КОПРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ НӘЖІСТІ АЛУ
Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту мүшелерінің аурулары.
Дайындаңыз: кең мойынды бір рет қолданылатын контейнерді, судноны, шыны қалақшаны, этикетканы жазып контейнерге жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Зерттеу алдында науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
2. 3 күн бұрын зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көкеністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады; Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кеңуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады деп науқасқа мәлімет беріңіз, 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.
3. Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу мақсатқа арналған емдәмді, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге дейін 5 күн қалғанда қолданылады, 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.
4. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.
5. Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:
- нәжісті алар алдында науқас қолғапты киюі қажет;
- ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған контейнерге салып, қақпағын жабады.
6. Науқас қолғапты шешіп контейнерге салады, қолын жуып, құрғатады.
7. Контейнерді нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз. Жолдамада көрсетіңіз (бөлімшені, палата №, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын).
Ескерту:
немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленіп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;
қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |