Үлгі №4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балабақшасы, «Ер Төстік» балабақшасы, Қызылорда қаласы Ерте жас тобы



бет7/10
Дата27.05.2020
өлшемі78,41 Kb.
#71373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1539950693 (1)

ЦИКЛОГРАММА (үлгі)

Қызылорда қаласы. №4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балабақшасы

Ерте жас тобы

Өтпелі тақырып «Менің достарым»(ІІ-апта)







Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма







Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу


Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )


07.30-08.00



Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Ата-аналармен жеке әңгімелесу, Жеке балалармен жұмыс, дене қызуы мен

тазалығына көңіл бөлу, жағымды жағдай орнатуға арналған ойындар.






Тақырыбы: «Түстесін тап» дидактикалық ойын

Мақсаты: екі түрлі түстегі дөңгелектерді ажыратып, топтастыруға үйрету.

«Құрастыр»

үстел-үсті ойыны



Мақсаты: конструкторларды бір-біріне үстінен және жанынан біріктіре білуге үйрету.

«Сақинаны кигізу» үстел-үсті ойыны

Мақсаты: сақиналарды тұғырға кигізу арқылы саусақ қимылын, көзбен бағдарлай алуын дамыту.

Тақырыбы:«Бұл не?» дидактикалық ойын

Мақсаты: суреттен ойыншық аңдарды тануға, атауға, дыбысын, жүрісін салуға үйрету.

«Қуыр-қуыр, қуырмаш» саусақ ойыны:

Мақсаты: саусақ қимылын жетілдіру, үлкендерден кейін қайталап айтуға үйрету.




Таңертеңгі гимнастика(5 м)

08.00-08.10


Жаттығулар кешені. (Жан-жақты дамытушы жаттығуы)




Таңғы ас

08.10-08.50

Балаларға ас ішуге көмектесу, қасықты дұрыс ұстауға дағдыландыру, ұқыпты ішуге тәрбиелеу.






Мәдени-

гигиеналық дағдылар

Ұйымдастырыл

ған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық






Астан кейін беті-қолын жуып, сүртінуге дағдыландыру, тазалыққа баулу.

Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті дамытушы орталықтардың (белсенділік орталық) материалдарын, көрнекіліктерін,

дидактикалық ойын материалдарын дайындау


Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері

09.20-10.10

Көркем әдебиет

Тақырыбы:«Ақ қоян қонаққа келді»

(ойын жаттығу)



Мақсаты:әңгімелеу арқылы балалардың тыңдау мәдениетін дамыту, олардың түсіну дағдыларын қалыптастыру,ойын барысында эмоционалды көңіл-күйлерін білдіруге, екі-үш әрекеттен тұратын жеңіл тапсырмаларды есте сақтап, орындауға жетелеу

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: екі-үш әрекеттен тұратын жеңіл тапсырмалардыорындайды;

Түсінеді: ойын барысында эмоционалды көңіл-күйлерін білдіреді
Музыка

Тақырыбы:«Біздің балабақшамыз» (Т.Молдағалиев,

Н.Тілендиев)



Мақсаты: музыка ырғағымен жүре білу, әннің әуені мен сөздерін тыңдау және оларды тану дағдысын қалыптастыру. Музыкаға деген сүйіспеншілігін ояту.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру

Көрнекілік: балабақша туралы суреттер, сылдырмақтар

Ән тыңдау:«Балбөбектер әні»(С.Кәрімбаев)

Музыкалық-ырғақты қимыл:ойын «Балақан да алақан»(Ә.Ысқақов, Ө.Байділдаев)

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: музыка ырғағымен жүре біледі;

Түсінеді: ересектердің орындаған әндерін тыңдайды;


Дене шынықтыру

Мақсаты: 1. Топпен жүру. Тура жолдың бойымен (ені 25-30 см, ұзындығы 2-3 м) ересектің көмегімен жүру.

Қимылды ойын: «Қонжыққа кім тез жетеді»

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Тура жолдың бойымен (ені 25-30 см, ұзындығы 2-3 м) ересектің көмегімен жүруді.

Түсінеді:дене жаттығуларын орындауға ықылас танытады;



Денешынықтыру

Мақсаты: ені 25-30 см, ұзындығы 2-3 м тура жолдың бойымен ересектің көмегімен жүруді, кішкене доптарды алып бір қолымен себетке салуды үйрету

Қимылды ойын: «Қонжыққа кім тез жетеді»

Көрнекілік: Доптар, 2-арқан-3м

Әдіс-тәсілдер:

Көрсету, қайталату, бақылау, бағалау.



Негізгі қимылдар. Тура жолдың бойымен (ені 25-30 см, ұзындығы 2-3 м) ересектің көмегімен жүру.Допты (кішкене доптар) алып бір қолымен себетке салу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет