Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет33/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
л
 мен 
р 
дыбыстарының бірлігі белгілі. 
Мысалы, корей 
ат
дегенді 
мал
дейді, 
малдың
дегенді – 
мари
. Ол заманда 
сөйлеу аппараттары еңбек бөліспеген. Тегінде ауыз – тамақ жеу үшін 
жасалған ғой. Қурайдың сыбызғы болуы үшін өспейтіні секілді, ауыз да 
сөйлеу үшін жаратылмаған.Тіл өзіне арналмаған материалды да 
пайдаланған (Кейбір құстың әзір ұяны пайдаланатындығы сияқты). 
Ауыздың қазіргі дәрежеге жетуі табиғаттан емес, адамның өзі үшін еңбек 
етуінен. Тіл дыбыстарының да қазіргі дәрежеге жетуі үшін көп себептер 
керек болған. Арбау, айқайлау, құс шақыру, аң үркіту, қырман басында жел 
шақыру, табиғатты балталау
», – деген пікір айтады. Дыбыстардың пайда 
болу мәселесі жөнінде қазіргі тіл білімінде әртүрлі көзқарастар бар. Әйтсе де 
профессор өзінің ішкі түйсігі арқылы жарыққа шыққан пікірін бүкпесіз айта 
білген. 
Демек, Құдайберген Жұбанов дыбыстардың пайда болуын тек тарихи 
фонетика-фонологиялық құбылыстардың өзгеруімен ғана емес, әлеуметтік-
қоғамдық 
және 
физиологиялық-артикуляциялық 
себептермен 
байланыстырады. Байырғы замандарда сөз, сөйлеу әлі қалыптаспаған кезде 
адамдар бір-бірімен бейвербалды (сигнал, просодикалық тәсілдер) әдістер 
арқылы қарым-қатынаста болған және фонемалардың пайда болуынан бұрын 
бірнеше кезең өткен. Қазақ тілінің фонемалары ұзақ жылдар бойы 
қалыптасып, айырым белгілері сұрыпталып, әртүрлі аллофондарда іске 
асырылатын функционалдық ең шағын лингвистикалық бірлікке айналған.
Құдайберген Жұбанов қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуде 
салыстырмалы-тарихи, типологиялық әдістерді кеңінен пайдаланады және 
көне ескерткіштермен бірге тілдің синхрондық кесігін зерттеу жолын 
көрсетеді, себебі құнды ақпаратты тек жазба деректерден емес, тілдің қазіргі 
қалпынан да алуға болады. Басқаша айтқанда, ататілдің фонетикалық 
жүйесін түзу үшін – бір тілдің синхронды кесігін немесе бірнеше туыстас, 


76 
тектес тілдердің әртүрлі синхрондық кесіктерін зерттеп сипаттау керек. Осы 
жолмен қазіргі түркі тілдерінің белгілі фонологиялық құрылымдарына 
сүйене отырып, ретроспекция арқылы жалпы түркі тілдерінің ататілдік 
моделін құруға болады. Осы жөнінде ғалым: «
Изучение языка в движении, 
развитии делает необходимым условием принцип историзма. Поскольку 
история языка не постигается одним тем, что в состоянии дать 
письменные памятники, то не остается иного пути, кроме использования 
материалов, которые поставляет нам сам живой язык, в силу своей 
природы представляющий собой накопление всей предшествующей историей 
человечества
», – деген пікірі кейінгі зерттеушілер үшін «темірқазық» іспетті. 
Қазіргі және көне түркі тілдеріндегі фонетикалық материалдарды 
салыстырғанда байқалған ерекшелік – ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет