Мысалы, сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.
Төртбұрыш ішіндегі сан – үшбұрыш қабырғаларындағы сандар қосындысының квадратына тең.
3+4+5 = 12, 12 2 = 144, 2+3+4 = 9, 92 = 81, 1+3+2=6, 62 =36.
Жауаыбы: 2
Біздің көбіміз "домино" ойынымен таныспыз. Бұл ойынды екі шаршыдан тұратын тастармен ойнайды. Әрбір тастың бір шаршысында 0-ден 6-ға дейін нүктелер болады.
1953 жылы АҚШ математик-инженері, Оңтүстік Калифорния университетінің профессоры Соломон Голомб математикалық «полимино» ойынын ойлап тапқан. Кейін ресей бағдарламалаушысы Алексей Пажитнов осы ойын негізінде әйгілі «Тетрис» атты компьютерлік ойынын құраған.
Соломон Голомб ойлап тапқан полимино ойынының мағынасы мынадай: Полимино – бұл белгілі шаршылар санының бір объектіге бірігуінен құралған геометриялық фигура. Полимино ойынына негізделген көптеген логикалық басқатырғыш есептер бар.
Біз полиминоның бірнеше мысалдарын көрсетейік:
Мономино Домино Тримино Тетромино Пентомино Гексомино
Мұндағы мономино тек бір ғана шаршы, ал доминоны тек бір ғана түрде құрай аламыз. Тура осылайша троминоны екі түрде құрап бере аламыз:
Достарыңызбен бөлісу: |