқан тау жыныстары тегістелмеген, рекультивация, дезактивация жасалмаған.



6.Төмендегі ғылымдардың анықтамасын оқып, қай ғылым саласы екенін тауып, термин сөздерді орнына қойыңдар.

1. ... – Жерді және оның ішіндегілерді зерттейді.

2. ... – тірі организмдерді ғылыми зерттеу саласы.

3. ... – молекулалар мен атомдардың бір-бірімен қосылуын түрлі нұсқаларда зерттеп-зерделейді.

4. ... – біздің ғаламшарларымыздан тыс орасан үлкен саланы зерттейді.

5. ... – электр энергиясын және қозғалысты зерттейді.

6. ... – ауруларды зерттейтін ғылым.

Қажетті термин сөздер: физика, химия, медицина, геология, астрономия, биология.



7. Инсерт әдісі бойынша қорытындылау.

Не білдім?

Не білгім келеді?

Мен үшін жаңалық










5.Жаңа сабақты қорыту

6. Үйге тапсырма.

1. «Менің сүйікті ғылыми пәнім» тақырыбында эссе жазып келу.

2. Сөздікті жаттау.

3. Мамандықтарына байланысты 5 термин сөзге сөйлем құрап келу.



7. Оқушыларды бағалау.

8. Қорытынды.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ


ОРАЛ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ

«Бекітемін»

директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

_________ Бисалиева Ж.Е.



Ғылымның қоғамдағы рөлі.

Техника ғылымы

Ғылыми стиль. Термин сөздер
АТТЫ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ДАЙЫНДАМАСЫ

Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

оқытушысы: Стамкулова М.Г.

Орал – 2017 ж.


Не білдім?

Не білгім келеді?

Мен үшін жаңалық








Не білдім?

Не білгім келеді?

Мен үшін жаңалық










Не білдім?

Не білгім келеді?

Мен үшін жаңалық










Не білдім?

Не білгім келеді?

Мен үшін жаңалық










Сөздік:

Шығармашылық қызмет – творческая деятельность, жіктеу – деление, жаратылыстану – естествознание, қоғам туралы – об обществе, әлеуметтік – социальный, арнайы – специально, ғылыми таным – научное познание, кезең – период




Сөздік:

Шығармашылық қызмет – творческая деятельность, жіктеу – деление, жаратылыстану – естествознание, қоғам туралы – об обществе, әлеуметтік – социальный, арнайы – специально, ғылыми таным – научное познание, кезең – период



Сөздік:

Шығармашылық қызмет – творческая деятельность, жіктеу – деление, жаратылыстану – естествознание, қоғам туралы – об обществе, әлеуметтік – социальный, арнайы – специально, ғылыми таным – научное познание, кезең – период



Сөздік:

Шығармашылық қызмет – творческая деятельность, жіктеу – деление, жаратылыстану – естествознание, қоғам туралы – об обществе, әлеуметтік – социальный, арнайы – специально, ғылыми таным – научное познание, кезең – период



Сөздік:

Шығармашылық қызмет – творческая деятельность, жіктеу – деление, жаратылыстану – естествознание, қоғам туралы – об обществе, әлеуметтік – социальный, арнайы – специально, ғылыми таным – научное познание, кезең – период



Сөздік:

Шығармашылық қызмет – творческая деятельность, жіктеу – деление, жаратылыстану – естествознание, қоғам туралы – об обществе, әлеуметтік – социальный, арнайы – специально, ғылыми таным – научное познание, кезең – период



Одағай (Междометие)

І. Мағынасына қарай (По значению)

Түрлері (Типы)

Одағайлар (Междометия)

1.Көңіл-күй одағайлары (Эмоциональные)

А) қуанышты білдіретін одағайлар
ә) таңдану, сүйсінуді білдіретін одағайлар
б) өкінішті білдіретін одағайлар


А) алақай, бәрекелді, па шіркін, шіркін, шіркін-ай, пай-пай, ой-һой, ай-һай, т.б.

ә) бәсе, пәле, уа, уай, уау, оу, апыр-ау, оһо, апырай, япырай, ойпырмай, ойпыр-ау, мәссаған, беу, т.б.

б) ойбай, обай-ай, ох, уһ, туу, туһ, ой, алла-ай, о, жаратқан-ай, о, құдай-ай, қап, әттең-ай, әттеген-ай, т.б.

2. Жекіру, ишарат одағайлары (Императивные)

Тәйт, тәй, тек, жә, і-сс


3.Шақыру одағайлары (Призывные)

А) адамға бағытталған (қолдау, уату) одағайлары (обращение к людям)

ә) малға бағытталған одағайлар (обращение к животным).

әй, ай

а) қаз-қаз, тәй-тәй, әуп, әлди-әлди т.б.
ә) ауһау-ауһау, әукім-әукім, құрау-құрау, кә-кә, т.б.

4.Тұрмыс-салт одағайлары (Бытовые)


Ассалаумағалейкум! Уағалейкумассалам! Хош! Рахмет! Кеш жарық! Құп!

ІІ. Тұлғасына қарай (По способу образования)

Түрлері (Типы)

Одағайлар (Междометия)

1.Негізгі (Непроизводные)

Ой, ей, оһ, оһо, аһа, уа, уай, я, е, әй, ә, о, а, пай, беу, жә, тәй, тек, т.б.

2.Туынды (Производные)

Бәрекелді, япырай, япырмай, ой, алла-ай, әттеген-ай, о, тоба, астапралла, т.б.

ІІІ. Құрамына қарай (По составу)

1.Дара (Простые)

А, ә, е, я, ой, ей, әй, уа, пай, оһ, алақай, шіркін, ойбай, тәйт, жә, тек, әйт, т.б.

2.Күрделі (Сложные)

Тәй-тәй, қаз-қаз, әлди-әлди, аухау-аухау, құрау-құрау, т.б.



Одағай (Междометие)

І. Мағынасына қарай (По значению)

Түрлері (Типы)

Одағайлар (Междометия)

1.Көңіл-күй одағайлары (Эмоциональные)

А) қуанышты білдіретін одағайлар
ә) таңдану, сүйсінуді білдіретін одағайлар
б) өкінішті білдіретін одағайлар


А) алақай, бәрекелді, па шіркін, шіркін, шіркін-ай, пай-пай, ой-һой, ай-һай, т.б.

ә) бәсе, пәле, уа, уай, уау, оу, апыр-ау, оһо, апырай, япырай, ойпырмай, ойпыр-ау, мәссаған, беу, т.б.

б) ойбай, обай-ай, ох, уһ, туу, туһ, ой, алла-ай, о, жаратқан-ай, о, құдай-ай, қап, әттең-ай, әттеген-ай, т.б.

2. Жекіру, ишарат одағайлары (Императивные)

Тәйт, тәй, тек, жә, і-сс


3.Шақыру одағайлары (Призывные)

А) адамға бағытталған (қолдау, уату) одағайлары (обращение к людям)

ә) малға бағытталған одағайлар (обращение к животным).

әй, ай

а) қаз-қаз, тәй-тәй, әуп, әлди-әлди т.б.
ә) ауһау-ауһау, әукім-әукім, құрау-құрау, кә-кә, т.б.

4.Тұрмыс-салт одағайлары (Бытовые)


Ассалаумағалейкум! Уағалейкумассалам! Хош! Рахмет! Кеш жарық! Құп!

ІІ. Тұлғасына қарай (По способу образования)

Түрлері (Типы)

Одағайлар (Междометия)

1.Негізгі (Непроизводные)

Ой, ей, оһ, оһо, аһа, уа, уай, я, е, әй, ә, о, а, пай, беу, жә, тәй, тек, т.б.

2.Туынды (Производные)

Бәрекелді, япырай, япырмай, ой, алла-ай, әттеген-ай, о, тоба, астапралла, т.б.

ІІІ. Құрамына қарай (По составу)

1.Дара (Простые)

А, ә, е, я, ой, ей, әй, уа, пай, оһ, алақай, шіркін, ойбай, тәйт, жә, тек, әйт, т.б.

2.Күрделі (Сложные)

Тәй-тәй, қаз-қаз, әлди-әлди, аухау-аухау, құрау-құрау, т.б.

Үй тапсырмасын тексеру. Ереже.

Тілімізде өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер шылау деп аталады. Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Шылаулар: мен (бен, пен), және, да, (де), та (те), ма (ме), ба (бе), па (пе), дейін (шейін), қана (ғана), қой (ғой), үшін, туралы, -ақ, -ау.



1.Төмендегі шылаулады пайдаланып, сөйлем құрастырып жаз.Үшін, пен, па, туралы,

2.Мақалдарды сөздікті пайдаланып, аударыңыздар.

1.Ынтымақты ел ыдырамас. 2.Бейбіт елде береке бар.

3.Бірлігі жоқ ел тозар, 4.Ел үмітін ер ақтар,

Бірлігі күшті ел озар. Ер атағын ел сақтар.



Сөздік: ынтымақ-согласие, ақтар-оправдает, береке-единство, благо, үміт-надежда, тозар-слабеет, ыдырау-распад, сақтау-хранить, бейбіт-миролюбивый, атағын-славу, озар-побеждает.

3. Жаңа сабақ. Алаша хан күмбезі.

Алаша хан күмбезі – Қарағанды облысындағы Қаракеңгір өзенінің оң жағында. Ол – Х – ХІ ғасырларда сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған күмбез.

Шоқан Уәлихановтың айтуынша, Түркістанның бір ханы (Қызыл Арслан) баласы өзгеше туғандықтан, оны ұнатпай “Алаша” деген ат беріп, Сыр бойынан Арқаға жібереді. Аз уақыттың ішінде оның қасына жігіттер жиналып, елде беделі асады. Алаша білімпаз, кемеңгер кісі болғандықтан, оны қадірлеп хан көтереді.

Күмбездің іргесі текше түрінде қаланып, төбесі күмбезделген. Ескерткіштің биіктігі – он метр. Көне заман шеберлері күмбездің әрі әсем, әрі берік болуына ерекше көңіл бөлген.

Оның алды киіз үйдің қос жаппалы есігі сияқты. Күмбездің бір ерекшелігі – оның үстінде екінші қабаты бар. Оған үйдің ішінен жоғары көтерілетін басқыш арқылы шығады.

Алаша ханның атына лайықтап, оның күмбезін алаша – кілемнің түрімен нақыштап шығарған. Әр түсті кірпіштерді қиюластырып қалау арқылы геометриялық бейне жасалған. Олар күмбездің барлық беттерін масаты кілемнің түріне ұқсатып өрнектеген.



Сөздік:

Күмбез-купол Сахаралық- степной

Сәулет өнері- архитектурное искусство Іргесі- основание

Текше (түрінде)- сложить рядами Көне- древний

Заман- эпоха Берік- крепкий

Қос жаппалы- двустворчатый Нақыштау- расписывать

Лайықты- достойно Қиюластыру- совмещение

Қалау- класть, возводить Масаты (кілем)- шелковый (ковер)

өрнектеген- наносил узоры (узорами)

Сұрақтар:


  1. Оқушылар өзіміз тұратын жерімізде осындай тарихи кесенелер бар ма?

  2. Қандай кесенелерді білесіздер?

Ереже: Одағай, оның түрлері.

Адамның алуан түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін сөз табын одағай деп атайды. Одағай сөздерді жеке алғанда лексикалық мағына болмайды. Одағай сөздер шаттану, ренжу, таңырқау, ұнату, шошыну тәрізді көңіл күйін білдіреді, бірақ олардың аты (атауы) болып саналмайды.

Междометие – это часть речи. Междометиями называются неизменяемые слова, служащие для передачи различного рода чуств, эмоций, переживаний, слова – сигналы, побуждающие к действию, а также слова, выражающие общепринятые условности бытовых отношений. Междометия отдельно не имеют лексического значения.

1.Берілген мақалдардағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

1. Білім арзан, білу ... . 2. Жақсыдан үйрен, ... жирен. 3. Ер жігіттің қадірін ағайын білмес, ... білер. 4. Жаманмен егескенше, ... кеңес. 5. Әкеге қарап ұл өсер, ... қарап қыз өсер. 6. Ақылдыға жан қымбат, ... мал қымбат. 7. Арқанның ұзыны, сөздің ... жақсы.



2. Төмендегі зат есімдерді жақшаның ішіндегі лайықты етістікпен тіркестіріп жазыңдар.

Ғылымды (бағамыз, сатамыз, үйренеміз);

Отанды (сүйеміз, көресіңдер, егеміз );

Ата – ананы (тұрады, барады, құрметтеу керек);

Білімді (сыпырамыз, меңгереміз, жинайды).
Орал ақпараттық технологиялар колледжі

Хаттама №11

Орал қаласы

Пәндік бірлестік отырысынан

Төрайымы – Голенок С.Е.

Хатшы – Саматова А.М.

Қатысқандар: 6

Күн тәртібінде:

Орал ақпараттық технологиялар колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Бексариев Нұрберген Сәбитбекұлының «Ғылымның қоғамдағы рөлі. Техника ғылымы. Ғылыми стиль. Термин сөздер.» тақырыбындағы ашық сабағын талқылау.



Сөйлегендер:

Валиева А.К. – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы:

Оқытушының ашық сабағы ұнады. Сабақта көптеген әдістерді қолданған. Оқушылар барынша жақсы қатысып отырды. Жақсы дайындалған. Слайдтарда сабаққа сай жасалған. Ережені оқушылардың өздері жатқа айту керек еді. Мәтінді ықшамдап беру керек еді. Ғалымдар туралы көбірек слайд көрсету керек. Кәсіптік бағдар болу керек. Ашық сабақ мақсатына жетті.



Саматова А.М. – орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы:

Ашық сабақ қызықты өтті. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар белсенді қатысты. Түрлі жаттығу жұмыстары орындалды. Сабақ мақсатына жетті.



Голенок С.Е. – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

Оқытушы ашық сабаққа жақсы дайындалған. Сабақ күрделілеу болды. Сабақ барысында әртүрлі әдістер қолданылды. Оқушылар белсенділігі жетіспеді. Мәтін, жаттығуларды аударып алу керек еді. Түрлі жаттығулар орындап, үлестірмелі материалдар қолданылды.



Стамкулова М.Г. қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы:

Сабақ ұнады. Оқытушы сабақты түрлендіріп өткізді. Әртүрлі әдіс – тәсілдер қолданылды.

Жаңа сабақты жақсы түсіндірді. Жаттығу жұмыстарын орындады. Оқушылар дайындаған материалдарын слайдпен көрсетсе. Сабақ мақсатына жетті.

Кажгереева С.А.– қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы:

Сабақ құрылымы жүйелі құрылған. Оқытушы сабақта әртүрлі әдіс – тәсілдер қолданды.

Жаңа сабақты жақсы түсіндірді. Үлестірмелі материалдар қолданды. Тақтамен жұмыстанды. Слайдтар сабаққа сай. Оқушылардың белсенділіктері орташа болды. Сабақ мақсатына жетті.

Нургалиева Л.Р. - әдіскер:

Ашық сабақтың тақырыбына мақсаттары сай алынған, сабақ жоспары жүйелі құрылған. Оқушылар белсенділігі орташа болды. Рефлексияда жақсы жауап берді. Сабақ материалдары бай. Слайдтарда жақсы дайындаған. Сабақты түрлендіріп өткізді. Сабақ мақсатына жетті.


Шешім қабылданды:

  1. Өткізілген ашық сабақ мақсатына жетті. Оқытушыда ашық сабақты өткізу әдістемесі жүйеленген.

Төрайымы: Егорова О.В.

Хатшы: Саматова А.М.

Орал ақпараттық технологиялар колледжі

Хаттама №

Орал қаласы

Пәндік бірлестік отырысынан

Төрайымы – Егорова О.В.

Хатшы – Саматова А.М.

Қатысқандар: 7

Күн тәртібінде:

Орал ақпараттық технологиялар колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Бексариев Нұрберген Сәбитбекұлының «Астанаға саяхат. Жалғау түрлері» тақырыбындағы ашық сабағын талқылау.



Сөйлегендер: пәндерінің оқытушысы:

Оқытушының ашық сабағы



Валиева А.К. – қазақ тілі мен әдебиеті ұнады. Оқушылар барынша жақсы қатысып отырды. Жақсы дайындалған. Слайдтарда сабаққа сай жасалған. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Түрлі жаттығу жұмыстары орындалды. Ашық сабақ мақсатына жетті.

Голенок С.Е. – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

Оқытушы ашық сабаққа жақсы дайындалған. Сабақ ұнады. Сабақ барысында әртүрлі әдістер қолданылды. Оқушылар қызығып қатысты. Түрлі жаттығулар орындап, үлестірмелі материалдар қолданылды. Сабақ мақсатына жетті.



Егорова О.В. – ПЦК төрайымы, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы:

Сабақ ұнады. Оқытушы сабақты түрлендіріп өткізді. Әртүрлі әдіс – тәсілдер қолданылды.

Жаңа сабақты жақсы түсіндірді. Жаттығу жұмыстарын орындады. Талдау жүргізді. Сабақ мақсатына жетті.

Бисалиева Ж.Е. – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Сабақ құрылымы жүйелі құрылған. Оқытушы сабақта әртүрлі әдіс – тәсілдер қолданды.

Жаңа сабақты жақсы түсіндірді. Үлестірмелі материалдар қолданды. Тақтамен жұмыстанды. Слайдтар сабаққа сай. Сабақ мақсатына жетті.

Мурзагалиева А.З. - әдіскер:

Ашық сабақтың тақырыбына мақсаттары сай алынған, сабақ жоспары жүйелі құрылған. Оқушылар жақсы дайындықпен келген. Сабаққа белсенді қатысты. Сабақ материалдары бай. Слайдтарда жақсы дайындаған. Сабақты түрлендіріп өткізді. Сабақ мақсатына жетті.



Ильясова Ж.Р. – директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары:

Сабақ құрылымы жүйелі құрылған. Оқытушы ашық сабаққа жақсы дайындалған. Оқытушы сабақта әртүрлі әдіс – тәсілдер қолданды. Сабақ уақытында аяқталды. Сабақ материалдары бай. Слайдтарда жақсы дайындаған. Сабақ мақсатына жетті.



Шешім қабылданды:

  1. Өткізілген ашық сабақ мақсатына жетті. Оқытушыда ашық сабақты өткізу әдістемесі жүйеленген.

Төрайымы:/ / Егорова О.В.

Хатшы: / / Саматова А.М.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет