Пән: ҚР мемлекет және құқық тарихыКредит саны:___________ Дәріс № 6_____Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________ Дәріс тақырыбы Қазақ әдет-ғұрып құқығыФакультет_____________
Оқытушы __Танатарова З.Л.______________Академиялық жыл__2010-2011_________
Курс 1_________________________Семестр__2________ Дәрістің мақсаты:
Қазақ әдет-ғұрып құқығының ерекшеліктерін көрсету. Жоспары:
1.Қазақ әдет-ғұрып құқығының ерекшеліктері. 2.Қазақ әдет-ғұрып құқығының бастаулары. 3.Меншік құқығы. 4.Міндеткерлік құқық. 5.Отбасы-неке құқығы. 6.Мұрагерлік құқық. 7.Қылмыстық әдет-ғұрып құқығы. 8.Сот және сот ісін жүргізу. 3. Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені "адат" деп атады. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары. Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақгарын реттеп отырды. "Адат" араб тілінде әдет-ғұрып деген ұғымды білдіреді."Адат" өте ерте кезден бастау алып, көптеген өзгерістермен және толықгырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін өмір сүрді. Дегенмен "адаттың" күқықгық институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады.
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады:
1. Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан керінетін консерватизмі.
2. Қазақ әдет-ғұрып кұқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті. Бұл институтгар қазақ қоғамында және оның құқықгық жүйесіңде ерекше орын алды. Қоғамдық пікір бұл институттарды айыптамады.
3. Әдет-ғұрып кұқығы бойынша қылмыстық істер мен азаматтық істердің арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән бере берілмеді.
4. Жерге жеке меншік құқығының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан теңдігі қазақ аристократиясының артықшылығымен ұштастырылды.
5. Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманды сипатта болды.
6. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік сипатта болды.
Меншік кұқығы.
Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттеліп отырды. Азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға және мұраға қалдыра алатын мүлкінің бәрі де жеке меншік заттары болып табылды.
Жерге жеке меншік XIX ғасырға дейін болмады. Жер адат бойынша қауымның меншігі деп есептелді. Кауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды. Шын мәнінде қауымның немесе рудың атынан жерге, жайылымдарға билікті қауым басшысы, ру басшылары сұлтандар, билер жүргізді.
Жерге жеке меншіктің болмау себебі де көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономикалық қатынастарда жатса керек. Орасан зор көлемдегі жайылымдарды меншік иелеріне бөлудің ешқандай мәні болуы мүмкін емес еді.Тек қыстаулар ғана XVIII ғасырда феодалдардың жеке меншігіне көше бастады.
Жерді жеке меншікке бёру Бөкей ордасында (1801 жылы құрылған) болды. Мұнда ханның жарлыгымен оның туыстары мен ірі феодалдарға үлкен мөлшерде жер таратылды.
Адат бойынша жерді сату, сыйға беру, мұраға қалдыру туралы құқықгар ешкімге берілмеді. Жер бүкіл қазақ халқының байлығы деп есептелді.
Жер мен қатар жолдар, өзендер, таулар, аң және балық аулайтын мекендер де қоғамдық меншік болып есептелді.
Жерден табылған қазына-байлық оны кім тапса, соның меншігі болып табылады. Қазақ даласында ескі обалардан қазына байлық іздеген оқиғалар көп болған.