Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


ТҰНДЫРМАНЫ, ҚАЙНАТПАНЫ, МИКСТУРАНЫ



бет65/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

ТҰНДЫРМАНЫ, ҚАЙНАТПАНЫ, МИКСТУРАНЫ
(қоспалы сұйық дәріні) ҚОЛДАНУ
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрі – дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шай, десерт, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс – әрекет алгоритмі:
1. Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.
2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ертінідінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітінідінң сыртқы түрін бағалаңыз).
3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
4. Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:
-1 шай қасықта – 5мл
1 десерт қасықта – 7,5 – 10мл
1 ас қасықта – 15мл
5. Науқастан дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.
6. Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
ТҰНБАНЫ, ЭКСТРАКТЫЛАРДЫ (ШЫРСӨЛДІ) ҚОЛДАНУ
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәргердің тағайындауы бойынша.
Даярлаңыз: дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды,
зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс – әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшараны мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.


2. Дәрі – дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
3. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ертінідінің сыртқы түрін байқаңыз).
4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.
5. Мензуркаға қажет мөлшердегі дәрілік ерітіндінің тамшысын алыңыз.
6. Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.
7. Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.
8. Қолданылған мензурканы зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет