Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Ұзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаңыз, түтікті терінің үстінен ораңыз және науқастың терісіне пластырьдің шетін желімдеңіз.
Тесіктің айналасындағы теріні 0,5 % калий перманганат ерітіндісімен суландыру мақта шаригімен тазартыңыз, құрғақ шарикпен мұқият кептірдіңіз.
Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындағы теріге жағыңыз.
Пастаның үстінен «кеішкене ыштан» түрі бойынша кесіліп, залалсыздандырылған салфеткаларды салыңыз (1-салфетканың кесілген жағы төмен, 2-кесілген жағы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы).
Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз. (түтікті шығару үшін)
Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаңыз. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітіңіз.
Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, таңғыш материалдарды қаіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Тануды жасап болған соң түтіктің өткізгіштігіне және асқазанға баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе құйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде залалсыздандырылған ерітінді құйылады. Егер де түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.
VІІ. ҚАРАПАЙЫМ ФИЗИОТЕРАПИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР
СҮЛІКПЕН ЕМДЕУ. ОТТЕГІМЕН ЕМДЕУ
ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ
Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері:
Қолдану көрсетілімдері: қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы, ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәлігінде, невритте, невралгияда.
Достарыңызбен бөлісу: |