Үлгілі оқушыға мінездеме



Дата09.10.2023
өлшемі13,65 Kb.
#184402
Байланысты:
Үлгілі оқушыға мінездеме Али


Үлгілі оқушыға мінездеме
Оқушы туралы мәлімет: Иса Али Асқарұлы 2014 жылы сәуір айының 28 жұлдызында дүниеге келген. Айша 2020 жылы 1 қыркүйектен бастап мектепке қабылданған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.
Әлеуметтік жағдайы жақсы. Толық қамтылған отбасында тұрады. Сырт бейнесі өте тартымды. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу материалын тез қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады, үнемі қосымша ақпарат алып отыруға тырысады, өте жақсы кері байланыс береді. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Негізгі қолы оңқай. Пәндер ішінде математика, бейнелеу, еңбек пәндеріне қызығушылығы мол. Математикалық түсініктері қалыптасқан, 1 - ден 100 - ге дейінгі сандарды тез санай алады. Тек сандарды көбейту және бөлу амалдарын орындауда кейде қиналады. Сабақты себепсіз босатпаған.
Бастауыш сынып оқушыларына арнап өткізілетін көптеген ісшараларға белсенді арасалады. Пән олимпиадаларының жүлдегері атанған. 1-ші сыныпты үздік аяқтаған.
Мінезі тұйық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген секілді жаман қылықтарды көрсетпейді.
Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.
Оның анасы ата-аналар комитетінің мүшесі және мектептің өміріне белсенді араласатын адамдардың қатарына кіреді.

Байқоңыр қаласы ЖББ


№275 орта мектебінің 2 сынып оқушысы

Мектеп директоры Саденова А.Ж.


Сынып жетекшісі Халдарова Г.Е.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет