Леуметтік психологиядағы топтар мәселесі Әлеуметтік топтар мынадай топтарға жіктеледі



Дата13.12.2021
өлшемі13,78 Kb.
#125025
Байланысты:
Әлеуметтік 11 тап



Тақырыбы: Әлеуметтік психологиядағы топтар мәселесі
Әлеуметтік топтар мынадай топтарға жіктеледі:

Үлкен топтар ,орта топтар,шағын топтар, микротоптар, ұйымдасқан топтар,ұйымдаспаған топтар,формалды емес (ресми емес) топтар,ресми топтар,әлсіз дамыған топтар,жоғары дамыған топтар, референттік топтар.

Әлеуметтік үлкен топтар – бұл адамдардың қауымдастығы, шағын топтарға қарағанда олар өкілдерінің арасындағы тұрақты әлсіз байланыстарының болуымен ерекшеленеді, бірақ көбіне ұйымшылдығы мен бірлігі кем емес, кейде күшейеді, сондықтан қоғам өміріне тигізетін әсері мол. Үлкен топтарда әлеуметтік мінез – құлық нормалары, қоғамдық және мәдени құндылықтар, дәстүрлер, қоғамдық пікір мен жаппай көңіл күй қалыптасады.

Орта топтар – бұл мекемелер ұйымдар, әскери бөлімдер мен құрамалар, тереториялық қауымдастықтар (бір қаланың, ауданның тұрғындары).

Шағын топтар — іс әрекет мақсаты ортақ құрамындағы адамдар саны шектеулі және тікелей тұлғалық байланыста бірлескен. Соның негізінде топтық тұтастығы туындаған адамдар тобы. Шағын топқа жататындар: отбасы, әскери шағын бөлімшелер, көршілер қауымдастығы, достар компаниясы.

Әлеуметтік – психологиялық зерттеулерде үлкен топтардың сипаттамаларын беруде қиыншылықтарға кездесуге болады. Таптардың, ұлттардың және тағы басқа топтардың психологиялық ерекшелігін зерттеудің жоқтығы көптеген қарама-қайшылықтарға әкеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет