Ұлттық өзіндік сана



Дата14.12.2021
өлшемі14,36 Kb.
#127387
Байланысты:
Ұлттық өзіндік сана конспект
Ұлттық өзіндік сана конспект

Ұлттық өзіндік сана

Адам бойындағы ұлттық өзіндік сана оның тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтікпсихологиялық тұрғыда нақты бір деңгейге жетуі үшін қажетті маңызды өлшемдердің бірі болып табылады. Ұлттық өзіндік сананың дамуы «сана» және «ұлттық өзіндік сана» ұғымдарын анықтаумен тығыз байланысты. Саналы адам ғана өзіндік санаға ие. Өзіндік сана - бұл табиғи бейнені көрсететін сананың ерекше формасы. Психологияда өзіндік сана тұлғаның жеке даралық ерекшеліктерінің көпқырлылығын және оның көптеген қоғамдық байланыстардағы өзіндік мәні мен орнын көрсететін процесс ретінде түсіндіріледі.

Адам сана және өзіндік сана арқылы әртүрлі қарым-қатынас және іс-әрекетке белсенді араласу нәтижесінде тұлға болып қалыптасады. Адам болу - сана ғана емес, сонымен қатар өзіндік санаға да ие болу дегенді білдіреді. Өзіндік сананың жас ерекшеліктері, діни, кәсіби, таптық, ұлттық және басқа да түрлері бар. Әлеуметтік ғылымдарда «ұлттық өзіндік сана», «этникалық өзіндік сана» және «таптық өзіндік сана» терминдері қолданылады. Олар әртүрлі әлеуметтік топтардың мүшелерінің өзіндік сананың ерекшеліктерін, мақсатын және әлеуметтік ортадағы орнын түйсінуін білдіреді. Көптеген авторлар «ұлттық сана» және «ұлттық өзіндік сана» ұғымдарының шекарасын, ара-жігін ажыратудан қашқақтайды. Ұлттық сана - қоғамдық сананың бір формасы, онда қоғамның этникалық өмірі көрініс береді; бұл этникалық процестердің табиғи өзіндік ерекшеліктерін түсінудегі теориялық және қарапайым көзқарастардың жиынтығы. Өзіндік сана арқылы әр ұлт өзінің көпұлтты әлемдегі жалпы, түпкі тектік қызығушылықтары, мақсаты мен мұраты, өзіндік «бет-бейнесін», сонымен қатар өзге ұлттар мен мемлекеттерге деген қатынасын түсінеді. Сол себепті көптеген ғалымдар ұлттық өзіндік сананы халықтың рухани мәдениетінің ұлтттық діңгегі деп пайымдайды.Ұлттық сана теориялық жәнеқалыптыдеңгейде көрініс береді. Ұлттық өзіндік сана ұлттық сананың ядросы ретінде тұтас бір ұлттың, этностық топтардың және жеке тұлғалардың да қызығушылықтарын бейнелейді. Ұлттық өзіндік сана көпұлтты қоғам деңгейінде этникалық өзіндік санамен өзара әрекеттестік үдерісінде пайда болады. Ұлттық өзіндік сана әртүрлі қызмет атқарады:бейімделу, қорғаныш, танымдық, өзін-өзі бақылау, тұрақтылық, жасампаздық, әлеуметтенушілік және жобалаушылық сияқты қызметтер. Ғалымдар арасында халықтың ұлттық өзіндік санасының құрылымын анықтауда қалыптасқан нақтылық жоқ. Халықтың ұлттық өзіндік санасының қалыптасуына мынадай әртүрлі факторлар әсер етеді: ұлттың өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайлары; этникалық орта, этноәлеуметтік жағдайлар; этномәдени салтдәстүрлер, құндылықтар; мемлекеттің экономикалық дамуындағы әлеуметтік идеялар,оның институтары және қарым-қатынастары; саяси сезімдер мен топшылаулар; діни көзқарастар; халықтың көш-қоны;этникааралық белсенді байланыстар; мемлекет және оның институттары, отбасы; білім беру жүйесі ( оқыту және тәрбиелеу); БАҚ , мәдени мекемелер және т.б.

Ұлттық өзіндік сана - бұл тұлғаның өзінің белгілі бір ұлттық қауымдастықтың өкілі екенін түсінуіне, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін дұрыс бағалай алуын реттейтін, сонымен қатар оның тіл, мәдениет, өз қауымдастығының ерекшеліктерін білетін және діни, территориялық, мемлекеттік қоғамдастықтағы ұлттың өткен тарихы туралы өз көзқарастары бар индивидтің тұлғалық дамуының интегративті сипаты. Ұлттық өзіндік сана тұлғаның құндылықты-мәнді негізін құрайтын құрылымдық маңызды компонент деп саналады. Ұлттық өзіндік сана когнитивті, эмоциональды және мінез-құлықтық компоненттердің жиынтығындағы күрделі құрылымға ие. (Л.М.Дробижева, Квитковская В.И., Ондар Л.М.). Әлемде халықтардың өзінің тұрмыс-тіршілігін сақтап қалуына ұмтылу, өз мәдениеттері мен психикалық ойлау қабілеттерінің ерекше екендігін атап көрсетуге, өзінің белгілі бір этносқа жататындығын сезінуге ұмтылу үрдістері белсенді түрде жүріп жатыр. Әртүрлі континенттегі көптеген елдердің халқына қозғау салған бұл құбылыс бүгінгі заманғы этникалық парадокс деген атауға ие болады.

Ұлтаралық қатынастардың дамуы, этникалық қарама-қайшылықтардың шиеленісуі ұлттық сана-сезімнің қалыптасуын зерттеу проблемасын бірінші кезекке шығарады. Аталған проблема ғалымдар мен практиктердің алдына жылдам ауысатын қоғамда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру жолдарын қайта қарастыру міндеттерін қояды.

Ұлттық сана-сезімді этнопсихологиялык тұрғысынан қарастырсак «Ұлттық санасезім» термині бұдан да ауқымы кең түсініктер жүйесімен байланысты. Ұлттық санасезімнің қалыптасу үрдісінде бірқатар жағдайлар қажетті. Бірінші кезекте, әрине, өзін осы немесе өзге бір кейіпте сезінетін ұлттың өзі болуы тиіс. Ұлт дегеніміз өз кезегінде этностың дамуының бір кезеңі. Бұл түсініктер кешенін толығымен игергенде ғана ұлттық сана-сезім деген ұғымды түсінуге болады.



Ұлттың ұлттық сана-сезім мен өзіндік сана-сезімді, ұлттық құндылықтарды, ұлттық мүддені, ұлттық мәдениет пен тілді білдіретін ішкі мазмұнының өмір сүруі мен ұдайы дамып отыруы ұлттың ұзақ өмір сүруінің қайнар көзі болып табылады.

Ұлттық сана-сезім ұлттық сананың ядросы бола отырып, адамдардың өзінің белгілі бір этникалық қоғамдастыққа қатыстылығын сезінуінің нәтижесінде қалыптасады, осы қоғамдастықтың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі алатын орнын түсінуінің нәтижесі болып келеді. Ұлттық сана-сезім этностың жекелеген тобының немесе толық бір ұлттың қызығушылығын көрсетуі мүмкін. Ұлттық сана-сезім көрінісінің негізінде этникалық идентификация (этникалық) феномені жатады, яғни адамның өзін нақты бір этникалық топтың мүшесі ретінде тұрақты түрде қабылдауының қалыптасуы жатады. Ұлттық санасезім идея, көзқарас пен ой-пікір, сезім- эмоция, көңіл-күй арқылы көрінеді және ұлт мүшелері түсініктерінің мазмұнын, деңгейі мен ерекшеліктерін: өзінің белгілі бір идентификациясын, басқа қоғамдастық өкілдерінен айырмашылықтарын,ұлттық құндылықтары мен қызығушылықтарын, ұлт тарихы, оның қазіргі күйі және даму перспективасы, өзінің әлеуметтік-этникалық қоғамдастығының ішкі мемлекеттік, мемлекетаралық және ұлтаралық қатынастардағы орны туралы пікірлерін көрсетеді. Студенттердің ұлттық өзіндік санасын қалыптастыру бұл жоғары оқу орындарының барлық құрылымдық бөлімдеріндегі мақсатты түрде жүйелілік пен тұтастықты белсенділікті қажет ететін студент тұлғасының қалыптасуындағы тәрбие жұмысының, сонымен қатар студенттің өзінің белсенді іс-әрекетін білдіретін кешенді үдеріс.Ұлттық өзіндік сананың іс-әрекеттік компоненті тек шынайы әрекетті ғана қамтымайды, ол сол сияқты адамдардың кәсіби және тұлғалық сферадағы кез келген этносаралық байланысты орнатудағы әрекеттерімен де сабақтасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет