Қоғамдық-саяси құрылысы. Қазақ қоғамы түрлі әлеуметтік топтар мен таптардан феодалдар мен феодалға тәуелді шаруалардан тұрды. Патриархалдық құлдық өмір сүрді.
Қазақ қоғамында артықшылықтарды пайдаланатын үстем тап өкілдеріне хандар, сұлтандар, байлар, билер, батырлар, дін өкілдері, тархандар жатты. Феодалдарға тәуелді топтарға шаруалар, төлеңгіттер, құлдар, жатақтар жатты.
Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді. Бас қолбасшы ретінде әскер басыларын, түменбасы, мыңбасыларды тағайындады. Соғыс жариялау және бітім мәселелерін шешті. Соғыс жоспарларын тыңдап бекітті. Казақ хандарының өздері тікелей соғыс жағдайьшда басшылық жасап, өздері де ерліктің ересен үлгілерін көрсетті. Хан жайылымдардың бағытын белгіледі. Көшпелі шаруашылықгың жалпы ұйымдастырылуын басқарды. Тәуке ханның тұсында барлық қазақ жүздерінің тайпалары мен руларының көшіл-қону бағыттары толық анықталды деп есептеледі.
Негізгі терминдер: қазақ, этникалық үрдіс, маслихат немесе құрылтай, меритократия, халық жиналысы, хан, сұлтан, билер кеңесі, дуан, баж, қаржы, Үлкен кеңес, Кіші Кеңес, Қарадуан,нурадин, кекеуат тайбуға, ұлан, мырза, қараушы, ел немесе аймақ, шежіре, таңба, ұран, батыр, ақ сүйек (төре, қожа), эндогамия, экзогамия, қара сүйек, құл, төленгіт, ақсақалдар және т.б. СӨЖ тапсырмасы: №1 СӨЖ: Глоссарий. Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.
СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері