Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні



бет3/5
Дата05.06.2017
өлшемі1 Mb.
#17586
1   2   3   4   5


Ескерту: ЖБП – жалпы білім беретін пәндер; ЖГП – жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП – әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – жалпы кәсіптік пәндер;АП – арнайы пәндер; БҰАП – білім беру ұйымы анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ – кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру; К – консультация; Ф – факультативтік сабақтар

*Семестр бойынша бөлу мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқа байланысты өзгертіледі.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «____»___________

№_____ бұйрығына 36- қосымша
0106000 - «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары

Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны


Қысқар-тылған пәндер циклы-ның

атауы (коды)



Пәндердің оқыту циклы мен кәсіптік модульдері


Кәсіптік модульдердің бөлімдері мен пәндер атауы


Қалыптасқан

құзы-ретті-ліктердің

коды



ЖБП 00


Жалпы білім беру пәндері

ЖБП 13

Алғашқы әскери дайындық

Әскери қызмет негіздері. Тактикалық дайындық. Оқ атуға дайындық. Қатарға тұру дайындығы. Әскери топография. Азаматтық қорғаныс.




Білімдер:

- Қазақстан Республикасының заңдары мен Конституция талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасын қорғау жөнінде азаматтардың міндеттері мен жауапкершілігін білу;

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері міндетін және оның түрлерін білу;

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери анты талаптарын білу;

- әскери қызметшінің жалпы міндеттерін және әскери тәртіптің мәнін, орындау дағдысын, күндізгі қарауыл мен сақшының міндеттерін білу;

- әскердің соғыстағы міндеттерін, қарсыласты жою тәсілі мен амалдарын білу;

- ату ережесі мен тәсілін және қол гранатасын лақтыруды білу;

- Қазақстан Республикасының экономикасын және халықты қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныстың негізгі шараларын білу;



Іскерліктер:

- горизонт жақтарын, азимут пен оның бағыттарын анықтауды білу;



  • қатардағы бұйрықты, бір орнындағы және қозғалыстағы қатар тәсілдерін дұрыс орындауды білу;

- адамның өмір сүру ортасындағы зиянды факторлар мен қауіпті жағдайларды, олардың сақтану тәсілдерін анықтап бағалай білу;

­- зардаптарды жоя білу, қандай-ақ бір қауіпті жағдайларда өзіне және өзгелерге көмек көрсете білу;

- өмір сүру ортасындағы жағдайларға тез бейімделу үшін қажет психологиялық және физикалық сапаларды білу, сонымен қатар потенциалды қауіпті істерге іштей дайын болу.


  • соғыс алаңында бірінші медициналық жәрдем көрсете білу және төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын жүргізуді білу.




БҚ 6


ЖБП 14

Дене шынықтыру мен ырғақ

Дене шынықтырудың адам өміріндегі, мамандарды дайындаудағы, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ролі. Дене шынықтырудың әлеуметті-биологиялық және психофизиологиялық негіздері.

Спорттық билер, олардың пайда болу тарихы мен дамуы.

Спорттық бидегі ырғақтың түсінігі.

Музыкалық-ырғақтық дағдылар мен шеберліктер. Музыкалық шығармалардың сипаты, оның қарқыны мен динамикалық көріністері. Метроритм, оның мәнерлі мәні мен қозғалыстағы бейнесі.


Білімдер:

- дене шынықтыру негіздерін және салауатты өмір салтын білу;

- халықтық және ырғақты би негіздері туралы;

- әуезді сүйемелдеуімен мәнерлі үйлескен қозғалыс икемділігін меңгеру.



Іскерліктер:

- спорттық-дене шынықтыру іс-әрекеттерді, денсаулықты шынықтыру, өмірлік және кәсіптік мақсаттарға жету үшін, дене шынықтырудағы өз орнын анықтау үшін пайдалана білу;

- өз бетінше қарапайым билер мен би комбинацияларын, әнге сахналау құрастыру.


БҚ 8

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер




ЖГП 01

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі

Қазақ (орыс) тілінің фонетикасы, лексикасы, морфологиясы, синтаксисі. Тілдің дамуы. Мамандық бойынша сөздіктер. Қазақ тілінде іс жүргізу. Кәсіптік-бағдарламалық мәтінді аудару техникасы (сөздікпен). Кәсіптік қатынас.

Сөздің сауаттылығы. Мәнерлеп оқу және шапшаңдылығы. Терминологияны дұрыс таңдап алуы. Құжаттар, олардың рәсімдеуінің әдістері және функциясы. Құжаттама жүйесі.Іс номеклатурасы. Іс қағаздар ұйымы және технологиясы. Қызмет бабындағы құжаттарды әзірлеу және құрастыру. Ресми кеңсе құжаттамасының түрлері, шығатын және кіруші корреспонденцияның тіркеуі.Қызметтік құжаттаманы рәсімдеу, құжат бланкі және қызметтік хаттар. Іскерлік құжаттарды құрастыру.

Реквизиттердің сөздік анықтамалылығы, арнайы терминологияның қолданылуы, дұрыс орналастыру және толтырылуы.





Білімдер:

- кәсіптік бағыттағы қазақ (орыс) тіліндегі мәтінді (сөздікпен) оқу мен аударуға қажет ең аз лексиканы және грамматиканы меңгеру;

-құжаттама жүйесі, құжаттарды дайындаудың әдістері, іс қағаздарын жүргізудің технологиясы және ұйымы;

-ресми кеңсе құжаттамасының түрлері, жіберілетін және кіруші корреспонденцияның тіркелуі;


Іскерліктер:

- қазақ және орыс тілдерінде қарапайым қарым-қатынас жасау дағдысын білу;

- сауатты сөйлеу;

- сөйлеу тілін қалыптастыру;

- әдебиетті жүгірте және мәнерлеп оқу, терминдерді дұрыс қолдану;

- кәсіптік тақырыптарда сөйлесу.

-алған білімдерін іс жүзінде қолдану;

-қызметтік құжаттаманы, құжат бланкі және қызметтік хатты дұрыс рәсімдеу;

-іскерлік құжаттарды сөздік анықтамамен құрастыру,арнайы терминологияны пайдалану, реквизитті дұрыс толтыру;


БҚ 1.-

БҚ 9


ЖГП02

Кәсіптік шет тілі

Орта білім бағдарламасының лексикалық материалы.

Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері. Кәсіптік лексика, фразеологиялық құрылымдар және сөздіктер

Сөздің сауаттылығы.

Оқудың тез және айқындылығы. Терминологияны дұрыс таңдап алуы.

Кәсіптік-бағдарланған мәтіндерді аудару техникасы (сөздікпен). Кәсіптік қатынас.

.


Білімдер:

- кәсіптік бағыттағы шет тілінің мәтінін (сөздікпен) оқуға және аударуға қажет ең аз лексиканы (1200-1400 лексикалық бірлік) және грамматиканы меңгеру;



Іскерліктер:

- шет тіліндегі элементарлық қарым-қатынастарды білу;

- сауатты сөйлеу;

- сөйлеу тілін қалыптастыру;

- әдебиетті жүгірте және мәнерлеп оқу, терминдерді дұрыс қолдану;

- кәсіптік тақырыптарда сөйлесу



БҚ 1.-

БҚ 9


ЖГП.03

Қазақстан тарихы

Негізгі мектеп курсы бойынша жалпы білімі. Қазақ халқының дамуындағы тарихи және мәдени жолы.

Көшпенділер өркениеті. Көшпенділер мемлекетінің пайда болу жолы. Көшпенділердің мәдени рухы. Қазақстанның Россияға қосылған кездегі сонымен қатар Ресей империясының құрамына енген кездегі ішкі саяси жағдайы. Ұлт азаттық қозғалыс және көтеріліс. 20ғ. Басындағы саяси партиялар және ағымдар, мәні. ХХғ. 20-30жж. Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық қоғамдық саяси жағдайы. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы этнодемографиялық жағдай. Коммунистік партия мен комсомол. Қазақ диаспорасының құрылуы. Қазақстанның ҰОС-ғы және соғыстан кейінгі кездегі рөлі. Қазақстандағы 50-80жж. әлеуметтік – экономикалық -қоғамдық саяси жағдайы. Қазақстанның КСРО құлауы және дағдарыс кезіндегі жағдайы. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамдық және саяси өзгерулері.


Білімдері:

-қазақ халқының қалыптасуын, көшпенді өркениетінің пайда болуы;

-Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы;

-Қазақстанның Ресей құрамына кіруі;

-ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. Жоңғар шапқыншыларына қарсы ұлттық тәуелсіздік күрес;

- ХХғ. 20-80 жж. қозғалыстар мен көтерілістер;

-қазақтардың дүние жүзілік құрылтайы;

-1986 жылға Алматыдағы желтоқсан оқиғасы;

-Тамыз көтерілісі және оның күйреуі;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі;



Іскерліктері:

-қысқаша тарихи археологиялық әңгіме құрастыру;

-көшпенділер мал шаруашылығының пайда болу себебін ашу;

-алғашқы мемлекеттік бірлестіктерге мінездеме беру;

-жер аудару саясатының негізгі мақсаттарын анықтау;

-көтерілістерді басып тастаудың себебіне сараптама;

-НЭП, ұжымдастыру маңызын ашу;

-20-30 жылдардағы репрессия мен жер аударуға, этнодемографиялық жағдайға мінездеме беру;

- картамен жұмыс істеу;

-қазақ диаспорасының пайда болу себебін ашу;



- Қазақстанның ҰОС-ғы және соғыстан кейінгі кездегі рөлін ашу.

БҚ 1

БҚ 3


БҚ 6

БҚ 8



ЖГП 04

Дене шынықтыру мен ырғақ

Дене шынықтырудың адам өміріндегі, мамандарды дайындаудағы, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ролі. Дене шынықтырудың әлеуметті-биологиялық және психофизиологиялық негіздері. Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы.

Спорттық билер, олардың пайда болу тарихы мен дамуы.

Спорттық бидегі ырғақтың түсінігі.

Музыкалық-ырғақтық дағдылар мен шеберліктер. Музыкалық шығармалардың сипаты, оның қарқыны мен динамикалық көріністері. Метроритм, оның мәнерлі мәні мен қозғалыстағы бейнесі. Музыка қабылдаудың негізіндегі мәнерлі қозғалыс дағдылары. Бұйымсыз және бұйымдармен гимнастикалық жаттығулар.


Білімдер:

- дене шынықтыру негіздерін және салауатты өмір салтын білу;



Іскерліктер:

- спорттық-дене шынықтыру іс-әрекеттерді, денсаулықты шынықтыру, өмірлік және кәсіптік мақсаттарға жету үшін, дене шынықтырудағы өз орнын анықтау үшін пайдалана білу;

- дене шынықтырудың адамның жалпы мәдени, кәсіптік және әлеуметтік дамуындағы ролі;

- физикалық өзін-өзі жетілдіру дағдыларының болуы.

- музыканы қабылдаудың негізінде бағытпен мәнерлі қозғалу;

- өз бетінше қарапайым билер мен би комбинацияларын құрастыру.



БҚ 1.-

БҚ 9


ӘЭП. 00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер




ӘЭП 01

Мәдениеттану

Қоғам және мәдениет. Мәдениет және өркениет. Мәдениеттің дамуы: дәстүрлер және жаңашылдық. Мәдениет сабақтастығы. Өз халқының, ұлтының мәдени-тарихи құндылықтарын тану, жалпы адамзат мәдениеті жетістіктерімен үйлесуі. Қазақстан мәдениетінің даму кезеңдері (алғашқы өнерден қола дәуіріне дейін). Қазақстандағы орта ғасыр халықтарының көркемдік мәдениеті оның салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және халық өнері. Қазіргі Қазақстан мәдениеті (музыкадан, поэзиядан қолданбалы өнерге, театрға, киноға дейін).




Білімдер:

- ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениеттің ерекшеліктерін, жеке халықтардың, адамзат өмірінің рухани-өнегелі негіздерін;

- отбасылық, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстар мен дәстүрлердің мәдени негіздерін, адам өміріндегі ғылым мен діннің ролі, олардың әлемге әсері.

Іскерліктер:

- эстетикалық құндылықтарды ролі, мәдениет формалары мен түрлері жөнінде, әлемдегі және аймақтардағы негізгі мәдени тарихи орталықтар туралы түсініктерді, Қазақстан халықтарының мәдениетін және оның одан әрі дамуы жөнінде пікір айту.



БҚ 1.-

БҚ 9



ЭӘП 02

Философия негіздері

Философия пәні.

Әлемдік философиялық ойлаудың негізгі көрінісі. Адамның табиғаты және оның тіршілігінің мағынасы. Адам және құдай. Адам, қоғам, өркениет, мәдениет.Тұлғаның бостандық және жауапкершілігі. Адамгершілік таныстыру және қызмет. Ғылым және оның рөлі.Адам баласының тұлға алдындағы жаһандық мәселелері. Қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастар мен нормаларды реттеу болмысыҮрмелі және материалдық құндылықтар, адам, қоғам, өркениет өміріндегі іс-әрекеттер рөлінің ара қатынасы.Қоғам өміріндегі философияның рөлі,әлемнің ғылыми және діни суреті.Философия және оның қоғамдағы ролі. Адамзаттың биологиялық және әлеуметтік бастауы, өмірдің мағынасы.Тұлғаның қалыптасуы, оның бостандығы мен жауапкершлігінің шарты.




Білімдер:

  • - қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарды реттеудің өнегелі ережелері, рухани және материалдық құндылықтардың ара қатынасы, олардың адам өміріндегі, қоғамдағы, өркениетіндегі ролі;

  • - қоғам өміріндегі философияның ролі, әлемнің ғылыми және діни көрінісі туралы;

  • адамдағы биологиялық және әлеуметтік бастаулар туралы, адам өмірінің мәні туралы.

  • - тұлғаны қалыптастырудың жағдайлары, оның бостандығы мен жауапкершілігі туралы.



  • Іскерліктер:

  • - шынайылықтың түрлі құбылыстарының арасындағы байланысты талдау;

- ғылым мен ғылыми танымның ролі, оның құрылымы, формалары мен әдістері туралы дұрыс пайымдау.



БҚ 1.-

БҚ 10.


ӘЭП 03

Әлеуметтану және саясаттану негіздері

Саясаттану пән ретінде.

Әлеуметтану ғылым ретінде.Қоғам бұл әлеуметтік мәдениет жүйесі.Әлеуметтік ортақтықтар.Әлеуметтік және ұлттық этно қатынас.Әлеуметтік процестер, әлеуметтік институттаржәне ұйым.

Тұлғаның әлеуметтік рөлі және мінез-құлқы. Әлеуметтік қозғалыстар.Олардың әлеуметтік жанажалдар тәсілі мен рұқсаты.Саяси билік және өктемді қатынастар.Саяси жүйе. Саяси тәртіптер. Саясаттың субъектілері.Саяси сана. Саяси мәдениет. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Құқықтың саласы.



Білімдер:

  • биліктің мәні, саясаттың субъектілері мен объектілері, саяси қатынастар мен процестер туралы;

  • - саяси жүйелер, саяси тәртіптер туралы, мемлекет туралы;

  • тұлғаның әлеуметтену процесінің ерекшеліктері, қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік стратификациясы туралы, саяси лидерлерді білу;

- құқық салаларының ерекшеліктерін;

- оқу мен жұмыс жүретін саяси ортаның маңызын көре білу.



Іскерліктер:

- категорияларды, терминдерді анықтау, жұмысты ұйымдастыру;

- «Саяси портрет» рефераттарын жазуда қоғамның әлеуметтік институттары туралы алған білімдерін дұрыс пайдалану.



БҚ 3-

БҚ 7


ЭӘП 04

Экономика негіздері

Экономика және оның негiзгi мәселелерi. Микроэкономика. Ресурстар. Нарықтық бағаның құралудың тетiгi. Бәсекелестiк. Фирма қызметiнiң экономикалық негiздерi. Монополияға қарсы реттеу. Тұрғынның мәселелік Дохолысы, әлеуметтiк-экономикалық реттеу. Макроэкономика. Елдiң экономикасының құрылымы. Қаржы. Несие - ақшалай салық жүйе. Инфляциялық процестер. Жұмыссыздық. Экономикалық өсудiң мәселесi. Қазақстандық экономиканың микро және макро экономикалық мәселелерi. Халықаралық еңбек бөлiнiсi. Тауарлар, қызметтер және валюта әлемдiк нарық. Бизнестiң негiзi.




Білімдер:



- микроэкономика мен макроэкономиканы;

  • - экономикалық теорияның, мемлекеттің банк жүйесінің, салық саясатының жалпы ережелерін.



  • Іскерліктер:



- өзінің кәсіби қызметіндегі бағдарға қажетті экономикалық ақпаратты тауып, пайдалану;

- Қазақстандағы, жақын және алыс шетелдердегі экономикалық жағдайлар туралы түсініктің болуы.



БҚ 1.-

БҚ 10.


ӘЭП 05

Құқық негізде

Құқық, ұғым, жүйе, көзде

Республика Конституциясы.Қазақстан - заңға сүйенген жүйенiң өзегi.

Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы.

Кәсiби қызметтiң саласында заңға сүйенген және адамгершiлiк - этникалық нормалар.

Адам мен азаматтың бостандық құқығының тетіктері..

Тұлға,

заңға сүйенген мемлекет. Заңдық жауапкершiлiк және оның түрлерi. Құқықтың негiзгi саласы.



Қылмыстық құқық және мораль.

Нормативтiк - құқықты құжаттар.

Қазақстан Республикасының сот жүйесi. Құқық қорғау органдары.


Білімдер:

- кәсіптік қызметте құқықтық және адамгершілік-этикалық нормаларды білу;

- адам мен азаматтардың құқығы мен еркіндігі, оны іске асыру механизмдерін білу керек.

Іскерліктер:

- қылмыстық құқық және құқықбұзушылық моралі тұрғысынан бағалау;

- моральға қарсы құқыққа қайшы әрекеттер;

- өз білімін өзара байланыста және ретпен пайдалану, мамандардың кәсіптік қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдану.




БҚ 1-

БҚ 7


ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер




ЖКП 01

Педагогика

Педагогиканың жалпы негіздері. Педагогика ойының тарихи

дамуы. Оқыту жүйесі туралы негізгі ұғымдар. ҚР оқыту жүйесі. Оқыту теориясы (оқытудың ұстанымы, әдісі, мазмұны). Қазіргі кездегі тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері. Ұжымның қалыптасуы және оның тұлғаға тигізетін әсері. Ғылыми дүниетанымның қалыптасуы. Адамгершілік тәрбиесі. Еңбек тәрбиесі.Дене шынықтыру тәрбиесі. Экологиялық тәрбие. Эстетикалық тәрбие.Отбасы тәрбиесі. Тәрбие ісінің мазмұнымен әдістемесі. Педагогикалық шеберлік, оның мағынасы. Оқыту процесін басқару. Озат педагогикалық тәжірибе.

- қазіргі заманғы даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының білім концепциясын талдау.



Білімдер:

  • - білім беру саласындағы негізгі заңнамалық актілерді;

  • - қазіргі заман педагогикасының теориялық-әдістемелік негіздерін;

  • - негізгі педагогикалық түсініктер мен терминдерді, оқыту мен тәрбиелеудің теориясын.



Іскерліктер:

- арнайы педагогикалық әдебиетті талдау;

- өз қызметінде педагогика ғылымдарының қазіргі заманғы жетістіктерін пайдалану;

- кешенді әдіс тұрғысынан нақты оқу-тәрбиелік міндеттерді орындау;





БҚ 1-

БҚ 5


КҚ 3.1.11-КҚ 3.1.14


ЖКП 02

Этнопедагогика

Халық педагогикасы-ұжымдық халық шығармашылығының құрам бөлігі. Авиценна, Әл-Фараби,

В.Г.Белинскийй, Н.Г.Чернышевский, К.Д.Ушинский халықтың педагогикалық данышпандығы туралы. Ағартушылық идеялар мен халық педагогикасы. Халықтық педагогиканың мәні, мақсаттары, міндеттері, айырмашылық ерекшеліктері. Халықтық педагогиканың ескерткіштері педагогикалық ақиқаттар жинағы ретінде. Халық ауыз әдебиетіндегі дидактикалық принциптердің бейнеленуі. Мақал-мәтелдер, халық педагогикалық миниатюралар. Ертегілер, дастандар, жырлар-халық өмірінің оқулығы. Халықтық педагогикадағы тәрбиенің мазмұны, әдістері, тәсілдері, құралдары. Жеке адамның қалыптасуы мен ақыл-ой тәрбиесі туралы халықтың көзқарастары. Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесі, жеке адам адамгершілігі туралы халық ұғымы. Халықтың педагогика жүйесіндегі еңбек тәрбиесінің мағынасы. Халықтық педагогика жас ұрпақтың дене тәрбиесінің тәсілдері, нормалары туралы.


Білімдер:

- ғылыми педагогика нормалары бар өнегелілік, руханилық, тәрбиелік туралы халықтық педагогика түсініктерінің жалпылығын;

- қазақ халқы тәрбиесінің ерекшеліктерін, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасының орнын, қазақ отбасындағы музыкалық тәрбиенің әдістерін.

Іскерліктер:

- тәрбие жұмысын диагностикалау, ұйымдастыру және өткізу;

- оқу-тәрбие процесінде білімін, сонымен қатар халықтық педагогика идеяларын шығармашылық түрғыда қолдану, алған теориялық білімін педагогикалық қызметте шеберлікпен қолдану;

- мақал-мәтелдерді халықтық педагогикалық миниатюралар ретінде, ертегілерді, дастандарды, эпостарды халық өмірінің оқулығы ретінде қолдану.




БК 1- БК5

КҚ 3.1.11- 3.1.14



ЖКП 03

Психология

Психология пәні, зерттеу әдістері мен міндеттері. Ми психологиясы. Сана - психикалық бейненің жоғарғы формасы. Іс-әрекет және жеке адам. Топтағы қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынас. Психологиялық танымдық процестер. Эмоционалды еркін процестер мен қалып. Жеке адамның өзіндік ерекшеліктері. Жас ерекшелік психологиясы негіздері. Жас ерекшелік түсінігі. Жас ерекшелік кезеңдерін сипаттау (мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, орта және жоғары мектеп жасындағылар). Педагогикалық психология негіздері. Оқыту процесінің құрылысы, компоненттері, заңдылықтары. Тәрбие психологиясы және оның заңдылықтары туралы түсінік. Педагогикалық қабілет, шеберлік, дағды. Оқу-тәрбие процесіндегі байқау стилі туралы түсінік.




Білімдер:

- негізгі педагогикалық терминдер мен түсінктерді;

- психология пәні, оның міндеттері, салалары, зерттеу әдістері, психологиялық қызмет құрылымын;

- негізгі психологиялық танымдық процестерді;

- олардың жүру заңдылықтары және мәні мен оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуде оларды қолдану шеберлігі;

- әртүрлі жастағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері.



Іскерліктер:

- алған білімдерін практикада қолдану;

- кешенді әдіс тұрғысынан нақты оқу-тәрбиелік міндеттерді орындау;

- балалар ұжымымен және жеке білім алушылармен тәрбие жұмысының міндеттерін, формаларын, әдістерін анықтау;

- халықтық және қазіргі заман педагогикасының идеяларын шығармашылық тұрғыда қолдану;

- психологиялық зерттеудің және диагностиканың әдістерін игеру;



БҚ1-

БҚ 5


КҚ 3.1.11-3.1.14



ЖКП 04

Тәрбие жұмысының

әдістемесі

Заманауи деңгейдегi тәрбиенiң мақсаты және есебi. Тәрбиелiк жұмыстың ортақ әдiстемесі: тәрбие жұмысының әдістемесі, педагогикалық әдiстеме, педагогикалық техника жүйесі, мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.

Тәрбиелiк ұжым ұйымының әдiстемесi. Сынып жетекшісінің әдістемелік жұмысы:тәрбиелiк жұмысты жоспарлаудың негiзгi есебі және функциясы, білім алушыларды зерттеудiң әдiстемесi.

Тұлғаның психологиялық-педагогикалық жас дамуының заңдылық және шақтық кезеңдері.

Білім алушыларға психология –педагогикалық сипаттама.

Мән, есеп, мазмұн, пiшiн және тәрбиенiң әдiстерi.

Қазiргi шарттарда тәрбиенiң психология педагогикалық мәселесі.

Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы.

Тәрбиенiң сұрақтарына арналған ҚР мемлекеттiк құжаттары.

Тәрбие, пiшiннiң баламалы әдiстемелерi, әдiстер, халық тәрбиесiнің қаржысы.

Өздiгiнен даму бойымен жұмысты ұйымдастыру.

Арнаулы педагогикалық және психологиялық әдебиеттiң талдауы.




Білімдер:

- білім алушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемелерін білу;

- тәрбиенің мәні, міндеттері, мазмұны, формалары және әдістері;

- қазіргі заман жағдайындағы тәрбиенің психологиялық-педагогикалық мәселелері;

- педагогикалық қатынастың психологиясын білу;

- тәрбие мәселелері жөніндегі ҚР мемлекеттік құжаттары;

- тәрбиенің альтернативтік әдістері;

- халықтық педагогикада қолданылатын негізгі педагогикалық түсініктерді;

- халықтық тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, негізгі формаларын, әдістерін, құралдарын, факторларын, оқыту мен тәрбиелеу теориясын білу;

- тұлғаның жас ерекшелік дамуының заңдылықтарын және жас аралықтарының психологиялық-педагогикалық сипаттамасын;



Іскерліктер:

- өзін-өзі дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

-арнайы педагогикалық және психологиялық әдебиетті талдау;

-мұғалімдердің тәрбие саласындағы тәжірибелерін бақылау және талдау; негізгі педагогикалық түсініктерді пайдалану; тәрбиенің альтернативті әдістерін, халықтық тәрбиенің формаларын, әдістерін, құралдарын қолдану.




БҚ1 –БҚ5

КҚ 3.1.14



Каталог: images -> ebiblateka -> 1kaz
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды мен бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет