Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ МҰРЫН-АСҚАЗАН СҮҢГІСІ



бет50/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ МҰРЫН-АСҚАЗАН СҮҢГІСІ
АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтың, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктері, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауруда тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өңеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған, бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, 200 мл құйғыны немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ерітіндісін, қысқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшеріндегі, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа және туыстарына емшараның барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.
2. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.
3. Енгізетін сүңгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз.
4. Қолғапты киіңіз.
5. Фурацилин ерітіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүңгіні белгіге дейін салыңыз (сүңгіні суландыру үшін).
6. Науқасты арқасына жатқызыңыз, басының және мойнының астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.
7. Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.
8. Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүңгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз. Сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтап, жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, сүңгіні белгіленген белгісіне дейін, жұтуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз).
9. 30-40 мл ауаны Жане шприціне сорып алып, оны сүңгіге жалғастырыңыз.
10. Фонендоскоптың басын асқазан аймағы үстіне қойыңыз.
11. Фонендоскоптың бақылауымен ауаны сүңгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).
12. Сүңгіге қысқышты салыңыз немесе тығынмен жабыңыз, шприцті алыңыз. Сүнгінің сыртқы шетін лотокқа салыңыз.
13. Сүңгіні жабысқыш пластырьмен мұрынға немесе бетіне бекітіңіз. Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.
14. Сүлгіден қысқышты (тығынды) алып, құйғыны немесе Жане шприцін поршенсіз сүңгінің бос шетіне жалғастырыңыз, оларды асқазан деңгейіне дейін түсіріңіз.
15. Құйғыны немесе Жане шприцін сәл еңкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғының аузында тамақ қалмағанша.
16. Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.
17. Тамақтандырғаннан кейін сүңгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.
18. Сүңгінің шетіне қысқышты (тығынды) салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүңгінің шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, (немесе оны науқастың киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).
19. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет