Осы кезеңде қазақ грамматикасын зерттеген орыс ғалымдарының бірі
Н.И.Ильминский «Материалы к изучению киргизского наречия» (1861) атты
еңбегін жазады. Бұл еңбек үш бөлімнен тұрады: фонетика, грамматика, сөздік.
Грамматика бөлімі екі тақырыптан тұрады, олар: «Есім» және «Етістік». Яғни
грамматикадан тек морфология бөлімі ғана бар. Бұл бөлімде сөзжасам мен сөз
түрлендіруге, нақтырақ айтқанда, септелу, көптелу, тәуелдену, көптік формаға
анықтама беріледі. Етістіктер
мен болымсыз формалар, көсемше мен
есімшелер туралы мәліметтер келтіріледі. Ильминскийдің бұл атақты еңбегі өз
кезегінде қазақ тілін үйренушілерге де, зерттеушілерге де құнды материал
болды.
Н.И.Ильминский еңбегінде есімдіктердің мағыналық топтарының ішінде
«жіктеу есімдігінің тәуелдік жалғауы» деп тұңғыш
рет тәуелдік жалғауға
анықтама береді.
«Притяжательные окончания от личной местоимении: для
1-го лица -м, -мыз, 2-го лица -ң, -ңыз, для 3-го -ы, -і, -сы, -сі. Это –
притяжание к одному лицу, притяжание к многим лицам выражается
множественным -лар, которое при этом ставится между именем и
притяжательным окончанием»
дей келіп: әкеміз, әкеңіз, әкесі, әкелеріміз,
әкелерің, әкелеріңіз, әкелері деп мысалдармен нақтылайды.
Сонымен қатар,
бұл формалар есімдерге ғана емес, сұрау және сілтеу есімдіктеріне де
жалғанады дейді. Ал көптік жалғауларын барлық сөздерге жалғана
бермейтіндігін дұрыс аңғарған. Ғалым көптік жалғауларының мына сөздерге
жалғанбайтындығын айтады:
•
үй жануарларына: жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі;
•
ел аттары мен ру атауларына: қазақ, орыс, ногай, әшібек, т.б.
«Все такие слова не употребляются во множественном форме, потому что
выражают идею цельное, принимаемое за неразделимую группу однородных
предметов, тогда мн. форма не употребляется».
Ғалым есімдіктердің барыс септігінде септелуіндегі өзгерістерді де дұрыс
байқаған: маған, саған, оған, бұған, осыған, т.б.
М. Терентьев зат есімнің 2 септелу үлгісін берген:
біріншісі
–
дауыссыз
дыбысқа аяқталған (л,м,н,р дыбыстарынан басқа) есімдер. Мысалы:
Атау септік: атъ;
Ілік септік: аттынъ;
Барыс септік: атка;
Табыс септік: атды.
Екіншісі
–
дауысты және л,м,н,р дыбыстарына аяқталған есімдер. Мысалы:
Атау септік: ата, шеше;
Ілік: атанынъ, шешенинъ;
Барыс: атага, шешеге;
Табыс: атаны, шешени.
Н.И.Ильминский мен белгілі тюрколог П.М.Мелиоранский де көптік
категориясы
Достарыңызбен бөлісу: