Матриархат – (латынша-ана+грекше-билік) әйелдер семьяда, шаруашылық және қоғамдық өмірде басшы рөлде болды.
Медресе – мұсылмандардың орта және жоғарғы оқу орны.
Мезолит – (б.з.д. XII – VIғғ.) палеолит пен неолит арасындағы өтпелі дәір. Мезолит дәуірінде мал қолға үйретіліп, көне құралдар жетілдірілді, жер өңеу кәсібіне бетбұрыс болды.
Мемлекет – қоғамның негізгі саяси жүйесі, ол белгілі бір территорияда азаматтардың, әлеуметтік топтардың өзара қатынас жүйесін, билікті, тәртіпті, бақылауды бекітеді, билік етуші құрылымдар пайдасына ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асырады.
Мемлекеттік дума – 1905ж. 17 қазандағы манифест бекіткен Ресейдегі заң кеңесшілерінің өкілетті органы.
Маньшевизм – Ресейдегі социал – демократтар ағымы. 1903ж. РСДРП-ның II-съезінде құрылған. Қойылған мәселе бойынша аз дауыс алған.
Менталитет– жеке адамдардың және қоғамның тарихи қалыптасқан ойлау жүйесі.
Менрополия – мемлекет. Басып алған отарларына иелік етуші.
Мешіт – мұсылмандардың дінге табынып, құдайға құлшылық ететін орны. Ғимарат.
Миграция– шетелден қоныс аударушы халықтар тобы.
Микролиттер (грекше – кішкентай) – мезолит дәірінде пайда болған пышаққа ұқсас ұсақ зат, пластинка. Микролиттер геометриялық формада болады.
Миллитаризм– (латынша-әскери) саясат. Мемлекеттің әскери қуаты арқылы ішкі және сыртқы мәселелерді шешуге бағыт алуы.
Мобилизация – 1) қарулы күштердің, халық шаруашылығының жалпы мемлекеттің соғыс жағдайына көшірілуі; 2) әскери міндеттілердің жаппай әскер қатарына шақырылуы; 3)тұрғындарды немесе өндірістің бір бөлігін қандай да бір тапсырманы атқаруға бейімдеу.
Мобильді(латынша-қозғалмалы) іс-әрекетке те бейімделу.
Модернизация – саяси жүйенің саны мен байланысты өзгеруі. Көне салт-дәстүрлер қолданыстан шығып, қоғамның жаңа бағытқа бет алуы.
Монархия – басқару жүйесінің түрі, жоғарғы өкімет бір басшының, монархтың билігінде болады.