М. А. Аужанова а-93 Мал азығын өндіру және дайындау технологиясы. Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 210 бет. «Мал азығын өндіру және дайындау технологиясы»



бет2/2
Дата10.04.2017
өлшемі5,08 Mb.
#13604
1   2

Пән бойынша дәріс тезистері


Дәріс1.Тақырып: Мал азығын өндіру мал азықтық дақылдарының жоғарғы және тұракты өнім алу үшін теориялық, практикалық тәсілдері, зерттеп дайындайтын ғылыми пән өсімдіктері.

Мал азығын өндіру саласының стратегиялық мақсаттары.

а) Мал шаруашылығын жайылым және мал қорада тұратын кезеңде бағалы мал азығымен қамтамасыз ету негізінде Қазақстан Республикасының халқын мал шаруашылығынан алынатын тағамдармен толық қамтамасыз ету және жоғары сапалы әлемдік стандартка сәйкес және ішкі мен сыртқы нарықтық бәсекелестікке бейімделген мал шаруашылық өнімдерін экспортқа шығаратын елге айналдыру;

б)Мал шаруашылығының өнім деңгейін арттыру және өзіндік құны төмен жоғары сапалы, ішкі мен сыртқы нарықтық бәсекелестікке беймделген мал шаруашылық тағамдарын алуды қамтамасыз ету.

Мал азығын өндіру ауыл шаруашылық саласы ретінде

Шалғын шаруашылығы. Негізгі мақсаты:

-Табиғи мал азықтық жерлерден

-Шабындық пен жайылымдардан бағалы жем-шөп дайындап алу.

Мақсатты шешудің негізгі жолдары:

- Табиғи мал азықтық жерлерді жақсарту;

-Шабындық пен жайылымды тиімді пайдалану;



Егістікте мал азығын өндіру. Негізгі мақсаты:Мал азықты және танапты ауыспалы егіс жүйесінде танаптан бағалы жем-шөп дайындап алу.

Мақсатты шешудің негізгі жолдары:

- Шаруашылық жағдайына сәйкес пішен, пішендеме, сүрлем,жем-азык, витаминді шөп ұның және т.б. дайындау үшін потенциалды жоғары өнім деңгейін қалыптастыратын дақылдар мен сорттарды тандап алу;

- Мал азықтық дақылдарды қарқынды өсіру технологияларын қолдану;

-прогрессивті технологияларды қолдану;

- Мал азықты дақылдардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру.



Мал азығын өндіру ғылыми және оқу пән ретінде

1).Шалғын шаруашылығы

Негізгі мақсаты:Оқып үйрену:



  • Шабындық пен жайылым өсімдіктердің тіршілік формаларын;

  • Табиғи мал азықтық жерлердің

фитоценоз құрамын,

- өсімдіктердің биологиясы мен морфологиясын;

- Мал азықтық жерлердің жіктеуін;

- Мал азықтық жерлерді жақсарту жүйесін;



  • Шабындық пен жайылымды тиімді пайдалану.

2).Егістікте мал азығын өндіру

Негізгі мақсаты:Оқып үйрену:

- Өсімдік пен жем-шөптің қоректілігін бағалау;


  • морфология, биология және жем-шөп пен тұқымға

  • өсіру технологиясын:

а) сүрлем дақылдар;

б) копжылдық және біржылдық бұршақ және астық

тұқымдас шөптер;

в)тамыржемістілер және бақша дақылдар;

г) аз тараған (дәстүрлі емес ) дақылдар мен өсімдіктер.

- жем-шөпті консірвілеудің прогресивті технологиялары;

- селекция и интродукция кормовых растений;

- система семеноводства кормовых трав.



2. Мал азығын өндіру саласына үлкен үлес еңгізген ғылыми мекемелер мен ғалымдар.

Мал азығын өндіру, оның ішінде шалғын және шабындық шаруашылығы бар, әдістеме орталығы және жетекші ҒЗИ болып 1922 жылы В.Р.Вильямс пен А.М. Дмитриев құрған В.Р.Вильямс атындағы БҒЗИ табылып келеді.

В.Р Вильямс пен А.М.Дмитриевтің кезінде істеген көптеген ғалымдар шалғын шаруашылығының ірі мамандары болып шықты. Соның ішінде орыс ғалымдары: В.Р. Вильямс, А.М. Дмитриев, В.Н. Сукачев, И.В. Ларин, Л.Г. Раменский және т.б. Шөп егу және мал азығын өндіру жөнінен М.И. Тарковский, П.А. Сергеев, И.С. Травин, А.А. Щибря, М.Ф. Гладких, С.С. Шаин, М.П. Елсуков, М.Н. Смирнов, А.С. Митрофанов, М.А. Филимонов, жем-шөпті консірвілеу бойынша А.А. Зубрилин, С.Я. Зафрен және т.б. Олардың жұмыстарын келешекте оқытушылары Г.П. Кутузов, Н.С. Каравянский, Н.Н. Третьяков, В.Г. Игловиков, А.А. Кутузова, Д.В. Якушев, Ю.К. Новоселов, А.С. Новоселова және т.б. жалғастырды.

Қазақстан Республикасында мал азығын өндіру және шалғын мен жайылым шаруашылығын зерттеуді 1949 жылы мамыр айында ұйымдастырылған В.Р Вильямс атындағы мал азығын өндіру және жайылым шаруашылығы Қазақ ғылыми –зерттеу институтының ғалымдары жүргізді, казіргі уақыттада институт ғалымдарымен табиғи мал азықтық жерлерді жіктеу, мал азықтық дақылдардың селекциясы мен интродукциясы, табиғи мал азықтық жерлерді жақсату сұрақтары бойынша коптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар мал азығын өндіру бойынша өткен ғасырдың 30-90-шы жылдары Қазақ егіншілік ҒЗИ, Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ(п. Шортанды), Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы ҒЗИ (п. Бишкуль), басқа ауыл шаруашылық ҒЗИ және тәжірибе станциялары, Республикамыздың жоғарғы оқу орындары: Целиноград ауылшаруашылық институты (С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті) және т.б.

Республикамыздың мал азығын өндіру саласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп елімізге еңбеғын сінірген келесі ғалымдарды атап кетуге болады: К.К. Курманов , В.И. Матвеев, К.Д. Постоялков, А.М. Свешников, Д.И. Зыков, В.И. Кирюшин, В.Т. Нагорный, В.А. Кудрявцев, С.Н. Прянишников, А.Д. Волкова, Г.Л. Юмагулов, А.Ф. Мельник, Ю.Д. Зыков, Г.М. Часовитина, А.М. Голубев, А.В. Русакова, К.А. Асанов, Бекмухамедовы Э.Л. и Н.З., Скоблины Г.С. и В.И., Копытин И.П., Е.А. Береснев, В.И. Искаков, П.К. Величко, К. Кусаинов, Э.М. Гармс және т.б.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.

Өзіндік тексеру сұрақтары

1. Жем-шөппен қамтамасыз етілуі?

2.Малдардың өнімділігі және мал шаруашылық өнімдерінің бәсекеллікке бейімделігі?

3. ҚР ЖКӨ-ға (ВТО) кіру алдында бұл мәселені шешудің негізгі жолдары қандай?

2-3 Дәріс

Мал азықтары және оларды бағалау әдістемесі

1. Мал азығының химиялық кұрамы және биологиялық құндылығы

2. Жем-шөпті қоректілігі бойынша багалау және олардың қорытылуы.

Өсімдіктер мал азығының негізгі көздері - егістікте жэне шалғындықта мал азығын өндіру, бірақ орманды-дала және далалы аймақтарда көп жыртылған жер көлеміне байланысты егістікте азық өндіру мал шаруашылығына 70%-ға дейін барлық мал азығын береді, бұл көрсеткіш құрғақ далалы аймақтарда 50-60%-ға дейін, шөл және шөлейт аймақтарда 20-30%-ға дейін төмендейді. Егістікте дәнді жем-шөп дақылдар, сүрлем дақылдар, көпжылдық және біржылдық шөптер, пішен, пішендеме, құрама жем, дәруменді шөп ұнының шикізатын алу үшін өсіріледі.

Ең жақсы құрама жем дәнді жем-шөптерден арпа, сұлы, жүгері және дәнді бұршақ және т.б. дақылдардан дайындалады.

Мал азығының химиялық құрамы және биологиялық құндылығы

Мал әр түрлі азықпен азықтандырылады, олардың құндылығы және биологиялық бағалығы құрамына кіретін химиялық заттармен анықталады.

Малдар мен өсімдіктер ағзаның негізгі құрамына көміртегі, сутегі, азот және химиялық элементтер - фосфор, кальций, күкірт, хлор, фтор, темір, магний кіреді.

Осы химиялық элементтер бір-бірімен қосылып, мал және өсімдік ағзасында әр түрлі органикалық және бейорганикалық заттарды құрайды.



Бейорганикалық заттар. Бұл топқа су және минералды тұздар кіреді.

Су барлық мал азық түрлерінің құрамында 5-95 % мөлшерінде болады. Әсіресе, тамыржемістілерде, көк балаусада, азық-түлік өндірісінің қалдықтарында, қыспақтарда, мезгада көп болады.

Су мөлшерін үлгіге алынған жадығат (химиялық реакция үшін алынғанжем-шөпүлгісініңнақты мөлшері) 100-105С температурада тұрақты салмағына дейін кептіре отырып анықтайды.

Мал және өсімдік ағзасында су маңызды физиологиялық қызмет атқарады. Су қоректік заттарды ағзасының бір жақ бөлігінен екінші жағына тасымалдайды, ас қорытуға қатынасады, зат алмасу заттарын шығарады, дененің температурасын реттейді. Мал азығының су мөлшері неғұрлым көп болса, соғұрлым оның қоректілігі және құндылығы аз болады.

Минералды заттарды мал азығы үлгісін күл болғанға дейін жаға отырып анықтайды. Күлде кальций, натрий, калий, магний, темір қоспалары көп. Күкірт пен фосфор ақуыз молекулаларының құрамына кіреді. Бұл заттар, әсіресе, кальций, фосфор малдардың қаңқа сүйегіне, өсуіне, заттардың қалыпты алмасуына, ұрықтылығына және өнімділігіне аса қажет. Тұздар мен Д дәрумені жетіспегенде жас төлдер мешел (рахит) ауруымен ауырады, ал ірі қара малдарда заттардың алмасу процесі өзгереді, ұрық дұрыс жетілмейді.

Негізінен, мал азығы минералды заттарға бай. Мысалы, 1 кг сүйек ұнында 51 г кальций және 32,1 г фосфор болады, балық ұнында 60,6 г жэне 32 г сәйкес.

Өсімдіктерде мал азығының күл заттары аз (5%) және олар оның құрамында бір қалыпты үлестірілмеген. Олар өсімдіктің дән, тамыржемістілердің, түйнектеріне қарағанда жапырақ пен сабақтарында көп. Дәнде минералды заттар, көбінесе, қабығында жиналған, сондықтан ұнға қарағанда кебек күл заттарына бай. Астық дақылдарына қарағанда асбұршақта, жоңышқада, сиыржоңышқада, майбұршақта жэне т.б. бұршақ дақылдарда минералды заттар,оның ішінде кальций өте көп.

Органикалық заттар. Бұл топқа азотты, азотсыз заттар және дәрумендер кіреді. Азотты заттар немесе шикі протеиннің кұрамына ақуыз және амид жатады. Азотты заттардың жалпы мөлшерін, мал азығының азот мөлшерін 6,25 коэффициентіне көбейте отырыпанықтайды. Бұл коэффициент азотты заттардағы азоттың мөлшерін (%) анықтайды.

Көк балауса, сүрлем, тамыр, түйнек жемісті өсімдіктер амидтер-ферменттер және бактериялар арқылы синтезделетін немесе ақуыз бөлінген уақытта құралатын аралас заттарға бай. Қазіргі уақытта анықталған ақуыз азотты заттардың 70% биологиялық құндылығы жоғары заттардан - аминқышқылдардан тұрады.

Амидтер күйіс қайырушы малдардың асқазан - ішек жолындағы бірсыпыра бактериялардың тағамы болып табылады.

Мал азығының ақуызы маңызды алмастырылмайтын амин-қышқылдырының бар болуына байланысты толық жарамды және толық жарамсыз болады. Алмастырылмайтын аминқышқылдарына лизин, триптофан, лейцин және т.б. жатады. Олар мал ағзасында жиналуы мүмкін емес және жем-шөппен алыну керек, себебі олар жетіспеген жағдайда заттардың алмасуы бұзылады, өнімділікті төмендетеді, жас малдардың өсуі тоқталады.

Ағзада ақуыз толығып жетіліп отыруы керек, себебі оны басқа қоректік заттармен алмастыруға болмайды. Ақуыз - құрылыс зат. Ол мал ағзасындағы барлық мүше мен ұлпа құрамына кіреді. Барлық тіршілік процестері ақуыз алмасуымен байланысты.

Азотсыз экстрактивті заттарға (АЭЗ) майлар мен көмірсулар жатады.

Майлы дақылдардың тұқымдары мен оларды өңдегеннен кейінгі қалдықтарын (күнжара) қоспағанда майлар малазықтық дақылдарда аз мөлшерде (0,1-6%) болады. Майлар жасушаның алмасуына қатысады және ағзаның негізгі энергия көзі болып табылады.

Көмірсулар барлық малазықтық өсімдік құрамына кіреді. Көмірсулар жасұнық пен азотсыз экстрактивті заттардан түзіледі, олардың ішінде таңдаулылары суда еритін көмірсулар (қанттар) және суда ерімейтін (крахмал) бар. Көмірсулы жем-шөп мал ағзасында майлар, көмірсу заттарды (гликоген, қан қанты) құрайды. Химиялық реакция нәтижесінде көмірсулардан жылу энергиясы пайда болады жэне сол энергия қозғалыс пен жұмыс істегенде жұмсалады. Сондықтан жұмыс аттарына сұлы беріледі, себебі онда барлық құрғақ заттан 60%-на дейін крахмал болады.

Крахмал дәнді-астық дақылдардың тұқымдарында, картоп түйнектерінде, жер алмұртында болады. Сабақтар мен жапырақтарда өте аз 2% дейін. Мал ағзасында крахмалды гликоген анық көрінеді, ол бауырға жиналып, жинақталған заттар болып қызмет етеді. Қант қызылшасында 24 %-ке дейін, жүгеріде және ақ жүгері (шай жүгері) сабақтарында, бақша дақылдарында, сүтте 3-5% көп.

Жасұнық - өсімдік жасушасының қабығының негізгі бөлігі. Оның ағзада қорытылуы қиын және сіңімділігі нашар.

Жасұнықтың көп мөлшері мал азығының құндылығын төмендетеді. Әсіресе, құнарсыз мал азығы жасұныққа бай: дәнді астық дақылдардың сабанында - 35-45%, пішенде 22-33%. Дәнді астық дақылдардың дәнінде аз - 2-10%, картопта және тамыржемістілерде - 0,8-1,7%.

Өсімдік неғұрлым жас болса, соғүрлым оның құрамында жасұнық аз. Гүлдеуге дейін шабылған шөптен гүлдеп болғаннан кейін шабылған шөптің жасұнығы екі есе көп болады. Сондықтан тұрып қалған шөптен жасалған пішен ірі қара малдар ағзасында нашар қорытылады және қоректілігі төменділігімен ерекшеленеді.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын жэне жайылым шаруашылығы. Астана 2006.



Өзіндік тексеру сұрақтары

1Мал организмінде органикалық емес заттар қандай рөлатқарады

2Әр түрлі мал түрлерінің химиялық заттар қоректіліккөрсеткіштері қандай?

3Азықтық және азықтық-протеинбірлік өлшемі туралы тусінік



4Азықтық өлшем сіңімді протеинмен қамтамасыз етілудегеніміз не және оны есептеу әдестемесі?

4-5 Дәріс

Шалғын шаруашылығының биологиялық және экологиялық негіздері


  1. Жайылым және шабындық өсімдіктерінің тіршілік нысандары және олардың маңызы.

  2. Шабындық пен жайылымдардың негізгі мал азықтық өсімдіктері.

Жайылым және шабындық өсімдіктерінің тіршілік нысандары және олардың маңызы.

Белгілі бір топырақ, климат және тұрақты табиғи іріктелу негізінде табиғи мал азықтық жерлерде морфологиялық және биологиялық айырмашылықтары бар, нақты жағдайларға бейімделген тіршілік формалары пайда болды.

Барлық өсімдіктерді жалпы мал азықтық сипаттама беру үшін сыртқы ерекшеліктеріне байланысты жіктейді, сонымен қатар белгілі дәрежеде олардың сыртқы эволюциялық формасын анықтайды.

Барлық өсімдік формаларынан Қазақстанның мал азығын өндіруінде практикалық маңызы бар келесі топтар: жайылымда және шабындықта негізгі өсімдіктерді құрайтын көпжылдық және біржылдық шөптер, сонымен қатар шөл аймақта мал азықтық маңызы барлар: бұтақтар, жартылай бұтақтар, және жартылай бұтақшалар. Тіршілік формалар: бұтақтар және бұтақшалар, жартылай бұтақтар және жартылай бұтақшалар

Көп жылдық шөптер.

Вегетация фазалары. Шөптесін өсімдіктерде және жартылай бұтақтарда тіршілігінің бірінші жылында вегетациялық кезеңдері жалпы белгілі біржылдық өсімдіктердей өтеді, ал екінші және одан кейінгі тіршілік жылдары келесі негізгі фазаларға бөлінеді: көктемгі қайта жандануы, ерте көктемгі және көктемгі толық түптену, түтікке шығу (астық тұқымдастар және қияқөлеңдер), бұтақтану (бұршақ тұқымдастар және әртүрлі шөптер), масақтану (бүрлену), гүлдену, жеміс беру, жаздық тыныштық күйі, бастапқы және толық жазғы - күзгі түптену, қысқа кету алдындағы жағдай, қыстық тыныштық күйі.

Көктемгі өсуі әртүрлі дақылдарда орташа тәуліктік температура 3-5° С-тан асқанда басталады. Қазақстанның дала және орманды-дала аймақтарында шөптердің қайта жандануы көктемгі метеорологиялық жағдайларға байланысты 5-8 тәулік ауытқуымен сәуір айының ортасында басталады.

Қайта жандануы басталғаннан бастап 15-20 тәулік өткеннен кейін өсімдіктер 8-10 см биіктікке бойлап, одан толық түптену фазасына ауысады-өткен жылғы өсімдіктерден өркендердің қайта өсуі және түптену аумағынан жаңа өркендер пайда болуы байқалады.

Сабақтану кезеңі-түтікке шығу және бұтақтану кезеңінде шөптер өркендерінің тәулігіне 2-5 см дейін қарқынды өсуі байқалады.

Масақтану кезеңінде (шашақтану) астық тұқымдастарында және қияқөлең тұқымдастарында жапырақ қынабының жоғарғы бөлігінен гүл шоғырына шығу және гүлденудің басталуына дейін басталады, бұршақ тұқымдастар және әртүрлі шөптерде гүл шоғырының қалыптасуынан бастап, гүлденудің басына дейін.



Шөптердің гүлдену фазасы орташа 9-10 тәулікте өтеді, ал бұршақ тұқымдастар мен әртүрлі шөптерде 25-30 тәулікке созылуы мүмкін.

Гүлдену фазасынан кейін жеміс байлану фазасы келеді, ол тұқым байланғаннан олардың пісуіне дейін 10-15 тәулік бойы созылады, ал тұқым толық піскеннен кейін өркендердің солу кезеңі басталады. Климат және метеорологиялық жағдайға байланысты әртүрлішөптерде бұл фаза біркелкі өтпейді: құрғақ далалық аймақта және жазда жаңбыр болмаған жағдайда шөптер барлық кезеңдерді өтіп, жаздың ортасында сола бастайды, орманды аймақта күзге дейін жасыл күйін сақтайды. Далалы аймақта кейбір шөптер күзге дейін көк күйінде сақталады, мысалға, қылтықсыз арпабас және әсіресе төменгі белдеулі өсімдіктер, бетеге т.б.

Биологиялық және морфологиялық белгілеріне байланысты өсімдіктер типі. Барлық мал азықтық дақылдар негізгі 4 топқа бөлінеді: а) қоңырбас (астық) тұқымдастар, б) бұршақ тұқымдастар, в) әртүрлі шөптер, г) қияқөлең тұқымдастар. Топтар ішінде топтастыру келесі негізгі биологиялық және морфологиялық белгілер бойынша жүргізіледі:

  1. Вегетациялық кезеңінде даму процесінің жүруі.

  2. Көп жылдық өсімдіктердің көбею және қайта жандану әдістері.

3. Өсімдіктердің тіршілік ұзақтығы (өнімді және биологиялық ұзақтығы).

4. Өсімдіктердің қоршаған орта факторларына қатысы (суға, топыраққа, жарыққа, ауа температурасына, қысқа төзімділігіне, топырақ құнарлығына).

5. Мал азықтық құндылығы, алшынкөктігі, вегетация кезеңіне байланысты шабылуы және желінуі.

6. Өркендерінің пайда болуы және түптену түрі.

7. Жапырақ орналасу түрі.

8. Тамыр жүйесінің орналасу тереңдігі.

Вегетация кезеңіндегі дамуына байланысты өсімдіктердің типі. Көпжылдық шөптер вегетациялық кезеңнің ұзақтығына байланысты 4 топқа бөлінеді: өте ерте пісетін, ерте пісетін, орташа және кеш пісетіндер.

Мал азықтық шөптердің тіршілік ұзақтығы. Мал азықтық шөптер тіршілік ұзақтығы бойынша 5 топқа бөлінеді: біржылдықтар, екіжылдықтар, тіршілік ұзақтығы аз (4-жылға дейін), тіршілік ұзақтығы орташа (5-7 жылға дейін) және тіршілік ұзақтығы ұзақ (7 жылдан жоғары)

Мал азықтық шөптердің қоршаған орта факторларына қатынасы. Өсімдіктер және оларды қоршайтын ортамен тығыз байланыс бар, себебі олардың дамуы, тіршілік циклдарының өтуі тек қана тұқым қуалаушылық қасиетіне байланысты емес, топырақ, климат, метеорологиялық жағдайларына да байланысты, ал Қазақстан жағдайында барлық факторлардың ішінде ең маңыздысы ылғалдану жағдайы.

Шөптер қоршаған ортаға үлкен әсер етеді, мысалы, топыраққа, оның құнарлығын арттырады (органикалық заттар жинақтау, оның құрылысын жасау, микрофлорасын дамыту, химиялық құрамын жақсарту).

Ормандарда аймақтың климаттық жағдайына желдің жылдамдығын бәсеңдету, қар тоқтату, көктемде қардың еруін баяулату және т.б. арқылы үлкен әсер етеді.

Өсімдіктердің өсіп-дамуын, қоршаған орта факторлары: су, жылу, жарық, ауа анықтайды.

Су мал азықтық шөптердің тіршілігіне және қалыптасуында маңызды рөл атқарады, оны өсімдіктер топырақтан алады, онда ол жауын ретінде, қар ерігенде, топырақ және жер асты сулармен түседі, оның ішінде көптеген жағдайда ең маңыздысы атмосфералық жауын-шашын.



Көптеген мал азықтық шөптердің жылуға қоятын талабы жоғары емес: тұқымдары 1-2°С өне бастайды, ал өсіп-дамуының оңтайлы температуралары 15-тен 30°С дейін, ал қажетті белсенді температура жиынтығы шабылмалы пісу кезеңіне дейін 700°-тан 900°дейін, тұқымның пісуіне дейін орташа 1200°-тан 1400° дейін. Жалпы айтқанда, Қазақстан жағдайында мал азықтық шөптерге жылу лимиттік факторға жатпайды, лимиттік фактор - ылғал.

Жарық режиміне қатынасы бойынша көпжылдық шөптердің шығу тегі қоңыржай ендіктеріне жататын және ұзын жарық күннің өсімдігі. Ауа өсімдіктерге тыныс алуға және фотосинтезге қажет. Жел арқылы көптеген өсімдіктер - анемофилдер тозаңданады, оларға барлық астық тұқымдастар мен қияқөлендер жатады.



Ауаның қозғалысы - жел өсімдіктердің транспирациясына да әсер етеді, ол бір уақыттылық ауа қуаңшылығында өсімдіктерді қажетті мөлшерде ылғалмен қамтамасыз етілуіне бөгет жасайды және соның әсерінен - жапырақ түседі, фотосинтез процессі төмендейді, ал ыстық желде, далалы және шөлейт аймақтарда жиі болып тұратын - өсімдіктер опат болады.

Барлық мал азықтық шөптер ылғалға қатынасы бойынша 3 экологиялық типке бөлінеді: мезофиттер, ксерофиттер және гигрофиттер.

Мезофиттер - орташа ылғалдану жағдайында өсетін өсімдіктер, олардың өсіп-дамуына қолайлы жағдайлары топырақтың ылғалдануы ТДЫ-нан 75-80 % болғанда.

Мезофиттерге көптеген мал азықтық шөптер және егістікте себілетін шөптердің бәрі жатады: жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, мүйізді лядвенец, еркекшөп, қылтықсыз арпабас, бидайық, шалғындық атқонақ, кәдімгі тарғақшөп, шалғындық бетеге, биік үйбидайық, беде және т.б.



Ксерофиттер - қуаңшылық жерлерде өсетін өсімдіктер, ылғал аз жерлерде өседі, топырақ және ауа қуаңшылығын көтеру қабілеті бар. Оларда тамыр жүйесі күшті дамыған, транспирациясы бәсеңдеу, әсіресе ыстық сағаттары, тамыр жүйесінің клеткаларында осмос қысымы өте жоғары, ол топырақта ылғал аз болған жағдайда топырақ ерітіндісін соруға мүмкіншілік береді.

Ксерофиттерде кішкентай, жіңішке жапырақтары бар, кейбірде жапырақтар саны аз және жетілмеген. Бұл өсімдіктердің жасушалары ұсақ, тығыз жинақталған, жасуша арасы нашар дамыған, бірақта механикалық ұлпалары (тканьдер) жақсы дамыған, өткізгіш шоқтары өте көп. Сондықтан осы топтың көптеген өсімдіктерінің мал азықтық құндылығы - жоғары емес. Ксерофиттік - типтік өсімдіктер болып құрғақ дала, шөлейт және шөл аймақтарының өсімдіктері саналады: селеулер, бетеге (типчак), жусандар (ақ, сүр), жүзгін, түйе тікені, сексеул және т.б.



Гигрофиттер - ылғалды шалғындарда, батпақ жерлерде, өзен бойларында, ылғалды аудандардың орманында өсетін кең жапырақтары бар өсімдіктер. Биік өсімдік, тамыр жүйесі нашар дамыған және жапырақтың екі жағында орналасқан жабылмайтын устицелері бар. Бұл көпжылдық шөптер тобына қияқөлеңдер, қамыстар, өлең шөптер, кейбір вересктер тұқымдасы, көптеген сарғалдақтар тұқымдасы және т.б.

Бұл өсімдіктердің мал азықтық құндылығы жоғары емес, бірақ олардың көбі кең тараған (қияқөлеңдер, қамыстар), сондықтан құнды мал азықтық өсімдіктер жеткіліксіз болғанда малдар амалсыздан оларды жейді. Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер мол ылғалданған жерлерде өте аз өседі.

Өсімдіктердің ылғалға қоятын сипатамасын жүргізе отырып, тағы да бір түсінік беруге болады - ылғалға төзімділігі - мол ылғалдану жағдайында өсімдіктердің тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап қалуы, ал су кеткеннен кейін жоғары өнім қалыптастыратын қасиеті.

Түптену және өркен пайда болу өзгешілігі бойынша өсімдіктер типі. Астық тұқымдастар түптену және өркен пайда болу ерекшелігі бойынша 3 типке бөлінеді: тамыр сабақты, сирек түпті және тығыз түпті.

Тамырсабакты астык тұқымдастар жер беті және жер асты өркендері қалыптасады, соңғылары буындары және буынаралықтары бар түр өзгерісіне ұшыраған сабақтар, оларды аналық өсімдіктен 1 м дейін жерге алыстап кеткен тамырсабақ деп атайды. Түптену буыны осы астық тұқымдастарда топырақтың беткі қабатынан үлкен тереңдікте орналасқан: әр түрлі астық тұқымдастарда және олардың экотиптерінде 5 см-ден 20 см-ге дейін.

Бұл топта өте маңыздылары: жатаған және аралық бидайық,қылтықсыз және жағалы (тік) арпабас, ақ суоты, қызыл бетеге,шалғын қоңырбас, шалғын түлкіқүйрық, айғыр қияқ (волоснец гигантский), көл қамыс және т.б.



Сирек түпті астық тұқымдастарда түптену буыны топырақтың беткі қабатында 1-ден 5 см дейін орналасқан. Топырақта оларда бір ғана қысқа буын аралығы болады, өркендері сүйір бұрышпен алыстап кетеді, топырақ бетіне шықаннан кейін жапырақтар мен сабақтар қалыптастырады. Әр бір өркенде түптену буыны бар, олардан жаңа өркендер тарайды, соның салдарынан бұта көлемінде үлкейіп өсіп жайылып кетеді, жаңа өркендері жер бетіне шықаннан кейін бір-біріне біршама алыс орналасқандықтан, бұта сирек болып қалыптасады. Тамырсабақтылармен салыстырғанда, сирек түпті астық тұқымдастар тығыздау жер қыртысын құрастырады.

Бұл топқа жататын астық тұқымдастарға ең жақсы - қара шірік және қоректік заттарға бай тығыз емес саз бен құмда орналасқан, құмдақ топырақтар.

Сирек түпті астық тұқымдастарда ең маңызды шөптер: еркекшөптер, көген тамырсыз бидайық, сібірлік қияқ, шалғын бетеге, шалғын атқонақ, кәдімгі тарғақшөп, биік үйбидайық және т.б.

Тығыз түпті астық тұқымдастар түптену буыны құрғақ дала және шөлейт аймақтарының бетеге, селеу және т.б. өсімдіктерінің тамыры топырақтың бетінде немесе 1-2 см тереңдікте орналасқан.

Түптену буынынан тараған бүйір өркендері топырақтың беткі қабатына перпендикупярды, бір-біріне параллельді, аналық өсімдікке тығыз орналасқан, тығыз бұта құрастырып өседі. Олардың орта бөлігі топыраққа тығыз қысылған, ал шет жақтары біршама көтерілген, сондықтан шалғын және жайылымдарда кішкентай төмпешіктер қалыптастырады. Тығыз түпті астық тұқымдастар өте тығыз, мықты және өте жоғары тіршілік ұзақтығымен ерекшеленетін (10-20 және оданда жоғары жыл) жер қыртысын қалыптастырады. Мал азықтық құндылығы жағынан олардың көптеген түрлерінің Қазақстанның құрғақ дала және шөлейт аймақтарында жайылым жерлерде үлкен рөл атқаратын бетегеден (типчак) басқасының құндылығы төмен. Біршама жақсы мал азықтық құндылығы барлар: шисабақ, бетегебоз және т.б.

Жапырақтарының орналасуы бойынша шөптесін өсімдіктер типі. Жапырақтануы және сабақта жапырақтары орналасуы бойынша шөптер екі топқа бөлінеді - жапырақтары жоғарғы қабатта орналасқандар (төбелі) және жапырақтары төменгі қабатта орналасқандар(төменгі). Тағы да екі аралық тобын бөледі-жартылай жоғары қабатта орналасқандар (жартылай төбелі) және ап-аласа -жапырақтану (өте төмен).

Жапырактары жоғары қабатта орналасқан астық тұқымдастар.Жапырақтары сабақтарында біркелкі орналасқан және олардың көп бөлігі жоғары бөлігінде. Шаруашылықта пайдалануы бойынша осы шөптер шабындық, олардың көбі егістікте шөп себуде пайдаланады және олар жайылым ретінде де кең пайдаланады.

Жапырақтары жоғары орналасқан астық тұқымдастарға қылтықсыз арпабас, жатаған және көген тамырсыз бидайық, шалғындық атқонақ, биік үй бидайық, кәдімгі тарғақшөп және т.б. жатады.



Жапырақтары төменгі қабатта орналасқан астық тұқымдастарәдетінше биіктігі 40 см аспайды, оларда көптеген қысқа өркендері болады, ал жапырақтарының негізгі бөлігі төменгі қабатта орналасқан. Біршама жоғары жем-шөп масса жиынтығын өсіп-өну кезеңінде малға жегізгенде ғана болуы мүмкін, сондықтан осы астық тұқымдастарды шаруашылықта жайылымға пайдаланады.

Жапырақтары төменгі қабатта орналасқан астық тұқымдастарға бетеге (типчак), қызыл бетеге, жайылымдық үй бидайық, шалғын қоңырбас, жэне т.б. жатады.



Бұршак тұкымдастардан жапырактары жоғары кабатта орналаскан типке шөп себуде шабындыққа пайдаланатын барлық шөптер жатады, себебі олардың жапырақтары сабақтың жоғарғы бөлігінде орналасқан және шапқан уақытта жапырақтары шабылған массаға түседі.

Бұл топқа егістік және орташа жоңышқа, құмдақ, сиыржоңышқа жапырақты, закавказдық эспарцет, ақ және сары түйежоңышқа, қызыл және қызғылт беде және т.б. жатады.



Жапырактары төменгі кабатта орналаскан бұршак тұкымдас шөптерге алшан жатаған сабақатарымен бұта қалыптастыратын сары жоңышқа және ақ беде жатады. Ақ беде төсемелі өркен құрастырады, жақсы алшынкөктігімен ерекшеленеді, сондықтан типтік және ең жақсы жайылым өсімдігі болып саналады

Әр түрлі шөптер тобынан жапырактары жоғары кабатта орналаскан типке тобылғы, сәбізшөп, талшық сүттіген, иван шәй, торғай қымыздық; қияқөлең өсімдіктерден - жағалы қияқөлең, тік қияқөлең жатады; жапырақтары төменгі қабатта орналасқандарға - жолжелкен, қазтабан, байғүт, торғай қымыздық, қияқөлең тұқымдасынан-ерте қияқөлең және т.б. жатады.

Әр түрлі шөптер арасында Қазақстанның далалы және шөлейт аймақтарында бағалы мал азықтық шөптер аз емес - жусандар, сораңдар, алабұта, көкпек, түймедақ және т.б., бірақ көбінесе пайдасыз, зиянды және улы өсімдіктер.



2. Шабындық пен жайылымдардың негізгі мал азықтық өсімдіктері

Табиғи мал азықтық жерлерде барлық әр түрлі өсімдіктерінің ішінде жем-шөп құндылығы жағынан бағалы және егістікке енгізілгендері де бар, бірақта нашар немесе мүлде желінбейтін және тіпті малды азықтандырғанда уландыратын, кейбіреулері тіпті жануарларды опатқа ұшыратын зиянды және улы өсімдіктерде аз емес.



2.1.Табиғи мал азықтық жерлердегі негізгі жемшөп өсімдіктерінің сипаттамасы

Табиғи шабындықтар мен жайылымдарда 10 мыңнан астам түрлер, 133 тұқымдастарға жатады, олардың ішінде 46-сы кең тараған өсімдіктер.

Шабындық пен жайылымның 80% жерін 12 тұқымдас түрлері алып жатыр, ал ең кең тарағандары 2000 астам түрлері бар астра (күрделігүлділер) тұқымдасында; бұршақ тұқымдасында 1000 астам түрлер; астық тұқымдастарында 700-ге дейін түрлер; қияқөлең, тауқалақай (яснотка), аюқұлақ 350-400 түрлерден, алабұта тұқымдасында - 300 дейін түрлері бар.

Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерінде көбінесе үш тұқымдасқа жататын өсімдіктер тараған: астық тұқымдастары, алабұталар, күрделігүлділер, сонымен қатар бұршақ тұқымдастар мен қияқөлеңдер.

Шабындық пен жайылым шөптердің үлес салмағы ылғалдану жағдайына және Республикамыздың топырақ-климат аймақтарына байланысты өзгереді. Мысалы, орманды дала және далалы аймақтарда құрғақ аңғар шабындық пен жайылымдарда астық тұқымдастары үлесі 50-52% жетеді, бұршақ тұқымдастарында 4-6%, алабұталарда 1-3%, күрделі гүлділерде 2-8%, ал қалғандары басқа өсімдік тұқымдасына жатады. Құрғақ аймақтарда астық тұқымдас және бұршақ тұқымдас шөптердің үлесі азаяды, бірақ күрделі гүлділер мен алабұта тұқымдас шөптердің үлесі жоғарылайды: құрғақ-дала аймақта астық тұқымдас шөптердің үлесі 40 % - ке дейін, бұршақ тұқымдастарда -2 % төмендейді, бірақ алабұта және күрделі гүлділер тұқымдасының үлесі 20-22 % дейін көтеріледі, ал шөлейт және шөл аймақтарында астық тұқымдас шөптердің үлесі 15-20 %, бұршақ тұқымдастар -0,5-1%, күрделігүлділердің үлесі 30-32 % - ке дейін, алабұталардың 31-40%-ке дейін көтеріледі. Шаруашылық және басқа ерекшеліктеріне байланысты барлық мал азықтық өсімдіктер түрін 4 топқа бөлуге болады (1-кесте): астық тұқымдастар, бұршақ тұқымдастар, қияқөлеңдер - бұл топқа екі тұқымдас жатады қияқөлең және әр түрлі шөптер - бұл топқа барлық ботаникалық тұқымдасына жататын өсімдіктер кіреді, (астық тұқымдас, бұршақ тұқымдас, қияқөлең топтарына жататын өсімдіктерді есептемегенде).

Астық тұқымдастары тобынан (қоңырбастылар тұқымдас) Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерінде өсімдіктердің көпшілігі селеулер (кызыл, лессинг), бетеге, арпабас (қылтықсыз, жағалы және тік), шалғындық және қызыл бетеге, жатаған бидайық, еркекшөптер (тарақша, иректісті, сібірлік шөл), сібірлік қияқ, атқонақ (шалғындық және далалық), ақ мамық және тағы да басқалары.

1-кесте. Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерінің оттылығында негізгі жем-шөп өсімдіктерінің орташа (%) құрамы

Аймақ, таулы белдеу



Жалпы жер оттылығында үлесі

Астық тұқым-

дас шөптер



Бұршақ тұқым-

дас шөптер



Күрделі-

гүлділер


тұқымдасы

шөптері


Алабұта тұқым-

дас шөптер



Қияқ-

өлең


тұқым-

дастары


Эфемер-лер

Басқалары

Орманды дала

52

6

2

1

8

-

31

Далалы

50

4

8

3

5

1

29

Құрғақ далалы

38

2

22

20

2

4

12

Шөлейт

19

1

32

31

1

5

11

Шөл

16

0,5

30

37

0,5

6

10

Таулы-далалы

49

3

9

5

4

2

28

Таулы-шалғынды

52

5

4

1

5

1

32

Биік таулы

50

2

1

-

10

-

37


Бұршак тұкымдастар - түйежоңышқалар (сары және ақ), құмдақ эспарцет, жоңышқа (сары және көк), шалғындық ноғатық, түйетікен, пышандар және т.б.

Әртүрлі шөптер тобына көптеген тұқымдастың өсімдіктері жатады, бірақ Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерінде кең тараған күрделігүлділер тұқымдасының өкілдері-жусан (ақ, сұр, құмдақ) және алабұта тұқымдасы: изен, теріскен, сексеуіл (қара, ақ), көкпек және т.б.

Бұл топқа жоғарыда аталған тұқымдастардың аз тараған өкілдері де жатады - қызыл бояу, мыңжапырақ, төскейлер, кұндызшөп, альпі астрасы, дәрілік ешкібұршақ, көздері (очанка), қарағаш жапырақты тобылғы, сылдырмақ, сәбізшөп, тмин, гүлкекіре, қазтамақ, түйнекті

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздері Алматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын жэне жайылым шаруашылығы. Астана 2006.



Тақырыпка арналған сұрақтары

  1. Қазақстанның шабындықтары мен жайылымдарындаөсетін өсімдіктердің тіршілік формалары және олардың малазықтық маңызы.

  2. Көп жылдық шөптердін вегетация фазалары.

  3. Биологиялық және морфологиялық белгілеріне байланысты өсімдіктер типі

6-7 Дәріс Қазақстанның табиғи мал азықтық өсімдіктер қауымы, жіктелуі және аймақтарда орналасуы.
Табиғи мал азықтық өсімдік қауымдастықтарының жіктелуі

Қазақстан Республикасы батыстан шығысқа 3000 шақырымдай, оңтүстіктен солтүстікке 1600 шақырымдай жерді алып жатыр. Жалпы жер көлемі 2,7 млн. шаршы шақырым. Айта кету керек, республика аймағының геологиялық тарихы өте күрделі. Оның қазіргі ландшафтық құрылымы өте ерте заманнан басталады және сонымен қатарласып өсімдік қауымы да түзіле бастаған.

Республика территориясында жер бедерінің әртүрлі топтары кездеседі. Шамамен жер көлемінің үштен бір бөлігі ойпаттар; жартысына жуығы- тегіс жерлер, үстірттер және шоқылар; бестен бірі аласа таулар, оннан бірі- биік таулар алып жатыр.

Қазақстанның Евразия материгінің ортасында орналасуы оның климатының континентальдығын анықтады. Таулы аймақтардан басқа жерлерде республиканың ауа-райы континентальды болып келеді. Жылдық температураның ауытқуы 80-0 дейін жетеді, 1000С -та температура жиынтығы солтүстігінде 20000 құраса, оңтүстігінде- 40000 шамасында болады. Топырақ бетінен ылғалдың булануы жылдық жауын-шашын мөлшерінен солтүстікте 2,5 есе, оңтүстікте – 10 есеге дейін көп болады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден 350-400 мм-ге дейін ауытқиды. Таулы жерлерде биіктеген сайын (теңіз бетінен) климаттық белдіктер байқалады. 2008 жылғы мәліметтер бойынша республикада 182 млн. га жайылымдар және 4,8 млн. га шабындықтар бар. Табиғи мал азықтық жерлердің ең көбі Қарағанды, Ақтөбе, шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарында орналасқан .

Қазіргі кезде мал азықтық жерлерді жіктеп кластарға бөлудің екі: фитоценологиялық және фитотопологиялық бағыттары қалыптасқан.

Фитоценологиялық (фитон-өсімдік, ценоз-топтану) жіктелуді ұсынған А.П.Шенников және басқалары өсімдіктердің сыртқы пішініне, құрамына негізделген.

Фитотопологиялық (фитон-өсімдік, топос-орны) жіктелуді ұсынған А.М.Дмитриев, Л.Г.Раменский, И.А.Цаценкин және басқалары өсімдіктердің тұрақты өсу ортасына негіздеген. Бұл жіктеулер тәжірибе жүзінде бірін-бірі толықтырады. Әдетте өсімдіктер қауымының сипатын және өсу ортасын жақсы білу нәтижесінде шалғындық жерлерді жақсарту және пайдалану жұмыстарын тиімді етіп жоспарлауға болады.

Табиғи аймақтардағы шабындықтар мен жайылымдар

Қазақстанның жері ботаникалық-географиялық бөлініспен 4 топырақты-өсімдікті аймаққа бөлінеді: орманды-далалық, далалық, шөлейтті және шөлді. Таулы аудандар Алтайлы және Тянь-Шаньдық таулы жүйелерге жатқызылады (Б.А.Быков, 1974; Е.И.Баканач, 1972). Әр аймақтарда өсу жағдайына қарай белгілі өсімдік қауымдастықтары қалыптасқан өзен алқаптары мен көлтабандар кездеседі.



Орманды-далалық аймақ. Бұл аймақта жылдық жауын-шашын мөлшері 300-350 мм. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының солтүстік аудандары кіреді. Аймақ көлемі республиканың жер көлемінің 7%-ын құрады. Аймақта барлық азық көлемінің 27% ғана табиғи жерлерден алынады. Бұл жерде сүтті-етті мал шаруашылығы дамыған және мал азығының негізгі көзі егістік жерлер. Мал азықтың жер көлемі 4,05 млн.га.

Қайыңды-көктеректі ормандар үлесі 30-40%-дай. Аймақтың солтүстік бөлігінің шалғындықтарын астықтұқымдас аралас шөпті және аралас шөпті- астықтұқымдасты шабындықтар мен жайылымдар құрады. Астықтұқымдастардан: селеулер, жатаған бидайық, қызылот арпабас, далалық атқонақ, ақбаттауық; бұрашақтұқымдастардан-тышқандық сиыржоңышқа, сарбас жоңышқа, сібірлік эспарцет, шалғындық ноғатық кездеседі. Шалғындықтардың өнімділігі бірқалыпты (құрғақ массасы 6,0-10,0 ц/га).



Далалық аймақ. Бұл аймақтың солтүстік бөлігі орташа құрғақ-далалық аймақ (жылдық жауын-шашын мөлшері 280-300 мм) және оңтүстік бөлігі құрғақ-далалық аймақ (жылдық жауын-шашын мөлшері 220-280 мм) болып бөлінеді. Орташа құрғақ далалық бөлігіне Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік аудандары, Қостанай және Ақмола облыстарының орта тұсына дейін және Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының солтүстік аудандары кіреді. Оңтүстік құрғақ-далалық бөлігіне Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік аудандары, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігі, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік аудандары кіреді. Аймақтың жалпы көлемі республика жерінің 30-32% алып жатыр. Бұл аймақта мал азығының жылдық көлемінің 45-48% табиғи жерлерден алынады. Мал азықтың жер көлемі 40,4 млн.га.

Аймақтың батыс жағы негізінен жазықтау, бедерлі және әр түрлі ойпатты болып келеді. Шығыс бөлігінің жер бедері күрделі және табиғи көрінісі әр түрлі. Оның 70% жуығы ұсақ адырлы, жазықтар және биіктігі әр түрлі шоқылық сілемдермен кезектесіп жатыр.

Далалық аймақтың топырақтар түрлері сан алуандығымен ерекшеленеді. Бұл аймақтың қара топырақты, қара-қоңыр топырақты жерлері жыртылып кеткен. Кебір және сортаң топырақты жерлерде негізінен шабындықтар мен жайылымдар орналасқан.

Шөлейтті аймақ. Бұл далалық және шөлді аймақтар арасындағы өтпелі аймақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150-250 мм, оның көпшілік мөлшері жылдың жылы кезеңінде жауады. Бұған Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облыстарының бөліктері кіреді. Мал азықтың жер көлемі 34,0 млн. га.

Шөлейтті аймақта кең таралғаны бозды-бетегелі, қылқан селеулі-бетегелі, аралас бозды-бетегелі, бетегебозды-бетегелі, бетегелі-жусанды, жусанды жайылымдар.

Кебір және сортаң жерлерде ақжусанды, еркекшөпті және бетегелі-жусанды аралас шөпті өсімдік қауымдастықтары кездеседі. Көп жерлерді бұталар (қараған, тобылғы) басып кеткен. Бұл жерлерде көкпекті, көкпекті-жусанды жайылымдар көп. Құмдақ және құмды топырақтарда боз селеулермен бірге құм жусан, шағыр және қызыл жусан-бүрген жиі кездеседі. Олардың көбейіп кетуі малды жүйесіз бағудың салдарынан. Жазда олар нашар желінеді де күзге қарай қатты құнарсызданып кетеді.

Дөңесті құмдарда еркекшөппен жусандардан басқа теріскен, мыңжапырақ, сүттіген, түйеқаңбақ, айғыр қияқ, құмаршық, ебелек, изень, қылша, бұталардан-жүзгін, қоянсүйек, сексеуіл өседі.

Шөлейт аймақта ақ ши үстемдік ететін өсімдіктер қауымдастықтары да кездеседі (200 мың гектардай). Ши басымдық ететін жайылымдар түрлері: шилі-қияқты, шилі-жусанды, шилі-сораңды, шилі-бетегелі. Шилер жайылымда нашар желінеді, пішеннің желінуі жақсы. Аймақтың жалпы көлемі 37,7 млн.га. (республика жерінің 13,8%).

Шөлді аймақ. Қазақстанның оңтүстік бөлігінің жартысына жуығын шөлді аймақ алып жатыр. Бұл аймақтың жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден 200-мм-ге дейін ауытқиды (орташа 150 мм). Мұнда саздақ және құмдақ, көбірек сортаңданған жазықтықтар, шөлденген аласа таулықтар, үлкенді-кішілі құмдық сілемдер, ірі өзендердің алқаптары мен атыраулары орналасқан. Шөлдік аймақтың қуаңшылық аудандары Қызылорда, Атырау, Қостанай (бұрынғы Торғай), Қарағанды (бұрынғы Жезқазған) облыстарының оңтүстігінде орналасқан. Шөлді аймақтың барлығы мал азығына пайдаланылады. Оның жазықтықтары жайылымдар болса өзен алқаптары мен ойпаттары шабындық жерлер. Құмды алқаптарда жайылымды қыста пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл аймақ республикадағы көлемі жағынан ең үлкені (жалпы жер көлемінің 35-40% алып жатыр). Мал азықтың жер көлемі 91,5 млн.га.

Шөлді аймақ негізінен мал шаруашылығына бағытталған, мұнда қой, түйе, жылқы, ал өзен алқабында ірі қара өсіріледі. Шөлді аймақтың жусанды жайылымдарының көлемі 38 млн. га, ал сортаңды жайылымдар 35 млн. га шамасында. Бұл жайылымдар түрлері қоңыр және сұр-қоңыр, саздақ және құмдақ сортаңдау топырақтарда кең таралған. Бұлардың ең көп таралғандары сұр жусанды, сұр жусанды-құбылмалы (эфемерлер), сұржусанды-ебелекті, сұр жусанды-итсигекті, сұр жусанды баялышты, сұр жусанды-еркекшөпті жайылымдар.

Көктем кезеңі құрғақшылық жылдары құбылмалылар (эфемерлер) мен құбылмалылықтар (эфемероидтар) өте аз өседі, сол кездері сұр жусанды-құбылмалылар түрі сұр жусандыға ұқсас оттылық құрамын түзеді.

Таулы аймақ. Таулы аймақта өсімдік қауымдастықтары биіктік белдіктері бойынша тараған. Солардың ішінен екі негізгі жайылымдар мен шабындықтар топтарын атауға болады: а) теңіз деңгейінен 600-2200 м биіктікте орналасқан аласа тау шалғындықтары шалғынды-далалық, шөлейтті және шөлді жерлердегі шабындықтар мен жайылымдар.

б) теңіз деңгейінен 2200-2400 метрден 4000 метрге дейінгі биіктікте орналасқан биік тау шалғындықтарындағы шабындықтар мен жайылымдар. Таулы өлкелер жағрафиялық жағынан алып қарағанда бір алқапта орналасқанымен жоғары қарай биіктеген сайын табиғатының климат өзгешелігі байқалады және ол өсімдік қауымының қалыптасуына әсер етеді.

Таулы аймақ тау бөктерімен қоса есептегенде республика жерінің 10-11% алып жатыр. Мұнда табиғи мал азықтық жерлер барлық ауылшаруашылық жердің 64-67% құрады және олар барлық мал азығының 60% береді.Таулы аймақтың тау бөктерлердің көлемі 7,1 млн. га, және таулы жерлерінің көлемі 9,2 млн.га.

Алтай таулы аймағы. Қазақстанда Алтай-Саян таулары жүйесінің көп жерлері Шығыс-Қазақстан облысында орналасқан. Жауын-шашын мөлшері 450-570 мм.

Алтай аймағының тау етегінен жоғарылаған сайын өзгеруін академик Н.В.Павлов төрт сатылы топқа бөледі. Бірінші-бозды-бетегелі дала, екіншісі- боз-аралас шөпті дала, үшіншісі-орманды алқап, төртіншісі-альпілік шалғын.

Алтайдың мал азықтық жерлері өнімі және қоректілігі жағынан ең жоғары болып есептеледі. Бұл жерлерде табиғи шабындықтар кең тараған. Тау бөктерлерінің аласа таулы нашар дамыған топырақты жерлерінде боз, бетеге, кейде жусандар, аралас шөптер және бұталар-тобылғы, қарағандар өседі.

Тау шатқалдарындағы сортаң жерлерде сораңдар, алаботалар, өзен бойларында-ақмамық және басқа астықтұқымдастары, аралас шөптер кездеседі. Биіктеген сайын түсетін жауын-шашын мөлшері көбейеді. Оңтүстік беткейлерде далалық өсімдіктер- боз, бетеге, сары жоңышқа, және басқаларымен қатар мезофильді шөптер-далалық атқонақ, қоңырбастар, жима тарғақ және басқалары және ылғал сүйгіш бұталар-итмұрын, ұшқат кездеседі. Бұл өсімдік қауымдарының әр гектардан құрғақ массасының өнімі 3-6 ц.

Солтүстік беткейдің таулы қаратопырақты жерлерінде жима тарғақ, айрауық, тышқан бұршақ, қызылбояу, маралоты, құлпынай, көптеген бұталар-тобылғы, итмұрын, ұшқат өседі. Бұлардың әр гектардан құрғақ массасының өнімі 8-12 ц.

Орманды белдікте көбінесе жима тарғақ, түлкіқұйрық, атқонақ, беде, аралас шөптерден- аю балдырған, күнгелді, жыланбасшөп, тамырдәрі ж.б. өседі.



Тянь-Шань таулы аймағы. Бұл аймаққа оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы жерлері кіреді. Бұлар Батыс Тянь-Шань, Қаратау, Қырғыз жоталары, Іле Алатауы, Шу-Іле таулары, Жоңғар Алатауы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде және Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында орналасқан.

Бақылау сұрақтары

1. Табиғи мал азықтық жерлерге не жатады?

2. Табиғи мал азығықтық өсімдік қауымдастықтары неге жіктеледі?

3. Фитоценологиялық жіктеуді қалай түсінесіз?

4. Фитопотологиялық жіктеуді қалай түсінесіз?

5. Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерінің негізгі кластарын атаңыз?

6.Табиғи шабындықтар мен жайылымдарда өсімдіктер өзгерісі қалай жүреді?


8-9Дәріс.

Табиғи мал азықтық жерлерді үстіртін

жеңіл-желпі жақсарту жүйесі.

1. Шабындық және жайылымдарды жақсартудың негізгі шаралары.

2. Шабындық және жайылымдарда үстіртін жақсарту шараларын жүргізу жағдайы.

Қазақстанда табиғи мал азықтық жерлер, барлық жер көлемінің 70%-дан астамын алып жатыр. Бірақта осыншама аймақтан алынатын азық көп емес. Оның негізгі себебі шабындықтар мен жайылымдардың өнімінің төмендігінде. Соңғы ғылыми-өндірістік сараптамалардың мәліметтері бойынша далалық және құрғақ далалық аймақтың шабындықтары мен жайылымдарының әр гектардан құрғақ массасының өнімі 1,5-2,5 ц-ден 5-6 ц дейін болған, ал шөлейт және шөл аймақтарда олардың өнімі одан да төмен деңгейде - 0,5-1,0 ц-ден 3-4 ц/га дейін. Мұндай төмен көрсеткіштердің орын алу себептері: біріншіден – далалық аймақтың шұрайлы жерлері егістікке жыртылып кетіп мал азығына құнарсыз сортаң және игеруге қолайсыз жерлердің қалуы; екіншіден – көпшілік жайылымдық жерлердің жүйесіз пайдалануына байланысты тозып, өсімдік құрамында мал азықтығы нашар шөп түрлерінің көбейіп кетуінде.

Шөлейт және шөл аймақтарда да мал азықтық жерлерді шектен тыс және жүйесіз пайдаланудың салдарынан шабындықтар мен жайылымдар тозып, көп жерлер эрозияға ұшыраған. Әсіресе ауыл маңайларының шөбі мал тұяғынан тозып топырағы шаңданып кеткені байқалады. Ғылыми мәліметтер бойынша республика бойынша тозып кеткен жайылымдар көлемі 30 млн. гектардай да, оның 11 млн. гектардайы өте тозып, эрозияға ұшыраған жерлер деп танылды. Қазіргі кезде республика бойынша бірінші кезекте жақсартуды қажет ететін табиғи жерлердің көлемі 40 млн. гектар шамасында. Ғылыми зерттеу мекемелерінің тәжірибелері көрсеткендей мұндай жерлерді алдыңғы қатарлы жақсарту технологияларын қолдана отырып жақсарту арқылы өнімін 3-5 есеге дейін көтеруге болады.

Жеңіл-желпі жақсарту жүйесі

Үстірт немесе жеңіл-желпі жақсарту жүйесі табиғи шабындықтар мен жайылымдардың беткі шым қабатын толықтай жоймай мәдени қалпын көтеру арқылы өнімділігін көтеру. Жеңіл-желпі жақсарту жұмыстары табиғи өсімдік қауымында бағалы шөп түрлерінің көбінесе астық тұқымдастарының кем дегенде 32-35% сақталған, бұташықтар басуы 20% және төмпешіктер басып кетуі 20% дейін болған жағдайда тиімді.

Табиғи шабындықтар мен жайылымдар жағдайлары бұдан төмен болса жеңіл-желпі жақсарту жұмыстарының тиімділігі аса көрінбейді. Мұндай жерлердің табиғи шөп жамылғысын екпе шөптермен алмастыру (түбегейлі) арқылы ғана өнімін көтеруге болатыны анықталған.

Жеңіл-желпі жақсартудың негізгі шараларына: 1) мәдени-техникалық жұмыстар (шалғындықты тазарту) арқылы тиімді жерлердің көлемін өсіру; 2) суландырылуын жақсарту және қамтамасыздығын реттеу (құрғату, көлтабандарды суландыру, қар тоқтату т.б.); 3) шөп жамылғысына тыңайтқыштар беру; 4) шалғындықтағы шөп жамылғысын күтіп-баптау (желдетілуін, тығыздығын жақсарту, тұқым үстеп себу т.б.); 5) орманды және шалғындық жайылымдарды жақсарту. Жақсартудың негізгі шаралары.



Мәдени-техникалық жұмыстар. Мал азықтық жерлерді бұталар мен төмпешіктерден тазарту. Бұталар мен төмпешіктер басып кеткен жерлер негізінен орманды-далалық аймақтарда, өзен алқаптары мен тау бөктерлерінде кездеседі. Мұндай жерлердің мал азықтық өнімін, өсімдік қауымдастықтарын құрамын және пайдаланатын жер көлемін көбейту алдымен оның ағашты-бұталар мен төмпелерден тазарту болып табылады. Бұл жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар шалғындықты басып кеткен ұсақ ағаштар мен бұталарды тамырына дейін толық жою. Қазіргі кезде бұл жұмыстар механикалық және химиялық әдістермен орындалады.

Шалғындықта бұталар мен ағаштардың үлесі 20% асып кеткен жағдайда тазарту механикалық әдістер арқылы, қопарғыш машиналарды және арнайы бұтакескіштер қолдану арқылы жүргізеді. Бұтакескіштердің (ДП-24; МТП-13) өндірістік нормасы сағатына 0,5-0,6 га. Ағаш және бұта түбірлерін қопаруға және жер қыртысын тамырлардан тазартуға МП-7А, ДП-8А, МП-2Б т.б. машиналарды қолданады. Жер бедері қолайсыз және түбірлер көп кездесетін жерлерде бульдозерлерді қолданады.

Бұталар мен ұсақ ағаштарды химиялық жолмен құрту үшін арнайы гербицидтер қолданады (бутил эфирі және 2,4Д-амин тұзы). Гербицидтер бүрку жұмысы көктемнің, жаздың немесе күздің ашық күндері аэрозольді генераторларды не болмаса ауылшаруашылық авиациясын қолдану арқылы жүргізіледі. Өсімдіктерді толық құрту үшін өңдеу жұмысын екі рет жүргізеді. Содан кейін 2-3 жыл өткесін шалғындықты кеуіп қалған қалдықтардан тазалайды (қопарғыш-жинағыштармен т.б.).



Айта кету керек, шалғындықтарды ағаш, бұталардан тазартуды мұқият жүргізу қажет. Мысалы, өзен алқаптарында, тау беткейлерінде және құмды шалғындықтарда су және жел эрозиясынан қорғайтын ағаштар мен бұталарды сақтауға тырысу керек. Шөл және шөлейт аймақтардың жайылымдарын қорғау және өнімін көтеру үшін сексеуіл жолақтарын отырғызу тиімді.

Төмпешіктерді жою. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарда әртүрлі төмпешіктер кездеседі. (өлеңшөп томарлары, құмырсқа, тышқандар және мал тұяқтарымен пайда болатын төмпешіктер т.б.). Мұндай төмпешіктерді жою үшін де механикалық және химиялық әдістерді қолданады. Ұсақ төмпешіктерді дискілі тырмалармен (БДНТ-2,2, т.б.), орташа және ірі фрезалармен (ФБ-09, ФБН-2,0) немесе басқа да өңдегіш машиналармен (МПГ-1,7 т.б.) жояды. Өзен алқаптарының төмпешіктерін жою үшін механикалық әдіспен қатар химиялық әдісті де қолданады (далапон т.б. гербицидтер). Мұндай гербицидтер төмпешіктерді жойып қоймай өсімдік қауымында қоректілігі нашар қияқ шөптердің үлесін азайтады. Ұсақ кеміргіштер жасаған жаңа топырақ төмпешіктерін шлейфті және инелі тырмалармен жояды (БЛШ-2,3, БИГ-3 т.б.). Тығыз төмпешіктерді фрезалармен жояды. Малды қарқынды және жүйесіз баққан жайылымдарда мал тұяғымен болатын төмпешікті жерлерді алдымен дискілейді содан кейін тегістегіштер арқылы тегістеп тығыздайды.

Қалдықтардан және тастардан тазалау. Әртүрлі өсімдік және басқа қалдықтар мен тастар көбінесе өзен алқабының және тау бөктерлерінің шалғындықтарында кездеседі. Бұлардан тазалау үшін рельсті тырмалар мен жинағыштар қолданады. Қалдықтарды бір жерге жинап өртеп жібереді. Ірілі-ұсақты тастарды тас жинағыш машиналармен (УКП-0,6, УСК-07А т.б.) жинап сыртқа шығарып шаруашылық керегіне жаратады. Бұталардан, төмпешіктерден тазартылып жалаңаштанып қалған жерлерді тегістеп шөптер себеді де тығыздайды.

Су режимін реттеу және жақсарту. Шалғындық өсімдіктер өсіп-дауы үшін көп су қажет етеді. Мысалы, 1 тонна құрғақ өнім құру үшін (транспирацияға, жерден булануға) 400 ден 1200 м3 және одан да көп су шығыны болады екен. Судың жетіспеуі де, артық мөлшері де және ыза суының жер бетіне жақын орналасуы шалғындық өсімдікке теріс әсерін тигізеді. Су мөлшері құм топырақта 2,5-3%, құмбалшықты топырақта 10-12% және балшықты топырақта 14-18% болған жағдайда негізгі шалғындық шөп түрлері қурай бастайды. Ал суы шектен тыс мол жерлерде су және ауа режимі нашарлап, соның салдарынан шалғындықтағы негізгі бағалы тамырсабақты және сиректүпті астық тұқымдас шөптер орнына сапасы төмен және зиянды шөптер басып кетеді. Су режимін жақсарту және реттеу су жайылатын өзен алқаптары мен көлтабандарда жүргізіледі. Су жайылмаған жерге су беріледі, су тұрып қалған шалғындық құрғатылады. Соңғы кездері шалғындықты жүйелі суару жұмыстары қолға алынып жатыр. Ол үшін жаңбырлатқыш машиналар (ДДА-100М, ДДН-70, «Волжанка», «Фрегат» ДДН-100 т.б.) қолданылады. Өзен алқаптары мен көлтабандарды жаз кезінде жаңбырлатып суарған кезде шалғындық жердің шөбі қаулап өсіп екі рет пішенге шабуға болатыны және өнімінің 3-4 есеге дейін көтерілгені байқалады (Аубакиров К., 2004ж.).

Далалық және шөлейт аймақтарда шалғындық көлтабандар жасау (лиманы) кең өріс алған. Көктемде су жайылған шалғындықтардың өнімі 1,5-2,0 есеге дейін көтерілетіні байқалады. Шалғындық жердің топырақ түрлеріне және өсімдік құрамына қарай суландырудың тиімді ұзақтығы 5 күннен 25 күнге дейін.



Шабындықтар мен жайылымдарға тыңайтқыштар беру.

Табиғи мал азықтық жерлерді шабындыққа немесе жайылымға пайдаланған кезде топырақтан өніммен айтарлықтай мөлшерде қоректік заттар шығарылады. Орташа есеппен 1 ц пішенмен топырақтан 1,5-1,7 азот және калий, 0,4-0,6 кг фосфор алынады екен. Жайылымдықта бұл көрсеткіштер 1,5 есеге көбейеді.



Шым топырақты және шалғындықтың оттылығын күтіп-баптау. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды қарқынды пайдалану топырақ бетінің су-ауа режимінің бұзылуына әкеліп соғады да бағалы өсімдіктердің жойылып, орны мал жеп оңбайтын, сапасы төмен зиянды өсімдіктер басады. Осының әсерінен мал азықтық өсімдік қауымының өнімі төмендеп кетеді.

Шым топырақты және шалғындықты күтіп-баптаудың мақсаты – оттылықтың өнімін көтеріп, сапасын жақсарту. Күтіп-баптауға шалғындықты ластайтын шөптермен күресу, топырақты желдету, оттылықты жақсарту, үстеп тұқым себу және т.б. жұмыстары жатады.



Шалғындықты ластандыратын өсімдіктермен күрес. Шалғындықтарды ластайтын өсімдік топтары егістік жерлердегідей арамшөптер деп аталмайды. Бұл жерлерде өсімдіктер мал жейтін немесе мал жемейтін болып бөлінеді. Мысалы, егістікте кейбір өсімдіктер өте қауіпті арамшөп болса (жатаған бидайық, жауқияқ т.б.), шалғындықтарда бұлар бағалы мал азықтық шөптер болып есептеледі. Шалғындықты ластайтын өсімдіктерге зиянды және улы, мал жемейтін және нашар желінетін, сапасы және өнімі төмен, ірі сабақты, сонымен қатар арамтамақты және жартылай арамтамақтылар жатады. Шалғындықтарда мұндай өсімдік топтарының үлесі 40-50 %-ға дейін жетеді. Шалғындықты ластайтын кейбір өсімдіктер (дәрі шелна, бақ-бақ, зере т.б.) шалғындық шөбінің желінуін жақсартады, кейбіреуінің дәрілік, балжинағыш, құрт-құмырсқаларға қарсы қасиеттері болады. Сол себепті шалғындықты ластайтын өсімдіктермен күрес жұмыстары олардың зиянды және пайдалы жақтарын ескере отырып жүргізілуі тиісті.

Шалғынды ластайтын өсімдіктермен күресуге алдын алу, жанама, биологиялық, механикалық және химиялық әдістерін қолданады.

Алдын алу әдісіне таза тұқымды себу, жақсы шіріген органикалық тыңайтқыштарды шашу, жол бойындағы канал жағалауындағы арамшөптерді шауып тастау жұмыстары жатады.

Жанама әдістерге шабындықтар мен жайылымдарды тиімді пайдалану, уақытында пішенге шабу, мал жаю, ауыспалы шабындықтар мен жайылымдар енгізу, жайылымды күту және т.б. жұмыстар жатады.

Шалғындықтарды суару, не болмаса құрғату арқылы жүйелі түрде минерал тыңайтқыштарын шашу, әктеу, гипстеу және жыл сайын пайдалану тәртібін ауыстыру (пішенге немесе жайылымға) арқылы табиғи шөптесіннің өнімін көтеруге, ботаникалық құрамын жақсартуға және осы қасиеттерін ұзақ жылдар бойы ұстап тұруға болады.

Шалғындықты ластайтын өсімдіктермен күресуді жайылымдық жерлерде өте тиімді жүргізуге болады. Жайылымдарда қоршауларды пайдалану, мал жайғаннан кейін мал жемеген шөп қалдықтарын шауып тастау арқылы және де жүйелі түрде тыңайтқыштар беру арқылы шалғындықтарды ластайтын шөптердің үлесін азайтып орнына бағалы астық тұқымдастарды көбейтеді.

Шалғындықтарда кездесетін ірі сабақты, сапасы нашар өсімдіктерді (тамырдәрі, атқұлақ т.б.) жұлып тастайды. (механикалық әдіс).

Қатты ластанып кеткен шалғындықтар көбінесе өзен алқаптарында кездеседі. Мұндай жерлерді тереңдете жыртып шөп қоспаларын сеуіп екпе шалғындықтарға айландырады.



Желдетуді жақсарту үшін топырақтың беткі қабатын тырмалайды және қуыстайды.

Топырақты қуыстау жұмыстарын күзде арнайы жабдықталған қопсыту мшиналарымен (КПГ-250 т.б.) жүргізеді. Қуыстау жолақтарының арасы 0-100 см, тереңдігі 35-45 см. Қуысталған топырақтардың су сіңіру және оны ұзақ ұстап тұру қабілеті жоғарылайды. Осы технологиялық әдісті қосымша тұқым себу және тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстарымен бірге жүргізсе шалғындықтың өнімін айтарлықтай көтеруге болады.

Біздің жүргізген тәжірибелер көрсеткендей шымтопырақты жерлерді тырмалаудың тиімділігі аз.

Ал шалғындықта негізгі өсімдік түрлерін сақтай отырып беткі қабатын аздап қопсыту (ФБН-1,5 т.б.) технологиясының тиімді екені анықталды. Бұл жұмыс топырақтың 0-20 см қабатының көлемдік массасын төмендетеді, микробиологиялық белсенділігін арттырады және су-ауа режимін жақсартады.

Мұндай топырақты желдетуге арналған технологияның тиімділігі шалғындыққа азот тыңайтқышын (N90-120кг/га ә.з.) бергенмен бірдей. Шалғындықтың өнімділігі үш жылда орта есеппен 20-22% көтерілген.

Шалғындықты жасарту. Мал азықтық жердің су-ауа және қоректік режимін жақсарту, жасарту технологиясын қолдану арқылы да жүргізуге болады. Ол үшін шалғындықты тереңдете қопсытады не болмаса тайыздап жыртады. Шалғындықты жасарту жұмыстары шөп жамылғысында тамырсабақты және сиректүпті астықтұқымдастары 22%-дан жоғары болса тиімді.

Дискінің немесе фрезаның пышақтарымен кесілген тамырсабақтарының бөлшектерінен жаңа өркендер көбейеді, ал жалпы қопсыту топырақтың ауа режимін жақсартып шалғындықтың өнімін жоғарылатады.

Шымтопырақты қопсыту шөп тұқымын үстеп себумен, тыңайтқыш берумен бір мезгілде жүргізілсе шөп өсімінің өнімі айтарлықтай көтеріліп ботаникалық құрылымы бағалы өсімдіктермен толығады.

Тереңдікте қопсыту (фрезерлеу) жасартудың тәсілі ретінде орманды-далалық, далалық аймақтарда бидайықты, жауқияқты тыңайған жерлерінде және өзен алқаптары мен көлтабандарда жүргізіледі. Ол үшін мына ережелерді орындайды: кесілген ұсақ шымдарды минералды топырақтың 3-4 см тереңдігіне түсіреді (көмеді);

-тереңдете қопсытқаннан кейін ылғалы кетпей тұрып топырақ бетін тығыздайды;

-шөбін бірінші орғаннан кейін маусымның аяғында болатын жауын-шашынға сәйкестендіріп жасартылған жердің шымтопырағы өңделеді;

-тереңдете қопсыту 9-10 см тереңдікте, ал тығыз минералды топырақтарда одан да терең жүргізіледі.

Орманды-далалық, далалық аймақтардың шөп құрамында тамырсабақты және сиректүпті астық тұқымдастары бар, бірақ өнімі төмен тыңайған жерлерді жақсарту үшін 4-5 жылда бір рет шымтопырағын тайыздап (12-18 см) жырту әдісі де қолданылады. Ол үшін жақсартар алдында және көктемгі қопсыту кезінде минерал тыңайтқышын (N60Р60К60) беру тиімді. Тайыздап жыртылған тыңайған жер алғашқы 1-2 жылда шабындыққа содан кейін жайылымға пайдаланылады.

Өнімі төмен мал азықтық жерлерді тереңдете қопсытқан, немесе тайыздап жыртқан жағдайда азық түсімі 1,5-2,0 есеге көтерілетіні байқалады. Жасартуға кеткен шығын екі жылда қайтады.

Үстеп тұқым себу әдісі де шалғындықты жеңіл-желпі жақсарту технологиясына жатады. Бұл жұмыс ең алдымен шалғындықтан бұталар мен төмпешіктерді тазалағанда жалаңаштанып қалған жерлерде жүргізіледі. Әйтпесе бұл жерлерге мал жемейтін арамшөптер қаптап кетеді. Бұдан басқа өнімі төмендеп тозып кеткен, бірақта шөп құрамында 22%-дан жоғары бағалы астықтұқымдастары сақталған шабындықтар мен жайылымдарға үстеп шөп тұқымын себеді. Әсіресе мұндай технология өзен алқаптары мен көлтабандарда жоғары тиімділігін көрсетті.

Жалпы жеңіл-желпі жақсарту кезінде үстеп тұқым себу әдісін қолданғанда астықты-бұршақты шөп қоспаларын себу жоғары тиімділігін көрсетті.

Әр аймақтарда орналасқан табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жеңіл-желпі жақсартқан кезде қолданылтын тәсілдерді кешенді жүргізген жақсы нәтижелер береді.

Бұған мысал ретінде Ертіс өзенінің алқаптарындағы, Орталық және Батыс облыстарда орналасқан көлтабандағы шалғындықтарды жеңіл-желпі жақсарту технологиясын кешенді түрде жүргізу жұмыстарының нәтижелерін айтуға болады. Жақсартылған шабындықтардан 5-6 жыл қатарынан әр гектардан орташа 4,5-8,0 ц қосымша пішен алынған, сапасы көтерілген.



10-11 Дәріс

Аз өнімді мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту.

1.Өнімділігі төмен мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту.Себілген шабындық және жайылым жасау жүйесі.

2. Астық дақылдар егістігінен шығарылған жерлердің топырағын дайындау ерекшеліктері.

3.Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту шаралары

4.Табиғи аймақтық жағдайында және топырақ типіне байланысты топырақ қыртысын өңдеудің мерзімі мен тәсілі.

5.Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартқанда жеделдетіп шалғындандыру және алдын-ала себілетін дақылдар.

Табиғи шабындықтың өнімі төмен болып және шөп құрамындағы бағалы астық тұқымдастарының үлесі 32%-ға жетпесе ондай жерлерді түбегейлі жақсартады. Түбегейлі жақсартқанда табиғи шым толықтай бұзылып, өңделіп, орнына бағалы көпжылдық шөптер себіліп өнімділігі жоғары жаңа мәдени екпе шабындықтар мен жайылымдар жасалады. Табиғатта кездесетін батпақты және сортаңды жерлер де түбегейлі жақсарылды. Шым топырақты жерлерді түбегейлі жақсартқанда топырақтың биологиялық белсенділігі айтарлықтай күшейеді, органикалық заттардың шіруі тездетіледі де, өсімдіктермен жеңіл қабылданатын қоректік заттар қоры түзіледі.

Қазақстандағы табиғи шабындықтар мен жайылымдардан соңғы жылдары алынған өнімін талдау олардағы түсімнің төмендігін байқатты. Мысалы, шөл және шөлейт аймақтарда әр гектардан алынған құрғақ масса 0,5-1,0-ден 3-5 центнерге дейін, далалық және қуаң далалық аймақтарда 1,5-6 центнерге дейін құбылатындығын көрсетті. Бұдан басқа осы аймақтарда анықталған 21 млн. гектардай тозып, эрозияға ұшыраған жайылымдарды атауға болады.

Республиканың сай-салалық жерлеріндегі табиғи шалғындықтарды түбегейлі жақсартудың тиімділігі жоғары. Екпе шабындықтар мен жайылымдардың өнімділігі және азық сапасы, табиғи шалғындықпен салыстырғанда екі-бес есеге дейін, тіпті одан да көпке асып түседі. Оған мынадай ғылыми зерттеулердің нәтижелерін келтіруге болады. Орал тәжірибе станциясының далалық аймағында жоңышқалы-еркекшөпті екпе шабындықтың пішендік түсімі үш жыл ішінде орта есеппен 16,2 ц/га болды, ал табиғи жердің өнімділігі гектарынан 3,4 ц ғана болған. Павлодардың топырақты эрозиядан қорғау тәжірибе станциясында екпе шабындықтан 11 жылда әр гектардан пішеннің өнімі 10 ц-ден 38 центнерге дейін құбылған, ал табиғи шабындықтың өнімі әр гектардан 1,6-дан 4,0 центнерге дейін ғана болған. Ертіс алқабында екпе шабындықтың (жоңышқа+қылтықсыз арпабас) әр гектарынан 5 жылда орташа 45-52 ц пішен жиналған.

Табиғи мал азықтық жерді түбегейлі жақсартудың екі әдісі бар. Соның бірі- жеделдетіп шалғындандыру. Бұл әдіс бойынша ылғалды аудандарда табиғи жерді жыртқаннан кейін, немесе бір жылға парға қалдырғаннан кейін келесі жылы бірден көпжылдық шөп себеді. Екінші әдіс – шалғындандыруға жоспарланған жерге алдын ала, 1 немесе 3 жыл қатарынан біржылдық мал азықтық дақылдар немесе жемдік астық дақылдар өсіріп, содан кейін көпжылдық шөп себеді. Бұл тәсіл алдын ала шымдау деп аталады. Қазақстанның шаруашылықтарында түбегейлі жақсарту әдісінің екі түрі де қолданылады. Жеделдетіп шымдау республиканың далалық, шөлейт және шөлді аймақтарында қуатты шымдалмаған шабындықтар мен жайылымдарды жақсартуға қолдану тиімді. Бұл әдіс Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерін жақсартудың негізгісі болып есептеледі.

2-ші кесте. Қазақстанның шөлейт аймағында көпжылдық мал азықтық шөптердің салыстырмалы түрде пішенінің өнімі, ц/га (орташа 5-10 жылда)



Мал азықтық өсімдіктер және қоспалары

Алматы облысында

Оңтүстік Қазақстан облысында

Ақтөбе облысында

Жоңышқа

7,8

10,8

8,9

Эспарцет

-

9,0

8,0

Еркек шөп

12,1

12,0

10,4

Изень

16,9

-

-

Бұршақты-астықты шөп қоспасы

10,4

-

12,6

Табиғи шөп қауымы

2,3

2,5

2,3

Екінші әдіс – жақсартатын тың және тыңайған жерлерге алдын ала мал азықтық дақылдар себу. Бұл әдісті шаруашылықтарда бірінші әдіспен қатар қолдану тиімді. Өйткені екпе жайылымдар құрғанда алғашқы жылдары малды көктемдік, жаздық және күздік кезеңдерде жасыл азықпен үздіксіз қамтамасыз (жасыл конвейер) ету үшін біржылдық екпе шөптердің маңызы зор. Бұл әдістің бірқатар артықшылықтарына мыналар жатады: 1жылдан 3-4 жылға созылатын егістік кезеңінде жер қыртысындағы ұсақталған органикалық заттар қарқынды шіриді, топырақта ылғал қорланады, топырақ арамшөптерден тазаланады және жақсы дайындалған шымтопырақта себілетін көпжылдық шөпке өте қолайлы жағдайлар туындайды.

Шаруашылықта өнімі төмен мал азықтық жерлерді шалғындандыруды осы әдісті қолданудың басқа да себептері болуы мүмкін (қысқы мал азықтарының жетіспеуі т.б.).

Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту жүйесінде мынадай технологиялардың элементтері атқарылады:



  1. Түбегейлі жақсартатын шалғындық таңдау;

  2. Шымтопырақты негізгі өңдеуге дайындау (топырақты жырту алдында өңдеу, тың және тыңайған жерді жырту);

  3. Қазақстан аймақтарында шымтопырақ жерді жырту мезгілін анықтау;

  4. Тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау және топыраққа шашу;

  5. Екпе шабындықтар мен жайылымдар жасау үшін шөп түрлерін және қоспаларын таңдау;

  6. Себу мерзімін анықтау;

  7. Себу тәсілдерін анықтау (жамылғымен немесе жамылғысыз);

  8. Себілген жылы шөп қауымын күтіп-баптау (1-ші жылы);

  9. Екінші және одан кейінгі жылдары шөп қауымын күтіп-баптау жұмыстары.

Жақсартатын шалғындық жер таңдау. Жақсартудың негізгі шаралары. Екпе шабындықтар мен жайылымдар жасау үшін түбегейлі жақсартатын жерді таңдауға ерекше көңіл бөлінеді. Барлық аймақтарда бірінші кезекте жақсартатын жерлер анықталады.

Қазақстанның орманды-далалық, далалық және құрғақ далалық аймақтарындағы құнарлы жерлердегі шалғындықтар жыртылып, егістіктерге игерілген. Ал, өнімділігі төмен құнарсыз топырақтардағы мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту бүгінгі күннің маңызды міндеттері.

Ең алдымен мынадай өнімі төмен жерлер жақсартылуы тиіс:

-далалық алқаптарда (2-30 еңісте) орташа және ауыр механикалық құрамды тұзданбаған топырақтарда;

-далалық алқаптарда және 30-тан аса еңістік баурайларда аз дамыған, шайылған орта және ауыр механикалық құрамды, ұсақ тасты, сондай-ақ 30-40 см тереңдіктегі қатты жыныстар төселген топырақтарда;

-құмды, құмдақ және жеңіл саздақ топырақтарда, жазықтықтардағы ұсақ тасы аз және өңдеуге келетін ылдиларда орналасқан шалғындықтар.

Кебір және сортаң топырақты шалғындықтар да түбегейлі жақсартудың үлкен қоры болып есептеледі.

Далалық аймаққа қарағанда жауын-шашыны аз түсетін шөлейт аймақтың шалғындығын түбегейлі жақсартуға алдымен ылғалдануы қанағаттанарлықтай учаскелерді-баурайлардың ортаңғы және төменгі бөліктері, шоқылар арасындағы жазықтар, жақсы топырақты, бірақ оттылығы тозған жайылымдар мен шабындықтарды таңдайды.



Топырақты дайындау. Топырақты өңдеудің негізгі мақсаты жақсартылатын жердің шымын бұзып, ұсақтап, ондағы органикалық заттарды тезірек шіріту арқылы қоректік зат қорын көбейтіп және себілетін шөп түрлерінің өсіп-дамуына қолайлы жағдайлар жасау.

Жақсартатын жердің топырағының түріне және шымының қуаттылығына қарай алғашқы топырақ өңдеудің мынадай тәсілдерін қолданады.



Жерді жырту. Жақсартуға дайындаған жерді арнайы соқамен (ПКБ-75, ПБН-3-45 т.б.) 35 см дейін тереңдікте жыртады. Содан кейін жыртылған жердің қыртысын тілгілейді. Далалық, шөлейттік, әсіресе шөлді аймақтарда екпе шөптер себуге дайындаған жерді бірінші жылы сүріге (парға) қалдырады. Не болмаса бұл жерлерді ерте парлау бойынша жүргізуге болады. Қазақстанның далалық аймағының оңтүстігінде сортаңдау қара топырақтарында және қоңыр топырақты жерлерінде жерді сүріге жырту 22-30 см қабатында, құмды, құмдақ және басқа да қарашірік қабаты жұқа торырақтарда 15-20 см тереңдікте жүргізіледі.

Кебір және сортаңды кешенді топырақтарды, беткейлерді, өзен алқаптары мен көлтабандардың топырақтарын өңдеген кезде жел және су эрозияларын болдырмайтын жағдайларды ескеру керек.

Қазақстанның барлық жерлерінде, соның ішінде Батыс аймақтарда көптеп кездесетін кебір және сортаң топырақты тыңайған жерлерді жақсарту үшін экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және арзанға түсетін мелиоративтік – құрама өңдеу қолданылады. Біржылдай парланған мұндай жерлерге 1-3 жылдай біржылдық жемдік дақылдар (судан шөбі, арпа, күздік қара бидай т.б.) себілген жағдайда қуатты гомогенді жырту қабаты түзіледі.

Жалпы игерілмей жыртылмай қалған егістіктерге шөп танапты ауыспалы егістер енгізу тиімді (М.Сүлейменов, 2005ж.).

Сазды және саздақ топырақтарды көбінесе шолақ түренді соқалармен (П-5-35Ц, П-5-35М, ПА-4-35 т.б.) жыртады. Мұндай жерлерді жыртар алдында тереңдете қопсыту (ФБ-2 т.б.) жақсы нәтиже береді. Жел эрозиясына ұшыраған құмдақ және құмды топырақтарды қайырма жыртумен қатар, қайырмасыз соқалармен немесе сыдыра қопсытқыштармен (КПГ-250, КПГ-2-150) және басқа да терең қопсытқыштармен өңдейді. Мұндай жерлерді міндетті түрде далалық аймақ үшін 50-100 м, шөлейт және шөлді аймақтар үшін 50-60 м жолақтар қалдырып жыртады.

Қатты шымдалған жерлерді жырту алдында алдымен дискілі тырмалармен (БДНТ-2,2, БДТ-3 т.б.) өңдеген тиімді. Далалық және шөлейт аймақтардың бірқатар аудандарында жыртылғаннан кейін шымдарды ұсақтау мен тегістеу үшін бірден дискілі сыдыра жыртқыштарды қолданады. Өңдеудің іздер саны шымның қуаттылығына байланысты.

Сүрі жерлерде жаз бойынша арамшөптерді тырмалау немесе қопсыту (сазды топырақта) арқылы жояды. Құмдақ және құмды топырақтарда сүрі жерлерді қопсытқыш-қыршуышпен (КПП-2,2 т.б.)өңдейді.

Жырту мерзімі. Орманды-далалық, далалық аймақтардың алқаптарында жерді ерте көктемде жырту тиімді. Өйткені осы мерзімде топырақтың беткі қабатының ылғалдылығы жеткілікті мөлшерде болады да топырақ өңдеу жұмыстары сапалы өтеді.

Көбінесе далалық құрғақ алқаптарды күзде шолақ түренді соқамен жыртады, көктемде жер қыртысын дискілі тырмамен (БДТ-3,0) қопсытады, содан кейін 2-3 рет тырмалайды (БИГ-3, БСС т.б.). Уақытша су тұрып қалған алқаптарды, ойпаттарды, сазды жерлерді күзде бұташықты-саздақты соқамен (ПКБ-75) жыртады, күзде немесе көктемде дискілі тырмамен (БДТ-3,0) немесе қопсытқышпен (ФБ-0,9, ФБ-2,0) өңдейді.

Өзен алқаптары мен көлтабандарды көктемде су қайтқасын жыртады, жер қыртысын дискімен немесе қопсытқышпен (БДТ-3,0, ФБ-2,0 т.б.) өңдейді.

Шөп тұқымын себер алдында топырақ дайындау жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Жер жыртқаннан кейін қыртысы мұқият ұсақталып өңделеді (БДТ-7, ЛДГ-15, ЛДГ-10 т.б.), беті тегістеледі (РВК-3,6, ВПН-5,6 т.б.). Содан кейін топырақты тұқым себер алдында және себілгеннен кейін тығыздайды (ЗКК-6А).



Тыңайтқыштар беру. Тыңайтқыштар жалпы қабылданған әдістер бойынша, топырақтан шөп өнімімен шығарылатын қоректік заттар мөлшері арқылы есептеледі. Фосфор және калий тыңайтқыштары бойынша олардың бірінші және келесі жылдары өсімдікпен қабылданатын барлық әсерлі заттар мөлшері есептеледі. Азот тыңайтқышы бойынша жыл сайын көктемде берілетін қоректік зат мөлшері арқылы анықталады.

Екпе шөп құрамдарының және оларды пайдалану әдістеріне қарай өніммен шығарылатын қоректік зат (NРК) мөлшерлері анықтама кітаптарынан алынады.

Минерал және органикалық тыңайтқыштар, әктер топырақтың биологиялық белсенділігін айтарлықтай көтереді, физикалық-химиялық қасиеттерін жақсартады, нәтижесінде екпе шөптерден жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді.

Шөп түрлерін және қоспаларын таңдау. Шөп түрлерін және қоспаларын таңдау сол жердің топырақ-климат жағдайына және екпе шөптерді шабындыққа, не болмаса жайылымға пайдалану мақсатына байланысты. Шөп қоспасының құрамында шөптің 2-5 түрі болса жай қоспалар, 5 түрден көп болса күрделі қоспалар деп аталады.

Орманды-далалық, далалық аймақтарда, құрғақ алқаптарда екпе шабындықтар жасауға еркекшөп, эспарцет, түйежоңышқа алынады, ылғалы мол жерлер үшін – еркек шөп, қылтықсыз арпабас, жоңышқаның буданды тобы, құмдық эспарцет және бұршақ-астық шөп қоспалары алынады. Екпе жайылымға кәдімгі бетеге, ситников тарлауы таңдалады. Ұзақ жыл бойы (10-15 жыл) пайдаланатын екпе шабындықтар мен жайылымдарға аталған шөп түрлерінен басқа тамырсабақты астық тұқымдастары – жатаған бидайық, көкшіл бидайық ж.б. алынады. Яғни шөп қоспаларына үш түрлі – тамырсабақты, сиректүпті астық тұқымдастар және бұршақ тұқымдас шөптер алынады.

Тәжірибе мен өндірістік көрсеткіштерге қарағанда қарапайым екі және үштік (1-2 бұршақ тұқымдасы+1 астықтұқымдасы) шөп қоспаларының өнімі күрделі қоспалардан кем түспейді. Қой шаруашылығы дамыған құрғақ далалық аймақта малды жаздық-күздік және күздік кезеңдерде жоғары сапалы азықпен қамтамасыз ету үшін тарлау қияқ, изен жайылымдарын да жасау керек.

Себу мерзімі. Көпжылдық шөптердің себу мерзімін дұрыс таңдау шөптердің бірдей және қалың көктеуінің және жасыл азықтан жоғары өнім алудың шешуші себептерінің бірі.

Қазақстанның далалық және шөлейт аймақтарында жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа ерте көктемде себіледі. Көпжылдық астық тұқымдас шөптерді себу мерзімі кең. Мысалы, Қазақстанның әртүрлі аудандарында ауа райы мен жердің ерекшелігіне байланысты еркекшөпті, тарлауды күзде, қыс түсер алдында, ерте көктемде себуге болады. Басқа астық тұқымдас шөптерді де әртүрлі мерзімде себуге болады. Бұршақ-астық тұқымдас шөп қоспаларын көктемгі жұмыс басталысымен себеді. Жаңбыры мол жылдары астық тұқымдас шөптерді жаз соңында (шілденің аяғында) себуге де болады.

Қыс түсер алдында себу мерзімін Батыс пен Орталық Қазақстанның шөлейт, сол сияқты республиканың оңтүстігі мен солтүстік-шығысындағы бірқатар шөлді және шөлейт жерлерде орналасқан шаруашылықтарында қолданады.

Себу мөлшері. Шөп тұқымын себу мөлшері таза күйінде 5-ші кестеде келтірілген.

Тұқым себу мөлшері топырақтың игерілу немесе мәдени деңгейіне және қолданатын агротехника сапасына байланысты. Мәдени деңгейі және агротехника сапасы төмен болған сайын, себу мөлшері көбейе түседі. Нашар дайындалған жерде тұқым себу мөлшері 25-50% дейін, ал шөпті жамылғымен сепкенде 15-20% дейін көтеріледі.

Өзен алқаптарының биік деңгейде орналасқан шалғындықтарын, таулы жердің шалғындық белдігінің оңтүстік беткейлерін, құрғатылған сазды жерді, төменгі алқаптардың, көлтабандардың шалғындықтарын жақсартқанда шөп тұқымының себілу мөлшері 20-40% көтеріледі.

3-ші кесте. Көпжылдық мал азықтық шөптердің себілу мөлшері, кг/га (таза күйінде 100% егістік жарамдылығы бойынша)


Шөп түрлері

Далалық

аймақта


Шөлейт аймақта

Шөл аймақта

Егістік жоңышқа

8-12

8-10

-

Сарбас жоңышқа

8-12

8-10

-

Эспарцет

40-60

35-50

-

Ақ түйе жоңышқа

12-16

10-12

-

Сары түйе жоңышқа

12-18

10-13

-

Қылтықсыз арпабас

18-20

-

-

Еркекшөп

10-14

10-12

10-12

Тарлау

8-10

8-10

-

Кәдімгі бетеге

8-10

-

-

Изень

7-9

7-9

7-9

Айта кету керек шалғындықта түбегейлі жақсартуға немесе екпе жайылымдар жасауға шөп түрлерін, қоспаларын таңдаудың және себу мөлшерлерін анықтаудың ғылыми қалыптасқан нақты түйіндері жоқ. Бұл көрсеткіштер әртүрлі елдер мен жерлерде әлі күнге дейін тұрақталмаған және де өндіріске жаңа шөп түрлері, жаңа сорттары мен будандары енгізілген сайын олардың себілу технологиялары да өзгеретіні белгілі. Көпжылдық шөптердің шалғындандыруға алынатын себу мөлшері, егістікте қолданатын себу мөлшерінен 20-30% жоғары болады.



Себу тәсілдері. Республикада екпе шабындықтар мен жайылымдар жасағанда шөпті жамылғысыз немесе жамылғылармен себеді.

Жамылғысыз себу тәсілдері өзен алқаптарын, көлтабандарды, сазды жерлерді жаз кезінде жақсартқанда кең тараған. Ол үшін топырақ беті жақсы өңделген болуы керек. Кебір және сортаң жерлерді жақсартқанда да шөптер жамылғысыз себіледі. Екпе шөптерді жамылғымен себудің бірқатар кемшіліктері бар. Жамылғы дақылдары шөп өскіндерін көлеңкелеп өсуіне кедергі жасайды, топырақтың қоректік затын және ылғалын пайдаланады, көпжылдық шөптің өсіп-өнуін кешіктіреді. Бірақта осы кемшіліктерге қарамастан ерте көктемде себілетін шөптерді жамылғымен себеді. Біріншіден –жақсартқан жылы шаруашылық жасыл шөп массасын алса, екіншіден – егістікті арамшөптерден қорғайды. Жамылғы ретінде жаздық астық дақылдары (арпа, тары, сұлы), біржылдық шөптер (біржылдық үйбидайық, итқонақ, судан шөбі т.б.) және олардың қоспаларын пайдаланады.

Көпжылдық шөптерді және олардың қоспаларын қатарлап (7,5-20,1 см), айқастандырып, кеңқатарлап себеді. Айқастап сепкенде алдымен жамылғы дақылды, содан кейін көлденең шөп тұқымын себеді. Қатарлап сепкенде жамылғы дақылы мен шөп тұқымын бір мезгілде әр қатарға себеді.

Ұсақ тұқымдарды 0,5-1,5 см тереңдікке, ірі тұқымдар мен жамылғыны 2-3 см тереңдікте себеді. Шөп тұқымдарын себуге арнайы астық-шөп сепкіштерді (СЗТ-3,6, СЛТ-3,6, СТС-2,1, СОН-4 т.б.) және басқа астық сепкіштерді (СЗ-3,6, СЗС-6, СЗП-3,6 т.б.) пайдаланады.



Екпе шөптерді күтіп-баптау. Көпжылдық шөптер және алабота тұқымдастары алғашқы жылы баяу өсіп-дамиды, нәтижесінде жамылғысыз себілген егістік арамшөптермен ластанып кетеді. Сондықтан көпжылдық шөптердің өсіп-дамуына жағдай жасау үшін бірінші жылы пайда болған арамшөптер шауып тасталынады. Көпжылдық шөптер мен жартылай бұталар себілген жайылымдарға бірінші жылы мал жаюға болмайды. Екінші жылы екпе шабындықтар мен жайылымдар ерте көктемде тырмаланады. Далалық аймақта көпжылдық шөптерді, толық (NPK) минерал тыңайтқышымен (гектарына 45-60 кг ә.з.) қосымша қоректендіреді. Үшінші жылдан бастап екпе шөптерді жыл сайын ерте көктемде ауыр тырмалармен тырмалайды және кейбір жерлерде (далалық аймақта) азот тыңайтқышымен (30-45 кг/га ә.з.) қоректендіреді.

Ескі жоңышқа егістігіне ерте көктемде тереңдете қопсыту арқылы жасарту жұмыстарын жүргізеді.



Түбегейлі жақсартудағы біржылдық дақылдар.

Мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартқанда қолданылатын екінші әдіс – біржылдық дақылдар себу арқылы жақсартатын жерді алдын-ала шымдау.

Далалық аймақта екпелі шабындықтар мен жайылымдар құруда мына біржылдық мал азықтық дақылдар жақсы өнім береді: итқонақ, судан шөбі, қонақжүгері, қонақтары, күздік қара бидай, арпа, сұлы. Бұдан басқа солтүстік аймақта жаздық сиыржоңышқа және оның арпамен, сұлымен қоспалары себіледі.

Аймақтың орталық бөлігінде (Ақмола облысы) сиыржоңышқалы – сұлылы қоспа жасыл азықтың да мол өнімін береді және оларды бір маусымда бірнеше мерзімде себуге болатыны белгілі болды. Орталық Қазақстанның қуаңшылық аудандарында (Қарағанды облысы) судан шөбі, қонақ жүгері, итқонақ және т.б. құрғақшылыққа төзімді біржылдықтарды себу тиімді. Батыс Қазақстанның далалық және шөлейт аймақтарында жылу сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді азықтық дақылдар қонақжүгері, судан шөбі, итқонақ жақсы нәтижелер береді.



3.Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту шаралары

Түбегейлі жақсарту өсімдік пен топырақты сумен қамтамасыз етеді, содан да оның үстіртін жақсартуға қарағанда болашағы зор. Мәселең 6,4 млн га жер қазірдің өзінде түбегейлі жақсартылған, алдағы жылдары бұл көрсеткіш тағы да 2 млн.га. артпақ. Жақсартылған учаскелердің түсімі 3-4 есе өсетінін ескерер болсақ, бұлда түсінікті. Мұның өзі оған кеткен шығынның 3-4 жылда өтелетініне кепілдік береді. Осы әдіспен жасалған жер оты әдетте 7-9жыл пайдаланылады. Бұл экономикалық жағынан да тиімді.

Күнделікті тұрмыста азық өндіруді түбегейлі жақсартудың жедел және жай бағыттары бар. Табиғи шабындықтар мен жайылымдықтарды жедел де түбегейлі жақсартудың мәні мынада: мұндайда табиғи жер оты орнына қолдан себілген мал оты жасалады. Ол үшін тың жер пар немесе жартылай парға айналдырылып, оған көп жылдық шөп себіледі. Ал тың жер жыртылған соң оны жай да түбегейлі жақсарту үшін оған жер қыртысын мұқият өңдеуді қажет етпейпін біржылдық азық дақылы себіледі. Соңғы түбегейлі жақсарту жүйесін пар негізгі роль атқармайтын-ылғал жинаумен жазда жел эрозиясына қуатты ұшырайтын-жерде қолдану тиімді. Өйткені тыңды жырту мұнда күзде жүргізілетін болғандықтан және учаскелердің пайдаланылмайтын мерзімі қысқаратын болғандықтан (күздік сепкенде өте қысқарады), түбегейлі жақсартудың жай әдісі құлшына қолға алынады.

Жеделдетіп түбегейлі жақсартудың аймақтық технологиясы (қолдан шалғындандыру) мынадай. Жер түрені бар плугпен 22-25 см етіп жыртылады. Сөйтіп жердің беті оның астына түседі. Жал болып үйілген топырақ екі рет дискілермен бір мезгілде тырмаланады. Ол топырақты уатып, майдалайды. Қалғанын ерте көктемде осылай, қолға алады. Әр өңдеуден соң жерді бедерлі катокпен тығыздайды, сол арқылы шымдайды, жер беті тегістеледі, топырақтың булануы азаяды. Қыстақар тоқтатылады.

Жалпы тың жерді өңдеу жартылай пар ретінде жүргізіледі. Бұлай өңдеген жағдайда топырақ уатылып, оған көпжылдық шөптердің майда ұрығын себуге мүмкіндік жасалады. Жер отын әсіресе жоңышқаның Көкше сорты мен қылтықсыз арпабас жақсы байытады.

4.Табиғи аймақтық жағдайында және топырақ типіне байланысты топырақ қыртысын өңдеудің мерзімі мен тәсілі. Тұқым жер тырмаланып, дискіленгеннен соң себіледі, яғни ерте көктемде сіңіріледі. Бұл жазғы, күзгі, қысқы ылғалды мүмкіндігінше пайдалануға жағдай жасайды. Тыңды бұлайша өндегеннен соң арамшөпке ерік берілмейді. Тұқым себуді астық шөп себетін сеялкамен атқарады немесе екі қайтара жүріп өтіп, тұқымының сусымалылығына қарай жоңышқа мен арпабас әр түрлі тереңдікке сіңіріледі. Яғни арпабас тұқымы 3-5 см, ал жоңышқа 1-3 см тереңдкке түсіріледі.

Тұқымның ойдағыдай өніп шығуы үшін (су келуі, жер бетін түзету т.т.) оны тісті-бедерлі катокпен нығыздайды.

Күз кешігіп түссе, арпабасты күзде сеуіп, ал жоңышқаны оның үстіне көктемде себеді.

Тұқым себу нормасы: жоңышқанікі гектарына 8 кг, арпабастікі 12 кг.

Далалы және солтүстік қуаң аймақтарындағы табиғи жайылымдықтар мен шабындықтарды түбегейлі жақсарту үшін жерді дайындау орманды-далалы аймақтармен бірдей. Бірақ жер жырту ерте қолға алынады (маусымның ортасы мен басы).

Жер отын жақсартатын көпжылдық шөп қатарына еркекшөп пен жоңышқаның қуаңшылыққа төзімді сорттары жатады. Жеңіл құмды топыраққа жоңышқа орнына құм эспарцетін енгізген жөн.

Тұқым астық және шөп егетін сеялкамен ерте көктемде себіледі. Себу нормасы: жоңышқа гектарына 7-8 кг, еркекшөп 9-10 кг, эспарцет 40-50 кг, оған қоса еркекшөп 9-10 кг. Жоңышқа мен еркекшөп 2-3 см, эспарцет 4-5 см тереңдікке сіңіріледі. Тұқым сепкеннен соң жер міндетті түрде тапталады.



5.Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартқанда жеделдетіп шалғындандыру және алдын-ала себілетіндақылдар.Тұқым жер дайын болысымен (көкгемнің аяғында), себіледі. Дән астық және шөп сеялкасымен 2-4 см тереңдікке сіңіріледі. Шөптердің ең жақсы қоспасы: жоңышқа+қылтықсыз арпабас, күрделісі-егістік жоңышқа+тікенді(терновый) лотус+қылтықсыз арпабас. Тұқым себу нормасы: гектарына жоңышқа 8 кг+қылтықсыз арпабас 14 кг немесе жоңышқа 5 кг +тікенді лотус 4 кг +қылтықсызарпабас 14 кг.

Аталған шөп қоспасына судан шөбін енгізер болсақ, өзек шалғынының түбегейлі жақсаруы одан бетер жеделдей түседі. Бір жыл ішінде-ақ ол басқа шөпке залалын тигізбей-ақ мол тусім береді. Алдын ала дақылды қатыстыру арқылы түбегейлі жақсартудың технологиясы мынандай. Жыртар алдында шым дискіленді, бұл істі жүргізу жеңілдетіледі. Кеңісте жұмыс көлденеңінен жүргізіледі. Түрен бар плугтен 22-25 см тереңдікте жыртылады

Жыртылған жердің кесегі дереу уатылып, көктемде дискіленеді. Алдын ала себілетін дақылдарды екпес бұрын жер тығыздалады.

Егіс кезеңінде арпа, сұлы және асбұршақ өсіріледі. Олар онша терең сіңіруді қажет етпейді, сондықтан да шымды онша уақтамаса да болады.

Оларды араластырып сепкен тиімді. Ылғалы мол жерге арпа-сұлы норманың 68% болуға тиіс. Мұндай қоспа мол өнімбереді, пішендемеге салуға да жақсы. Алғашқы өнім жиналысымен жер көпжылдық шөп егуге дайындалады, сөйтіп көктемде себіледі. Эспарцеттің себу нормасы гектарына 60-65 кг, сұлы немесетарғақ 10-12 кг. Орташа қуаңаймақтарда құм эспарцеті+қылтықсыз арпабастың Шығыс Қазақстан сорты жақсы шығады. Себу нормасы гектарына 50-55 және 14-16 кг. Тұқымының сусып тұратындығына байланысты оны арнайы сеялкамен 2-4 см тереңдікке сіңіріп себеді. Тұқым сеппес бұрын және сепкеннен кейін жер міндетті түрде нығыздалады Қалған жағдайда азықтық дақылдарды өсіру мен пайдаланудың технологиясы егістіктегі ауыспалы бірдей



Жерді жыртудың тереңдігі топырақ қабатына байланысты. Бірақ оның тереңдігі 20 см-ден кем болмауға тиіс. Өйтпеген жағдайда табиғи шөптің түбірлері сыртта қалып қойып, тез өседі де, жерді тұқым себуге арнап дайындауға кедергі жасайды.

Қысқа қарай жыртылған жер жал-жал куйінде қалады. Бұл қар тоқтатуға жақсы.Ерте көктемде, жер дегдісімен дискіленіп, тырмаланады, содан соң нығыздалып қуаңшылыққа төзімді арпа сорттары себіледі. Мұндайда тұқымды ерте себуге байланысты топырақты мұқият өңдеу мүмкіндігі болмай қалады, оның есесіне тәлімі жердің ылғалын ерте көктемде пайдалануға мумкіндік береді. Бұл арамшөптің өсуіне де кедергі жасайды, ол қауіпті емес. Оған арпа да бой бермейді.

Арпа жиналып алысымен учаске аймақтық технология бойынша өңделеді.Жер отын жақсартатын көпжылдық дақылға еркекшөптің қуаңшылықа төзімді сорттары ыңғайлы.

Тұқым себу ерте көктемде жүргізіледі, жеңіл топырақта қысқа қарай тұқымды арпа түбірі қалған жерге себе береді (өте ауыртопырақты жер түбегейлі жақсартуға жарамайды). Тұқым себу нормасы 120-130 кг/га, ол 1-2 см тереңдікке сіңіріледі.Тұқым сепкеннен соң ол міндетті түрде тығыздалады.Сортаң жерлерді түбегейлі жақсартуғаайрықша тоқталған жөн. Ондай жер Қазақстанда өте кеп. Сортаң жерді қолдан шалғынға айналдыру жай және түбегейлі жақсарту шаралары секілді жүргізіледі.

Оның технологиясы жердің бітімі мен қаншалықты сортаң екендігіне байланысты. Мұндай жағдайда жақсартылатын учаске қопсытылады немесе оның беткі қабаты терең етіп (10-12 см) жыртылады. Содан соң қайырмасыз терең (25-30 см) қопсыту жүргізіледі. Көктемгі егіс науқаны аяқталысымен тың жерді бұлай өңдеу тұқымның топыраққа дұрыс түсуін ал түбірінің қопсытылған тереңдікте қалуын қамтамасыз етеді.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.



Өзіндік тексеру сұрақтары

1.Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту деген түсінікке анықтама беріңіз және шараларды қолдану орындылығы.

2.Табиғи аймақтық жағдайында және топырақ типіне байланысты мал азықтық жерлерді жақсартқанда топырақ қыртысын өңдеудің мерзімі мен тәсілі.

3.Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартқанда жеделдетіп шалғындандыру және алдын-ала себілетін дақылдар.


Дәріс 13-14.

Мәдени шабындықтар мен жайылымдар жасау

1.Жайылымның маңызы.



2.Негізгі жайылымдық өсімдіктер.

3.Табиғи мал азықтық жердің өнімін анықтау.

4.Жайылым сыйымдылығы.

5.Жайылымдар жасау және пайдалану ерекшеліктері.

1. Жайылымның маңызы. Қазақстанда мал шаруашылығын қарқынды өркендетуде жайылым мен шабындықтың маңызы өте зор. Жаз кезінде мал жайылымнан 60%-ға дейін азықтық өлшем және шамамен 70%-ға дейін қорытылатын протеин қабылдайды. Орманды-далалық аймақта жайылым кезеңі 160-200 тәулік, далалық аймақта-180-220, шөлейт аймақта 220-280 тәулік және шөл аймақта барлық мал жайылымдықта жыл бойы бағылады. Қазақстан бойынша жайылымдықты пайдалану кезеңі орташа жарты жылдан астам.

Жайылымдық шөптің қоректілік бағасы өте жоғары. Табиғи жайылымның алынатын сапасы орташа азықтың 100 кг құрғақ затында 65 а.ө. және шамамен 6,5 кг қорытылатын ақзат бар. Ал құнарлы жайылымдықтардың, әсіресе екпе астықты-бұршақты шөп қоспасының 100 кг құрғақ затында 10 кг-нан жоғары қорытылатын ақзат және 100 кг дейін а.ө. бар. Пішенге қарағанда жайылымдық көк шөпте каротин (провитамин А) мөлшері шамамен 10 есеге дейін көп сақталады және де көк азықта Д, С, Е витаминдері жоғары.

Жайылымдықты тиімді пайдаланған кезде өнімі мен азықтық қоректік бағасы қатты көтеріледі, нәтижесінде онда бағылатын малдан алған өнімдер (ет, сүт, жүн т.б.) жоғарылайды. Өзен алқаптары мен таулы аудандарда орналасқан жайылымдарда бағылған сиырлардың сүттілігі тәулігіне 14-16 кг дейін көтерілген. Павлодар облысында Октябрьдің 25 жылдығы атындағы тәжірибе шаруашылығында құрғақ далалық аймақта табиғи және екпе жайылымдарды бірге тиімді етіп пайдаланғанда өгізшелердің (салмағы 250 кг) тәуліктік ет қосуы орта есеппен 900 г. болған.

Жайылым азығының сапасының мал өнімін жоғарлатудағы әсерін зерттеулерінен де көруге болады: жоғары сапалы жайылымда (астықты-бұршақты шөп) сауын сиырлар 13,3 кг (құрғақ массасы) дейін азық жегенде тәуліктің сүт беруі 21 кг болса, сапасы орташа жайылымнан тек 5 кг ғана сүт сауылған, ал сапасы нашар жайылым малдың тірі жүруін ғана қамтамасыз етуге ғана жараған.

Тағы да айта кететін жайт: жайылымда бағылған малдың барлық потенциалдық мүмкіндіктері толығымен ашылады. Жайылымда бағылған мал ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді, қысқы кезеңге жақсы шыдайды, организмі ауру-сырқауларға аз шалдығады және де жас төлдер жақсы өсіп-дамиды.

Табиғи және мәдени жайылымдардың мал жайылымдық маңызын көрсете отырып, оның тиімді пайдалану әдістерінің де өте актуальды екенін атап өтуге болады. Жайылымды мал жаюға тиімді пайдаланған жағдайда оның түсімі айтарлықтай көтеріледі. Мысалы жайылымда малды қоршаулар арқылы баққанда бір жерге бағылатын мал басын 20-35% көбейтуге болады, ал тиімді пайдаланудың барлық жүйелерін қолданғанда (малға шөпті дұрыс жегізу, уақытында күтіп-баптау, ауыспалы жайылым енгізу, қоршауларда бағу және т.б.) табиғи жайылымдықтың жалпы өнімі 2-3 есеге көтеріледі екен. Қазақстанның аймақтарында кездесетін негізгі табиғи жайылым топтарына тоқталайық.



Орманды-далалық аймақтағы жайылым топтарының мал азықтық өнімділігі ерте көктемнен жаз ортасына дейін көтеріледі. Оларды мамырдың аяқ кезінен бастап қазан айына дейін пайдаланады. Күзге қарай жайылым өнімділігі төмендейді. Күздің аяғында ауа райының бұзылуына байланысты жайылымға мал бағу қиындықтар туғызады. Бұл аймақта қарқынды мал бағу кезеңі 165 күндей. Көктемде және күзде жайылымдық азықтың жетіспеуі егістіктен алынатын азықпен толықтырылады және де бұл жерлерде қысқы мал азығын (пішен, пішендеме, сүрлем және т.б.) дайындауға да көп көңіл бөлінуі тиісті.

Далалық аймақта жайылымға мал жаю орманды-далалық аймаққа қарағанда 7-10 күндей ертерек басталады, яғни мамырдың орта кезінде. Жайылымды бір рет пайдаланған кезде, ең жоғары өнім жаздың бас кезіне келеді. Бұл жердегі жайылымдарды үш мезгіл пайдалануға болады: көктемде-бозды-бетегелі жайылымды, жазда-далалық-астықтұқымдас жайылымды және көлтабандарды, күзде-жусанды-сортаңды жайылымды. Бұл аймақта жайылымдық кезеңдер бойынша азықтың түсімі азды-көпті біркелкілеу.

Ең жоғарғы өнім көктемнің аяғы мен жаздың басында алынады, содан кейін құрғақ алқаптың шөбі құрағасын оттылықтың өнімі төмендейді, бірақ осы кезеңде көлтабандар мен өзен алқаптарынан жоғары өнім алуға болады.

Күзде жауатын жаңбырдың әсерінен алқаптарда алшынкөктер түсімі көбейеді. Бірақта жайылымдық кезеңнің басында да және аяқ кезінде де мал басы азыққа толық қамтамасыз етілмейді. Сондықтан осы кезеңдерді жайылымдық азық егістікте өсірілетін азықпен толықтырылады. Осындай мүмкіншіліктер далалық және құрғақ далалық аймақтарда малдың кейбір түрлерін жайылымда 170-195 күнге дейін бағуға болатынын көрсетті.

Негізгі жайылымдық өсімдіктер. Қазақстанның аймағында өсетін барлық өсімдіктер ішінен мал азықтық маңызы барлары көпжылдық және біржылдық шөптер, жартылай бұталар, бұталар және ағаштар.

Көпжылдық шөптер-ең көп тараған тіршілік пішіні өсімдіктер. Олар барлық кездесетін өсімдіктердің 62-65% құрады және оның 45% ғана мал азықтық желінуі (70-75%) және қоректілігі бойынша ерекшеленеді.

Осылардың ішінен малдардың түрлерімен әртүрлі деңгейде желінетін өсімдік топтары кездеседі. Жайылымда кездесетін онша биік емес құрғақ өсімдіктердің (эфемероидтар, ксерофилді астық тұқымдастары, аралас шөптер және т.б.) 85% -дайын қойлар мен ешкілер жақсы жейді.

Жылқылар биік сабақты көпжылдық шөптерді (17-20%) жақсы жесе, ірі қаралар көбінесе биік сабақты шырынды шөптерді (мезофиттер, гигрофиттер) жақсы жейді. Ірі қаралар қоректенетін шөп түрлері көп емес, негізінен олар көпжылдық (12-14%) шөптерді жейді.

Мал азықтық маңызы жоғары екінші топқа тіршілік пішіні жартылай бұташықты,жартылай бұталы, бұталы өсімдіктер. Республика көлемінде мұндай тіршілік пішінді өсімдіктер барлық өсімдік түрлерінің 16% құрады. Осылардың ішінен малдармен желінетіндері 70-75%. Бұл құрғақшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктер шөлейт және шөл аймақтарда кең тараған және қойлар, жылқылар, түйелер үшін негізгі азық көзі болып есептеледі. Бұлардың ішінен ең маңыздылары: жусандар, көкпектер, изень, күйреуік, қараматау, биюргін, теріскен, жантақ және басқалары.

Басқа тіршілік пішінді өсімдіктердің мал азығына қатынасы онша көп емес.

Қазақстанда барлық жоғарғы сатыдағы шөп түрлерінің ішінде бұталардың үлесі 5,6%, оның ішінде мал жейтін бұталар түрлері 68-72% және олар республиканың өсімдік жамылғысының 12% ғана құрады.

Көпшілік бұталардың жапырақтары мен жас өркендері түйелерге, жылқыларға кейбір жағдайда қойларға жақсы мал азығы және де бұталар қыс кезінде жайылымда қар тоқтату, малға ықтасын болу қызметтерін атқарады.

Ағаштардың ішінде шөлейт және шөл аймақтарда мал азықтық маңызы барлары ақ сексеуіл және қара сексеуіл. Бұлардың жапырақтары мен жас өркендері қысқы жайылымда малға жақсы азық.

Біржылдық шөптердің де жайылымда мал азықтық маңызы жоғары (егістіктегі арамшөптерден басқалары). Олар республиканың барлық өсімдік жамылғысының 5% құрады. Бұлар негізінен құрғақшылық аймақтарда өсетін эфемерлі өсімдіктер (мортық жабайы арпа, ойық шытыршық, арпаған, тасбеде т.б.), оны қой-ешкілер жақсы жейді.



Табиғи жайылымды пайдалану ерекшеліктері

Қазақстан аймақтарында табиғи шөптерді малға жегізу көпжылдықтардың көктемгі көктеуінен 14-17 күн өткесін басталады. Осы кезде өсімдіктер түптелу кезеңінен түтіктену немесе бұтақтану-шашақтану кезеңдеріне өтеді. Бұл кезең өсімдіктердің жайылымдыққа піскен кезі болып есептеледі, сабақтардың биіктігі 14-16 см жетеді.

Жайылымдық көпжылдық шөптердің басым көпшілігі (боз, бетеге, жатаған бидайық, қылтықсыз арпабас және т.б.) өсіп-дамуы бойынша қыстық топқа жатады, сол себепті олар қыс мезгілінде түбінде сақталған қысқа өркендері арқылы көктемде қарқынды өседі. Бұл өркендер көктемде жаңа шыққан өркендерге қарағанда тез өседі және өнімнің негізін құрады. Сол себепті жайылымнан, көктемнен бастап жақсы өнім алу үшін алдыңғы күзде оттылықты малға байқап жегізеді. Яғни жайылымдықта тұрғылықты суық түсерден 20 күндей бұрын мал бағуды тоқтату керек. Осы кезеңде жайылым өсімдіктері түбіне қоректік заттар жинап үлгереді де жақсы қыстап шығады.

Көпжылдық шөптердің бірінші алшын көгіне 20-22 күннен кейін мал жаюға болады, келесі алшын көктерді пайдалану 40-45 күннен кейін басталады. Сол себепті орманды-далалық және таулы (ортаңғы белдіктерде) жайылымдар пайдалану кезеңінде көбінесе 2-3 рет жегізіледі. Мал жаю ұзақтығы 8-9 күннен аспауы керек.

Айта кету керек, жайылымда мал бағу ұзақтығы негізінен ондағы өсімдіктер түріне, шығымдылығы мен өсуіне байланысты. Бозды-бетегелі оттылықты мамырдың ортасында 10-12 күн бойы, маусымның ортасында 12-14 күн бойы пайдалануға болады. Жартылай бұталы, жусанды-изенді және көкпекті жайылымдарды күздің басынан ортасына дейін орташа салмақ түсіріп пайдаланады.

Күзде қайта алшынкөк берген бозды-бетегелі жайылымды да осылай пайдаланады.



Табиғи мал азықтық жердің өнімін анықтау. Табиғи мал азықтық жердің өнімділігі жалпы және азықтық болып бөлінеді. Жалпы өнімділік дегеніміз-шабындық пен жайылымның белгілі кезеңдегі қалыптасқан өсімдіктер салмағының мөлшері. Азықтық өнімділік малдың пішенде, не болмаса жайылымда шын мәнінде пайдаланатын өсімдіктер салмағының мөлшері.

Табиғи шабындықтар мен жайылымдардың жалпы өнімін (түсімі) екі әдіспен анықтайды- орымдық алаңдар арқылы және зоотехникалық әдіспен.

Орымдық алаңдар арқылы анықтау әдісі өз кезегінде есептеу алаңы және трансекта (өсімдік түптері) әдістері болып бөлінеді.

Есептеу алаңдарын қолдану әдісі көбінесе бірегей шөп жамылғысы бар жерлердің өнімін анықтау үшін қолданады.

Трансекта әдісі бұташықты жайылымдардың мал азықтық қорын анықтау үшін ыңғайлырақ. Есептеу алаңдарын өсімдіктері біркелкі жайылым тобына орналастырады. Оттылықта өсімдіктері әртүрлі жайылымдар кездесуі де мүмкін. Шөл аймақта кездесетін шөптесін өсімдікті және бұталы аралас жайылымдардың өнімін анықтау үшін екі әдісті де қолданады, өйткені бұл әдістер жекелей мұндай жайылымдар өнімінің дұрыс көрсеткіштерін бермейді.

Орымдық алаңы арқылы анықтау әдісі бойынша тексерілетін мал азықтық жерден шөп жамылғысы бірыңғай келетін орымдық (үлгілік) 2,5 шаршы метр (ш.м.) өлшемдегі алаң бөлініп алынады. Осындай алаң 4 реттік қайталаумен алынып, шөбі орылып өлшенеді, нәтижесінде орымдық алаңның орташа өнімділігі анықталады. Алаңдардың биік-сабақты өсімдігін 4-7 см биіктікте, төменсабақты өсімдігін 3-4 см биіктікте орып көк күйінде және құрғақ күйінде өлшейді. Осыдан барып есептеу жолымен 1 га шабындықтың немесе жайылымның өнімі шығарылады.

Трансекта әдісі бұталы құмдық сілемдердегі жайылымдардың өнімін анықтауға қолданады. Ол үшін жайылымда трансекталар (жолақтар) бөліп содан арнайы бұталарды таңдап, олардың мал жейтін массасын өлшеу арқылы шығарылады.

Мысалы, 1 га жусанды-бозды жайылымның өсімдіктер жапқышының 45 пайыздық алаңын (4500 ш/м) жусанды құрам, 55 пайызын (5500 ш/м) бозды құрам алып жатыр делік, ал өнімділігі 1 шаршы метрде жусанды құрам 47 г. Бозды құрам 35 г. Болғанда жалпы өнімі былай анықталады:

4500 х 47 = 211500 г.

5500 х 35 = 176000 г.

387500 =387,5 кг = 3,9 ц/га.

Жайылымдықтың өнімін зоотехникалық әдіс бойынша анықтау алынатын мал өнімдері (ет қосуы, сүті, жүні т.б.) арқылы жүргізіледі. Ол үшін жайылым учаскесінде жайылымды жегізуден бастап аяқталғанша бағылатын мал басын, желінетін жайылымдық шөпті малға беретін қосымша азықты және малдан алынатын өнімді (ет, сүті) қатаң есепке алып жүйелі түрде өлшеп отыру керек. Мал өнімінің әр түріне кеткен азық шығынын а.ө. (азықтық өлшем) бойынша алып оны барлық алынған өнімге көбейту арқылы жалпы азық шығынын анықтайды. Жалпы азық шығынынан (а.ө.) малға берілген қосымша азықтық өлшемді (а.ө.) алып тастап малдың жайылымнан қабылдаған таза азығын шығарады. Жайылымның өнімі мал өнімі арқылы анықталуына байланысты «жайылым өнімділігінің терминінің орнына «жайылымдықтың түсімі» деген ыңғайлы.

Жайылымның өнімділігін осы әдіспен анықтаудың артықшылығы оның орындалу тәртібінің қарапайымдылығында. Өйткені малдың бағылуы, алынатын мал өнімдері шаруашылықта онсыз да күнделікті анықталып, есептеліп отырады. Бұл әдістің әлсіз жағына әртүрлі жайылым топтарының жалпы өнімдерінің және азықтың желіну коэффициенттерінің жеке анықталмайтынын жатқызуға болады. Зоотехникалық әдісті көбінесе жайылымға малды үздіксіз ұзақ мерзімге баққанда қолдану тиімді. Бірақта мұндай жағдайда екінші әдісті- азықты орып алып есептеуді де қолдану қажет. Өйткені зоотехникалық әдісте жайылымды пайдаланғанда орып алатын кездейсоқ (ыстық, суық, мал суару сапасы, мал бағу сапасы т.б.) әсерлер ескерілмейтініне байланысты көрсеткіштер дәл болмайды.

Жайылымның жалпы азықтық өнімін білу арқылы оның сиымдылғы анықталады.



Жайылым сиымдылығы. Жайылым кезеңінде 1 гектар жайылымға бағылатын мал басы бойынша сипатталады. Ол жайылымның жалпы түсімін және жайылымдық кезеңде мал басына керекті жайылымдық жасыл азыққа байланысты.

Тәулігіне бір мал басына керекті жайылымдық жасыл азық көлемі мынадай: сүттілігіне қарай 1 сиырға- 40-75 кг, бір жылға дейінгі бұзауға -15-25 кг, бір жылдан асқан төлге- 30-40 кг, қойға-6-8 кг, қозыларға-2-3 кг, жылқыға-30-40 кг.

Мысалы, жайылымдық кезең сиырлар үшін 160 тәулік десек, тәулігіне бір сиыр 50 кг жайылымдық жасыл азық жейтін болса, барлық кезеңге 50 х 160 = 8000 кг немесе 80 ц азық керек. Жайылымдықтың түсімі әр гектардан 40 ц азық дейтін болсақ, жайылым кезеңінде бір сиырға 2 гектар жайылым керек, яғни жайылым сиымдылығы 1 гектарға 0,5 бас болады.

Жайылымдар жасау және пайдалану ерекшеліктері. Шалғындық және жайылымдық шаруашылығында соңғы көздері «Мәдени жайылымдар» деген түсінік кең тараған және ол негізінен жайылымдар құру мен тиімді пайдаланудың теориялық және практикалық ерекшеліктерін қамтиды. Тәжірибе көрсеткендей ғылымның жетістіктерін өндіріске енгізе отырып жайылымдық шөп жамылғысын жасау және оны тиімді пайдалану мал азықтық жердің жайылымдық өнімін 2-4 есеге және одан да жоғары көтеруге болатыны анықталды.

Ғылыми әдебиеттерден белгілі болғандай мәдени жайылымдар жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден кем түспейтін және ылғалы мол жерлерде (өзен алқаптары, көлтабандар, батпақты ойпаттар) құруға болады. Жайылымдық кезеңде ылғалы жеткілікті, топырағы құнарлы жерлерден жоғары жайылымдық өнім (әр гектардан 25-40 ц) алынады. Құрғақ далалық алқаптарда шөл және шөлейт жерлерде жоғары өнімді шөп түрлерін таңдап (еркекшөп, тарлау, изень т.б.) себу арқылы мәдени жайылымдар жасауға болатыны белгілі.

Жоғары өнімді ұзақжылдық мәдени жайылымдар құрудың үш әдісі белгілі.

1. Құрамында бағалы азықтық шөптер бар табиғи мал азықтық жерлерді жақсарту арқылы;

2. Өткен жылдардағы екпе шөптерді пайдалану арқылы;

3. Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартып жаңа шөптер және шөп қоспаларын сеуіп пайдалану арқылы.

Мәдени жайылымдарды тиімді пайдалану міндеттеріне малды бағуды жүйелі түрде ұйымдастыру және уақытында оттылықты күтіп-баптау жұмыстары жатады.

Табиғи жайылымдықтардың бірқалыпты жақсы сақталуына және өнімі мен сапасын әрі қарай көтеру үшін жеңіл-желпі және түбегейлі жақсарту технологиясын, қолдану суармалы жайылымдар жасау және басқадай да істер атқарылады.

Түбегейлі жақсартылып екпе жайылымдар жасауға алдымен қала және ауыл маңындағы тозып кеткен жерлер қамтылуы тиісті.

Содан кейін су көздерінің маңайында орналасқан, оттылықтың ботаникалық құрамы малдың физиологиялық талаптарын қанағаттандырмайтын жайылымдық жерлер түбегейлі жақсартылып мәдени жайылымдар жасалады.

Мәдени жайылымдар жасау үшін кейбір жерлерге мәдени-техникалық жұмыстар: батпақты жерлерді құрғату, бұталар мен ұсақ ағаштардан тазалау, төмпешіктерді жою т.б. жұмыстар жүргізіледі.

Жоғары өнім алу үшін мәдени жайылымдарды жыл сайын жүйелі түрде минерал тыңайтқыштарымен қоректендіріп отырады. Сиреп кеткен жайылымдарға үстеп астық-бұршақ тұқымдас шөптерді себеді және де жыл сайын міндетті түрде күтіп-баптау жұмыстары, қоршауларды пайдалану арқылы жайылым шөбін дұрыс малға жегізу технологиясы міндетті түрде орындалуы тиісті.

Осындай технологиялық жұмыстар жүргізудің нәтижесінде мәдени жайылымдардың өнімі қатты көтеріледі.

Бұрын себілген ескі екпе шөптерді мәдени жайылымға пайдалану қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мұндай жайылымдарды жыл сайын минерал тыңайтқыштарымен қоректендіріп, қоршап, мал бағуды дұрыс ұйымдастырып отырса 3-5 жылдан кейін шөп құрамында жайылмға төзімді-шалғындық қоңырбас, жатаған беде және т.б. шөптер үлесі көбейіп жақсы оттылық түзіледі.

Өнімі төмендеп тозып кеткен жерлерді түбегейлі жақсарту арқылы екпе мәдени жайылымдар жасалады.

Екпе мәдени жайылымдар жасау ең тиімді, өйткені алғашқы жылдан бастап қуатты жайылымдық оттылық түзіліп пайдаланылады.

Мәдени жайылымдарды республиканың барлық аймақтарында жасауға болады. Ол үшін:

а) табиғи азықтық жерлерде өсімдіктер өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау (ылғалдылығы, беткі жақсару, қоректендіру т.б.);

б) жергілікті ауа райына бейімделген шөп түрлерін таңдап екпе шөптер жасау;

в) малды қоршауда бағуды және жайылымда 5-6 күннен артық бағылмайтын жүйені енгізу. Осы талаптарды орындаған жағдайда мәдени жайылымдардың өнімділігі ұзақ жыл сақталады.

Ылғалы жеткілікті жерлерде жайылым кезеңінде мәдени жайылымдардың әр гектарынан 2500-3000 а.ө. дейін алынады.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.



Бақылау сұрақтары

  1. Мәдени жайылымдардың маңызы қандай?

  2. Қазақстан аймақтарындағы негізгі жайылым топтарын және пайдалану көздерін атаңыз?

  3. Тау жайылымдарының ерекшелігі қандай?

  4. Жайылымда тараған негізгі өсімдіктер түрлері қандай?

  5. Табиғи жайылымды пайдалану ерекшелігін сипаттаңыз?

  6. Табиғи мал азықтық жерлердің өнімін қалай анықтауға болады?

  7. Жайылым сиымдылығы дегеніміз не?

  8. Екпе жайылымдар жасаудың маңызын атаңыз?

  9. Суармалы мәдени жайылымның маңызын атаңыз?

  10. Мәдени жайылымдарды күтіп-баптау жұмыстарына нелер жатады?



Дәріс15.

Жайлымды тиімді пайдалану.

1. Жайылымды тиімді пайдалану шаралары

2. Мал жаю мезгілі, желіну биіктігі мен дүркіні

3.Жазғы кезеңде мал ұстаудың тәсілдері.
1. Жайлымды тиімді пайдалану. Мал бағу жайылымдық өсімдіктерге айтарлықтай әсерін тигізеді. Мал жайылғанда оттылықтың зақымдануы, мал тұяқтарымен қопарылуы, тапталуы жайылымның жалпы құрылымын айтарлықтай өзгертеді.

Жайылымды дұрыс пайдаланудың мынадай негіздерін атауға болады: 1) жайылымға малды жоғары өнім алатындай етіп жаю; 2) мүмкіндігінше көбірек мал азықтандыру; 3) жайылымды пайдаланған жылдары жайылым өнімі мен өсімдіктердің жақсы мал азықтық құрамын жоғарғы деңгейде сақтау, және жайылым түсімінің одан әрі көтерілуі үшін жағдайлар туғызу.

Жайылымдарда шектен тыс мал жаюдың теріс әсеріне мыналар жатады: өсімдіктердің өзгеруі: (экологиялық, физиологиялық), өсіп-дамуында өсу ортасының бұзылуы. Мал жаю алдымен жайылым өнімділігімен «топырақ-өсімдік» жүйесіндегі алмасудың қарқындылығын көтереді, бірақ малдың жайылуы шектен тыс болғанда оттылықтың күйзелуі байқалады. Жайылымдықта малды шектен тыс жаю кезінде өсімдік бірлестіктері, олардың құрылыстары мен өнімділігінің қайта құрылуы өзгереді және де шектен тыс жайылу өсімдіктің тамыр жүйесі мөлшерінің өзгеруіне, тамырлардың жер бетіне қарай таралуына әсер етіп, олардың топырақтың жоғарғы қабатына орналасуына әкеледі. Шектен тыс мал жаю, сонымен қатар жайылымдық экологияны бұзады және топырақ жапқышына теріс әсер етеді: топырақ тығыздалады, ұсақ төмешіктер пайда болады, топырақтың кебуі мен күнге күюі күшейеді, нәтижесінде топырақ қатты құрғайды.

Сонымен қатар, жайылымды шектен тыс қарқынды пайдалану өнімін төмендетіп қана қоймай, өсімдіктің қысқы суықта үсуінен толық өлуіне дейінгі жағдайға әкеледі. Жайылымдықта жиі мал бағудан, немесе оны жиі орудан ауадан көмірқышқылын бойына сіңіретін жапырақтары сабақтың жоғарғы бөліктерінде (жоңышқа, атқонақ, жатаған бидайық т.б.) немесе сабақта біркелкі орналасқан (ак суоты, шалғындық атқонақ, бетеге т.б.) өсімдіктер қатты зардап шегеді .

Құмдық шөлдердегі ауытқу көрсеткіштеріне мыналар жатады:

а) өсімдік жапқышының сиреуі; б) құнсызданған ошақтардың пайда болуы; в) жергілікті өсімдік топтарынан негізгі түрлерінің жойылып кетуі және өсімдік қауымына жаңа сапасыз түрлердің енуі.

Көптеген ғылыми зерттеулер жайылымның тұрақты түрде тұқыммен және өсімдіктердің қажетті деңгейде өздігінен жаңартылуымен ұдайы өнімділігін сақтау үшін оларды экологиялық жағынан жүйелі тәртіппен пайдалану қажеттігін көрсетеді. Жайылымды тиімді пайдаланудың негізі болып оның табиғи сиымдылығы мен жайылатын мал сандары аралығындағы қажетті қатынастары.

Жайылымды тиімді пайдаланудағы экологиялық негізгі әсерлерді былай көтеруге болады: жылдың құрғақ мезгілдерінде топырақ бетінің қабатын қопсыту, өсімдіктер жапқыштарын жасау, және шөптік бірлестіктерде қарашірікті шымтопырақтар құрылуын тездету, топырақты қоректік заттармен байыту, бұталар мен жартылай бұталардың жапырақ арқылы ауа жұту алаңдарын айқындау, тұқымды сіңіруді жақсарту және т.б.

Келешекте жайылымның жоғары өнімділік жағдайын қамтамасыз ету үшін жайылымдық мониторинг – жайылымдық қорларды басқару жүйесін құру керек.

Жайылымды тиімді пайдалану үшін мал жаю мезгілін нақты анықтау, шөп желінуі биіктігі, реттері және сыйымдылық деңгейін сақтау маңызды роль атқарады.



Мал жаю мезгілі, желіну биіктігі мен дүркіні. Жайылымның өнімділігі және ұзақ жыл бойы сақталуы мал жаю кезеңін (басталуы және бітуі) нақты анықтауға байланысты.

Жайылымды малға ерте, не болмаса кеш жегізгенде топырақ беті қатты тығыздалады да өсімдіктердің әрі қарай өсіп-дамуы қиындайды. Бұл оттылықтың нашарлауына, өнімнің төмендеуіне және жайылымның күні бұрын азғындауына алып келеді.

Малды жайылымға ерте жайғанда өсімдіктің қоректік заттарының қорлануы және жұмсалуы бұзылады, нәтижесінде оттылықтың ботаникалық құрамы нашарлайды да жалпы өнімі төмендеп кетеді.

Бірақта жайылымға мал жаюды кешіктірмеу де керек. Өйткені бұл жағдайда оттылықтың мал азықтық сапасы түсіп кетеді, шөп дөрекіленеді, желінуі төмендейді.

Жайылымдықты көктемгі пайдаланудың календарлық мерзімі аймақтарда әртүрлі болып келеді. Ол негізінен аймақта қалыптасатын метеорологиялық жағдайға және оттылықтың ерекшелігіне байланысты.

Көктемде малды жайылымға шөп жаппай көктегеннен 12-20 күн өткесін шығарады. Осы кезде астық тұқымдас шөптердің ең жоғарғы қоректілігі қалыптасатын түптену-түтіктену кезеңіне, бұршақ тұқымдастарының –бұтақтану-шанақтану кезеңіне сәйкес келеді. Яғни осы кезеңдер жайылымның пісуі болып есептеледі.

Сонымен қатар жайылымда мал бағудың басталуы өсімдік сабақтарының биіктігімен де анықталады. Бұл көрсеткіш аймақтар және жайылым топтары бойынша әртүрлі болады.

Орманды далалық, далалық аймақтарда жайылымға мал жаю оттылықтың биіктігі 17-22 см, шөлейт, шөл аймақтарда- 14-17 см болғанда басталады.

Күзде жайылымда мал бағуды дер кезінде тоқтату да өте маңызды. Жайылымдық өсімдіктердің жақсы қыстап шығуы және келесі жылы жоғары өнім қалыптастыруы үшін күзде мал жаюды өсімдік өсу кезеңі аяқталуыға 22-28 күн қалғанда тоқтатады.

Жайылымдықты малға жегізу биіктігінің де маңызы зор. Төмен жегізілген (2-3 см) оттылықта жапырақ алақаны азайып, фитосинтездердің қарқындылығы төмендейді, нәтижесінде жайылым өнімі түседі. Биік жегізілген (10-15 см) оттылықтың өнімі толықтай жегізілмегендіктен алынатын шөп түсімі азайады.

Жайылым өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып төменгі шөп түрін 4-5 см, төбелі шөпті 6-7 см, эфемерлер мен эфемероидтарды-2-3 см биіктікте жегізу ұсынылған.

Екпе шөпті жайылымдарды малға жегізу биіктігі барлық аймақтар бойынша 4-5 см деңгейінде.

Жайылымның өніміне және ондағы өсімдіктердің дұрыс өсіп-дамуына жайылым кезеңінде мал жаю дүркінін де әсері болады.

Жайылым кезеңінде мал жаю дүркіні аймақтарда топырақ-климат жағдайына, жауын-шашын мөлшеріне және басқа да жағдайларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Табиғи мал азықтық жерлерде мал жаю дүркіні мынадай: орманды-далалық аймақта 3 ретке дейін; далалық аймақта-2-3 рет; өзен алқаптары мен төмен ойпат жерлерде-4-5 рет; шөлейт және шөл аймақтарда -1-2 рет. Шөл аймақтарда кейбір құрғақшылық жылдары жайылымда алшынкөк түзілмейді. Бірақ бұл аймақта да көпшілік жайылымдық жерді жылына 2 дүркін жегізуге болады: бұталы-жартылай бұталы-эфемерлі, эфемерлі-сораңды және эфемерлі-жусанды жайылымдарда 1-ші ретте қойлар эфемерлермен қоректенсе, 2-ші ретте- ірі сабақты шөптермен, сораңдармен, жусандармен қоректенеді. Осылай жайылымды малға 2 дүркін жегізу арқылы сиымдылығын 15-20% дейін көтеруге болады.

Көпшілік тау жайылымдарын бірнеше рет (2-4 ретке дейін) малға жегізуге болады. Бұл жерде жусанды-сораңды, жусанды-эфемерлі, жусанды-бозды жайылымдар ғана бір рет пайдаланылады.

Суармалы мәдени жйылымдарды жайылым кезеңінде 5-6 дүркін және одан да көп малға жегізеді.

Жоғарыдағы келтірілген жаю дүркіндері негізгі жайылым кластары мен топтары бойынша берілді. Әр аймақтарда кездесетін әртүрлі ұсақ жайылым топтары үшін жайылым кезеңіндегі мал жаю дүркіні өзгеруі мүмкін.

Айта кету керек, егер де жайылым учаскелері дер кезінде мал жаюға пайдаланылмаған жағдайда оның шөбін пішенге орады.

Жазғы кезеңде мал ұстаудың тәсілдері. Жаз кезінде мал ұстаудың бірнеше тәсілдері белгілі:

1. Жайылымдық - малдар жазғы жайылым кезеңінде табиғи және екпе шөптерде бағылады. Табиғи жайылымдар негізінен шөлейт және шөл аймақтарда, екпе шөптер көп жерлері егістікке жыртылып кеткен аудандарда орналасқан.

2. Айдап жаю тәсілі. Малды айдап жаю тәсілі жайылым фермадан 2-5 км қашықтықта болса, малды арнайы ұйымдастырылған жазғы табиғи немесе екпе жайылымдарда ұстау және жасыл конвейер құру арқылы малды қосымша азықпен қамтамасыз ету.

3. Шалғай жайылымдар жүйесі. Бұл жүйені жайылымдық жерлер мал қорасынан 100 км және одан да алыс қашықтықта орналасса қолданады. Шалғай жайылымдар көбінесе таулы аудандарда көп тараған.

Ол үшін мал бағылатын жерде мал түнейтін, сиыр сауатын лапастар, бақташыларға үй салынады (немесе киіз үйлер).



4. Малды қорада ұстау. Мал ұстаудың бұл тәсілі соңғы кездері қолданылып жүр. Ол көбінесе табиғи жерлердің егістікке жыртылып, жайылымдардың азайып кеткен аудандарда қолданылады. Барлық жазғы кезеңде мал қорада тұрып, арнайы шабылып әкелінген көк шөппен оттықтан азықтандырылады.

Мал ұстаудың барлық жүйелерінде жайылымдарды сумен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінуі керек. Су көздері өзен, көл, арықтар, құдық және арнайы науалар болуы мүмкін.

Қысқы жайылымды пайдаланғанда малды желге қарсы өрістеткен дұрыс. Сонда ауа райы бұзылып кеткен жағдайда малды қыстауға жеткізу оңайлау болады. Қысқы жайылымда қардың қалыңдығы 5 см дейін болса мал жақсы жайылады.

Мал жаю жүйесі. Қазіргі кезде мал жаюдың бірнеше жүйелері белгілі:

1. Еркін немесе жүйесіз жаю. Мал еркін жайылғанда жайылым өрісіне реттеп жаю мүмкіншіліктері болмайды;

2. Өрістеп немесе жүйелеп жаю. Өрістеп жаю кезінде, жайылым бірнеше өріске (загондар) бөлінеді және оларда көк шөптің өсіп-жетілуіне сәйкестендіріп мал кезектеп жайылады.

3. Арқандап жаю. Арқандап жаю әдісі екпе жайылымда мал басы көп (20-дан аспаса) болмаған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда көк шөп өрістеп жаюға қарағанда өте тиімді пайдаланылады. Көбінесе сүтті сиырларды, асыл тұқымды бұқаларды осы әдіспен жаяды.

Малды өрістеп жаю жайылымды тиімді пайдаланудың негізі болып есептеледі. Еркін немесе жүйесіз жаюға қарағанда малды өрістеп жаюдың айтарлықтай артықшылықтары бар. Өйткені малды еркін жайғанда олар барлық жайылымды шарлап, тек құнды өсімдіктерді ғана таңдап теріп жейді. Сол себепті жайылымдар жаз бойы тұяқкесті болып, өсімдіктердің өсу қарқыны төмендейді. Ал малды жүйелі жайғанда өрісте мұндай кемшіліктер толықтай жойылып жайылымның жоғары өнімі және оттылықтың жақсы күйі сақталады.

Біздің елімізде және шет елдерде жүргізілген көптеген тәжірибелер көрсеткендей малды жайылымда өрістеп жаю еркін жаюға қарағанда өнімнің өсуіне және бір учаскеде мал басын көбірек ұстап алынатын мал өнімін жоғарылатуына болатыны анықталған.

Өрістер көлемі шағын және саны көп болған жағдайда жайылымның өте тиімді пайдаланылатыны белгілі болды.

Жайылымда малды өрістеп жүйелеп жайғанда оны рет-ретімен пайдалану үшін бірнеше өрістерге бөледі. Алдымен малды бірінші өрісте бағады, оның шөбін жегізіп болған соң малды екінші өріске айдайды, оны жегізген соң үшінші өріске, содан кейін төртінші өріске, сол сияқты әрі қарай барлық өрістің шөптері жегізілгенше малды айдап, өрісті ауыстырып отырады, содан кейін малды қайтадан бірінші өріске ауыстырады.

Жайылымдық өрістерді екінші дүркін пайдалану алдыңғы қолданған кезектер бойынша жүргізіледі. Әр өріс учаскесінде алшынкөгі жақсы өсіп-өнуі үшін мал жаюдан 25-30 күндей бос болуы тиісті.

Малды өрістеп жүйелі баққанда, жүйесіз баққанға қарағанда жайылымдық шөптердің тіршілік қабілеті жоғарылайды да, күні-бұрын қартаюынан сақтандырады және жайылымның санитарлық жағдайын жақсартады.

Өрістеп жүйелеп жаюды қолданғанда жайылымдықта мал басы әр кезде өзіне жеткілікті көк шөппен қамтамасыз етілуді тиімді ұйымдастыруға болады. Бұл жүйені қолданғанда жайылым біркелкі жегізіледі және жайылымдық азық толықтай пайдаланылады, малдың пайдасыз артық жүруі азаяды, өрісті жегізгеннен кейін «демалыс» кезеңі туады, соның нәтижесінде жайылым өсімдіктері жақсы алшынкөк құрады.



Өрістің көлемі. Мәдени жайылымдықтарда мал бағылатын әр өрістің көлемін 4-5 гектардан алу тиімді, ал өрісті жылжымалы қоршаулар (электроизгороди) арқылы бөлшектеп пайдаланған жағдайда көлемін 8-10 гектарға дейін көбейтуге болады. Малды көлемі үлкен өрістерде баққанда жүйесіз бағылатын әдістің кемшіліктері туындайды.

Өрістер көлемін (ауданын) анықтағанда мал басының бір тәулікте жейтін жайылымдық азық нормасын, табында (отарда) бағылатын мал басын, өрісте мал жаю ұзақтығын (бір циклда) және жайылымда мал баққан кезде желінетін азық түсімін білу керек.

Ол үшін мына формуланы пайдаланады:

Өк= Тан х Мб х Өпұ / Жт + 15-20% сақтандыру қоры,

мұнда:

Өк - өрістер көлемі (га);



Тан – бір басқа керекті азықтың тәулік нормасы (кг);

Мб – табындағы (отардағы) мал басы (бірлік);

Өпұ - өрісті орташа пайдалану (бір дүркінде) ұзақтығы;

Жт – жайылым кезеңіндегі азық түсімі (кг/га).



Өрісті пайдалану ұзақтығы. Жайылымдық өрісті пайдалану ұзақтығы, онда мал бағылатын күндер санымен анықталады. Көпшілік жағдайда өрісте бағылуы 5-6 күннен аспауы керек. Мал бағу ұзақтығы бұдан көп болса жайылымның санитарлық (ішқұрттарының көбеюі) жағдайы нашарлауы мүмкін. Өрісті пайдалану ұзақтығы шөптің желіну биіктігіне де байланысты анықталады. Мал жайылған өрісте шөп биіктігі шамамен 5 см болғанда жайылымда мал бағуды тоқтату керек.

Өрістер саны. Жайылымда өрістер саны мал табынына (отарына) бекітілген жайылым көлемі мен өріс мөлшеріне байланысты анықталады. Сонымен қатар өрісті пайдаланғаннан кейінгі келесі дүркінге пайдалануға толық жетілген шөп өсуіне керекті уақытта (күн саны) есепке алынуы тиісті. Өрісті екінші дүркін пайдалану 20-25 күннен кейін, одан кейінгі дүркіндерде пайдалану 30-40 күннен кейін басталады. Өрістер саны мына формулалар бойынша анықталады:

Өсө.ұп.ұ.ө; немесе Өск.ұпұхЖкдсө

Мұнда:


Өс- өрістер саны (бірлік);

Жөұ – жайылым шөптерінің дүркіндер арасында өсу ұзақтығы (күн);

Өпұ - өрістерді орташа пайдалану ұзақтығы (күн);

Жкұ – жайылым кезеңінің ұзақтығы (күн);

Жкдс – дүркіндер саны (бірлік)

Қө - қосымша пішендік өрістер (бірлік)

Оңтүстікке қарай жылжыған сайын жазғы жайылымдық кезең ұзарады, жайылымның алшынкөк түзуі төмендейді, пайдалану дүркіні азаяды, нәтижесінде өрістер саны көбейеді. Топырақ-климат жағдайына қарай жайылымдықта өрістер саны 8-ден 16-ға дейін болады. Бұған пішендік өрістерді және сақтандыру өрістерін қосса, өрістер саны 20-30-ға дейін жетуі мүмкін.

Таудың белдіктерінде орналасқан жайылымдарда өрістер саны әр түрлі келеді: альпіде – 8-10, субальпіде – 10-12, орманды-шалғындықта – 12-16, далалықта – 16-20-ға дейін.

Москваның Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясының мәліметіне қарағанда суармалы мәдени жайылымды тиімді пайдалану үшін өрістер көлемін 4,5-5,5га, санын 12-дей етіп алу керек (Н.Г.Андреев, 1987).

Өрістер көлемі және саны анықталғаннан кейін жайылымдық кезеңде табынға (отарға) керекті жалпы жайылым көлемі анықталады.

Өрістер пішіні. Өрістер пішіні жайылымда мал бағуды жеңілдетіп, оттылықты күтіп-баптауға техника қолдануға тиімді болуы керек. Өрістің ең жақсы пішіні тікбұрышты және қабырғаларының өзара (жалпақтығы мен ұзындығы) қатынасы 1:2, 1:3 немесе 1:4. Суармалы жайылымдарда өрістің жалпақтығы мен ұзындығын жаңбырлатқыш машиналардың маркасына қарап анықтайды да, көбінесе жалпақтығы 120-160м шамасында алынады. Кейбір жағдайларда өрістер пішіні табиғи жайылымдардың шекараларына (өзендер,ойпаттар, жолдар, т.б.) байланысты да болады. Өрістердің пішінін және көлемін анықтағанда, онда бағылатын мал түріне де қарайды. Өріс ішінде малдың бір-біріне бөгет жасамай еркін жүріп бағылуын қамтамасыз ету керек. Мысалы, ірі қара мал үшін өрістің жалпақтығы (бір басқа) 2м, қойлар мен ешкілерге – 0,3м ұсынылады.

Өрістерді малға жегізу тәртібі де жайылымды тиімді пайдаланудың маңызды саласы. Бірінші ретте малға жайылым шөбі түтіктенген өріс желінеді. Егер де басқа өрістерде шөптердің жайылымдық пісуі байқалып, оларға мал жайылмаса, ондай өрістерді пішенге, пішендемеге, не болмаса көк азыққа ору керек.

Жақсы оттылық қалыптасқан өрісті мал жаюға бөлектеп пайдаланған өте тиімді. Ол үшін өрісті жылжымалы қоршаулардың (тоқпен бөлінген) көмегімен бірнешеге бөлшектеп жегізеді. Жылжымалы қоршаулар күніне 1-2 рет ауыстырылады. Бұл жағдайда мал оттықта азықтанғандай өрістің шөбін толықтай жейді. Өрістерді жылжымалы қоршаулар арқылы бөлектеп жегізу Еуропа елдерінде, Жаңа Зелландияда көп тараған. Қазіргі кездері Ресейде, Белоруссияда және басқа да елдерде қолданылып жатыр. Жылжымалы қоршаулардың арқасында мал күнде жаңа таза өрісте бағылады.

Қазақстандағы табиғи маусымдық жайылымдар

Қазақтың жайылым және шабындық ҒЗИ (қазіргі жайылым және мал азығын өндіру ҒЗИ) мәліметтері бойынша Қазақстан жайылымдарын пайдалану жүйесі бойынша былай бөлінеді: жазғы, көктемгі – жазғы, күзгі, көктемгі – күзгі, қысқы және жыл бойғы.



Жазғы жайылымдарға биіктаулы альпі жайылымдары, өзен алқаптарындағы және орманды-далалық аймақтағы жайылымдар жатады.

Көктемгі-жазғы жайылымға – Орталық Қазақстанның аласа таулы жерлеріндегі жайылымдар, Солтүстік және Солтүстік-Батыстың бетегелі бозды далалық алқаптары жатады. Бұл жерлер мал бағуға тек жаздың басында ғана дайын болады.



Күзгі жайылымдарға негізінен изень, теріскен және басқа да жартылай бұталылар араласқан сораңды – жусанды жайылымдар жатады.

Көктемгі-күзгі жайылымдарға оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста құм жолақтарының етегіндегі жайылым массивтері, Бетпақдалада орналасқан жайылымдар жатады. Жайылымның бұл топтары далалық аймақтың оңтүстігінде, шөлейт, шөл аймақтарда, тау бөктерлерінде орналасқан және республикадағы барлық жайылымның 15% құрады. Оңтүстік аудандарда олар эфемерлі-жусанды, эфемерлі-сораңды-жусанды және жусанды-эфемерлі-құмды-ебелекті бірлестіктер түрінде кездеседі. Бұл жайылымдықтарда ерте көктемде және жауынды күзде эфемерлі өсімдіктер жайылымның негізгі азығы. Яғни жайылымдықтарда өсетін өсімдік топтары бойынша оларды екі кезеңдік деп атауға болады: эфемерлер мен эфемероидтар – көктемде, жусандар мен сораңдар – күзде желінеді. Далалық аймақтың оңтүстік жағында көктемгі-күзгі жайылымдарға астықты-жусанды далалар да осы маусымға жатады.

Қыстық жайылымға негізінен шөл аймақта және шөлейт аймақтың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыста кездесетін құм массивтері және одан басқа таулы, аласа таулы массивтердің оңтүстік беткейлері жатады. Бұл жайылымдарда қыста қардың аз түсуіне, немесе мүлде болмауына байланысты құмда өсетін ірі бұталылар мен жартылай бұталы өсімдіктер мал жаюға өте қолайлы келеді.

Күзде және қыста қорытылатын протеиннің жеткілікті мөлшері күрделігүлділерде, алабота тұқымдастарында, ұзақ тіршілік кезеңді көпжылдық шөптерде, бұталар мен жартылай бұталарда болады (6-шы кесте).


4-кесте. Солтүстік шөлейт аймақта мал азықтық өсімдіктердің қоректілігі (100 кг өте құрғақ массасы бойынша а.ө.)


Өсімдіктер

Көктем

Жаз

Күз

Қыс

Барлық тіршілік кезеңінде

Сұр теріскен

87

51

33

-

51

Сібірлік еркекшөп

81

67

46

-

63

Қара жусан

73

45

34

-

46

Сұр жусан

87

58

49

-

60

Бұйырғын эфемерлер мен эфемероидтар

69

88


51

56


40

49


-

-


50

59


Изен

73

71

51

-

66

Аралас шөптер

51

49

42

-

49

Баялыш

37

34

44

-

37

Көкпек

37

40

38

-

39

Орташа есеппен:

69

53

46

-




Мойынқұм, Оңтүстік Батыс Қазақстан жусанды-құбылмалы-аралас

шөпті жайылымдар

Астықтұқымдастар

75

72

45

34

-

Жусандар

53

67

50

42

-

Желінетін аралас шөптер

75

76

49

37

-

Орташа есеппен:

68

75

48

38

-


Мал жаю әдістері. Жайылым кезеңі оттылықты жегізуді үйретуден басталуы керек. Қыстан шыққан малға азық (пішен, сүрлем т.б.) мөлшерін азайта отырып жайылымдық көк шөпке жая бастайды. Бірінші күні малды жайылымда 1-2 сағат бағады, екінші күні – 2-3 сағат, осылай мал көк шөпке толық үйренгенше бағу мерзімі өсе береді. Жайылымдарда мал бағу мерзімінің ұзақтығы 10-12 сағаттай болуы тиісті.

Жайылым шөбін малға жегізудің ең тиімді әдісі қоршалған өрістерді пайдалану. Өрістерді қоршауға қолда бар материалдарды (сырғауылдар, сымдар т.б.) пайдаланады. Малды қоршалған өрістерде баққанда оттылық бірқалыпты жегізіледі, малшының жұмысы азаяды. Өрісті бөлшектеп порциялап малға жегізген ең тиімді болып есептеледі. Ол үшін жылжымалы «электропастух» пайдаланады. Бір өрісті жегізіп бітіргеннен кейін электр қоршауын келесі өріске ауыстырылады.

Қазіргі кезде өрістерге мал бағу «электропастух» арқылы жүргізу Англияда, Францияда, Голландияда, Германияда, Белгияда және басқа да елдерде кеңінен қолданады. Көпшілік елдерде (АҚШ, Англия, Австралия т.б.) жайылымға ірі қара мен қойларды бірге бағу әдісі қолданылады. Бұл жағдайда жайылымды пайдаланудың тиімділігі айтарлықтай жақсарады, әр гектардан түсетін мал өнімі көбейеді.

Жайылымдарды күтіп-баптау. Жайылымның жоғары өнімін және сапасын сақтауға жыл сайынғы жүйелі түрде жүргізілетін күтіп-баптау жұмыстарының да маңызы зор. Жайылымда мал жемеген шөп қалдықтарын шауып тастау, мал тезектерін ұсақтап тегістеу, минерал тыңайтқыштарын беру және суару жұмыстары жайылым өнімін 30% дейін көтереді. Мал жайылымынан кейінгі шабыс өсіп кеткен шөп сабақтарын, мал жемейтін зиянды және улы шөптерді жояды. Жайылым бетін жүйелі түрде шауып отыру малға керекті: көк шөптің біркелкі өсуіне, сапасына және азықтың желінуіне оң ықпал жасайды.

Шөп қалдықтарын мал өрістен шығара салысымен шабу керек, кешіктірген жағдайда оттылықтың алшынкөк құруы кешігеді де жайылымды малға жегізу мерзімдері бұзылады және өнімі төмендейді. Шөп қалдықтарын шабу биіктігі 5-6 см биіктікте жүргізіледі. Желінбеген шөп қалдықтары аз болса орында қалдырады, ал көп болса жинап, кептіріп малға төсеніш ретінде пайдаланады.

Суармалы мәдени жайылымдардың өнімін және сапасын көтеруде азот тыңайтқыштарының (N240-300 кг/га) маңызы зор. Азот тыңайтқышы бөлшектеп: көктемде және пайдалану дүркіндерінен кейін беріледі. Азот тыңайтқышымен бірге фосфор-калий тыңайтқыштары (Р60К60 кг/га) да беріледі. Жайылым шөбі құрамында 30-40% бұршақтұқымдас шөп болса тек қана фосфор-калий тыңайтқыштары беріледі. Минерал тыңайтқышы шашылғаннан 14-15 тәулік өткесін ғана жайылымға мал жаюға болады.

Қысты күні жайылымға қар тоқтатылады да көктемде қар суымен қанықтырылады. Жайылым шымы құрғай салысымен азот тыңайтқышы беріліп беті тырмаланады (БПШ-3,1).

Ауыспалы жайылым

Жайылымдықты жыл сайын бір мезгілде пайдалану оның өнімінің төмендеп және ботаникалық құрамының нашарлап кетуіне себепші болады. Мұндай жайылымдарды мал азықтығы бағалы өсімдік түрлері жойылып, орнына қоректілігі төмен, зиянды және улы өсімдіктер басып кетеді. Сондай-ақ жайылымдықты жыл сайын ерте пайдалана берген жағдайда бағалы шөптердің тұқымдарымен өркен жаюы тоқтап өнімі қатты төмендейді.

Табиғи және екпе жайылымдардың өнімі және жайылым шөбінің қоректілігі нашарлап кетпеуі үшін шаруашылыққа ауыспалы жайылым жүйесін енгізу қажет.

Ауыспалы жайылым деп бір жыл ішіндегі, мал жайылу кезеңінде, немесе бірнеше жыл ішінде жайылымды пайдалану мерзімі бір негізгі жүйеге сәйкес өзгеруін және оны күтіп-баптау жүйелерін айтамыз.

Ауыспалы жайылымның көлемі оның өнімділігіне, пайдалану циклына, онда малдың жайылу мерзіміне және әр мал басына тәулігіне қажет шөп мөлшеріне байланысты болады.

Ауыспалы жайылымды және оның айналымының нобайын жасау үшін мынадай шарттарды ұстайды:



  • жайылымдықты таңдап алу;

  • жайылым сиымдылығына сәйкес жайылымды дұрыс пайдалану, мал санын белгілеу;

  • жайылым оттылығының ерекшеліктеріне байланысты оның шөбін жегізудің дұрыс маусымын белгілеу;

  • ауыспалы жайылым алаңының маусымдық немесе жылдық өрістер шамасында жайылымның шекарасын (көлемін) анықтап, мұқият белгілеу;

  • жайылым айналымын жыл сайын мүлтіксіз орындау.

Жыл бойғы пайдалану, күтіп-баптау жүйесін жайылымның жылдық айналымы деп атайды. Ал жыл сайынғы пайдалану және күтіп-баптау жұмыстарының жүйесін жайылым айналымының ротациясы, немесе толық айналымы деп атайды.

Далалық және құрғақ далалық аймақтарда жылдар бойынша ауыспалы жайылымды пайдалану мынадай жүйемен іске асырылады (жайылым айналымы):

1 жылы- көктемнен бастап шөбін екі дүркін жегізу;

2 жылы – шөбін екі дүркін жегізу (көктемде, немесе жаз басталарда және күздігүні);

3 жылы – тұқым салғаннан кейін күзде шөбін бір дүркін жегізу;

4 жылы – жазда шөбін бір дүркін жегізу.

Шөбі шамадан тыс жегізілген жайылымдарда жайылым айналымына бесінші тынықтыру және шөп егу танапты қосқан жөн.

Жайылымдықтағы мал жаюға пайдалана отырып сол жерде пішен шабуды ұйымдастыруға мүмкіндік болса оған бір немесе бірнеше танаптар қосылады.

Ауыл маңайларына қалпына келтіру шараларын қолдана отырып, ауыспалы жайылымдар енгізу қажет.



Шөлейт аймақта жайылым айналымын енгізу үшін оның мынадай нобайын ұсынуға болады:

1 жылы – көктемнен бастап екі дүркін жегізу;

2 жылы – шілденің екінші жартысында- тамызда шөбін бір дүркін жегізу;

3 жылы – шөбін екі-үш дүркін жегізу (басталуы маусымның екінші онкүндігінде);

4 жылы – қазанда шөбін бір дүркін жегізу;

5 жылы – маусымның екінші жартысында – шілденің басында шөбін бір дүркін жегізу.

Жайылым шөбін жегізу мерзімдерін осылайша кезектестіргенде екінші және төртінші жылдарда өсімдіктің басым бөлігі ұрықтандырғаннан кейін жүргізіледі, мұның өзі шөптің қалыпты күйде қайта шығуына мүмкіндік береді.

Жайылымды қарқынды пайдаланғанда оның өнімі төмендеп кетуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін оны үш-төрт жылда бір рет тынықтырады, немесе күзде бір рет мал жаяды. Ол үшін Бегучев пен Гайдуковтың ұсынған схемасы бойынша 4 жылдық айналым қолдануға болады.

1 жылы - көктемнен бастап шөбін үш дүркін жегізу;

2 жылы – тынықтыру, немесе шөбін бір дүркін кешеуілдетіп жегізу;

3 жылы - мамырда жайылымға шығарудан бастап шөбін екі дүркін жегізу;

4 жылы - қайтадан шөбін үш дүркін жегізу;

Жайылымды тынықтыру үшін өсімдіктің қара күзде мал жаю нәтижесінде тынықтырылуы көмірсуының қоры жинақталуына, тамыр жүйесінің өздігінен ұрықтануына және жайылым өніміне бірдей әсер ететін шөлейт жерлерде атқарылған жұмыстар арқылы анықталады.

Астықтұқымдас, жусан өсетін қуаң даланың көктемнің аяғы, жазғы және ерте күзгі жайылымдар үшін мынадай ауыспалы жайылым схемасы қолайлы:

1 жылы - екі дүркін жазғы өріс;

2 жылы - екі дүркін жазғы өріс;

3 жылы - көктемгі және бір дүркін жазғы өріс;

4 жылы - жазғы өріс;

5 жылы - күзгі өріс;

Батыс Қазақстанның Еділ-Жайық өзендері аралығындағы шөбін толықтай жегізілген құмды топырақ жайылымдарында мынадай төрт жылдық ауыспалы жайылымдар ұсынылады:

1 жылы - шөбін екі дүркін жегізу (көктемгі-күзгі);

2 жылы - шөбін екі дүркін жегізу (көктемгі-жазғы);

3 жылы - тынықтыру;

4 жылы - өніп-өсу аяғында шөбін бір дүркін жегізу.

Шөл аймақта жазықтық жерлердегі жайылымдарды тарихи қалыптасқан көктемгі-күзгі өріс ретінде пайдаланады. Жайылымдарды пайдаланудың мынадай схемасын қолдану ұсынылады: көктемде - құм арасындағы жусан раңтәріздестер мен астықтұқымдас түрлі шөп өсетін тау бөктеріндегі учаскелер; жазда - тау мен ұсақ шоқылардың астықтұқымдастары өсетін жайылымдары; күзде - жазықтықтағы жусандар; қыста құмды жердегі бұталар мен түрлі шөптер.

Қазіргі уақытта жайылымды пайдаланудың мұндай схемасы аздап сақталып қалды. Көбінесе шөл жайылымдардың шөбін 1-2 маусым емес, 3-4 маусым бойы жегізеді. Ал мұның өзі сол жердің топырағының анағұрлым құнарсыздануына әкеліп соқтырады. Жайылымды осы күйден шығару үшін ауыспалы жайылымның неғұрлым қарапайым схемасын орындау қажет. Олар екеу:

Бірінші - өсімдік қауымының айырықша басым түрлері әлі де болса өсіп көбею қабілеттілігін жоғалтпаған, тозған, құнарсызданған жерлер үшін үш маусымды төрт жылдық ауыспалы жайылым схемасын енгізгенде танаптардың мынадай айналымын қолданған жөн:

1 жыл

көктем

күз

тынығу

жаз

2 жыл

жаз

көктем

күз

тынығу

3 жыл

тынығу

жаз

көктем

күз

4 жыл

күз

тынығу

жаз

көктем

Кезектестірудің көрсетілген жүйесінде тынығу үшін шын мәнінде нақтылы учаскеге қатарынан екі жыл беріледі. Осы шаралардың нәтижесінде өнімді бірыңғай толық жегізген кезде тозған жайылымдар негізгі өсімдіктерді бірте-бірте қалпына келтіре отырып алады және болашақта неғүрлым тиімді келетін ауыспалы жайылымның үш жылдық схемасы бойынша пайдаланылады.

Екіншісі-негізгіөсімдіктісақтапқалғанжайылымдарүшін:



1 жыл

көктем

күз

жаз

2 жыл

жаз

көктем

күз

3 жыл

күз

жаз

көктем

Жайылымдарды схема бойынша пайдаланғанда міндетті шартпен кезектестіру жүйелігін сақтау: «жаз» одан кейін «күз», яғни егер танап үстіміздегі жылғы жазда пайдаланылған болса, келесі жылы мал міндетті түрде күзде жайылуға тиіс.

5-кесте. Шөл аймақта жайылым жасау және оны пайдалану (жайылымдық конвейер жобасы)

Ерте көктемгі кезең

15.ІІІ-15.ІУ



Көктемгі кезең

15.ІУ-10.У



Ерте жазғы уақыт кезеңі

1.У-31.УІ



Жазғы кезең

1.УІІ-1.УІІІ



Күзгі кезең

1.УІІІ-ХІ



Табиғи жайылым (эфемерлі)

(30) тәулік



Тарлау ситников
(25) тәулік

Тарлау (жайылымның аяқ кезі) жіңішке еркекшөп (жайылымның бас кезі)

50 (20+30) тәулік



Жіңішке масақты еркекшөп

(30) тәулік



Изень

(115) тәулік



Оңтүстік шөл жерлерде қысқы учаске неғұрлым көлемді болуға тиіс, өйткені мұнда мал қыс бойы жайылады. Оның үстіне, қойқора маңындағы учаске жыл сайын қозыларды ерте көктемде жаю үшін қажет. Жыл сайын шөбін толық жегізу, немесе жайылымдардың қой қора маңындағы учаскелерін пайдалану коэффициенті 0,4-0,5-тен аспауға тиіс. Жыл сайынғы қой санының осындай шамалы болуы жайылымдардың қой қора маңындағы учаскелерінің ұзақ жыл бойы өнімділігін қамтамасыз етеді (5-ші кесте).

Бұл жайылым қойға шөл аймақта тиімді. Барлығы 250 күн жайылымдық.

Шөл аймақтарда тозып кеткен жайылымдарды түбегейлі жақсарту арқылы айналымға енгізіп пайдаланады.



Таулы жердің ауыспалы жайылымы. Тянь-Шань және Алтай аймақтарында өсімдіктер әрқилы мерзімде жетіледі. Таулы жайылымдарда мал әдетте 100 күнге жуық болады.

Тау бөктерінде және таудың орта шенінде үш учаскенің шөбін екі дүркін жегізген жөн: бірінші, малдың әр учаскеде 2-3 күн бойы неғұрлым бірыңғай болуы, екінші, 7-8 күн бойына негізгі шөпті жегізу. Ал таудан кері қайтарда бұл учаскелердің әрқайсысының шөбі 5-6 күн бойы бір дүркін жегізіледі. Жайылым айналымы бойына жыл сайын алмасып отыратын учаскеде мал қайтып ораларда 3-4 күн жайылады.

Шөбі шамадан тыс пайдаланылған таулы жайылымдарда бес жылдық ауыспалы жайылымды пайдаланған тиімді. Мұнда бес учаскенің үшеуі жыл сайын өріс ретінде пайдаланылады, ал бір учаске тынықтырылатын болады, бір учаске пішенге шабылады.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.



Бақылау сұрақтары

  1. Жайылымды қалай тиімді пайдалануға болады?

  2. Мал жаю мерзімі мен шөптің желіну биіктігі өніміне қалай әсер етеді?

  3. Мал жаю жүйесі дегеніміз не?

  4. Маусымдық жайылымдар дегеніміз не?

  5. Ауыспалы жайылым және жайылым айналымы дегеніміз не?

16Дәріс.

Егістікте мал азығын өндіру

1. Дәндіжем-шөп дақылдар.

2.Арпа.Маңызы және өсіру технологиясының ерекшеліктері.

3.Сұлының маңызы және өсіру технологиясының ерекшеліктері.

1.Дәндіжем-шөп дақылдар.Өсімдіктер мал азығының негізгі көздері-егістікте және шалғындықта мал азығын өндіру, бірақ орманды-дала және далалы аймақтарда көп жыртылған жер көлеміне байланысты егістікте азық өндіру малшаруашылығына 70 %-ға дейінің барлық мал азығынын береді, бұл көрсеткіш құрғақ далалы аймақтарда 50-60 %-ға дейің шөл және шөлейт аймақтарда 20-30 %-ға дейін төмендейді. Егістікте дәнді жем-шөп дақылдар, сүрлем дақылдар, көпжылдық және біржылдық шөптер, пішен,пішендеме, құрама жем, витаминді шөп ұнының шикізатын алу үшін өсіріледі.

Ең жақсы құрама жем дәнді жем-шөптерден арпа, сұлы, жүгері және дәнді бұршақ және т.б. дақылдардан дайындалады.Астық шаруашылығы-барлық ауылшаруашылығы өндірісінің негізі болып саналады. Бірақта жоғары сапалы бидай өндірісімен қатар жем-шөп дақылдар өндірісін ұлғайтуға да көңіл аудару керек. Бұл мәселе шешілген жағдайда мал шаруашылығының мұқтаждығына қажетгі мөлшерде құрама жем азығын бөлуге мүмкіндік туады.

Қазақстанда негізі жем-шөп дақылдарына арпа және сұлы, ал оңтүстік және батыс облыстарда жүгері және шай жүгері (сорго)жатады.

2.Арпа.Маңызы және өсіру технологиясының ерекшеліктері.

Манызы.Қазақстанның көптеген аудандарында дәнді мал азығы болып табылады. Арпаның 1 кг дәнінде 1,2-1,3 азықтық өлшем мен 100 г-га дейін сіңімді протеин бар.Арпа дәнінен (негізгі жалаңаш дәнді сортарынан) арпа жармасыныңформалары анықталды. Құрамында ақуызы аз арпа негізінен сыра қайнату өндірісі үшін маңызды шикізат болып табылады. Арпа - ең арзан құрама жем. Арпаның сабаны - ең жақсы ірі мал азығы (100 кг –30 кг дейін азықтық өлшем).

Сүттене-балауыздана пісу кезеңінде шабылған өсімдіктерден дайындаған пішендеме биологиялық құнарлығы бойынша жоңышқаға жақын.

Қазақстанның бірнеше шаруашылықтарында арпаны пішенге басқа дәнді дақылдармен қосып себеді, бірақта бұл-шаруашылықтарда құнарлы мал азықтық дақылдардың тұқымы жеткіліксіз болғандықтан жүргізілетін амалсыз шара. Арпа негізінен құрама жем пішендеме (монокорм) дайындауға арналған.

Өсіру технологиясының ерекшеліктері. Далалық 4-5 танапты дәнді парлық мал азықтық ауыспалы егісте арпа 3-4-дақыл ретінде орналастырылады. Мал азықтық дәнді-отамалы, дәнді-отамалы шөпті ауыспалы егістерде дақылдардың кезектесуі мынадай: жүгері-арпа, немесе жүгері-бір жылдық шөптер-арпа. Арпа өсірудегі топырақ өңдеу жүйесі негізінен жаздық бидайға ұқсас. Алқаптар арамшөппен қатты ластанғанда, әсіресе ылғал мол түскен жылдары, қосымша аралық культивация жасалады.

Астыққа да, мал азығына да ең қолайлы себу мерзімі-мамырдың аяғы-маусымның басы, мұның өзі арамшөптерден арылып, жазда түскен ылғалды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мал азығы дақылдарының егістігін арамшөптен қорғау агротехникалық және химиялық күресу жолдарын қарастырады. Арамшөпке қарсы күрес дақылдары ауыспалы егісте орналастыра отырып агротехникалық шаралар жүйесін іске асырғанда ғана тиімді болады және осыған сәйкес арамшөп өсімдіктерін құртуды қамтитын топырақты өңдеу, тұқымды арамшөптен тазарту, себу мерзімі, егістікті баптап-күту тағы басқа шараларды жүзеге асыру қажет.

Дәнді жемшөп дақылдары егістігінде арамшөпке қарсы маңызға ие болады. Солтүстік Қазақстанда арпа мен сұлының ең қолайлы себу мерзімі мамырдың аяғы-маусымның басы, бұл мерзімге дейін өскен арамшөптерді толық құрту мүмкіндігі туады. Арамшөппен жоғары дәрежеде ластанған алқаптарда себу мерзімін кешеуіледетеді.

Дақылдардың бұл тобы қатардағы әдіспен себіледі, жоғары қарқынмен өседі, сондықтан арамшөпке қарсы күрес себу жұмысына дейін агротехникалық шаралар арқылы жүзеге асады, алайда жекелеген жағдайларда химиялық күрес әдісі де қолданылады, оның ішінде ең көп тарағаны-2,4 -Д және 2М-4Х препараттары. Препараттарды қолданудыңең қолайлы мезгілі-түптену кезеңі, алайда бұл кезеңде мәдени өсімдіктердің2,4-Д туындыларына төзімділігі әр түрлі-арпа-нашар, сұлы тәуір, ал күздік қара бидай жақсы төзеді.

3.Сұлы. Маңызы және өсіру технологиясының ерекшеліктері.

Астыққа, көк балауса мен пішенге, жеке азыққа, сұлы кеңінен қолданылады. Ол таза және біржылдық бұршақ дақылдарымен-жаздық сиыржоңышка, далалық бұршақ, асбұршақ, егістік ноғатықпен аралас күйінде өте жақсы азық. Сұлының сабағы берік, негізгі өсіп-өну кезеңдерінің ұзақтығы бұршақ түқымдас дақылдарының өсіп-даму кезеңдеріне сәйкес келетіндіктен ол аралас егістіктің маңызды астық тұқымдас түрі. 100 кг көк балауса массасында орта есеппен 17 азықтық өлшем және 2,2 кг қорытылатын протеин. 100 кг пішенде 48 азықтық өлшем мен 6,2 кг қорытылатын протеин және 100 кг сүрлемде 17 азықтық өлшем мен 1,9 кг қорытылатын протеин бар. Орта сападағы 1 кг сұлы бір кг азықтық өлшемге тең, 0,50 азықтық өлшем бар. Сабаны жақсы ірі сабақты мал азығы.

Соңғы жылдары 5-тен 18 ц-ге дейін өзгере отырып, орташа өнімі Қазақстанда 12,0 ц/га болды.

Агротехника ерекшеліктері. Сұлы, арпа сияқты 4-5 танапты дәнді-пар ауыспалы егісінде 3-4-ші дақыл, ретінде 2-3 танапты дәнді отамалы дақыл-дәнді, отамалы дақыл-шөптер ауыспалы егісінде жүгеріден немесе біржылдық шөптен кейін орналастырылады. Топырақты өңдеу жаздық бидай, арпаға ұқсас. Аймақта сұлыны айтарлықтай кеш себеді, мұның өзі аңызды арамшөптең ең әуелі қара сұлыдан тазартуға мүмкіндік береді. Тыңайтқышты жоспарланған өнімін парға, немесе отамалы дақылдарының астына енгізеді.

Солтүстік Қазақстанда ең қолайлы себу мерзімі-мамырдың аяғы-маусымның басы, мал азығына өсіргенде ең жоғары өнім-маусымның бірінші онкундігінде қамтамасыз етіледі. Жем-шөп дайындаудың карқынды жүйесінде сұлыны мамырдың бірінші онкүндігінен бастап әрбір 8-10 күн сайын маусымның ортасына дейін себеді, мұндай жағдайда шашақтану кезеңінде қолайлы мерзімде шабылып жем-шөптің үздіксіз түсіп отыруы қамтамасыз етіледі. Астыққа өсіргенде ылғалдану ерекшеліктеріне қарай себу нормасы-2,5-4,0 млн өнгіш туқым (90-120 кг/га), жем-шөпке өсіргенде- 3,0-4,5, суармалы жерлерде- 4,0-5,0 млн/га өнгіш тұқым. Тұқымды топыраққа сіңіру тереңдігін 4-5 см-ге, бірақ топырақтың беткі қабаты кеуіп кеткенде сіңіру тереңдігі 6-7 см жеткізуге болады.Жем-шөп жинаудың қолайлы мерзімі-шашақтану кезеңі (шашақтана бастағаннан 7-8 күннің ішінде жинап үлгеру қажет).

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.



Өзіндіктексеру сұрақтары

Қазақстан Республикасының әртүрлі топырақ-климат аймақтарында егістікте мал азығын өндірудің жем-шеп дайындау өндірісіндегі орны.

  1. Дәнді жем-шөп дақылдар тобына қандай өсімдіктержатады және олардың мал азықтық кұндылығы қандай?

  2. Күздік, жаздықарпа және сұлы өсірілетін негізгі аудандардыатаңыз.

  3. Қандай агротехникалық тәсілдер арпа мен сұлының жоғарыөнім деңгейін қалыптасуын қамтамасыз етеді?

17Дәріс.

Тақырып «Дәнді бұршақ дақылдар»

1. Ақуыздың көбейту проблемасы

2. Асбұршақ маңызы және агротехника ерекшеліктері

3. Ноғатық және ноқат агротехника ерекшелері

1.Ақуыздың көбейту проблемасы.Ауылшаруашылығында ақуыздың жетіспеушілігі әрқашанда күрделі мәселе.Малдарды оңтайлы жағдайларда үстеп және азық-тандырғанда 1 кг мал ақуызын өндіру үшін 7 кг өсімдік ақуызы қажет. Мал шаруашылығының қазіргі жағдайында бұл көрсеткіш 9-15 кг жетті, бірақта мал және өсімдік ақуызымен толық қамтамасыз ету үшін кісі басына 200 кг өсімдік ақуызын өндіру керек. Осының нәтижесінде малдар рационында 1 азықтық өлшемге зоотехникалық норма бойынша 105-110 г сіңімді протеиннің орнына 70-80 г сіңімді протеин келеді, ал Қазақстанның біраз облыстарында бұл көрсеткіш 1 азықтық өлшемге 70 г-дан аспайды.

Ақуыздың жетіспеушілігі, жем-шөпті дайындау шығыны жоғарылауы және оларды тиімсіз қолдануы, ет және сүт өнімдерінің бағасын өсіреді. Сондықтан Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында өндірілетін мал шаруашылық өнімдері сыртқы және ішкі рынокта бәсекелі емес.

Мал азығының маңызды көзі және ақуыздың негізгі көзі және алмастырмайтын амин қышқылдарының: лизин, триптофан жәнет.б. шикі зат көзі-өсімдіктер.

Құрамындағы ақуыз мөлшері жағынан бұршақ тұқымдас өсімдіктерге пара-пар келетін дақыл жоқ, олардың тұқымдарында дәнді дақылдарға қарағанда ақуыз 1,5-3 есе артық -асбұршақта-20,4-35,7%, ноқатта-22-31, сиырбұршақта-22,3-37,8, майбұршақта-27-50%. Бұршақ өсімдіктерінің ақуызы толық бағалы және жоғары сапалы, өйткені олардың құрамына амин қышқылдарының жеңіл еритін фракциялары-тирозин,триптофан, лизин және т.б. кіреді.



Ғылыми мекемелердің деректеріне сүйене отырып мынадай қорытынды жасауға болады: Қазақстанның солтүстік облыстарында өсіруге ең жарамды асбұршақ оңтүстік облыстарында суармайтын жерлер үшін ноғатық пен ноқат, ал суармалы жерлерге-ноғатық, сиыржоңышқа, асбұршақ жарамды. Қуаңшылық аудандарда тұракты өнімді қуаңшылыққа төзімді дәнді бұршақтарды-ноқат пен ноғатыкты өсіруге болады. Дәнді бұршақ дақылдарының Қазақстан Республикасындағы орташа өнімі 9,0 ц/га шамасында.

2.Асбұршақ маңызы және агротехника ерекшеліктері.

Маңызы. Асбұршақтың тұқымында 20-36 % ақуыз, 52 %-ға дейін азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ), 1,5 % май, 3,5 % клетчатка және 2 % күл бар. Солтүстік Қазақстандааудандастырылған асбұршақтың сорттарында 24-27 % ақуыз болады. Ас бұршақ азық-түлік және жемшөпке пайдаланылады, сұлы және басқа біржылдық дақылдармен араластырылып пішен көк балауса, пішендеме және витаминді шөп ұнын алуға өсіреді Асбұршақ пішенінде 10-13%, сабаны мен топанында-8% ақуыз болады.

Агротехникалық ерекшеліктері. Қазақстанда асбұршақты дәнді-парлы ауыспалы егісте пардан кейінгі бидайдан соң 2-3-ші дақыл ретінде орналастырады. Ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген аудандарда және суармалы жерлерде отамалы, күздік және жаздық дәнді дақылдардан кейін орналастырады. Өз орнына асбұршақты 5-6 жылдан кейін орналастыру керек.

Асбұршаққа топырақты қайырмасыз құралмен ПГ-3-5, ПГ-3-100 немесе жағдайға байланысты аудара ПЛН-4-35, ПТК-9-35 құралымен 20-22 см тереңдікке өңдеген жөң көктемде ерте көктемгі өңдеу БМШ-15, БМШ-20 немесе аудара жыртылған жағдайда БЗТС-1,0 құралдарымен жүргізіледі. Себу алдындағы топырақ өңдеу КПЭ-3.8+БЗТС-1,0, БМШ-15, КТС-10-2, КТС-8, ОП-8, ОП-12, КПШ-9, КПШ-11 жүргізіледі. Себуге дейін және себілгеннен кейін З-ККШ-6 немесе З-КК-6 құралдарымен катоктайды. Себу СЗС-6; СЗП-3,6, СЗП-16 сепкіштерімен жүргізіледі.

Асбұршақты қатардағы әдіспен сепкенде 0,8-1,0 млн/га өнгіш тұқымды және тарқатарлап сепкенде 1,2 млн/га өнгіш тұқымды ең қолайлы себу нормасы деп есептеу керек. Кейде асбұршақты астыққа өсіргенде жапырылып қалмас үшін сүйеуіш дақылдар-сұлы, арпа, бидаймен 1:3 ара қатынаста араластырып себуді ұсынады. Көпшілік жағдайда бұл шара тиісті нәтиже бермейді де, асбұршақтың өнімі төмендеп кетеді. Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясының көрсеткішінде таза егістікте оның өнімі 12,8-13,3 ц/га, аралас егістікте -1.4-3,0 ц/га болды да тұқымының көбею коэффициенті сәйкес 10,6-11,1 және 2,7-6,0 болған. Тұқымды 6-8 см тереңдікке сіңіреді, ал топырақтың беткі қабаты кеуіп кеткенде және көктем құрғақ болғанда тұқымды 10-12 см-ге дейін сіңіру қажет. Себуді аяқтасымен егістікті тығыздайды.



Асбұршақ, сиыр бұршақ, ноғатық егістіктерінде бір жылдық астық тұқымдас арамшөпке қарсы линурон және прометрин гербицидін пайдалану жақсы нәтиже береді. Қуаңшылық аймақта бұл гербицидті топыраққа асбұршақты сепкенге дейін енгізу керек, ылғал мол болғанда оларды дәл себер алдында немесе себуді бітірісімен топырақ бетіне шашады.

Гербицидті топыраққа енгізу нормасы асбұршақ епстігінде 1,5-3,0 кг/га, сиырбұршақта~1,5, ноғатықта-1,5-2,5 кг/га, дәнді бұршақ дақылдары егістігінде нормасы 1,5 кг/га, арамшөппен жоғары дәрежеде ластанғанда оның нормасы 2,0-2,5 кг/га дейін көбейтіледі. Асбұршақ егістігі қос жарнақты арамшөппен ластанғанда 2М-4Х гербицидінің 2-3 кг/га нормасымен асбұршақтың 4-6 жапырақ кезеңінде өңдейді, ал біржылдық астык тұқымдас арамшөпке қарсы трихлор ацетаты 4,5-нан 12,5 кг/га дейін нормасымен қолданылады. Гүлдену кезінде далалық асбұршақ пен сиырбұршақ кездессе, оларды жұлып тастау қажет.

Егін жинауға ылғалы жеткіліксіз және тұрақсыз ылғалдану аймақтарында бұршақтың 60-70%-ына дейің ылғалы жеткілікті аймақтарда 85% дейін піскенде кіріседі.Дестеге шабуға әртүрлі алқымды арнаулы дәнді бұршақ жаткаларын (ЖБА-3,5 түріндегі) пайдаланады. Көк балаусаға гүлдену кезеңінде, сүрлемге-жеміс пайда болу кезінде жинайды.

3. Ноғатық және ноқат агротехника ерекшелері

Ноғатық Маңызы. Ноғатық-қуаңшылықка өте төзімді дәнді бұршақ дақылы. Оны қуаңшылық аудандарда астыққа, көкбалаусаға және пішенге өсіреді, мұндай жағдайда асбұршақты толықтырады.

Ноғатық пішенінде 10-11% қорытылатын белок, тұқымында 26-30% белок болады. Реслубликаның құрғақ дала аймақтарында орналасқан тәжірибе станцияларының көрсеткіштері бойынша құрамындағы ноғатықтың өнімі, ақуыз мөлшері жоғары (3-4%), асбұршаққа қарағанда 1,5-2,5 ц/га жоғары.

Ноғатық асбұршақпен салыстырғанда бұршақтың дән қоңызы және аурулармен аз зақымдалады оның бұршаққаптары жарылмайды дерлік. Сондықтан мал рационында ақуыздың жетіспеушілігін ноғатықтың астыққа және мал азығына өсірілетін егістіктерін енгізу арқылы толықтыруға болады.

Қазақстанда егістік ноғатықтың мал азығына өсіруге жіберілген аудандастырылған сорттары: Кинельская 7, 1950 (4), Степная287, 1956(2).

Агротехникалық ерекшеліктері. Ауыспалы егісте астыққа өсіргенде ноғатықты дақылдардан кеін орналасады, жаздық дақылдарғаоның өзі жақсы алғы дақыл. Алғы дақылдарға ноғатықтың талғамы зор. Көк балаусаға немесе пішенге өсіргенде ноғатықты ферма маңы ауыспалы егісінде орналастырады, дәнді парлы ауыспалы егісінде-пардан кейінгі үшінші-төртінші дақыл етіп отамалы дақылдардан кейін орна-ластыруға болады. Топырақ өңдеу асбұршақ егістігіне ұқсас жүргізіледі.

Тұқымға өсіргенде ең қолайлы себу мерзімі-мүмкіндігінше ерте, мал азығына-мамырдың аяғы-маусымның басы. Қатардағы әдіспен гектарына 0,7-0,8 млн. өңгіш тұқым (150-170 кг/га) сепкенде барынша мол өнім жиналады. Тұқым сіңіру тереңдігі қалыпты жағдайда 6-8 см, ал қуаңшылықты жылдары 8 см-ге дейін тереде-тіледі.

Ноқатмаңызы және агротехника ерекшеліктері.

Маңызы. Ноқат-жем азықтық дақыл тұқымында көл мөлшерде ақуыз (22-31%), май (4,1-7,2%), және азотсыз экстрактивті заттар (47-60%) бар. Қазақстанда аудан-дастырылған ноқат сорттарының тұқымында 24-27% белок болады. Ноқат сабағын көмкеріп тұратын талшықтарда сүт және қымыздық қышқылы болғандықтан оның көкбалаусасын малға тікелей жемшөп ретінде пайдаланбайды, тек ұсақталған күйінде кәдеге жаратылады. Ноқаттың басты бағалы қасиеті-оның қуаңшылыққа төзімділігі. Астық өнімі 16-20 ц/га дейін жетеді.

Агротехника ерекшеліктері. Ауыспалы егісте ноқат үшін таза пардаң отамалы дақылдардан кейінгі жаздық бидай ең жақсы алғы дақыл болып табылады. Жаздық дақылдарға өзі өте жақсы алғы дақыл. Топырақты терең өңдеу ноқаттың өнімін молайта түседі. Ноқатқа топырақ бидай, асбұршақ егістігіндегідей өңделеді. Еліміздің барлық аймақтарында ноқаттың тыңайтқышқа қайтарымы мол. Оның тұқымы өңгіштігін тез жоғалтады, сондықтан себу алдында оны тексеруден өткізеді. Жаңа орынға себілгенде түйінді бактериялардың түзілмеуі мүмкің сондықтан ноқат тұқымын инокуляциялайды. Қазақстанда оны 10-20 мамыр аралығында себеді. Оңтүстік аудандарда ертерек себуге тырысу керек. Қарағанды тәжірибе станциясында үш жылда орта есеппен ең жоғары астық өнімі 6-12 мамырда себілгенде алынады (13,7-13,8 ц/га). Мамырдың екінші жартысында себілген ноқаттың өнімі, 1000 тұқымының массасы мен оның өнгіштігі төмендеп кетті.Себу әдісінің ең қолайлысы-қатар аралығы 45-60 см қатардағы әдіс, алайда арамшөптерден таза алқаптарда қатардағы немесе тар қатарлы әдісті де қолдануға болады Себу нормасы кең қатарлап сепкенде-0,4-0,5 млн/га өнгіш тұқым (100-120 кг/га), қатардағы әдіспен сепкенде-0,7-0,8 млн/ га өнгіш тұқым (175-200 кг/га).

Бұрынғы Қарағанды тәжірибе станциясында қатаң қуаңшылық жағдайларда қатардағы әдіспен сепкенде себу нормасын 0,4 млн/га өңгіш тұқымға дейін төмендету мүмкін екендігі дәлелденді.

Ноқат пен ноғатықты араластыра себу жақсы нәтиже береді (0,2 млн/га ноқатжәне 0,3 млн/га ноғатық тұқымы). Мұндай егістікте ноқат демеуші дақылдың рөлін атқарады. Тұқымды ертерек сепкенде 4-6 см-ге дейін тереңдікке сіңіреді Сеуіп біткеннен кейін егістікті тығыздайды. Арамшөппен күресу үшін егін көктегенше және көктегеннен кейін алқапты малалайды, ал кең қатарлап себілген өсімдіктердің қатар аралықтарын қопсытады қалыпты жағдайда 6-8 см, ал қуаңшылық жылдары 8 см дейін тереңдетіледі.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.


Тексеру сұрақтары:

1.Дәнді бұршақ дақылдар тобына қандай өсімдіктер жатады және олардың мал азықтық маңызы қандай.



2.Дәнді бұршақ дақылдардың түйнекті бактериялар қалыптасу жағдайы.Бұл дақылдардың азот жинағыш және алғы дақыл ретінде маңызы.

3.Дәнді бұршақ дақылдар тобының өсімдіктерагротехника ерекшеліктері.
18-19 ДӘРІС

Сүрлемдік дақылдар.

1.Сүрлем-мал азығын консервілеудің биологиялық әдісі

1.Жүгері өсіру агротехникасы.

2.Шай жүгері (сорго) маңызы, морфологиялық, биологиялықжәне агротехника ерекшеліктері.
1.Сүрлем-мал азығын консервілеудің биологиялық әдісі. Сүрленген мал азықтары таяудағы болашақта мал әсіресе сауын малы рационының маңызды құрам бөлігі болып береді.

Сүрлем-мал азығын консервілеудің биологиялық әдісі. Сүрлем массасындағы қанттың ашуынан онда сүт және сірке қышқылдары жинақталады, оның үстіне сапасы жақсы сүрлемде сүт қышқылының мөлшері сірке қышқылына қарағанда 2-3 есе көп болуы тиіс. Аталған қышқылдардан басқа сүрлемде аздаған мөлшерде басқа да органикалық қышқыл мен спирт болады.

Қышқылдың түзілуіне байланысты сүрлем қышқыл дәмге ие болады, ал жеткілікті қышқыл ортада зиянды бактериялар (шірінді, сүт қышқылды т.б.) дами алмайды, дұрыс дайындалған сүрлем (РН қышқылдау дәрежесі 4,0-4,2) ұзақ уақыт сақталады және бұзылмайды.

Сүрлемде басты консервілеуші құрал сүт қышқылы болуға тиіс, сүт қышқылының дамып ашуына қажетті энергия көзі ретінде өсімдіктер құрамында қанттың мөлшері аз болғанда, қышқылдану жеткіліксіз болады да, сүрлем бұзылады.

Сүт қышқылы бактериялары негізінен қышқылды жай қанттан өндіреді, ал олардың минимум мөлшері РН-ты 4,2 дейін жеткізетін қанттық минимум деп аталады. Нақты қант мөлшері мен оның қажетті минимумының қатынасына қарай барлық өсімдіктер үш негізгі топқа бөлінеді; жеңіл сүрленетін қиын сүрленетін және сүрленбейтін өсімдіктер.

Жеңіл сүрленетінге қант минимумын құрамындағы нақты қант мөлшерімен қамтамасыз ететін өсімдіктер жатады. Бұл топқа: жүгері, сорго, сиыржоңышқа-сұлы қоспасы, күнбағыс, сұлының көк балаусасы, асбұршақ, далалық бұршақ, судан шебі, атбас бұршақ, топинамбур, күздік рапс, қызылша сабақ-жапырағы, сәбіз және бірқатар басқалары жатады.

Қиын сүрленетіндері-қанттық минимумы нақты қант мөлшерінен асып түсетін бірақ оның ең аз қажетті мөлшеріне жақын тұрған өсімдіктер. Бұған ақ түйе бұршақ, сары түйе бүршақ, сиыржоңышқа, сары жоңышқа, бөрі бұршақ, итқонақ және басқа өсімдіктер жатады.

Сүрленбейтін топтағылар: қанттық минимуммен анық қамтамасыз етілмеген өсімдіктер - жоңышқа, ноғатық, майбұршақ, сераделла және бірқатар жабайы шөптер.

Көптеген дақылдарда қанттың барынша көп мөлшері гүлдердің ашылған кезеңінде болады, сондықтан да олардың сүрлемдігі өсімдіктердің даму кезеңдеріне байланысты.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай дақылдар жиынтығы өте аз, олар жүгері мен күнбағыс. Келешегі бар дақылға суармалы жерлерде және табиғи ылғалдану жағдайында құрғақ далалық және шөлейтті аймақтарда ойдағыдай өсетін соргоны (қонақжүгері) жатқызуға болады. Күнбағыс-салқынға төзімді және жүгеріге қарағанда топыраққа талғамы аз, оның үстіне шабылмалы-пісу кезеңі ерте, сондықтан ол жүгеріден гөрі ерте себуге де, кештеу себуге де жарамды, толықтырушы дақыл ретінде де себуге болады. Сонымен қатар сүрлемге ертерек (шілденің аяғы-тамыздың басында) жинауға болады, бұл кезеңде жүгері көк балаусасы қарқынды өсіп, құрғақ заттарды молынан қалыптастырады.

Сүрлемдік дақылдарды өсіргенде қарқынды технологияны қолдану қажет, өйткені, барлық агротехникалық шаралардыжиынды түрде пайдаланғанда ғана жоғары тиімділік қамтамасыз етіледі.

2.Жүгері өсіру агротехникасы.

Маңызы. Жүгері-ең маңызды және барынша өнімді жем-азықтық дақылдардың бірі. Соңғы жылдардағы орташа астық өнімі Қазақстан Республикасында 40-42 ц/га. 100 кг жүгері дәнінде 120-130 азықтықөлшем, 100кг балаусасында өсіп-өну кезеңіне байланысты 12-ден 26-ға дейін а.ө., 100 кг| сүрлемде 16-22-ға а.ө. және 1,2-1,4 кг сіңімді протеин бар.

Құрғақ заттар мөлшері өсіп-өну кезеңдері мен жинау мерзіміне байланысты және 8-ден 27% дейін өзгереді, осыған сәйкес 100 кг көк балауса мен одан алынған сүрлемде өсімдіктердің пісу кезеңіне байланысты 12-16 а.ө. (собық түзілгенше) және 17-26 а.ө. (собық пайда болғаннан кейін) болады (1-кесте).

Өсімдік табиғатында мынадай заңдылық бар: ең өнімді сорт немесе будан әдетте-кеш піседі, ал ерте пісетіндер өнімділігі төмен өсімдіктер. Жүгерінің көк балаусасы мен сүрлемінің бір азықтық өлшемінің сіңімді протеинмен қамтамасыз етілуі 60-70 г-нан аспайды, ал зоотехникалық норма 105-100 г екенін білеміз, белок сапасы да төмен.

Жүгері өнімі өте жоғары потенциалды мүмкіндіктермен ерекшеленеді. Сүрлемге өсіргенде ол далалық және орманды-дала аймақтарының суарылмайтын жағдайында 150-300, ал суармалы жерлерде 600-850 ц/га-ға дейін өнім береді.

6-кестеЖүгерікөкбалаусасының өсіп-өнуі әр түрлі кезеңдеріне байланысты қүрғақ заттар мен азықтық өлшем мөлшері

Өсіп-өну кезеңдері

Құрғақ заттар,%

100 кг азықтағы азықтың өлшем саны

Шашақтануға дейін

Сіпсебастың шашақтануы

Собықтың пайда болуы

Сүттене пісуі

Суттене-балауыздана пісуі


8-14

13-16


16-20

20-23


23-26

8-11

11-14


15-17

18-22


23-25

Морфологиялық ерекшеліктері. Жүгерінің тамыр жүйесі, басқа астықтұқымдастар сияқты, шашақты, топырақта 2-3 м тереңдікке дейін бойлайды. Жүгерінің тамырлары өркен шыққаннан кейін алғашқы кезеңде қарқынды дамиды да, үшінші жапырақ пайда болғанда 30-50 см тереңдікке жетеді. Жүгеріде бестамыр түрлері ажыратылады. Ұрықтық, гипокотильді немес бүйір, ұрықтық эпикотильді, түйінді және сүйеніш тамырлар. Сүйеніш тамырлар төрт қабаттан құрады. Ұрықтық тамырлар егін кектегеннен кейінгі алғашқы 20-30 күнде өсімдіктерді су мен қоректік заттармен қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады, алайда олардың рөлі шашақтануға дейін сақталады. Жүгерінің түйін тамырлары 3-4 жапырақ пайда болғаннан кейін түзіле бастайды.

Топырақтың 0-20 см қабатында тамырдың 55-60%-ы шоғырланады, тар қатарлы егістерде кең қатарлыға қарағанда жүгерінің тамыры топыраққа тереңірек бойлайды, мұның өзі ең әуелі топырақтың су режімі ерекшеліктеріне байланысты. Тамыр жүйесінің ең қарқынды дамуы жетінші жапырақтың түзілуі мен 12-13 жапырақтың пайда болу кезеңінде байқалады. Бұл уақытта тамырдың тереңдеп өсуімен жер үсті бөлігінің биіктелп өсуі арасындағы байланыс 2:1 қатынасындай болады. Мәселең 10-11 жапырақтар түзілгенде өсімдіктің орташа биіктігі 60-70 см жетеді де тамырлар 1 м-ден аса тереңдікке бойлайды. Егер мұндай жүгеріні суармаса, онда шашақтану кезеңінде тамырлар 2 м дейің ал сүттене-балауыздана піскен кезде олар 2,5 м және одан да жоғары тереңдікке кетеді. Егер суаруды ерте жүргізсе, онда тамырлардың тереңдеуі саябырлайды да негізінен 0-70, 0-100 см қабатта шоғырланады.

Жүгерінің сабағы тік тұрады, биіктігі 0,5-2,5 м, мұның өзі ылғалдану жағдайы мен агротехникаға байланысты. Жақсы ылғалданған жағдайда немесе суармалы жерлерде өсімдіктердің биіктігі 13-14 жапырақтың пайда болу кезеңінде негізгі биіктіктің 40-50%, 17-18 жапырақта 60-65 % және шашақтану басталғанда 82-85 % шамасында болады. Сабақтың өзегі борпылдақ, кеуекті, жас кезінде 5%-ға дейін қант болады. Сабақтың жуандығын 1,5-2,5см, ал сирек сабақ жиілігінде 3,0-1 3,5 см-ге дейін жетеді. Сабақ түйіндерден түрады, олардың саны сорттарына байланысты 8-ден 30-ға дейін жетеді. Сонғы 3-4 түйін аралығы барынша ұзын болады, кейде өсімдіктіңі жалпы биіктігінің 1/3 жетеді. Сабақта, орта қабаттағы жапырақтардың қолтығында собықтар түзіледі. Көпгеген будандардың өсімдіктеріне әдетте 1-2 сабақ түзіледі, кейде көп сабақты өсімдіктер де кездеседі.

Төменгі жапырақтардың қолтығындағы бүршіктерден кейде бүйір бұталары (бөгде) өсіп шығады, әдетте олар жақсы қоректену жағдайына байланысты, сорттық ерекшеліктеріне байланысты түзіледі.Жүгерінің жапырағы кең сызықты. Өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы, әр түрлі жүгері сорттары жапырақ санымен де ажыратылады: ерте пісетін сорттардың жапырақтары ментүйін саны аз болады.

Сібірлік ультра ерте пісетін сорттардың өсімдіктерінде 8-10, ал кеш пісетін сорттарында 23-25 жапырақ болады.

Солтүстік Қазақстанда 12-16 жапырақ түзетін орташа мерзімде пісетін және 17-19 жапырақ түзетін ортадан кеш пісетін сорттар аудандастырылған.

600 ц/га көк балауса өнімін қалыптастыру үшін әр гектардағы жапырақ бетінің ауданы 40-50 мың м2болу керек деп есептелінеді, алайда мұндай дәреже суармалы жағдайда ғана алынады. Қазақ аграрлық университетінің тәжірибелерінің (Можаев Н.И.) нәтижесінде суармалы жағдайда жапырақ бетінің ауданы 85-90 мың м2га жетті, әр гектардағы өсімдік саны 120 мың болды да, 850 ц/га көк балауса өнімін берді. Табиғи ылғалдану жағдайында жапырақ бетінің ауданы 15-25 мың м2/га болды. Жапырақ беті ауданына сабақ бітіктігінің жиілігі, будандардың пісу мерзімі әсер етеді. Біздің тәжірибелерімізде табиғи ылғалдану жағдайында ортадан кеш мерзімде пісетін будандар әр гектар жерде 25-30 мың м2, ал ерте пісетін будандар 12-16 мың м2жапырақ бетінің ауданын қалыптастырды, көк балауса өнімі сәйкес 280-300 және 180-220ц/га болды.

Жапырақтардың пайда болу ағымына жасалған көптеген бақылаулар көрсеткендей, алғашқы 3 жапырақ әдетте 1-2 күннен кейін, төртінші жапырақтан әрі қарай ылғалға байланысты әрбір 3-5 күннен кейін пайда болады. Әрбір жаңа жапырақ пайда болған сайың тіпті ылғал дәрежесі жақсы болса да, төменгі жапырақтар солып және кеуіп қалады, бұл әдетте 10-11 жапырақтан кейін болады. Байқаулар бойынша өсіп-өну кезеңінде топырақтың ылғалдылығын толық ылғал сиымдылықтың 80% шамасында ұстағанның өзінде 15-17 жапырақ, пайда болғанда 2-Зжапырақтар, 17-18 жапырақта 4-жапырақ. Дәннің сүттене пісу кезеңінде 6-жапырақ және уыздана піскенде 7-8 жапырақтар кеуіп қалды. Жеткіліксіз суарылғанда, әсіресе табиғи ылғалдану дәрежесінде төменгі жапырақтардың өліп қалу процесі қарқындырақ жүреді.

Ылғалдың дәрежесі жоғары болғанда 9-10 жапырақтардың пайда болу кезеңінде жүгері өсімдігінде болашақ жапырақ беті ауданының 10%-ы қалыптасады, 13-14-жапырақта 46% және 17-18 жапырақта 75-7%, шашақтану кезеңінде 95-96% шамасында болатындығы анықталды. Суарылмайтын жерлерде жапырақ бетінің ұлғаюы шашақтану кезеңінде тоқтайды, ал суармалы жағдайда-аналық гүл шоғырының гүлдену кезеңінде де жалғасатындығы байқалады. Ортадан кеш пісетін будандарда шашақтану және дәннің пісу кезеңдерінде жалпы жапырақтар ең ірі болып шықты. Сонымен өсімдіктер көк балаусасының ең қарқынды ұлғаюы максималды жапырақ беті ауданының қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді-шашақтану алдында және шашақтану соңында.

Жүгері-бір үйлі өсімдік, бірақ гүлшоғырлары бөлек. Аталық гүлдері шашаққа жиналған және олар сабақтың басында орналасқан, ал аналық гүлдері собық пен жапырақтар қолтығында орналасқан. Бір өсімдікте орналасқан жыныс органдарының аналық гүлдері аталықтарға қарағанда 2-4 күн кеш дамиды, ал қуаңшылық жылдары одан да көп, мұның өзі өсімдіктердің өздігінен тозаңдануын болдырмайды.

Жүгерінің аудандастыруға жіберілген будандары:



Одесский 80МВ-БСПЛ шығарылған алты буынды будан. Өсімдік биік өседі, 220-280 см биіктіктегі негізгі сабақта 15-16 жапырақ қалыптасады. Дәні тіс тәрізді, кейде кремний сары, ақтүсті, 1000 дәннің массясы 250-300 г. Будан ортадан ерте пісетін топқа жатады. 1986 (1,2,3,4,-6,7,9,10,11,12).

Молдавский 257 СВ - Молдаван жүгері ҒЗИ-да шығарылғаң дәні ашық сары түсті, жартылай кремнийлі және қызыл собықты сорт түріне жатады. Өсімдігінің биіктігі 150-209 см, жапырақсаны 15, ерте піседі. 1000 дәннің массасы218 г, 1989 (4,6,9,12).

Молдавский 215СВ- Молдаван жүгері ҒЗИ-да шьғарылғаң сорт түрінің дәні тіс тәрізді және собық діңгегінің түсі қызыл. Өсімдік биіктігі 136 см-ге дейін жапырақ саны 12-14-ке дейін, 1000дәннің массасы260г, 1989(1,2,7,11,12).

Соңғы он жылда жүгерінің бірнеше жаңа будандары аудандастыруға жіберілген: Алатау 107 ТВ, 1992 (6,7), Алтай 250 МВ, 1994 (1,3,8,11), Бильбао, 1996 (3), Бони, 1996 (4,6,12), Будан237МВ, 1994(1,2,4,6,7,8,9), Сары-Арка 150 АСВ, 1994 (1,2,3,4,7,9), Сервия, 1998 (13), Сибирячка, 1994 (4), Тургайская 5/87, 1993 (1,2,3,9), Целинный 160 СВ, 1993(1,3,6,7,9,12),т.б.

Өсіру агротехникасы. Жүгері өсірудің қарқынды технологиясын енгізгенде мынадай негізгі мәселелер шешілуі тиіс;

1. Көктегеннен кейін алғашқы 40-45 күн бойы өсімдіктердің баяу өсетіндігін ескеріп, алқаптардың арамшөптерден таза болуын қамтамасыз ету, ол үшін жақсы алғы дақылды, негізгі және себу алдындағы топырақ өңдеуді,себу мерзімін және нақтылы жағдайда егістікгі барынша тиімді күтіп-баптау әдістерін (агротехникалық, химиялық) таңдап алу қажет.

1. Нақты жағдайларда ылғалмен қамтамасыз етту дәрежесіне байланысты барынша өнім беретін ең қолайлы сабақ бітіктігі жиілігін жасау.

2. Топырақтың тиімді құнарлылығын еске ала отырып, жоспарланған өнімге есептелген тыңайтқыш нормасын енгізу.

3. Максимум өнім дәрежесің құрғақ зат пен азықтық өлшем жинауды қамтамасыз ететін барынша жоғары өнімді будандарды қолдану.

4. Егістікті күзгі бозқырауға ұрындырмай, барынша мүмкін өнім дәрежесі қалыптасқан кезеңде егінді жинау.

5. Нақты жағдайларда тиімділік көрсетпейтін бірқатар агротехникалық шараларды қысқарту немесе мүлдешығарып тастау.

Жүгері отамалы дақылдар, дәнді-отамалы дақылдар, шөпті-пар-отамалы дақылдар ауыспалы егістерінде, сонымен қатар алмастырмай бір жерде өсіріледі. Ең жақсы алғы дақылдар-пардан кейін себілген бидай, бір жылдық шөптер қыртысы немесе аударылған қыртысы, дәнді бұршақ тұқымдастар, пішенге егілген бір жылдық шөп, жүгері. Ферма маңындағы ауыспалы егістегі жағдайларға байланысты алмаспай немесе мал азықтық болмаса жемазықтық дақылдармен алмастырылып өсіріледі. Суармалы жағдайда жүгеріні алмастырмай бір жерде өсіруге болады, ауыспалы егістерде тамыр-жемістілер, жоңышқа, бір жылдық шөптен кейін орналастырады.

Жүгері отырғызуға жағдайға байланысты топырақты қайырмалы әдіспен және сыдыра жыртып өңдеуге болады, мұның өзі алғы дақылдармең аңыздың ластануымең ылғал қорымен, органикалық тыңайтқыш енгізу қажеттілігімен анықталады.

Жүгеріні бидайдан кейін орналастырылған қайырмалы әдісті де, сыдыра жыртып өңдеуді де қолдануға болады, алайда сыдыра жыртып өңдеу артықшылыққа ие болады, жүгеріні алмастырмай бір орында есіргенде, суармалы жағдайда, көпжылдық шөптен кейін орналастырғанда және органикалық тыңайтқыш қолданғанда қайырмалы әдіспен топырақты терең өңдейді. Топырақтың негізгі өңдеу әдісін анықтауды нақты аңыз, алқаптың эрозиялы қауіптілігімен байланыстыра жүргізген жөн. Көктемде қардыңеріп кетуі көктемгі малалау жұмысы жүргізіледі: сыдыра жыртқыштармен өңделген жерді БИГ-ЗА, БМШ-15 құралдарының бірімен, ал қайырмалы плугпен өңделген жерді тісті малалармен өңдейді, мұның өзінде топырақтың беткі қабаты жеткілікті ылғалды болғанда арамшөп тұқымдары толық көктеп шығады, кейінірек оларды жойып жіберуге мүмкіндік туады.



Себу алдында КПЭ-3,8, КПШ-9 культиваторларымен топырақты 6-8 см тереңдікте өңдейді, бір мезгілде малаланып бұдырлы таптағыштармен тығыздайды.

Нақты жағдайда топырақ күйіне, арамшөптермен ластануына байланысты бірқатар операцияларды шьғарып тастауға болады. Топырақ температурасы 10°-тан төмен болғанда, жаппай себу кезеңінде бұл болып турады және жүгері себіліп болған соң тұқым ұзақ уақыт көктемейді, саңырауқұлақ ауруларының әсеріне ұшырайды және 30-40%-ы, кейде одан да көп мөлшері егін көгін бермейді.

Жүгері тұқымын саңырау құлақ ауруларынан сақтау және далалық өңгіштігін арттыру үшін тұқымды дәрілейді әрі гидрофобизациялайды.

Ауыр топырақтарда тұқымның сіңіру тереңдігі 5-6 см, орта және жеңіл топырақтарда 6-8 см, мұның өзі жақсы далалық өңгіштік алуға мүмкіндік жасайды.

Жүгеріге проволочниктер, швед шыбыны, тұқым мен егін көгінің фузориозды аурулары үлкен зақым келтіреді. Оны интегралдық қорғау ерте пісетін және орташа мерзімде пісетін будандарды пайдалануды, тұрақты алқаптарға себуді, агротехниканың жоғары дәрежесің пестицидтерді қолдануды т.б. шараларды қарастырады. Мәселең жүгеріні қырқалардын оңтүстік баурайында орналастыру оның өсуі мен дамуын айтарлықтай дәрежеде тездетеді, оның үстіне зиянкестер мен ауруларға қарсы төзімділігін қамтамасыз етеді.

Бірқатар аймақтарда көпжылдық астық тұқымдас шөптерден кейің егер бұл аймақтарда проволочниктер тығыздығы үлкен болса, жүгеріні орналастыру ұсынылмайды, сонымен қатар жүгеріні жайылымдар мен шабындықтардың маңына орналастыруға болмайды, өйткені мал жайылғаннан кейін немесе шапқаннан кейін өсімдіктер тәттілеу сірке бөліп шығарады, ал ол өзіне швед шыбынын тартады, соның нәтижесінде жүгерінің зиянкестермен жарақаттануы күшейеді.

Проволочниктерге қарсы күресте жүгері сепкен мерзімде топыраққа түйіршіктелген 5 немесе 10%-ды (40-50 кг/га) базудин немесе гексохлораның (ГХЦГ) 2%-ті ірі дәнді гамма изомерін (50 кг/га) енгізген дұрыс.

Көктеуден 2-3 жапырақ пайда болғанға дейінгі кезеңде швед шыбынына қарсы мына препараттардың бірі қолданылады: әр гектарға 50 % карбофостың эмульсия концентраты түрінде 0,5-1,2 кг немесе 30 %-ті эмульсия концентратының 0,5-2 кг, 80%-ті хлорофос ұнтағының 1-1,5 кг/га.

Бүкілодақтық өсімдік қорғау ғылыми зерттеу институтының (БӨҚҒЗИ) деректері бойынша жүгері егістігіндегі санының инсектицид қолданылатын шегі төмендегідей: шалғындық көбелек көктеу кезеңінен 5-6 жапырақ кезеңіне дейін - шаршы метрде гусеница саны 10-нан асқанда және шашақтану кезеңінде 20-дан асқанда, проволочниктер себуге дейін 1 м2-де 5-10 дана, швед шыбыны көктеу-шашақтану кезеңінде - 1 өсімдікке 1-2 балапан құрт.

Себу мерзімін анықтағада өсімдіктің өсуіне аязсыз кезеңді толық пайдалануға тырысу керек және жүгері тұқымының топырақ температурасы +10°-тан жоғары болғанда ене бастайтынын ескерген жөн. Ерте себілгенде себу - кектеу кезеңі ұзарып кетеді, тұқымның далалық өнгіштігі темендейді, егістік арамшөптермен қалыңырақ ластанады. Көпжылғы зеттеулердің нәтижесінде анықталған аймақтағы ең қолайлы себу мерзімі - 15-25 мамыр. Ең алдымен арамшөптерден таза алқаптар және ерте пісетін будандар себіледі, әдетте бұлар суыққа төзімдірекжәне себу-көктеу кезеңі созылып кеткеннің өзінде олардың далалық өнгіштігі жақсы сақталады, ал жылу сүйгіш әрі кеш пісетін және орташа мерзімде пісетін сорттар мен будандарды 20-25 мамыр аралығынан бастап 25-28 мамырда сеуіп бітіреді, себу-көктеу кезеңі ұзарғанда олардың далалық өнгіштігітым төмендеп кетеді. Шаруашылыққа әкелінген барлық тұқым партияларының далалық өнгіштігін арттыру үшін тұқымды "ызғарлы әдіспенің өсіруге болады және осылай анықтағанда жоғары өнгіштік көрсеткен партиядағы тұқымды бірінші кезекте себу қажет, бұл жағдайда қажетті өсімдік жиілігін анық қамтамасыз етуге болады, оның үстіне тиімсіз артықтұқым шьғынына жол берілмейді, жүгері себілгенге дейін алқаптар арамшөптен жақсы тазартылады.

Сүрлемдік жүгеріні кең қатарлы, пунктирлі, ал жекелеген жағдайларда қатардағы әдістермен себуге болады. Жүгер себуге топырақты тыңғылықты дайындаған жөн. Оны себуге дейін арамшөптер тұқымының көктеуіне барынша жағдай жасап артынан отап тастау керек.

Нақты жағдайларда қолайлы өсімдікжиілігін жасау-өнімді жоғарылатудың басты резерві. Қазіргі уақытта жүгері себуге СУПН-8 және сеялкалар пайдаланылады, бұлармен сепкенде қатараралықтардың кеңдігі 70 см, алайда қатараралықты 60, тіпті 45 см төмендеткенде бір өлшем жерге көбірек өсімдік өсіруге болады, қатардағы өсімдік жиілігі азаяды және өнім молаяды.

Қазақстан жағдайында жүгері негізінен отамалы дақыл ретінде өсіріледі, ол оны кең қатарлы әдіспен қатараралығы 70 және 60 см етіп жүргізеді. Соңғы уақытта бірқатар шаруашылықтарда жүгерісеялкаларының орнына СЗС-2,1,СЗС-2,1Л дәнді дақылдар сеялкаларын пайдалана бастады. Алқаптар сапалы дайындалғанда және СЗС-2,1 сеялкалары жақсы реттелгенде көкбалауса өнімінің төмендегені байқалмады.

Сабақ бітіктігінің жиілігі топырақ-климат жағдайларына байланысты жақсырақ ылғалданғанда, өсімдіктер саны нашарға қарағанда көбірек болуға тиіс. Қолда бар эксперименттік деректер мен бір жылда түсетін көпжылғы орташа ылғал мөлшері 290 мм-ден аспайтын Солтүстік Қазақстан аудандары шаруашылықтарының тәжірибесіне қарағанда егін жинау алдындағы өсімдіктердің қолайлы жиілігі гектарына 60-70 мың, ылғалы көп жылдары 70-80 мыңға дейін өсіруге болады, жылына 300-330 мм жауын-шашын түсетін аудандарда гектарына 80-100 мың өсімдік, ал жылына 350 мм-ден артық жауын-шашын тусетін аудандарда 100-130 мың өсімдікөсірген дұрыс. Жасыл азыққа және сүрлемге жинаудың бастапқы мерзіміне өсімдік санын 120-150 мың/га жеткізуге болады. Егін жинау алдындағы қажетті өсімдік жиілігін алу үшін себу нормасын анықтағанда себу мерзімін ескере отырып, тұқымның далалық өнгіштігіне және өсімдіктің сақталуына тиісінше түзету жасау керек.

Бірқатар жағдайларда өсімдіктің сақталуын есепке алмай, себу нормасын арттыру жолымен қажетті сабақ бітіктігінің жиілігіне қол жеткізуге ұмтылады. Жүгері өсірудің барлық технологиясы себу алдындағы топырақты жақсы өңдеу, себу мерзімін дұрыс таңдап алу, тұқымның сіңіру тереңдігі, оларды тыңғылықты дәрілеу, себу кезінде тұқымның жарақаттануын және күтіп-баптау кезіндегі өсімдік шығынын азайту, әсіресе көктегеннен кейінгі малалау арқылы тұқымның далалық өнгіштігін арттыруға бағытталған болу керек.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.


20-21 Дәріс тақырыбы: «Мал азықтық тамыржемістілер және бақша дақылдары»

1.Тамыржемістілер тобына жататын дақылдар(қант және мал азықтық қызылша, тарна, турнепс , мал азықтық сәбіз және олардың ауыл шаруашылық малдарды азықтандырудағы маңызы.

2.Морфологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясының ерекшеліктері.
1.Тамыржемістілер тобына жататын дақылдар және олардың ауыл шаруашылық малдарды азықтандырудағы маңызы.Мал азықтық дақылдардың ішінде құрамына қызылша, тарна, сәбіз, турнепс кіретін мал азықтықтамыржемістілердің маңызы зор. Тамыр жемістілер күз және қыс кезеңдерінде ауылшаруашылық малдарының барлық түрлеріне, әсіресе сауын сиырлар мен шошқаларға, шырынды мал азығын береді. Бұл сауын малдарының сүт өнімділігі мен оның сапасын жақсартуға жақсы әсер ететін диетикалық мал азығы болып табылады. Тамыржемістер көмірсуларға, минералдықтұздар мен витаминдерге бай. Тамыр жемістілердің 100 кг қант қызылшасында-26 а.ө., мал азықтық қызылшасында- 12, тарнада -13, сәбізде -14және турнепсте 7-10 азықтық өлшем болады.

Мал азықтық тамыржемістілерді өндіруді арттыру мен олардың өзіндік құнын төмендету ең алдымен осы дақылдардың өнімдерін арттыру, оларды өсіруде жиынтық механикаландыруды игеру жолдары арқылы іске асырылуға тиіс. Қазақстан Республикасында қант және мал азықтық қызылша, тарна, турнепс, сәбіз өсіріледі.

2.Морфологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясының ерекшеліктері

Қант және мал азықтық қызылша. Қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша мал азықтық мақсатқа кеңінен пайдаланылады. Басқа тамыржемістілерге қарағанда оның қоректік заттар шығымдылығы барынша жоғары. Қант қызылшасы ұзақ сақталады, мұның өзі оны мал рационында оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Қант қызылшасының тағы бір артықшылығы-оны сортаңдау топырақтарда да өсіруге болады. Қол еңбегін минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін қант қызылшасын өсіру технологиясы мен машиналар жиынтығы (комплексі) жасалды.

Қант қызылшасы егіншілік шаруашылығының мәдениетіне талғамды өсімдік. Агротехника дәрежесінің төмендігінен бұл дақылдың өзіндік құны жоғары және өнімі аз алынып жүр.

Қызылша ала бұталар тұқымдасына жататын Веtа туысына жатады және қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша түрінде таралған.

Қызылша-екі жылдық шөптесін өсімдік.Бірінші жылы себілген тұқымнан жуандалған шырынды тамыр мен түбір тамырлы жапырақ дегелеңі дамиды. Қолайлы жағдайларда тұқым себілгеннен 7-10 күннен кейін егін көгі шығады, ал 8-10 күннен соң алғашқы қос жапырақ түзіледі

Егін көгі шықаннан бірінші қос жапырақ пайда болғанға дейінгі кезеңді "Қосқұлақ" кезеңі деп атайды.

Жақсы дамыған "Қосқұлақ" кезеңінде және алғашқы қос жапырақ пайда болған кезде қатардағы қызылшаны сиретеді.Бұл кезеңдегі өсімдік жиілігі жапырақтар мен сағақтардың ұзаруына және қызылшаның сарғаюына әкеліп соғады, соның нәтижесінде өнім төмендейді. Бесінші қосарланған жапырақтар түзілгенше олар қос-қостаң ал соңынан бір-бірден пайда болады. Өсіп-даму кезеңінде өсімдіктерде 50-70 тіпті 90-100 жапыраққа дейін пайда болады, әрқайсысының тіршілігі 25-тен 70 күнге дейін созылады. Екінші жылы топыраққа көктемде отырғызылған тамырдан өсімді дегелеңі және кейінірек тұқым беретін гүлді бүршіктер дамып шығады. Тамыр жүйесі 2,5 м тереңдікке және 1,0-1,2 м-ге дейін жан-жағына тарайды



Мал азықтық қызылшаның көптеген сорттарында тамыр жеміс тіршілігінің бірінші жылында тамыр мойнынан және бір бөлігі сабақтан қалыптасады. Ол сопақша пішінді кысқа болады да, топырақ бетінен шығыңқы орналасқан Қант қызылшасының сорттарында тамыр жеміс негізінен ұзынша пішінді және топыраққа сіңіре орналасқан тамырдан дамып шығады. Жемісі-жаңғақша, пісерде бірнешеуі қабысып жеміс шоғырына айналады (2-6 жаңғақ-шадан тұрады). 1000 жеміс шоғырының массасы 20-50 г. Бір жеміс шоғырынан алты өсімдікке дейін өніп шығады.

Биологиялық ерекшеліктері. Қызылша-екі жылдық өсімдік. Тұқымы 4-5° жылылықта өне бастайды, алайда қаулап көктеуі (3-4 күнде) 20°температурада болады.

Егін көгі "Қосқұлақ" кезеңінде бозқырауға сезімтал және 3-4°аязға төтеп бере алмай өліп қалады, алғашқы қос жапырақ пайда болған кезеңде 8°-қа дейінгі аязды көтереді. Күзде өсімдіктер 5° аязға, қазылып алынған тамыр жемістілер 2° бозқырауға шыдайды. Өсіп-дамуға қолайлы температура + 15-23°. Ылғал сүйгіш дақыл транспирация коэффициенті 240-400, ал қызылшаның жоғары өнімін өсіп-даму кезеңінде 300 мм жауын-шашынтүскендеалуға болады. Ылғалға барынша кеп қажетсінуі қарқынды өскен кезеңде-шілде-тамызайларында. Солтүстік Қазақстан жағдайында осы айларда мол ылғал түскенде жоғары қызылша өнімі суармалы жағдайларда ғана алынады.

Қызылша-тұзға төзімді өсімдіктердің бірі, реакциясы РН-7-8 шамасындағы топырақтарда жақсы өседі. Қант қызылшасының сорттары мал азықтық қызылшаға қарағанда тұзға төзімдірек



Борпылдақ жеңіл және орташа саздақ, құмдақ, қуатты жырту қабаты бар құнарлы қара және қоңыр топырақтарда қызылшаның мол өнімін жинауға болады. Құнарлылығы төмен топырақтарда оны органикалық тыңайтқыштардың жоғары нормасын (50-100 т/га) енгізгенде ғана алады.

Қазақстан Республикасында аудандастыруға жіберілген мал азықтық қызылша сорттары: Курос, Монро,Оброшинская желтая,Тимирязевская односеменная, Тимирязевская округлая.



Агротехникалық ерекшеліктері. Суармалы жерлерде өсіргенде тамыр жемістілерді төмендегідей шөпті-отамалы дақылдар ауыспалы егістерде орналастырылады: көпжылдық шөптер (жоңышқа)-мал азықтықтамыр жемістілер, немесе мал азықтық біржылдық шөптер-мал азықтық тамыржемістілер, немесе ерте картоп-мал азықтық жемістер.

Табиғи ылғалдану жағдайында қызылша ауыспалы егіс буынында орналастырылады: таза пар-қызылша, жүгері, көк балаусаға өсірілетін біржылдық шөптер-мал азықтық тамыр жемістілер. Тыңайтқыштар жоспарланған әнім дәрежесіне нормамен енгізіледі.



Себу алдында топырақ өңдеу мынадай технологиямен жүргізіледі: ылғал жабу-әдеттегі мерзімде сүйретпе тіркелген агрегатпен 2 ізбен тырмаланады. Мал азықтық қызылша қатараралығы 45 немесе 60-70 см кең қатарлы әдіспен себіледі. Өсімдік шығынын азайту және арамшөптерді құрту үшін егістікті күтіп-баптау жұмысында саңылау жасағыштарды қолданған жөн.

Тәжірибе көрсеткендей, ең аз қол еңбегінің шығыны жұмсалатын қант қызылшасының қолайлы өсімдік көгін алу қажет.

Өнгіштігі жоғары (75 % жоғары) тұқымды пайдаланғанда метр бойына кем дегенде 25-30 өнгіш жеміс шоғырын себеді. Кәдімгі сеялкалармен әр гектарға сапасына байланысты 18-22 кг тұқым себіледі. Қазіргі уақытта берілген өсімдік жиілігіне есептелген төменгі себу нормасын қолдануда, алайда бұл әдісті жақсы ылғалданған жағдайда (суармалы жерлерде), жоғары агротехника дәрежесінде және танаптар арамшөптерден таза болғанда ғана іске асыруға болады.

Мал азықтық қызылшаның себілу мерзімі топырақтың физикалық пісіп-жетілуі мен5-10 см тереңдікте 5°-6°-қа дейін жылынуымен анықталады, мұның өзі мамырдың 1-2 он күндігінде сәйкес келеді.Бір ескертетін жәйт, ерте себілген егістік(мамырдың бірінші онкүндігінде) танаптар арамшөптерден таза болғанда және тиімді гербицидтер мен қол еңбегін пайдаланғанда ғана жақсы нәтижелер береді. Мамырдың екінші онкүндігінде арамшөптердің бір бөлігі себу алдындағы топырақ өңдегенде құртылады да осы кезеңде себілген қызылшаға жақсы өнім алу үшін жағдай жасалады. Тұқымның себу алдындағы тереңдігі 3-4 см. Себілгеннен кейін немесе онымен бір мерзімде топырақ ЗККШ-6 және т.б. құралдармен тығыздалады (тапталады).

Жер бүргелеріне қарсы күресу үшін химикаттармен олардың шоғырланған орындарын-тыңайған жерлерді, орман алқаптарын т.б. өңдейді, соның нәтижесінде бүргелер қызылша егістігін аз зақымдайды. Қажет болған жағдайда егіс алқабының шеттерін де улы химикаттармен өңдеген дұрыс.

Қатараралықтарды культиваторлармен алғашқы өңдеуді ұстара табандармен 3-4 см тереңдікте қатарлар анық көрінгенде жүргізіледі, бір мерзімді қажетті гербицид те енгізіледі, кейін арамшөптер пайда болса, екінші культивациялау 6-7 см тереңдікте жүргізіледі. Алғашқы қос нағыз жапырақтар түзілген кезінде өсімдіктер жиілігін қалыптастыруға кіріседі, ол үшін сиреткіш агрегатгар қолданылады Көшеттерді қалыптастыру үшін ротациялық сиреткіш УСМП-5,4 қолданылады, олар шоқтауға дейін қатарлар бойымен де, шоқтарда да сирету жұмысын орындайды.

Сиреткіштер болған жағдайда қызылшаның қарапайым және еңбек шығынын көп талап ететін әдіспен-қолмен сиретіп шоқтайды. Шоқтаудың мынадай схемасы көп тараған әрбір 27 см сайын 18 см қызылша шоғы қалдырылады, немесе 30 см сайын 15 см шоқ қалдырылады, ал шоқтарды талдағанда тиісінше бір немесе екі өсімдікқалдырылады.

Барлық аталған әдістер өсімдік жиілігінқалыптастыруда қызылша көгінің алқаптыңарамшөптерменластануын топырақтыңтығыздығына, қажетті құралдардыңбарлығына т. б. байланысты.

Өсімдік жиіліпн қалыптастырғанда мал азығына өсірілетін қызылшаның өсімдіксаны әр гектарда 60-70 мың дана болуға тиіс

Өсімдік жиілігін қалыптастырғаннан кейін қатараралықтар қабысқанша 2-3 қатараралық өңдеу жүргізіледі, үстеме қоректендіріледі, жаздыңжағдайына қарай 4-5 ретсуарылады. Бір айта кететін жәйт, суаруды өсімдіктердің ең қарқынды өсетін кезеңі мен шілде-тамыз айларында байланыстыра жүргізген дұрыс болады.

Қызылшаның жинау мерзімі күзгі бозқыраудың түсу мерзімімен анықталады. Қызылшаны РКГ комбайнымен жинайды, картоп қазатын және жинайтын комбайндарды пайдалануға да болады.

Мал азықтық тамыржемістілер және бақша дақылдары.Тамыржемістілер тобына жататын дақылдар және олардың ауыл шаруашылық малдарды азықтандырудағы маңызы.



Қант және мал азықтық қызылшаның, тарнаның, турнепстің, мал азықтық сәбіздің морфологиялық ерекшеліктері.Қазақстанның облыстарында аудандастыруға жіберілген мал азықтық тамыржемістілер сорттары.

Тамыржемістілерді өсіргенде қандай қиындықтар туады. Тамыржемістердің қоршаған ортаға қоятын талаптары.Тамыржемістілерді өсіру технологиясының ерекшеліктері (алғы дақыл нөгізгі өңдеу, себу, епстікті күтіп-баптау және т. б.)

Бақша дақылдардың ауылшаруашылық малдарды азықтандырудағы маңызы. Негізгі бақша дақылдардың (асқабақ, қарбыз) морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Қазақстан Республикасында мал азықтық дақылдардыңөсіругө жіберілген сорттары

Мал азықтық тарна.Тарна айқыш гүлдер түқымдассына жататын екі жылдық салқын әрі ылғалды климаттың өсімдігі. Тұқымы 2-3° жылылықта өне бастайды, жоғары температуралар (+30-40°) оның есіп-дамуына теріс әсер етеді. Ылғалды айтарлықтай қажетсінбейді, қуаңшылық аудандарда тарна нашар өседі. Ең жақсы топырақтар-саздақ топырақтар. Солтүстік Қазақстан аудандарында сенімді өнімді суармалы жағдайда алуға болады. Өсіру технологиясы жоғарыда қарастырған қызылша технологиясына ұқсас.Қазақстанда аудандастыруға жіберілген мал азықтық тарнаның сорты: Куузику.

2.Турнепс. Турнепс-айқыш гүлдер тұқымдас екі жылдық өсімдік.Тұқымдары 2°-3°жылылықта өне бастайды, егін көгі -3,5°бозқырауға төтеп береді.Өсімдігі ылғал сүйгіш және барлық тамыр жемістердің ішінде ең ерте пісетін дақыл.Қазақстанда аудандастыруға жіберілген сорты: Остерзунд-донский.

3.Мал азықтық сәбіз.Мал азықтық сәбіз В тобындағы витаминдер мен каротин мөлшері бойынша (80 мг/кг)турнепс, тарна, қызылшадан асып түседі. 100 кгтамырда 13-14 а.ө. және 0,4 кгсіңімді протеин бар. Мал азықтық сәбіз жоғары өнімді дақыл (200-300 ц/га тамыр жеміс береді), оны Солтустік Қазақстанның барлық облыстарында өсіруге болады.

Мал азықтық сәбіз шатырша гүлдер тұқымдасына жататын екі жылдық өсімдік. Тіршілігінің бірінші жылында тамыр түбірі жапырақтарының дегелеңі (бірнеше есе тілгіленген қауырсын жапырақты) және конус ішінде тамыр жеміс дамиды. Сортына байланысты тамыржеміс сары, ақ, қызыл түсті болып келеді, сабағы гүл шоғырымен күрдегі шатыр қурайды. Тамыр жемістің тамыр бөлігіндегі бүйір тамырлары төрт қатарға орналасқан 1000 түксіз тұқымның массасы 1,2-1,3 г, түктілерінікі-1,8-2,0 г.

Биологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық сәбіз-суыққа төзімді өсімдік. Ылғалы жақсы топырақтарда тұқымы Зс'-4° жылылықта өне бастайды, жаппай көктеуі +18-20° темпера-турада жүреді. Сәбіздің көгі -4-6° көктемгі бозқырауға төтеп береді, күзде-4°бозқырауды көтереді.

Басқа тамыр жемістілерге қарағанда сәбіз құрғақшылыққа төзімді, алайда ылғалдану мен суаруды жақсы қажетсінеді. Ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі-себу-көктеу және тамыр жемістің жуандау мерзімі қуаңшылықтан кейінгі мол жауын-шашын немесе ұзақ кідірістен кейін суарғанда тамыржеміс қарқынды өседі және жарылады, ал бұл тамыр жемістің сақталуын қиындатады.

Қызылшамен салыстырғанда сәбіздің топыраққа талғамы аздау, ол жеңіл құмдақ топырақтарда өсе алады, жоғары өнімді қалыптастыратыны қолайлы жағдайлар борпылдақ, саздақ, арамшөптерден таза ойпаң жерлерде құралады. Тығыз ауыр топырақтарда ұсақ, бұратылып, тармақталып өскен тамыр жемістер алынады. Сәбізге батпақтанған және сортаң топырақтар мүлде жарамайды. Сәбіз топырақ құнарлығына үлкен талап қояды. Тыңайтқыш енгізуді қажетсінеді. Әрбір 100 кг тамыржемісі топырақтан 35 кг азот, 15кгфосфор және 70 кг калий шығындайды. Мал азықтық сәбіздің өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы бірінші жылы 110-150, екінші жылы 110-130 күнге созылады.

Қазақстанда аудандастыруға жіберілген сортгары: Мирзон,Красная288, Рогнада, Шантанэ2461.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.



22-23 Дәріс

Көп жылдық бұршак шөптер.

  1. Жонышқаны мал азығына өсірудің технологиясы.

  2. Эспарцеттің мал азығына өсірудің технологиясы.

  3. Түйежонышқа. Мал азығыны өсіру агротехникалық ерекшеліктері.


Жонышқаны мал азығына өсірудің технологиясы.

Маңызы. Жоңышқа пішең пішендеме, витаминді шөп ұның көк балауса дайындауға себіледі. Жоңышқаның 100 кг көк балаусасында 16-20а.ө., 100кг жоңышқа пішенінде50-60а.ө., 127-175 кг сіңімді протеиң 1 кг 17-29 мг каротин бар, ал қоректілігі жөнінен ол астыққа теңеседі. Жоңышқа өсімдігінде астық тұқымдастарға қарағанда айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, цистин, гистидин, валин т.б.) 1,5-2 есе көп.

Жоңышқаның химиялық құрамы өсіп-өну кезеңіне, өсіру жағдайларына, сортына, агротехника тәсілдеріне байланысты абсолют құрғақ затқа есептегенде протеин мөлшері бүрлену кезеңінде 24-тен 28 % дейің гүлденуде-18-21%, жеміс салу кезеңінде 15-17% болды. Өсімдікте қоректік заттар әркелкі тараған. Жапырақтарда белок мөлшері 30%-ға дейін жетеді, сабақтарда-13%, гүлдерде-27%. Жоңышқаның жапырағында протеин мен минералдық заттар сабағында қарағанда 2,5 есе көп, ал клетчатка 2-3 аз.



Сондықтан тек қана бұршақ тұқымдас шөптерден жоғары өнім жинап қана қоймай, азықтарды сүрлегенде барлық жапырақтарды толық сақтауға ұмтылу қажет: жапырақ өнімнің50%-дан артығына ие болатындықтан,дұрыс кептірмегенде өте жоғары өлшем шығынымен қатар, өте жоғары сапа шығыны-протеин шығыны болады. Қоректік заттардың барынша толық сақталуын қандай технологиялар қамтамасыз етеді? Олар-пішенді белсенді желдету жолымен дайындау, пішенді талдау, пішендеме, витаминді шөп ұнын дайындау болып табылады.

Жоңышқа мал азықтық манызы ғана емес, агротехникалық маңызы да зор өсімдік, ол топыраққа көп тамыр қалдықтарын қалдыра отырып, онда органикалық заттардың жинақталуы мен топырақтың құнарлығының арттырылуына мүмкіндік жасайды.

Жоңышқа-топырақтыжақсы тұзсыздандыратын дақыл оны топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын өсімдік ретінде пайдалануға да болады.

Морфологиялық ерекшеліктері. Жоңышқа Меdіcаqо туыстығына жатады және оның құрамына 50-ден астам түрлер кіреді.

Жоңышқаның дамуында мынадай фенологаялық кезеңдер ажыратылады:тұқымның өсуі, көктеу, бірінші нағыз жапырақтың пайда болуы, бұтақтану, бүрлену (бітеу гүлдеу), гүлдену, жеміс салу, дәннің (тұқымның) пісуі. Көктегеннен кейін алғашқы 30-35 күн жоңышқа баяу өседі.

Екінші және одан кейінгі тіршілік жылдары және шабылғаннан кейін сонымен қатар көктемгі өсудің басында тамыр мойнындағы бүршіктерден өсімдік жиілігіне қарай 10-60сабаққа дейін өсіп дамиды, олар өз тарапынан бірнеше есе бұтақталады. Әрбір өсімдік сабағындағы туйін аралығы орта есеппен 11-15 шамасында.

Солтүстік Қазақстан жағдайында жоңышқаның Шортандинская 2 және Көкше сорттарының екінші-үшінші тіршілік жылында бірінші дәрежедегі сабақтардың саны қатардағы әдіспен себілгенде 5-6, кең қатарлы әдісте 7-8, ал екінші және одан кейінгі дәрежедегі сабақтар тиісінше 20-40 және 50-80 болды.

Көктемде бүркемесіз себілген жоңышқа бірінші жылы генеративтік өркендер түзеді, гүлдейді және қолайлы жағдайларда тұқым өнімін бере алады, алайда Қазақстанның далалы аймақ жағдайында суарылмайтын жерлерде өте ылғалды жылдары ғана тұқым алуға болады. Тіршілігінің екінші және одан кейінгі жылдары жоңышқа 2-3 шабыс немесе 2-3 генеративтік өркендер ұрпағын береді.

Жапырақтары күрделі, үштік, орта жапырақшасы ұзынырақ сағақта орналасады. Жапырақ шаларының формасы әр түрлі: эллипс тәрізді, керісінше, жұмыртқа тәрізді, жіңішке ланцетті немесе дөңгелектелген төбесіне қарай ара тісіне ұқсас көртікті келеді. Суармалы жағдайда әр гектарға жапырақ бетінің ауданы 80-110 мың м2жетті, суарылмайтын жерлерде -40-60 мың м2/га.

Жоңышқаның жапырақтануы (жапырақ үлесі) шабылуына, тіршілікжылына, өсіру жағдайларына қарай 30-дан 70% дейін өзгереді, Қазақстанда аудандастырылған жоңышқа сорттарында 43-52%, максимум шамасы бүрлену-гүлденудің басында (44-52%), толық гүлдену-жеміс салу кезеңінде 37-42%-ға дейін кеміді. Жапырақ үлесінің кемуі жасына қарай да өзгереді және тіршілігінің екінші жылынан төртінші жылына қарай кемиді.Жоңышқаның гүлшоғыры-бұтақбас, 12-16 гүлдентұрады, сабақ төбесі мен бүйір бұтақтарына орналасқан. Бұтақбас өсімдіктерде төменнен жоғары қарай орналасқан

Жоңышқаның гүлдері қосжынысты. Гүл күлтесі 5 күлте жапырақшадан тұрады, оның екеуі бірігіп өсіп "қайық" құрайды, екі бүйірдегілері "ескек", ал бесіншісі "желкен" жасайды. Жоңышқаның гүл бағанасы түтіктеніп біткен 9 аталық жіптерден және түтік ортасында бос орналасқан жіңішке аналықтан тұрады.

Гүл қауызы ашылғаннан кейін аталықтар аузы жабық қалпында қайықтүбінде қалады. Тозаңдану гул ашылғаннан кейін және қайықтан аталықтар мен аналық клеткалар лақтырылғаннан кейін насекомдар арқылы жүреді.

Жемісі-көп тұқымды бұршақ. спираль немесе орақтәрізді, сары жоңышқада кейде түзу бопып келеді. Сары жоңышқаның 1000 тұқымның массасы 1,2-2,6г, көк және көк будандыда-1,95-2,6 г, сары будандыда-1,35, сарысында -1,2 г.

Топырақ бетіне таяу 5-7 см, кейде 12 см дейін тереңдікте жоңышқада сабақтың жайылып өскен бөлігі, тамыр мойны пайда болады. Мұнда "ұйқыдағы" бүршіктер орналасқаң оларданжаңаөркендердамып шығады. Шабылғаннан кейің көктемнен бастап тамыр мойнындағы бүршектерден және паясынан жаңа өркендер өседі. Өсімдіктің алғашқы даму кезеңдеріндетамыр мойны топыраққа қарай ұзарады да, сонда жақсы қыстайды.

Топырақ-климат жағдайлары мен агротехникаға байланысты тамыр жүйесінің топыраққа тереңдеуі әр түрлі: орта есеппен суарылмайтын жағдайда тіршілігінің бірінші жылында 150-180 см, кейінгі жылдары -250-360 см, ал суармалы жағдайда тиісінше 100-150 ем және 180-200 см.



Тіршілігінің бірінші жылының аяғына қарай кең қатарлы епстікте 28 ц/га дейін масса қалыптасады, ал қатардағы әдісте 44 ц/га дейін болды (ауадағы құрғақ күйі), өсімдіктертіршілігінің төртінші жылында топырақтың 0-20 см қабатындағы тамыр массасы 135 ц/га дейін жетті. Ірі тамырлардың басым көпшілігі 0-10 см топырақ қабатында шоғырланған

Биологиялық ерекшепіктері. Жоңышқаның тұқымы 2°-3° жылылықта өне бастайды, ал тіршілікке бейімді егін кегі 5°-6° жылылықта пайда болады, қолайлы температура +18°+20°. Қыстап шыққаннан кейін жоңышқа орташа тәуліктік температура 7°-9°-тан жоғарылағанда өсе бастайды. Көктегеннен кейін немесе өсе бастаған жоңышқа 5-6° бозқыраудан зақымданбайды, суыққа төзімді сорттары 6 үштік жапырақтар кезеңінде 9°дейінгі бозқырауды көтереді. Жоңышқаның көгі көктемгі бозқырауды күзгіге қарағанда жеңіл көтереді. Жоңышқа-жаздық өсімдік, ерте көктемде себілгенде сол жылы көктеп, гүлдейді де тұқым береді. Өсе бастағаннан гүлденгенге дейін жоңышқаның әр түрлі сорттарына орта есеппен 800-890° тұқымының пісуне дейін 1200-2200° жиынтық температура қажет, тұқымның пайда болуына қажетті қолайлы температура +25-28°.

Шортандинская 2 сортына өсімдік тіршілігінің екінші жылына көктемгі өсе бастағаннан гүлдену кезеңіне дейін 890°белсенді жиынтық температура қажетболады, ал өсіп-өну басынан тұқымның пісу кезеңіне дейін-14500. Температура жиынтығы 2200°-тан асатын Қзақстанның далалық және орманды- далалы аудандарына іс жүзінде жоңышқадан 2-3 шабыс алуға мүмкіндік бар, сонымен қатар тұрақты өнімін тіпті 2-ші шабыстың өзінен алуға болады.

Күндізгітемпература 15-20°, ал түнгі 10-15°болғанда құрғақ зат барынша тез қорланады, сонымен бірге тамырдың және жапырақ ауданының өседі.

Жоңышқа-ыстыққа төзімді дақыд күндізгі +35-40° аптап ыстықты көтереді. Қазақстан жағдайында топырақ бетіндегі температура күндізгі сағаттарда кейде 45-50°-қа дейінжетеді, алайда дұрыс суарғанда оның зиян салдары байқалмады.

Өсімдіктің жағдайына байланысты жоңышқа тамыр мойны орналасқан алаңда 15-20° дейінгі суытықты көтере алады. Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған жоңышқа сорттары 10-15см қарқабатында қанағаттанарлық дәрежеде қыстайды, қыс ортасындағы қар бетіндегі 30° суықтықты көтереді, ал қар қабаты 20-40 см асқаида тіпті 40-50°температураны жақсы көтереді.

Қысқа, аязға төзімділігі өсімдіктің қыстайтын тіршілік ұзақтығына байланысты. Целиноград облысында жүргізілген біздің тәжірибелерімізде қысқа кетердің алдындағы тіршілік ұзақтығы 110-130 күн болғанда Шортандинская 2 қыстағаннан кейін 96,4-97,2 % өсімдігі сақталады, ал 80 күндік болғанда-(гүлдену кезеңінде) 83,7%, 50 күннен аса (бұтақтану кезеңі)-83% және 20 күндік болғанда (алғашқы нағыз жапырақтар кезеңі}-2%, басқаша айтқанда 50 күннен кем тіршілікжасаған өсімдіктер нашар қыстайды, өйткені олар қысқа жеткілікті қоректік заттар қорын жасап үлгермейді және тамыр мойны жеткілікті тереңдікке жетпейді.

Қысқа төзімділігіне себу мерзімімен бірге шабу немесе мал жаю мерзімі де әсер етеді. Соңғы шабу мерзімін немесе мал жаюды дұрыс жүргізбегенде жоңышқа 2-3 тіршілік жылында қатты селдіреп қалады.

Қуатты жапырақ бетін дамыта отырып жоңышқа суды көп буландырады, соның нәтижесінде бір өлшем құрғақ заттүзуге оның 700-900 өлшемі шығындалады.

Жоңышқада себу әдісіне байланысты тіршілігінің екінші және кейінгі жылдарында су пайдалану коэффициенті 55-75 м3 және кең қатарлы егістерде қатардағы егістерде қатардағы әдіспен егілген алқаптағыға қарағанда су шығыны 15-29% кем болды да 56-68 м3жетті. Суаруды қолданғанда өнімді қалыптастыруға кеткен жалпы су шығыны 30 м3/ц, ал тыңайтқыш нормасын енгізген алқапта 30-35 м3/ц дейін өзгереді.

Дақылдың ылғалды жоғары қажетсінуін ескере отырып, оны жылына 300 мм жоғары ылғал түсетін аудандарда ғана суармасыз жағдайда өсіруге болатынын ескерген дұрыс, бірақ бұл ретте оны ылғалмен қамтатамыз етілген және жер асты сулары 2,0-2,5 м тереңдікте болатын учаскелерге орналастырады. Жылдық ылғал мелшері 290-300 мм-дан аспайтын құрғақ далалық аудандарда жоңышқаны тек қана суармалы жағдайда өсіруге болады.

Сортотиптері мен сорттары. Егістіктегі барлық жоңышқа 6 сортотипке бөлінеді: көк, көкбуданды, шұбар және сары буданды, сары, көгілдір. Жоңышқаныңтобы мен сорты гүлдің түсіне, пішініне, гүлшоғыры мен бұршағына қарап ажыратылады.

Көк- гүлдің түсі күлгің қоспа түс жоқ. Бұршағы спиральды, 2-4 айналымға бұратылған. Бұл топтағы сорттар негізінен Қазақстанның оңтүстік облыстарында суармалы жерлерде өсіріледі.Көк буданды - гүлдің жалпы түсі көк, бірақ 15-20% дейін өзгермелі түспен кездеседі: күлгін, кіршең-күлгін және жасылдау. Бұршағы борпылдақ, спиральды, 2-4 айналымға бұратылғаң кейде орақ тәрізді және түзу болып келеді. Бұл топтағы сорттар, барынша өнімді және Сібір мен Солтүстік Қазақстанда кең тараған.

Сары буданды - гүлдің жалпы түсі қоңыр сары, 15% дейін ашық сары гүлді болып келеді. Бұршағы 1-1,5 айналымға бұратылған. Бұл жоңышқа жалпы аудандарда барынша төзімді, әрі өнімді.

Сары гүлдердің жалпы түсі ашықсары, қызғылт сары. Бұршағының пішіні орақтәрізді, шөптілігі жіңішке сабақты, ұсақ жапырақты, бұтасы ауытқымалы. Қуаңшылыққа, қыстың суығына төзімді, алайда өнімділігі жеткіліксіз.

Көгілдір-күлтесініңтүсі көгілдір, көкжоңышқадан гүлдерінің ұсақтығымен және жапырақшаларының енсіздігімен ажыратылады.

Қазақстанда аудандастыруға жіберілген жоңышқа сорттары:

Карагандинская 1 - Қарағанды МАТС-да шығарылғаң Европалық жоңышқаға жатады, көк буданды сортотип, жапырақтануы - 49-55%, күлте жапырақшасының тусі күлгің ашық-күлгін және сирень түсті, бұршағы 1,5-3,5 айналымға бұратылған. Сорт орташа мерзімде піседі, баяу өседі, суарылмағанда 1-2 шабыс, суарылғанда 2-3 шабыс береді. Қыстың суығына төзімді, 1938 .

Карабалыкская 18 - Қарабалық МАТС-да шығарылған Европалық жоңышқаға жатады, шұбар буданды сортотип, жапырақтануы 38-49%, күлтесі күлгін, көкшіл және сарғыш-жасыл түсті, бұршағы орақ тәрізді. Сорт қыстың суығына, қуаңшылыққа төзімді, 1971 .

Көкше - Көкшетау АҒЗИ-да шығарылған Европалық жоңышқаның шұбар буданды сортотипіне жатады. Жапырақтануы 54-58%, күлте жапырақшасы шұбартүсті, бұршағы 1-3 айналымға бұратылған. Сорт орташа мерзімде піседі. Қыстың суығына, қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, 1968.

Семиреченская местная - Алматы облысының жергілікті сорты. Жапырақтылығы 39-54%. Күлтесінің түсі күлгін, бұршағы 2-4айналымға бұратылган. Кеш пісетін сорт, қыстың суығына төзімді, алайда көктемде және шапқаннан кейін баяу өседі, суарылмалы жағдайда 3-4 шабыс, суарылмайтын жерлерде 1-2шабысбереді, 1934.

Шортандинская 2 -ҚАШҒЗИ-да шығарылған Европалық жоңышқаның сортотипіне жатады, жапырақтануы 42-56%, 89-93% өсімдіктің күлтесі ашық-күлгің ақ, жасылдау-сары және ашық-сары түсті, бұршағы 1-2 айналымға бұрашалған. Сорт орташа мерзімде піседі, қыстыңсуығына, қуаңшылыққатөзімді, көктемдежәне шабылғаннан кейін баяу өседі, 1952

Жоғарыда келтірілген сорттардан басқа селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік реестрмен аудандастыруға мынадайсорттар жіберілген: Береке, 1989, Желтогибридная 55, 1993, Даркаң 1998, Капчагайская 80, 1989, Красноводопадская, 1962, Красноводопадская скороспелая, 1992 , Прогресс, 1993 , Ташкентская 1, 1954, Уральскаясиняя, 1950, Ярославна, 1990.

Жоңышқаны мал азығына өсірудің технологиясы.Жоңышца қарқынды турдегі дақыл. Сондықтан оған қарқынды технологияның барлық элементтерін қолданған жөн. Басқа барлықжағдайларда жасалғанда технологияның төмендегідей негізгі элементтерін бөледі.

  1. Ылғалға қатаң талаптар қоятынын ескере отырып жақсы ылғалданған аудандарға, ағын сулары терең емес (2,0-2,5 м) ойпаңдау жерлерге, өзінен кейін мол пайдалыылғал қорын қалдыратын алғы дақылдан кейін орналастыру қажет.

  2. Жоңышқаның себілген жылы баяу өсетінің арамшөппен ластануға бейімділігін ескеріп, алғы дақылдарды,топырақ өңдеу, гербицидтер қолдану, егістікті күтіп-баптау т.б. шараларды қолдана отырып арамшөпке қарсы ерекше көңілді күреске аударған дұрыс.

  3. Жоңышқа-тұқымы саяз сіңірілетін дақыл екендігін еске алған жөн және тұқымның жоғары далалық өнгіштігін топырақтың беткі қабатында ылғал қоры мол болғанда ғана алуға болады, оның үстіне жаздың екінші жартысында жоңышқаның себілмегені шарт, өйткені бұл жағдайда оның егістігі қыстың суығына төтеп бере алмайды. Тіршілігінің бірінші жылындағы басты мәселелердің бірі жақсы егін көгін алу және оны арамшөптен қорғау болып табылады.

  4. Жоңышқаның бір орында 4-5 жыл өсірілетінін ескеріп,фосфор мен калийдің есептелген нормасын барлықжылдары алынатын өнімге сәйкестендіріп, топыраққанегізгі тыңайтқыш ретінде, ал азоттыңайтқышын үстеме қоректендіру жолымен енгізу қажет.

  5. Сабақ бітіктігі селдіреп қалған ескішақты жоңышқаны егістікте қалдырмаған дұрыс.

  6. Міндетгі түрде қоректік заттардың барынша сақталуын қамтамасыз ететін жинау технологиясы мен мал азығын сүрлеуді қарастыру керек.

  7. Жоңышқаны арамшөптен таза, ылғал қоры мол топырақтарда өсірген дұрыс. Шөпті-отамалы дақылдар ауыспалы егістерінде жоңышқаны-парлы ауыспалы егістерде-парға себілген бидайдан кейін орналастырады.

Көп жылдық шөптерді жақсы алғы дақылдан кейін - орналастыру пішен өнімін 5-15 ц/га арттыруға мумкіндік береді, ал 3жыл пайдаланғанда бұл шара әр гектардан қосымша кем дегенде 12-40 ц пішен жинауды қамтамасыз етеді, қысқасы жоңышқаны жақсы алғы дақылдардан кейін орналастыру-экономикалық жағынан тиімді.

Ылғалмен жақсы қамтамасыэ етілген аудандарда себу мерзімін мамырдыңортасына қарай жылжытуға болады. Бұл жағдайда негізгі өңдеудің әдісіне қарай себу алдындағы топырақөңдеу анықталады (аудара жыртылған алқаптарда-культиватормен өңделеді, тырмаланып, тығыздалады). Сыдыра жыртқыштармен өңделген жерде себу алдындағы өңдеуді КПШ-9 культиваторымен жургізеді, мақсаты-арамшөпті құрту, топырақтың беткі қабатын (5-6 см)қопсыту, мүмкіндігінше аңызын максимум сақтау. Себу аңызды сеялкалармен немесе дәнді-шөпті СТС-2,1, СЗТ-3,6 және т.б. сеялкаларымен жүргізіледі. Аңыз жоңышқа көгін ерте көктемгі кезеңде шаң дауылынан сақтайды. Себуге дейін топырақгы буылтық таптағышпен З-ККШ-6, З-КК-6 тығыздау барлық жағдайда қажет. Жоңышқа калий және фосфор тыңайтқышын қажетсінеді, ал азот тыңайтқышымен үстеме қоректендіру тиімсіз деген пікір бар, алайда Қазақстанның көптеген топырақтарында фосфор аз, ал калийге бай, сондықтан фосфор (негізгі өңдеудің астына) және азот (үстепме қорекгендіруге) тыңайтқышын ғылыми дәлелденген нормамен енгізу барлық жерде айтарлықтай қосымша өнім жинауды қамтамасыз етеді. Суармалы жерлерде потенциалды мүмкін жоғары жоңышқа өнімін алу үшін калий тыңайтқышын да пайдалануға тура келеді.

Фосфор тыңайтқышының есептелген нормасын (қажет болғанда калий тыңайтқышын да) жоспарланған өнім жағдайына қарай шөптілікті пайдаланудын бүкіл кезеңіне сәйкестендіріп (3-4 жылға), ал суармалы жерлерде 6-8 жылға енгізген жөн. Ал есептелген азоттыңайтқышын үзіп көктем және әрбір шабыстан кейін шашып (1РМГ-4), соңынан БЗСС-1,0, БМШ-Ют.б. сіңіріп отырады.

Жоңышқа ылғалдану жағдайларына байланысты таза күйінде (буркемесіз) немесе бүркемелі бір жылдық дақылдар астына себіледі. Жоңышқаны буркемесіз егістікте сепкен жылы пішен өнімі тек қана жазғы кезеңде ылғал мол болғанда, немесе суармалы жерлерде жиналады, ал құрғақ жылдары Солтүстік Қазақстанның далалық аймағында өнім жинауға үміт артудың қажеті жоқ, ал бүркемелі егістікте бүркеуші дақылдардың есебінен бірінші жылдың өзінде шаруашылық маңызы бар өнім қалыптастыруға болады.

Бүркеуші дақылдар жоңышқа егістігін арамшөптің басып кетуінен сақтайды, алайда олар көпжылдық шөптердің өсуі мен дамуына теріс әсерін тигізөді де олардың өнімін төмендетеді, әсіресе шөптілікті пайдаланудың бірінші жылында бұл ерекше байқалады.

Барлық зерттелген бүркеуші дақылдардың ішінде жоңышқаның өсуіне, дамуына және өніміне теріс әсерін мейлінше аз тигізетін дақылдар қатарына шөпке жиналатын тарылар (итқонақ, тары) жатады.

Жоңышқаны ылғал қоры мол (120-140 мм) алғы дақылдан кейін орналастырғанда (мәселең таза пардан кейін) бүркемелі дақыл ретінде бидайды пайдаланған жөн. Басқа алғы дақылдардан кейін пардан кейінгі бидай, жүгері, біржылдық шөп-ерте пішенге жиналатын тары тәрізді шөптің бүркемесіне сепкен дұрыс, мұның өзі әр гектар буркемесіз егістікке қарағанда 4-14 ц а.е. артық жинауға мүмкіндік береді, суармалы жерлерде жүгері бүркемелі дақыл болады.

Көпжылдық шөптердің өнімі олардың өсімдік тіршілігінің максималды өнімділігі кезеңіндегі өнімі (2-4-ші жылдары) айтарлықтай дәрежеде себілген жылғы өсуі мен дамуына, қысқасы, сабақ бітіктігінің қалыптасуы кезеңіне байланысты.

Бүркемелі себу әдісі алқаптардың арамшөппен ластануын және олардың зиянды әсерін азайтады, алайда бүркемелі дақылдардың өздері көпжылдық шөптерге теріс әсерін тигізеді, осының нәтижесінде тіршілігінің екінші бүркемеден шыққан жылында жоңышқаның өнімі бүркемесіз себілген алқапқа қарағанда 1,5-2 есе төмен болады.

Қуаңшылық жылдары көпжылдық шөптерді негізінен бүркемесіз сепкен дұрыс, алайда егер шөптер тіршілігінің бірінші жылында егістік таза болып, арамшөптерден арылған болса себудің бұл әдісі бүркемелі әдіске қарағанда тиімді болады.Шөптер үшін сепкеннен кейін алғашқы 50-60 күн қауіпті, өйткені көпжылдық шөптер бұл уақытта өте баяу өседі және қаулап өсетін арамшөпке қарсы тұра алмайды

Агротехникалық шаралардың мүмкіндіктері шектеулі болған мең оларды арамшөптерге қарсы кеңінен пайдалану қажет, Біріншідең көпжылдық шөптерге арамшөптен таза ауыспалы егіс пен алғы дақылдарды дұрыс таңдап алу, екіншіден топырақтың негізгі өңдеуін тыңғылықты түрде қолдану, үшіншідең себу мерзімін анықтағанда ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайлары мүмкіндік берсе себуге дейін арамшөпке қарсы күресті әдістерін қарастыру, төртіншіденбүркемесіз егістіктерде тіршілігінің бірініші жылында арамшөпке қарсы күрес, оларды 2-3 қайтара шабу арқылы жургізу қажет.

Алайда, өндіріс жағдайында бұл шаралар ылғи тиімді бола бермейді, немесе арамшөптерге қарсы қолданылатын бірқатар агротехникалық шараларды іске асыруға мүмкіндік болабермейді. Атап айтқанда, арамшөпке қарсы күресті көпжылдық шептерді, оның ішінде жоңышқаны, сепкенге дейін тиімді жүргізуге болады, ал бұл деген сөз-себу мерзімін кеш мерзімге-арамшөп тұқымдары жаппай өсетін-маусымның екінші жартысына-шілденің басына жылжыту керек, бірақ бұл уақытта топырақтың беткі қабаты кеуіп кетеді және шөптердің егін көгі алынбауы мумкін. Егін көгін алудың сенімді мерзімінде - қысқа қарсы (астық тұқымдас шөптер үшін) және ерге көктемде (бұршақ және астық тұқымдас шөптер үшін)-себу мерзіміне дейін арамшөпке қарсы курес жүргізу мумкіндігі жоқ. Егер жоңышқа тіршілігінің екінші жылында максималды өнім жинау мәселесі қойылса, онда гербицидтердің барлығын ескеріп, оны бүркемесіз себу қажет. Жоңышқаның себу технологиясына дән-шөп СЗТ-3,6 сеялкасы сәйкес келеді, ал аңызды алқаптарда СТС-2,1. Шаруашылықтарда дән-шөпсеялкалары болмаған жағдайда кәдімгі астық себетш дискілі СЗП-3,6, СЗ-3,6 ж.б., ал аңызды алқаптарда СЗС-2,1 сеялкаләрын пайдалануға болады.

Жоңышқаны бүркемелі әдіспен өсіргенде оның тұқымын бүркемелі дақылдың тұқымымен араластырып сеуіп жүр, мұны олардың тұқым шамалары (тары, итқонақ, судан шөбі) мен бұл дақылдардың себу тереңдігі сәйкес келген жағдайда қолданады. Бидай арпа, сұлы буркемелерінің астына сепкенде әуелі бүркеме дақылды себеді, соңынан топырақты буылтық 3-ККШ-6А катокпен тығыздап тегістегеннен кейін бүркемелі дақылдар қатарларына көлденең жоңышқа себіледі.

Жоңышқа тұқымының далалық өнгіштігі тұқым сіңіру мен топырақтың беткі қабатының ылғалдылығына байланысты. Топырақтың беткі қабаты ылғалды болғанда далалық өнгіштік жоғары болады, сондықтан көптеген тәжірибелерде ерте көктемде себілген жоңышқа сенімді болды. Топырақтың беткі қабаты жақсы ылғалды болғанда жоңышқа тұқымын 2-3 см-ге ал жеңіл топырақтарда және беткі қабаттары кеуіп кеткенде 3-4 см-ге себеді, ешқашан 4 см-ден асыруға болмайды.

КАУ-де себу мерзімін зерттеу көрсеткендей, ерте көктемде, көктемде және ерте жаз мерзімдегінде себілгенде жоңышқаның пішен өнімі шамамен бірдей және оның максималды дәрежесі өсімдік өмірінің 2-3-ші жылдарында тиісінше 32,8-34,1 және 39,5-44,8, төртінші жылында 18,6-28,0 ц/га болды.

Үш жыл пайдаланғанда бұл мерзімдердегі жоңышқа өнімінің жиынтығы 90,9-98,3 ц/га болды, жазда себілген жоңышқа 28,7 ц/га өнімді кем берді.

Ерте көктемде себілген егістің тұрақты нәтиже беретін себебі-жоңышқа тұқымы саяз себілетін дақыл ал Солтүстік Қазақстанда көпшілік жағдайда топырақтың беткі қабаты ерте көктемде ылғалды болады.

Жаздың соңында жоңышқа себуге болмайды, өйткені оның өсімдігі жақсы қыстап шығу ушін күзгі өсіп-өнуін тоқтатқанға дейін 70-80 күн егістікте болуы керек. Жазғы мерзімде де шектелген дұрыс, кейбір жағдайларда арамшөптермен ластанған алқаптарға ерте, жазда себуге болады, ол үшін алқап арамшөптерден әбден тазартылады, сонан соң жазда жауатын жауын-шашынға сәйкестендіріп жоңышқаны себуге

Тұқымдық жоңышқаны бұршағының 65-75 % қоңырланғаңда бөлектеп жинаған дұрыс. Тұқым шығынын азайту мақсатымен дестелерді арбаларға артып, бүкіл массаны қырман басына жеткізіп, соңынан бастырған өте тиімді.

2.Эспарцеттің мал азығына өсіру технологиясы.

Маңызы. Қазақстанда жылына орта есеппен 280-290 мм ылғал түсетін өте қуаңшылықты далалы аудандарда көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің ішінде қуаңшылыққа төзімді дақыл ретінде эспарцетке үлкен мән беріледі

Эспарцет пішеңн, пішендеме, көк балауса алу үшін өсірілетін және жайылымдық өсімдік. Басқа бұршақ тұқымдастардан айырмашылығы-эспарцет тимпания ауруын туғызбайды. Аймақ жағдайында эспарцет, сонымен қатар, жақсы бал өнімін беретін өсімдік.

Мал азықтық құндылығы және жұғымдылығы жөнінен эспарцет жоңышқадан төмендеу, өйткені-оның сабағы дөрекі келеді.



Гүлдену кезеңінде 100 кг көк балаусасында 19,0-20 а. ө. және 3,5-3,7 кг сіңімді протен 100 кг пішенінде 50-60 а. ө. және 8,0-9,5 кг сіңімді протеин болады.

Морфологиялық ерекшеліктері. Эспарцеттің 150-ге таяу түрлері белгілі, олардың ішінде үш түрі кең тараған кәдімгі эспарцет, құмдақ эспарцет, алдыңғы Азия немесе Закавказдық эспарцет. Эспарцет формасымен сабағы мен жапырақтарының құрылысы, шашақ гүлінің формасы және гүлдерінің тусімен ажыратылады.

Кәдімгі эспарцеттің сабағы толық, төменгі жағынан иілгең жоғары жағы күшті бұтақталған. Гүлдері ашық-қызғылт пурпурлы, шашақ гүлі тығыз, ұзындығы 5-12 см.

Закавказдық эспарцеттің сабағы тік, тегіс, өзегі қуыс болып келеді. Гүлдері қызғылттау немесе ашық-қызғылт қоңыр жолақтары бар. Гүл шашағы кәдімгі эспарцетке қарағанда селдірлеу, ұзындығы 8-15 см.

Құмдақ эспарцетгің сабағы жуаң тіктұратың өзегі толық өсімдік. Гүл шашағы (бұтағы) селдір, ұзындығы 12-20 см, жоғарғы бөлігі өте жіңішкерген.

Эспарцеттіңегін көгі себілгеннен 7-14 күннен кейін шығады. Тұқымы өнгеннен кейін тұқым жарнағы жер бетіне шығады. Далалық өнгіштігі топырақ ылғалдылығына байланысты, әдетте 50-60%, алайда жазғы кезеңдетірі қалуы жоңышқадан төмен. Көктегеннен кейін тұқым жарнақтарының арасында орналасқан бүршіктен шеттері тегіс ланцет тәрізді алғашқы жапырақ өсіп шығады. 10-12 күннен соң эллипс формасына көшеді, соңынан үш жапырақшасымен тағы екі жапырақ, ал тағы 10-12 күннен соң бестік жапырақтар пайда болады.

Көктегеннен кейін алғашқы күндері эспарцет негізінен тамыр жүйесін дамытады және тамыр түбін әрі қысқарған өркендер қалыптастырады. Көктегеннен соң екі айдың өзінде эспарцеттің тамыр жүйесі топыраққа 90-65 см тереңдікке бойлайды, тіршілігінің екінші жылында топырақтың жырту қабатында 132-158 ц/га тамыр қалдықтары жинақталады.

Эспарцеттің тамыр жүйесі кіндік тамырлы, күшті дамығаң 3-6, тіпті 10 метрге дейін тереңге бойлайды, 50 см тереңдікке дейін бүйір тамыршаларын түзбейді, олардың барынша көп саны топырақтың 50-100 см қабатында пайда болады. Құмдақ эспарцеттің негізгі тамыры топырақтың жырту қабатында жіңішке тамыршалардың бірнеше қатарын құрайды.



Бүркемесіз егістікге өсімдік тіршілігінің бірінші жылында қолайлы жағдайларда эспарцет гүлдеп жеміс салады.

Тіршілігінің екінші жылында жоңышқа ерте өсе бастайды, бірақ қарқынды өсуі бүрлену кезеңінен кейін басталады. Тіршілігінің екінші және кейінгі жылдары эспарцет биіктігі 50-120 см бұтақты сабақ қалыптастырады, ал бұтасы тығы.ч, немесе жартылай құламалы болып келеді. Жапырақтары дара қос қауырсынды, 7-12 қос жапырақшасы болады. Жапырактануы 46-50%. Қазақстан жағдайында эспарцет маусымның екінші жартысында гүлдейді. Құмдақ эспарцеттің шауып алғаннан кейін алшынкөктігі жоғары емес, жылдық өнімінің 20-25%-ынан аспайды.

Жемістері-жартылай шеңберлі жұмыртқа тәрізді-бұрыш формалы бұршақ, біртұқымды жарылмайтын торлы болып келеді. 1000 бұршақтың массасы құмдақ эспарцетте 11-15, Закавказдықта 14-22 г. Дақыл бұршақтарымен себіледі.



Биологиялық ерекшеліктері. Тұқым 1-2°жылылықта өнебастайды, қолайлы өсу температурасы +18-25°. Қазақстанның аз қарлы қысжағдайларында эспарцет егісті-40°-480аязды көтереді және жақсы сақталады.

Құмдақ эспарцеттің қыстың суығына өте төзімдітамырының тығыз консистенциясымен ондағы су мөлшерінің 77% шамасында болуымен тусіндіріледі, ал кәдімгі эспарцетті ол 82,5%, закавказдық эспарцетте 84% болды.

Біздің қатал қыс жағдайында қысқа кеткен өсімдіктердің 60% сақталады. Эспарцет өскеннен кейін көктемгі -12°-қа дейіі аязды көтереді, жоңышқаға қарағанда төменгі температураіа төзімді. Эспарцет-жаздық түрдегі өсімдік, себілген жылытұқым өнімін береді. Ұзақ күнді өсімдік. Эспарцеттің негізгітозаңдатқыштары-мәдени аралар.



Эспарцетті ксерофит өсімдіктерге жатқызады. Ол ылғалды топырақтың 2 мен тереңірек қабатынан пайдалана алады.Кейбір жағдайларда тамырлары құрғақ топырақтарда да өсе алады. Ол үшін тамырлардың бір бөлігі ылғалды топырақта жатып құрғақ қабатқа ылғал жеткізуі қажет. Құмдақ эспарцет тамыр жүйесінің белсенді жұмысы және буландыруға жоғары төзімділігі арқасында ылғалы жеткіліксіз жағдайларда ойдағыдай өсе алады.

Эспарцеттің транспирациялық коэффициентіжоңышқамен салыстырғанда біршама төмен және орта есеппен закавказдык, эспарцетте 400-450, құмдақэспарцетте 300-350. Су пайдаланукоэффициенті агротехника дәрежесі мен ылғалдануға байланысты 1 ц пішенге 30-70 м3, мұның өзі өнімді қалыптастыруға эспарцет суды тиімді шығындайтындығын көрсетеді.

Қуаңшылыққа жоғары төзімділігінің нәтижесінде эспарцет құрғақ-далалық аймақта бұршақ тұқымдастардың негізгі өкілдерінің бірі ретінде өсіруге мүмкіндік береді. Эспарцет судың басып кетуіне шыдай алмайды, сондықтан көлдете суарылатын жерлерде, ойпаңдарда және т.б. қысқа уақытқа болса да су басып кету қаупті бар жерлерде эспарцетгі себуге болмайды.

Өсімдік тіршілігінің екінші-үшінші жылдарындағы эспарцеттің өсуден тұқымының пісуіне дейінгі вегетация кезеңінің ұзақтығы 80-90 күн. Жазғы ауа қуаңшылығынан жоңышқаға қарағанда ол жақсы құтылады, өйткені, 10-15 күн ерте гулдейді, гүлдену кезеңі қысқарақ (20-25 күн), тұқымы біркелкі піседі. Ақмола облысы жағдайында эспарцет маусымның басында гүлдейді, ал осы айдың соңында гүлдеп бітеді, шілденің 20-30-на қарай тұқымы піседі, шөптілікте 3-4 жыл сақталады.



Топыраққа эспарцеттің талғамы аз, карбонатты топырақтың барлық түрлерінде де ол өсе алады. Құмдақ эспарцеттің тамыр жүйесі жақсы дамығаң органикалық қышқыл бөлу қабілеті бар, мұның өзі өсімдіктерге топырақтан қиын еритін известь және фосфор қосылыстарын сіңіруге мүмкіндік береді, осының нәтижесінде табиғи жағдайларда тасты топырақтарда өсіп дами алады. Эспарцет өсімдігінің тұзға төзімділігі төмең сондықтан сортаң топырақтарда нашар өседі және қыстың суығына төтеп бере алмайды.

Қазақстанда аудандастыруға жіберілген құмдақ эспарцеттің сорттары: Песчанный улучшенный - Қарағанды МАТС-да шығарылған. Құмдақ эспарцет түріне жатады. Өсімдігі аласа бойлы, тік тұратын бұта қалыптастырады, жапырақтылығы 46-50%, шабылғаннан кейін алшынкөгі нашар өседі және әдетте бірақ шабыс береді, жекелегең ылғалдылығы өте қолайлы жылдары шамалы өнімді екінші шабыс береді. Сорт қыстың суығына, қуаңшылыққа төзімді, 1950

Шортандинский 83. ҚазақАШҒЗИ шығарылғаң 1993, Песчанный 1251, 1959, Гибрид 110,1988. Виколисты эспарцеттің сорттары: Алма-Атинский 1, 1977 , Алма-Атинский2, 1980.

Мал азығына өсірудің технологиясы. Эспарцетауыспалы егістерде арамшөптерден таза және ылғалы мол алғы дақылдардан кейін (пардан кейің бірінші-екінші бидай, жүгері біржылдық шөптер) орналастыруға тиіс.

Эспарцет өсірілетін негізгі аудандарда жел эрозиясы дамығаң сондықтан топырақты ПГ-3-35, ПГ-3-100 және т.б. түріндегі эрозияға қарсы сыдыра жыртқыш құралдармен 20-22 немесе 25-27 см тереңдікке өңдейді, топырақты бір мерзімде тегістейді.

Эспарцеттің ең қолайлы себу мерзімі ерте көктем болғандықтан топырақты себуге дайындау, тыңайтқыш енгізу жұмыстарын күзде жургізген дұрыс. 3-4 жыл жиналатын өнімге есептелген фосфор тыңайтқышын және азот тыңайтқышының бір бөлігін топырақты негізгі өңдегенде енгізген жөн. Мамырдың екінші жартысында себілетін алқаптарда ерте көктемде топырақБМШ-10жәнет.б. өңделеді,себу алдындаКЛЭ-3,8, КТС-10 культиваторларымен өңделеді және бір мерзімде тырмалау мен тығыздау жүргізіледі.

Ең қолайлы себу мерзімі ерте көктем-көктемгі жұмыстар бастамалысымен сәуірдің 15-25 кезеңінде, топырақтың тұқым сіңіру қабатының кеуіп кетпеуі қадағаланады. Бұдан кеш мерзімде себілгенде ылғал ұшып кетеді және өсімдіктер қолайсыз жағдайларға ұшырайды. Алайда, ылғалы мол алқаптарда және көктем ылғалды болған жылдары көктемде, тіпті жазда себуге де болады, оған дейн алқаптарды арамшөптен тазартып үлгереді. Көктемде ылғал жеткіліксіз болғанда себу мерзімін жазғы жауын-шашынның түсуіне ыңғайластырып келтіруге болады, бірақ жаздың соңында (тамызда) себілген егістіктер қысқы кезеңде өліп қалады.

Жылдық ылғал мөлшері 250-300 мм-ден аспайтын аудандарда бүркемелі егістік жарамайды. Сондықтан, іс жүзінде негізгі эспарцет өсірілетін аудандарда оны тек қана бүркемесіз сепкен жөн. Қартоқтату үшін күнбағыстан немесе қышадан ықтырма сепкен дұрыс.Дәнді дақылдар бүркемесіне себілгенде олардың түптену кезеңінде және эспарцеттің бірінші күрделі жапырағы дамығанда екіжылдық және біржылдық арамшөпке қарсы егістікгі 2,0-3,0 кг/га нормасымен 2М-4Х препаратымен өңдейді және препаратқа сезімтал ақ алабұта егістік ярутка, жұмыршақ және т.б. қарсы препараттың енгізу нормасын 2,0-2,2 кг/га дейін кемітуге, ал қалуендерге карсы 3,0 кг/га дейін өсіруге болады.

Өсімдік тіршілігінің бірінші жылында қыста қар тоқтату мақсатымен эспарцет көгінің үстіне шілденің басында гектарына 30-40 кг нормамен кең қатарлап сұлы себіледі. Пішенге, көк балаусаға эспарцет әдетте қатардағы әдіспен себіледі, кейде кең қатарлы егістік қуаңшылық жылдары қатардағы әдіспен себілген егістікпен салыстырғанда анағұрлым жоғары өнім бере алады.

Эспарцеттің қолайлы себу нормасы 3-4 млн/га өнгіш тұқым (35-50 кг/га). Агротехника дәрежесі жоғары болғанда төмендеу себу нормасын 25-40 кг/га қолдануға болады, ал кең қатарлы әдісіпен сепкенде 20-25 кг/га дурыс. Тұқымның сіңіру тереңдігі 3-4 см, ауыр топырақта және ылғалы жеткілікті аудандарда ең жақсы сіңіру тереңдігі 2-3 см, жеңіл топырақтарда 4-6 см. Көктемде эспарцет егістігін азот тыңайтқышымен үстеме қоректендіру және БЗСС-10, БМШ—15 және т.б. Тырмалармен өңдеу тиімді.

Тұқымға есіру агротехникасының ерекшеліктері. Тұқымдық алқаптарды арамшөптерден таза алғы дақылдарға орналастырған жөн. Ең жақсысы-таза пар, жүгері, мал азьгына өсірілген біржылдық шөптер. Топырақты негізгіөңдеудіңастына фосфор тыңайтқыштары енгізіледі. Тұқым кең қатарлы әдіспен (45-60 см) гектарына 1,0-1,5 млн. өнгіш тұқым немесе 10-15 кг нормасымен себіледі.

Бүркемесіз әдісімен сепкен жөн. Тіршілігінің бірінші жылында арамшөптерді шауып тастайды, қатараралықтарды өңдейді. Барынша мол тұқым өнімі егістіктің екінші-үшінші тіршілік жылында жиналады. Ең жақсы тозаңдатқыштар- үй аралары. Тұқым біркелкі піспейді, сондықтан эспарцеттің тұқымдық алқабын бұршақтардың 50-60%-ы қоңырланғанда бөлектеп жинайды.

Түйежоңышқа Маңызы. Түйежоңышқа көк балауса, пішең сүрлемдікі масса, витаминді шөп ұнын алуға өсіріледі. Гүлдену кезеңінде түйежоңышқа абсолюттік құрғақ затқа есептегенде орта | есеппен 16-18% протеиң 100 кг көк балаусада 18-22а.ө., 1001 пішенде 48-51 а.ө. және 210-140 гсіңімді протеин болады.

3.Түйежонышқа. Қазақстанда гүлденуге қолайлы жылдары 1 әр гектар егістіктен 200-300 кг бал жинауға мүмкіндік беретін өсімдік.

Түйежоңышқа-қуаңшылыққа жоғары төзмділігімең тұзға тезімділігімен ерекшеленеді, оны топырақты тұзсыздандыратын мелиорант-өсімдік деп қарастыру керек, оны сидералды дақыл ретінде, сонымен қатар жартылай бекіген құмдарды игеру үшін пайдалануға болады. Түйежоңышқа екі жылдық өсімдік болғанымен пайдалы жақтарын ескере отырып әрбір шаруашылықта оның белгілі бір мөлшерде егістігі болғаны дұрыс. Бұл-өнімді дақыл-оған көңіл аударылған шаруашылықтарда тіршілігінің екінші жылында құнарлылығы төмен және сортаң топырақтардың өзінде кек балауса өнімі 130-160 ц/га жетті.

Морфологиялық ерекшеліктері. Түйежоңышқа туыстығына жатады, оның құрамына екіжылдық, және бір жылдықтардың 16 түрі кіреді. Болса маңызды екі жылдық түйежоңышқаның екі түрі бар, Олар жабайы түрінде кең тараған..

Ақ түйежоңышқаСолтүстік облыстарда, ал сары түйежоңышқа оңтүстік облыстарда жиі кездеседі. Сары түйежоңышқаның құрамында 1,11-0,22% кумарин болады, ал ақтүйежоңышқада ол 1,4-0.14% шамасында. Әдетте ақ түйежоңышқаның құрамында протеин кептеу алайда сары түйежоңышқаға қарағанда олардың құрамында кумарин мөлшері көптеу, болады. Көктемде себілген түйежоңышқалар екі жылдық өсімдіктер сияқты дамиды, ал қысы жылы аудандарда жазда сепкенде, егер қыста өліп қалмаса, тіршілік циклын қыстап шыққаннан кейін аяқтайтын біржылдық күздік дақылдар ретінде дамиды. Жаздың соңында себілетін түйежоңышқаның шаруашылық маңызы жоқ, өйткені Солтүстік Қазақстан жағдайында қыстың суығына төзімділігі айтарлықтай емес.

Түйежоңышқа кейде алғашқы жылы гүлдейді, бірақ қанша ерте себілсе де, тұқымы пісіп жетілмейді. Екінші жылы ерте кектейді, жедел өсіп жетіледі де, маусымның 15-25-іне қарай мол өнім қалыптастырады. Сары туйежоңышқа ақ түйежоңышқаға қарағанда 10-12 күн бұрын гүлдейді. Сары түйежоңышқаның да, ақ туйежоңышқаның да арасында өте ерте пісетін вегетациялық кезеңі 60-70 күң вегетациялық кезеңі 120-140 кунге дейін созылатын өте кеш пісетін сорттары дабар.

Түйежоңышқа-сабағы тік тұратын бұтақты өсімдік, жапырақтары үштік, жұмыртқа формалы кетікті жапырақшалары бар. Гүлдері ұсақ, ұзындығы 4-5 мм, ұзын гүл шашағына (10-16 см) орналасқан. Бұршақтары біртұқымды, ақ түйежоңышқада тор әжімді, ал сары туйежоңышқада көлденең әжімді. Ақ түйежоңышқаның 1000 тұқымының массасы 1,6-2,5 г, сары туйежонышқада-1,3-1,9 г.

Биологиялық ерекшеліктері. Түйежоңышқаның тұқымы топырақта 3°-4° жылылықта өне бастайды, ал +7-8°температурада оның көктеуіне қолайлы жағдайлар қалыптасады. Егін көгі - 5°-6° бозқырауға төтеп береді. Аудандастырылған сорттарының өсіп-өну кезеңі көктей бастағаннан бірінші шабысқа дейін 41-50 күң тұқымының пісуіне дейін 36-91 күн.Түйежоңышқа-қуаңшылыққа төзімді өсімдік, ата-тегі оңтүстіттен шыққан кейбір формалары мен түрлері қысқа төзімділігі жөнінен жоңышқа мен эспарцеттен асып түседі, жәнетамыр түбі (мойны) 30°-40° аязға төзе алады. Түйежоңышқа қысқа мерзімді су басуға (6-7 күнге дейін) төтеп бере алады, ал көктемгі су басу 15 күннен асып кетсе, түйежоңышқа өліп қалады.Түйежоңышқаның қыстың суығына төзімділігі, басқа бұршақ тұқымдас шөптер сияқты, шабу мерзіміне де байланысты. Ол тамызда шабылатын болса егістігі қыста үсіп кетеді, сондықтан жаздың екінші жартысында түйежоңышқаны себу тиімсіз.

Түйежоңышқаны аурулармен және зиянкестермен мүлде жаракаттанбайды деуге болады. Түйежоңышқа реакциясы қалыпты, немесе сәл сілтілі, құрамында извесі бар.Қазақстанның барлық топырақтарында өсе береді.

Түйежоңышқа-айқас тозаңданатын бал әкелетін өсімдік, үй араларымен тозаңданады. Гүлдеуі мамырдың екінші-үшіншіон күндігінде басталады, қуаңшылық жылдары 12-20 кунге, ал жауынды-шашынды жылдары 30-35 күнге дейін созылады.



Түйежоңышқаның тұқымы біркелкі піспейді де, 25-35 күнге созылады. Жинағаннан кейін 40-70% тұқымы қатты болады, ал қуаңшылық жылдары мұндай тұқымның саны максимум дәрежеге жетеді.

Қазақстанда аудандастыруға жіберілген ақ түйежоңышқаның сорттары.

Медет - Сібір АҒИ-да шығарылған өсімдігі жақсытүктенеді(4-6сабак,)биіктігі 110-180смбұтатүзеді. 1000 тұқымның массасы 2,0-2,4 г. Ерте пісетін сорт, көктемде және шабылғаннан кейінжақсы көктейді, 1989.

Сретенский 1-6- Забайкал АҒИ-да шығарылған өсімдігі жақсы туптенеді. (4-7 сабақ), биіктігі 150-350 см, жапырақтануы 35-48%. Орташа мерзімде пісетін сорт. Көктемде және шабылғанан кейін жақсы көктейді, қыстың суығы мен қуаңшылыққа төзімділігі жоғары Ақмола облысында аудандастырылған. Ақбас -ҚАШҒЗИ-да шығарылған. Сабағының биіктігі 71-98 см, дөрекілеу, туптенуі орташа Қысқа төзімді, қуаңшылыққа жоғары төзімді, 1000 тұқымныңмассасы 2,6 г, 1973.

Шавакен - Ақтөбе МАТС- шығарылған Салқынға және қуаңшылыққа төзімді, 1986 .

Сары түйежоңышқаның сорттары: Апьшеевский-Башқұртстанда шығарылған Өсімдігі 2-3 сабақ түзетін биіктігі 140 см тік өсетін бұта құрайды, жапырақтануы 49-52%. Көктемде және шабылғаннан кейін жақсы көктейді. Қыстың суығы мен қуаңшылыққа өте төзімділігімен ерекшеленеді, 1968.Калдыбанский- Орал МАТС-да шығарылған. Өсімдігі 2-5 сабақ түзетін әлсіз, құламалы, биіктігі 124см-ге дейін баратын бұта қалыптастырады. Сорт қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен және қыстың суығына орташа төзімділігімен ерекшеленеді. Көктемде жақсы, ал шабылғаннан кейін нашар кектейді, 1973.

Карабалыкский -Қарабалық МАТС-да шығарылған. Өсімдігі шашыранды, биіктігі 120-135 см бұта түзеді, жапырақтануы 45-49%. Сортқысқа және қуаңшылықққатөзімді, 1978 .

Омский скороспелый - Сібір АҒЗИ-да шығарылған. Сабағының биіктігі 55-84 см, жапырақтануы 47-62%, қысқа, қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді, 1978

Сарбас -КазАШҒИ-да шығарылған 1994 .

Мал азығына өсіру агротехникасының ерекшеліктері.Түйежоңышқа шөптер аз мерзімге ғана енізілген ауыспалы егістерде орналастырылады, сортаң жерлерде оған теңдесетін дақыл жоқ. Топырақты өңдеу мен түйежоңышқаның өсіру технологиясы эспарцетке ұқсас.

Құрғақ далалы аймақтарда түйежоңышқа бүркемесіз егістікте жақсы өніп-өседі, алайда өнімді екі жылда бірақ рет береді. Сондықтан оны бүркемелі дақылдармен өсірген дұрыс, мұның өзі ылғалы қалыпты жылдары негізгі өнімді алғашқы жылы бүркемелі дақылдардан алуға мүмкіндік береді, ылғалды жылдарда өнімнің белгілі бір бөлігін туйежоңышқа береді. Жартылай бүркемелі егістіктер жақсы нәтижелер береді: итқонақ, арпа, тары, судан шөбі кең қатарлап себіледі, қатараралықтарға түйежоңышқа себіледі, ал қуаңшылықты аудандарда: ерте көктемде түйежоңышқа, сонымен бірге кең қатарлап бүркемелі дақылдар себіледі.

Жылына 300 мм-ден артық жауын-шашын түсетін аудандарда қатардағы әдісті, қуаңшылықты аудандарда кең қатарлы әдісті (30-45 см) қолдануға болады.

Жоғары агрофонда және қатарлап себу әдісінде гектарына 3-4 млн өнгіш тұқым (6-7 кг) себеді, бүркемелі егістікте және сортаң топырақтарда оны 6-7 млн/га-дан /12-14 кг/га-ға дейін өсіреді, ал агротехника дәрежесі төмен болған жағдайда кең қатарлап 2-3 млн/га өнгіш тұқым 4-6 кг/га себіледі. Бүркемелі егістккетүйежоңышқаны астық-шөп сеялкаларымен қатарлап сепкен дұрыс. Тұқымның сіңіру тереңдігі 3-4 см.Түйежоңышқаны көктемгі жұмыстар басталысымен топырақтың беткі қабатында жақсы ылғал қоры бар мерзімде, мүмкіндігінше сәуірдің екінші жартысынан қалдырмай сепкен дұрыс. Жазғы себу мерзімін (шілдеге) ылғалды жылдары бүркемесіз әдіспен арамшөппен ластанғаң бірақ әуелі олардан арылтып тазаланған алқаптарға қолданады, алайда бұл жағдайда түйежоңышқа тіршілігінің екініші жылында алынатын өнім ерте көктемде себілген егістіктен төмен болады. Бүркемесіз егістікте арамшөпті жерден биігірек алып шауып тастаған жөн

Түйежоңышқа тіршілігінің бірінші жылында оны шілде -тамыздың басында 15-20 см биіктікте, немесе қысқа кетер алдында (қыркүйектің екінші жартысында) әрбір 10-12 м сайын кеңдігі 20-30 см шабылмаған жолақ қалдыра отырып шабады. Мұның өзі қарды көбіректоқтатып өсімдіктердің қыстап шығуын қамтамасыз етеді.



Түйежоңышқа алшынкөгінің өркендері жоңышқадағы сияқты тамыр мойнынан (түбінен) емес, топырақтың беткі қабатында 20 см биіктікте орналасқан төменгі жапырақтардың қойнындағы бүршіктерден дамиды, сондықтан өсімдік тіршілігінің екінші жылында алшынкөк алу үшін бірінші шабысты 15-20 см биіктікте жүргізеді.

Гүлденудің бас кезінде шабылған пішен мен көкбалаусаның сапасы едәуіржоғары болады. Бұл кезеңдегі мал азығы өте сүйкімді, протеинге бай, қоректілігі жөнінен бағалы жапырақтар барынша көп сақталады. Кешіктіріліп шабылғанда өнімі ғана емес, сапасы да төмендейді.

Тұқымға өсіру агротехникасының ерекшеліктері.Тұқымды алқаптарда арамшөптерден таза алғы дақылдардан кейін орналастырады. Кең қатарлы әдіспен (45-60 см) гектарына скарификацияланған бірінші класты 1-2 млн өңгіш тұқым (2-4 кг) себіледі. Түйежоңышқа себілген жылы арамшөпті 2-3 рет шауып тастайды және қатараралықтарды тыңғылықты өңдейді. Келесі жылы көктемде егістікті азот тыңайтқышымен үстеме қоректендіреді, ерте көктемде малалайды және қатараралықтарды культиватор жүргізеді.Бұршақ қаптарынның 40-50% қоңырланғанда бөлектеп жинауды бастайды.

Қызыл беде. Беде туыстьғына 300-дей түрлер кіреді. Егістікте Зтүрі-қызыл , қызғылт және ақ-қолданылады.Қазақстанда қызыл беде ғана-көпжылдық шөптесін өсімдік-өсіріледі. Оның тамыржүйесі-кіндікті, күшті бұтақтанғаң 1,5-2,5 м топырақ қабатына бойлайды.Беденің сабақтары әлсіз дамыған орталық өркеннен және оның қолтықтарындағы бүршіктен шығатын көптеген ұсақ өркендерден сабақтарсаны 25-30. Жапырақтары үштік,жапырақшаларда үшбұрышты ақшыл дақтар болады. Гүл шоғыры-шар тәрізді немесе ұзынша жұмыргүл. Гүлдері ұсақ, аяқшасы жоқ, күлтешесі қызғылт-күлгін түсті. Жемісі-біртұқымды бұршақ-қап, кейде қостұқымды. Тұқымдары ұсақ, бір бүйірлі, жүрек пішінді, сары немесе күлгін тусті,1000тұқымның массасы 1,7-1,8 г

Қызыл беде-ылғал сүйгіш, қысқа төзімді, жылуды қажетсінуі шамалы, сортаңды нашар көтереді. Барыша көп тарағаны-біршабысты және оңтүстік қос шабысты түр тармақтары, олардың айырмашылық белгілері негізгі сабақтағы буын аралыкарының санына байланысты: біршабысты бедеде 7-9және одан да көп, ал қосшабыстыда орта есеппен 5-7 дана шамасында.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.


24-25 Дәріс.

Көлжылдық және бір жылдық астық тұқымдас шөптер

1.Еркекшеп маңызы.

2.Еркекшепмал азығына өсіру агротехникасыныңерекшеліктері.

3.Кылтанақсыз арпабасмал азығына өсіру агротехникасының ерекшеліктері.

Маңызы.Көлжылдық шөптер тобының арасында Қазақстанда әсіресе далалы және орманды далалы аймақтарда өте маңыздысы астық тұқымдас шөптер. Бұл топқа жататын дақылдар: еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық және т б.

Маңызы. Жиі-жиі қайталанып тұратын қуаншылықты, әрі қары аз қатаң кысы бар далалы аймақтарында егілетін көпжылдық астық тұқымдас шөптердің ішінде, тіпті барлық көпжылдық шөптердің ішінде, алдыңғы орынды еркекшөп алады.

Еркекшөп қуаңшылыққа төзімді-ол жылдық жауын-шашын мөлшері 290 мм-ден аспайтын аудандарда ойдағыдай өсіп-өнеді, қыстың суығына төзімді, айтарлықтай топырақ талғамайды, жоғары агротехника дәрежесінде әр гектардан 22-30 пішен өнімін бере алады.

Аймақтың солтүстік аудандарында өнімі бойынша ол қылтықсыз арпабастан ғана қалысады. Еркекшөптің өсірілетін негізгі аудандары орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 150-300 мм қоңыр және ашық-қоңыр топыракты аймақ Еркекшөппішенінің қоректілігі жоғары. 100 кг азығында 47-52 а.ө. және 5,1-5,8 кг сіңімді протеин болады.Пішеннің сапасы жинау мерзімі мен технологиясына байланысты: еркекшөпті масақтану кезеңінің басында және осы кезең басталғаннан 12 күн бойы жиналған пішеннің құндылығы барынша жоғары болады.

Еркекшөпті мәдени өсімдік ретінде бұдан 90 жыл бұрын енгізіле бастады және қазіргі уақытта еліміздің ең қуаңшылықты аймақтарында бірнеше млн га жерді алып жатыр. Қазақстан Республикасында жыртылған жерлердің 3,5 млн га өсіріледі, оның ішінде Солтүстік Қазақстанда 1,7 млн га артығырақ

Қазақстанда аудандастыруға жіберілген еркекшөп сорттары;

Карабалыкский 202,Долинский 1,Актюбинский узкоколосый местный, 1943 (2), Актюбинский ширококолосый местный, 1948 (2), Тобағай, 1998 (11), Красноводопәдский 414, 1977 (13), Краснокутский узкоколистный 305,1962 (6), Прогресс 85, 1994 (3), Таукумский гибридный, 1984 (3), Уральский узкоколосый, 1994(6), Местные сорта, 1967(3).

2.Мал азығына өсіруагротехникасыныңерекшеліктері.

Еркекшөптің өсіру технологиясында мынадай негізгі мәселелерді бөліп айтқан дұрыс:Толық бағалы егін көгін алу және сабақ бітіктігінің жиілігін қалыптастыру, бұл айтарлықтай дәрежеде сәтті таңдап алынған себу мерзіміне байланысты, ал мұның өзі ылғалдану жағдайына байланысты ерте көктемнен (сәуірдің ортасы) қысқа қарсы себуге дейін (қазанның ортасы) өзгереді.

  1. Себуге дейін және өсімдік тіршілігінің бірінші жылында арамшөпке қарсы күрес, ал бұл алғы дақыл мен себу мерзімін таңдап алуға байланысты.

  2. Барлық пайдалану кезеңінде алынатын өнімменшығарылатын қоректікзаттарды ескере отырып фосфор тыңайтқышынан негізгі тыңайтқыш ретінде, ал азот тыңайтқышымен жыл сайын үстеп қоректендіру қажет.

  3. Егістікгі ылғал қоры жеткілікті танаптарға орналастыру және себуге дейін ылғал жинау мен арамшөпке қарсы күресті белсенді жүргізген жөн.

  4. Пішен жинауды қысқа уақытта (10-12 күнде) масақтанукезеңінде жургізу шарт және мал азығын жинау мендайындаудың озық технологияларын қолданған дұрыс.

Дәнді шөпті -парлы ауыспалы егстерінде еркекшөп пардан кейінгі екінші-үшінші бидайдан кейін немесе жүгері, пішенге өсірілген бір жылдық шөптерден кейің сонымен қатар таза парға (бүркемелі егістікте) орналастырылады.

Көпжылдық шөптерді ауыспалы егістің ең соңында орналастыру тәжірибесі, дәнді дақылдардың 5-7 жылғы өнімімен кейінарамшөптерменластанғаң пайдалы ылғал қоры мен сіңімді қоректік заттардың төмен мөлшері мал азығын өндіруге орасан зор зиян келтіреді. Көпжылдық шөптердің өнімі тіршілігінің бірінші жылында олардың өсуі меи сабақ бітіктігінің қалыптасу жағдайларына байланысты, ал еркекшөпті шықпа танапта нашаралғы дақылдан кейін орналастыру күні бұрын 4-7 жыл бойы мал азығының төмен өнімін жинауға мәжбүр етеді және жыртылған жерлерді тиімсіз пайдалануға әкеліп соғады

Қылтықсыз арпабас

Маңызы. Қылтықсыз арпабас егіншілікте шөп өсіруде және шабындықтарды, жайылымдар мен жайылымдарды (лимандарды) жақсартуда үлкен рөл атқарады. 100 кг көк балаусасында 22-24а.ө. және 1,6 кгдейін сіңімді протеин 100 кг пішенде 50-53 а.ө. және 3,5 кг дейін сіңімді протеин болады, масақтану кезеңінде өсімдіктердегі протеин мөлшері 14,3% жетеді. Жылдық ылғал мөлшері 280-350 мм аудандар қылтықсыз арпабас өсіруге ең қолайлы деп есептеледі.

Морфологиялық ерекшеліктері. Қылтықсыз арпабас -кеген тамырлы жартылай күздік типтегіастық тұқымдас.Бұтасы көп сабақты, 8-10 жапырақты, биіктігі 80-140 см жемісті (генеративтік) сабақтардан және биіктігі 45-90смжеміссіз(вегетативтік)сабақтардантұрады. Вегетативтік сабақтардың саны арпабастың шалғындық тобында 55-75%, далалық және аралық топтарында 45-70%, ал жемісті (генеративтік) сабақтардың саны тиісінше 25-45 және 30-55%.Гүл шоғыры-сіпсебас. 1000 тұқымның массасы 2,5-4,0 г. Көптеген жұмсақ сабақтар мен жапырақтардан тұратын көк балаусаны малдың барлық түрлері жақсы жейді. Қылтықсыз арпабастың жапырақтылығы бірінші шабысында 52-56%, екінші шабыста 58-70%, ал еркекшөпте бұл небәрі тиісінше 29,5-36,5 және 45-55%. Омбы облысының орманды дала жағдайында Сібірдің ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелерінде өсімдік тіршілігінің екінші-үшінші жылдарында жапырақ бетінің ауданы малы жағдайда 59-58, тыңайтқыш енгізіп суарғанда 94-95 мың м2/га болды.Ақмола аймағындаөсімдік тіршілігінің екінші жылында гектарына 9-16 мың м2, ал суармалы жағдайда 70-80 мыңм2болды

Ылғалды жылдары масақтану кезеңіндешабылған қылтықсызарпабас екінші шабысбере алады жәнебірінші өнімнің 30-60%мөлшерінде өнім жиналады. Тіршілігінің бірінші жылында бүкілвегетация кезеңі бойытүптенеді де қысқажәне ұзын өсіп-енуөркендер дамытады. Қылтықсыз арпабасжемісті сабақгар азтүзіледі. Көктемде себілген арпабас көктегеннен кейін туптенеді де, 2-2,5 айдан кейін түтікке шығады, жекелеген жемісті сабақтар да пайда болады..

Қазақстанда аудандастыруға жіберілген қылтықсыз арпабастың сорттары: Восточно-Казахстанский - Шығыс Қазақстан МАТИ-да шығарылған. Сорт орманды-далалық экологиялық тобына жатады, өсімдіктері биіктігі 125 см дейін тік өсетін орташа тығыздықтағы бұта қалыптастырады, әр сабақта 4-5 буын аралығы болады, түптену дәрежесі жоғары, 1000тұқымның массасы 3,5-4,4 г. Қыстыңсуығына төзімділігі жақсы, қуаңшылыққа төзімді, алайда ылғалдануға жақсы әсер етеді.Лиманный,Сибниисхоз-189,Степной.

Мал азығын өсіру агротехникасының ерекшеліктері. Далалық ауыспалы егістерде бүркемесіз өсіргенде қылтықсыз арпабасты мүмкіндігінше пар танабына таяу орналастырған жең ал жаздың бидай бүркемесінде өсіргенде парға немесе жүгеріден кейін орналастырады. Оны таза күйінде немесе бидай, тары және басқа пішенге жиналатын дақылдардың бүркемесіне себеді. Ең жақсы бүркеме дақылдар-алғашқы кезеңде баяу өсетінтары, итқонақ, қалады. Бүркемесізегістігі арамшөппен күштірек ластанады. Бүркемелі егістердегі өсімдіктер тіршілігінің екінші жылында бүркемесіз әдіскеқарағанда нашар дамиды Қуаңшылықты аудандарда бүркемесіз егістер артықшылыққа ие болады. Арпабасты өсірудің операциялық технологиясы көпжағдайда еркекшөпке ұқсаса. Мұнда да жоспарланған өнімге есептелеген тыңайтқыш нормасын қолдану керек, оның үстіне қажет болған жағдайда, калий тыңайтқышын шөптілікті пайдаланудың бүкіл кезеңіне енгізеді, ал азот тыңайтқышын жыл сайын көктемде немесе әрбір шабыстан соң үстеп қоректендіру жолымен қолданады.Қылтықсызарпабасты ерте көктемде, жазда, күзде себуге болады, алайда ең дұрысы-күзде тамыз-қыркүйектің басында сепкен жөн, Ерте көктемде, сонымен бірге жазда бүркемесіз әдіспен себілгенде жақсы нәтиже алуға болады.Себу мерзімінің тиімділігі сол кезеңдегі ылғалдану жағдайларына байланысты.Қажетті өсімдік сабағы жиілігін алу үшін қатардағы әдіспен гектарына 6-7 млн өнгіш тұқым (20-25 кг) себіледі, құнарлы топырақтарда және агротехника дәрежесі жоғары болғанда 4-6 млн өнгіш тұқым (16-20 кг), сортаңдау жерлерде 8-9 млн, кең қатарлап сепкенде 2,5-3,0 млн. өнгіш тұқым жеткілікті. Қылтықсыз арпабастың тұқымы жеңіл болғандықтан қиын себіледі, ал оның біркелкі себілу; үшін сеялкаларға араластырғыш орнатқан жөн. Тұқымның орташа сіңіру тереңдігі 2-3 см, алайда ауыр топырақта, жайыла суармалы жерлерде 1,5-2,0 см аспағаны дұрыс. Тіршілігінің бірінші жылында бүркемесіз егістікте гербицидтерді пайдаланады және 2-3 қабатарамшөпті шауып алады. Екінші және үшінші жылдары көктемде азоттыңайтқыштарымен үстеп қоректендіріледіәрі малаланады. Төртінші және одан кейінгі тіршілік жылдары 1-2 ізбен дискілейді.Қылтықсыз арпабас ең жоғары пішен өнімі мен протеин шығымын шашақтану кезеңінде береді.

Тұқымға өсірудің агротехникалық ерекшеліктері. Тұқымдық егістіктегі шықпа танаптарға жақсы алғы дақылдан кейін орналастырады, бүркемесіз әсіргенде пардаң жүгеріден кейін. Себу нормасы қатардағы әдісте 4,0-4,5 млн/га өңгіш тұқым (14-16 кг/га) кең қатарлы әдісте 2,5-3,0 млн/га өнпш тұқым (8-12 кг/га) Солтүстік Қазақстан жағдайында тұқымның барынша мол өнімін кең қатарлы әдіспен қатараралығы 45-60 см етіп сепкен егістіктерден жинауға болады.Тұқымды себу алдында сусымалдығын арттыру үшін жоңышқа үккіштен өткізеді. Арамшөптерге қарсы қатардағы егістіктерде гербицид қолданады және оларды шауып алады, кең қатарлы егістіктерде 2-3 рет культиватормен баптайды.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.



Дәріс 26-28

Мал азығын өндіру технологиясы, сақтау және есептеу.

1. Мал азығын консервілеудің негізгі әдістері

2. Пішен дайындау технологиясы.

3. Пішендеме мен жалпы азық дайындаудың технологиясы

4. Витаминді шөп ұнын дайындау

5. Сүрлем дайындау технологиясы.

1.Мал азығын консервілеудің негізгі әдістері.

Республикамызда мал азығының басқа түрлеріне қарағанда шалғындықта және жайылымнан алынатын көк балауса азығының үлесі өте жоғары. Бірақ Қазақстанда соншалық жайылымда мал бағу кезеңі орташа 120-200 күн солтүстік облыстарда одан да аз 120-150 күн. Сондықтан қыста мал қорада тұру кезеңі 7-8 айлар бойы созылады және бұл кезеңде жыл сайын малдарға қажетті ірі және шырынды мал азығын пішен, пішендеме, сүрлем, құрама жем, витаминді шөп ұнын дайындап алу керек.

Табиғи мал азықтық жерлер, себілген шабындықтар толып жатқан мөлшерде пішен пішендеме, витаминді шөп ұнын дайындауына мумкіндік береді және шөптің көк балаусасы сурлем дайындауында шикізат ретінде қолдануға болады.

Мал қорада тұрған кезеңге мал азығын (консервілеу) дайындау қоса корректік заттардың көп мөлшерде жоғалуы мен жалғасуы ол шабылған өсімдіктерде физиолого-биохимиялық және биохимиялық процестері жалғасуына байланысты, оның нәтижесінде органикалық заттар көмірсуларға және протеинге дейін ыдырайды (7 кесте)

7-кесте Шөптерді әртүрлі әдіспен консервілеуіндегі шамамен алынған құрғақ зат шығыны (В.Р. Вильямс атындағы мал азықтық БҒЗИ


Мал азығын консервілеу әдісі

Құрғақ зат шығыны,

Табиғи кептірілген пішен

Астық тұкымдас

25-30

Бұршақ тұкымдас

30-45

Желдетіп кептірілген пішен

Астык тұқымдас

20-25

Бұршақ тұкымдас

25-30

Қолдан кептірілген пішен

4-5

Пішендеме дайындау

12-18

Сүрлем дайындау

20-25

Химиялық консервілеу

10-13

2 Пішен дайындау технологиясы. Көптеген ғылыми деректер мен өндірістіктәжірибе көрсеткендей, жоғары сапалы пішен күйіс қайыратын малды, оның ішінде сауын сиырларды тиімді азықтандырумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта бірқатар сүрлем мен пішендеме өндіру дәрежесінің артып, ал пішен үлесінің кемігеніне қарамастаң пішен бұрынғысынша күйіс малының басты көлемді мал азығы болып қала береді. Мұның өзі ең алдымен осы малдардың зат алмасуының физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, өйткені асқорыту процесі қалыпты дәрежеде өту үшін күйіс малының қарнында қолайлы мөлшерде талшықты мал азықтық масса болуға тиіс.

Малдарды азықтандыруды тиімді ұйымдастырудаң басты шарты мал азығының жақсы салалығы болып табылады, ал ол жеңіл қорытылатын қоректік заттардың жоғары мөлшеріне байланысты. Бір тонна ет пен сүтөндіруге бірінші класты мал азығы үшінші класқа қарағанда 30-35% кем жұмсалатыны есептелді.

Мал рационында пішен үлесі үлкен болғанда оның сапасы сауын малының өнімділігіне айтарлықтай әсер етеді Зерттеулер көрсеткендей, жақсы сападағы пішеннің құрғақ затының сіңімділігі нашар сападағы пішенге қарағанда 32% жоғары екендігі дәлелденді. Жақсы сапалы 1 кг пішенді осындай мөлшердегі нашар сапалы пішенмен айырбастағанда сиырлардың сүт өнімі екі есе азайды

Сауын малын жоғары сапалы пішенмен азықтандырғанда сүт өндірісінің жоғары тиміділігі қамтамасызетіледі. Мәселен, сиырларды жоғары сапалы пішенмен (шикі протеиннің мөлшері 14,9%, қорытылатын протеин 107 г/кг, шикі клечатка 20,4 %,азықтық өлшем бір кг құрғақ затқа 0,77 сіңімділігі 75% азықтандырғанда төмен сапалы пішенмен азықтандырғанға қарағанда 1 кг сүттің өзіндік құны 67% төмен болды.

Шөптің жинау мерзімі кешіккен сайын пішеннің сапасы төмендей береді. Мысалы, бурлену кезеңінде дайындалған 1 кг жоңышқа пішенінің қоректілігі 0,56 азықтық өлшемге теңжәне онда 146 г сіңімді протеин болады. Гүлденудің бас кезінде тиісінше 0,54 және 134,0 тұқым пайда болған кезеңде -0,37 а.ө. және 66 г.

Тамырында тұрып қалған шөптен дайындалған пішенді мал нашар жейді. Ертерек мерзімде дайындалған пішенді мал сүйсініп және көп мөлшерде жейді. Мәселен, пішеннің қорытылатын органикалық заттарының желінуі 9-10 шілдеде дайындалғанда 100% деп есептегенде, 3-4 маусымда дайындалған пішеннің желінуі 82% жоғары болды. Сонымен ерте дайындалған пішенмен екі есе көп органикалық заттар пайдаланылады. Оның үстіне ерте дайындалған пішеннің қоректік заттарының сіңімділігі жоғары болғандығы байқалады.

Шөп жинауда әрбір кешіктірілген күн пішеннің сапасын бір процентке төмендетеді. Сондықтан бір шалғындықтағы көпжылдық шөптердің жинау ұзақтығы 10-12 күннен аспаған жөн.

Себілген көпжылдық шөптердің ең қолайлы шабу мерзімі бұршақ тұқымдастарда - бүрлену-гүлденудің басы, астық тұқымдастарда масақтанудың бас кезі (сіпсебастың шашақтануы). Аңызда кептірілгеннің өзінде масақтанудың басында жиналған қылтықсыз арпабас пен еркекшөптің әрбір килограмының қоректілігі 0,55-0,57 а.ө. жетті. Көпжылдық астық тұқымдас шөптерді, әсіресе еркекшөпті, шабуды кешіктірген сайын пішеннің сапасы күрт төмендей береді. Мәселең гүлдену кезеңінде жиналған 1 кг еркекшөп пішенінің қоректілігі 0,40-0,42а.ө.ғана болды.

Даладағы шығынды азайту үшін шабу мен жинаудың арасындағы алшақтықты барынша кеміту керек. Пішен жинаудың ұзақтығы негізінен шабылған шөптің кебу жылдамдығына байланысты. Ылғал жоғалту жылдамдығы кезеңіне, ауаның температурасына, оның ылғалдылығы мен желдің жылдамдығына байланысты. Гүлдену кезеңінде шабылған шөптер бүрлену мен масақтану кезеңдеріне қарағанда 2-3 есе тезірек кебеді.

Пішеннің кебуіне шабылған массаны жаншу, дестелерді аударыстыру арқылы тездетуге болады.



Сабақтар мен жапырақтардың біркелкі кебуін қамтамасыз ететін тиімді технологиялық тәсіл-сабақтарды жаншу болып табылады, бұл көбінесе бұршақ тұкымдас шөптердің пішенін дайындағанда қолданылады. Жоңышқаның сабағын жаншып кептіргенде бұл процент 1,5-2 есе жылдамдайды, мұның өзі қалыпты кептіру әдісімен салыстырғанда құрғақ заттардың шығынын 1,5-2есе, шикі протеиннің шығынын 2-4есе азайтуға мүмкіндік береді.

Айнымалы ауа райында пішен кептірудің жаншу әдісін қолданбайды, өйткені жаншылған сабақтар ылғалды көп жұтады да соңынан ұзақ кебеді. Оның үстіне кенеттен қоректік заттардың бір бөлігі жуылып кетеді.
8-кестеПішенді әртүрлі технологиялармен дайындауындағы қоректікзат мөлшері (СКМҒЗИ)


Дайындау

технологиясы



Құрғақ зат

шығыны


Құрғақ заттағы қоректік заттар




Протеин

қант, %

клечатка,%

Каротин, мг/кг

Бастапқы көк балауса

0,0

14,0

2,5

21,0

96

Табиғи көптірілген пішеншашыраңқы пішен

33,9

8,2

1,8

30,1

18

Сығымдалған пішен

25,2

11,7

3,3

25,4

34

Белсенді желдету турде дайындалған сығымдалған пішен

21,3

12,1

3,6

27,8

58

Белсенді желдету түрде дайындалған ұсақталған пішен

21,4

12,3

3,8

27,1

60


Шабылған шөпті аударыстыру да оның кебуін тездетеді. Шөптіліктің өнімі жоғары болғанда мұның маңызы арта түседі, өйткені шөптер қалың қабатқа жатады, кейбір жерлерде олардың қалыңдығы 20 см және одан да жоғары болады. Аударыстырмаса мұндай қабаттағы шөп тіпті ыстық күннің өзінде әркелкі және баяу кебеді. Күн сәулесінің энергиясын молырақ жұтқызу мақсатымен массаның бірінші аударыстыруын шөп шабылысымең ал келесісін бірнеше сағаттан соң жүргізеді. Жауынға шалдыққан массаны аударыстырудың да маңызы зор. Бұршақ тұқымдас шөптерді 50% ылғалдылықта, ал астық түқымдастарды 40% ылғалдылықта жапырақтары үзіліп түсіп қалмау үшін тырмалап дестеге салады.

Мал азығын дайындаудың тиімді және жоғары өнімді технологиясы-пішенді сығымдап байлау (тайлау) оның шығынын азайтып, сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Пішенді шашыраңқы пайдаланған шашыраңқы пайдаланбаған және сығымдалған түрде дайындайды.

Пішенді шашыраңқы пайдаланған шашыраңқы пайдаланбаған және сығымдалған түрде дайындайды. Пішенді шашыраңқы пайдаланған түрде дайындау барынша кең тараған. Оны дайындағанда шөпті шабу, дестеге жинау, дестелерді аударыстыру, көпенелеу, көпенелерді жинау, оларды тасымалдау, шошаққа және маяға салу жұмыстары жүргізіледі. Шашыраңқы пішенді негізгі екі технологиямен дайындайды: бірінші технология бойынша қажетті ылғалдылыққа дейін дестелерде құрғатылған шөпті тіркемелерге немесе көпенелерге жинайды, сақтау орындарына жеткізіп маялайды. Екінші технологияда пішенді жинап көпенелерге немесе шошаққа үйеді де қыста уақытқа (1-1,5 ай) далада қалдырады. Кейін техниканың босауына қарай көпене немесе шошақтасығыш жабдықтармен мал қораларына немесе сақтау орындарына тасылып, пішен маяланады. Егер танап күзде өңделмейтін болса, немесе табиғи шалғындарда бұл технология дұрысырақ, өйткені, жуық арада малды азықтандыруға жұмсалады.

Ауа райы қолайсыз болған жағдайда пішен дайындалғанда құрғатылған көк балусаны, ашық алаңдарда белсенді желдеткіштер, немесе қоймаларда арнаулы қондырғылардың күшімен қыздырылған ауамен қосымша кептіреді.

Сығымдалған пішенді дайындалғанда шөпті шабу, аударыстыру, дестелерге тырмалау, дестелерді жинап сығымдап байлау, теңдар мен рулондарды сақтау орындарына тасымалдау. Қоймада немесе маяда теңдер мен рулондарды қалау, қажет болғанда белсенді желдеткіш әдісімен қосымша кептіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл әдісте қол еңбегі мүлде қолданылмайды, шығын 2-2,5 есе азаяды. Соның нәтижесінде сығымдалған пішеннің сапасы 30 процентке артады,

Пішен дайындаудың технологиясы нақты жағдайға шабындық алқаптардың көлемі, жер бедері және мал фермаларынан қашықтығына байланысты таңдап алынады.

Пішенді кәдімгі төртбұрышты теңдерге байлау технологиясы игерілген. Әсіресе, бұршақ тұқымдас пішенді байлау тиімді. Ол үшін далада шөпті тездетіп кептіру әдісі қолданылады. Бұршақ тұқымдас шөптерді жаныштайды, соңынан бір-екі рет аударыстырғаннан кейін массаның ылғалдылығы 28-30% дейін төмендейді, осыдан кейін 20% ылғалдылыққа дейін кептіру үшін тырмалап дестеге салынады, Кептірілген пішенді байлап қалқанның астында сақтайды. Осындай технологияның нәтижесінде жапырақтардың шығыны 3-5 есе азаяды, пішендегі каротин мөлшері 72 мг/кг жетеді, еңбек шығыны 3,4-4,5 адам сағат/тоннаға теңеледі. Орал ауылшаруашылық ғылыми зерттеу институтының зерттеулерінде тайланған пішенде шашыраңқы пішенге қарағанда құрғақ зат мөлшері 1,5 ц/га, протеин 43 кг, каротин 18 г/га артық болды.

Жанышқыш цилиндр біліктерінің арасындағы саңылау 4-6 см болғанда сабақтар 50-60% ғана жаншылады. Жоңышқа массасы 30-35% ылғалдылыққа дейін дестелер жиналады ПОБ-1,6 байлағыш машинасы қолданылады.

Жиналған масса пішен сарайға тасымалданады және УВС-16А қондырғысының шошақ асты каналына 1-1,5 м қабатпен жазылады, соңынан істеп тұрған желдеткіштің астында пішен қабатын 2 м дейін өсіреді және тоқтаусыз 2 сөтке бойы кептіріледі. Содан кейін келесі қабат 1,5-2 м қалыңдықта салынады да желдетудің күшімен ылғалдылық 25% жеткізіледі, пішен қабаты қайтадан өсіріледі. Ылғалдылығы 35%-тен жоғары массаны қайтадан кептіреді, ал 25-30%-тен төмен пішенді маяға салады. Маяны қалыптастырғанда ауаны беркелкі тарату үшін вертикаль шахталарды толық қолданады.

Пішен кондициялық ылғалдылыққа дейін кептірілген соң шошақ асты каналының қондырғысы маядан алынады да осының есебінен маяның ұзындығы арттырылады, немесе жаңа орынға орнатады.

Пішен дайындаудың технологиялық операцияларына мынадай агротехникалық талаптар қойылады. Шөптердің кесу биіктігі далалық табиғи шабындықтарда 4-4,5 см, су жайылған шалғындарда, біржылдық және көпжылдық екпе шөптерде 5-6 см, көпжылдық шөптердің бірінші тіршілік жылында 8-9 см.

Шабылған шөпті аударыстырғанда жас көк балауса доғары қабатқа, ал құрғақ пішен төмен аударылуға тиіс. Аударыстыру саны ауа райына, ауаның ылғалдылығына, желдің жылдамдығына және шөптердің өнімділігіне байланысты. Дестеге жиналатын массаның ылғалдылығы 50-45% шамасында болу керек. Егер шөптерді әрі қарай сығымдап байламаса немесе кепенелегіштермен жинамаса онда дестелердің ені 1,5 м аспағаны жөн

Көпенелеу мерзімінде массаның ылғалдылығы 30-33% аспағаны дұрыс, көпенелерде оны 20-22% кептіреді. Ұсақталып жиналатын массаның ылғалдылығы 35-45%, ал ұсақталған бөліктердің ұзындығы 8-12 см болады.

Пішенді ылғалдылығы 22-24% болғанда сығымдап байлайды. Сығымдалған пішеннің тығыздығы массаның ылғалдылығына қарай 100-200 кг/м2деңгейінде реттеледі

Пішенді алыс қашықтықта дайындағанда пішен танаптың шетіне түсіріледі, ал соңынан арнаулы жабдықталған ПТС-9 және ПТС-12 тіркемелеріне артылып К-700, К-701 тракторларымен тасымалданады.

Шөп шабуға КНФ-1,6, КОФ-2,15, КСГ-2,1, Ксп-2,1А, КРН-2,1М, КДП-1,6, КТП-6,0, КМБ-6, КПП-2; КПП-3 және СКП-10 машиналары пайдаланылады. Шөпті кептіру процесін жеделдететін тиімді әдістердің бірі-КПРН-3,0М, КПС-5Г, Славянка және Е-301 жаныштағыш шөп шабатын машиналармен шөптерді шапқанда бір мерзімде олар жанышталады. Шөптерді аударыстыруға және тырмалауға ГВК-6А, Г6К-6ГГПН-6 және ГП-14А тырнауыішары, жаңа ГВР-6; ГП-6 машиналарымен жаныштағыш-шөп машиналарына қосымша КПС-5Г десте жасағыштар қолданылады.



Ауа райының қолайсыз жағдайларында шөптерді ашық алаңдарда немесе қалқаларда УВС-10М, УВС-16 және УДС-300 қондырғыларымен белсенді желдету әдісімен кептіреді.

УВС-10М қондырғысын негізгі тораптарына шошақ асты канал, электр жүргізгішті желдеткіш және басқару пульті жатады. Шошақ-астық канал конус тәрізді үш секциялы конструкцияболып табылады. Жұмыс жағдайында каналдың ауа өткізетін артқы бөлігі көтеріңкі күйде болады, ал оны маяның астынан суарады, кептіру аяқталғаннан соң канал төмен түсіріледі.



УВС-16 қондырғысы конструкциясы бойынша УВС-10М қондырғысына ұқсас, алайда оның шошақ асты каналы ұзынырақ, желдеткішінің еңбекөнімділігі жоғары және қосымша тағы бір желдеткіші бар. Соңғысы шошақ асты каналды шығарғаннан кейін құрғатылған шөпті кептіру үшін пайдаланылады.

Сығымдалған пішенді дайындауға ПС-1,6М, ПС-1,6Г, К-453 пішен байлауыш машиналарың ГУТ-2.5А теңдері ірікгегіш қалағыш-тіркемесің ПТН-4ірікгегіш-жүктиегіш, МТ-1 ірікгегіш-лақтырғыш, ППБ-Ф-3 тиегіш құралын, ТШН-2.5А аспалы үйінді қабырларынтасымалдағыш машиналарын пайдаланады.

Пішенді рулондарда дайындағанда ПРП-1,6 сығымдағыш-іріктегіш және рулондарды артық қалауға жабдықталған ППУ-0,5 машиналар жиынтығы қолданылады. Пішенді сығымдап байлау үшін соңғы жылдары сынаудан өткен ірі рулондар мен теңдер қалыптастыратын ПР-Ф-750 және ПКТ-Ф-2,0 пішен байлауыш жаңа машиналары пайдалануы да мүмкін

Жас немесе құрғатылған көк балаусаны шауып, жинап, майдалап және тасымалдау құралдарына арту үшін өздігінен жүретін мал азығын жинайтын КСК-100Б, КСК-100А, КСГ-Ф-70, ЯСК-170, Е-281С (ГДР) комбайндарың тіркемелі КПКУ-75 және КПИ-2,4 сонымен қатар КСС-2,6 сүрлем жинайтын комбайндарын қолданады.

Шөптерді сүрлеудің ең тиімді әдісі оларды жоғары температурада кептіру болып табылады. Бұл жағдайда қоректік заттар мен витаминдер максималды дәрежеде сақталады. Шөп кесінділерін қолдан сусыздандыру үшін АВМ түріндегі АВМ+0.65Р, АВМ-1,5 және АВМ-3,0 жоғары температуралық кептіргіштер қолданылады. Көрсетілген кептіргіштер әр жақты шөпті кептіргеннен басқа олар көптеген мал азықтық және басқа органикалық азық-түліктерді, оның ішінде астықты, қызылша сабақ жапырағың жүзім сығындыларың қосымша ауылшаруашылық өнімдерін және өнеркәсіп қалдықтарын кептіруге пайдаланылады. Әртүрлі көлемдегі АВМ кептіргіш агрегаттарыныңтехнологиялықсхемасын бір-бірінен айырмашылығы жоқ, олар көк балаусамен жабдықтағышпең жылу генераторынан, кептіргіш барабаннаң кептірілген материалды кептіру агентінен айыру жүйесінең майдалаған құрылысынан кесінделерді аластатқыш жүйеден және технологиялық процесті орындауға қажетті қосалқы құрылыстардан түрады.

АВМ типтес кептіргіш агрегаттарымен орындалатын технологиялық процесс төмендегідей жолмен өтеді: жабдықтағыш конвейермен майдаланған масса бірқалыпты қабатпен кептіргіш барабанға беріледі, мұнда ол 600-1000° температураға дейін қыздырылған ауамен желдетіледі. Әрі қарай масса араластырылады. Кептірілген шөп кесінділері циклонға шығарылады да цектргетартқыш күштердіңәсерінен ауадан ажыратылады.

Қомақты мал азығын есептеу және сақтау.

Барлық жем-шөптің дәл сандық есебін мал азығын қоймаға сақтау процесінде өлшеу жолы арқылы анықтауға болады, бірақ ол әрдайым мүмкін емес, сондықтан дайындаған мал азық қоры есебін мая, сүрлем және пішендеме қоймаларының көлемі және 1 м3 мал азығының массасы арқылы шамалап алынған әдіспен амалсыз жүргізіледі. Бірақ дайындалған жем-шөптің көлемі мен массасы барлық сақтау уақыты бойынша тұрақты болып қалмайды және ботаникалық құрамы, жинау кезеңінде шөптердің вегетация кезеңіне кептіру жағдайы мен әдісіне мая мөлшеріне және т. б. байланысты өзгереді.

Пішенді есептеу. Пішен өнімінің есебі маяның көлемін өлшеу арқылы жургізіледі. Ал одан кейін анықтау үшін ұзындьғың енін және оның үстіне жіберген аспаның ұзындығын өлшейді.
9-кесте 1 м3 пішеннің шамамен алынған массасы (кг)


Пішен типі

Жаңа шабылған пішенді маяларға жинап салғаннан кейін

3-5 күннен

Бір айдан кейін

Үш айдан кейін

Алты айдан кейін

Ірі шөпті суарма шабындықтың тыңайған жердің субидайықтың, жусанның, изеннің, түйежантақтың

37-42

45-51

50-55

54-61

Өнімді суарма шабындықтың астық тұқымдас және әртүрлі шөпті жоғары өнімді себілген шөптердің көл табанның

40-45

49-55

54-62

58-65

Құрғақ алқап шабындықтың астық тұқымдас және әртүрлі шөпті, орташа өнімді себілген астық тұқымдас шөптердің, бидайықтың, бидайық қоңырбастың

45-50

55-61

58-65

64-70

Себілген шөптің астық-бұр-шақ тұқымдас және табиғи шабындықтың

55-57

67-70

72-78

75-84

Төмен өнімді шалғындықтың бетегенің, бидайықтың, селеудің еркекшөптің және қоңырбастың

60-65

73-79

78-85

84-91

Ұзындығын екі жағынан өлшейді, алынған цифрларды қосып қақ ортасынан бөледі, осындай әдіспен енін анықтайды.

Аспалы рулетканы маяның үстінен көлденең әдетінше үш орыннан жіберіп анықтайды, ал есепке үш өлшемнің орташа көрсеткіші алынады.

Қомақты мал азығын акті өлшеу үшін анықтама кестелер немесе өрнектерді қолдануға болады:



А) дөңгелек төбе биік маялар үшік көлем (м3) = (0.52А - 0,46 Е) х Е х Ұ.

Б) дөңгелектөбе, орташа биікжәне аласа маялар үшін көлем (м3) = (0.52А - 0.44Е) х Е х Ұ.

В) Жалпақ төбе биіктігі әр түрлі мая үшін келем (м3) = (0,56А - 0.55Е) х Е х Ұ.

Мұнда Е-ені; Ұ-ұзындығы, А-аспалы.



Пішеннің салмағын анықтау үшін В.Р. Вильямс атындағы мал азықтық БҒЗИ. Әр түрлі типті пішеннің 1 м3 шамамен алынған массасын есептеген (9кесте).

3.Пішендеме мен жалпы азық дайындаудың технологиясы - пішендеме мен сүрлем дайындауды мал азығын сүрлеудің биологиялық әдісі деп қарастыру керек, алайда оларда көптеген технологиялық ұқсастық болғанмен бір-бірінен өздерінің ерекшеліктерімен ажыратылады.

Олардың жалпы ұқсастығы сол-пішендеме де, сүрлем де сақтаудың аэробтықжағдайын қалайды, ол үшін майдаланған өсімдік массасымен толтырылған арнаулы саңылаусыз қоймалар (ор немесе башня түрінде) пайдаланылады.

Біздіңеліміздің барлықжерлерінде сүрлем күйіс малының, әсіресе ірі қара малдың рационындағы негізгі шырынды мал азығы болып табылады. Оның өскелең маңызы қысқы рационда пайдалануыменғана шектелмейді.

Ғылыми негізделген технологияны сақтай отырып дайындалған пішендеме көпжылдық шөптерді сүрлеп пайдаланудың барынша тиімді әдісі деп есептеледі. Дұрыс дайындалған пішендеменің мал азықтық құндылығы оның жоғары және энергетикалық протеин бағалылығымен (1 кг орта есеппен 0,45 а. ө. болады) анықталады. Бір айта кететін жәйт, пішендеме өндіру мен пайдаланудыңтиімділігі, оныңсапасы алғашқы шикізатқа, материалдық, техникалық қамтамасыз етілуіне, оны дайындаудың технологиясын ұйымдастыру мен сақталуына, тыңғылықты тығыздалып жабылуына байланысты. Міне, осымен пішендеме және сүрлем дайындау технологиясындағы ұқсастық тәмәмдалады. Айырмашылығы-пішендеме дайындау үшін анаэробтың микрофлораның дамуына кедергі жасайтын физиологиялық құрғақ субстрат алынады, ал сүрлем дайындаудың негізіне сүт қышқылының ашуына қолайлы жағдайлар жасау жатады. Осыдан барып аталған мал азық түрлерінің дайындауға қажетті шикізатқа қоятын негізгі талаптары туындайды.

Пішендеме мен сүрлем арасындағы мал азығының аралық түріне алдын ала құрғатылған шөптен жасалған сүрлем жатады. Бұл жағдайда сүрлемдік массадағы құрғақ заттың жоғары мөлшері ашыту процесінің қарқынын төмендетеді, сүт қышқылы бактерияларының дамуына қолайлы жағдайлар жасайды және мал азығының сенімді сүрленуіне айтарлықтай төменгі дәрежеде ортаның белсенді қышқылдылығы қажет етіледі.

Құрғатылған шөптен жасалған сүрлем мен пішендеменің арасын шектеу өте қиын. Әрбір нақты жағдайда ауа райының ерекшеліктері мен алғашқы шикізаттың сапасына қарай әр түрлі дәрежеде құрғатылған массаның (сүрлемге тән 65-68% ылғалдылық, немесе пішендемеге тән 50-55% ылғалдылық) салыстырмалы тиімділігі кең көлемде өзгереді.

Пішендемені жіңішке сабақты шөптесін өсімдіктерден дайындалған сүрлемдік мал азығы деп қарастыру керек, оның үстіне ол вегетацияның ерте кезеңдерінде қоректік заттар бойынша барынша мол жинақталғанда және құрғатуға айтарлықтай жеңіл көнетін өсімдіктерден алынады. Шикізат ретінде көпжылдық, біржылдық бұршақ және астық тұқымдасшөптер таза күйінде, аралас шөптертүрінде, сонымен қатар жақсартылған табиғи жерлерден жиналған шөптер пайдаланылады. Ол үшін көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерді өсімдіктердің бүрлену кезеңінде, әрі кеткенде гүлденудің бас кезінде, бір жылдық бұршақ түымдастарды төменгі 2-3 қабатындағы бұршағы пайда болған кезеңде, астық тұқымдастарды түтіктенудің соңы-масақтану кезеңдерінде шабады.

Дайын пішендеменің сапасы мен шығынын анықтайтын негізгі технологиялық кезеңдеріне шөптерді құрғату дәрежесі мен режимі, оларды майдалау мен қоймалардың саңылаусыз болуы жатады. Көптеген эксперименттік деректер мен дәлелдегендей, жоғары сапалы пішендеме алу үшін бұршақ тұқымдас шөптер 45-50%, ал астық тұқымдас шөптер 50-55% ылғалдылыққа дейін құрғатылуға тиіс. Қоймаға салғанға дейін құрғатылған масса ұзындығы 2-3 см кесінділерге майдаланады және олардың үлесі 80 %-да кем болмауға тиіс.

Пішендеме сүрлем сияқты қоймаларда массаның тығыздалуына кедергі жасайтын белгілі бір серпімділікпен ерекшеленеді. Пішендеме массасының тығыздығы өсімдік түріне, шикізаттың ылғалдылығына, майдалану сипатына байланысты өзгереді. Оның үстіне пішендеме массасының майдалану сипаты ерекше маңызға ие болады, өйткені ұзындығы 20-30 мм, тіпті 40 мм, массаның жеткілікті тығыздығын қамтамасыз ете алмайды. Мұндағы ауаның көп мөлшері мал азығының пісу процесінде температураның жоғарылауына себеп болуы мүмкін.

10-кестеӘртүрлі қоймаларда пішендемені дайындаған шама мен алынған құрғақ зат шығыны, %


Қоймалар түрі

Массаның ылғалдығына қарай шыққан шығың %

60 50

40

Кәдімгі мұнара

13-14

15-20

Герметикалық мұнара

12-14




Пленкамен жабылған траншея

14-17



Ең жоғарғы температура +40-45°жоғары қабатта (20 см), ал ең аз температура +25° төменгі қабатта (150 см) байқалады. Мұның өзі орлардан жасалған қоймаларда пішендеменің ауамен қақтығысатын ауданы айтарлықтай көп болатындықтан олардың саңылаусыздығын қамтамасыз ету өте қиың соның нәтижесінде мал азығының шығыны да болмайтұрмайды.



Қоймаларды толтырғанда мал азығының қызып кетпеуі үшін күн сайын қалыңдығы кем дегенде 0,8-1,0 м болатын тығыздалған массаны салып отырған дұрыс. Ал қоймалардың мүмкіндігі мұндай талаптарға сай болуы керек. Кейде шаруашылықтарда мұндай талап орындала бермейді, қоймалар тым үлкен қазылады да, оларды массамен уақытында толтырып тығыздауға техниканыңжетіспеушілікті қол байлау жасайды. Соның нәтижесінде мұндай қоймаларды толтыруға 10-15 күн кетеді, ал бұл массаның қызып кетуіне мал азығыныңсапасыныңтөмендеуіне әкеліп соғады.

Оларда пішендеме салынған массаны тығыздау міндетгі түрде, сала бастағаннан қойма толғанша (сөткесіне 15-16 сағат бойы) жүргізіледі. Олар 3-4 күннің ішінде толтырылуға тиіс. Массаны салу мен тығыздау режимінің дұрыстығын оның температурасы көрсетеді, ал ол көресткіш +37°-тан аспауға тиіс. Температура +40°-қа дейін көтеріліп кетсе, массаны тығыздауды күшейту керек.

Тығыздау мен массаның 0,8-1,0 м қалыңдықпен салынуқарқынын үдеткенде температура +37о-танаспайды, ал күніне 0,4 м қалыңдықта және одан да аз салынса, массаның температурасы 45-50°-қа дейін көтеріледі. Оның үстіне массаның қызуы +32°-тан +51°-қа дейін жеткенде қанттың мөлшері 30%-ға азаяды. Олар көпке дейін массамен толтырылмаса, онда қызу +50-70°-қа дейін жетуі мүмкін.



Олартолтырылғаннан кейін құрғатылған массаныңбетіне қалыңдығы 25-30 см майдаланған жас шөп салынып тығыздалады. Жас шөп тығыз жатады да, ауаны өткізбеуге мүмкіндік жасайды. Тығыздалған массаны бірден жабады. Сенімді жамылғы-полимерлі пленкалар. Мұндай мақсатқа қалыңдығы 0,20-0,15 мм әбден отырылған және жарық өтпейтін пленкалар қолданылады.

Оларды массамен дұрыс толтырып және тыңғылықты бүркегенде пішендеменің шығыны сақтау кезінде орта есепен 10%~данаспайды.

Пішендемені жем-шөп дақылдарының сүттене балауызданып піскен кезеңінде дайындағанда жалқы азық оларды алдын ала құрғатудың қажеті жоқ, қабылданған технология бойынша сериялы машиналармен барлық талаптарға сай дайындалған сүрлемдегі құрғақ зат пен протеиннің шығыны 12-13 %-дан аспайды.

Бастыру әдісін қолданбай жиналған дәнді жем-шөп дақылдарынан дайындалған пішендеменіңтиімділігі аймақтың жағдайларына, пайдаланылатын дақылдар мен олардың сорттарының ерекшеліктеріне көп байланысты.

4.Витаминді шөп унын дайындау

Шөптерді консервілеудің ең жақсы эффективті әдісі-жоғары температурада кептіру, мұндай әдісті қолданғанда витаминдір мен қоректік заттар жоғары дәрежеде сақталады.

Бұршақ тұқымдас шөптерден жасалған 1 кг витаминді шөп ұнында 21-22% протеин 220-300 мг каротин болады.

Шөп саңын қолдан құрғату үшін жоғары температуралы (0,65 Р, АВМ-1,5, АВМ 3,0 және СБ-1,5) АВМ типті кептіргіштерді қолданады.



Ең жоғары сапалы ұнды, әсіресе протеин мөлшері бойынша жас шабылған көк балаусадан алуға болады, бірақ оның құрамында су көп болады және булануына көп шығынды жанармай қажет, ал кептіру агрегатгың өнімділігі жоғары емес. (11-кесте).

Сөйтіп, шөпті шалғы жолында кептіру бірсыпыра (2-3 рет) жанармай шығынын төмендетуге мумкіндік береді, агрегат өнімділігін арттырады, бірақ қоректік заттар мен витаминнің шығыны көбеюіне әсер етеді, сондықтан жағдайға байланысты кептірудің сол немесе басқа режимін қолданған жөн.

11-кестеЖасыл балауса массасының 10%-ды ылғалдылығымен 1 тшөп ұнын алу үшін шикізат мөлшері мен жанармай шығыны(В.Р. Вильямсатындағы мал азықтық БҒЗИ)


Көрсеткіш

Шөптің алғашқы ылғалдылығы, %

85

80

75

70

65

1 т ұн алу ушін жасыл балауса, т

6,0

4,5

3,6

3,0

2,6

1 т ұн алу үшін булануға қажетті су мөлшері, т

5,0

3,5

2,6

2,0

1,6

1 т ұнға шығындалған жанармай, кг

470

330

220

180

150

Кептіру агрегаттың өнімділігі, %

52

74

100

132

160


АВМ типті кептіру агрегаттардың технологиялық процестері төмендегідей етеді.

Қоректендіретін конвейер арқылы ұсақталған масса тегіс қабатпен кептіру барабанға түседі, ол жерде 600-1000°С-ға дейін қыздырылған ауа мен үрленеді. Әрі қарай ол бір ізбен ішкі, ортаңғы және сыртқы цилиндрлерден өтеді, ол жерде цилиндрлердің ішкі бетінің барлық ұзындығында орналасқан арнайы күрекшелермен бір мезгілде араластырылады. Кептірілген шеп кескісі циклонға шығарылады, ол жерде центрден тепкіш күшпен ауадан буланады, одан кейін ОГМ-0,8, ОГМ-1,5түйіршіктерде түйіршіктеледі.

Сүрлем дайындау технологиясы. Қазіргі уақытта сүрлем дайындауға жүгері, күнбағыс, шай жүгері, сиыржоңышқа және асбұршақ-сиыржоңышқа қоспалары, көпжылдық себілген және табиғи шалғындық шөптер көк балаусасы кең қолданады

Өсімдіктерді сүрлем дайындау үшін шабуы сүрлем жинайтын КС-2,6, СК-1,8, СК-2,6, комбайн типтерімен жүргізіледі, олар көк балаусаны шабады, ұсақтайды және массаны жүк машиналарға тиеді.

Жем-шөпті сүрлеу әр түрлі қойма типтерінде тереңдетілген жартылай тереңдетілгең жер бетіндегі және мұнараларда жүргізуге болады.

Вильямс В.Р. атындағы мал азықтық БҒЗИ көрсеткіштері бойынша сүрленетін массаның ылғалдығына және қоймалар типіне байланысты құрғақ заттың шамамен алынған шығыны герметикалық мұнараларда 7-10% дейін ашық бұртарда 40-45% өзгеруі мүмкін сондықтан тиісті панамен жабылған траншеялар өте қолайлы және оларда құрғақ зат шыгыны 11-15% дейін төмендетуге болады. (12-кесте).

Көк балауса массасының салар алдында қойманың түбіне ұсақталған сабан мен 30-40 см тығыздалғаннан кейін қалыңдықпенжабады. Траншеяны біржағынан бастап толтыра бастайды. Сүрленетін масса траншеяда шынжыртабан және доңғалақтабантракторларменжол полотносына түсетін қысым 0,40-тан 0,85 дейін кг/см2тығыздалады.

12-кесте. Әртүрлі қоймаларда сүрлегенде және массаның ылғалдылыына байланысты шамамен алынған құрғақ заттардың шығыны (%) (В.Р. Вильямс атындағы мал азықтық Б.Ғ.З.И.)


Қоймалар типі

Массаның ылғалдылығы

(%)

85

80

75

70

65

Кәдімгі мұнара







15-16

11-12


11-12


9-11

Герметикалык мұнара










9-10

7-9

Пленкамен жабылған траншея

27-29

23-25

16-18

14-15

11-12

Ашық бурт

40-45

30-35

25-28







Сүрлену жұмыстары біткен соң тығыздау жұмыстары екі-үш күн бойы жалғасады. Қоймаларды толтырғаннан кейін және тығыздау жұмыстары біткеннен кейін сүрленген массаны жабады.

5.Сүрлем сапасын бағалау. Сүрлем сапасын анықтағанда негізгі назарды қышқылдардың мөлшері мен байланысына, оның РН, каротин мөлшеріне, иісіне аударады.

Көпшілікке танылған жақсы сүрленетін көрсеткіштері: 2% дейін ерікті қышқылдар мөлшері, оның ішінде 50-70% сүтжәне 1/3 маңайында сірке (бәрі де ерікті түрде) майлы қышқылдың толығымен жоқ болуы, барлық азоттан 0,5-тен 5-11% дейін аммиакты азоттың болуы, РН ең жоғары 4,0-4,2 болады.

Зоотехникалық сапаны шкала балы сомасы бойынша мынадай сүрлем ажыратады: өте жақсы 81-100 балл алғаң ал жақсы 61-80 балл жақсы 41-60 балл, қанағаттанарлық 21-40, қанағаттанарсыз және жарамсыз 20 және одан да төмен балл.

Негізгі әдебиеттер

  1. Зыков Ю.Д., Копытин И.П. Мал азығын өндіру (оқу құралы), Алматы, 1994

2Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Г.Ж. Мал азығын өндіру практикумы. Астана, 2009.

3.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.


Дәріс29Көп жылдық шөптердің тұқым шаруашылығы

1. Көп жылдық шөптердің тұқымын шаруашылығының маңызы

2.Шөптердің сорттары.

3.Шөптер тұқымына қоятын талаптар.

1.Көп жылдық шөптер тұқым шаруашылығының маңызы.Мал азығын өндірудің қарқынды жүйесі егістікте және шалғын мен жайылымда шөп егуінде ескі жылғы шөп егістіктерін жыл сайын жыртуды қарастырады, сондықтан жып сайын басқа танаптарда шөп себу табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартуында себілген шабындық пен жайылым жасау үстеп жақсарту әдісін қолданғанда сирек шөп егістіктерінде шөптерді қосымша себу жұмыстарын жүргізу қажет.

Бұл жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу жыл сайын көп мөлшерде көпжылдық бұршақ және астық тұқымдас шөптер тұқымын қажететеді. Шаруашылықтарды кепжылдық шөптер тұқымымен аудандастырылған жақсы сорттарын көбейту және жабайы шөп тұқымдарын жинау және көбейту арқылы қамтамасыз етуге болады. Шөптердің тұқымы жетімсіздіксіз болғандықтан тиісінше назар аудару қажет, сондықтан тұқым шаруашылығымен айналысатын жағдайы бар шаруашылықтарда товарлы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру өте пайдалы.

2.Шөптердің сорттары. Қазақстанда тиісті топырақ-климат аймақтарында аудандастырылған көпжылдық астық тұқымдас шөптердің ең жақсы сорттары: Еркекшөп-Актюбинский узкоколосый местный, Актюбинский ширококолосый местный,Долинский1.Карабалыкский202,Краснокутский ширококолосый 4, Краснокутский узкоколосый 305, Красноводопадский 414, Таукульский гибридный, Уральский узкоколосый;

Көген тамырсыз бидайық-Карабалыкский 86, Колутонский (Арман), Марусинский 996,. Көк сұр бидайық-Карабалыкский сизый, Ростовский 31, Омиг; Тарлау қияқ -Бозойский, Шортандинский. Сібірлік қияқ-Гураң Қылтықсыз арпабас-ВосточноКазахстанский, Лиманный, Сибинсхоз 189, Степной (460); Бидайық-Даурский-Нарынкольский, Тікарпабас-Целиноградский 30, Кәдімгі тарғақ шөп - Зайл иинская Каркара-90; Шалғындық бетеге-Каргалинская, Пензенская 1, Бұршақ тұқымдас шөптер:Жоңышқа-Иртышская, Красноводопадская 8, Семиреченская местная, Ташкентская 1, Уральская синяя, Карагандинская 1, Шортандинская 2, Карабалыкская 18, Кокше, Марусинская 425, Беде-Белоцерковская 3306, Зыряновский местный; Эспарцет Алма-Атинский 1, Алма-Атинский 2, Гибрид 154, Северокавказский двуукосныи, Песчаный 1251, Песчаный улучшенный; Ақ түйе жоңышқа-Акбас, Медет, Сретенский 16. Навекең Сарытүйежоңыіща -Альшеевский, Колдыбанский, Карабалыкский, Омскии скороспелый; Шығысешкібұршақ Горноалтайский.

Тақырыпка арналған сұрақтар:

1.Мал азықтық шөптердің тұқым шаруашылығының манызы.

2.Маңызды мал азықтык, шөптердің тұқым сапасына қойылатын талаптар кондициялық тұқым алудың негізгі жағдайлары.
Дәріс 30 Тақырыбы:Шөптер түрінің тұкым өндірісінде қарқынды технология ерекшеліктері.

1.Агротехника ерекшеліктері

2.Мал азықтық астық тұқымдас шөптердің тұқым сапасының көрсеткіштері

1.Агротехника ерекшеліктері. Арнаулы тұқымдық алқаптарда тұқым өсіргенде негізіне, тұқымның жоғары өнімін алуына мүмкіндік жасайтын келесі технология элементтерін белгілей отырып көпшілік мақұлдаған шөптерді мал азығына өсіру технологиясын қолданған жөн.



  1. Ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген участкелерде орналастыру.

  2. Ең жақсы арамшөптерден таза алғы дақылдардан кейінең жақсысы тыңайтқыш енгізілген сүр танаптан кейінорналастыру.

  3. Бұршақ тұқымдас шөптерді тозаңдатқыш жәндіктердіңұялары орналасатын жерлерді ескере отырып-орманмаңайына және т.б. жерлерге орналастыру.

4. Себу мерзімін сақтау-қуаңшылық аудандарда ертекөктемде астық түқымдастарды қысқа қарай себугеболады (тамыз айының бірінші онкүндігі).

5. Топырақты ұқыпты түрде өңдеу және себу алдындаміндетті түрде тығыздау.

6. Кең қатарлы әдіспен себу-бұршақ тұқымдастар 45-60см, астықтұқымдастар 23-46 немесе 30-45 см.

7. Себу мөлшерін мал азығына себу мөлшеріменсалыстырғанда төмендету

8. Қуаңшылық жағдайларда шөптерді тұқымға бүркемесіз әдіспен ғана себу.

9 Тұқымының сіңіру тереңдігін ұқыпты сақтау. Жабайы өсімдіктертұқымын терең сіңіруге болмайды. Тұқымдардың оңтайлы сіңіру тереңдігі ұсақ тұқымдарға 0-0,5 см, ірі тұқымдарға 1-2 см.

10 Арамшөптермен қарсы күрес жүргізу әсіресе тіршілігінң бірінші жылы, мұнда қажетті гербицидтерді қолданған жөн

11.Жинау мерзімін және бастыру технологиясын сақтау, бұршақ тұқымдастарды бөлектеп жинау-жоңышқаны 70-75% бұршаққаптары қоңырланғанда, эспарцетте 50-60% қоңырланғанда, түйе жоңышқада 15-20%. Астық тұқымдастарды көбінесе тікелей балауыздана пісу кезеңінде жинайды.



12.Жинағаннан кейін тұқымдарды ұқыпты тазалау қажет болса кептіру және тиісті жағдайда қоймаларда сақтау (1-кесте).

2.Маңызды мал азықтық астық тұқымдас шөптердің тұқым сапасының көрсеткіштері

13-кесте Мал азықтық шөптердің әртүрлі топырақтарда тұқым сіңіру тереңдігінің оңтайлы көрсеткіштері (см)

Шөптер

Ауыр

Орташа

Жеңіл

Еркекшөп

1,0

2,0

3,0

Қылтықсыз арпабас

1.5

2,0

3,0

Көген тамырсыз бидайық

2,0

3,0

4,0

Қызыл бетеге

0,5

1,0

1,5

Шалғындық бетеге

1,0

2,0

3,0

Шалғындық көдешөп

0,5

1,0

1,5

Атқонақ

0,5

1,0

2,0

Ақ, қызғылт беде

0,5

0,5

1,0

Жоңышқа, туйежоңышқа

2,0

3,0

1,0

Эспарцет

3,0

4,0

5,0

14-кестеМаңызды мал азықтық астық тұқымдас шөптердің тұқым сапасының көрсеткіштері (МСТ 19449-80)

Дақылдар түрі

Класс

Негізгі дақыл дардың тұқымы

Арамшөптер тұқымының мөлшері

-


өнгіштігі

Ылғалдылығы

Барлығы

%


Оныңішінде зиянкес арамшөптер тұкымы дана/кг көп емес

Тарақша,еркекшөп

1

95

0,5

200

80

15

Қылтанақсыз арпабас

1

95

0,6

240

75

15

Көген тамырсыз, жатаған бидаиық

1

95

0,5

200

75

15

Тарлау қияқ

1

90

1,0

240

70

15

Кәдімгі субидайык

1

95

0,5

200

75

15

Кызыл бетеге

1

95

0,5

200

80

15

Шалғындық бетеге

1

95

0,5

200

80

15

Шалғындық атконақ

1

95

0,5

400

75

15

Ақ мамық

-

90

1,0

200

50

15

Ескерту: Өте зиянкес арамшөптер қылтықты сары қалуең аққайран арамшытырмақжатады

15-кестеКөп жылдық шөптердің жобалап алынған тұқымға себу мөлшері

Шөптер

Кең қатарлы әдіспен сепкендеп себу мөлшері

1кг мың дана тұқым

Тұқымның орташа массасы, г



1га мың. дана өнпш туқым

1га. кг







Жоңышқа

2,5-3,0

5-6

543

1,95

Құмдақ эспарцет

2,5-3,0

30-38

67-91

11-15

Мүйізді лядвенец

5,0-6,0

5-6

1052

0,95

Қызыл беде

2,5-3,5

4-6

585

1,71

Еркекшөп

2,5-3,5

5-7

476-540

1,85-2,10

Көген тамырсыз бидайық

2,5-3,0

7-8

305

2,85

Қылтықсыз арпабас

3,0-3,5

10-11

286

3,50

Шалғындық атқонақ

9,5-12,0

4-5

2380

0,42

Шалғындық бетеге

4,5-5,0

8-9

540

1,85

Сібірлік қияк

2,5-3,0

7-8

323

3,10

Тұқымды тазалау және сақтау шаралары.

Шаруашылықтарды тұқым тазалағыш машинамен қамтамасыз ету шараларын іске асыру кезек күттірмейтін мәселе.Көпжылдық шөптің тұқымдарын ластануына байланысты алдын ала, негізгі және қосымша тазалаудан өткізеді.Комбайннан түскен үйіндіні алдын ала немесе алғашқы тазалау жұмысы ауа және тазалағыш елеуіші бар "Петкус-Вибрант', К-521/1, "Петкус" К-522 және К-523, ОС-4А ж.б. машинада жүргізіледі.

Алғашқы тазалаудың негзгі мақсаты -тұқымнан ірі, жеңіл және ұсақ қоспаларды-сабаң жапырақ, масақ мекені, арамшөп сабақтары, тұқым бөлісгері-бөліп алу болып табылады. Үйіндініңөздігінен қызып, тұқымныңсапасы төмендеп кетпеуі үшін бұл жұмысты тұқым комбайннан түсісімен жүргізеді.

Негізгі тазалау мен тұқымды іріктеу әмбебап және арнаулы тұқым тазалағыш "Петкус-Супер", К-212 және К-541 және "Петкус-Гигант" К-213, К-531, сонымен қатар К-531/1 және "Петкус-Селекгра" К-218/1 ж.б. машинада жүргізіледі. Негізгі тазалау процесінде арамшөп тұқымдары мен басқа қоспалар, ұсақ енген тұқымдар араластыруға тиіс, ал толық бағалы негізгі дақылдыңтұқымдары таза күйінде бөлініп шығарылады.

Қосымша тазалау тұқым массасында көп арамшөп тұқымы қалып қойғанды жүргізіледі. Бұл жағдайда электромагниттіМС-1А машинасы, ССП-1,5 пневматикалық сорттау үстелі т.б. пайдаланылады.Кез келген тазалау жұмысын жүргізгенде тұқым тазалағыш машиналарды әрбір тұқым партиясына лайықтап реттеу қажет.

Ауа-елеуіш-триерлі машинаның негізгі реттелуі елеуіштері мен щеткаларын таңдап алу мен орнатуға, тұқым беруге, ауа тасқынының жылдамдығына байланысты.

Алдын-ала тазалау үшін жоғары және ортаңғы елеуіштердің дөңгелектесікті түрлерін орнатқан дұрыс, өйткені олар ірі қоспаларын ұстап қалып, барлық тұқымдар мен ұсақ қоспаларды өткізіп жіберуге тиіс. Төменгі жағына дөңгелек немесе тесікті ұзынша тесікті елеуіштерді қояды, олар арқылы арамшөптіңұсақтұқымы еленіп шығады.



Негізгі тазалауда елеуіштерді таңдап алуға ерекше көңіл бөлінеді, бұл жұмысты жүргізгенде неғұрлым көбірекарамшөп тұқымы мен ұсақ, семіп қалған негізгі дақыл тұқымдары аластатылуға тиіс, ол үшін мүмкіндігінше елеуіштердің қолайлы тесік көлемі таңдап алынады.

Елеуіштердің тесік көлемі түрлері лабораториялық елеуіштерде әрбіртұқым партиясы (массасы) үшін анықталады.Елеуіштердегі үйінділердің қалыңдығы да реттеледі: елеуіштің басындағы қалыңдығы 3-5 мм, ортасында - бір дәнін қабаты ал шығар ауызда-жекелеген тұқымдар болғанда дұрыс реттелген деп есептеледі.

Әдебиеттер тізімі

1.Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. азығын өндіру агрономия және ботаника негіздеріАлматы ,2011Мал

2.Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Ғ.Ж. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Астана 2006.



Тексеру сұрақтары:

1.Қарқынды технологияларда қолданатын көпжылдық шөпгер тұқым өнімі қалыптасуыныи басқару мен бағдарламалаусебептері.

2.Негізгі көпжылдық шөлтер түрінің тұқым өндірісінің қаркынды технология ерекшеліктері (алғы дақыл себу мөлшері,себу мерзімі мен әдісі егістікті күтіп-баптау, жинау)
Пән бойынша өздік сабақтарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Тақырып. МАЛ АЗЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ

ОБСӨЖ Дәрумендер органикалық заттар

Дәрумендер органикалық заттар тобына кіреді. Мал азығының басқа қоректік заттарға қарағанда дәрумендер тірі ағзада ештене құрамайды. Бірақ та олар жоғары биологиялық белсенділіктің иесі және ағзаға өте аз мөлшерде қажет. Дегенмен, егер мал азығында сол немесе басқа дәрумендер жоқ болса, малдардың өнімі төмендейді, зат алмасу бұзылады және ұдайы қабілеттілігі, сүт, ет, жүмыртқа және басқа өнімдер сапасы түседі. Мал азығында дәрумендер болмаса, малдар авитаминоз (құркұлақ, мешел және т.б.), ал өте аз болса, гиповитаминоз аурулармен ауырады.

А дәрумені мал өнімдерінен, көбінесе сүтте, балық майында, балық ұнында, жұмыртқаның сарысында болады. Өсімдіктер азығының А провитамині - каротин, ол мал ағзасында А дәруменіне өтеді. Каротин беде, жоңышқа жапырақтарында, сәбізде, жас шөпте, жақсы кептірілген шөптен дайындалған шөп ұнында көп кездеседі.

Д дәрумені фосфор-кальций алмасуын реттейді. Оның жетіспеушілігінен малдар мешел ауруына үшырайды. Балық майы жәнежайылымда бағылған сиырдың жаз сүті Д дәруменіне бай. Малдар Д дәрумені тапшылығын көбінесе қыста көреді, себебі жазда Д дәрумені тірі ағзада күннің ультрафиолеттік сәулесі арқылы синтезделеді. Сондықтан малдарды жазда жайылымда ұстап, ал қыста, әсіресе, жас төлдерді кварц электр шамы сәулесімен емдеу керек.

Жасыл өсімдіктерде Д дәрумені аз, көп дәнді астық дақылдардың тұқымдарында, тамыржемістілер мен түйнек жемістілерде мүлде кездеспейді.

С дәрумені (аскорбин кышкылы) малдарды құрқұлақ (цинга) ауруынан қорғайды. Ол жасыл балаусада және тамыржемістілерде көп. Жем-шөпті кептіру мен сақтау кезеңінде жылдам бұзылады. Күйіс қайырушы малдарда С дәрумені ағзада синтезделеді. Бірақ, мал рационында басқа дәрумендер, соның ішінде А дәрумені жеткіліксіз болса, ағзада С дәруменінің синтезі тоқтайды, малдар, әсіресе, доңыздар оның кемшілігінен азап шегеді.

В тобыныц дэрумендері. Бұл дәрумен тобының көлемі үлкен. Олар минералдың алмасуына, ішкі сөл бөлу бездер жұмысының реттелуіне, жүйке тамыр жүйесі әрекетіне және т.б. тіршілікке маңызды үдерістерге (процесс) әсер етеді.

В} дәрумені (тиамин). Көк балаусада, жақсы пішенде, кебекте, сәбізде, ашытқыда және өсірілген дәндерде болады. В дәрумені жетіспеушілігінен, әсіресе, құстар, доңыздар және қояндар өте көп азап шегеді. Олардың араны ашылуы басылады, арықтайды, ас қорыту жүйесі босайды және тамыр жүйесі ауырады. Күйіс қайырушы малдарда бұл дәрумен асқазанда синтезделеді.

В2 дәрумені (рибофлавин) малдардың тұрақты өсуі мен өнім-
ділігіне қажет. Ол ашытқыда, сүт мал азығында, жақсы пішенде
және өсірілген дәнде көп болады.

В3 дәрумен (пантоген кышкылы). Бұл қышқыл жетіспеушілігінен
малдың өсуі тоқтайды, ақуыз алмасуы бұзылады, тері және асқазан,
ішек аурулары пайда болады. Пантоген қышқылына ашытқы бидай
кебегі, бұршақ тұқымдас өсімдіктер өте бай.

Едәрумені (көбею дәрумені) дәннің ұрығында, жасыл өсімдіктерде және өсірілген дәнде көп болады.

Әр түрлі факторларга байланысты малазықтық өсімдіктердін химиялық құрамы. Малазықтық дақылдардың химиялық құрамы, яғни қоректілік құндылығы тұрақты емес. Олар өсімдік жасына, енгізілген тыңайтқыштарға, топырақ құрамына, суландыру жағдайына және тағы басқа агротехникалық тәсілдерге байланысты өзгереді.
16-кесте. Шөптердін жинау мерзімінің қоректік заттар құрамына және пішен қорытылуына әсер етуі, (%)

Шөптер түрі және вегетация кезеңі

Протеин

Ақуыз экстрак-тивті заттар

Жасұнық

Азотсыз

Көпжылдық астық тұқымдас

Түптену,

13,0

11,7

23,1

52,5

түтіктеніп өсу

74,8

74,3

80,7

87,6

Масақтанудың,

10,3

8,1

34,7

43,6

гүлденудің басталуы

68,1

59,7

70,3

72,1

Гүлдену

9,3

60,0


8,1

60,7


37,7

63,1


46,0

69,4


Гүлдегеннен кейін

6,6

46,9


6,6

46,5


34,4

55,2


50,5

65,2


Көпжылдық бұршақ тұқымдас

Бүрлену кезенінде

19,3

81,3


16,4

84,9


20,1

42,4


47,5

79,4


Гүлдену

13,0

73,0


10,0

69,8


27,6

33,6


47,3

73,7


Ескерту: алымында - қоректік заттар құрамы бөлімінде - сіңімділігі (қорытылу).


Өсімдік ағзасының өсіп-даму процесі барысында оның химиялық құрамы өзгеріп отырады. Мысалы, өсімдік тозуына қарай құрамында жасұнық мөлшері жоғарылап, ақуыз заттардың мөлшері төмендейді. Сөйтіп, шөптерді гүлдену және гүлдегеннен кейін жинағанда ақуыз бен протеин мөлшері ғана төмендемейді, сонымен қатар пішеннің қорытылуы да нашарлайды (8-кесте).

Өсімдіктердің химиялық құрамына көбінесе органикалық және минералдық тыңайтқыштар әсер етеді. Шетел мен біздің еліміздіңғалымдарының көпжылдық зерттеулершщ көрсетуі бойынша аса көп мөлшерде енгізілген азот тыңайтқыштары шөптердің өнім деңгейін арттыруымен қатар өсімдіктердің кұрамындағы протеин мен басқа қоректік заттар мөлшерін көбейтеді.

Біржылдық әр түрлі сұрыптарының қоректілігі, бағалығы бірдей емес. Мысалы: малазықтық қызылшаның ақ түрлі сұрыптарына қарағанда сары түрлерінде құрғақ зат пен дәрумен мөлшері көбірек. Күнбағыстың Гигант 549 сортында протеин мөлшері 11,6% құрғақ затқа айналдырғанда, ал Саратовский гигант сортында 10,5%.

Жем-шөпті қоректілігі бойынша бағалау және олардың қорытылуы.

Пайдалы мал азығы тек қана тиісті химиялық құрамымен емес, әр түрлі малдар түріне жоғары дәрежеде сіңімді болу керек. Қазақстанның табиғи малазықтық жерлерде өсетін және себілген шөптерден жасалған жем-шөптің химиялық құрамының және қорытылу коэффициентінің орташа мәліметтері 8-кестеде келтірілген.

Малдардың жем-шөпті қорытуы орташа есеппен 60-70% болады, яғни 30-40% жем-шөпті малдар пайдаланбайды және олар транзитпен көңге кетеді. Жем-шөптің қорытылуы өсімдіктің өсу-даму кезеңіне қарай өзгереді және ең жоғары көрсеткіш түптену кезеңіне келеді, ал түтіктенуден шығу (бүрлену) кезеңінен өткен соң, өсімдіктердің сабақтары қатаяды да желінуі нашарлайды, себебі пластикалық заттардың ағуы тамыр жүйесімен тұқымға ауысады, өсімдіктерде, көбінесе, жасұнық құралады.

Ақуыз және азотсыз экстрактивті заттар өсімдіктің түптену кезеңінде ең жоғары мөлшерге 70-90%, май мен жасұнық 60-70%о жетіп, кейінгі вегетация кезеңдерінде түптену кезеңіменсалыстырғанда гүлдену кезеңінде 10-15%, жеміс байлануында 15-20% және кеуіп қалуында 30-40 %-ке төмендейді.

Қорытылу процесінде аминқышқылдары, қанттар және еритін Минералды тұздар қан мен асқазанға түсіп, мал денесінің жаңа жасушалар мен ұлпа құруына және өнімді өндіруіне жұмсалады. Бұл қоректік заттар мал азығының қорытылу бөлігін ағзамен пайдаланбаған заттарға жатады.

Қоректік заттардың қоректілігі пайызбен көрсетіледі. Мал азығының қоректілік коэффициенті желінген жем-шөптің қорытылған заттар қатынасымен көрсетілген пайыз мөлшері.

Жем-шөптің қоректілігі мынадай факторларға байланысты:

Мал түрі. Әр түрлі малдар түрінің ас қорыту жүйесі бірдей емес, сондықтан оларда бір түрлі мал азығының бойға таралуы әр түрлі. Күйіс қайырушы малдар (ірі қара малдар мен қойлар) құнарсыз жасұнықпен бай жем-шөпті жылқылар мен шошқаларға қарағанда жақсы қорытады.

Малдың жасы. Жас малдардың ас қорыту жүйесі әлі де жеткілікті дамымағандықтан, құнарсыз жем-шөпті көп мөлшерде және жақсы жей алмайды. Тістері мүжіліп қалған ірі қара малдар құнарсыз жем-шөпті нашар жейді.

Мал-азықтық рацион көлемі. Рацион - әр түрлі жем-шөпті

өнімділігіне, тірі салмағына және малдың физиологиялық күйіне сәйкес
жасап күнделікті беру.

Жем-шөпті көп мөлшерде беру ас қорыту жүйесіне артық салмақ түсіретіндіктен, мал азығы біршама нашар қорытылады.

Мал азықтық рационның құрамы. Егер жем-шөпте жасұнық көп болса, онда оның қоректік заттарының қоректілігі төмендейді. Жем-шөптегі органикалық қышқылдар, ас қорыту сөлінің бөлінуін күшейтеді және ас қорытуды жақсартады, сондықтан құрамында сүрлем, малазықтық тамыржемістілер, көк балауса және ашытқы мал азығы бар рациондар ең көп қоректілік коэффициентімен ерекшеленеді.

Мал азығының кұрамында протеин мөлшері жеткіліксіз немесе артық болған жағдайда ағза басқа қоректік заттарды қолдануын төмендетеді.

Мал азығындағы протеин мөлшері протеин қатысуымен бақылануы және ол протеиннің бір бөлігіне қанша қорытылған көмірсулар мен майлар келуін көрсетуі тиіс. Жем-шөптің қорытылуы әдеттегідей жүреді, протеиннің бір бөлігіне азотсыз экстрактивті заттарының 6-8 бөлігі келеді.

Мал азықтандыру тәжірибесінде протеин қатынасын: 1:6 азырақтар, 6:8 әдетті, 8:12 кең деп атайды. Протеин қатынасын қорытылған қоректік заттардың мөлшерін біле отырып есептеуге болады. Мысалы, сұлыда 2% жасұнық, 44,8% азотсыз экстрактивті заттар, 7,2% протеин және 4% май болады. Соңғы көрсеткішті 2,25 коэффициентіне көбейтеді, себебі майдың калориясы көмірсулармен салыстырғанда екі есе жоғары.

Сонымен қатар қоректік мал азықты азықтандыруға дайындау дәрежесіне байланысты. Мысалы, пісірілген картопты шикі картопқа қарағанда шошқалар жақсы қорытады, дәл осылай шөп ұнын да пішенге қарағанда жақсы қорытады.

Тақырып: Мал азықтары және оларды бағалау әдістемесі.

Мал азығының жіктеуі.

Шырынды мал азығы (көк балауса және жасыл балауса мал азығы, сүрлем, тамыржемістілер).

Ірі қара мал азығы (пішең сабаң пішендеме).



Мал азығының бірнеше жіктеуі бар. Мысалы, барлық мал азығын екі топқа бөлуге болады: өсімдік және мал өнімдерінен жасалатын, ерекше топқа минералды және витаминді ұстеме қоректендіру жатады. Мал азығы құрамындағы су мөлшеріне негіздеп жіктеу қазіргі уақытта кең қолданады.

Шырынды мал азығы (көк балауса және жасыл балауса мал азығы, сүрлем, тамыржемістілер).

Ірі қара мал азығы (пішең сабаң пішендеме).

Құрама жем азығы (астық, құрама жем және т.б.).

Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің қалдықтары (кебек, күнжара, сүйекұны және т.б.).

Малдар рационында маңызды орын (98%-ға дейін) мал азығын егістікте және шалғындықта, сонымен қатар өсімдік шаруашылығында өндіруде өсімдіктен жасалған мап азықтарына келеді. Өсімдіктен жасалған мал азығының тобы өте кең. Оларға кек балауса (шөп), шырынды (тамыр-жемістілер, түйнек жемістер, сүрлем), ірі азық (сабаң пішең топаң бұтақтан жасалған мал азығы) және құрама жем азығы (астық, бүршақ тұқымдастардың және майлы дақылдардың дәні), тағам өндірісінің қалдықтары жатады.



Жасыл балауса мал азығына жайылымдық мал азығы, себілетін көп жылдық және біржылдық шөптер, мал азықтық қырыққабат және т.б. Бұл мал азықтары міндетті турде барлық ауылшаруашылық малдар рационына кіру керек, өйткені жас көк шөпқұрамында барлық минералды түздар, витаминдер бар одан соң ол жақсы қорытылады

Жасыл балауса-өте арзан мал азығы. Мысалы, табиғи мал азықтық жерлерде малды жаю әдісі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ең арзанетөнімін береді.

Ірі азық. Көптеген аймақтарда пішең сабан, топан мал азығың рационының негізі, ал қыс кезеңінде барлық ауылшаруашылық малдарға жем-шөп болып табылады.

Пішен. Оның қоректілігі өсімдіктердің ботаникалық ,құрамына, шөптердің жиналу мерзіміне, кептіру және сақтау ідісіне байланысты. Гүлдену кезеңінде жиналған бұршақ және астық тұқымдас шөптерден жасалған пішен өте құнарлы болып саналады. Сіңімді протеин мөлшері бойынша жоңышқа пішені кебеккежақындайды, онымен азықтандырғанда рационнан құрама жем азығын қысқартуға немесе мүлдем алып тастауға болады.

Әртүрлі шөптерден дайындаған пішен құнарсыз деп саналады, өйткені құрамында құнарлы шөптер арасында улы және зиянкес өсімдіктер болады. Құнарсыз ірі азық мал азығына қияқөлең және елекшөптен дайындаған пішен жатады.Малдар оларды нашар жейді.

Табиғи мал азықтық жерлер өсімдіктердің өсу орны және ботаникалық құрамына байланысты суарма, құрғақ алқап, орманды, далалы, таулы және батпақты болады.

Суарма пішен суармалы шалғын жерлерден шауып алынады, ең жақсы шөпті өзен аңғарының ортаңғы жерлерінен алад|ы. Су тұрып қалатын ойпаң жерлерде қышқыл астық тұқымдас дақылдар өседі, сондықтан пішеннің сапасы да төмен болады.

Кұрғақ алкап пішенді кырат (үстірт). су айырықжерлерде орналасқан участкелерден жинайды, Мұндай пішен құрамына 35- 56 % астық түқымдастар, 10-15 % бүршақ тұқымдастар

Және әртүрлі шөптер кіреді. Бұл шөптің құрамында әртурлі шөптер неғұрлым аз болса, соғұрлым оның сапасы да жоғары.

Орман пішені. Жақсы, сапалы орман пішені ашық, жарық жақсы түсетін учаскелерден алынады. Кесілген және жарык, аз түсетін жерлер құнарсыз шөп береді, өйткені олардың құрамында әртүрлі улы немесе желінбейтін (түймедақ, бүлдіргең ,клопоновник жәнет.б.) өсімдіктер көп.

Далалы пішен мал азықтық құндылығы жағынан әртүрлі еркекшөп, селеу, бетеге, жауқияқ, шисабақ сияқты өсімдіктерден құралады, олар жақсы сапалы мал азығын береді Тың даланың сортаң топырақтарының пішені көп түрлі-жусан және басқа, иісі аңқыған және ащы өсімдіктерден болады. Бұл пішенді негізінен қойлар мен түйелерге береді. Сауынды малдарға оны беруге болмайды, өйткені сүт және сүт өнімдеріне ащы иісі ауысады.



Таулы немесе альпі пішені - сапасы және қоректілігі жағынан ең жақсы ірі қара мал азығы, жағымды иісі баржәне малдар жақсы жейді. Оны таулы учаскелердең тау баурайынан жинайды. Бұл пішенде астық және бұршақ тұқымдас шөптер көп.

Батпақта өсетін пішенді төмен жерлерде орналасқан шалғындардан және батпақ жерлерден жинайды. Олардың қурамы әрдайым өте төмен сапалы, өйткені оларда улы шөптермен аралас, қияқөлеңдер, елекшөптер және сарғал-дақтар бар. Батпақ шөпті жас төлдерге, асыл тұқымды малдарға, жылқыларға беруге болмайды. Оны басқа ірі азығымен бірге ірі қара малдарға беруге болады. Себілген шөптердің пішені барлық ауылшаруашылық малдарға ең құнды ірі азық. Жоңышқа, эспарцет, беде пішені протеиң кальций, фосфор және витаминдерге бай. Судан шөбі, сиыржоңышқа, сұлы қоспасы,эспарцет, сераделла, ақ және сары жоңышқа, арпабас, итқонақ жақсы сапалы мал азығы болады.

Пішеннің мал азықтың сипаттамасын берерде, оның ботаникалық құрамын бағалау керек. Ботаникалық талдауда пішенде мынадай келесі өсімдіктер тобын бөледі: астық тұқымдастар, бұршақ тұқымдастар, желінетінәртүрлі шөптер, желінбейтін шөптер, зиянкес және улы өсімдіктер. Бұл шөптердің құрамын алынған улгі салмағының пайызымен көрсетеді.

Пішөннің ең құндылы бөлігі-бұршақ және астық тұқымдас өсімдіктер. Қалған шөптердің бәрі әр түрлі шөптер тобына жатадіТұрып қалған әр түрлі шөптерден жасалған пішен қоректілігіөте төмен, өйткені өсімдіктің ең құнды бөлігі-жапырақтар жылдам түсіп қалады.

Аз желінетін шөптер (түйетікең қымыздық, шағыртікең салдырлақ, шайқурай, жусаң қамыс, елекшөп және т.б.) пішеннің мал азықтық құндылығын түсіреді. Улы өсімдіктер(сарысарғалдақ, тамырдәрі, сасық меңдуана, меңдуана, есіртпе үйбидайық, улы тамыр және т.б.) малдарда ауыр ауруларға шалдықтырады. Пішен құрамында улы және зиянкес өсімдіктер мөлшері 1 % -дан аспау керек. Олар бір буда шөп ретінде кездеспеу керек, ондай жағдайда пішен ауыл-шаруашылық малды азықтандыруға жарамсыз.

Пішендеме дайындаудың ең тиімді әдісі-ғымыми дәлелденген технологияны сақтаған жағдайда, көпжылдық біржылдық және шалғындық шөптерден консервилеу әдісі ең тиімді деп есептеледі. Мал азығы жоғары энергетиқылық және протеиннің бағалығымен ерекшеленеді орташа I кг пішендемеде 0,35-0,45 азықтық өлшем болады.Пішендеме 50-55%-ға дейін кептірілген жіңішке сабақты шөптерден дайындалады. Сапалы себілген шөптерден дайындаған пішендеме өте сапалы.

Витаминді шөп ұнын жоғары сапалы витаминді пішеннен дайындайды. Қоректілігі бойынша ол құрама азықтан кем емес, ал каратин және минералды заттар бойынша асып туседі.

Дәруменді шөп ұны өте жоғары температурада кептіру аркылы жасалады, мұндайжағдайдавитаминдержәнеқоректік заттарұзақ уақыт сақталады. Мал азығын дайындауда ең жақсы тұқымдары бұршақ тұқымдас шөптер. 1 кг бұршақ тұқымдастардан дайындалған витаминді шөп ұнының қорекілігі орташа 0,8-0,9 азықтық өлшем яғни астыққа жақындайды, протеинмөлшері 21-22 %, каротин 1 кг 220-300 мг.

Сабан. Сүт мал шаруашылығының қарқынды жүргізген жағдайда және малдардыңжоғары өнімін алу үшін рационда сабан болмау керек, бірақта орташа сауын сүт 2500-3000 кг болғанда сабан мал азығы ретінде қаралуы мүмкін Өте жоғары сұлы, арпа, тары және бұршақ тұқымдас өсімдіктер сабаны бағаланады. Қоректілігі, дәнді-астық дақылдардың түріне байланысты.

Күздікастықдақылдардың(қара бидай, бидай)сабанында протеин аз, ал клетчатка көп (35-45 %). Орташа 100 кг күздік бидайда 20 азыідық өлшем және 0,8 кгсіңімді протеин болады Сондықтан оның қоректілігі төмен және қорытылуы нашар. Жаздық дәнді-астық дақылдарда орташа 100 кг сүлы сабанында 31,2 азықтық өлшем және 1,2-1,5 кгсіңімді протеин болады. Арпа және тары сабанықоректілік жағынан сұлы сабанынан кем емес.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің сабаны (асбұршақ, ноғатық) жалпы қоректілігі бойынша жаздық дәнді-астық дақылдарының сабанынан айырмашыльғы жоқ, бірақ ақуыз мөлшері көп (2,5 кг-ға дейін). Сабанды бағалаған кезде оның түсіне, сабақтың шытырлығына, жарқылына, қоспасына және сақталуына көңіл аудару керек. Шаңды, шірік иіс сасығаң сынғаң саңырауқұлақпенараласқан ,көгергенсабанмен малдарды азықтандыруға болмайды.

Топан. Ол масақ бөліктерінең жапырақтардаң дәнді және арамшөп өсімдіктердің тұқымынан тұрады. Қоректілігі бойышатопан сол өсімдіктің сабанынан біршама жоғары Тек 100 кг сұлы топанында 42 азықтық өлшем болады. Топан нашар кебеді, ылғалды жеңіл сіңіреді, жаман сақталады. Азықтандыру алдында оны буландырады, сулап алады, шырынды мал азығымен араластырады немесе мал азығын сүрлеуде қолданады. Балталмаған қылтығы бар астықтың топанын малдарға беруге болмайды.

Беде, ноғатықжәне майбұршақ топанының қоректілігі өте жоғары және жақсы желінеді Жүгері собығының өзегі қоректік заттарга біршама бай. Бірақ олар ірі, сондықтан малғабөлшектеп басқа мал азықтар қосып беру керек.

Бұтақты мал азығы. Орманды аймақтарда ешкі мен койларды бұтақты мал азығымен азықтандырады. Оны жазда кайың, жөке ағаштың, шетеннің, көктеректің жапырақтанған бұтақтарынан дайындайды. Жапырақтар мен кептірілгенбұтақтарды жуандығы 30-40 см етіп байлап құрғақ қора-қопсыда (орналастырады) сақтайды. Жапырақты ағаштұқымыпан жасалған бұтақты мал азығы қоректілігі бойынша орта сапалы пішенге тең. Ешкілерге ол әдетте ас қорыту үшін косымша заттар көзі ретінде қажет.

Шырынды мал азығы көп мал азықтық дақылдар тобы мен сурлемді біріктіреді. Бұл мал азығында көп мөлшердесу және аз мөлшерде құрғақ зат болады. Тамыржемістілер және түйнекжемістілержеңіл қорытылатын қоректікзаттар-көмір-суларға бай. Олардың кейбіреулерінде витамин көп, бірақта протеин кальций, фосфор аз. Тамыржемістілер қорытылуы процесіне және құрғақ мал азығының қоректі заттарының сіңімділігіне жақсы әсер етеді.

Тамыржемістілер. Малдарды азықтандыру тәжірибесінде мал азықтық қызылша, тарна, турнепс, сәбіз, қант қызылшасы кең қолданады.

Барлық тамыржемістілер ішінде қант қызылшасының қоректгілігі жоғарғы, ал қорытылу дәрежесі бойынша бірінші орында тұр, бірақта онымен тек қана шошқаларды азықтандыру пайдалы Қантқызылшасынан көбіне арнайы құрама сүрлем жасайды. Қызылша өсірілетін аудандарда ірі қара малдарға мал азығы ретінде қант қызылшасының өндірісінің қалдық-тары-қызылша сағындысы пайдаланылады. Мал азықтық қызылша және тарна ауылшаруашылық малдар, әсіресе, сұтті сиырлар үшін шырын мал азығының маңызды көзі болып табылады.

Жартылай қант қызылшасы құрамы және мал азықтық сапасы бойынша мал азықтық және қант қызылшасының ортасында аралық орында түр.

Сәбіз- ауылшаруашылық жас малдарға, құстарға, буаз сиырларға және шошқаларға таптырмайтын мал азығы. Онда құрғақ зат пайызы көп болады және каротинге бай (1 кг 240 мг-ға дейін).

Турнепс 90-92% су болады, сондықтан ол нашар сақталады. Оны малдарға жинағаннан кейінсақтамай бірден береді. Турнепсті көп бергенде сүтжәне сутөнімдерінің сапасы төмендейді.

Туйнек жәмістілер Түйнек жемістілерге картоп және жер алмұрты (топинамбур) жатады. Картоп құрамында 25 % құрғақ зат болады, оның 20% крахмал үлесіне келеді. Картопта протеин мен минералды заттар - 1-2%, май - 0,2% және клетчатка - 0,8%. Қоректілігі қант қызылшасынан айтарлықтай асып түседі. Бір азықтық өлшемге 3,0-3,2 кг картоп келеді. Ірі қара малдардыңтөліне, шошқаларға, тауықтарға, уйректерге және қаздарға картопты пісіріп беру керек. Пісіргеннен қалған суды беруге болмайды, өйткені оның құрамында ішекті тітіркендіргіш заттар болады.

Жер алмұрты немесе топинамбур. Химиялық құрамы бойынша картопқа жақын, бірақ крахмалдың орнында түйнектерге тәтті дәм беретін инсулин болады. Топинамбурдың жер бетіндегі бөлігі жасыл балаусамен үстеме қорекгендіруге және сүрлеуге пайдаланылады

Бақша дақылдары. Бақша дақылдарына мал азықтық қарбыз, қауың асқабақжатады. Мал организміне химиялық құрамы бойыниа және физиологиялық әсер етуі бойынша олар тамыржемістілермен бірдей, Бақша дақылдарын малдарға әдетінше ұсақ туралған шикі түрде береді. Жаңа піскен түрінде олар нашар сақталады немесе қырман заттармен бірге сүрлемге салады.

Сүрленген жем-шөп. Сүрлеу-жасыл балаусаны және басқа шырынды мал азығын консервілеудің ең арзан әдісі. Дұрыс дайыдалған сүрлем қоректік заттар мөлшері бойынша алғашқы шикізат мөлшерінен кем емес. Сүрлеу әлемнің барлық елдерінде кең тараған Дұрыс дайындалған сүрлемде қара бидайдан жасалған нанның немесе суланған алшаның жағымдыиісі бар. Құрылымындағы сүрленген өсімдіктер кұрылысы жақсы көрінеді. Жарамсыз сүрлем кейде өңезбен қапталған шарап иісі бар қара-құба құрылыссыз масса болып көрінеді.

Мүндай сүрлем ауылшаруашылық малдарын азық-тандыруға жарамсыз. Бір сиырға орташа есеппен 8-10 сүрлем салуды керек деп есептеледі. Жақсы сүрленген мал азығымен ірі қара малдарды, қойларды, шошқаларды және құстарды азықтандыруға болады. Сүт өнімі жоғары бір бас сиырға тәулігіне 25-35 кг-ға дейін сүрлем береді.

Құрама жем. Құрама жем азығына астық, бұршақ тұқымдас дақылдардың дәні және майлы дақылдардың тұқымы мен олардың өндірісінің қалдықтары (кебек, күнжара). Дәнді-астық дақылдардан жасалған мал азығының протеин биологиялық.сапасы толық емес, өйткені тіршілікке қажетті амин-қышқылдары жоқ. Бұл мал азығының каротині (провитаминА).аз.

Астық дақылдардың дәнінде 70 % дейін крахмал және 8-14 % протеин болады, бірақта минералды заттар (негізгі фосфор және кальций көп) аз. Бұл мал азығының жалпы қоректілігі әр түрлі. 1 кг сұлы-1 азықтық өлшемге тең, 1 кг арпа-1,2, 1 кг жүгері-1,33.



Сұлы-кең тараған қурама жем. Оның дәндері жұқа қабықпен жабылған Жақсы сұлының қабығы дән салмағының 30 %-ынқұрастырады, солған және ұсақ дән 40 %-ға дейін

Сұлының дәнінде жеңіл сіңімді ақуыз болады, майлар пайыызы біршама жоғары және көмірсулар көп. Сұлыда В1 В2, Пс витаминдері көп, ал дәнінің ұрығында А витамині бар. Жоғары қоректілік бағасынан басқа, сұлының дәні малдардың тонусын көтеретін қабілет бар. Сондықтан оны ең алдымен жылқыларға, асыл тұқымды малдарға береді. Оны толық немесе жаныштау түрінде, жас төлге ұн түрінде азықтандырады.

Арпа бағалы құрама жем. Дәні жоғары қоректілігімен ерекшеленеді. Оның дәнінде көп мөлшерде ақуыз және азотсыз экстрактивті заттар бар, олар шошқалар, құстар және басқа малдарды азықтандыруға пайдаланылады. Шығыс аудандарда арпа-жылқылардың басты мал азығы.

Жүгері-барлық ауылшаруашылық малдар үшін ең жақсы мал азығы, бірақонда протеин мөлшері аз (басқа дақылдарга қарағанда) және биологиялық бағасы төмен. Сондықтан жас малдарға, буаз сиырларға жугеріні басқа мал азығымен қосып беру керек. Жүгерінің 1 кг астығында 1,34 азықтық өлшем болады.

Тары - қолға үйретілген құстарға (тауық, күркетауық және басқа малдарға) жақсы мал азығы. Оны мен бүтін немесе жанышталған түрінде азықтандырады.

Буршақ тұқымдас дақылдардың астығы барлық малдарға қоректілігі мол құрама жем азығы. Онда ақуыз дәнді-астық дақылдарға қарағанда 2-3 есе көп болады.

Ақуыздар жақсы қорытылады және организмге сіңіріледі Дәнді-астық дақылдармен салыстырғанда оларда майлар, калий және фосфор мөлшері көп, ал кальций аз. Бұршақ тұқымдас дақылдардың астығы ақуыз жеткіліксіз болған жағдайда рационға қосымша ретінде пайдаланылады және қоректілігі мол құрама азық дайындау үшін құрама жем өндірісінде кең қолданылады. Бұршақ тұқымдас дақылдардың құрама жем азығын дайындау үшін ең көп таралған асбұршақ, ноқат, ноғатық. 1 кг бұршақ тұқымдас дақылдар астығының жалпы қоректілігі 1,11-1,40 кг азықтық өлшемге тең.

Асбуршақты барлық ауылшаруашылық малдарға дән ұсағы немесе өлшеулі мөлшерде ірі тартылған ұн түрінде береді. Бұл мал азығына әсіресе жылқыларды бірте-бірте үйрету керек, өйткені дұрыс ұсақталмаған мал азығы малдың ішін кептіруі мүмкін

Май бұршақтыңбұршаққабы протеинге (33%) және майға (16-20%) бай. Мал азық ретінде негізінде майбұршақтың күнжарасы-майжуаз өндірісінің қалдықтары пайдаланылады.

Майлы дақылдардың тұқымымен тікелей ауылшаруашылық малдарын азықтандырмайды, олардан майжуаз зауыттарында май алғаннан кейін қалдықтарын-күнжараны және шротты-мал азығы ретінде қолданады

Тақырып «Әр түрлі факторларға байланысты мал азықтық өсімдіктердің химиялық құрамы.»

(ӨБСӨЖ)

Мал азықтық дақылдардың химиялық құрамы , қоректілік құндылығы тұрақты емес. Олар өсімдік жасына, енгізілген тынайтқыштарға, топырақ құрамына, суландыру жағдайына және тағы басқа агротехникалық тәсілдерге байланысты өзгереді.

Өсімдіктердің химиялық құрамына көбінесе органикалық және минералдық тыңайтқыштар әсер етеді. Шетел мен біздің еліміздіңғалымдарының көп жылдық зерттеулерінің көрсетуі бойынша аса көп мөлшерде енгізілген азоттыңайтқыштары шептердің өнім деңгейін арттыруымен олардың қатар құра-мындағы протеин мен басқа қоректік заттар мөлшерін көбейтеді.

Бір жылдық әр түрлі сұрыптарының қоректілігі, бағалығы бірдей емес. Мысалы: мал азықтық қызылшаның ақ түрлі сұрыптарына қарағанда сары турлерінде құрғақ зат пен витамин мөлшері көбірек. Кунбағыстың Гигант549сортында протеин мөлшері 11,6 % құрғақ затқа айналдырғанда, ал Саратовский гигант сортында-10,5.



Мал азығының химиялық құрамына себу менжинау мерзімі, әдісі және сақтау жағдайы әсер етеді. Көктемде себілген шөптерге қарағанда аз болады, кеш мерзімде және жауын-шашын ауа райында жиналған пішеннің жақсы ауа райында жиналған пішенге қарағанда қоректілігі төмен болады.

Дұрыс сақталмаған жағдайда тамыржемістілердің, түйнек жемістілердің құрамында крахмал қант және протеин мөлшері азаяды, сол себептен мал азығының қорекгілігі төмендейді.

Ғылыми дәлелденген мал азықтық дақылдардың технологиялық өсіру тәсілдері мен дұрыс жинау, сақтау түріне және сыртына сәйкес мал азығының химиялық құрамы сақталуына мүмкіндік жасайды және олардың құрамындағы өте бағалы химиялық заттарды арттырады.

Жем-шөпті қоректілігі бойынша бағалау және олардың қорытылуы.

Пайдалы мал азығы тек қана тиісті химиялық құрамымен емес, әр тұрлі малдар түріне жоғары дәрежеде сіңімді болу керек. Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерде өсетін және себілген шөптерден жасалған жем-шөптің химиялық құрамының және қорытылу коэффициентінің орташа мәліметтері 17-кестеде келтірілген. Малдардың жем-шөпті қорытуы орташа есеппен 60-70 % болады, яғни 30-40 % жем-шөпті малдар пайдалан байды және олар транзитпен көнге кетеді, брақта, бұл көрсеткіш келесі диапозонда:

75-85 % -дан жоғары қорытылған; 55-65 % -ға дейін (төмен қорытылған). Жем-шөптің қорытылуы өсімдіктің өсу-даму кезеңіне қарай өзгереді және ең жоғары көрсеткіш түптену кезеңіне келеді, ал түтіктенуден шығу (бүрлену) кезеңінен өткен соң, өсімдіктердің сабақтары қатаяды да желінуі нашарлайды, өйткені пластикалық заттардың ағуы тамыр жүйесімен тұқымға ауысады, өсімдіктерде көбінесе клетчатка құралады.

Ақуыз және азотсыз экстракгивті заттар өсімдіктің туптену кезеңінде ең жоғары мелшерге-70-90 %, май мен клечатка 60-70 % жетіп, кейінгі вегетация кезеңдерінде түптену кезеңімен салыстырғанда гүлдену кезеңінде-10-15 %, жеміс байлануында-15-20 % және кеуіп қалуында-30-40 %-ке төмендейді.

Мал азығындағы химиялық заттардың қорытылуының негізінде тірі организмде өтетін күрделі биохимиялық процестер жатады. Сол процестер нәтижесінде жем-шөптің органикалық және органикалық емес заттары бірталай өзгерістерге ұшырайды. Крахмал тиамин фермент арқылы жүзім қантына ауысады. Ақуыздар пексиң трипсин және басқа ферменттер әсерімен амин қышқылдарына дейін бөлшектенеді. Күйіс қайырушы малдардың ұсақ тегісінде клетчатка микроорганизмдер әсерімен бұзылады. Азық ұлтабардан біренсарандап ас ішекке тусіп, келесі ферментативті әсерге ұшырайды.

17-кесте.Қоректік заттар құрамына және пішен қорытылуына шөптердің жинау мерзімінің әсер етуі.

Шөптер түрі және вегетация кезеңі

Протеин

Ақуыз

Клетчатка

Азотсыз экстративті заттар

Көп жылдық астық тұкымдас

Түптену, түтіктеніп өсу

13

74,8


11,7

74,3


23,1

80,7


52,5

87,6


Масақтанудың гүлденудің басталуы

10,3

68,1


8,1

59,7


34,7

703



43,6

72,1


Гулдену

9,3

60,0


8,1

60,7


37,7

63,1


46

69,4


Гулденгеннен кеін

6,6

46,9


6,6

46,5


34,4

55,2


50,5

65,2


Көп жылдық бұршақ тұкымдас

Бурлену кезенінде

19,3

81,3


16,4

84,9


20,1

42,4


47,5

79,4


Гүлдену

13

73,0


10,0

69,8


27,6

33,6


47,3

73,7


Ескерту:алымында- қоректік заттар құрамы;бөлімінде- сінімділігі (қорытылу)
Қорытылу процесінде аминқышқылдары, қанттар және еритін минералды тұздар қан мен шафаға түсіп, мал денесінің жаңа жасушалар мен ұлпа құруына және өнімді өндіруіне жұмсалады. Бұл қоректік заттар мал азығының қорытылу бөлігін организммен пайдаланбаған заттарға жатады.Қоректік заттардың қоректілігі пайызбен көрсетіледі. Мал азығының қоректілік коэффициенті желінген жем-шөптің қорытылған заттар қатынасымен көрсетілген пайыз мөлшері.

Қоректілік неғұрлым жоғары болса, соғұрлым мал азығының бағалығы мен жұғымдығы жоғары болады. Әр мал түріне жем-шөптің құрамындағы жеке бір химиялық заттардың қоректілігі әр турлі. Мысалы, пішен мен сабанды ірі қара малдар шошқаларға қарағанда жақсы қорытады.

Шалғын шаруашылығының биологиялық және экологиялық негіздері

ОБСӨЖ

Жаздық күздік және жартылай күздік. Түптену үрдісінде пайда болатын көпжылдық шөптердің өркені барлық даму жолын өту керек. Қысқа вегетативті өркендері, бір вегетациялық кезеңде өзінің дамуын тоқтатпайды жэне жеміс байланбайды. Генеративті өркендері жеміс байлануға дейінгі барлық кезеңдерді өтеді. Сол се-бептен жаздық, күздік типтер, сонымен қатар жартылай күздік және қосмекенді (двуручки) ажыратады, өйткені тіршілік ұзақтығы және қысқа төзімділігі олардың осы қасиеттеріне байланысты.

Күздік типтегі өсімдіктер бастапқы өсіп-даму кезеңдерінде қыста немесе күзде төменгі температуралар талап етеді, себілген жылы қыс түскенге дейін 4-5 жапырағы бар қысқа өркендері дамиды жэне қыстан шықаннан кейін келесі жылы ғана, ал кейде бірнеше қыстан шықаннан кейін олар жеміс беретін генеративті өркендер қалыптастырады. Осы топтың белгілі типті өсімдіктеріне шалғындық және қызыл бетеге, тарғақшөп, үйбидайық, шалғындық қоңырбас жатады.

Жаздық типтегі өсімдіктер бастапқы өсіп-даму кезеңдері жаздық температураларда өтеді, сондықтан себілген жылы жеміс беретін генеративті өркендер қалыптасады, ал келесі жылдары екі немесе бірнеше үрпақты генеративті өркендерін қалыптастырады. Бұл топқа жататын дақылдар: егістік және орташа жоңышқа, шалғындық атқонақ, кәдімгі және көп шабысты үйбидайық, көген тамырсыз бидайық, сібірлік қияқ.

Жартылай күздік типті шөптер ерте мерзімде себілген жағдайда, себілген жылы және бірінші шабысынан кейінгі жылдары вегетативті өркен ғана емес, бірнеше өсімдік (10-25% дейін) және генеративтік өркендер қалыптастырады. Бұл топқа жататын өсімдіктер еркекшөп, қылтықсыз арпабас, қызыл беде және басқалар.

Өсіп - даму ерекшелігі, көп жылдық өсімдіктердің көбею және қайта жандану әдістері, алшынкөктігі. Көптеген мал азықтық көп жылдық шөптер тұқым арқылы көбеюмен қатар вегетативті қайта жандану қабілеті бар. Астық тұқымдас шөптердің сабақтары буынаралығын ұзарту арқылы өседі. Сабақтың буын-аралық арқылы өсуін -интеркалярды деп атайды. Көпжылдық астық тұқымдас шөптерде жазғы-күзгі және көктемгі түптену кезеңі басым болады. Күздік типті астық тұқымдас шөптерде жазғы-күзгі түптену кезеңінде қалыптасқан өркендері, алғашқы өсіп-даму кезеңі күзде өтеді, ал көктемде өнімнің негізгі бөлігін құрастыратын генеративті өркендер қалыптастырады.

Өсімдіктерді түптену кезеңінде шапқанда немесе малға жегізгенде өркендері эдетінше жақсы өседі, ал кешірек кезеңдерде -масақтану, гүлдену, жеміс байлануда шапқанда - жаңа (алшынкөк) өркендер бүршіктерден өте баяу, кейбірде өте нашар өсіп шығады.

Түптену кезеңінде өркендер топырақтың беткі қабатында жапырақ қынабының ішінде орналасады, сондықтан малға жегізгенде және тіпті аласа шапқанда олардың үштары зақымдалмайды.

Қүрғақ дала және шөлейт аймақтарда ксерофит өсімдіктер малға жегізгеннен кейін немесе шапқаннан кейін бүрлену-масақтану кезеңі басталар алдында ғана қайта өседі, ал алшынкөк өнімі бірінші шабыс немесе малға жегізу өнімінің 10-20 % құрастырады .

Орман және орманды дала аймақтарында жақсы ылғалдану жағдайында жэне құнарлығы жоғары топырақтарда жер оты жақсы алшынкөктігімен ерекшеленеді: мүндай жерлерде жер оттылығын маусымына 3-5 рет малға жегізуге болады, далалы аймақта 2-3 рет, ал шөл және шөлейт аймақтарында, эдетінше, бір рет. Жаңа өркендермен жапырақтардың қалыптасуы көбінесе өсімдіктер қоректік заттардың қорымен қамтамасыз етілуіне байланысты, олар жинайтын мүшелерде (тамыр жүйесінде, тамырсабақтарында, түптену буынында, сабақтарда ), көмірсутегілер (крахмал моно-сахарид, дисахарид), ақуыз, май жэне басқа қоспалар ретінде жинақталады.

Ерте көктемде де малға жегізу жер оттылығына теріс әсер етеді, себебі өсімдіктер бұл жағдайда қоректік заттар қорын пайдаланып алып, оларды қайта толықтыруға үлгере алмайды.

Сондықтан мал азықтық жерлердің пайдалану жүйесі және мал азықтық шөптерді себу, малға жегізу және шабу мерзімі мен биіктігін, мал жегізу жиілігі мен еселігін, оларды күтіп-баптауын ұйымдастыруды қоса отырып шаралар кешенін қамтуға тиісті.

Мал азықтық шөптердің қоршаған орта факторларына қатынасы. Өсімдіктер жэне оларды қоршайтын ортамен тығыз байланыс бар, себебі олардың дамуы, тіршілік циклдарының өтуі тек қана тұқым қуалаушылық қасиетіне байланысты емес, топырақ, климат, метеорологиялық жағдайларына да байланысты, ал Қазақстан жағдайында барлық факторлардың ішінде ең маңыздысы ылғалдану жағдайы.

Шөптер қоршаған ортаға үлкен эсер етеді, мысалы, топыраққа, оның қүнарлығын арттырады (органикалық заттар жинақтау, оның құрылысын жасау, микрофлорасын дамыту, химиялық құрамын жақсарту).

Ормандарда аймақтың климаттық жағдайына желдің жылдамдығын бэсеңдету, қар тоқтату, көктемде қардың еруін баяулату жэне т.б. арқылы үлкен әсер етеді.

Сондықтан, шөптердің жеке бір түрлерінің жэне өсімдік қауымының (ценоз) биологиясы мен экологиясын біле отырып, табиғи жэне жасанды мал азықтық жерлерден максимальды мүмкін өнім алу технологиясын даярлау жэне оларды тиімді пайдалану мүмкіншілігі жасалады.



Өсімдіктердің өсіп-дамуын, қоршаған орта факторлары: су, жылу, жарық, ауа анықтайды.

Су мал азықтық шөптердің тіршілігіне және қалыптасуында маңызды рөл атқарады, оны өсімдіктер топырақтан алады, онда ол жауын ретінде, қар ерігенде, топырақ және жер асты сулармен түседі, оның ішінде көптеген жағдайда ең маңыздысы атмосфералық жауын-шашын.

Жылдық жауын-шашын мөлшері әр түрлі топырақ-климат аймақтарда үлкен диапозонда өзгереді - тропикалық оқтүстік-шығыс Азияда 10 мың мм-ден шөл жерлерде 100-120 мм дейін, ал кейбір аудандарда жауын-шашын мүлде болмайды. Қазақстанда жауын-шашын мөлшері орманды далада орташа 320-340 мм, шөлейт жэне шөл айларында 150-200 мм дейін өзгереді, таулы жэне таулы бөктерлі аймақтарда 400-500 мм дейін жетеді. Жауын-шашын мөлшері эр түрлі аймақтарда, тиісті типті өсімдіктердің өсуін қамтамасыз етеді.

Көптеген мал азықтық шөптердің жылуға қоятын талабы жоғары емес: тұқымдары 1-2°С өне бастайды, ал өсіп-дамуының оңтайлы температуралары 15-тен 30°С дейін, ал қажетті белсенді температура жиынтығы шабылмалы пісу кезеңіне дейін 700°-тан 900°дейін, тұқымның пісуіне дейін орташа 1200°-тан 1400° дейін. Жалпы айтқанда, Қазақстан жағдайында мал азықтық шөптерге жылу лимиттік факторға жатпайды, лимиттік фактор - ылғал.

Жарық режиміне қатынасы бойынша көпжылдық шөптердің шығу тегі қоңыржай ендіктеріне жататын және ұзын жарық күннің өсімдігі. Ауа өсімдіктерге тыныс алуға және фотосинтезге қажет. Жел арқылы көптеген өсімдіктер - анемофилдер тозаңданады, оларға барлық астық тұқымдастар мен қияқөлендер жатады.



Топырак факторлары - қоректік заттар қүрамы, қышқылдық, сілтілік, түздылық жэне т.б. мал азықтық шоптерге эсері оте көп. Ең кұнарлы бұршақ және астық тұқымдас шөптер қоректік заттар бойынша құнарлығы жоғары және орташа топырақтарда жақсы өсіп, жоғары онім қалыптастырады.

Қоректік заттар режимінің төмендеуі бағалы тамырсабақты және сирек бұталы астық тұқымдас мал азықтық өсімдіктерді, құнарлығы төмен, қоректік заттарға үлкен талап қоймайтын, мысалы, тығыз бұталы өсімдіктер ығыстырады, соның эсерінен онім төмендеп, жем - шөптік сапасы нашарлайды.Бағалы мал азықтық шөптер: еркекшөп, қылтықсыз арпабас, шалғын атқонақ, шалғын бетеге, жоңышқа, пышан, беде қышқылдығы аз, бейтарап және аз сілтілі топырақтарда жақсы өседі. Қышқыл топырақтарда құнарлығы төмен шөптер: селдірек, сүр қияқөлең, аққылтан, торғай қымыздық жэне т.б. өседі, сілтілі топырақтарда -кермек, мия, бытыраңқы ақмамық және т.б.

Шөл жэне шөлейт аймақтардың түзды топырақтарында (сортаң жэне сор), бұл жағдайға бейімделген: сораң, жусан, жатаған изен және т.б галофит (түз сүйгіш) өсімдіктер өседі. Құмды жерлерде, жылжымалы құмдарға бейімделген, негізгі тамырлары ылғалды қабатқа (0,5 м жоғары) тереңдейтін, ұзындығы 10-20 м дейін тамырлар калыптастыратын - псаммофит өсімдіктер өседі. Бұл өсімдіктерге шөл аймақтың жылжымалы құмдарында өсетін - ақ сексеуіл, құмдақ акация, тоғайланып кеткен құмдарда қияқөлең және жусандардың әр түрлері, шөлейт аймақта жылжымалы құмдарда - қияқ, құмаршық, ал тоғайланып кеткен кұмдарда ақ және құмдақ жусан, жатаған изен және басқалар.



Биотикалык факторларды өсімдік жэне жануарлар организмінің бір-бірімен күрделі қарым - қатынасын сипаттайтын маңызды биологиялық факторлар деп қарастыру керек.

Табиғи мал азықтық жерлерде өсімдік қауымында (фитоценозда) бір жағдайларда жағымды, басқа жағдайларда жағымсыз эсер етіп, бір-біріне тек қана өсімдіктер емес жэне микроорганизмдер де эрекет жасайды.

Мысалы ретінде токсиндік заттар шығаратын, ал ол кейбірде өсімдікті опатқа ұшыратын паразиттік өсімдіктер-арамсояу (повилика), жартылай паразиттік өсімдіктер - сүңғыла (заразиха) және т.б., қандыгүл (мытник), қандауыр (зубчатка) жэне т.б. паразитті -саңырауқүлақтар және бактериялар болуы мүмкін.

Кейбір өсімдіктердің тамыр, топырақтағы нашар пайдаланатын қоректік заттарды қолайлы пайдалану заттарына айналдырады, басқа өсімдік түрлеріне жағымсыз әсер етеді. Микроорганизмдер опат болған өсімдік қалдықтарын шірітеді және оларды өсіп түрған өсімдіктерге қолайлы пайдаланатын заттарға ауырады, азот жинағыш жэне түйнекті бактериялар топырақты азотпен қамтамасыз етеді.



Қазақстан табиғи мал азықтық жерлерін жіктеу және оларды табиғи аймақтар бойынша үйлестіру .

ОБСӨЖ

Табиғи мал азықтық жерлердің фитопотологиялық және фитоценологиялық жіктеуі туралы түсінік. Табиғи өсімдік қауымын түгендеу

Қазақстанның табиғи мал азықтық өсімдік қауымдастықтарын В.Р.Вильямс атындағы Бүкілодақтық мал азықтық ғылыми-зерттеу институты (Л.Г.Раменский және И.А.Цацепкин) ұсынған фитотопологиялық және фитоценологиялық бағыттарға негізделген жіктеулерді қолдана отырып мынадай кластарға бөлуге болады.

1. Орманды-далалық аймақтың сілтіленген қара топырақты жерлеріндегі аралас шөпті-астық тұқымдас шабындықтар мен жайылымдар.

2. Кәдімгі қаратопырақты жерлердегі астықты-аралас шөпті шабындықтар мен жайылымдар.

3. Сілтіленген қаратопырақты жерлердегі алқаптарда орналасқан қияқты-бұршақты-астықтұқымдасты шабындықтар мен жайылымдар.

4. Далалық аймақтың қара-қоңыр топырақты жерлерінде орналасқан бетегелі-бозды-арпабасты шабындықтар мен жайылымдар.

5. Қою қара-қоңыр топырақты өзен алқаптарындағы астықты-аралас шөпті шабындықтар мен жайылымдар.

6. Шалғын-батпақ топырақтағы ұзақ мерзімде су жайылатын өзен алқаптарындағы аралас шөпті-астық тұқымдасты (қияқты-қоңырбасты-айрауықты) шабындықтар мен жайылымдар.

7. Құрғақ далалық аймақтың ашық қара-қоңыр топырақты жерінде орналасқан тарлаулы-еркекшөпті-арпабасты шабындықтар мен жайылымдар.

8. Қара-қоңыр топырақты жерлерде (аласа тау алқаптары) орналасқан астықты-аралас шөпті, жусандар немесе бұталар араласқан жайылымдар.

9. Шөлейт аймақтың ашық қара-қоңыр топырақты жерлеріндегі еркекшөпті-бозды бетегелі жайылымдар мен шабындықтар.

10. Ашық қара-қоңыр топырақты жерлердегі астықты-жусанды және кебірлеу құмбалшықты жерлерде кездесетін жусанды-сораңды жайылымдар.

11. Әлсіз тұзданған ашық қара-қоңыр топырақты жерлердегі астықты-жусанды және сораңды-жусандар, бұталар аралас кездесетін жайылымдар.

12. Өзен алқаптарының ашық қара-қоңыр топырағындағы астықты-аралас шөпті жайылымдар мен шабындықтар.

13. Ашық қара-қоңыр топырақты қысқа мерзімде су жайылатын өзен алқабының бидайықты-ақмамықты жайылымдар мен шабындықтар.

14. Шалғынды – боз және ашық қара-қоңыр топырақты, ұзақ мерзімге су жайылатын алқаптардағы қамысты-айрауықты-аралас шөпті жайылымдар мен шабындықтар.

15. Шөл аймақтың тұзды және құмды жерлердегі эфемерлер мен сексеуіл аралас жартылай бұталы, жусанды-сораңды жайылымдар.

16. Шөптесінді-жартылай бұталы (шымды астық тұқымдастар, эфемерлер, жусандар, сораңдар аралас) жайылымдар.

17. Құмтөбешіктердегі жусанды, сораңдар, эфемерлер және бұталар аралас жайылымдар.

18. Құмтөбешік қатарларындағы бұталы-шөптесінді жусандар мен сораңдар аралас жайылымдар.

19. Жусандар мен сораңдар аралас эфемерлі-бұталы жайылымдар.

20. Қысқа мерзімге су жайылатын алқаптардағы бидайықты-аралас шөпті жайылымдар мен шабындықтар.

Табиғи өсімдік қауымдастықтарында бұлардан басқа, аймақтардың кебір және сортаң жерлерінде және де өзен алқаптары мен көлтабандарында бірнеше жайылымдар топтары кездеседі.

Айта кету керек, қазіргі кезде табиғи шабындықтар мен жайылымдардың өнімі төмен-құрғақ массасының әр гектардан өнімі 1,5-2,5 центнерден 10-15 центнерге дейін ауытқиды. Келешекте табиғи мал азықтық жерлердің өнімін көтеру ауыл шаруашылығы мамандарының негізгі міндеттері.


Табиғи өсімдік қауымын түгендеу

Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту және тиімді пайдалану үшін оларды сапалы, бағалы тексеруден өткізу жұмыстарын мал азықтық жерлерді түгендеу деп атайды. Мұндай жұмыстар мал шаруашылығы дамыған кешендерде жүргізудің маңызы өте зор. Бұл жұмыстар ауыл шаруашылығының мамандарының (агроном, зоотехник т.б.) қатысуымен жүргізіледі.

Мал азықтық жерлерді түгендеу жұмыстарын бастар кезде мамандардың қолында шаруашылықты жерге орналастыру жоспары және топырақ жамылғыларының картасы болуға тиісті.

Тексеру жұмыстарында мыналарды анықтайды: 1) жер бөлігінің жоспардағы кезекті саны; 2) сол жерде өсетін өсімдік қауымы; 3) көлемі (га); 4) сол жердің ауылдан, фермадан, су ішетін орыннан қашықтығы (км); 5) жер бедері; 6) ылғалдану жағдайы; 7) топырағы; 8) өсімдік түрлері; 9) құрғақ массасының әр гектардан өнімі (ц/га); 10) пайдалану әдісі; 11) мәдени-техникалық жағдайы; 12) жақсартқаннан кейінгі пайдалану жоспары. Осындай көрсеткіштер алдын-ала дайындалған есептеу қағаздарына түсіріледі (яғни түгендеу жазбалары).

Әр жерге сандық белгі бергенде бұрынғы жерге орналастыру картасындағы сан сақталады.

Өсімдік қауымдастықтарының аттарын, оны жан-жақты тексеру жұмыс-тарын (ылғалдану жағдайы, топырақ құнарлығы, сортаңдануы, тозуы ж.б.) жүргізіп, сараптағаннан кейін тиянақтайды. Тексеретін жердің көлемін негізгі қолданыста жүрген құжаттардан алады. Жер бедерін жазғанда алдымен биіктігін, жазықтығын, беткейлерін, өзен алқаптарының қыраттары мен төмен ойпат бөліктерін ескеру керек.

Ылғалдану жағдайын жазғанда ылғал көздерін, ыза суының әр кезеңдеріндегі деңгейін көрсету керек. Өзен алқаптары мен көлтабандарды жазғанда су жайылу уақыты мен ұзақтығын көрсетеді. Топырағын жазғанда олардың түрлерін, түршелерін, механикалық құрылымын және топырақ негізін көрсетеді.

Өсімдік жамылғысын жазғанда оның тығыздығын, өсімдік түрлерінің шаруашылық топтарының (астық, бұршақ, қияқ және басқа тұқымдастар) үлестерін, негізгі азықтық өсімдік түрлерін, зиянды және улы өсімдік түрлерін келтіреді.

Азықтық жердің өнімін анықтағанда соңғы жылдары шабындықтан алынған пішеннің көлемін есепке ала отырып шығарады. Жайылымдық өнімін есептеу қиындау соғады. Өйткені жыл сайынғы ондай есептер шаруашылықта әдетте жүргізілмейді. Сондықтан оны мал азықтық жердің құрғақ массасының (яғни пішен түсімін) көлемі арқылы анықтайды.

«Пайдалану» қатарында мал азықтық жердің жыл сайын пайдалану әдістері шабындық және жайылымға пайдалану уақыты, бағылатын мал түрлері келтіріледі.

«Шалғындықтың шаруашылық» келбетіне мәдени-техникалық жағдайын (тазалығы, бұталануы, төмпешіктенуі, батпақтануы т.б.) келтіреді.

Келесі қатарды толтырғанда шалғындықты жақсартуға бағытталған әдістерді (бұталарды жою, төмпешіктерді тегістеу, қалдықтардан, тастардан тазалау, бетін қопсыту, құрғату, шөп тұқымдарын себу т.б.) келтіреді және орындау тәртібін, техникаларды атайды. Керек болған жағдайда мәдени шабындықтар мен жайылымдар жасайтын жерді белгілейді.

Жайылымдар мен шабындықтарды тиімді пайдалану үшін ауыспалы жайылым мен ауыспалы шабындық жүйелерінің үлгілерін таңдап ұсынады.

Мал азықтық жерлерді түгендеумен қатар оларға құжаттар дайындайды. Құжаттар шаруашылықта есепте бар барлық табиғи жерлерге, жақсартылған шабындық пен жайылымдарға толтырылады.

Осындай есептеулер мен бақылаулардың негізі бойынша мал азықтық жерлерді және шаруашылықта кездесетін басқа да пайдалануға ыңғайсыз жерлерді жақсартуға және тиімді пайдалануға бағытталған жұмыстарды жоспарлайды.

Бақылау сұрақтары

1. Табиғи мал азықтық жерлерге не жатады?

2. Табиғи мал азығықтық өсімдік қауымдастықтары неге жіктеледі?

3. Фитоценологиялық жіктеуді қалай түсінесіз?


Тақырып Қазақстан табиғи мал азықтық жерлерін жіктеу және оларды табиғи аймақтар бойынша үйлестіру.

ОБСӨЖ

Шабындықтар мен жайылымдарда өсімдіктердің өзгерісі. Табиғи шабындықтар мен жайылымдардағы өсімдіктерді жыл бойы және жыл сайын бақылай отырып олардың өсіп-дамуының, түр құрамдарының және өсу ортасымен арақатынасының ылғи да өзгеріп отыратынын аңғарамыз. Бірақ мұндай өзгерістер түбегейлі қалыптасқан өсімдік қауымының толықтай ауысуына әкелмейді.

Тек кезеңдік және әр жылдық өзгерістер ғана байқалады.

Шабындықтар мен жайылымдардағы өсімдіктердің кезеңдік өзгерулері өсу ортасына (жылу, жарық, ылғал) және әр түрлі өсімдік түрлерінің өсу кезеңдеріне, сонымен қатар өсімдік массасының түр құрамдарына, олардың арақатынастарына байланысты болады. Өсімдіктердің жазғы өсу кезеңдерінде олардың өркендерінің саны, биіктігі, жапырақтануы, жер бетіндегі массасының әр биіктіктегі үлесі, жапырақ алақанының көлемі өзгеріп отырады. Мұндай өзгерістер эфемерлер және эфемероидтар кездесетін өсімдік қауымдастықтарынан байқалады.

Өсімдік қауымдастықтарының кезеңдік өзгерістерін білу шаруашылықта мал азықтық жерлерді тиімді пайдалану үшін керек. Мысалы, жайылымды тиімді пайдалану, уақытында шабындықта пішен шабу, жақсарту жұмыстарының тиімді уақытын таңдау осыған байланысты жүреді.

Жыл сайынғы өзгерістер өсімдік қауымының өсіп-дамуына, өсу кезеңдеріне, өнім құрылымына, түр құрамдарының арақатынастарына байланысты.

Мысалы, құрғақшылық жылдары суландырылатын (өзен алқаптары, көлтабандар) шалғындықтарда ксерофильді өсімдіктер үлесі көбейеді де, жақсы суландырылған жылдары, керісінше, өсімдік қауымында мезофильді өсімдік түрлері көбейеді, кейде гигрофильді өсімдік түрлерін де байқауға болады.

Өсімдік қауымының жыл сайынғы өзгерісін білу шабындықтар мен жайылымдар жасау үшін аса тиімді шарт. Жыл сайын мәдени шалғындықтардан жоғары өнім алу үшін шөп қсопасына ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді шөп түрлерін таңдау керек. Құрғақшылық жылдары шөптердің ксерофильді түрлері өнім құраса, ылғалдылығы мол жылдары мезофильді өсімдік түрлері өнім қалыптастырады.

Шалғындық өсімдік қауымында оның жасына қарай әр түрлі өзгерістер болады. Сол себепті шымтопырақ құрылу кезеңдерін білу маңызы зор мәселе.

Академик В.Р.Вильямс топырақ түзілудің ғылыми негізін салушы ретінде «өсімдік пен өсу ортасының бір-біріне әсері арқылы топырақ-өсімдік кешендерінің алмасуы байқалады және мұндай өсімдік бірлестіктерінің алмасуы топырақ құрылымын өзгертуге әкеледі» - деп тұжырымдады. Осы зерттеулер бойынша шалғындық кезеңі үш сатыдан өтеді.

Бірінші сатыда астықтұқымдас ұзын тамырсабақты өсімдіктер қауымдастықтары өсіп дамиды (жатаған бидайық, қылтықсыз арпабас т.б.). Өйткені осы кезеңде тамырсабақты өсімдіктер өте қолайлы жағдайларда өседі (жарықтың түсуі, топырақтың қопсытылуы, желдетілуі т.б.). Тамырсабақты кезең шалғындықтың жас шағы болып есептеледі.

Екінші кезең өсімдік қауымында сирек түпті астық тұқымдастардың қарқынды өсуімен ерекшеленеді (жима тарғақ, шалғындық бетеге т.б.). Шалғындықта қуатты түптенген бұршақ тұқымдас шөптерді де кездестіруге болады. Бұл кезең шалғындықтың толық жетілген шағы ретінде белгілі.

Шалғындық жерлерде органикалық қалдықтардың (жер бетіндегі қалдықтар, тамырлары) көптеп қорлануына байланысты топырақ тығыздалып, желдетілуі нашарлайды, соның әсерінен сиректүпті өсімдік түрлері түптенуі мен өркендік бүршіктері жер бетінде (немесе 1-2 см тереңдікте) орналасқан тығызтүптілермен (селдірек, аққылтан т.б.) алмасады. Тығыз түпті астық тұқымдастары шымтопырақ құрылымының үшінші негізгі сатысы болып есептеледі. Бұл кезең шалғындықтың қартаюы және жойылуының белгісі.

Қорыта келгенде шалғындықтың шаруашылық маңызы жоғары негізгі кезеңі сиректүпті астық тұқымдастары өсетін шағы. Сол себепті жақсартуға арналған негізгі агротехникалық шаралар топырақтың тығыздалуына және шымтопырақ түзілуінің қарқынды жүруін болдырмауға бағытталуы тиісті. Құмды және ашық жерлерді өсімдіктер басуының да өз ерекшеліктері бар. Оған мысал ретінде жылжымалы құмдарда өздігінен өсетін өсімдіктерді атауға болады. Мұндай құмдарда өмір сүруге бейімделген өсімдіктер- псаммофиттер деп аталады. Олар күшті дамыған тамырсабақтары мен тереңге бойлап өсетін тамырлары бойынша ерекшеленеді. Көпшілік өсімдіктердің тамыры құрғақшылыққа және механикалық зақымдарға қарсы ұсақ құмдармен қабыршықтанып қапталған болады. Бұлардың қатарына айғыр қияқты (құмдық сұлы), сораңдарды, Карелин селеуін жатқызуға болады.

Далалық аймақтың тыңайған егістік алқаптарын қалпына келтіру кезектескен үш кезеңнен тұрады: 1) қурайлы; 2) ұзынтамырсабақты және сиректүпті, тамырсабақты астық тұқымдастары; 3) тығыз түпті астықтұқымдастары мен аралас шөптер өсуі.

Қурайлы кезеңінде тыңайған жерлерде бір-екі жылдық және көпжылдық арамшөптер және мал жемейтін шөптер өседі. Бұл кезең 1-2 жылға созылады. Кезеңнің соңына қарай қурайлар ұзынтамырсабақты өсімдіктермен алмасады, ол өз кезегінде өсу ортасына байланысты тамырсабақты-сиректүпті астықтұқымдастарымен алмасады. Әрі қарай бұл өсімдіктер топырақтың тығыздалуына және ылғал сіңіру қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Үшінші кезеңде тығыз түпті астық тұқымдас өсімдік түрлері өседі. Екінші-үшінші кезеңдердің ұзақтығы 3-8 жылға дейін созылады.

Боз топырақты тыңайған жерлердің қалпына келуі мынадай кезеңдерден өтеді: 1) 1ші - 2ші жылдары мұндай жерлерді арамшөптер басады да 3ші жылы біржылдық астық тұқымдас эфемерлер өседі. 2) 5ші - 6шы жылдары біржылдық астық тұқымдас эфемерлер өсуі жалғасады (арпаған, мортық т.б.) және өсімдік қауымында бірен-сараң жуашықты қоңырбас шөп пайда болады; 3) 8ші – 11ші жылдары өсімдік қауымының негізін жуашықты қоңырбас түзеді де содан барып шымтопырақ қабаты түзіледі; 4) 15-20 жылдық тыңайған жерлерде жуашықты қоңырбаспен қатар шөлдік қияқөлең өседі. 30 жылдық тыңайған жерлерде де шөлдік қияқөлең мен қоңырбас шөптің үлесі айтарлықтай болады. Осыған байланысты 25-30 жылдық тыңайған жерлердің тың жерлерден айырмашылығы көрініп тұрады.



Өзен алқаптарындағы табиғи шалғындықтар. Бұл шалғындықтар көктемде су жайылатын өзен алқаптарында орналасқан. Қазақстанда өзен алқаптарындағы шабындықтар мен жайылымдар көлемі 1,3 млн гектардай. Бұл жерлерде ең жоғары өнім қалыптасып және сапалы азық жиналады. Негізгі шалғындықтар Ертіс, Орал, Есіл, Тобыл, Нұра, Іле және басқа да ірілі ұсақты өзен алқаптарында орналасқан. Өзен алқаптарында жыл сайын көктемде су жайылуына байланысты шалғындық жерлер аллювиальді тұнбалардың (наилок) шөгінділерімен байып шымтопырақ құнарлығы артады да өсімдік қауымының жақсы қалыптасып өсіп-дамуына және жоғары өнім құруына әсер етеді.

Өзен алқаптары ірі өзендер аңғарларында жақсы дамыған. Алқаптардың ені (жалпақтығы) 5-10 км., кейбір жерлерде 20 км дейін жайылып жатады.

Өзен алқаптары жер бедерлері, топырақ түрлері және механикалық құрамы және өсімдік түрлері бойынша үш аймаққа бөлінеді: өзен жиектері, орталық алқаптар және құрлықпен шектескен алқаптар. Әр аймақ жоғары, орташа және төменгі деңгейде орналасқан алқаптарға бөлінеді. Осыған байланысты ондағы өсетін өсімдік түрлерінің де айырмашылықтары болады.

Өзен аңғарына шектесетін жиектегі алқаптар ең биікте орналасады.



Орталық алқаптар - өзен алқабының орталық жалпақ жазық бөлігі. Бұл жерде жайылма судың қарқыны төмендейді де, соның әсерінен шалғындыққа сумен келген ұсақ құмбалшықты, және балшықты тұнбалар шөгеді. Ыза суы деңгейі жер бетіне жақын орналасады. Яғни бұл алқаптың топырақ құнарлығы жоғары келеді де сиректүпті астықтұқымдастары, бұршақ тұқымдастары және аралас шөптер жақсы өсіп тарауының әсерінен қуатты шымды-шалғындық және шалғындық топырақтар түзіледі.

Құрлықпен шектескен алқаптар. Бұл алқап төмен орналасқан, өзеннен алыста құрлықпен шектесіп жатыр. Бұл жерде жайылым су көп тұрып қалады және өте жұқа батпақты тұнба шөгеді. Ыза суы деңгейі жер бетіне шығып жатуына байланысты алқап батпақтанып және қалың шымтезек түзіп кетеді. Аймақта батпақтар мен өзеншелердің ескі арналары көптеп кездеседі. Мұнда өсетін негізгі өсімдік топтарына ылғал сүйгіш астық тұқымдастары (қамыс, қамыс қосбас, кәдімгі бекмания ж.б.) және қияқөлең түрлері (түпкі қияқөлең, өлеңшөп т.б.) жатады.

Өзен алқаптары көктемгі су жайылу ұзақтығы бойынша үш негізгі топқа бөлінеді: аз мерзімге су жайылатын (12 күнге дейін); орташа мерзімге су жайылатын (12-25 күндей); ұзақ мерзімге су жайылатын (25 күннен жоғары) алқаптар.



Тақырып Табиғи мал азықтық жерлерді үстіртін (жеңіл- желпі) жақсарту жүйесі

ОБСӨЖ 5

Сарқынды суларды пайдалану. Қазіргі кезде еуропа елдерінде, Ресейде, Белоруссияда, украинада шалғындық шаруашылығында өндірістен, коммуналды шаруашылқтардан, мал шаруашылығы кешендерінен қолданылып шығарылған сарқынды суларды пайдалану кең өріс алуда. Оның мал азығын өндірудегі тиімділігі көптеген ғылыми тәжірибелерден белгілі. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында мұндай жұмыстар Алматы және Қызылорда облыстарының кейбір шаруашылығында жүргізіліп оң нәтижелерін берді. Сарқынды сулар агромелиоративтік және санитарлы-гигиеналық талаптарға сай болуы тиісті. Сол себепті ондай сулар биологиялық станцияларда биогендік заттардан залалдандырып барып пайдалануға ұсынылады. Мұндай сулар табиғи және екпе шалғындықтарды суаруға немесе минеральды қоректік заттар ретінде қолдануға пайдаланылады. Құрамында қоректік заттар концентрациясы мол кездесетін суларды тыңайтқыштар ретінде пайдалану тиімділігін көрсетті. Ондай сулармен шалғындықтар вегетациялық кезеңдерден тыс аз мөлшерде суарылады.

Кейбір ғылыми-зерттеу орталықтарының мәліметтеріне қарағанда сарқынды суларды көпжылдық шөптер егістігінде қолдану экономикалық жағынан тиімді екенін көрсетті. Олар сарқынды судағы қоректік заттарды басқа дақылдарға қарағанда жақсы сіңіріп пайдаланады екен. Мысалы Белоруссияда бұршақты-астықты шөп қоспаларының әр гектарынан 350-500 ц дейін көкбалауса, Украинада жоңышқадан 160-180 ц/га дейін пішен, Москва облысының кейбір шаруашылықтарында – 7-10 мың а.ө. немесе 70-80 ц жоғары сапалы шөп ұны алынған. Осындай мәліметтерді Еуропа елдердің зерттеулерінен де көруге болады. Германияда көп жыл қатарымен сарқынды сумен суарылған шабындықтар мен жайылымдар әр гектарынан 10-12 мың а.ө. дейін өнім алынған. Польшада суармалы шалғындықтарда қолданылған 1 м3 сарқынды судан 2 кг-дай пішен алынған.

Сарқынды сулар көбінесе азотқа бай болады да басқа қоректік заттар (Р т.б.) аз кездеседі. Сол себепті сарқынды суларды пайдаланғанда олармен қоса минерал тыңайтқыштарын беру арқылы шалғындықтың өнімін 3-5 есеге және одан да жоғары көтеруге болатыны ғылыми-практикалық тәжірибелерден белгілі болды. Қазақстанда ірі қалалардың маңында сарқынды суларды мал азығы өндірісінде пайдаланудың келешегі зор.

Шабындықтар мен жайылымдарға тыңайтқыштар беру.

Табиғи мал азықтық жерлерді шабындыққа немесе жайылымға пайдаланған кезде топырақтан өніммен айтарлықтай мөлшерде қоректік заттар шығарылады. Орташа есеппен 1 ц пішенмен топырақтан 1,5-1,7 азот және калий, 0,4-0,6 кг фосфор алынады екен. Жайылымдықта бұл көрсеткіштер 1,5 есеге көбейеді.

Шабындықтар мен жайылымдық жерлерді жыл сайын пайдаланудың әсерінен топырақта өтетін физика-химиялық және биологиялық өзгерістер қарқынды жүріп құрамындағы жеңіл сіңірілетін қоректік заттар мөлшері азаяды. Соның салдарынан шалғындық жерлердің өнімі төмендейді. Бірақта шабындықтар мен жайылымдарға уақытында тыңайтқыштар қолдану арқылы өнімділігін қалыпты ұстап тұруға болады.

Тыңайтқыштар өсімдіктердің химиялық құрамын да өзгертеді. Қазақтың шабындық және жайылым ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі мал шаруашылығы және мал азығы ғ-з. институты) мәліметтеріне қарағанда азот тыңайтқышын жеке немесе фосфор және калий тыңайтқыштарымен қосып бергенде астық тұқымдас шөптердің құрғақ массасында протеин мөлшері 9,5%-дан 19,5%-ға дейін жоғарылаған.

Өткен ғасырдың 80 жылдары Қазақстанда 100 мың гектарға дейін табиғи шабындықтарға тыңайтқыш берілді. Негізінен Ертіс өзенінің алқабы және Батыс Қазақстан облысының көлтабандары қоректендірілді. Әр гектардан қосымша 3,5-4,5 ц дейін пішен алынған. Минерал тыңайтқыштары күзде немесе ерте көктемде арнаулы сепкіштермен шашылды. Көктемде өзен алқабынан су кете салысымен тыңайтқыштар шашу ауыл шаруашылығы авиациясының көмегімен де жүргізілді.

Азот тыңайтқыштарынан шалғындықтарға аммиак селитрасын, аммоний сульфаты және мочевина қолданылады.

Фосфор тыңайтқыштарының ішінен шалғындыққа суперфосфат, фосфор ұны т.б. қолданылады.

Калий тыңайтқыштарынан шалғындыққа хлорлы калий, калий тұзы, күкірт қышқылды калий, калимагнези т.б. қолданылады.

Қазақстанда далалық және шөлейт аймақтардың шалғындықтарында кебір және сортаң жерлер көптеп кездеседі. Республика бойынша осындай комплекстер араласқан жерлер 70 млн гектардай. Кебір және сортаң топырақ араласқан жерлерге гипс шашады.

Гипс топырақтың тығыздығын азайтады, құрылымын жақсартады және топырақтағы кездесетін микроорганизмдердің белсенділігін арттырады. Топырақтың кебірлігі мен сортаңдану деңгейіне қарай гектарына 200 кг-нан 800 кг-ға дейін гипс шашады. Гипсті органикалық тыңайтқышпен (көң) қосып берген тиімді.

Микротыңайтқыштар. Бор – жалпы өсімдікке әсер етеді, оған әртүрлі минералды элементтердің сіңуін жақсартады. Жалпы өсімдіктің, оның ішінде бұршақтұқымдастардың өнімін көтереді.

Мыс (Cu) – көбінесе батпақты жерлерде қолданады. Бұл тыңайтқыш шалғындықтың өнімін және ондағы бұршақтұқымдастарының үлесін көтереді.

Марганец (Mn) – бұл микротыңайтқышты көбінесе біржылдық және көпжылдық астық-бұршақ шөп қоспаларын себетін топыраққа немесе себу кезінде қатарларға тұқыммен қосып береді. Өсімдіктердің өсуіне, дамуына жақсы әсер етеді. Жоңышқаға шашқанда тұқым өнімі жоғарылайды.

Молибден (Mo) – молибден бергенде пішеннің өнімі өседі, бұршақ тұқымдастардың (беде, жоңышқа, эспарцет т.б.) тұқымының өнімі жоғарылайды. Молибден қышқыл топырақта жақсы көрсеткіштер береді.

Цинк (Zn) –цинк қышқыл топырақтарда тиімді. Ең тиімдісі тұқымды себер алдында цинкпен өңдеген.

Кобальт (Со) – бұл микротыңайтқыштың кейбір мал азықтық дақылдардың өнімін көтеретіні анықталған.

Бактериалды препараттар. Бұл препараттарды топырақтағы микроорганизмдердің белсенділігін арттыру үшін қолданады. Бактериалды препараттарға нитрагин, азотобактерин, фосфоробактерин және АМБ жатады.

Нитрагин – ең көп тараған препарат, құрамында тірі түйнек бактериялар бар. Ол бұршақ тұқымдастарының тамырында түзілетін түйнек бактерияларды көбейтеді. Сол пайда болған тамыр түйнектері арқылы бұршақ тұқымдастар ауадан жеткілікті азот қабылдап пайдаланып, артығын қорға жинайды. Бұршақ тұқымдастарының тамырында түйнектерді көбейту үшін тұқымды себер алдында нитрагин препаратымен өңдейді. Қазіргі кезде әр бұршақ тұқымдас дақылдарға және топтарына арнайы препараттар дайындайды. Нитрагин препараты бұршақ тұқымдастарының өнімін 10-20% дейін көтереді.



Азотобактерин бұршақ тұқымдастарынан басқа өсімдік түрлерінің тұқымын өңдеу үшін қолданады. Бұл препаратта азотты ауадан қабылдайтын топырақ бактериялары (азотобактериялар) болады. Азотобактериялар тамырға жақын орналасып олардың органикалық заттарымен қоректеніп өсімдікті азотпен қамтамасыз етеді. Соның әсерінен өсімдік жақсы өсіп-дамып өнімін жоғарылатады.

Фосфоробактерин – бұл препарат топырақтағы нашар еритін фосфор қосылыстарын өсімдік қабылдауға жеңілдететіп фосформен қоректілігін жақсартатын тірі бактериялар. Фосфоробактерин өндірісте кеңінен қолданылады. Әсіресе оның қаратопырақты және шымтезекті жерлерде тиімділігі жоғары.

АМБ – кешенді бактериялық препарат. Ол әктеген шымтезекте қолдан көбейтіліп өсірілген микроорганизмдер (аммонификаторлар, нитрификаторлар, целлюлоз бактериялары, азотобактериялар, фосфор бактериялары т.б.). Осы микроорганизмдер топырақтағы органикалық заттардың шіруін жылдамдатып, топырақ қорындағы азотты, фосфорды және басқа элементтерді өсімдік үшін жеңіл қабылдауға болатын пішенге келтіреді.



Шым топырақты және шалғындықтың оттылығын күтіп-баптау. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды қарқынды пайдалану топырақ бетінің су-ауа режимінің бұзылуына әкеліп соғады да бағалы өсімдіктердің жойылып, орны мал жеп оңбайтын, сапасы төмен зиянды өсімдіктер басады. Осының әсерінен мал азықтық өсімдік қауымының өнімі төмендеп кетеді.

Шым топырақты және шалғындықты күтіп-баптаудың мақсаты – оттылықтың өнімін көтеріп, сапасын жақсарту. Күтіп-баптауға шалғындықты ластайтын шөптермен күресу, топырақты желдету, оттылықты жақсарту, үстеп тұқым себу және т.б. жұмыстары жатады.



Шалғындықты ластандыратын өсімдіктермен күрес. Шалғындықтарды ластайтын өсімдік топтары егістік жерлердегідей арамшөптер деп аталмайды. Бұл жерлерде өсімдіктер мал жейтін немесе мал жемейтін болып бөлінеді. Мысалы, егістікте кейбір өсімдіктер өте қауіпті арамшөп болса (жатаған бидайық, жауқияқ т.б.), шалғындықтарда бұлар бағалы мал азықтық шөптер болып есептеледі. Шалғындықты ластайтын өсімдіктерге зиянды және улы, мал жемейтін және нашар желінетін, сапасы және өнімі төмен, ірі сабақты, сонымен қатар арамтамақты және жартылай арамтамақтылар жатады. Шалғындықтарда мұндай өсімдік топтарының үлесі 40-50 %-ға дейін жетеді. Шалғындықты ластайтын кейбір өсімдіктер (дәрі шелна, бақ-бақ, зере т.б.) шалғындық шөбінің желінуін жақсартады, кейбіреуінің дәрілік, балжинағыш, құрт-құмырсқаларға қарсы қасиеттері болады. Сол себепті шалғындықты ластайтын өсімдіктермен күрес жұмыстары олардың зиянды және пайдалы жақтарын ескере отырып жүргізілуі тиісті.

Шалғынды ластайтын өсімдіктермен күресуге алдын алу, жанама, биологиялық, механикалық және химиялық әдістерін қолданады.

Алдын алу әдісіне таза тұқымды себу, жақсы шіріген органикалық тыңайтқыштарды шашу, жол бойындағы канал жағалауындағы арамшөптерді шауып тастау жұмыстары жатады.

Жанама әдістерге шабындықтар мен жайылымдарды тиімді пайдалану, уақытында пішенге шабу, мал жаю, ауыспалы шабындықтар мен жайылымдар енгізу, жайылымды күту және т.б. жұмыстар жатады.

Шалғындықтарды суару, не болмаса құрғату арқылы жүйелі түрде минерал тыңайтқыштарын шашу, әктеу, гипстеу және жыл сайын пайдалану тәртібін ауыстыру (пішенге немесе жайылымға) арқылы табиғи шөптесіннің өнімін көтеруге, ботаникалық құрамын жақсартуға және осы қасиеттерін ұзақ жылдар бойы ұстап тұруға болады.

Шалғындықты ластайтын өсімдіктермен күресуді жайылымдық жерлерде өте тиімді жүргізуге болады. Жайылымдарда қоршауларды пайдалану, мал жайғаннан кейін мал жемеген шөп қалдықтарын шауып тастау арқылы және де жүйелі түрде тыңайтқыштар беру арқылы шалғындықтарды ластайтын шөптердің үлесін азайтып орнына бағалы астық тұқымдастарды көбейтеді.

Шалғындықтарда кездесетін ірі сабақты, сапасы нашар өсімдіктерді (тамырдәрі, атқұлақ т.б.) жұлып тастайды. (механикалық әдіс).

Қатты ластанып кеткен шалғындықтар көбінесе өзен алқаптарында кездеседі. Мұндай жерлерді тереңдете жыртып шөп қоспаларын сеуіп екпе шалғындықтарға айландырады.

Шалғындықтардың ластануын химиялық әдістермен де азайтуға болады. Шалғындықта өсіп кеткен бұталар мен ұсақ ағаштарды, және де көпжылдық ірі жапырақты шөптерді жою үшін арнайы гербицидтерді (2,4Д тобына жататын) қолданады. Шабындықтар мен жайылымдарды ластайтын ірілі-ұсақты шөптерді жою үшін де осы дәрілерді қолданады. Шалғындықтардың ластануын биологиялық әдістермен, яғни жәндіктерді, бактерияларды, саңырауқұлақтарды, құстарды пайдалану арқылы күресуге болады. Мысалы, біздің республикада жатаған кекіремен күресу үшін кекіре нематодасының личинкаларының суспензиясын, далалық қауленге қарсы – саңырауқұлақ татын қолданады.

Желдетуді жақсарту үшін топырақтың беткі қабатын тырмалайды және қуыстайды.

Топырақты қуыстау жұмыстарын күзде арнайы жабдықталған қопсыту мшиналарымен (КПГ-250 т.б.) жүргізеді. Қуыстау жолақтарының арасы 0-100 см, тереңдігі 35-45 см. Қуысталған топырақтардың су сіңіру және оны ұзақ ұстап тұру қабілеті жоғарылайды. Осы технологиялық әдісті қосымша тұқым себу және тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстарымен бірге жүргізсе шалғындықтың өнімін айтарлықтай көтеруге болады.

Біздің жүргізген тәжірибелер көрсеткендей шымтопырақты жерлерді тырмалаудың тиімділігі аз.

Ал шалғындықта негізгі өсімдік түрлерін сақтай отырып беткі қабатын аздап қопсыту (ФБН-1,5 т.б.) технологиясының тиімді екені анықталды. Бұл жұмыс топырақтың 0-20 см қабатының көлемдік массасын төмендетеді, микробиологиялық белсенділігін арттырады, және су-ауа режимін жақсартады.

Мұндай топырақты желдетуге арналған технологияның тиімділігі шалғындыққа азот тыңайтқышын (N90-120кг/га ә.з.) бергенмен бірдей. Шалғындықтың өнімділігі үш жылда орта есеппен 20-22% көтерілген.

Шалғындықты жасарту. Мал азықтық жердің су-ауа және қоректік режимін жақсарту, жасарту технологиясын қолдану арқылы да жүргізуге болады. Ол үшін шалғындықты тереңдете қопсытады не болмаса тайыздап жыртады. Шалғындықты жасарту жұмыстары шөп жамылғысында тамырсабақты және сиректүпті астықтұқымдастары 22%-дан жоғары болса тиімді.

Дискінің немесе фрезаның пышақтарымен кесілген тамырсабақтарының бөлшектерінен жаңа өркендер көбейеді, ал жалпы қопсыту топырақтың ауа режимін жақсартып шалғындықтың өнімін жоғарылатады.

Шымтопырақты қопсыту шөп тұқымын үстеп себумен, тыңайтқыш берумен бір мезгілде жүргізілсе шөп өсімінің өнімі айтарлықтай көтеріліп ботаникалық құрылымы бағалы өсімдіктермен толығады.

Тереңдікте қопсыту (фрезерлеу) жасартудың тәсілі ретінде орманды-далалық, далалық аймақтарда бидайықты, жауқияқты тыңайған жерлерінде және өзен алқаптары мен көлтабандарда жүргізіледі. Ол үшін мына ережелерді орындайды: кесілген ұсақ шымдарды минералды топырақтың 3-4 см тереңдігіне түсіреді (көмеді);

тереңдете қопсытқаннан кейін ылғалы кетпей тұрып топырақ бетін тығыздайды;

шөбін бірінші орғаннан кейін маусымның аяғында болатын жауын-шашынға сәйкестендіріп жасартылған жердің шымтопырағы өңделеді;

тереңдете қопсыту 9-10 см тереңдікте, ал тығыз минералды топырақтарда одан да терең жүргізіледі.

Орманды-далалық, далалық аймақтардың шөп құрамында тамырсабақты және сиректүпті астық тұқымдастары бар, бірақ өнімі төмен тыңайған жерлерді жақсарту үшін 4-5 жылда бір рет шымтопырағын тайыздап (12-18 см) жырту әдісі де қолданылады. Ол үшін жасартар алдында және көктемгі қопсыту кезінде минерал тыңайтқышын (N60Р60К60) беру тиімді. Тайыздап жыртылған тыңайған жер алғашқы 1-2 жылда шабындыққа содан кейін жайылымға пайдаланылады.



Өнімі төмен мал азықтық жерлерді тереңдете қопсытқан, немесе тайыздап жыртқан жағдайда азық түсімі 1,5-2,0 есеге көтерілетіні байқалады. Жасартуға кеткен шығын екі жылда қайтады.


Тақырып«Аз өнімді мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту»

ОБСӨЖ

Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартқанда жеделдетіп шалғындандыру және алдын-ала себілетын дақылдар.

Тұқым жер дайын болысымен (көкгемнің аяғында), себіледі. Дән астық және шөп сеялкасымен 2-4 см тереңдікке сіңіріледі. Шөптердің ең жақсы қоспасы: жоңышқа+қылтықсыз арпабас, күрделісі-егістік жоңышқа+тікенді(терновый) лотус+қылтықсыз арпабас. Тұқым себу нормасы: гектарына жоңышқа 8 кг+қылтықсыз арпабас 14 кг немесе жоңышқа 5 кг +тікенді лотус 4 кг +қылтықсызарпабас 14 кг.

Аталған шөп қоспасына судан шөбін енгізер болсақ, өзек шалғынының түбегейлі жақсаруы одан бетер жеделдей түседі. Бір жыл ішінде-ақ ол басқа шөпке залалын тигізбей-ақ мол тусім береді. Бірақтұқым себу нормасын кемітуге тура келеді. Атап айтқанда, мұндай түбегейлі жақсарту Павлодар облысының Ертіс бойында жақсы нәтиже берді. Түбегейлі жақсарту жер асты суын пайдаланғанда - озистік суландыру ісін қолға алғанда да табысты болады. Қазақстанда мұндай мумкіндік мол (2 млн-ға жуық). Қазақтың шалғындар мен жайылымдар шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, Павлодар аймағында жоңышқа-судан шөбінің әр гекгарынан 45-48 т пішен алуға болатыңдьғын дәлелдеп отыр (Виноградов, Сқақов, 1986).

Өзектің арпа бойындағы бөлігіндегі құрақ-сиыржоңышқа шөбін де тиімді пайдалануға болады. Құрақ Қазақстанның оңтүстігіндегі мал өсіретін шаруашылықтарында ірі шөп дайындаудың бірден бір көзі болып табылады. Құрақ Шу.Талас, Іле, Қаратал өзендерінің бойында көп өседі. Биік сабақты, ылғал сүйгіш құрақ жоғары өнім береді. Уақытында дайындалған құрақ бидайықтан кем соқпайды. Ол үймекте де жақсы сақтапады.

Бірақ құрақ шалғынның біраз шебіне қарағанда шаба бергенді қаламайды. Егер ол көп уақыт сусыз қалар болса, түқымы үзіле бастайды. Сөйтіп, қүрақ шалғыны орнын өнімі аз шөптер басып кетуі ықтимап Тәжірибе көрсеткеніндей, құрақ шалғынын бірқалыпты суға бастырып отырғанжағдайда ғана оны ұдайы шауып алуға мүмкіндік туады. Сондықтан да құрақ шалғынның түсімін молайту үшін оған су жаюды реттеп тұрған жөн. Мұны инженерлік құрылыстар салу арқылы жүзеге асыруғаболады.

Өзіндік тексеру сурақтары

1.Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту деген түсінікке анықтама беріңіз жәнө шараларды қолдану орындылығы.

2.Табиғи аймақтық жағдайында және топырақ типіне айланысты мал азықтық жерлерді жақсартқанда топырақ қыртысын еңдеудің мерзімі мен тәсілі.3.Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартқанда жеделдетіп шалғындандыру және алдын-ала себілетын дақылдар.

4.Шөпті бүркемелі және бүркемесіз себу мүмкіндіпн негіздеу.Бүркемелі себу тәсілдері.5.Тұқымның сіңіру тереңдіпн негіздеу.Көпжылдық табиғи шөптердің негізп топырақ-климат аймақтарындағы себу мерзімі мен себу тәсілі


Тақырып«Аз өнімді мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту»

ОБСӨЖ

Жақсартатын шалғындық жер таңдау. Жақсартудың негізгі шаралары. Екпе шабындықтар мен жайылымдар жасау үшін түбегейлі жақсартатын жерді таңдауға ерекше көңіл бөлінеді. Барлық аймақтарда бірінші кезекте жақсартатын жерлер анықталады.

Қазақстанның орманды-далалық, далалық және құрғақ далалық аймақтарындағы құнарлы жерлердегі шалғындықтар жыртылып, егістіктерге игерілген. Ал, өнімділігі төмен құнарсыз топырақтардағы мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту бүгінгі күннің маңызды міндеттері.

Ең алдымен мынадай өнімі төмен жерлер жақсартылуы тиіс:

-далалық алқаптарда (2-30 еңісте) орташа және ауыр механикалық құрамды тұзданбаған топырақтарда;

-далалық алқаптарда және 30-тан аса еңістік баурайларда аз дамыған, шайылған орта және ауыр механикалық құрамды, ұсақ тасты, сондай-ақ 30-40 см тереңдіктегі қатты жыныстар төселген топырақтарда;

-құмды, құмдақ және жеңіл саздақ топырақтарда, жазықтықтардағы ұсақ тасы аз және өңдеуге келетін ылдиларда орналасқан шалғындықтар.

Кебір және сортаң топырақты шалғындықтар да түбегейлі жақсартудың үлкен қоры болып есептеледі.

Далалық аймаққа қарағанда жауын-шашыны аз түсетін шөлейт аймақтың шалғындығын түбегейлі жақсартуға алдымен ылғалдануы қанағаттанарлықтай учаскелерді-баурайлардың ортаңғы және төменгі бөліктері, шоқылар арасындағы жазықтар, жақсы топырақты, бірақ оттылығы тозған жайылымдар мен шабындықтарды таңдайды.

Шөлді аймақта түбегейлі жақсартуға жусанды-құбылмалы өсімдіктер өскен тау етегіндегі учаскелер. Шөлейтте түбегейлі жақсартудың жеделдетілген әдісін қолдану қуаттылығы 35 см-ден кем емес, механикалық құрамы жағынан жеңіл құмдақтан ұсақ тастылығы 5-7 пайыздан аспайтын топырақты жерлер жарамды болып есептеледі.

Бұташықтар (изень, күйреуік, шоған, жусандар) себу үшін құбылмалылар және құбылмалы-ірі шөптер өскен учаскелер таңдап алынады. Жусандар, күйреуік және шоған үшін сұр және сұр-қоңыр топырақты, механикалық құрамы құмдақ және саздақ, құмдық изен үшін – құмдақ және құмды, тасты, изен үшін – жеңіл саздақ топырақты жерлер таңдалады.

Сексеуілдер үшін ыза суы 5-30 м дейінгі деңгейдегі құмайт және саздақ механикалық құрамды сұр және сұр-қоңыр топырақты жерлерді таңдайды.

Тау бөктерінде және шалғынды далалық белдіктерде орналасқан өнімділігі төмендеп, зиянды және улы өсімдіктер өсіп кеткен шалғындықтар жақсартылады.

Далалық және шөлейт аймақтардағы өзен алқаптарында, көлтабандарда өнімі және азық сапасы төмен бейтарап топырақтарда кездесетін шалғындықтар түбегейлі жақсартуға таңдалады.

Топырақты дайындау. Топырақты өңдеудің негізгі мақсаты жақсартылатын жердің шымын бұзып, ұсақтап, ондағы органикалық заттарды тезірек шіріту арқылы қоректік зат қорын көбейтіп және себілетін шөп түрлерінің өсіп-дамуына қолайлы жағдайлар жасау.

Жақсартатын жердің топырағының түріне және шымының қуаттылығына қарай алғашқы топырақ өңдеудің мынадай тәсілдерін қолданады.



Жерді жырту. Жақсартуға дайындаған жерді арнайы соқамен (ПКБ-75, ПБН-3-45 т.б.) 35 см дейін тереңдікте жыртады. Содан кейін жыртылған жердің қыртысын тілгілейді. Далалық, шөлейттік, әсіресе шөлді аймақтарда екпе шөптер себуге дайындаған жерді бірінші жылы сүріге (парға) қалдырады. Не болмаса бұл жерлерді ерте парлау бойынша жүргізуге болады. Қазақстанның далалық аймағының оңтүстігінде сортаңдау қара топырақтарында және қоңыр топырақты жерлерінде жерді сүріге жырту 22-30 см қабатында, құмды, құмдақ және басқа да қарашірік қабаты жұқа торырақтарда 15-20 см тереңдікте жүргізіледі.

Шөлейт және шөл аймақтарда жер жыртудың қолайлы тереңдігі 20-22 см, қара шірігі аз құмды және құмдақ топырақтарда жер жырту тереңдігі азаюы мүмкін.

Кебір және сортаңды кешенді топырақтарды, беткейлерді, өзен алқаптары мен көлтабандардың топырақтарын өңдеген кезде жел және су эрозияларын болдырмайтын жағдайларды ескеру керек.

Қазақстанның барлық жерлерінде, соның ішінде Батыс аймақтарда көптеп кездесетін кебір және сортаң топырақты тыңайған жерлерді жақсарту үшін экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және арзанға түсетін мелиоративтік – құрама өңдеу қолданылады. Біржылдай парланған мұндай жерлерге 1-3 жылдай біржылдық жемдік дақылдар (судан шөбі, арпа, күздік қара бидай т.б.) себілген жағдайда қуатты гомогенді жырту қабаты түзіледі.

Жалпы игерілмей жыртылмай қалған егістіктерге шөп танапты ауыспалы егістер енгізу тиімді (М.Сүлейменов, 2005ж.).

Сазды және саздақ топырақтарды көбінесе шолақ түренді соқалармен (П-5-35Ц, П-5-35М, ПА-4-35 т.б.) жыртады. Мұндай жерлерді жыртар алдында тереңдете қопсыту (ФБ-2 т.б.) жақсы нәтиже береді. Жел эрозиясына ұшыраған құмдақ және құмды топырақтарды қайырма жыртумен қатар, қайырмасыз соқалармен немесе сыдыра қопсытқыштармен (КПГ-250, КПГ-2-150) және басқа да терең қопсытқыштармен өңдейді. Мұндай жерлерді міндетті түрде далалық аймақ үшін 50-100 м, шөлейт және шөлді аймақтар үшін 50-60 м жолақтар қалдырып жыртады.

Қатты шымдалған жерлерді жырту алдында алдымен дискілі тырмалармен (БДНТ-2,2, БДТ-3 т.б.) өңдеген тиімді. Далалық және шөлейт аймақтардың бірқатар аудандарында жыртылғаннан кейін шымдарды ұсақтау мен тегістеу үшін бірден дискілі сыдыра жыртқыштарды қолданады. Өңдеудің іздер саны шымның қуаттылығына байланысты.

Сүрі жерлерде жаз бойынша арамшөптерді тырмалау немесе қопсыту (сазды топырақта) арқылы жояды. Құмдақ және құмды топырақтарда сүрі жерлерді қопсытқыш-қыршуышпен (КПП-2,2 т.б.)өңдейді.



Жырту мерзімі. Орманды-далалық, далалық аймақтардың алқаптарында жерді ерте көктемде жырту тиімді. Өйткені осы мерзімде топырақтың беткі қабатының ылғалдылығы жеткілікті мөлшерде болады да топырақ өңдеу жұмыстары сапалы өтеді.

Көбінесе далалық құрғақ алқаптарды күзде шолақ түренді соқамен жыртады, көктемде жер қыртысын дискілі тырмамен (БДТ-3,0) қопсытады, содан кейін 2-3 рет тырмалайды (БИГ-3, БСС т.б.). Уақытша су тұрып қалған алқаптарды, ойпаттарды, сазды жерлерді күзде бұташықты-саздақты соқамен (ПКБ-75) жыртады, күзде немесе көктемде дискілі тырмамен (БДТ-3,0) немесе қопсытқышпен (ФБ-0,9, ФБ-2,0) өңдейді.

Өзен алқаптары мен көлтабандарды көктемде су қайтқасын жыртады, жер қыртысын дискімен немесе қопсытқышпен (БДТ-3,0, ФБ-2,0 т.б.) өңдейді.

Шөлейт және шөл аймақтарда жақсартуға тиісті жерлерді ерте көктемде не болмаса күзде жыртады.

Шөп тұқымын себер алдында топырақ дайындау жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Жер жыртқаннан кейін қыртысы мұқият ұсақталып өңделеді (БДТ-7, ЛДГ-15, ЛДГ-10 т.б.), беті тегістеледі (РВК-3,6, ВПН-5,6 т.б.). Содан кейін топырақты тұқым себер алдында және себілгеннен кейін тығыздайды (ЗКК-6А).

Тыңайтқыштар беру. Тыңайтқыштар жалпы қабылданған әдістер бойынша, топырақтан шөп өнімімен шығарылатын қоректік заттар мөлшері арқылы есептеледі. Фосфор және калий тыңайтқыштары бойынша олардың бірінші және келесі жылдары өсімдікпен қабылданатын барлық әсерлі заттар мөлшері есептеледі. Азот тыңайтқышы бойынша жыл сайын көктемде берілетін қоректік зат мөлшері арқылы анықталады.

Екпе шөп құрамдарының және оларды пайдалану әдістеріне қарай өніммен шығарылатын қоректік зат (NРК) мөлшерлері анықтама кітаптарынан алынады.

Минерал және органикалық тыңайтқыштар, әктер топырақтың биологиялық белсенділігін айтарлықтай көтереді, физикалық-химиялық қасиеттерін жақсартады, нәтижесінде екпе шөптерден жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді.

Шөп түрлерін және қоспаларын таңдау. Шөп түрлерін және қоспаларын таңдау сол жердің топырақ-климат жағдайына және екпе шөптерді шабындыққа, не болмаса жайылымға пайдалану мақсатына байланысты. Шөп қоспасының құрамында шөптің 2-5 түрі болса жай қоспалар, 5 түрден көп болса күрделі қоспалар деп аталады.

Орманды-далалық, далалық аймақтарда, құрғақ алқаптарда екпе шабындықтар жасауға еркекшөп, эспарцет, түйежоңышқа алынады, ылғалы мол жерлер үшін – еркек шөп, қылтықсыз арпабас, жоңышқаның буданды тобы, құмдық эспарцет және бұршақ-астық шөп қоспалары алынады. Екпе жайылымға кәдімгі бетеге, ситников тарлауы таңдалады. Ұзақ жыл бойы (10-15 жыл) пайдаланатын екпе шабындықтар мен жайылымдарға аталған шөп түрлерінен басқа тамырсабақты астық тұқымдастары – жатаған бидайық, көкшіл бидайық ж.б. алынады. Яғни шөп қоспаларына үш түрлі – тамырсабақты, сиректүпті астық тұқымдастар және бұршақ тұқымдас шөптер алынады.

Тәжірибе мен өндірістік көрсеткіштерге қарағанда қарапайым екі және үштік (1-2 бұршақ тұқымдасы+1 астықтұқымдасы) шөп қоспаларының өнімі күрделі қоспалардан кем түспейді. Қой шаруашылығы дамыған құрғақ далалық аймақта малды жаздық-күздік және күздік кезеңдерде жоғары сапалы азықпен қамтамасыз ету үшін тарлау қияқ, изен жайылымдарын да жасау керек.

Себу мерзімі. Көпжылдық шөптердің себу мерзімін дұрыс таңдау шөптердің бірдей және қалың көктеуінің және жасыл азықтан жоғары өнім алудың шешуші себептерінің бірі.

Қазақстанның далалық және шөлейт аймақтарында жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа ерте көктемде себіледі. Көпжылдық астық тұқымдас шөптерді себу мерзімі кең. Мысалы, Қазақстанның әртүрлі аудандарында ауа райы мен жердің ерекшелігіне байланысты еркекшөпті, тарлауды күзде, қыс түсер алдында, ерте көктемде себуге болады. Басқа астық тұқымдас шөптерді де әртүрлі мерзімде себуге болады. Бұршақ-астық тұқымдас шөп қоспаларын көктемгі жұмыс басталысымен себеді. Жаңбыры мол жылдары астық тұқымдас шөптерді жаз соңында (шілденің аяғында) себуге де болады.

Қыс түсер алдында себу мерзімін Батыс пен Орталық Қазақстанның шөлейт, сол сияқты республиканың оңтүстігі мен солтүстік-шығысындағы бірқатар шөлді және шөлейт жерлерде орналасқан шаруашылықтарында қолданады.

Алабұта (сора) тұқымдастарды (изень, күйреуік, сораң, қараматау, теріскен, сексеуіл т.б.) қысқа қарай суық тұрақты түскенде себіледі. Бұл өсімдіктердің қысқы себілуі желтоқсанның аяғы – қаңтар айларына келсе жақсы нәтижелер береді.



Себу мөлшері. Шөп тұқымын себу мөлшері таза күйінде 5-ші кестеде келтірілген.

Тұқым себу мөлшері топырақтың игерілу немесе мәдени деңгейіне және қолданатын агротехника сапасына байланысты. Мәдени деңгейі және агротехника сапасы төмен болған сайын, себу мөлшері көбейе түседі. Нашар дайындалған жерде тұқым себу мөлшері 25-50% дейін, ал шөпті жамылғымен сепкенде 15-20% дейін көтеріледі. Өзен алқаптарының биік деңгейде орналасқан шалғындықтарын, таулы жердің шалғындық белдігінің оңтүстік беткейлерін, құрғатылған сазды жерді, төменгі алқаптардың, көлтабандардың шалғындықтарын жақсартқанда шөп тұқымының себілу мөлшері 20-40% көтеріледі.

Айта кету керек шалғындықта түбегейлі жақсартуға немесе екпе жайылымдар жасауға шөп түрлерін, қоспаларын таңдаудың және себу мөлшерлерін анықтаудың ғылыми қалыптасқан нақты түйіндері жоқ. Бұл көрсеткіштер әртүрлі елдер мен жерлерде әлі күнге дейін тұрақталмаған. Және де өндіріске жаңа шөп түрлері, жаңа сорттары мен будандары енгізілген сайын олардың себілу технологиялары да өзгеретіні белгілі.

Көпжылдық шөптердің шалғындандыруға алынатын себу мөлшері, егістікте қолданатын себу мөлшерінен 20-30% жоғары болады.



18-ші кесте. Көпжылдық мал азықтық шөптердің себілу мөлшері, кг/га (таза күйінде 100% егістік жарамдылығы бойынша)


Шөп түрлері

Далалық

аймақта


Шөлейт аймақта

Шөл аймақта

Егістік жоңышқа

8-12

8-10

-

Сарбас жоңышқа

8-12

8-10

-

Эспарцет

40-60

35-50

-

Ақ түйе жоңышқа

12-16

10-12

-

Сары түйе жоңышқа

12-18

10-13

-

Қылтықсыз арпабас

18-20

-

-

Еркекшөп

10-14

10-12

10-12

Тарлау

8-10

8-10

-

Кәдімгі бетеге

8-10

-

-

Изень

7-9

7-9

7-9

Теріскен

-

-

10-12

Кейреуік

-

-

10-12

Қараматау

-

7-9

7-9

Сексеуіл

-

7-9

7-9

Ескерту: 1. Сызықтар-дақылдардың аймақта себілмейтінін көрсетеді.
Себу тәсілдері. Республикада екпе шабындықтар мен жайылымдар жасағанда шөпті жамылғысыз немесе жамылғылармен себеді.

Жамылғысыз себу тәсілдері өзен алқаптарын, көлтабандарды, сазды жерлерді жаз кезінде жақсартқанда кең тараған. Ол үшін топырақ беті жақсы өңделген болуы керек. Кебір және сортаң жерлерді жақсартқанда да шөптер жамылғысыз себіледі. Екпе шөптерді жамылғымен себудің бірқатар кемшіліктері бар. Жамылғы дақылдары шөп өскіндерін көлеңкелеп өсуіне кедергі жасайды, топырақтың қоректік затын және ылғалын пайдаланады, көпжылдық шөптің өсіп-өнуін кешіктіреді. Бірақта осы кемшіліктерге қарамастан ерте көктемде себілетін шөптерді жамылғымен себеді. Біріншіден –жақсартқан жылы шаруашылық жасыл шөп массасын алса, екіншіден – егістікті арамшөптерден қорғайды. Жамылғы ретінде жаздық астық дақылдары (арпа, тары, сұлы), біржылдық шөптер (біржылдық үйбидайық, итқонақ, судан шөбі т.б.) және олардың қоспаларын пайдаланады.

Көпжылдық шөптерді және олардың қоспаларын қатарлап (7,5-20,1 см), айқастандырып, кеңқатарлап себеді. Айқастап сепкенде алдымен жамылғы дақылды, содан кейін көлденең шөп тұқымын себеді. Қатарлап сепкенде жамылғы дақылы мен шөп тұқымын бір мезгілде әр қатарға себеді.

Ұсақ тұқымдарды 0,5-1,5 см тереңдікке, ірі тұқымдар мен жамылғыны 2-3 см тереңдікте себеді. Шөп тұқымдарын себуге арнайы астық-шөп сепкіштерді (СЗТ-3,6, СЛТ-3,6, СТС-2,1, СОН-4 т.б.) және басқа астық сепкіштерді (СЗ-3,6, СЗС-6, СЗП-3,6 т.б.) пайдаланады.

Шөлейт және шөл аймақтарда шөп себудің кейбір өзгешеліктері бар. Бозой тәжірибе алаңында (Алматы облысы) еркекшөпті қатараралығын 30 см етіп сепкенде өнімі қатарлап сепкенмен бірдей болған. Ақтөбе жемшөп және жайылым тәжірибелік стансасында еркекшөпті кеңқатарлап (45-60 см) сепкен тиімді болған. Шөлді аймақта тек кеңқатарлап (30-45 см) сепкен шөптер ұзақ жыл жоғары өнімін сақтаған. Тарлау қияқты да кең қатарлап себу тиімді. Жайылымда оның кеңқатарлап (30-45 см) себілген егістігі жақсы өнім берген. АҚШ пен Канадада тарлау қияқты қатараралығын 90 см дейін себеді.

Алабұта тұқымдастарының ішінде изен себу тәсілдері ғана жан-жақты зерттелген. Изенді республиканың оңтүстік-шығысындағы шөлде түрлі әдістермен (15;30;45;60 см) сепкенде 5 жылда әр гектардан жоғары өнім (16,5-17,3 ц/га) кең қатарлап себілген (45-60 см) үлгіден алынған.

Шөлейт және шөл аймақтарда алабота (сора) тұқымдастарын сепкіштегі тұқым түсетін тетікті бос жіберіп шашып себеді. Кейбір жағдайларда шөп тұқымын (ерекекшөп, жоңышқа т.б.) себуге СЗС-2,1 маркалы сепкішті пайдаланғанда терең кетіп қалмас ұшін де бос шааып себуді қолданады.

Екпе шөптерді күтіп-баптау. Көпжылдық шөптер және алабота тұқымдастары алғашқы жылы баяу өсіп-дамиды, нәтижесінде жамылғысыз себілген егістік арамшөптермен ластанып кетеді. Сондықтан көпжылдық шөптердің өсіп-дамуына жағдай жасау үшін бірінші жылы пайда болған арамшөптер шауып тасталынады. Астықтұқымдас көпжылдық шөптердің (еркек шөп, тарлау т.б.) егістігінде арамшөптерді гербицид (2,4Д амин тұзы т.б.) шашу арқылы да жояды.

Көпжылдық шөптер мен жартылай бұталар себілген жайылымдарға бірінші жылы мал жаюға болмайды. Екінші жылы екпе шабындықтар мен жайылымдар ерте көктемде тырмаланады. Далалық аймақта көпжылдық шөптерді, толық (NPK) минерал тыңайтқышымен (гектарына 45-60 кг ә.з.) қосымша қоректендіреді. Үшінші жылдан бастап екпе шөптерді жыл сайын ерте көктемде ауыр тырмалармен тырмалайды және кейбір жерлерде (далалық аймақта) азот тыңайтқышымен (30-45 кг/га ә.з.) қоректендіреді.

Ескі жоңышқа егістігіне ерте көктемде тереңдете қопсыту арқылы жасарту жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстанның шөлейт және шөл аймақтарында ерте көктемде күтіп-баптау жұмыстарын (тырмалау, қопсыту) жүйелі түрде орындаған жағдайда жіңішке масақты еркекшөптің, тарлаудың, изеннің өнімділігі жоғарылап көп жыл бойы сақталған (10-15 жылдай). Изен себілген алқапқа толығырақ тоқталатын болсақ, оны көктемгі қопсыту арқылы өнімін 2-3 есе көтеруге болады. Яғни жусанды-құбылмалы-ебелекті шөлде бұл міндетті түрдегі жүргізілетін агроәдіс. Оны құбылмалылардың жаппай өсу кезеңінде жүргізеді. Ол үшін сыдыра жыртқыштарды (ЛД-10 т.б.) да пайдалануға болады. Азықтың өнімі 5-12% дейін көтеріледі. Қопсытылмаған және сыдыра жыртылмаған жерлерде изенді ебелек ығыстырып оның үлесінің азайып кеткені байқалған. Соңғы жылдары көпжылдық шөптерді ерте көктемде БИГ-3 маркалы инелі-тырмалармен қопсыту жақсы нәтижелер берді.


Түбегейлі жақсартудағы біржылдық дақылдар.

Мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартқанда қолданылатын екінші әдіс – біржылдық дақылдар себу арқылы жақсартатын жерді алдын-ала шымдау.

Далалық аймақта екпелі шабындықтар мен жайылымдар құруда мына біржылдық мал азықтық дақылдар жақсы өнім береді: итқонақ, судан шөбі, қонақжүгері, қонақтары, күздік қара бидай, арпа, сұлы. Бұдан басқа солтүстік аймақта жаздық сиыржоңышқа және оның арпамен, сұлымен қоспалары себіледі.

Шөлейтті аймақта біржылдық дақылдардың ішінен маңыздылары: күздік қара бидай, жаздық арпа, мақсары, судан шөбі, қонақжүгері.

Шөлді аймақта көп тарағандары күздік қара бидай, арпа, қонақ жүгері, мақсары. Бұл аймақта дақылдардың түсімі шөлейт аймаққа қарағанда төмендеу. Далалық аймақтың солтүстік бөлігінде сиыржоңышқалы – сұлы қоспасын өсіру тиімді екенін көрсетті. Сол сияқты ас бұршақтың, сиыржоңышқаның, майбұршақтың итқонақпен немесе қонақтарымен қоспалары да жоғары өнім берді (29,7-42,0 ц/га құрғақ массасы).

Аймақтың орталық бөлігінде (Ақмола облысы) сиыржоңышқалы – сұлылы қоспа жасыл азықтың да мол өнімін береді және оларды бір маусымда бірнеше мерзімде себуге болатыны белгілі болды. Орталық Қазақстанның қуаңшылық аудандарында (Қарағанды облысы) судан шөбі, қонақ жүгері, итқонақ және т.б. құрғақшылыққа төзімді біржылдықтарды себу тиімді. Батыс Қазақстанның далалық және шөлейт аймақтарында жылу сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді азықтық дақылдар қонақжүгері, судан шөбі, итқонақ жақсы нәтижелер береді.



Екпе жайылымдарды ұйымдастыру.

Жумыс мақсаты Екпе жайылымдарды екпе шөптен жасалуы.шөптын коспасының түрі мен құрамын шөптер сорттарының тандап алу.

Орманды- далалық және далалық аймақтар үшін қоспа шөптер.

Далалық аймақта шөп қоспаларының құрамын анықтайтын негізгі қозғаушы үштердің бірі- ылғалдандыру. Сондықтан табиғи жемшөптің жерлер типтерін жақсартқан кезде олардың ылғалдырылуы жеткіліксіз болады.

Өнімділігі мен тұрақтылығы жағынан ксероморфты түрлердің- еркекшөптің,тарлаудың, көгілдір бидайықтын т.б. бұршақтұқымдастардан- эспарцеттің, сарыбас жонышқаның, сондай-ақ жағымды ылғалдандырғанда( қзен алқабы,көлтабандар немесе суармаландыру)- мезофиттік түрлердің ( қылтанаксыз арпабас, шалғындық субетеге, жима тарғақ т.б.) артықшылығы бар.

Орманды- далалық аймақтар жағдайында бұршақтұқымдас- астықтұкымас шөп қоспаларының өнімділігі мол. Оның үстіне , олар астықтұқымдастарға қарағанда топырақ құнарлығын раттыруға себін тигізеді, сондай-ақ шөп сапасының неғұрлым жоғары болуымен көзге түседі.



Ірі өнеркәсіп фермалары үшін жайылым аумағының 60— 70 проценті бұршақтұқымдас-астықтұқымдас шөптер және 30—40 проценті астықтұқымдастар болуы керек.

Бұл аймақта астықтұқымдас шөптер тек ұзақ уақыт бойы су жайылатын шалғындар мен көлтабандарда, үсак, және қыртыс қабаты сортаң жерде ғана тиімді.

Далалық аймақта жоңышқа-астықтұқымдас шөптердің өнімділігі суарғанда гектарына 8—10 мыц, суармаганда 2,5—3 мың жемшөп өлшемі. Әсіресе, азот, фосфор тыңайтқыштарымен устеп қоректендіргенде екпе астықтұқымдастар шөбінің өнімділігі езен алқаптары мен көлтабапдарда 40—50 ц/га, шабындықта 15—20 ц/га.

Жайылымдар мен шабындықтарда шөптің конвейермен келіп түсуі тез жетілгіштігі түр айырмашылығы негізіндө ғана емес, сонымен қатар шөптің тыңайтңыштары жүйесімен ұштастырылып, әрқилы дәрежеде бұршақтұ-қымдастармен қанығуы арқылы іске асырылады. Жоңышқа мол жерде конвейер жүйесінде кеш тиіп қалыптастырылады, бүл пайдалану кезеңіп 30 күнге дейіи ұзартуға мүмкіндік береді.

Орманды-далалық аймақта ерте пайдалану үшін жима тарғақ басым, орманды-далалық және далалық аймақтардың онтустік бөлігін шабындықтарында эспарцет пен еркекшөп, талшықты бидайық (талшықты регнерий), майман тарлау, орташа мерзімі пайдаланылатын жайылымдар үшін — қылтыңсыз арпабас, шалғындық субетеге, жоңышқа мен бидайық (көгентамырсыз), кеш мерзімде пайдаланылатын жайылымдар үшіп көгілдір бидайық жарамды. Бұршаңтүқымдастардас болуын азайтқан кезде (30— 40%) астықтүқымдастар меп бүршақтұқымдас шөптердің өсіп шығуын жеделдету үшін азот тыцайтқыштары енгізіледі.

Далалық аймақтың баурайлы жерлерінде және орманды-далалық аймақтың онтүстік экспозициясының (қуаншылыққа) баурайларьнда негізгі бұршаңтұқымдас бөліктері қуаңшылыкқа төзімді топырақ қүнарлығына жөнді талап қоймайды — сарыбас жоңышқа және эспарцет, ал астықтүқымдастардан тарақша еркекшөп, қылтықсыз арпабас, бидайық (көгентамырсыз), орташа бидайық (көгілдір), майман тарлау; сумен шайылған топырақты қылтықсыз арпабасты көгептамырлары қысқа арпабаспеп алмастырады.

Орманды-далалық жерлердің солтүстік баурайларында шалғындық беде мен жонышқаны, ңылтықсыз арпабасты және шалғындық субетегені, шалғыпдық атқонақты пайдалануға болады. Бүл жағдайларда жима тарғақ нашар қыстап шыгады, сондықтан ол баурайларда шектеп пайдалапылады.Сор тартуы шамалы және орташа дәрежедегі терең қабатты сортаң топырақты жерлерде қылтықсыз арпабасты немесе көгентамырлы қысқа арпабасты сарыбас жоңышқа-мен бірге орташа қабатты сортаң топырақты жерлерде — көгентамырлы қысқа арпабаспеп және тарақша еркек шөппеп ұштастырып, түйежонышқаны, майман тарлауды себуге болады. Қабыршақ қабатты сортаң топырақты жерлерде (6—8 жыл) түйежонышқаны еккеп жөп, және де сарыбас түйежоңышқаға қарағаида ақбас түйежонышқа түзға неғүрлым төзімді.Ерте көктемде колтабандарға қысқа уақытта су қаптатқанда жоңышқапың немесе эспарцеттің және астықтүқымдас шөптердің көптеген түрлерінің қоспаларын себуге болады, сор тартқан топырақты жерде ақбас және сарыбас түйежоңышқалар егіледі. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 10°С-ға дейін көтергенге дейін су қаптатудың орташаұзақтығын қылтықсыз арпабас, шалғындык, түлкіқұйрық, жатағап бидайық және де суотты жақсы көтереді, неғүрлым үзақ су қаптатуды жатаған бидайық түрақты көтереді.

19-к е с т е. Шабындықтар мен жайылымдарда қоспа шөптер егу әдісі

Шөп егу әдісі

Шөп пен бүркеме даңылдың орналастырылуы

Қараралық ені, см

Шөптікі

Бүркеме дақылдікі

Жалпы катарлардікі

Орманды-далалық аймақ ңалыпты ылғалдандырылатын шалгындар

Бүркеме тар қатарлы, айырым қатарлы

Ірі тұқым (астықтұқымдастардікі) бүркеме дақылмен біргеқатараралықтары үсақ тұқымсебіледі

7,5

15

7,5

Орманды-далалың аймақ топырағы көктемде тез құрғап кетеді

Бүркеме, әдеттегі айырым қатарлы


Ірі тұқым (астықтұқымдастардыкі) бүркеме дақылмен бірге, 30 см аралата, ал қатарлата ұсақ тұқым себіледі

15

30

15

Бүркеме таспалы


ірі түқым (астықтұқымдастар дыкі) бүркеме дақылмен бірге, 45 см аралата, ал үсақтары (бүршақтүқымдастардыкі) қатараралықтарға екі қатар-шалармеп себіледі

15

45

15

Далалық аймақ

Буркеме, әдеттегі қатарлы айырым

Буркемеден тек жалпы қатаршаларга.

15

15

15

Бүркеме, әдеттегі айырым-қатарлы

Ірі түқым (астықтүқымдастардыкі) бүркеме дақылмен бірге30 см аралата, ал қатараралықтарға ұсак, түқым (бүршақ тұқымдас тардікі) себіледі

15

30

15

Жартылай бүрке-ме кең қатарлы айырым-қатарлы

Ірі тұқым бүркеме дақылмен бірге 30 см аралата, ал қатараралықтарына ұсақ тұқым себіледі

30

60

30

Бүркемесіз


Ірі тұңым бірінші жешіктен үсақтары қатараралықтарға

себіледі


15




15

Минералданған сумен суарғанда сор тартқан және сортаң топырақты жерлерде жемшөп өсімдіктерінің түзға төзімді түрлерін пайдалапуға болады. Мұнда майман тарлау, құрғақ субетегесі, сарыбас және ақбас түйежоңышқалар, сондай-ақ судан шөбі жарамды Өзен алқаптарындағы шалғындарда 30 күннен астам су қаптатқанда орманды-далалық аймақта қосбастың үзақ жылдық бір түрі егістері, далалық аймақта — кәдімгі бекмания да өнімді мол береді.

Көп орымды пайдаланғанда (орманды-далалық аймақта 3—4 орым және далалық аймақта 5—6 орымға дейін) суарған кезде әдетте шөп қоспаларына жоңышқамен қабат бір астықтүқымдас компонентін, жайылымдарда — астықтүқымдастардың екі түрін: қылтықсыз арпабас пен шалғындық субетегесіп енгізеді.

Тұқым себу әдістерін жағдайға байланысты таңдап алады. Топырақтың басым көбі үшін бүркеме дақылдыц қатар аралықтарына қоспа шөптерді әдеттегідей қатарлап себу немесе бүркеме дақылмен қосып жалпы қатаршаларға (15 см аралата), сондай-ақ бүркеме дақыл қатарларына (қоспа) кезектестіріп астықтүқымдастар мен бүршақтүқымдастарды айырым-қатарлы әдіспен сепкен жөн.



Айырым-қатарлы әсіресе жартылай бүркемө әдіспен сепкенде өсімдік ылгалымен жақсы қамтамасыз етіледі. Орманды-далалық аймақтың көктемде тез құрғап кететін топырағына шөпті бүркемесіз еккен жөп.

Тексеру сурактар-

1.Екпе жайылымдарды екпе шөптен жасалуы.шөптын коспасының түрі мен құрамын шөптер сорттарының тандап алу.
Тақырып Жайылымды тиімді пайдалану

ОБСӨЖ Шабындықты тиімді пайдалану.

Шөлейт аймақта жайылымның азықтың потенциалды пайдалану кезеңінде былай бөлінеді-көктемде негізгі мал азығы эфемерлер (мортық, баданалы қоңырбас, шытыршық, шөлдік қияқ, еркекшөп т.б.), жазда-сораңды өсімдіктер (әртүрлі сораңдар, қараматау, көкпектер, теріскен т.б.

Жазғы жайылымдардың кейбір кемшіліктері малды тауға (жайлауға айдаумен толықтырылады. Яғни бұл жерлерде жайылымдарды табиғи жасыл конвейер ретінде пайдаланады (мысалы Бетпақдала өңірінде). Бұл аймақта жайылымдық кезең сәуірдің басында басталып қарашаның аяғында бітеді. Шөлейт аймақта жайылым кезеңінің ұзақтығы 220-240 күнге дейін созылады.

Қыстық азықтың аз дайындалуына байланысты көбінесе жайылымдық кезең одан көпке созылуы мүмкін.

Шөл аймақта жайылымдық жердің ең жоғарғы өнімі көктемде эфемерлі-еркекшөпті жайылымдар бойынша қалыптасады. Жазғы жайылымдарға негізінен жусан, жүзгін, изень, теріскен өскен жерлер және өсімдіктерге бай өзен алқаптары мен көлтабандар жатады. Күзгі жайылымдардың азықтық қоры көктем кезеңіндей. Ауа райы қолайлы жылдары эфемерлер мен эфемероидтар белсенділік танытады, бетеге-боздар жақсы дамиды, жайылымда өсімдік құрамы көбейеді, өсімдік биіктігі артады, өсімдік жамылғысы толықтай біріккен және шөптесін маусымға дейін жасыл болып тұрады. Осындай жылдары кейбір жайылымдарды шөпке шабуға болады. Бұл жерлерде негізгі өсімдіктер- изень, теріскен, мортық, ақ жусан, еркекшөп және т.б.

Тау жайылымдарында мал азығының жоғары өнімдері көктемнен жаз ортасына дейін қалыптасады. Бұл жерде жоғары өнімді мал азықтық шөптерді (атқонақ, жима тарғақ, қылтықсыз арпабас, жатаған бидайық, беде, кобрезия және т.б.) пайдалану кезеңі қысқа-жаз басталғаннан күз басталғанға дейін ғана. Тау жайылымдарын басқа кезеңдерде пайлануға климат жағдайларына, жер бедеріне байланысты мүмкіншіліктер жоқ.

Суармалы мәдени жайылымдар жасау және пайдалану. Шаруашылықта ауа райының жағдайына қарамай жем-шөптің берік қорын жасаудың кепілдік көзі суармалы мәдени жайылымдар жасап пайдалану.

Суармалы мәдени жайылымдардың әр гектарынан алынатын мал өнімі басқа жайылымдарға қарағанда 8-10 есеге дейін көп, және жайылымдық азық түсімі егістікте өсірілетін азық дақылдарынан 4-5 есеге жоғары.

Мысалы 90-шы жылдары Қазақтың егіншілік ҒЗИ Қаскелен тәжірибе шаруашылығында суармалы мәдени жайылымнан 5 жылда жыл сайын әр гектардан 460-480 ц көк шөп алынған.

Шымкент облысының тәжірибе шаруашылығында суармалы жайылымның әр гектарынан 14-16 мың а.ө. алынған. Жамбыл облысында суармалы мәдени жайылымнан 14,5 мың а.ө. алынған.

Суармалы мәдени жайылымдар негізінен сауын сиырлар үшін жасалады. Ол үшін ферма маңынан, не болмаса сиырлардың жазғы лагері жанынан суармалы жер таңдалады да игеріледі.

Суармалы екпе мәдени жайылымдар жасау үшін сол жерге бейімделген шөп түрлері мен сорттарынан шөп қоспаларын жасап пайдалану маңызды.

Жайылымдыққа арналған шөп қоспаларына төбелі астық тұқымдастары және бұршақ тұқымдастарымен қатар жайылымға төзімді, мал жайылғаннан кейін жақсы алшынкөк беретін төменгі астық тұқымдас шөптер алынады.

Бұршақты-астықты шөп қоспалары себілген мәдени жайылымда бұршақ тұқымдастары, жоңышқа, эспарцет, шалғындық беде оттылықта көпке шыдамайды, үшінші жылдан бастап үлесі қатты төмендеп, орнын егістік арамшөптер басып кетеді. Бұл жағдайда жайылымдыққа үстеп бұршақ тұқымдас шөптерді себу оң нәтижелер береді.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында суармалы мәдени жайылымдарға қарапайым (2-3 түрлі) шөп қоспаларын (жоңышқа+жима тарғақ; жоңышқа+эспарцет+жима тарғақ; жоңышқа+жима тарғақ+шалғындық бетеге; жоңышқа+жима тарғақ+қылтықсыз арпабас) пайдаланады. Біздің тәжірибе көрсеткендей осы шөп қоспаларына қосымша мүйіз бас шөпті енгізсе мәдени жайылымның өнімі және сапасы 8-10 жылға дейін сақталады екен.

Мәдени жайылымды суару жұмыстары жайылымдық оттылықтың жан-жақты өсіп-дамуын және оның потенциалының толықтай ашылуын қамтамасыз етеді. Жайылымдықты суарған кезде алдымен жердің бетіндегі ауа ылғалданады, топырақтың беткі қабатында микробиологиялық қызмет-терге жақсы жағдайлар туындайды, топырақтың қоректік және жылулық режимі жақсарады. Ал су жетіспеген жағдайда құрғақшылық кездері өсімдіктерде зат алмасуы бұзылады, протоплазманың физикалық-химиялық қасиеттері өзгереді, жыныстық органдардың дамуы нашарлайды да осылардың салдарынан жайылымның өнміділігі төмендейді.

Жайылымдық өсімдіктер негізгі су қорын топырақтан алады. Сол себепті жайылымда жоғары азық өнімділігін қамтамасыз ету үшін вегетация кезеңінде топырақтың өсімдік тамыр жүйесі орналасқан қабатында (0-20 см) оптималды су режимін қадыптастырып ұстап тұру қажет. Осы жағдайда ғана топырақтың микрофлорасына оң әсер туындайды да олар қарқынды жұмыс атқарады.

Жайылымда суару жұмыстарын ұйымдастырғанда оның тиімді суару мерзімдерін, вегетация кезеңінде суару санын және мөлшерін анықтау өте маңызды. Яғни, суару мөлшері мен мерзімін зерттегенде шөп өсуге туындайтын жағдайларды кешенді түрде ескеру керек.

Мәдени жайылымда қалыптасатын су режимі оның орналасқан жеріне (аймағына), ауа райына, топырақтың механикалық құрамына және оттылықтың құрамына байланысты.

Құмдауыт топырақта ылғалдылықтың төмендеу шегі толық су сиымдылығының 60%, жеңіл құмбалшықты топырақта ТСС-70% және ауырқұмбалшықты топырақта ТСС-80-85% болып есептеледі. Сол себепті құмдайыт және құм топырақты жерде орналасқан жайылымдықты азғантай мөлшермен (150-250 м3/га) бірнеше қайталап суарып отыру керек.

Жеңіл құмбалшықты жайылымды суару мөлшері- 200-300 м3/га ауырқұмбалшықты жайылымды суару мөлшері- 300-500 м3/га ұсынылады. Жайылымның суару режимін міндетті түрде малға жегізу режимімен байланыстыру керек. Мысалы, Бүкілодақтық мал азықтық ҒЗИ (ВНИИК им.В.Р.Вильямса г.Москва) мәліметтері бойынша астықтұқымдас шөпті жайылымдықты малға жегізілгеннен кейін 7 күн өткесін суарған тиімді. Суару алдында жайылымға азот тыңайтқышы беріледі. Құрғақшылық жылдары мұндай жайылымдар 6-7 ретке дейін, орташа құрғақшылық жылдары 3 ретке дейін суарылады (суару мөлшері 350-400 м3/га). Бұршақты-астықты жайылымдар вегетация кезеңінде 3-6 ретке дейін суарылады (суару мөлшері 400 м3/га).

Осындай суару режимі жайылымда жоғары өнім қалыптастырып (қосымша өнім 80-120 ц/га құрғақ зат) судың тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді. Жайылымда оптималды су режимін қалыптастыру көпжылдық өсімдіктердің топырақтан толықтай қоректік заттар қабылдауын реттейді.

Суармалы жайылымда азот тыңайтқышының жайылымдық өніммен қайтарылымы 1,5-2 есе, фосфордікі- 3 және калийдікі – 1,8 есеге дейін көтеріледі.

Мәдени жайылымды жаңбырлатып суару тиімді. Ол үшін мынадай суару техникасы пайдаланылады: ДДН-70, ДДА-100М, ДДА-100МА, «Волжанка», «Фрегат», «Днепр» және т.б.

Суармалы мәдени жайылымдар вегетация кезеңінде әр гектардан 8000-15000 а.ө. дейін өнім қалыптастырады.

Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында суармалы мәдени жайылымдар негізінен сиыр фермасына жақын орналасқан егістік жерлерде жасалады. Сауын сиырлар үшін ең шеткі жайылым алаңына дейін 2 км, тайыншалар мен бұзаулар үшін 2,5 км, шамасында болған тиімді. Мәдени жайылымдар топырағы құнарлы, тұзданбаған, механикалық құрамы жақсы жерлерде себіледі.

Шөп қоспаларын сеуіп алғаннан кейін екінші жылы жайылымды қоршайды және мал айдайтын жерлерді анықтайды. Жайылым алаңдарын жылжымалы электрпастухтар (ҮЭ-200, ЛСХА-2 т.б.) арқылы бөлектеп пайдаланады. Мал айдайтын жолдар тас төселген, жалпақтығы 8м дейін болу тиісті. Жайылымды коршауға биіктігі 130-140см, төрт бұрышты (10х10см) немесе үш бұрышты (12х12см) темірбетон қадалар және беті тегіс диаметрі 4-5 мм цинкпеи қапталған сымдарды қолданады.



Жайылымдарды суландыру. Суландырылған жайылымдар дегеніміз - малды суаруға жарамды су көздері бар учаскелерді (көл, өзен, тоғансу, суландыратын канал, түтіктен суару немесе шегенді құдық), есепке алынған мал басын (жайылым шөбінің болуына қарай), сондай-ақ жабдықталған суат пункттерінен (суат радиусынан) белгілі бір қашықтықтағы малды сумен қамтамасыз етуге тиісті жабдығы бар суат құрылысының комплексі.

Суландыратын жайылым аумағында су көздерінің орналасуы жайылым сиымдылығымен және ауыспалы жайылым жүйесімен (жабдықталған), қабылданған өрістер жүйесімен және мал жаюдың күнделікті жұмыс тәртібімен байланысты болуға тиіс.



20-кесте.Ору мерзіміне байланысты жемшөп өнімі мен сапасының көрсеткіштері


Өсімдік

өсу кезеңі

Өнімі (құрғақ заты )ц/га

Абсолютті құрғақ затындағы мөлшері %.

Шикі протеин

Каротин (мг)%)

Клетчатка

Жима тарғақ

(тарғақ шөп)



Түтіктенуі

Өсімдік биіктігі35-40см Шашақтануы

биіктігі50-60см


93,7
105,1
115,3

15,78
12,0
9,80

39,34
32,98
23,94

22,02
26,83
32,53

Қылтықсыз

арпабас


Түтіктенуі өсімдік

Биіктігі 35-40см.

Шашақтануы, Биіктігі50-60см


82,6
99,7
115,9

19,36
14,61
9,12

44,33
28,70
16,11

22,99
27,71
33,82

Жоңышқа

(көк)


Сабақтануы

Шанақтануы

Гүлденуі


63,9

76,6


90,6

20,56

18,88


14,75

36,68

37,11


16,49

22,60

26,00


30,89


Шабындықты тиімді пайдалану. Шабындықтан негізінен малға қысқа азық-пішен дайындалады. Мал азықтық қоректілігі жағынан пішен басқа ірі азықтардан жоғары.Табиғи шабындықтан орылған 100кг пішенде орташа 42азықтықөлшем(а.ө) және 4,8кг қорытылатын протеин бар. Сапасы жоғары пішенде каротин, Е, К және В топтарына жататын витаминдер жеткілікті мөлшерде болады. Жоғары сапалы пішен дайындаудың негізгі шарты шабындықты тиімді пайдалануға сайып келеді. Яғни шөпті пішенге дер кезінде шабу және ауыспалы шабындықтардың тиімді жобасын бұлжытпай орындау. Шөп шабу мерзімін нақты анықтап өндірісте пайдалану жоғары өнімді сапалы пішен дайындаудың негізгі кепілі.

Шабындық айналымы дегеніміз шабындықтың ору кезеңдерін әр жыл сайын өсу кезеңдеріне байланысты жүйелеп жүргізу.

Шабындық айналымын шаруашылыққа енгізудің маңызы жоғары. Өйткені шабындық шөбін жыл сайын бір мезгілде пішенге шауып отыру 2-3 жылдан кейін оның өнімін төмендетуі мүмкін. Сондай-ақ осы жағдайда өсімдіктердің тіршілік ету кезеңдері және ерекшеліктері сақталмайды. Соның салдарынан жыл сайын ерте шабылатын шабындық учаскелерінде көпжылдық шөптер пісіп-жетілмейді және шөп тамырында қоректік заттар нашар жиналып, келесі жылдары көктеп шыққан өскіндер нашар өсіп өнімін күрт төмендетеді. Ал кейбір өсімдік түрлері құрып кетуі мүмкін. Шабындық айналымында белгілі жүйеге сәйкес жыл сайын шабындықта пішен шабу мерзімі өзгеріп отырады да табиғи көпжылдық шөптер 3-5 жылдың ішінде толықтай өсу фазаларынан өтуге мүмкіншіліктер туады.

Республиканың табиғи шабындықтары негізінен астық және астықты-аралас шөптер тұқымдастарына жататын топтарынан тұрады. Сондықтан шабындық айналымы, көбінесе онда өсетін негізгі астық тұқымдас шөптерге сәйкестендіріп енгізіледі. Астық тұқымдастардың шабу мерзімдерін масақтанудан-тұқым түзгенге дейін жыл сайын ауыстырып отырады.

Шабындық айналымын пайдалану арқылы шабындықтың өнімін және сапасын жоғалтпай бір қалыпты ұстауға болады. Шабындық айналымын шабындықтың жыл сайынғы шабу мерзімі мен ретін және шаппай дем алуға қалдыру жүйесіне негізделген.

Шабындық айналымы шалғынның өніміне қарай үш-бесжылдық болуы мүмкін. Шабындықтың өнімі неғұрлым төмен болған сайын соғұрлым оның дем алу реті жиілейді. Табиғи және мәдени шабындықтар айналымына дем алу жүйесін енгізу арқылы өсімдіктердің тұқым шашу процесі іске асырылады. Шабындық айналымының мынадай үлгісін келтірүге болады. Бірінші ору реті жыл сайын әр кезеңдерде жүргізіледі : 1)түтіктенуі (қоңырбас тұқымдастар) немесе сабақтану(бұршақ тұқымдастар), 2)Масақтану басталғанда; 3)масақтану (қоңырбас т.)немесе шанақтану (бұршақ т.) 4)гүлдену басталғанда; 5)гүлдену; 6) түқымдану(тұқым шашу).

Республикада ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде өзен алқаптарындағы астықты және астықты-аралас тұқымдас шөптер шабындықтарына 4 жылдық ауыспалы жүйе ұсынылды (Әубәкіров Қ.).

1-ші жылы астық тұқымдастардың толықтай масақтанған кезінде шабу

2-ші жылы астық тұқымдастардың гүлдене бастағанда шабу

3-ші жылы астық тұқымдастар толық гүлдегенде шабу

4-ші жылы астық тұқымдастарының тұқымы пісе бастағанда шабу.



Осы жүйеде таудағы шабындықтарды да оруға болатыны белгілі болды.
Студенттің оқытушымен бірге орындалатын өзіндік жұмыс жоспары (СОӨЖ)

ТақырыпАрпаңын және сұлуның ботаникалық,биологиялық ерекшеліктері

Ботаникалық баяндау. Арпа (Ногdeum.) қоңырбас тұқымдастарына жатады.Ногdeum туысы 50-ден астам түрлерді біріктіреді, олардың ішінде диплоидты (2п = 14), тетраплоидты (2п = 28) және гексаплоидты (2п = 42) арпалар бар. Біржылдық және көпжылдық формалары белгілі. Барлық мәдени арпалар-диплоидты. Шаруашылықтағы ең көп тараған түрі- Ногdeum Бұл жаздық және күздік формада дамитын біржылдық өсімдіктер. Масақ сабақшасында орналасқан жемісті масақшаның санына қарай арпа үш түр тармағына бөлінеді. Көпқатарлы, қосқатарлы, аралық. Арпаның көпқатарлы түр тармағы екі қатарлыға қарағанда тез піседі.

Арпа шашақты тамыр жүйесінен тұрады, ол бастапқы (түп) және екінші тамырларды біріктіреді: бастапқы (ұрықтық) тамырлар соңына дейін жұмыс істейді, екінші (түйінді)тамырлар топырақ бетіне таяу орналасқан сабақтың жер асты түйіндерінен шығады. Арпа үш-сегіз, алкейде он ұрықтық тамыршалармен өнеді. Екінші тамырлар көкгегеннен кейін 10-12' күннен соң пайда болады, бұл уақытта бастапқы тамырлартопыраққа 25-30, тіпті 50 см тереңдікке дейін бойлап кетеді.Бастапқы тамырлар бидай мен сұлыға қарағанда алғашқы кезде тезірек өседі. Бастапқы тамырлардың топыраққа бойлай кіруі 100-120см. Өсімдіктердің қоректенуінде олар қуаңшылық жағдайда ерекше маңызға ие болады. Қуаңшылыққа төзімді сорттарында бастапқы (ұрықтық) тамырлар саны айтарлықтай көп болады, оның үстіне көпқатарлы арпада ол аздау, ал екі қатарлы арпада-көптеу. Екінші (түйінді) тамырлардың қалытасуы, дамуы және топыраққа бойлай енуі топырақтың беткі қабатының ылғалдылығы мен түптену қарқындылығына байланысты. Қоректік заттар және ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгенде 3-5 түптену өркені пайда болады. Сорт сынау учаскелерінің деректеріне қарағанда арпаның өнімді түптенуі 1,5-2,5 тең. Сабақ, жапырақ қынабы, жапырақ және масақ әр түрлі жиіліктегі уызды түктермең әсіресе қуаңшылықты жағдайларда, көмкерілген Сабағы-сабаң жағдайларға байланысты '40-160 см биіктікке дейін өседі. Ол бидай сабағынан әлсіз. Астық шаруашылығы институтының деректері бойынша,жапырылып қалмауға төзімді сорттарының сынауға қарсылығы 700-900, ал бидайдың қарқынды сорттарында бұл көрсеткіш 2000-3500-ге тең, немесе 2,9-3,5 есе жоғары. Сондықтан арпаның жапырылып қалмау қабілеті мен және паяның дестелерді устау қабілеті төмек Арпа паясының топырақ қорғау рөлі, әсіресе арпа аңызын ауыспалы егістің соңғы дақылы ретінде сүр танапқа қалдырылғанда, айтарлықтайемес.

Гүл шоғыры-масақ, бірақ соңғы жеміс беретін масақшасы жоқ. Әрбір масақшасы жалғыз гупді, бір дән тузеді. Алтықатарлы арпада әдетте әрбір масақ кемерінде үш жемісті масақша орналасқаң қосқатарлыда бір масақша дамып дән береді де, қалған шеттегі екеуі жеміссіз қалады.

Биологиялық ерекшеліктері. Арпаның тұқымы 1-2° жылылықта өне бастайды, көгінің пайда болуына қажетті еңқолайлы температура-+15-20°. Өсіп-өну кезеңінде шаруашылыққа жарамды астық алуға қажетті белсенді температура жиынтығы орта мерзімді пісетін сорттарға-1300°және кеш лісетін сорттарға-14000. Егін-көгі-+4~5 температурада алуға болады, тутікке шығу-масақтану кезеңіндегі ең қолайлы ауа температурасы-+ 20-22°, ал дәннің пісуі кезіндегі 23-24. Арпакөктегенде 6-8° бозқырауды зиянсыз көтереді.

Арпа бидай мен сұлыға қарағанда қуаңшылыққа төзімдірек. Оның транспирация коэффициенті 300-450°. 1 ц астыққа жұмсалатын су шығыны (су пайдалану коэффициенті) 90-150 ылғалға максимум қажетсінуі түтікке шығу - масақтану кезеңіне дәл келеді.

Барлық ылғалдың 50-60% арпа тутікке шығудан масақтануға дейінгі уақытта шығындайды.

Арпа топырақ құнарлығына айтарлықтай жоғары талап қояды. Басқа астық дақылдарына қарағанда арпаның тамыр жүйесі біршама әлсіз дамиды: 1 гектарға арпа 2,2 т тамыр , сұлы -3,7, куздікбидай 3,4, қара бидай 5,9т қалыптастырады екен Арпа тамырының сіңіру қабілеті де әлсіздеу, сондықтан ол сіңімді қоректік заттарды қажетсінеді. Арпа қышқыл топырақтарда (РН-6,5-7,5) нашар өседі, алайда тұзды ортаға айтарлықтай төзімділігінің нәтижесінде сортаңдау топырақ-тарда бидайға қарағанда жақсы өнім береді.

Арпа-өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ айқас тозаңдануы да кездесіп қалып жүр. Гүлдену мен ұрықтану жиі турде масақ жапырақ қабатында тұрғанда байқалады.

Ботаникалық сипаттамасы. Егістік сұлы (Аvеnа заtіvа) қабықты және қабықсыз формаларға бөлінеді. Қабықты формалары негізгі егістік алқаптарды алып жатыр, ал қабықсыз сүлы егістіктің шамалы ғана бөлігін алады, өйткені оның өнімі жоғары емес.

Сұлының тұқымы әдетте үш ұрықтық тамырмен өнеді. Әуелі ортаңғы бір тамыр, соңынан екі шеткі тамыр шығады. Кейде алты тамырға дейін пайда болады (түзіледі). Егістік сұлының тамыр жуйесі жақсы дамыған және жоғары сіңіру қабілетімен ерекшеленеді. Тамырлары 2-3 жапырақ кезеңінің өзінде-ақ 70-80 см тереңдікке кіреді

(дән түзілу кезеңінде -120 см-ге дейін) және жайылады да топырақтан қиын сіңірілетін қоректік заттарды жақсы пайдаланады. Сұлы көктегеннен кейін 10-15 күннен кейін түптенеді, тағы 10-15 күннен соң түтіктену басталады жәме осы уақыттан бастап өсімдіктер қарқынды дамиды.

Өнімді түптенуі топырақтың құнарлылығына, ылғалдылығына, қоректену алаңына қарай өзгереді: 1-ден 6,5-ке дейін болуы мүмкін, бірақ шаруашылық жағдайында 1,1-1,3-тен аспайды. Сұлы-өздігінен тозаңданатын өсімдік. Шашағы жоғары жапырақ қынабынан көтеріледі де оның басы сыртқа шығады, гүлдену жоғары бөлігінөн басталады. Шашақтану 5-6 күнге созылады, сонан соң ортаңғы жапырақтан жоғары болып шығады. Бүкіл гулдену кезеңі 6-8, кейде 9-10 күнге созылады. Масақша гүлденуі төменнөн жоғары қарай журеді. Ең күшті дамыған дән жоғары белігінде болады. 1000 дәннің массасы-22-36 г.

Биологиялық ерекшеліктері. Сүлы-жылуға талғамы аз дақыл тұқымы +2-3°-та өне бастайды, вегетативті органдарының қалыптасу кезеңіндегі биологиялық температура минимумы +4-5°, ал ең қолайлы температура +12-16°, генеративті органдарының қалыптасу кезінде сәйкес +10-12° және +16-22°

Егін көгі кектемгі -8-9° бозқырауды, гүлдену кезінде - 1-2", дәннің суттене пісуі кезінде -4-5° бозқырауды көтереді. Себуден пісуге дейінгі кезеңде орта есеппен орташа пісетін сорттарға 1650°белсенд»темлература жиынтығы қажет

Сорттардың пісу жылдамдығы мен жаздық метеорологиялық жағдайларына байланысты өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы-70-100 күң шабылмалы пісуі кезеңі (шашақтану кезеңі)-55-60 кун.

Вегетативті массасы шапшаңөсіру қабілеті, айтарлықтай төменгі температурада есу мүмкіндігі, бозқырауға төзімділігі сүлыны бүкіл жаз бойы әр мерзімде себу нәтижесінде мал азығын өндірудін тасқынды жуйесінде теңдесі жоқ бағалы дақыл етеді

Сұлы арламен салыстырғанда ылғал суйгіш өсімдік, онын транспирациялық коэффициенті 400-ден 600-ге дейж өзгерумен 400-520 тең. Су пайдалану кооффициенті~50~70 м-, суармалы жағдайда 1 ц құрғақ затқа есептегенде 30-40 м-ге дейін төмендейді. Қарқынды өскенде тутікке шығудан шашақтануға дейін барлық қажет ылғалдың 60%-ға дейінгі мөлшерін сіңіреді.

Топырақтан қиын еритін заттарды сіңіре алатын қабілетіне байланысты сұлының қоректену режміне талғамы арпаға қарағанда жоғары емес. Ол әр түрлі топырақта өсе алады, алайда құмдақ және саздаған топырақта өсе алмайды, сортаң жерлерде нашар өседі.

Өзіндіктексеру сұрақтары



1.Арпа мен сұлының морфологиялық ерекшеліктері?

2.Қазақстан Республикасының облыстарында жаздық және күздік арпа мен сулының аудандастырылуға жіберілген сорттарын атаңыз.

3.Арпаның және сұлының қоршаған орта факторларьжа қоятын талаптары және Қазақстанның негізгі егіншілік аймақтарының осы факторлармен қамтамасыз етілуі.
Студенттің оқытушымен бірге орындалатын өзіндік жұмыс жоспары (СБСӨЖ)

Тақырып: Сүрлемдік дақылдар

1.Жүгері биологиялық ерекшеліктері.

2.Сорго биологиялық ерекшеліктері.

3.Күнбағыс Маңызы, морфологиялық, биологиялық және агротехника ерекшеліктері

1.Жүгері биологиялық ерекшеліктері Себуден піскенге дейін сорттар мен будандардың пісу мерзіміне байланысты белсенді температура жиынтығы 2100-3000°. Өнімділік пісу жылдамдығына кері пропорционалды тәуелділікте, будан неғұрлым кеш пісетін болса, соғүрлым ол өнімдірек және көбірек жапырақ түзеді (21кесте)

Жүгерінің ең ерте және ерте пісетін будандары республиканың солтүстікоблыстарының үсіксіз кезеңіне ойдағыдай келеді, алайда олар собық түзе отырып, көк балаусадан аз өнім береді.

Жүгері өсімдігінің биіктігі мен массасы онда қалыптасатын жапырақтар ментүйін аралықтарының санымен анықталады. Сабақтағы жапырақ саны айтарлықтай түрақты кәрсеткіш, албуданның пісу мерзімі мен жапырақ санының арасында тура коррелятивтк байланыс бар. Мәселең ерте пісетін сорттар мен будандарнебәрі 8-10жапырақтүзеді, ерте пісетіндер 10-13, ортадан ерте пісетіндер 14-16, орташа мерзімде пісетіндер 16-17, ортадан кеш пісетіндер 17-19 жапырақ тузеді. Солтүстік Қазақстанда ортадан ерте және ортадан кеш пісетін будан мен будан популяциялары кең тарағаң ол негізгі сабақта тиісінше 14-16және 17-19жапырақтүзеді. Бұл будандардың өсімдкгері айтарлықтай биік, жақсы көк балауса өнімін береді, тамыздың аяғы-қыркүйектің басында сүттене және қыркуйектің ортасына қарай сүттене-балауыздана піскен собық береді, алайда күзгі ерте түсетін бозқырауға байланысты (тамыздың аяғы-қыркуйектің басы) жүгерінің собық түзуі шектеулі және жекелеген жылдары ғана куз жағдайы собық түзу үшін қолайлы болады.

21-кестеБудандарды пісу топтарына және олардыңжылу режміне қоятынталаптарына қарай жіктеу.

Будандардың пісутоптары

тобының

нөмірі


Жапырақ

саны


Белсенді

темпе


ратура

жиынтығы, град

Солтүстік Қазақстанда

себу-сүттенепісу кезеңінің ұзақтығы, күн



Өте ерте пісетін

1

11 дейін

2100

95-105

Ерте пісетін

2

12-14

2400

105-110

Ортадан ерте пісетін

3

15-16

2400

115-120

Орташа мерзімде

пісетін


4

17-18

2600

120-130

Ортадан кеш пісетін

5

19-20

2800

130-140

Кеш пісетін

6

21-23

2900-3000

140-150

Өте кеш пісетін

7

23

3000





Жүгерітопырақ пен ауаның температурасына жоғары талап қояды, ол температураның улкен өзгерісін және тәуліктік кенеттен болатын төмендеуі мен жоғарьлауын көтере алмайды. Тұқымы 8-10°жылылықта өне бастайды. Ерте пісетін бір сорттарына 6-8° температура қажет, жүгерінің көптеген сорттары мен будандарында өскіні 6°жылылықта жандана бастайды, 8°-та тұқым қабығынжарып шығады да 10°-та егін көгі пайда болады. Жүгерінің өсіп-өну кезеңі топьырақтың температурасы тұрақты 10°-қа жеткенде және одан жоғары болғанда басталады деп есептеу керек. Алайда көктегеннен кейін де топырақтың температурасы өсімдіктің өсуіне улкен әсер етеді, өйткені өсу нүктесі тұқым сепкеннен кейін 6-8 жума бойы топырақ бетінен төмен дәрежеде жатады. Толырақ температурасы төмен және кундізгі төмператураның максималды мөлшері 15°-тан аспағанда егін көгінің жапырақтары сарғыш тартып кетеді, өйткені хлорофилл түзу үшін тұқымның өнуіне қарағанда анағұрлым жоғары температура қажет. Туқымның өнуіне ең қолайлы температура-19-26°, бұл жағдайда егін 5-6 күннен кейін көктейді. Топырақтың температурасы төмен болғанда егін нашар көктейді, ақырын өседі, көбі өліп қалады. Жүгерінің көгі -2-3° бозқыраудан жарақаттанады. Көктемгі қысқа мерзімді бозқыраулар өсімдіктің жер устіндегі бөлігін жарақаттайды, егер өсу нүктесі сақталған болса, олар қайтадан өсіп-өнуін жалғастыра алады.

Өсімдік5-тен О°дейінгі аралықта тоңазып қалады.

Жүгерінің генеративтікоргандарыныңтүзілуі мен гүлденуі 12°-тан жоғары температурада жүреді, ал одан төмен температурада ол созылып кетеді. Біздің байқауларымыз бойынша ауаның орташа тәуліктік температурасы 14,8° болғанда сіпсебастың гүлденуі мен сүттене пісу кезіндегі кезеңаралық ұзақтық 38,17,1°-та 25 күн болды. Өскен сайын жылылықты ұнатады, ал жүгерінің өсіп дамуына ең қолайлы температура-20-25°.



Көктегеннен кейін өсіп-өнуінің алғашқы кезеңдерінде +13-15°температураның өзінде жүгері өсімдігі топырақтан фосфор сіңіру қабілетін жоғалтады және соның нәтижесінде оларда фосфорлы аштық байқалады. Сүттене-балауызда пісу кезеңінежету ушін орташа және ортадан кеш мерзімде пісетін будандарға кем дегенде 2100-2300° қажет.

Солтүстік Қазақстан жағдайында мамырдың екінші онкүндігінде сеуіп және тамыздың үшінші онкүндігінде жинағанда жүгері орта есеппен 1600-1700° температура жиынтығын алады, ал қыркүйектің басында жинағанда-1700-1900°.

Жүгеріні астық технологиясымен өсіргенде жүгеріде қосымша собық пайда болатын жағдайлар жасалады: суық желдің өтінен сақталған оңтүстік қырқалардың баурайларына қарағаИйа белсенді температура жиынтығы 250-300°жоғары, сонымен бірге көктемгі кеш және күзп ерте түсетін бозқы-раудың әсеріне аз ұшырайды да өсімдіктің вегетация кезеңі ұзарады, егістік гидрофобизациядан өткен тұқымдармен себіледі, муның өзі себуді 3-4 күн ерте бастауға мүмкіндік береді.

Жүгері-қуаңшылыққа төзімді өсімдік, көктемгі топырақтағы ылғал қоры өсімдіктердің +40° -қа дейінгі аптап ыстық пен ауаның құрғақтығын кетеруге мүмкіндік береді, басқа дақыпдарға қарағанда құрғақ заттарды түзуге ылғалды үнемді пайдаланады. Орта есеппен жүгерінің су пайдалану коэффициенті 230-370 тең, алайда ол жоғары өнім қалыптастырып және мол құрғақ заттар қорын жинайтындықтан жалпы ылғалға қажетсінуі айтарлықтай: көк балауса өнімі 150-200 ц/ га болғанда оның әр гектардан пайдаланатын суының мөлшері 2400-3000 м3-қа жетеді.

Ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты жүгері көк балаусасының 120-250 ц/га өнімін Қазақстан ушін орташа өнім деп қорытынды жасауға болады. Жүгері өнімі жалпы түскен ылғал мөлшеріне ғана емес, өсіп-өну кезеңінің қай мерзімінде түскеніне де байланысты. Шілденің екінші жартысында және тамыздың басында ылғалмен қамтамасыз етілген жылдары жүгері өсімдігінің өсуіне қолайлы жағдайлар қалыптасады, ал аталған мерзімде ылғал аз болса, мұндай жылдар қолайсыз. Кебінесе жүгері өсіруге қолайлы жылдар қалыптасатынын айта кету керек.

Алғашқы 30-40 күн бойы жүгері баяу өседі және қажетті су пайдалану жиынтьғының 30% дейін ғана жұмсалады. 8-10-жапырақ түзілгеннен кейін өсімдіктердің суды қажетсінуі кенеттен арта бастайды да, максимум мөлшері сіпсебастың гүлденуі мен дәннің сүттене пісу кезеңіне дәл келеді.

Жүгері өсімдігінің суды барынша қажетететін кезеңі оның 12-16-жапырақтарының пайда болуы мен дәннің сүттене пісу мерзіміне сәйкес келеді (ашашақтанудан 10 күн бұрын және шашақтанудан 20 күн соң). Осы 30-40 кунде бүкіл өсіп-өну кезеңінде жұмсалатын жиынтық су пайдаланудың 60%-тен астамы сіңіріледі.

Сондықтан да жүгеріге жаздың екінші жартысында түсетін ылғал барынша тиімді болады, бірақ ол үшін қажетті сабақ бітіктігі болу керек, ал егістік арамшөптен таза болуға тиіс. Суармалы жерлерде осы кезеңде жүргізілген суару ең жоғары тиімділік береді.

Көк балауса алуға жаз айларында 70-100 мм-ге дейін ылғал түскенде қанағаттанарлық, ал 130-160 мм-ден астам болғанда -жақсы ылғалдылық деп есептеледі.

Жүгерінің жиі себілген егістігі өзінің алаңындағы ауа ылғалдылығын жоғары дәрежеде ұстайды, мұның өзі жүгерінің су тепе-теңдігін ұстауына мүмкіндік беретіндігін көрсетеді.

Тамыржүйесініңтәулікгікқарқынды молаюы 7-жапырақтыңтүзілуінөн 12-13-жапырақтардың пайда болғанына дейінгі кезеңде байқалады. Бұл уақытта тамырдың тереңдеп өсуі мен жер үсті бөлігінің биіктеп өсуі арасындағы байланыс 2:1 қатынасындай болды. Егер осы кезеңде жүгеріні суармаса, онда шашақтану кезінде тамырлар 2 м-ге дейің ал сүттене-балауыздана пісу кезеңінде 2,5 м және одан да көп тереңдейді. Суаруды ерте жүргізгенде тамырлардыңтереңдеп өсуі баяулайды да олардың негізгі бөлігі 0-70,0-100 см қабатга шоғырланады.

Қалыпты немесе әлсіз сілтілік реакциялы (РН 6,0-7,5) топырақтарда, қара топырақты және қоңыр топырақты жерлерде жүгері жақсы өседі.

Жүгерітамырларысуды 1 метргедейінгітопыраққабатынан сіңіре алады, әрине, басқа ешқандай физикалық кедергілер олардың өсуіне бөгетжасамаса. Топырақтың бұл көлеміндегі сіңімді судың мөлшері құмдақ топырақта 60-80 мм-ден механикалық құрамы орташа топырақтарда 120-150, ауыр топырақтарда 180-220 мм-ге дейін өзгереді.

Су ұстау қабілеті жақсы топырақтағы жеңіл сіңімді су өсімдіктердің қуаңшылық кезеңін өткізуге жеткілікті болады, алайда мұндай топырақ, әдетте, ауыр болады әрі көктемде нашар жылынады.

Фосфор жетімсіз болғанда өсіп-өнудің бас кезінде тамыр жүйесінің өсуі баяулайды, өсімдіктер фосфор аштығына ұшырайды да, жапырақтар мен репродуктивтікоргандардың пайда болу қарқынынтемендетеді, бұл әсіресетопырақтың температурасы төмен (13-15°) болғанда жылу сүйгіш өсімдік будандарында анық байқалады. Топыраққа фосфортыңайтқыштарын енгізу есебінен фосфор мөлшерін арттырғанда тіпті оны өсімдіктердің төменгі температураларда да сіңіруі жақсарады. (Н.И. Можаев, 1961,1962).

2.Сорго биологиялық ерекшеліктері. Сорго жүгеріге қарағанда жылу сүйгіш дақыл: оның тұқымы 11-12° жылылықта өсе бастайды, қолайлы өсу температурасы +20-25°, гүлденуі +16-18°-та, себуден пісуге дейінгі кезеңде қажетті белсенді температура жиынтығы ерте пісетін будандарда 2000-2200°, орташа мерзімде пісетін будандарда -2500°, кеш пісетіндерде - 3000°, тиісінше вегетациялық кезеңдері 110, 115-125 және135-140 күн құрады, солтүстік облыстарда тіпті ерте пісетін сорттардың өзі тұқымға піспейді.

Қарағанды облысы жағдайында Ранний янтарь сорты көктеп шығу үшін 220°-270°белсенді температура жиынтығы қажет болды, себу-түптену кезеңіне 1000°-1400°, себу-шашақтануға -1400°-1500°.

Қысқа бозқыраусыз кезеңді ескере отырып өсімдіктер жинау қарсаңында шашақтану, әрі кеткенде сүттене пісу кезеңіне жетеді, басқа сөзбен айтқанда, дақылды өндіріске енгізу тасымал түқымға негізделген. Павлодар МСУ тәжірибелерінде 15 жылдың екеуінде ғана Ранний янтарь 161 сортының тұқымы алынды, басқа жылдары соргоның тұқымы пісіп үлгермеді. Сорго төменгі температураға сезімтал: еркендері ~2°-3°-та өліп қалады.

Сорго тіпті астық тұқымдастардың екінші тобындағы дақылдардың ішінде де қуаңшылыққа ең төзімді дақыл. Соргоның транспирациялық коэффициенті 150-200. Шәлейт жерлер шекарасында, жүгері темен енім беретін аймақта сорго баға жетпейтін дақыл.

Көктегеннен кейін алғашқы 30-40 күн бойы ол баяу еседі, күшті қуаңшылық болса өсуін тоқтатады, ал жауын-шашын жауғаннан кейін қайтадан өсе бастайды. Массасының максималды өсуі екінші жартысында, өйткені осы мерзімде түскен ылғал жақсы пайдаланылады.

Қазақ АУ суармалы жерлерде жүргізген тәжірибелерінде 1 ц абсолют құрғақ зат қалыптастыруға жұмсаған су шығыны қатардағы әдіспен сепкенде 30,7 м3, кең қатарлы әдісте-38,7-40,3 м3, бұл өсімдіктердің суды аса тиімді пайдаланатының айғағы. Сорго құмдақ, ауыр саздақ топырақта өсе береді, сортаңдықты жеңіл көтереді, қысқасы бұл дақылдың топыраққа талғамы аз.

Шай жүгерінің аудандастыруға жіберілген сорттары: Камышинское 75, 1989 (6), Молдавский 40,1988 (3), Ставропольское 63,1992 (4).

Сүрлемге өсіруге аудандастыруға жіберілген сорттар: Казахстанское 16, 1998 (11), КИЗ 94, 2000 (3), Кинельское 3, 1978 (6,11), Красноводопадское 246,1964 (13), Ранний янтарь 161,1992(2,6),Силосный72, 1982(5), Цунами85,1993(8,13),сіңіргіш шайжүгерініңсорттары: Веничное раннее, 1987 (11), Донское 35, 1985 (2 3,4,6); Шай жүгері - судан шөбі буданы: Алма-Атинский81, 1992(34,8,11,13).

3.Күнбағыс Маңызы, морфологиялық, биологиялық және агротехника ерекшеліктері

Күнбағыс.Маңызы, морфологиялық, биологиялықжәне агротехника ерекшеліктері. Күнбағыс-суыққа төзімді және жоғары өнімді сүрлемдік дақыл. 100 кг сүрлемде 16-17 шамасында азықтық өлшем және 0,7 кг дейін сіңімді протеин болады. Солтүстік Қазақстан жағдайында әсіресе суық жаңбырлы көктем және жазы салқын жылдары сүрлемдік дақыл ретінде күнбағыс жүгөріге маңызды толықтырма болып табылады. Ол көк балаусасының жоғары әнімін құрғақ далалық аймақта да береді.

Жүгері сүрлеміне қарағанда күнбағыс біршама нашар желінеді, өйткені гулдену жапырақтар мен кәрзеңкесінің үлесіне жалпы массасының 30-40%, ал сабақтардың үлесіне 60-70 % тиеді. Міне, осы ірі сабақ массасының бір бөлігі желінбейді. Алайда, жекелеген аудандар мен шаруашылықтар жүгері өнімінің төмендігінен сүрлемді басқа аудандар мен облыстардан сатып алып жүргенін ескерсек, кез келген төмен сапалы сүрлем олар үшін жоғары сапалы болып есептеледі.

Сүрлемдік дақылдардың өнімін метеорологиялық жағдай әртүрлі жылдарда тұрақтандыру және теңдестіру әр түрлі сүрлемдік дақылдар себу арқылы жүзеге асады. Ауа райы қолайсыз жылдары, әсіресе жүгері өнімін қалыптәстыруға, күнбағыс және одан дайындалатын сүрлем сақтық дақыл ретінде көп шаруашылықтарды құтқарады.

Солтүстік Қазақстанда жүгері себу және жинаудың қолайлы мерзімі өте қысқа, ал оны тым ерте орғанда тамыздың бірінші жартысында) айтарлықтай өнім мөлшері кем жиналады., өйткені бұл кезеңде жүгері өсімдігі барынша өсіп, массасы молая түседі. Сүрлемдік дақылдар егістігінің құрамына күнбағыстың белгілі бір бөлігін енгізу шілденің аяғы-тамыздың басында күнбағыстан сүрлем сала бастауға мүмкіндік береді, ал жүгері оған қажетті қолайлы уақытта жиналады. Сүрлем өндірісіне үлкен түрақтылық пен сенімділік беру үшін күнбағыс егістігін көбейту қажет, оны жүгеріге қосымша дақыл ретінде және сүрлем конвейерін жасауға пайдаланады.

Өсіп-өну кезеңі қысқа шаруашылықтарда күнбағыстың сүрлемдік дақыл ретіндегі маңызы арта түседі. Қазақстандағы сүрлемдік күнбағыстың егіс көлемі шамамен 160 мың га, оның 70 мың га СолтүстікҚазақстанның облыстарында орналасқан.

Сүрлемге өсіргенде күнбағысқа дәнді-отамалы дақылдар, отамалы дақылдар, шөпті-отамалы дақылдар ауыспалы егістерінде ең жақсы алғы дақылдар пардан кейінгі бидай, жүгері, дәнді бұршақ тұқымдастар болып табылады. Топырақ өңдеу жүгерінің топырақ өңдеуіне ұқсас.

Жағдайларға және өсіру мақсатына байланысты күнбағыс ұзақ кезеңбойы 5 мамырдан 15-20 маусымға дейін себіледі.

Таза күйінде немесе астық тұқымдастармен аралас өсіргенде жағдайға байланысты күнбағысты мамырдың бірінші-екінші онкүндігінде себуге болады.

Сүрлемдік массаның сапасын жақсарту мақсатымен күнбағысты сепкеннен соң 7-10 күннен кейін дискілі сеялкалармен алқапта сұлы немесе арпаны қосымша сепкен дүрыс. Қоспа алу үшін үш сеялкалы агрегаттың екі шеткі сеялкасымен күнбағыс сеуіп, ортаңғысын бос жіберіп отырады. Күнбағыстың өркендері шықаннан кейін осы себілмеген алқаптарға сұлы немесе арпа себеді.

Бүл жағдайда өсімлдіктердің бірін-бірі қысуы болмайды, өсімдік биік өседі, ал орып сүрлемге салғанда компоненттер жақсы араласады да, сүрлемдік массаның сапасы мен оның желінуі жақсарады.



Күнбағысты толықтырғыш дақыл ретінде маусым айының ортасында себуге болады, бұл мерзімде күнбағысты қайсы бір егістігі өліп қалған дақылдардың орнына себуге де болады. Сүрлемге негізінен кең қатарлап қатар аралығы 60-70 см етіп себіледі. Ылғалдануға байланысты жинау қарсаңында гектарына 60-80-нен 100 мыңға дейін өсімдік болуға тиіс. Солтүстік Қазақстаң Қостанай, Көкшетау облыстарында және Ақмола облысының солтүстік аудандарында 80-100 мың, құрғақ далалық аймақтарда 60-80 мың. Мүндай жиілікте метр бойына 8-12 өнгіш тұқым сепкенде қол жетеді. Кең қатарлап сепкенде себу нормасы 10-16 кг/га, тұқым сіңіру тереңдігі 6-7 см.

Егістікті күтіп-баптау көктегенге дейін 5-6 күн бұрын оны малалаудан басталады. Алғашқы қос жапырақ пайда болғанда егіс жиілігі жеткілікті болып, метр бойына 5-8 өсімдік сақталатындай болса, өркендердің үстінен мала жүргізіледі. Өсіп-өну кезеңінде қатараралықтар 1-2 рет культиватормен бапталады: біріншісі 8-10-см тереңдікте, екіншісі 6-8-см

Қазақстанның мал азығы өндірісінде күнбағыс сүрлемдік дақыл ретінде шамалы орын алады, сондықтан оның өсіру агротехникасына аз көңіл аударылады, алайда Солтүстік Қазақстанның бірқатар аудандарында, әсіресе, қысқа бозқыраусыз кезеңді аудандарда оның егістігі арттырылуға тиіс.

Арамшөпке қарсы қолданылатын агротехникалық шаралармен қатар химиялық әдістер де, әсіресе прометриң трефлан,эптам,эрадикан, дуал сияқты гербицидтер пайдаланылады.

В.Р. Вильямс атындағы Бүкілодақтық мал азығы ғылыми-зертгеу институтының деректері бойынша күнбағыс егістігінде прометрин қосжарнақты арамшөпті жақсы. ал бір жылдық астық тұқымдастарды нашар жояды. Препарат топыраққа көктегенге дейін енгізіледі. Астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөпке қарсы трефлан және эрадикан қолданылады.

Трефлан себуге дейің себу кезінде және сепкеннен кейін 1,0-2,5 кг/га нормасымен топыраққа мала тіркелген культиватор агрегатымен сіңіріледі, итқонақ, құс тарысы, ала бұта, гүлтәжіт.б жақсы құртылады



Астық тұқымдастарды және қосжарнақты арамшөптің бір бөлігін жоюға 3-5 кг/га нормада эптам топыраққа себу алдында культиватормен сіңіріледі. Жүгері мен күнбағыстың аралас егістігінде бір жылдық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөпке қарсы эрадикан немесе прометринді пайдаланған дұрыс. Бүкілодақтық мал азығы ғылыми-зертгеу институтының тәжірибелерінде себуге дейін эрадиканды 4-5 кг/га нормасы мен және сепкеннен кейін 1-2 кг/га прометринді енгізгенде арамшөптіңтиісінше 86-90 %-ы құрыды. Күнбағысты жаппай гүлдеген мерзімде шілденің аяғы-тамыздың басында жинайды, басқаша айтқанда, жүгеріні жаппай жинау басталғанша күнбағыс жиналып бітуге тиіс.

Күнбағыстың сүрлемге өсіруге аудандастыруға жіберілген сорттары: Армавирский 3497 улучшенный Арамвиртәжірибе станциясы 1968 (9), ВНИИМК8931 улучшенный-орта пісетінсорт 1969 (1,2,6,12), ВНИИМК6540улучшенный-орташа пісетін сорт, 1978 (11), Передовикулучшенный-орташа пісетін сорт, 19.72 (1,7,12), Восход, 1987 (4), Маяк, 1974 (5).
Тақырып –Жүгеріні өсірудің ерекшеліктері

1.Суармалы жерлерде сүрлемдік жүгеріні өсірудің ерекшеліктері

2.Егістікті күтіп-баптау.

Суармалы жерлерде сүрлемдік жүгеріні өсірудің ерекшеліктері. Суармалы жерлерде гектарына 30-50 т көңді міндетті түрде соқамен жыртып топыраққа енгізу қажет, сонымен қатар барынша тиімді топырақ гербицидтерің атап айтқанда эрадикаң амерокс т.б. пайдалған дұрыс.

Суармалы жерлерде жинау алдындағы өсімдікжиілігі 120-180 мың/га дейін арттырылады, ал өсімдіктің ылгалға байланысты қиын-қыстау кезеңінде шілде-тамыздыңбірінші жартысында топырақ дәрежесінде болатындай етіп егістікті суару қажет. Басқа агротехникалық шаралар суармасыз жерде жүгеріні өсіру технологиясына ұқсас.

2.Егістікті күтіп-баптау. Жүгері алқаптары арамшөптермен ластануға, әсіресе вегетациясыныңалғашқы кезеңдерінде өте сезімтал, сондықтан сепкеннен кейінп алғашқы 40-45 күнде оны арамшептерден қорғау-жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі. Жүгеріні әр түрлі биологиялық топтардагы дақылдармен алмасатын ауыспалы егістерде орналастырғанда оның егістігінде арамшөптермен күресу тиімдірек болады.

Арамшөптерге қарсы күрес жұмысы күзгі сүдігер дайын-даудан басталады да, көктемде жалғасады: себу алдындағы культивация мен егінді күтіп-баптау көктеудің алдында 35-40 күннен кейін. Шілденің екінші жартысынан бастап жүгері қарқынды өседі, жапырақтармен топырақтың бетін толық жабады және арамшөптермен ластану қаупі азаяды. Топырақты жүгері түқымы арамшөптерден бұрын өсетіндей етіп дайындайды. Егістікті күтіп-баптаудың механикаландырылған шаралар жүйесіне негізінен мыналар жатады: егістікті кәктеуге дейін және көктегеннен кейін малалау, кең қатарлы егістікте қатараралығын еңдеу, егістікті үстемелеп қоректендіру, арамшөптерді химиялық жолмен отау. Бірінші малалауды арамшөптер өніп ("ақ жіп" сатысында), бірақ жер бетіне шықпай түрғанда жүргізеді. Іс жүзінде бірінші рет сепкеннен кейін 3-5 күннен соң малаланады.



Мала түрлерін топырақтың түрі мен күйіне байланысты таңдайды: борпылдақ топырақтарда жеңіл малалар қолданылады, ауыр тығыздалған топырақтарда-ауыр, қалған жағдайларда орташа малалар қолданылуға тиіс. Көктеуге дейінгі егістік малалауды 7-8 км/сағ шапшаңдықпен жүргізген тиімдірек. Көктегеннен кейінгі малалауды орташа малалармен төменгі шапшаңдықта күндізгі сағаттарда жүргізгенде ең жақсы нәтижелерге жетеміз, өйткені көрсетілген мерзімде өсімдіктер тургорын жоғалтады да сынғақтығы кемиді. Тәжірибе көрсеткендей егістікті көкгегеннен кейін қаншама тыңғылықты малалағанмен өркендердің жұлынып және топырақпен жабылып қалуынан сөзсіз өсімдіктер шығыны болады. Сондықтан егістікті күтіп-баптау жүйесінде егін көгін малалау жұмысын шьгарып тастайтындай шара қолданған дұрыс болар еді. Алғашқы культивациялауды біржақты және сүйіртабандар жиынтьғымен 7-8 см, ауыр топырақтарды 8-10 см тереңдікте, ал екінші культивациялауды тамыр жүйесін жарақаттамау ниетімен 5-6 см тереңдікте жүргізеді.

Арамшөптерге қарсы күресте және топырақты қопсытқанда отамалы дақылдар егістігі өңдейтін культиваторларға мынадай жұмысшы органдарын орнатады: ротациялық шабықтауыштардың инелі дискілері, малалар звеносы және топырақ жабуға бейімделген құралдар. Арамшөптерге қарсы жүгері егістігінде гербицидтер де қолданылуы мүмкін

Жүгеріні қарқынды технологиямен өсіргенде тиімді эрадикан сияқты топырақ гербицидін пайдаланғанда егістікте қатараралықтарды өңдеудің қажеті жоқ. Бұл жағдайда жеңіл және орташа топырақтарды қатараралықтар өңделмейді, ал ауыр топырақтарда ол бір-ақ рет жүргізіледі.

Жүгері егістігінде арамшөптерге қарсы мына гербицидтерді пайдалануға болады: 2,4Д тобының препараттары, тобынан диален, эрадикан, , примэкстра, базагран* т.б.

Жинау. Жүгеріні сүрлемге жинау мерзімі оның даму кезеңі мен күзгі суықтың жақындауымен анықталады, ал күзгі бозқырау қыркүйектің бас кезінде, кейде тамыздың үшінші онкүндігінде басталады.

Ерте жинаған егін өнімінің шығынға ұшырайды, сүрлемдік массасының құндылығы ылғалдың тым көптігінен наішарлайды. Жүгеріні жаппай жинауды тамыздың екінші-үшінші онкүндігінде бастап, бозқырау түскенше аяқтау қажет.

Егін жинау кезеңіндегі қауырттылықты (шиеленісті) азайту үшін сүрлемдік конвейер ұйымдастырған ұтымды, ал мұның өзі бұршақ-астық түқымдас қоспасы мен күнбағыс және күнбағыс пен жүгері қоспасын қарастырады. Жүгері өсімдігінің жиілігі қолайлы жағдайдан төмөн болған алқаптарда күнбағыс пен толықтырып және қосымша себу тиімдірек. Бұл жағдайда сүрлем салуды шілденің аяғы-тамыздың басында бастайды, ал жүгеріні ең мол өнім беретін кезеңді таңдап алып жинауға болады. Жаздың бірінші жартысында жылу мен ылғал жеткіліксіз болғанда конвейерге күнбағысты қосып жоғары өнім алуға болады. Осының бәрі мал азығының тұрақты қорын жасауға мүмкіндік береді.
Студенттің оқытушымен бірге орындалатын өзіндік жұмыс жоспары.(СБСӨЖ)

Тақырып Мал азықтық тамыржемістілер және бақша дақылдары

Мал азықтық сәбіз, турнепс, мал азықтық тарна агротехникалық ерекшеліктері.

1.Мал азықтық сәбіз агротехникалық ерекшеліктері. Сәбіз жақсы алғы дақылдардан кейін арамшөптерден таза танаптарға дәнді бұршақтардаң отамалы және көкөніс дақылдарынан кейін орналастырылады.

Сәбіз шіріген көң енгізілген (40-50 т/га) терең жыртылған алқапқа себіледі. Көңді азот-фосфор тыңайтқыштарымен бірге көктемде топырақты аз тереңдікке жыртып та енгізуге болады. Себу алдында топырақты культивациялайды және тыңғылықты тегістейді. Сәбіз-ерте себілетін дақыл. Сәбіз егістігінде жоғары іріктелгіш қасиеті бар гербицидтер қолданылады, оларға пропазин, прометрин, линурон, дозанекс, малоран, натрийдін, үш хлорацетаты және минералдық майлар жатады.



Пропазинді себуге дейін гектарына 1,5-3,0 кг ә.е.з. нормасымен енгізеді, ол өсіп келе жатқан ақ алабұта, кәдімгі жұмыршық, далалық ярутка, далалық майдашөп, гүлтәжі т б. қосжарнақты біржылдық арамшөптерді жақсы құртады.

Аталған қосжарнақты арамшөптерге қарсы топыраққа сәбіз көктегенге дейін 1,5-2,5 кг/га прометрин енгізуге де болады.

Құс тарысы, сұр және жасыл итқонақтарда, сонымен қатар қосжарнақты арамшөптерді сәбіздің егін көгі шыққанға дейін гектарына 0,8-3,0 кгленурон гербицидін енгізу арқылы құртуға болады.

В.Р. Вильямс атындағы Бүкілодақтық мал азығы ғылыми зерттеу институтының талдаулары бойынша ұсынылған нормамен қолданылған гербицидтер сәбіздің мал азықтық құндылығына әсер етпейді, ал олардың қалдық әсері егін жинау қарсаңында сақталмайды немесе рұқсат етілген мөлшерде болады. Қатар аралығын 45 см етіп бір қатарлап, немесе екі қатарлап лента аралығын 45 см және аралығын 15 см етіп көкөніс сеялкалармен себіледі. Кең жолақты әдіспен (жолақтың кеңдігі 8-20 см және жолақ аралығы 40-60 см) де себуге болады.

Себу алдында 1-2 тәулік бойы дұркін-дүркін суды айырбастап отырып сәбіз тұқымын ылғалдандырады. Біркелкі себілу үшін тұқымды ашытады, ол үшін шымтезектең известен және минералдық тыңайтқыштардан арнаулы қоспа дайындайды және ол тұқымға жақсы жабысу үшін патока қосады, кейде балласт ретінде түйіршіктелген суперфосфат немесе құрғақ ағаш үгінділерін араластырады. Себу нормасы кең қатарлы әдісте 4-6 кг/га, ал кең жолақты әдісте 6-8 кг/га. Тұқымның сіңіру тереңдігі 1-2 см. Себілгеннен кейін топырақ тығыздалады, кейіннен ротациялық шабықтауышпен немесе жеңіл тырмалармен қабыршақтар жойылады. Көктегенге дейінгі тырмалау арамшөлтерді құртуға да қажет қатараралықтарды культиваторлармен өңдейді. Сәбіз егістігі арамшөптермен ластануға бейім тұрады. Сондықтан оларға қарсы гербицидтерді пайдалаған жөн. 4-5 жапырақ кезеңінде сәбіз сиретіледі, ол үшін қатардағы әрбір сәбіз өсімдігінің аралығы 4-5 см және жинау қарсаңындағы өсімдік жиілігі әр гектарда 300-350 мың дана болуға тиіс Қол еңбегін азайту мақсатымен егістікті сиреткенде отамалы дақылдар культиваторымен шоқтау әдісін қолданады: әрбір 20-30 см сайын кеңдіп 30 см шоқ қалдырылады, кейіннен бұл шоқтарда қолмен сирету арқылы 6-8 өсімдік қалдырылады

Суармалы жерлерде өсірілгенде егістік 3-4 рет суарылады: бірінші рет-сиретілгеннен кейің екінші-үшінші реттамырдың жуандау кезеңінде жүргізіледі. Сәбізді бөлекгеп жинайды, әуелі сабақ-жапырақтары КИР-1,5 немесе УВД-ЗА машинасымен шабылып алынады, соңынан СКПШ+14 құралымең немесе картоп қазғыш машинасымен сәбіз жер бетіне шыға-рылады да әрі қарай қолмен жиналады. Сәбізді сабақ-тамыр жемістерімен бірге ұсақтап басқа дақылдармен бірге сүрлемдік ұраға салуға да болады.

2.Турнепс агротехника ерекшеліктері. Кең қатарлы (45-60 см) әдіспен себіледі Жазғы жауынға сәйкестендіріп кеш мерзімде себуге болады (маусымның соңы немесе шілденің екінші жартысында). Себу нормасы 1,5-2,5 кг/га. Сиретілгеннен кейін әр гектар егістікте 65-70 мың есімдік сақталғаны дұрыс .

3.Мал азықтық тарна

Агротехникалық ерекшеліктері. Мамырдың бірінші онкундігінде кең қатарлы әдіспен (45-60 см) гектарына 1,5-2,5 кг/га тұқым себіледі. Тұқымның топыраққа сіңіру тереңдігі 2-3 см Сиретілгеннен кейін әр гектарда 60-70 мың өсімдіксақ-талуға тиіс.

Мал азықтық тарна мен турнепстің егістігінде топырақ гербициді рамродты пайдаланады, ол 65 %- ды суланатын ұнтақ түрінде шығарылады. Рамрод себу алдындағы өңдеудің астына, немесе тарана мен турнепс көктегенше 4-6,5 кг/га нормасымен топыраққа енпзіледі. Олбіржылдық қосжарнақты ақалабутаны, далалық майдаі шөпті, біржылдық астық тұқымдас құс тарысың қара сұлыны,итқонақты т.б. Сонымен қатар көпжылдық; арамшөптерді жақсы құртады.

4.Бақша дақылдарын агротехника ерекшеліктері. Бақша дақылдарын құнарлы, арамшөптерден таза танаптарға орналастырады. Ең жақсы алғы дақылдар тың және тыңайған жерлер, көпжылдық шөптердің қыртысы, күздік астық және бұршақ тұқымдас дәнді дақылдар. Бір орынға бақша дақылдарын 5-7 жылдан ерте қайтаруға болмайды. Бақша дақылдарына минералдық тыңайтқыштардың жоғары нормасы қажет: азот 80-100 кг/га ә.е.з,, фосфор-100-140 кг/га, калий 50-70 кг/га ә.е.з., олардың 60-70 %-ы сүдігердің астына, ал қалған бөлігі дақылдарды сепкен мерзімде қатарларға және өсімдіктер гүлденген кезеңде үсте қоректендіруге пайдаланылады. Бақша дақылдарына топырақты терең жыртады, көктемде тазалайды және себу алдында 1-2 рет культивациялайды, бір мерзімде тырмаланады. Өте тығыздалып қалған топырақтарда бірінші культивацияның орнына топырақ қайталап жыртылады. Себу алдында түқымды жылы ауада қыздырады (күннің көзі түсетін жерде 3-5 тәулік бойы, немесе қоймада +35-38° жылумен қамтамасыз ету арқылы). Тұқымды алдын ала +40° жылы суда20 мин уақыт үстап бөрттіреді, 2 % тұқымның өскіні пайда болуы мүмкін. Мұндай тұқымдар 8-10 күннен кейін кектеп шығады, ал құрғақ тұқымдарға 15-25 күн қажет.

Мал азықтық асқабақ пен қарбызды 10 см тереңдіктегі топырақ қабатының температурасы +12-14°-қа жеткенде жүгері сеялкаларымен ленталы әдіспен себеді, ленталардың ара қашықтығы 2,1 немесе 1,4 м, лентадағы қатараралықтар 0,7 м және өсімдікгердің бір-бірінен алшақтығы 0,7-1,4 м болуға тиіс. Осындай схемада туқымды танапқа орналастыру үшін алты қатарлы жүгері сеялкасының бірінші, төртінші және бесінші банкаларына тұқым толтырылады.

Суармалы жерлерде асқабақтың Стофунтовая сортының тұқымы әр түрлі схемада орналастырылып зерттелді (А.Н. Можаев, 1985), қатараралық 120 см және қатардағы өсімдіктердің ара қашықтығы 80-100 см (1,2x0,8-1,0) болғанда әр гектардан 380 ц жеміс жиналды. Қатардағы өсімдіктердің ара қашықтығын 30-40 см-ге дейін азайтқанда (1,2x0,3-0,4 м) өнім 520 ц-ге жетті. Аз жиіліктегі өсімдіктердің шырмауықтары ұзын болып кеш гүлдеді және массасы 34-38 кг жетті, басқаша айтқанда, солтүстікаудандарда оңтүстікке қарағанда қоректену ауданын біршама азайтқан дұрыс.



Асқабақты 3-5 кг/га, қарбызды 2-3 кг/га нормаментұқымды 6-8 см тереңдікке сіңіреді. Бақша дақылдарының егістігіндегі күтіп-баптау төмендегідей жұмыстарды қарастырады: көктегенге дейін малаланады және қатараралықтар өңделеді (бірінші культивациялау 12-15 см, ал кейінгілері 8-10 см тереңдікте жүргізіледі). Суармалы жағдайда өсіргенде дымқылдық суаруды пайдаланған тиімді, ал бұл себу алдындағы суаруды қажететкізбейді. Вегетациялық кезеңде егістік жағдайға қарай алғашқы кектегеннен 15-20 күннен соң 3-8 рет (500-700 м3/га) суарылады, кейінгі суару жинауға дейін әрбір 10-15 күнсайынжүргізіледі.

Асқабақ пен қарбызды бозқырау түсердің алдында бір-ақ рет жинайды. Асқабақ пен мал азықтық қарбыз қүрғақ бөлмелерде +2-5° жылылықта ұзақ уақыт бүлінбей сақталады.
Студенттің оқытушымен бірге орындалатын өзіндік жұмыс жоспары (СБСӨЖ)

Тақырып Көлжылдың ,бір жылдық астық туқымдас шөптер

1.Еркек шөп биологиялық ерекшелектері.

2.Көген тамырсыз бидайық.

3.Судан шөбі Маңызы. мал азығына өсірудің агротехникасы.
Еркек шөп биологиялық ерекшелектері.Тұқымы 2-5 жылылықта өне бастайды.Тұқымының пісуіне 1200-1300 белсенді температура жиынтығы қажет, орта есеппен кезеңнің ұзақтығы 85-100 күн.Еркекшөп 10-15 күндей қысқа мерзімді су басуға шыдайды, өнімнің артуына мумкіндік жасайды, бірақ суармалы жерлерде дақылды өсіру орынсыз. Дақыл қуаңшылыққа төзімді .Транслирациялық коэффициент кең жапырақты еркекшөпте 400-720, жіңішке жапырақты еркекшөпте 390-640. ҚАУ тәжірибелерінде (Можаев Н.И.) еркекшөптің су пайдалаиу коэффициенті пішенге есептегенде мынадай болды тіршілігінің бірінші жылында 136-246, екінші жылында 43-67 м3/ц. Ең аз су шығыны 50-56 м3/ц кең катарлы (45 см) және қатардағы әдіспен гектарына 3-4 млн өнгіш тұқым себілген егістікте болды. Тіршілігінің ушінші-төртінші жылында 1 ц пішенге ең аз себу нормасында (2 млн/га өнгіш тұқым) 41-50 м3, ал кең қатарлы (30-45 см) егісте бұл көрсеткіш 32-45 м/ц дейін төмендеді. Ғылыми дәлелденген тыңайтқыш нормасын енгізгенде ол 40-42 м3/ц болды.

Қазақстанда аудандастыруға жіберілген еркекшөп сорттары өздерінің толық дамуына ерте көктемде сепкенде екінші, күзде сепкенде үшіншітіршілікжылына жетеді, және 4-5 жыл бойы тұрақты өнім береді, одан кейін егістікті жыртқан жөн Себілген жылы еркекшөп баяу өседі және шабыс бермейді. Максималды пішененімі ментұқымды 2-4-5 тіршілікжылдары алуға болады.

Еркекшөптің өсімдіктері алқаптарда 20-25 жылға дейін сақтала алады, бірақ пішен өнімі 3-5 ц/га аспайды, ал еркекшөптің жас егістігі 20-25 ц/га пішен пішен енімін қалыптастырады, әсіресе пішен өніміндегі үлкен айырмашылық қуаңшылық жылдары анық байқалады, ылғалды жылдары айырмашылық біршама азаяды, тіпті тегістеліп кетеді.

Еркекшөп топырақталғамайды, механикалық құрамы әр түрлі топырактарда да сортаңдау топырақта да өсе алады.



Қылтықсыз арпабас биологиялық ерекшеліктері. Қылтықсыз арпабас жылуды аз талғайды Тіршілікке бейім өскіндерін топырақтың орташа сеткелік температурасы 4-5° болғанда алуға болады, көктемгі өсіп-өнуі 6-7° басталады, күзгі өсуі 4-5°тоқтайды, егін көгі 5-6° бозқырауға төтеп береді, өсімдіктері -10° дейінгі аязды көтереді. Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі орташа. Қысқы кезеңде түптену буыны орналасқан тереңдікте -46° дейінгі аязға төтеп бере алады. Қылтықсыз арпабастың түптену буыны басқа астық тұқымдас шөптерге қарағанда топырақта тереңірек орналасқан, мұның өзі оның қыстың суығына жоғары төзімділігін қамтамасыз етедіу пайдалану коэффициент 1 ц құрғақ затқа табиғи ылғалдану жағдайында 60-100 м3, жақсы ылғалданған жағдайда немесе ойпаң жерлерде, жайыла суарылатын жерлерде-30-70 м3. Жиынтық су пайдалану мөлшері 200-250 мм болғанда өнім дәрежесі 25-35 ц/га, ал жайыла суарылатын жерлерде 50-70 ц/га жетеді.Қуатты тамыр жүйесі бар арпабастың далал ық формалары қыстың суығына айтарлықтай жоғары төзімділігімен ерекшеленеді: ылғалмен барынша қамтамасыз етілген күзгі және көктемгі кезеңдерде өсімдіктердің түптену қабілеті мен өнімі молая түседі. Қылтықсыз арпабас-ылғал сүйгіш өсімдік. Сондықтан жылына өсіп дамиды да мол өнім береді.Қылтықсыз арпабас су қабатын 35-50 күнге дейін жақсы көтереді, жайыла азарылатын сортаңдау жерлерде мол өнім бере алады. Ойпаң, жайыла суарылатын жерлерде-таптармайтын мал азықтық өсімдік.Механикалық құрамы жеңіл және орташа қаратопырақты жерлерде қылтықсыз арпабас жақсы өнім береді. Жыртылатын қабаты борпылдақ топырақ ең қолайлы деп есептеледі, саздақ және батпақтанған жерлерде ол нашар өседі. Ылғалдану жағдайына байланысты шөптесінде 5-20 жыл сақталады, орманды-дала және далалық аймақтарда 5-6 жыд ойпаң жерлерде 20, ерекше ылғалданған және құнарлы жерлерде 15-20 жылға дейін сақтала алады.

Көген тамырсыз бидайық Манызы.Жана англия бидайығы танаптық ауспалы егістерде өсіріледі, орташа қуаншылықты және орманды-далалық аймақтарда табиги мал азықтық жерлерді жақсартуға пайдаланады. Тұзды жерлерде төзімді шөптер тобына жатады,алайда жас өсімдіктері оны нашар көтереді. 100 кг көк балаусасына 20-21 а.е. және 2,0-2,2 кг сінімді протеин болады.

Морфологиялық ерекшелері. Жаңа англия бидайығы немесе көген тамырсыз бидайық, немесе көген тамырсыз регнерия, немесе американ бидайығы регнерия туысына жатады. Оның 40-тан астам түрлері кездеседі.Олардың ішіңде барынша көп тарағанкөген тамырсызрегнерия (бидайықжәне талшықтыбидайық). Бұлборпылдақ бұталы шашақты тамыр жүйесі жақсы дамыған астық тұқымдас.Бұтасы тік еседі көп сабақты, биіктігі 60-90см.Жапырақтары жіңішке, жұқа,жұмсақ, тұстері ашық жасылданк,оңыр жасылға дейін.Жапырақтануы әлсіз: бірінші шабыстың өсімдіктерінде 29, екіншісінде 46%. Гул шоғыры-селдір масақ, ұзындығы 15-20 см, көген тамырсыз бидайыққа ұқсас, алайда одан селдірлеу. Жемісі-дәң тузу сызықты сопақша келгең тұқым білігінің көген тамырлы бидайықтан айырмашылыы түкті болыл келеді. 1000 туқымның массасы 2,3-3,8 г.

Биологиялық ерекшелікгері. Бидайық қыстыңсуығы мен қуаңшылыққа айтарлықтай төзімді өсімдік, бірақ еркекшөп пен қылтықсыз арпабасқа қарағанда өтв қуаңшылықты аудандарда өсіругеазбейімделген Транспирациялық коэффициенті 1000-1200. Жайылған суға төзімділігі 10-15 куң ал ойпаң жерлер экотипіне жататын Марусинский 996 сорты 30 сөткеге дейін шыдайды. Көген тамырсыз бидайық жапырақтармен нашар қамтамасыз етілу мен алғашқы кезеңде баяу дамуына байланысты арамшөптерге қарсы төтеп бере алмайды және көген тамырлы бидайыққа мулде қарсы тура алмайтындықтан дақылдың егістігі көбінесе көген тамырлы бидайықпен ластанады.

Жылуға қоятын талаптары жөнінен басқа көпжылдық шөптерден қылтықсыз арпабас пен еркекшөптен айырмашылығыжоқ. Сортаңдау топырақтарда өсе алады, шөптілікге 3-6 жыл сақтала алады, алайда өнімді тіршілігінің ушінші жылынан бастап шөптілік селдірей бастайды.

Себілген жылы нашар дамиды, толық дамуына тіршілігінің екінші жылында жетеді. Бүркемесіз егістікте бірінші жылдың өзінде көптеген өркендер түзеді, ал ерте себілгенде тіпті тұқым өнімін де береді. Тіршілігінің екінші жылында өте күшті турде түптенеді де көптеген генеративті өркендер қалыптастырады және максимальды тұптенуі көктемге сәйкес келеді. Алшынкөкгігі жогары емес. Көктемгі көктегенінен масақтану кезеңіне дейін орта есепен 62-66 күң ал тұқымның пісуіне дейін 85-100 күн қажет.

Қазақстанда аудандастыруға жіберілген көген тамырсыз бидайықтың сорттары:

Карабалыкский 86 - Қарабалық МАТС-да шығарылған Өсімдігі тік түратын, орташа тьғыздықтағы көп сабақты биіктігі100 см-ге жететін бұта қалылтастырады. Қуаңшылыққа орташа төзімді, қыстың суығына төзімді, көктемде және шапқаннан кейін баяу өседі, 1959 (1,7,9,12).Колутонский (Арман) -ҚазАШҒЗИ-да шығарылғаң 1994(1).

Аралас шөптер себу

Еліміздің көптеген аймақтарында бұршақ-астық тұқымдас шөптерді араластыра себу кеңінен қолданылады, муның өзі таза егістікпен салыстырғанда жоғары өнім мен протеин шығымын арттыруды қамтамасыз етеді. Орманды далалық аймақта жоңышқа мен қылтықсыз арпабасты, далалық аймакга жоңышқа мен еркекшөпті араластыра себуге болады.

Бір жылдық шөптер.

Жалпы сипаттамасы.Бір жылдық шөптер-бұл бұршақ және астық тұқымдастар, сонымөн қатар басқа тұкымдастар дақылдарының өнімдері, пішең көк балауса, жайылымдық мал азығың пішендеме, витамин ұнын алу үшін өсіріледі, олар мал азығын өсірудің конвейерлік жүйесінің маңызды компоненті болып табылады.

Олардың ішінде негізгілері астық тұқымдас (қоңыр-бастылар) судан шөбі, итқонақ, қонақтары, куздікқара бидай, сұлы, бұршақ тұқымдас, жаздық сиыржоңышқа, ноғатық, асбұршақ, далалық бұршақ т.б.

Итқонақтың, судан шөбінің 100кгкөкбалаусасында 18-27 а.ә. және 1,5-2,5 кгсіңімді протеин 100 кг пішенінде 46-54 а.е. және 3,6-4,5 кг дейін сіңімді протеин болады. Бұршақ тұқымдас дақылдар бұршақ-астық тұқымдас шөптер қоспасының компоненті ретінде мал азығын протеинмен байытуға мүмкіндік жасайды және азығын сіңімді протеинмен сәйкестендіреді.



Бір жылдық шөптер ретінде себілетін көптеген дақылдарға себуден шабылмалы пісуіне дейінгі кезеңнің ұзақтығы 60-70 күң ал оларды әртүрлі мерзімде себе отырыл букіл жаз бойы көк балауса әнімін жинауға болады. Егістікте бір жылдық және көпжылдық шөптердің болуы мал азығының тұрақты және сенімді қорын жасауды қамтамасыз етеді, өйткені бір жылдары бір жылдық шөптердін жақсы өнімін құрайтың басқа жылдары-көпжылдық шөптер үшін қолайлы жағдайлар қалыптасады.

Айта кету керек, бір жылдық шөптердің өнім дәрежесі әлі кунге дейін төмен болып отыр. Бір жылдық шөптердің орнына өнімі төмен дәнді дақылдарды себуде, оның үстіне агротехника дәрежесі өте төмек топырақты себуге дайындаудың технологиясы, себу мерзімі сақталмайды, тынайтқыш қолданылмайды. Мұның бәрі мал азығын әндірудің осы заманғы-интенсивті бағытына сай келмейді. Ғылыми мекемелер мен озат шаруашылық тар тәжірибелеріне негізделе келіп және біржылдық шөптердің биологиясына сүйене отырып бір жылдық мал азықтық шөптердің өнімін 2-2,5 есе арттыруға болады деген қорытынды жасауға болады.Бұл мәселені шешудің негізгі жолдары-бір жылдық шөптерге дақылдардың арақатынасын өзгерту, барынша өнімділерінің егіс көлемін ұлғайту, бұршақ-астық тұқымдастардың аралас өгістігін кеңейту, агротехника дәрежесін арттыру болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей орманды-далалы, далалы аймақта ең жоғары пішен мен көк балауса өнімін судан шөбі, итқонақ, мал азықтықтары, сұлы береді, ең әуелі мал азықтық бәғыттағы тары, сұлы ж.б. сорттарың бұршақтұқымдастардан сиыржоңышқа, асбұршақты, ал құрғақ дала жағдайында-ноғатықты пайдаланғантиімді. Протеинмен сәйкестендірілген мал азығының жоғары өнімін астық-бұршақ тұқымдас дақылдардың қоспасы береді. Тары тәрізділер-итқонақ пен судан шөбі, сонымен қатар басқа да бір жылдық шөптер жаздың екінші жартысы ылғалды болған жылдар пішеннің жақсы өнімін береді. Барынша ерте мал азығын беретін куздік қара бидәй өсіруге ерекше назараударған абзәл Біржылдық шөптер ретінде бидай мен арпаны өсіру жыртылған жерлерді тиімсіз пайдалануға әкеліп соғады, ейткені бірдей жағдайда бұл дақылдардың пішен өнімі сұлы, судан шөбі т.б. 1,5-2,5 есетемек

Біржылдық шөптердің әрбір түрінің даму режимі болады, сондықтан әр түрлі дақылдардың жайылымдық және шабылмалы пісу мерзімдері бірдей емес. Барлық біржылдық шөптерді бірнеше мерзімде себуге болады, мұның өзі көпжылдық шөптермен және табиғи жайылымдармен қабысып бүкіл вегетациялық кезең бойы шаруашылықтарды шырынды мал азығымен үздіксіз қамтамасыз етеді.

Біржылдық шөптер жаздық бидай, басқа дәнді және дәнді бұршақ, сонымен бірге сүрлемдік дақылдарға жақсы алғы дақыл. Бір жылдық шөптердің ішінде ең жақсы алғы дақылдарға тары тәрізділер жатады, олардан кейін топырақта жақсы пайдалы ылғал қоры қалады.
Студенттің оқытушымен бірге орындалатын өзіндік жұмыс жоспары (СБСӨЖ)
Тақырып. Мал азығын өндіру технологиясы, сақтау және есептеу.

1. Пішенді шашыраңқы пайдаланған шашыраңқы пайдаланбаған және сығымдалған түрде дайындайды.

2.Сығымдалған пішенді дайындау

3.Пішен дайындаудың технологиялық операцияларына мынадай агротехникалық талаптар қойылады

Пішенді шашыраңқы пайдаланған шашыраңқы пайдаланбаған және сығымдалған түрде дайындайды. Пішенді шашыраңқы пайдаланған түрде дайындау барынша кең тараған. Оны дайындағанда шөпті шабу, дестеге жинау, дестелерді аударыстыру, көпенелеу, көпенелерді жинау, оларды тасымапдау, шошаққа және маяға салу жұмыстары жүргізіледі. Шашыраңқы пішенді негізгі екі технологиямен дайындайды: бірінші технология бойынша қажетті ылғалдылыққа дейін дестелерде құрғатылған шөпті тіркемелерге немесе көпенелерге жинайды, сақтау орындарына жеткізіп маялайды. Екінші технологияда пішенді жинап көпенелерге немесе шошаққа үйеді де қыста уақытқа (1-1,5 ай) далада қалдырады. Кейін техниканың босауына қарай көпене немесе шошақтасығыш жабдықтармен мал қораларына немесе сақтау орындарына тасылып, пішен маяланады. Егер танап күзде өңделмейтін болса, немесе табиғи шалғындарда бұл технология дұрысырақ, өйткені, жуық арада малды азықтандыруға жумсалады.

Ауа райы қолайсыз болған жағдайда пішен дайындалғанда құрғатылған көк балусаны, ашық алаңдарда белсенді желдеткіштер, немесе қоймаларда арнаулы қондырғылардың күшімен қыздырылған ауамен қосымша кептіреді.

Сығымдалған пішенді дайындалғанда шөпті шабу, аударыстыру, дестелерге тырмалау, дестелерді жинап сығымдап байлау, теңдар мен рулондарды сақтау орындарына тасымалдау. Қоймада немесе маяда теңдер мен рулондарды қалау, қажет болғанда белсенді желдеткіш әдісімен қосымша кептіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл әдісте қол еңбегі мүлде қолданылмайды, шығын 2-2,5 есе азаяды. Соның нәтижесінде сығымдалған пішеннің сапасы 30 процентке артады,

Пішен дайындаудың технологиясы нақты жағдайға шабындық алқаптардың көлемі, жер бедері және мал фермаларынан қашықтығына байланысты таңдап алынады.

Пішенді кәдімгі төртбұрышты теңдерге байлау технологиясы игерілген.Әсіресе, бұршақ түқымдас пішенді байлау тиімді. Ол үшін далада шөпті тездетіп кептіру әдісі қолданылады. Бұршақ тұқымдас шөптерді жаныштайды, соңынан бір-екі рет аударыстырғаннан кейін массаның ылғалдылығы 28-30% дейін төмендейді, осыдан кейін 20% ылғалдылыққа дейін кептіру үшін тырмалап дестеге салынады, Кептірілген пішенді байлап қалқанның астында сақтайды. Осындай технологияның нәтижесінде жапырақтардың шығыны 3-5 есе азаяды, пішендегі каротин мөлшері 72 мг/кг жетеді, еңбек шығыны 3,4-4,5 адам сағат/тоннаға теңеледі. Орал ауылшаруашылық ғылыми зерттеу институтының зерттеулерінде тайланған пішенде шашыраңқы пішенге қарағанда құрғақ зат мөлшері 1,5 ц/га, протеин 43 кг, каротин 18 г/га артық болды.

Жаншу кезіндегі маңызды шара-цилиндр біліктерді реттеу. Қабаттың қалыңдығы 2 см аспағаны жөн, бұл жағдайда сабақтар 90% жаншылады. Шөп шабатын КПС-5 машина жанышқышында мындай саңылау орнату үшін заводтың орнатқан серіппесін қысқарту керек.

Жанышқыш цилиндр біліктерінің арасындағы саңылау 4-6 см болғанда сабақтар 50-60% ғана жаншылады. Жоңышқа массасы 30-35% ылғалдылыққа дейін дестелер жиналады ПОБ-1,6 байлағыш машинасы қолданылады.

Жиналған масса пішен сарайға тасымалданады және УВС-16А қондырғысының шошақ асты каналына 1-1,5 м қабатпен жазылады, соңынан істеп тұрған желдеткіштің астында пішен қабатын 2 м дейін өсіреді және тоқтаусыз 2 сөтке бойы кептіріледі. Содан кейін келесі қабат 1,5-2 м қалыңдықта салынады да желдетудің күшімен ылғалдылық 25% жеткізіледі, пішен қабаты қайтадан өсіріледі. Ылғалдылығы 35%-тен жоғары массаны қайтадан кептіреді, ал 25-30%-тен төмен пішенді маяға салады. Маяны қалыптастырғанда ауаны беркелкі тарату үшін вертикаль шахталарды толық қолданады.

Пішен кондициялық ылғалдылыққа дейін кептірілген соң шошақ асты каналының қондырғысы маядан алынады да осының есебінен маяның ұзындығы арттырылады, немесе жаңа орынға орнатады.

3.Пішен дайындаудың технологиялық операцияларына мынадай агротехникалық талаптар қойылады.Шөптердің кесу биіктігі далалық табиғи шабындықтарда 4-4,5 см, су жайылған шалғындарда, біржылдық және көпжылдық екпе шөптерде 5-6 см, көпжылдық шөптердің бірінші тіршілік жылында 8-9 см.

Шабылған шөпті аударыстырғанда жас көк балауса жоғары қабатқа, ал құрғақ пішен төмен аударылуға тиіс. Аударыстыру саны ауа райына, ауаның ылғалдылығына, желдің жылдамдығына және шөптердің өнімділігіне байланысты. Дестеге жиналатын массаның ылғалдылығы 50-45% шамасында болу керек. Егер шөптерді әрі қарай сығымдап байламаса немесе кепенелегіштермен жинамаса онда дестелердің ені 1,5 м аспағаны жөн

Көпенелеу мерзімінде массаның ылғалдылығы 30-33% аспағаны дұрыс, көпенелерде оны 20-22% кептіреді. Ұсақталып жиналатын массаның ылғалдылығы 35-45%, ал ұсақталған бөліктердің ұзындығы 8-12 см болады.

Пішенді ылғалдылығы 22-24% болғанда сығымдап байлайды. Сығымдалған пішеннің тығыздығы массаның ылғалдылығына қарай 100-200 кг/м2деңгейінде реттеледі

Соңғы жылдары еркекшөп пішенін дайындағанда төмендегідей технология өзін жақсы ақтады. ЖВН-6 жаткасымен жабдықталған комбайнмен массаны дестеге шабады да, кептірілген дестелерді желдеткіш орнатылған комбайнмен тіркемелерге артады. Бұл технология аударыстыру мен тырмалаудан аластатылуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда пішенде жапырақтар жақсы сақталады және ол топырақ пен және тастармен ластанбайды. Дайындалған пішен бірден сақтау орындарына-пішен сарайға жеткізіледі.

Пішенді алыс қашықтықта дайындағанда пішен танаптың шетіне түсіріледі, ал соңынан арнаулы жабдықталған ПТС-9 және ПТС-12 тіркемелеріне артылып К-700, К-701 тракторларымен тасымалданады.

Шөп шабуға КНФ-1,6, КОФ-2,15, КСГ-2,1, Ксп-2,1А, КРН-2,1М, КДП-1,6, КТП-6,0, КМБ-6, КПП-2; КПП-3 және СКП-10 машиналары пайдаланылады. Шөпті кептіру процесін жеделдететін тиімді әдістердің бірі-КПРН-3,0М, КПС-5Г, Славянка және Е-301 жаныштағыш шөп шабатын машиналармен шөптерді шапқанда бір мерзімде олар жанышталады шөптерді аударыстыруға және тырмалауға ГВК-6А, Г6К-6Г



ГПН-6 және ГП-14А тырнауштары, жаңа ГВР-6; ГП-6 машиналарымен жаныштағыш-шөп машиналарына қосымша КПС-5Г десте жасағыштар қолданылады.

Ауа райының қолайсыз жағдайларында шөптерді ашық алаңдарда немесе қалқаларда УВС-10М, УВС-16 және УДС-300 қондырғыларымен белсенді желдету әдісімен кептіреді.

УВС-10М қондырғысын негізгі тораптарына шошақ асты канал, электр жүргізгішті желдеткіш және басқару пульті жатады. Шошақ-астық канал конус тәрізді үш секциялы конструкция болып табылады. Жұмыс жағдайында каналдың ауа өткізетін артқы бөлігі көтеріңкі күйде болады, ал оны маяның астынан суарады, кептіру аяқталғаннан соң канал төмен түсіріледі.

УВС-16 қондырғысы конструкциясы бойынша УВС-10М қондырғысына ұқсас, алайда оның шошақ асты каналы ұзынырақ, желдеткішінің еңбекөнімділігі жоғары және қосымша тағы бір желдеткіші бар. Соңғысы шошақ асты каналды шығарғаннан кейін құрғатылған шөпті кептіру үшін пайдаланылады.

Сығымдалған пішенді дайындауға ПС-1,6М, ПС-1,6Г, К-453 пішен байлауыш машиналарың ГУТ-2.5А теңдері ірікгегіш қалағыш-тіркемесің ПТН-4ірікгегіш-жүктиегіш, МТ-1 ірікгегіш-лақтырғыш, ППБ-Ф-3 тиегіш құралын, ТШН-2.5А аспалы үйінді қабырларынтасымалдағыш машиналарын пайдаланады.

Тексеру сурактар-1.Әр түрлі пішен дайындау технологиясы (шашыраңқы,ұсақталған, белсенді желдетуді қолдана отырып, сығымдап).


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

5В080100 Агрономия мамандығының студенттері үшін



«Мал азығын өндіру және дайындау технологиясы»

пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған



Мазмұны




Кіріспе




1

Өсімдіктердің және мал азығының құндылығын бағалау


1

2

Көпжылдық мал азықтық астық тұқымдас шөптердің жалпы морфологиялық биологиялық және шаруашылық сипаттамасы.

4

3

Көпжылдық мал азықтық астық тұқымдас шөптердің жалпы морфологиялық биологиялық және шаруашылық сипаттамасы.


8

4

Коңырбас(Астық) тұқымдас тобының негізгі мал азықтық шөптер түрінің морфологиялық сипаттамасы.

10

5

Астык тұкымдас шөптердін биолого-экологиялык және шаруашылық сипаттамасы.


14

6

Астық тұқымдас шөптердің тұқымдары.


17

7

Бұршақ тұқымдас тобының негізгі мал азықтық шөптер түрінің морфологиялық, экологиялық және шаруашылық сипаттамасы.


20

8

Бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдары.


22

9

Әр түрлі шөптер тобының негізгі мал азықтық шөптер түрінің морфологиялық, экологиялық және шаруашылық сипаттамасы.

22

1

Жайылымдағы улы және зиянды өсімдіктер


24

11

Табиғи мал азықтық жерлер, шабындық және жайылым жағдайын бағалау,жіктеу және есепке алу.

25

12

Шабындық пен жайылымдарда жер отылығының өнімділігі мен сапасын анықтау.

28

13

Жайылым өнімі мен өнімділігін анықтайтың зоотехникалык әдіс.

30

14

Шабындықты тиімді пайдалану жүйесі.


31

15

Қомақты мал азығын есептеу және сақтау.


34

16

Маусымды жайылым үйымдастыру және пайдалану проектісін жасау .

35

17

Колданылған әдебиеттер.

37

Мамандығы: 5В080100 «Агрономия»


Пән ««Мал азығын өндіру және дайындау технологиясы»



Техникалық дақыл жұмыстары-бұл:

  1. тың шым жырту

  2. бұталар тазарту

  3. дренажды суландыру

  4. көпжылдық шөптерді себу

  5. лиманды суландыру






Шалғындық арамшөптер:

  1. сиверса жусаны

  2. бетеге

  3. ақ беде

  4. кәдімгі тарғақшөп

  5. ақ түйежоңышқа



Шалғынды жасарту:

  1. дискілеу

  2. жерді аудара жырту

  3. құрғату

  4. топырақты тышқан ініндей жыралау

  5. лиманды суға батыру






Далалық аймақта көпжылдық шөптерді егудің оптималды мерзімі:

  1. көктемгі

  2. ерте көктемгі

  3. жазғы

  4. күзгі

  5. қысқы



Кұрделі гүлдер тұкымдас өсімдіктер кандай топка жатады:

  1. Қонырбас

  2. аралас

  3. бұршақ

  4. кияқөлен

  5. улы






Улы өсімдіктер

  1. Қара мендуана

  2. түйежонышка

  3. жантақ

  4. астрагал

  5. мия






Эфемерлер топка жатады өсімдіктері кандай?

  1. өте ерте пісетін

  2. ерте пісетін

  3. орташа пісетін

  4. орташа немесе тез пісетін

  5. кеш пісетін






Шабу кезіндегі ең жақсы энерго-сақтаушы технологияны көрсет:

  1. шөпті шауып жаныштауыш (Е-281)

  2. шөпті шауып ұсақтау (КИР-1,5)

  3. жаткамен дискілеу (ЖВН-6)

  4. шөп шапқыш (КС-2,1)

  5. роторлы шөп шапқыш






Қай фазада бұршақ тұқымдас шөптерде протеин құрамы көп болады?

  1. бітеу гүлдеу (бутонизация)

  2. гүлдеу алдында

  3. толық гүлдеу

  4. жеміс түзілу

  5. тұқымның толық пісуі

10.

Қай фазада каротин көп болады?


  1. сабақтану

  2. бітеу гүлдеу

  3. гүлдену алдында

  4. толық гүлдену

  5. жеміс түзуінде

11.

Көп жылдық астық шөптерге жататын өсімдік:


  1. Еркек шөп

  2. Жонышка

  3. түйежонышка

  4. қызыл беде

  5. эспарцет

12.

Отава бұл:


  1. құрғақ аңғар алаңдарының шөбі

  2. қайта шабу шөптері

  3. аралас шөптерден жасалған сүрлем

  4. жем-шөп дақылдарының сабаны

  5. құрғатылған картоп сабағы

13.

Сүрлем негізінде консервілеу әдісіне жатады:


  1. анаэробты жағдайларда жұмсартылған шөп

  2. сүтті қышқыл ашуы

  3. биомассаның абсолютті сусыздану әдісі:

  4. ауа құрғақшылығына дейін құрғату

  5. активті вентильдеу

14.

Жарма бұл:


  1. брикетирленген құрғатылған биомасса

  2. сұлыдан пішенді масса, бидайдың балауыздану фазасынан алынған

  3. орамдағы шөп

  4. тығыздалған шөптен бастап мая, сабанмен аяқталған

  5. судандық шөптен құралған сүрлем

15.

Жүгерінің сүрлемге салынуының оптималды ылғалдылығы:


  1. 45-50%

  2. 55-60%

  3. 20-30%

  4. 70-75%

  5. 35-40%

16.

Шалғындағышымтүзілупроцесініңалғашқыстадиясыныңқұрастырылуы:


  1. жусанды арамшөптер

  2. тамыр сабақты

  3. ауыспалы-тыңайған

  4. тыңайған

  5. астыңғы

17.

Орманды-далалы аймақтың ерекшелігі:


  1. ауыстырылған аймақ

  2. ұсақ ормандар

  3. тыңайған жерлердің бар болуы

  4. көптеген жыралар

  5. құмды

18.

Шалғындағы шым түзілу процесінің соңғы стадиясының құрылуы


  1. шымды-күлгін

  2. лиманды-аралас шөптер

  3. тығыз-бұталы

  4. астыңғы-бұтақты

  5. томарлы

19.

Далалы аймақтың ерекшеліктері:


  1. бұтақтар мен ормандардың болуы

  2. пайданылмайтын жерлер

  3. сұр орманды топырақ

  4. ормандардың болмауы

  5. жауын-шашын көпшілігі

20.

Қай өсімдіктер дәруменді-шөпті ұнға жарамды:


  1. қоңырбас

  2. көк жоңышқа

  3. арпабас

  4. еркекшөп

  5. бидайық

21.

Тыңайған жерлер өсімдігі тың дала өсімдігіне жақындағанда:


  1. 5 жылдан кейін

  2. 10 жылдан кейін

  3. 11-15 жылдан кейін

  4. 20 жылдан кейін

  5. шымды дәнді дақыл тамырлануынан кейін

22.

Шөлейт аймақтар ерекшеліктері:


  1. тыңайған және тың жерлер

  2. қаратопырақты типті

  3. лиманды шөп шабу болуы

  4. ашық-қоңыр және сор топырақтар

  5. өзендер мен ұсақ көлдердің көп көлемді жиналуы

23.

Шалғындық бетеге бұл:


  1. үстіңгі тамырсабақты дәнді-дақыл

  2. үстіңгі борпылдақ түпті дәнді-дақыл

  3. көпжылдық тығыз бұтақты төменгі дәнді-дақылдар

  4. көпжылдық жартылай бұталы

  5. көпжылдық өсімдіктер, ормандарда өседі

24.

Сары түйежоңышқа қалай сипатталады:


  1. көпжылдық дәнді-дақыл

  2. төменгі жайылымды өсімдік

  3. тығыз түпті көпжылдық өсімдік

  4. бағалы дәрілі екіжылдық өсімдік

  5. қияқөлең тұқымдастар өсімдігі

25.

Ақ беде:


  1. жоғары көпжылдық дәнді дақыл

  2. шабындық өсімдігі

  3. бұршақ тұқымдастарына жататын көпжылдық жайылым шөбі

  4. шөлейт өсімдігі

  5. күрделі гүлділер тұқымдасына жататын құрғақшылыққа төзімді өсімдік

26.

Изен (прутняк, кохия):


  1. көпжылдық шөптесін жоғарғы дәнді дақыл

  2. көпжылдық жартылай бұта

  3. орманды дала аймағындағы зиянды өсімдік

  4. тамыр сабақты дәнді дақыл, жоғары өсімдік

  5. көлдетіп суару аймағындағы негізгі өсімдік

27.

Шалғындық түлкіқұйрық:


  1. көпжылдық тығыз бұталы ойпатты дәнді дақыл

  2. көпжылдық тамыр сабақты жоғары дәнді дақыл

  3. ұзақ жылдық шабынжық және жайылымдық өсімдік

  4. құрғақшылық дала аймағындағы көпжылдық бұршақ өсімдік

  5. ірі қара малға зиянды өсімдік

28.

Шалғын түсінігі:


  1. пішенге егілген біржылдық шөптер

  2. жыл сайын мал жайылуына арналған сай-салалық жерлер

  3. жартылай ылғалды жағдайдағы көпжылдық шөптердің қоспасы

  4. көп уақыт су басқан өзен жағасы

  5. таулы аймақтағы қорық

29.

Екі жылдық өсімдік:


  1. қызыл беде

  2. ақ селеу

  3. сары түйе жоңышқа

  4. көк жоңышқа

  5. көкшіл жусан

30.

Жатаған өркенді бұршақ тұқымдасы:


  1. ешкі жоңышқа

  2. мүйізді пышан

  3. шалғындық түлкіқұйрық

  4. ақ беде

  5. көкшіл жусан

31.

Жайылымға төзімді өсімдік:


  1. қызыл шалғынды бетеге

  2. ақ түйе жоңышқа

  3. құмды эспарцет

  4. ақ алабұта

  5. тамырсабақсыз бидайық

32.

Бұршақ шөптерінен дайындалған пішендегі белог құрамы, төменгі шегі, %


  1. 8-14

  2. 6-8

  3. 30-40

  4. 2-4

  5. 50-ден жоғары

33.

Табиғи шөптердегі клетчатка құрамы, %


  1. 5-10

  2. 11-15

  3. 16-20

  4. 33-ке дейін

  5. 50-ден жоғары емес

34.

Үстіңгі дәнді дақылдардың жоғарғы рационалды қолданылуы:


  1. жайылымға

  2. дәрілік мақсатқа

  3. пішенге

  4. сүрлемге

  5. ұзақжылдық жайылымға

35.

Батпақты алаңдағы негізгі өсімдік:


  1. көкшіл жусан

  2. лессинг бозы

  3. шалғындық бетеге

  4. өлеңшөп

  5. мүйізді пышан

36.

Шалғынды шөптерді орудағы қолайлы биіктік:


  1. 0-2

  2. 4-6

  3. 8-10

  4. 12-14

  5. 18-20

37.

Пішендеме массасына қолайлы ылғалдылығы, %


  1. 80-85

  2. 70-75

  3. 60-65

  4. 20-25

  5. 45-55

38.

Жартылай бұта:


  1. ақ түйе жоңышқа

  2. қызыл беде

  3. изен (прутняк)

  4. шалғындық бетеге

  5. жатаған бидайық

39.

Пішендеме негізінде консервілеудің қандай әдісі қолданылады:


  1. сүт қышқылы ауы

  2. биомассаның толық сусыздану әдісі

  3. анаэробты жағдайда сақтау

  4. құрғақ ауа түріне дейін кептіру

  5. белсенді желдету

40.

Фрезирлеу қолданылады:


  1. батпақты жерлерді құрғату

  2. тыңайтқыш енгізу мақсатымен

  3. үстіңгі қабатты ұсақтау

  4. күрделі шөп қоспасын егу

  5. арық жуйесін құру

41.

Көпжылдық бұршақ шөптерді орудың ең соңғы кезеңі немесе жайылымға қолдану:


  1. 20 шілде

  2. 30-31 шілде

  3. 10 тамыз

  4. 30 тамыз

  5. 10 қыркүйек

42.

Бір азықтық өлшемде оптималды протеин мөлшері, г:



  1. 60-70

  2. 80-85

  3. 90-95

  4. 100-ге дейін

  5. 105-110

43.

Шөп ұнын қолдану:


  1. рационға дәруменді ақуызды қосу үшін

  2. сүрлемдеу процесін тездету үшін

  3. сол күйінде азықтандыру

  4. ветеринарлық мақсатта

  5. жасыл массамен азықтандыру кезінде

44.

Тегістей томарланған батпақты жерде тамырлап түптей жақсартуда қолданылады:


  1. бұтақкескіш тракторлар

  2. түбір қопарғыш машиналар

  3. қайырма соқалар

  4. фрезерлеу

  5. бульдозерлер

45.

Лимандық суару жүйесі-бұл:


  1. ол жерлерді уақытша суға бастыру

  2. жерасты суарғыш типтерінің кескіні

  3. жауындатқышты қолданып суару

  4. суару арықтарының тереңдігі 0,5м жүйе

  5. жерүсті және жерасты суарғыштардың комплексі

46.

Жер үстін жоспарлау-бұл:


  1. тісті тырмамен тырмалау

  2. топырақты бульдозермен жылжыту

  3. тастардан тазарту

  4. бөгеттеу

  5. дискілеу

47.

Ксерофиттер:


  1. ақ беде

  2. бетеге

  3. қияқ өлеңшөп

  4. көк жоңышқа

  5. көген тамырлы бидайық

48.

Ұзақ суасты жағдайына төзімді:


  1. ақ және сары түйежоңышқа

  2. батпақ ноқаты

  3. көкшіл жусан

  4. боз ақселеу

  5. еркекшөп

49.

Қай өсімдік басқаларға қарағанда галофиттерге (тұзды ұнататын) жақын:


  1. жатаған бидайық

  2. сиверс жусаны

  3. изең

  4. көк жоңышқа

  5. боз ақселеу

50.

Улы өсімдіктер:


  1. жантақ

  2. түйе жоңышқа

  3. астрогал

  4. қара меңдуана

  5. мия

51.

100%-ды шаруашылық жарамдылығындағы жоңышқаның себу нормасы:


  1. 11-12 кг

  2. 15-17кг

  3. 3-5 кг

  4. 20 кг

  5. 8-10 кг

52.

Ауыл шаруашылық өнімінің сапасын төмендететін өсімдік:


  1. қара меңдуана

  2. үй бидайық

  3. шытырмақ

  4. дала шалфейі

  5. құмды мүйіздік

53.

Жануарлардың орталық жүйке жүйесін зақымдайтын өсімдік:


  1. арпабас

  2. ащы жусан

  3. жабайы пияз

  4. у балдырған

  5. тырса

54.

ГОСТ бойынша І класс шөбінде арамшөп қоспасы қанша пайызға дейін болмайды:


  1. 5-дейін

  2. 10-дейін

  3. 3-дейін

  4. 1-дейін

  5. 4-дейін

55.

Жоңышқаның, түйежоңышқаның, арпабастың тазалығын анықтағанда үлгінің мөлшері қанша болады:




  1. 25г



  2. 10г


56.

Эфемерлерге жататын өсімдіктер:


  1. Лессинг, ақселеу

  2. шалғындық бетеге

  3. еркек шөп

  4. қылтанақсыз арпабас

  5. шалғындық қоңырбас

57.

Қай өсімдікті жапырақтануына байланысты жартылай үстіңгі өсімдіктерге жатқызуға болады:


  1. кәдімгі субидайық

  2. кәдімгі тарғақ шөп

  3. қылтанақсыз арпабас

  4. жал тәрізді еркекшөп

  5. шалғындық атқонақ

58.

Қай өсімдіктің гүлшоғыры масақты:


  1. жайылымдық райграс

  2. шалғындық бете

  3. шалғындық түлкіқұйрық

  4. шисабақ қоңырбас

  5. кәдімгі тарғақшөп

59.

Қай өсімдік көктемгі су басуға төзімді:


  1. кәдімгі тарғақшөп

  2. кәдімгі субидайық

  3. шалғындық бетеге

  4. шалғындық атқонақ

  5. ұзын райгрес

60.

Эспарцет жапырақтарының типтері:


  1. қауырсынды

  2. қос қауырсынды

  3. қос қауырсынды емес

  4. таяқшалы күрделі

  5. үшбұрышты

61.

Қай өсімдіктің гүлшоғыры кәдімгі шатыршагүл болып табылады:


  1. егістік жоңышқа

  2. мүйізді пышан

  3. ақ түйе жоңышқа

  4. қызыл беде

  5. шалғындық ноқат

62.

Көрсетілген сорттардың қайсысы жоңыщқаға жатады?


  1. Восточно-казахстанкий

  2. Альшиевский

  3. Казахстанская раннеспелая

  4. Кокше

  5. Кормовое 66

63.

Сирек түпті дәнді дақыл өркенінің түйіні қандай тереңдікте орналасқан:


  1. 1-5см

  2. 5-20см

  3. 1-2см

  4. 2-6см

  5. 0-1см

64.

Құрғақ алабұта тұқымдасына қай өсімдік жатады:


  1. қатты сораң

  2. сексеуіл

  3. құм ебелегі

  4. ерте өлең

  5. қоңырбас

65.

Көптеген улы өсімдіктер қай тұқымдасқа жатады:


  1. сабынкөктер

  2. күрделі гүлділер

  3. алабұта

  4. сүттігендер

  5. аралас гүлділер

66.

Қай өсімдіктің гүлшоғыры кәдімгі шатыршагүл болып табылады:


  1. тікенді лотус

  2. жонышка

  3. ақ түйе жоңышқа

  4. қызыл беде

  5. шалғындық ноқат

67.

Қай өсімдік фитомелиорант болып табылады:


  1. жоңышқа

  2. еркекшөп

  3. түйе жоңышқа

  4. түлкімасақ

  5. беде

68.

Көрсетілген сорттардың қайсысы эспарцетке жатады?


  1. Песчаный улучшенный

  2. Кокше

  3. Казахстанская раннеспелая

  4. Альшевский

  5. Кормовое 66

69.

Бірінші классты түйежоңышқа егуге арналған тұқым сапасына қарай өнгіштігін анықта:


  1. 60 %

  2. 80%

  3. 85%

  4. 90%

  5. 75%

70.

Шөп анализінің орташа үлгісі қанша болу керек:


  1. 10кг

  2. 5кг

  3. 2кг

  4. 3кг

  5. 6кг

71.

Қант қызылша,тарна, сәбіз кандай табына жататын дақылдар


  1. Тамыржемістілер

  2. Сүрлемдік дақылдар

  3. Бір жылдық шөптер

  4. Көп жылдықастық шөптер

  5. Аз тараған дакылдар

72.

Шөп ұнының ылғалдылығы құрғатқаннан кейін қандай болу қажет:


  1. 15-20%

  2. 10-15%

  3. 8-14%

  4. 20-25%

  5. 25-30%

73.

МСТ бойынша 1 классты шөпті дәруменді ұнда ішкі протеин құрамы қанша?


  1. 20 % кем емес

  2. 15 % кем емес

  3. 30 % кем емес

  4. 10 % кем емес

  5. 8% кем емес

74.

Бұршақ шөптерден шөпті ұн алу үшін қай фазада шабу керек:


  1. гүлдену басында

  2. жемсістену басында

  3. гүлдену аяқталғанда

  4. бітеу гүлдеу

  5. жемістену аяқталғанда

75.

Егістік жоңышқа тұқымының түсі қандай:


  1. қоңырқай – жасыл

  2. күр – қоңыр

  3. қара қоңыр

  4. сары – жасыл

  5. сұр – жасыл

76.

Орташа ылғалдану жағдайында өсетін өсімдіктер


  1. гигрофиттер

  2. Ксерофиттер

  3. мезофиттер

  4. Галофиттер

  5. Псаммофиттер

77.

Бағалы аз жем шөпті қатынаста дәнді-дақыл және бұршақ шөптердің қандай процентінде үстіңгі жақсарту жүреді:


  1. 40% кем емес

  2. 30% тең

  3. 10 %

  4. 25 %

  5. 50 %

78.

Сортаңдарға гипс енгізу мөлшері қанша:


  1. 10 – 20т дейін

  2. 20 – 30т дейін

  3. 1 – 3т дейін

  4. 10 – 15т дейін

  5. 2 – 8т дейін

79.

Құрғақ далалы аймақта қандай шөптер егу тиімді:


  1. ақ беде, мүйізді пышан

  2. егістік жоңышқа, түйежоңышқа, түлкі құйрық

  3. бетеге, гибридті жоңышқа

  4. шалғындық итқонақ, қызыл беде

  5. жима тарғақшөп, құмды эспарцет

80.

Қай өсімдік бұршақ дәнді-дақыл тобына жатады?

Кызыл беде

Лессинг ақселеу

бетеге


шисабақ қоңырбас (тонконог)

бидайық
81.

қай өсімдік жпырақтануына байланысты жоғарғы дәнді-дақыл өсімдіктеріне жатады?

сібірлік еркее шөп

шалғындық қоңырбас

шалғындық түлкіқұйрық

алып (гигантский)

қызыл бетеге


82.

Сарғалдақ тұқымдастар өсімдіктері қандай топка жатады

Қонырбас

улы


зиянды

Кияқөлең


Бұршақ
83.

Жүгері, шай жүгері кандай табына жататын дақылдар

Көп жылдық астық шөптер

Тамыржемістілер

Бір жылдық шөптер

Сүрлемдік дакылдар

Аз тараған дакылдар
84.

Шырынды азық құрамында су мөлшері:

40 % дейін

80 % дейін

60-65 %

70-80 %


90 % дейін
85.

ГОСТ бойынша 1 классты шөпті ұнның құрамындағы каротин мөлшері:

500 мг

350 мг


250 мг

180 мг


150 мг
86.

Түйіршіктенген азықтардағы 1 азықтық өлшем мөлшері:

0,5-0, 6 к.е.

0,75-0,9 к.е.

0,4-0,5 к.е.

0,6-0,75 к.е.

0,3-0,35 к.е.
87.

Көпжылдық шөптердіжасанды құрғатуда каротин шығуы дәстүрлі технологиялық азық дайындылармен салыстырғанда қанша есе өседі?

2-3 рет

4

10



5-7

3-4
88.

Брикеттеу кезінде егінді жинау қай фазада жүргізілуі керек?

сүттене пісу

балауызданып пісу

гүлдену


масақтану

түптену
89.

Жануарлардың орталық жүйке жүйесін зақымдайтын өсімдік:

арпабас


ащы жусан

жабайы пияз

үй бидайық

у балдырған


90.

Көпжылдық шөптер тұқымын сусымалылығы жағынан неше топқа бөлуі керек?

2

5

4



3

6
91.

Топинамбур,ешкі бұршақ,аюбалдырған кандай табына жататын дақылдар


  1. Сүрлемдік дақылдар

  2. Тамыржемістілер

  3. Бір жылдық шөптер

  4. Аз тараған дакылдар

  5. Көп жылдықастық шөптер

92.

Аралас шөпті өсімдіктер топтарының қайсысы тамырсабақтыларға жатады?


  1. кәдімгі мыңжапырақ

  2. жатаған сарғалдақ

  3. батпақтық тікенқурай

  4. қазтабан

  5. күзгі күлбаба

93.

Қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер


  1. Мезофиттер

  2. Гигрофиттер

  3. Галофиттер

  4. Ксерофиттер

  5. Псаммофиттер

94.

Төменгі шөптердің шөп тығыздығының ұзындығы:


  1. 0,4-1 м

  2. 0,4 м дейін

  3. 0,5-0,8

  4. 1 м аса

  5. 0,3 м кейін

95.

Қандай оптималды температурада көпжылдық шөптердің ьұқым өнгіштігі мен энергиясын аңықтайды?


  1. 18-20

  2. 19

  3. 20-25

  4. 19-20

  5. 17-18

96. Тұқым өсу энергиясы деген не?



  1. бірінші 7-10 күнде (%) өсіп шыққан тұқым саны

  2. 3-4 күнде

  3. 5-6

  4. 1-2

  5. 10 күнде

97.

Тұқым тазалығын аңықтағанда жалған сор фракциясына не жатады?


  1. арамшөп тұқымы

  2. әлсіз тұқым

  3. механикалық жарақаттанған тұқым

  4. тастар

  5. піспеген тұқым

98.

Қандай біржылдық дәнді-дақылды жетіспейтін жасыл азық алу үшін жасыл конвейерде қолдануға болады?


  1. азықтық жарма, суданка, могар

  2. бидай, сұлы

  3. түйежоңышқа, жоңыщқа, эспарцет

  4. ерекшөп, қоңырбас, бидайық

  5. жаздық рапс, түлкіқұйрық, қоңырбас

99.

Жайылым ауыртпашылығы қай формуламен аңықталады?


  1. Н=У/(К*Д)

  2. Н=К/(У*Д)

  3. Н=Д/(П*У)

  4. Н=Д/У

  5. Н=П/(У*Д)

100.

Кара мендуана өсімдіктері қандай топка жатады


  1. Қонырбас

  2. улы

  3. зиянды

  4. Кияқөлең

  5. Бұршак

101.

Шикі протеин деген не?


  1. азотты қосылыстардың қосындысы

  2. азотсыз қосылыстар

  3. азотсыз экстрактивті заттар

  4. майлар

  5. крахмал

102.

: Көрсетілген сорттардың қайсысы түйежоңышқаға жатады?


  1. Восточно-казахстанкий

  2. Кокше

  3. Альшевский

  4. Казахстанская раннеспелая

  5. Кормовое 66

103.

Көпжылдық топтар ішіндегі өсімдіктер:


  1. түйежоңышқа

  2. қылтықсыз арпабас, ерекшөп

  3. көк жоңышқа, шалғынды итқонақ

  4. мүйізді пышан,

  5. шалғындық бетеге

104.

Шөптің қай кезеңінде мал жайылымы аяқталады?


  1. түптену

  2. көктеу

  3. пісіп жетілу

  4. жеміс түзу

  5. гүлдену

105.

біржылдық өсімдіктер:


  1. бір жерде көп рет өседі

  2. тіршілік циклі бір вегетациялық кезеңде өтеді

  3. діңі болмайды

  4. жерден жоғары жақын бұтақтанады

  5. бұғылармен жақсы желінеді

106.

Желінгіштік коэффициенті:


  1. азықтық бірлік саны

  2. ақуыз құрамы

  3. азықтың малмен желінген проценті

  4. каротин құрамы

  5. азотсыз қосылыстар

107.

Судан шөбі, итконак кандай табына жататын дақылдар


  1. Сүрлемдік дақылдар

  2. Тамыржемістілер

  3. Көп жылдықастық шөптер

  4. Аз тараған дакылдар

  5. Бір жылдық шөптер

108.

Табиғи мал азықтыз жерлерге зерттеу жүргізгенде қандай құжат толтырылады?


  1. тұқымға құжат

  2. апробация акті

  3. тұқым күәлігі

  4. инвентаризациондық ведомость

  5. есептен шығару акті

109.

Томар және су жайылма шалғынды далалық зонада қанша шөп түрлерінен шөп қоспасы құрайды?


  1. 4-5

  2. 3-4

  3. 4-6

  4. 2-3

  5. 10 жақты

110.

Дәнді дақылдар тобына қандай туыстықтар жатады?


  1. Compositae

  2. Fabaceae

  3. Poaceae

  4. Cxenopjdiaceae

  5. Cruciferae

111.

Үстінгі бетін жақсарту:


  1. Табиғи шымның толық бұзылуы

  2. Табиғи шымның бұзылуы

  3. Тыңайтқыштарды еңгізу

  4. арамшөптерді еңгізу

  5. арамшөп өсімдіктерімен күресу

112.

Жай шөп қоспасы?


  1. 5 түрлі шөп

  2. 1-2 түрлі шөп

  3. 1 түрлі

  4. 3-тен 5 түрлі дейін

  5. 10 шақты шөп түрлі

113.

Шөп шабуға қандай шөп қоспасының түрлерін қолданылады?


  1. күрделі

  2. жай

  3. орташа

  4. 5 түрлі шөптен

  5. 4 түрлі шөптен

114.

Тамырдың жақсаруы бұл - :


  1. табиғи шымның толық бұзылуы

  2. техникалық дақылдар шараларын жүргізу

  3. тыңайтқыштарды еңгізу

  4. табиғи шымның бұзылуы

  5. саңылаулау жүргізу

115.

Ауыр шөп қоспасы:


  1. шөптің 5 түрден астамы

  2. 3-тен 5 түрге дейін

  3. 1-2 түр

  4. 1 түр

  5. 1 түрден көбірек

116.

Лиманды суландыру:


  1. жаңбырлату

  2. суландыру беткі тәсілі

  3. жайылым жерлерді уақытша су басу

  4. топырақ асты суару

  5. қар тоқтану

117.

Беде гүлшоғырының типі:


  1. сіпсебас

  2. масақ

  3. жалған масақ (султан)

  4. шашақ гүл шоғыры

  5. шоқпарбас гүл

118.

Борпылдақтүрлі өсімдік:


  1. қылтанақсық арпабас

  2. көк жоңышқа еркекшөп

  3. еркекшөп

  4. түйежоңышқа

  5. мүйізді пышан

119.

Дәнді-дақылдар қай фазада дистерлейді?


  1. көктеу

  2. жеміс түзу

  3. бітеу гүлдеу

  4. масақтану

  5. түптену

120.

Далалық аймақта жаылым кезңінінң ұзақтығы:


  1. 100-120

  2. 130-140

  3. 160-170

  4. 180-200

  5. 210-220

121.

Шөпті дестерлеу биіктігі:


  1. 6-12 см

  2. 2-4 см

  3. 10 см

  4. 4-6 см

  5. 6-7 см

122.

Емдік шөптер:


  1. бетеге

  2. түлкімасақ, астрагал

  3. түйежоңыщқа

  4. еркекшөп

  5. далалық шырмауық

123.

Шөпті қанша ылғалдықта жинайды?


  1. 16-17 %

  2. 50-55 %

  3. 20 %

  4. 12 %

  5. 25-30 %

124.

Бір загонға түскен күн саны:


  1. 3 күн

  2. 5

  3. 6

  4. 10

  5. 2 күн

125.

Тығыз түпті дәнді-дақылдар:


  1. 1-2 см топырақ бетіндегі түптену түйіні

  2. 5-20 см тереңдікте

  3. 1-5 см тереңдіктегі түптену түйіні

  4. бұтақтану

  5. топырақта терең

126.

Жақсы отавналы дәнді-дақылдар:


  1. егістік бетеге, шаолғындық қоңырбас

  2. еркекшөп

  3. тамырсабақсыз бидайдық

  4. эспарцет

  5. жатаған бидайық

127.

Азыққа алынатын шөп егістінің тәсілі:


  1. кеңқатарлы

  2. айқас

  3. қатарарлық

  4. қатарлы

  5. жамылғы

128.

Тамырсабақты дәнді-дақылдар бұл - :


  1. 1-2 см топырақ тереңдігінде орналасқан түптену түйіні

  2. 5-20 см топырақ тереңдігінде орналасқан

  3. топырақ тереңінде

  4. топырақ бетінде

  5. 1-5 см топырақ тереңдігінде орналасқан түптену түйіні

129.

Жасыл азықтық біркүндік қажетсінуі (КРС 1 жылғы жас мал):


  1. 6-8 кг

  2. 40-75 кг

  3. 30-40 кг

  4. 15-25 кг

  5. 10-15 кг

130.

Мезофиттер:


  1. құрғақ дала өсімдігі

  2. орташа ылғалды аудан өсімдігі

  3. ылғалды аудан өсімдігі

  4. 1 жылдық өсімдік

  5. көпжылдық өсімдік

131.

Пішенге салу алдында бұршақта шөптер мына ылғалылыққа дейін қажет:


  1. 50 %

  2. 45-55 %

  3. 60 %

  4. 70 %

  5. 30 %

132.

Көрсетілген сорттардың қайссысы түйежоңыщқаға жатады?


  1. Восточно-казахстанкий

  2. Кокше

  3. Казахстанская раннеспелая

  4. Альшевский

  5. Кормовое 66

133.

Жоғарғы дәнді-дақылдар:


  1. кәдімгі тарғақшөп

  2. малғындық райграс

  3. бетеге

  4. қызыл бетеге

  5. шалғындық райграс

134.

Ксерифиттер:


  1. құрғақ дала өсімдігі

  2. орташа ылғалды аудан өсімдігі

  3. ылғалды аудан өсімдігі

  4. 1 жылдық өсімдік

  5. көпжылдық өсімдік

135.

Қылтанақсыз арпабастың латынша аты:


  1. Bromus inermis

  2. Agrostis alba

  3. Vicia ccrfccf

  4. Mellilotus albus

  5. Agropiron repens

136.

Төменгі дәнді-дақылдар бетеге:


  1. бетеге

  2. қылтанақсыз арпабас

  3. кәдімгі тарғақ шөп

  4. шалғындық атқонақ

  5. шалғындық түлкіқұйрық

137.

Гигрофиттер:


  1. құрғақ дала өсімдігі

  2. орташа ылғалды аудан өсімдігі

  3. ылғалды аудан өсімдігі

  4. 1 жылдық өсімдік

  5. көпжылдық өсімдік

138.

Қандай өсімдіктер зияндыларға жатады?


  1. улану туғызатын өсімдіктер

  2. жақсы жеңгіштігілімен айқындалатын өсімдік

  3. жануарлармен қорытылатын өсімдіктер

  4. улы заттар жоқ өсімдіктер

  5. спецификалық иісі бар өсімдік

139.

Эфемерлер:


  1. ылғалды аудан өсімдік

  2. далалық 1 жылдық

  3. орташа ылғалды

  4. көпжылдық

  5. күздік өсімдік

140.

Қиын сүрленген дақыл:


  1. жүгері

  2. шай жүгері

  3. күнбағыс

  4. беде, түйежоңышқа

  5. сиыржоңышқа

141.

Солтүстік Қазақстанда аз таралған бүршақ дақылы:


  1. жоңышқа

  2. түйежоңышқа

  3. беде

  4. эспарцет

  5. ешкібұршақ

142.

Кіндік тамырлы шөптер:


  1. далалық шырмауық

  2. тамлықты сүттігені

  3. ешкібұршақ

  4. қазтабан

  5. кекіре

143.

Күздік тип өсімдігі:


  1. дамудың алғашқы фазасы көктемгі температурада өтеді

  2. даму бір вегетация ішінде аяқталады

  3. алғашқы даму фазасы жазғы температурада өтеді

  4. алғашқы даму фазасы ең төменгі температурада өтеді

  5. алғашқы даму фазасы жаздың орттасында

144.

Мал азығына пайдаланатын жердің фитопатологиялық жүйесі кезінде, нені ескереді:


  1. жергілікті рельеф, топырақ түрі

  2. өсімдіктер

  3. табиғи-климаттық аймағы

  4. жердің мәдени техникалық жағдайы

  5. топырақтың су режимі

145.

Жаздық тип өсімдігі:


  1. бетеге

  2. кәдімгі тарғақ шөп

  3. шалғындық атқонақ

  4. қызыл беде

  5. жайылымдық райграс

146.

Жасыл конвейерді құрудың негізгі мақсаты:


  1. азықтық өсімдіктің өнімділігін жоғарлату

  2. бос айдалатын жерлерді толықтыру

  3. табиғи жерлерді жақсарту

  4. жайылым кезінде жасыл азықтағы жеткіліксіз заттарды толықтыру

  5. шырынды мал азығын қамтамас ету

147.

Табиғи шөп шабудағы 1-ші класс шөбінің бүршақ шөп және дәнді-дақыл дардың құралу проценті:


  1. 20 %

  2. 20-30 %

  3. 30-40 %

  4. 40-50 %

  5. 60-70 %

148.

Фитоценологиялық жүйелендіруден қандай мал азығына пайдаланатын жерлер жатады?


  1. құрғақ аңғар – шабындық шөп шабуы және жайылым

  2. биік тау дала жайылымы

  3. жазықтық-тундралық

  4. ойпат әсер

  5. азықтық аралас шөп

149.

Техникалық дақылдар жұмысы бұл - :


  1. тың шымды жырту

  2. бұтаның тазартылуы

  3. дренаджы суару

  4. көпжылдық шөртерді егу

  5. лиманды суландыру

150.

Шалғындық арамшөптер:


  1. Сиверс жусаны

  2. бетеге

  3. ақ беде

  4. кәдімгі тарғақ шөп

  5. ақ түйежоңышқа


Пәнінен бақылау сұрақтары

1.Мал азығын өндіру мал азықтық дақылдардың жоғары және тұрақты өнімін алу үшін теориялық, практикалық тәсілдерді зерттеп дайындайтын ғылыми пән

1. Жем-шөппен қамтамасыз етілуі?

2.Малдардың өнімділігі және мал шаруашылық өнімдерінің бәсекеллікке бейімделігі?

3.Шаруашылық халқының потенциалы (өнімділігі, товарлылығы)?

4. Ауылшаруашылық жерлердің аумағына қарай Республикамыз мал шаруашылық өнімдерін импоттау немесе экспоттау керек па?

5. ҚР ЖКӨ-ға (ВТО) кіру алдында бұл мәселені шешудің негізгі жолдары қандай?



2 Мал азықтары және оларды бағалау әдістемесі

Жем-шөптің негізгі белгілері?

Жем-шөптің химиялық құрамының негізгі көрсеткіштеріқандай?

Мал азығының биологиялық құндыльғы қандай?



Мал организмінде органикалық емес заттар қандай рөлатқарады?

Мал азығының органикалық заттар тобына кіретін заттар?

Шикі протеин, ақуыз, азотсыз экстрактивті зат, витаминтуралы түсінік және олардың мал организіміндеп маңызы?

Өсімдіктердің химиялық құрамына қандай факторлар әсеретеді

Мал азығының қоректілігі қандай әдістермен бағаланады'?

Мал азықтың қоректілік туралы түсінік және, мал азығыыын қоректілігіне әсер ететін факторлар?



Әр тұрлі мал турлерінің химиялық заттар қоректіліккөрсеткіштері қандай?

Азықтық және азықтық-протеинбірлік өлшемі туралы тусінік?



Мал азығының қоректілгін бағалайтын негізгі әдістерқандай?

Мал азығының негізгі түрлерінің орташа азықтық өлшеммөлшері қандай?



Азықтық өлшем сіңімді протеинмен қамтамасыз етілудегеніміз не және оны есептеу әдестемесі?

3. Шалғын шаруашылығының биологиялық және экологиялық негіздері

Қазақстанның шабын. мен жайылымд. өсетін өсімдіктердің тіршілік формалары және олардың маңызы?

Көп жылдық шөптердін вегетация фазалары?



Биологиялық және морфологиялық белгілеріне байланысты өсімдіктер типі?

Вегетация кезеңіндегі дамуына байланысты өсімдіктердің типі?

Мал азықтық шөптер өмір сүру ұзақтығы бойынша топтар?

Жаздық, күздік, жартылай куздік шөптердің өсу-даму ерекшеліктері?

Мал азықтық шөптер ылғалға қатынасы бойынша экологиялық типтер ?

Көп жылдық шөптерге тән маңызды қасиет- ол қысқа төзімділік?

Астық түқымдастар түптену және өркен пайда болу өзгешелігі бойынша кандай типке бөлінеді?

Бұршақ тұқымдас шөптер өркен пайда болу өзгешелігі бойынша кандай топтарға бөлінеді?



Жапырақтары орналасқандары бойынша шөптесін өсімдіктер типі?

4. Қазақстанның табиғи мал азықтық өсімдіктер қауымы, жіктелуі және аймақтарда орналасуы

1. Табиғи мал азықтық жерлерге не жатады?

2. Табиғи мал азығықтық өсімдік қауымдастықтары неге жіктеледі?

3. Фитоценологиялық жіктеуді қалай түсінесіз?

4. Фитопотологиялық жіктеуді қалай түсінесіз?

5. Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерінің негізгі кластарын атаңыз?

6. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарда өсімдіктер өзгерісі қалай жүреді?

7. Өсімдіктер қауымы экологиялық жағдайларға байланысты қалай өзгереді?

8. Қазақстанның негізгі табиғи аймақтарын атаңыз?

9. Табиғи аймақтардың сипаты неге сүйеніп жүргізіледі?

10. Таулы аймақтардың бөлінуі қалай жүреді?

11. Өзен алқаптарындағы шалғындықтардың өзгешелігін айтыңыз?

12. Өзен алқаптарындағы және көлтабандардағы шабындықтардың ерекшеліктері қандай?

13. Өзен алқаптарындағы шабындықтар табиғи аймақтар бойынша қалай орналасқан?

14. Суландырылған көлтабандар қандай аймақтарда орналасқан?

15. Табиғи жайылымдардың аймақтарда орналасуын, өнімін келтіріңіз?

16. Табиғи шабындықтардың аймақтарда орналасуын, өнімін келтіріңіз?

17. Табиғи өсімдік қауымдастықтарын түгендеудің маңызы қандай?

18. Табиғи өсімдік қауымдастықтарын түгендегенде қандай жұмыстарға көңіл бөлінеді?

19. Табиғи өсімдіктің қауымдастықтарын түгендегенде құжаттар дайындаудың маңызы қандай?



5.Табиғи мал азықтық жерлерді үстіртін (жеңіл-желпі) жақсарту жүйесі.

1.Табиғи мал азықтық өнімділігін жерлердің арттырудың негізгі тәсілдері ?

2.Табиғи мал азықтық жерлерді үстіртін жақсарту деген түсінікке анықтама берніз және шараларды қолдану орындылығы?

3.Мәдени-техникалық шаралар жиынтығы?

4.Су режімін реттеу шаралары?

5.Табиғи мал азықтық жерлерді устіртін (жеңіл-желпі) жақсартудың агротехникалық шаралары?

6 . Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту. Түбегейлі жақсарту жүйесі

1.Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту деген түсінікке анықтама беріңіз және шараларды қолдану орындылығы?

2.Табиғи аймақтық жағдайында және топырақ типіне айланысты мал азықтық жерлерді жақсартқанда топырақ қыртысын өңдеудің мерзімі мен тәсілі?

3.Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартқанда жеделдетіп шалғындандыру және алдын-ала себілетын дақылдар?

4.Шөпті бүркемелі және бүркемесіз себу мүмкіндігін негіздеу.Бүркемелі себу тәсілдері?



5.Тұқымның сіңіру тереңдігін негіздеу.Көпжылдық табиғи шөптердің негізгі топырақ-климат аймақтарындағы себу мерзімі мен себу тәсілі?

7 .Мәдени шабындықтар мен жайылымдар жасау және тиімді пайдалану

Мәдени жайылымдардың маңызы қандай?

Қазақстан аймақтарындағы негізгі жайылым топтарын және пайдалану көздерін атаңыз?

Тау жайылымдарының ерекшелігі қандай?

Жайылымда тараған негізгі өсімдіктер түрлері қандай?

Табиғи жайылымды пайдалану ерекшелігін сипаттаңыз?

Табиғи мал азықтық жерлердің өнімін қалай анықтауға болады?

Жайылым сиымдылығы дегеніміз не?

Екпе жайылымдар жасаудың маңызын атаңыз?

Суармалы мәдени жайылымның маңызын атаңыз

Мәдени жайылымдарды күтіп-баптау жұмыстарына нелер жатады?

Жайылымды қалай тиімді пайдалануға болады?

Мал жаю мерзімі мен шөптің желіну биіктігі өніміне қалай әсер етеді?

Қандай мал жаю тәсілдері бар?

Мал жаю жүйесі дегеніміз не?

Өрістен көлемін және пайдалану ұзақтығын білу не үшін керек?

Өрістер санын және пішінін қалай анықтайды?

Маусымдық жайылымдар дегеніміз не?

Ауыспалы жайылым және жайылым айналымы дегеніміз не?

Шабындықты тиімді пайдаланудың маңызы қандай?

Шабындық айналымы дегеніміз не?

8.Дәндіжем-шөп дақылдар

Қазақстан Республикасының әртүрлі топырақ-климат аймақтарында егістікте мал азығын өндірудің жем-шеп дайындау өндірісіндегі орны?

Дәнді жем-шөп дақылдар тобына қандай өсімдіктер жатады және олардың мал азықтық кұндылығы қандай?

Күздік, жаздық арпа және сулы өсірілетін негізгі аудандарды атаңыз?

Қандай агротехникалық тәсілдер арпа мен сұлының жоғары өнім деңгейін қалыптасуын қамтамасыз етеді?

9.Дәнді бүршақ дақылдар

1.Дәнді бұршақ дақылдар тобына қандай өсімдіктер жатады және олардың мал азықтық маңызы қандай?

2.Дәнді бұршақ дақылдардың түйнекті бактериялар қалыптасу жағдайы .Бұл дақылдардың азот жинағыш және алғы дақыл ретінде маңызы?

3.Дәнді бұршақ дақылдар тобының өсімдіктерагротехника ерекшеліктері?

10.Сүрлемдік дақылдар

Сүрлем дақылдарға қоятын талаптар және қандай көрсеткіш-тер бойынша өсімдіктер жеңіл сүрлвнетін топқа жатады?

Сүрлену процесінде қандай биохимиялық процестер жүредіжәне ұзак; сақтау мерзімді жоғары сапалы сүрлемдідайындаудың жағдайлары қандай?

Негізгі сүрлем дақылдардың маңызы және олардың малазықтық құндылығы Жүгері, шай жүгері және күнбағыс кекбалаусасының және сүрлемнщ азықтық өлшем,сінімді протеин бойынша салыстыру бағасын беріңіз?

4.Сүрлем дақылдарының өсу-даму кезеңдері бойынша мал азықтық құндылығының өзгеруі?

Жүгерінің, шай жүгерінің және күнбағыстың морфологиялықерекшеліктері (тамыр жуйесінің сабағының жапырақтарының, гүлшоғырының құрылыс ерекшеліктері) ?

Жүгерінің түр тармақтары және оларды ажырату белгілері.Жүгерінің қандай түр тармақтары жемазықтық және сүрлем дақыл ретінде кең тараған?



Пісу топтары бойынша жіктеу қандай белгілермен жүргізіледі ФАО бойынша жіктеу маңызы Республикамыздың әр түрлі топырақ-климат аймақтарында астық және сүрлемге қандай пісу топтарының будандарынөсіруге болады''?

Жүгері, шай жүгері, күнбағыс қоршаған орта факторларынақоятын талабы және республикамыздың әр түрлі топырақ-климат аймақтарында қамтамасыз етілуі?



Жүгеріні, шай жүгеріні, күнбағысты сүрлемге өсіргенде өсірутехнологиясының негізгіэлементтері?

Сүрлем дақылдар егістігін күтіп-баптау жұмыстарындақандай тәсілдер қолданады?

Сүрлем дақылдардың климат жағдайына байланысты еңжақсы жинау мерзімі мен әдісі?

Күнбағыс сүрлемінің жақсы қандай тәсілдермен жақсартуғаболады? Сүрлем конвейерлер туралы түсінік және олардыңмаңызы?

11. Мал азықтық тамыржемістілер және бақша дақылдары

Мал азықтық тамыржемістілер және бақша дақылдардың

Тамыржемістілер тобына жататын дақылдар және олардың ауыл шаруашылық малдарды азықтандырудағы маңызы?



Қант және мал азықтық қызылшаның, тарнаның, турнепстің, мал азықтық сәбіздің морфологиялық ерекшеліктері?

3 Қазақстанның облыстарында аудандастыруға жіберілген мал азықтық тамыржемыстілер сорттары?

Тамыржемістілерді есіргенде қандай қиындықтар туады?

Тамыржемістердің қоршаған ортаға қоятын талаптары?

Тамыржемістілерді өсіру технологиясының ерекшеліктері (алғы дақыд негізгі өңдеу, себу, егістікті кұтіп-баптау және тб.) ?

Бақша дақылдардың ауылшаруашылық малдарды азық-тандырудағы маңызы?

Негізгі бақша дақылдардың (асқабақ, қарбыз) морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері?

Қазақстан Республикасында мал азықтық дақылдардыңөсіруге жіберілген сорттары?

Мал азықтық асқабақ пен қарбызды өсіру технологиясының ерекшеліктері?

12 .Көп жылдық бұршак шөптер

Шөп егуінде қолданатын еркекшөп түрлері және олардың айырмашылық белгілері?

Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің негізгі турлерінің еркекшөптің, қылтықсыз арпабастың, талшықты бидайықтың және т б морфологиялық белгілері ?

Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің қоршаған орта факторларына қоятын талаптары?

Еркекшөп қылтықсыз арпабас және т б қандай топырақ-климат аймақтарында өсіруге болады?

Республикада көпжылдық астық тұқымдас шөптердің аудандастыруға жіберілген сорттары?

Бір жылдық бұршақ және астық тұқымдас мал азықтық өсімдіктер тобына жататын дақылдар?

Бір жылдық мал азықтық шөптердің Қазақстанда шаруашылық және агротехникалық маңызы?

13 .Көлжылдың ,бір жылдық астық туқымдас шөптер

Көп жылдық бұршақ тұқымдас тобына жататын мал азықтықдақылдар және олардың маңызы?

Жоңышқаның, тұйежоңышқаның, эспарцеттің, қызылбеденің морфологиялық ерекшеліктері.

Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің бірінші және кейінгіжылдары өсуі мен даму ерекшеліктері?

Жоңышқаның, эспарцеттің, тұйежоңышқаның, беденің қоршаған орта факторларына қоятын талаптары?

Олардың жылуға, ылғалға, топыраққа қатынасы бойынша салыстырма бағасы. Қазақстанның әртүрлі топырақ-климат аймақтарында қоршаған орта факторларымен қамтамасыз етілуі?



Табиғи ылғалдану және суармалы жағдайда көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің агротехника ерекшеліктері?

Жоңышқаның, түйежоңышқаның, эпарцетің гүлдену мен тозаңдануының биологиялық ерекшеліктері.

Негізгі тозаңдатушы жәндіктер, тұқым учакелерінде тозаңдығын арттыруға мүмкіндік жасайтын тәсілдер.

Бірінші және кейінгі жылдары көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер егістігін күту тәсілдері.

.14.Мал азығын өндіру технологиясы, сақтау жэне есептеу.

Шөптерді консервілеудің теориялык, негізгі мал азығын дайындау процесінде өсімдіктерде мал азықтық құндылығының өзгерістері.

Мал азығын консервілеудің әдістері және олардың ішінде қандай әдістер қоректік зат шығынын азайтуына мүмкіндік береді.

Пішендеме дайындау технологиясы.

Сүрлем дайындау технологиясы.

Пішенді және сүрлем дайындау үшін қолданатын құрылыстар.Витаминді шөп унын дайындау технологиясы.

Әр түрлі пішен дайындау технологиясы (шашыраңқы,ұсақталған, белсенді желдетуді қолдана отырып, сығымдап).

15.Көп жылдық шөптердің тұқым шаруашылығы

Мал азықтық шөптердің тұқым шаруашылығының манызы.

Маңызды мал азықтык, шөптердің тұқым сапасына қоиылатын талаптар кондициялық тұқым алудың негізгіжағдайлары.

Шалғын және жайылым өсімдіктер тұқым шаруашылығы жуйесінің негізгі әлементтері.

Жабайы өсімдіктер тұқым жинауының маңызы.

Қарқынды технологияларда қолданатын кепжылдық шөптер тұқым өніміқалыптасуыныи басқару мен бағдарламалаусебептері.

Негізгі көпжылдық шөлтер түрінең тұқым өндірісінің қаркынды технология ерекшеліктері (алғы дақыл себу мөлшері , себу мерзімі мен әдісі егістікті кутіп-баптау, жинау) ?
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау бақылау сұрақтарының

1.Қазақстанның шабындықтары мен жайылымдарында өсетін өсімдіктердің тіршілік формалары және олардыңмал азықтық маңызы.Вегетация кезеңдері. Жапырақтары орналасқандары бойынша шөптесін өсімдіктер типі.

2.Табиғи мал азықтық жерлерде мал азықтық шөптер шаруашылық ботаникалық топтар . Мал азықтық шөптер өмір сүру ұзақтығы . Мал азықтық шөптер ылғалға қатынасы бойынша экологиялық типтер.

3.Қоңырбас(астық) тұқымдас тобының негізгі мал азықтық шөптер түрінің

морфологиялық, экологиялық жэне шаруашылық сипаттамасы. Маңызды

түрлері.


4.Бұршақ тұқымдас тобының негізгі мал азықтық шөптер түрінің

морфологиялық, экологиялық және шаруашылық сипатгамасы. Маңызды

түрлері.

5.Аралас тұқымдас тобының негізгі мал азықтық шөптер тұрінің

морфологиялық, экологиялық жэне шаруашылық сипаттамасы. Маңызды

түрлері.


6.Қазақстанның мал азықтық жерлерінде қандай кең тараған улы, зиянкес өсімдіктер кездеседі және олармен күресу шаралары қандай.

7.Қазақстан табиги мал азықтық жерлерін жіктеу және оларды табиғи аймақтар бойынша үйлестіру . Мал азықтық жерлердің фитопотологиялық және фитоценологиялық жіктеуі туралы түсінік

8.Табиғи мал азықтық жерлерді үстіртін (жеңіл- желпі) жақсарту жүйесі. Шабындық және жайылымдарды жақсартудың негізгі шаралары. Мәдени-техникалық шаралар жиынтығы және су режімін реттеу шаралары.

9.Өнімділігі төмен мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту. Себілген шабындық және жайылым жасау жүйесі. Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартқанда жеделдетіп шалғындандыру және алдын-ала себілетын дақылдар.

10.Жайылымды тиімді пайдалану. Қазакстанның әр түрлі топырақ-климат аймақтарындағы жайылымдардың мал сыйымдылығы.

Жайылымның негізгі тәсілдеріне бос немесе жүйесіз,байлап, қоршамда және т.б. баға .Жайылым айналым жөніндегі түсінік.

11.Пішен дайындау технологиясы,шөптерді шабу мерзімі,биіктігі. Шашыраңқы,тығыздалған,ұсақталған, белсенді желдету әдісімен пішенді дайындау.

12.Пішендеме,витаминді -шөп дайындау технологиясы. Ылғалдығы, температура режимі.

13.Сүрлем дайындау технологиясы.Сүрлем массасын анықтау, бағалау әдістемесі.

14.Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің негізгі турлерінің қоршаған орта факторларына қоятын талаптары,агротехника ерекшеліктері. Еркекшөп қылтықсыз арпабас және т б қандай топырақ-климат аймақтарында өсіруге болады Республикада көпжылдық астық тұқымдас шөптердің аудандастыруға жіберілген сорттары



15.Жоңышқаның, тұйежоңышқаныңморфологиялық ерекшеліктері.Олардың жылуға, ылғалға, топыраққа қатынасы бойышіа салыстырма бағасы.Бірінші және кейінгі жылдары көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер егістігін күту тәсілдері.
Глоссарий.
Көп жылдык астық түкымдас шөптерпішең пішендеме,көк балауса дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын негізгі дақылдар еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, шалғындық бетеге және т.б.

Бір жылдық шөптер пішен, пішендеме, жем азық дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдар жасыл конвейердің маңызды шикізат көзі болып табылады. Қазақстанда өсірілетін негізгі біржылдық шөптерге судан шөбі, итқонақ, қонақтары, мал азықтық шай жүгері, сұлы, арпа, сиыржоңышқа, әсбұршақ, ноғатық және т.б. жатады.

Үстіртін жақсарту кезінде экологиялық жағдайлар да ескеріледі. Ал агротехникалық шаралар мынадай: су режимің жер отын қоректендіруді жақсарту, мәдени-техникалық жұмыстарды жүргізу, топырақтың ауа өткізгіштігін жақсарту, зиянды және улы өсімдіктермен күресу; түқым себу.

Түбегейлі жақсартуТабиғи шабындықтар мен жайылымдықтарды жедел де түбегейлі жақсартудың мәні мынада: мұндайда табиғи жер оты орнына қолдан себілген м;іп оты жасалады. Ол үшін тың жер пар немесе жартылай парға айналдырылып, оған көп жылдық шөп себіледі. Ал тың жор жыртылған соң оны жай да түбегейлі жақсарту үшін оған жор қыртысын мұқият өңдеуді қажет етпейпін біржылдық азық дақылы себіледі. Соңғы түбегейлі жақсарту жүйесін пар негізгі роль атқармайтын-ылғал жинаумен жазда жел эрозиясына қатты ұшырайтын-жерде қолдану тиімді.

Бүтақтар және бұтақшалар биіктіп бірнеше сантиметрден 3-5 метрге дейін жетеді, соның ішінде осы диапазонда бұтақшалардың биіктігі ең кішкентай болады. Олардың орташа тіршілік ұзақтығы 20-30 жыл, ал кейбіреуінде 100 жыл және одан да көп болады. Қазақстанда практикалық маңызы бар сұр теріскең қара сексеуід ақ сексеуіл, жүзгіннің көп түрлері, меркез сораң және т.б.

Жартылай бұтақты және жартылай бутақшалар - бұл тіршілік формалары жартылай ағаш өсімдіктер формасына жатады, олардың көбісі бұтақтарға жақын келеді.

Мезофиттер (яғни шалғын өсімдіктері) орташа ылғалдану жағдайында бүкіл өніп-өсу кезеңінде өсетін өсімдіктер. Су басуына 5-15 күнге дейін шыдайды. Шалғындықтарда және суарылатын жерлерде өсіріледі. Орташа өнімділігі -суармағанда әр гектарынан 35-60, ал суарғанда 85-150 ц құрғақ шөп алынады. Оларға жататындар: астық тұқым-дастардан-шалғындық субетеге, шалғындық атқонақ, шалғындық көде, жима тарғақ, биік райграс, көпжылдық үйбидайық, көп гүлді үйбидайық және басқалары; бұршақ тұқымдастардан-қызыл беде, көк гүлді жоңышқа, ақ түйе жоңышқа.

Ксерофиттер - құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. Су басуына 3-5 күнге дейін шыдайды. Қара топырақты, қызыл-қоңыр топырақты, құмды топырақты жерлерде, сортаң топырақты кешендерде, баурайларда, құмдатауыпөсіріледі. Орташа өнімділігі гектарына 15-25 ц құрғақ шөп. Оларға жататындар: астықтұқымдастардан-айғыр қияқ, лайлан тарлау, тарақ бидайық, сібірлі қияқ; бүршақ тұқымдастардан -сары түйе жоңышқа, сары жоңышқа; қияқөлең тұқым-дастардан-қияқөлең; әр түрлі шөптерден - сұр топырақ жусаны, изен қараматау, сексеуід чогаң черкез, теріскен

Гигрофиттер-мол ылғалдандырылатын өсімдікгер. Су басуына 40-60 күнге дейін шыдайды. Өзен алқаптарының шалғындарында және көлтабанды шалғындарда егіп өсіріледі. Орта есеппен әр гектардан 30-60 ц құрғақ шөп алынады. Оларға жататындар:

Мал азықтық тамыр жемістілер күзгі-қысқы мерзімде шырынды диетикалық және витаминді мал азығын дайындауға есіріледі. Бұл топқа жататын дақылдардан біздің елімізде мал азықтық және қантқызылша, мал азықтық сәбіз, тарна, турнэпс өсіріледі. Қазақстанда бұл дақылдар тобының'үлесі аз.

Жасыл балауса мал азығына жайылымдық мал азығы, себілетін көп жылдық және біржылдық шөптер, мал азықтық қырыққабат және т.б. Бұл мал азықтары міндетті турде барлық ауылшаруашылық малдар рационына кіру керек, өйткені жас көк шөпқұрамында барлық минералды түздар, витаминдер бар одан соң ол жақсы қорытылады

Ж.асыл балаусаөте арзан мал азығы. Мысалы, табиғи мал азықтық жерлерде малды жаю әдісі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ең арзанетөнімін береді.

Ірі азық. Көптеген аймақтарда пішең сабан, топан мал азығың рационының негізі, ал қыс кезеңінде барлық ауылшаруашылық малдарға жем-шөп болып табылады.

Жануар тектес азық. Жануар тектес азықтар барлық аылшаруашылық малдарға қажет, өйткені құрамында толық бағалы ақуыз және барлық минералды тұздар бар, одан басқаолар жақсы қорытылады. Жануар тектес азықтарға қоймаға алынбаган сүт, сүт өндірісінің, ет комбинатыныңжәне балық өндірісінің қалдықтары жатады.

Қаймағы алынбаған сүт-жас ауылшаруашылық малдарын өсіргенде ауыстыруға болмайтын мал азығы. Онда барлық коріктілік заттар мен витаминдер бар. Бірақ қоймаға алынбаған сүт бағалы тағамдық азық, сондықтан малдарды көбінесе сүт өндіірісінің қалдықтарымен азықтандырады.

Көк сүт .Қаймағы алынбаған сүтті сүт тартқыштан өткізгеннен кейін қалған. Мұндай сүт ақуызға бай, бірақ майжәне майлы витаминдері (Ажәне Д)аз.

Көк сүтпен бұзаулар мен торайларды азықтандырады. Құстарға оны қатық немесе қышқыл сүт ретінде береді.

Іркітте тек қана ақуыз емес, сонымен қатар майлардың мөлшері де аз. Сондықтан шошқаларды семірткенде оны жем азық қоспаларымен қоса қолданады. Іркіт (сары су) сары ірімшік жасағанда және ак, ірімшік дайындағанда қалатын су.

Майсу. Кілегей және май былғағаннан кейін қалған су. Егер ол қышқыл кілегейден былғанса 0,4-0,6%, тәттіден-0,6-0,8% май болады.

Сүтмал азығын сақтауда және тасығанда санитарлық жағдайда сақтау қажет, өйткені сүт мал азығы жылдам бұзылады.

Қанұны протеин бай (80-90% ақуыз). Оны өлген малдардың қанынанкептіріпжәне кейінмайдалаптартыпжасайды.

Ет сүйек унын адамдар тағамына қажетсіз болған малдардың толық ұшараларынан және әр түрлі ет кескіндерінен (терісі мен майлары алғаннан кейін) дайындайды. Ет-сүйек ұнында 50%-ға дейін ақуыз және 20-23% күл заттары (негізгі қышкыл фосфорлы кальций) болады. Әдетте бұл ұнды жас. малдар мен құстарға береді. Ол құрама жем өндірісінде ақуыз қосымшасы ретінде кең қолданады.

Балық ұны балық аулау кәсібінде балықтың қалдықтарынан дайындалады, қоректік заттарға бай. Қоректілігі бойыша ол етсүйек ұнына жақындайды, құрамында 55 %-ға деиін ақуыз, 22-32% күл болады. Күл құрамы балық ұнының сортына байланысты және мұнда кальций, фосфор кейде хлор және натрий көп. Балық ұнымен барлық ауылшаруашылық малдарды азықтандырылады, әсіресе ол шошқалар мен құстарға қажет.

Құрама жем азық-ауылшаруашылық малдарды қоректік затар мұқтаждығын қамтамасыз ететін әр түрлі мал азығының қоспасы. Құрама жем азығын мал түрің өнімділігін және физиологиялық жағдайын ескере отырып дайындайды.

Азық-тулік өнеркәсібінің қалдықтары. Бидай және қара бидай кебектері ауылшаруашылық малдарының барлық турлері үшін бағалы құрама жем азық болып табылады. Жалпы қоректілігі бойынша кебектері алынған астықтардан ғана кем, бірақта олар протеин, май, клетчатка, минералды тұздармен бай. Бидай кебегі ете бағалы. Кебектің мал азықтық сапасы тазалығы, иісі, дәмі, ірілігі бойынша анықталады. Сасық иіс, ащы және қышқыл дәм дурыс сақталмаған жағдайда шығады. Ұн тоғышарлары кебектің шаруашылық бағасын төмендетеді Кебектерді құрама жем және ашытқы мал азығын дайындауға қолданады. Оларды кепкен және суланган түрде немесе сабанға, тамыржемістілерге және басқа мал азығына араластырып салып азықтандырады.

Диірмен немесе ұн шаңы. Мал азықтық құндылығы бойынша әр түрлі және ең жақсы деп ақ шаңды санауға болады, өйткені оның құрамында топырақ белшегі аз.

Астық дән жармасы-соғылган және солған дән, әдетте құсшаруашылығында қолданады, ұсақталғанжәне бұланған турінде оны мен ірі қара малдар мен шошқаны азықтандыруға болады.

Майхана (майжуаз) ендірісінің қалдықтары-күнжара протеин, азотсыз экстрактивті заттар мен фосфорға бай. Өте кеңтарағаны зығырдың, күнбағыстың, кенелішлтің, мақтаның және рапстың күнжарасы. Егер өсімдік майын престелген жолмен алса, онда мұндағы өндіріс қалдықтары құрамында 8-10% майы бар күнжара болады.

Қантқызылшасы өндірісінің қалдықтары. Қызылша сьғындысы құрамынан қанты алынған туралған қызылша болып есептеледі Қызылша сығындысы, негізінде, сауынды және семіртіп отырған ірі қара малдардың азығы. Мал азықтық сірне немесе мелласс, спиртсияқты қоймалжың зат. Ірі жем шөпті және құрама жемді жақсарту үшін соларға қосылады.

Мал азықтық сірне шошқа және ірі қара малды азық-тандыруға қолданылады. 1 кг мелмссада 0,8-1,0 азықтық өлшем және 41 г сіңімді протеин болады.

Спирт және сыра қайнататын өндіріс қалдықтары. Төп (барда) Картоп және нан тобын ажыратады Жаңа төп сақтаған кезде жылдам бұзылып, ашып кетеді. Сондықтан онымен жаңа немесе сүрлем түрінде азықтандырады. Сыра қайнататын өндіріс сыра бытырасың уыт өскіндерін және сыра ашытқысынмал азығына береді.

Витаминді және минералды мал азьғы. Жем-шөп витаминге бай (жасыл шөп, өсірілген дәнді-астық дәні, жақсы пішең витаминді шөп ұны, асары аскабақ, қылқан жапырқжәне қызыл сәбіз, жақсы сүрлем) және міндетті түрде малдардың мал азықтық рационына кіруі керек.

Минералдық тұздар организм тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Ауылшаруашылық малдарды (рацион құрамына байланысты) минералды тұздармен азықтандыру қажет. Минералдық үстемелеуде ас тұзының маңызы өте зор. Өсімдіктер мал .азығында натрий мен хлор аз болғандықтан астұзын барлық малдарга береді. Тұзбен ұсақталған немесе жалағыш түрінде азықтандырады, оларды науаларға салады немесежайылымдарға шашады.

Органикалық заттар. Бұл топқа азотты және азотсыз заттар және витаминдер кіреді. Азотты заттар немесе шикі протеиннің құрамына ақуыз және амид кіреді. Азотты заттардың жалпы мөлшерің мал азығының азот мөлшерін 6,25 коэффициентіне көбейте отырып анықтайды. Бул коэффициент азотты заттардағы азоттың мөлшерін (%) анықтайды.

Амидтер-ферменттер және бактериялар арқылы синтез немесе ақуыз бөлінген уақытга құрастырылған аралас заттар. Көк балауса, сүрлем, тамыр, түйнек жемістілер оларға бай. Қазіргі уақытта анықталған ақуыз азотты заттардың 70 % биологиялық құндылы заттардан - аминқышқылдардан тұрады.Амидтер күйіс қайырушы малдардың асқазан - ішек жолындағы бірсыпыра бактериялардың тағамы болып габылады.

Ақуыз Мал азығының ақуызы маңызды алмастырылмайтын аминқышқылдырының бар болуына байланысты толық жарамды (бағалы) және толық жарамды емес болады. Алмастырылмайтын аминқышқылдарына лизин триптофан, лейцин және т.б. жатады. Олар мал организмінде құрас-тырылуы мүмкін емес және жем шөппен алыну керек, себебі олардын жетіспеушілігі заттардың алмасуын бұзады, өнімділікті темендетеді, жас малдардың өсуін тоқтатады.

Организм ақуыз мұқтаждығымен толық қамтамасыз етілуі керек, өйткені оны басқа қоректік заттармен алмастыруға болмайды. Ақуыз-құрылыс зат. Ол мал организмінің барлық муше мен ұлпа құрамына кіреді. Барлық тіршілік процестері ақуыз алмасуымен байланысты.

Әр турлі мал азығының ақуыз құрамы бірдей емес. Ол күншара (30-45 %), бұршақ дақылдардың дәнінде (25-30 %) өте көп болады.

Азотсыз экстрактивті заттарға (АЭЗ) майлар мен көмірсулар жатады.Майлар мал азықтық дақылдарда аз-маз мөлшерде (0,1-6 %) болады. Майлы дақылдардың тұқымдары мен оларды еңдегеннен кейінгі қалдықтарын (кунжара) қоспаганда. Майлар жасушаның (клетка) алмасуына қатысады және организмнің энергия көзі болып табылады.

Көмірсулар барлық өсімдік мал азығының құрамына кіреді. Көмірсулар кпетчатка мен азотсыз экстрактивті заттардан тұзіледі, олардың ішінде аса болып саналулары суда еритін көмірсулар (қанттар) және суда ерімейтін (крахмал).

Көмірсулы жем-шөп мал организмінде майлар, көмірсу заттар (гликоген, қан қанты) құрады. Химиялық айналу нәтижесінде көмірсулардан жылу энергиясы пайда болады және сол энергия қозғалыс пен жұмыс істегенде шьғындалады. Сондықтан жұмыс аттарына сулы беріледі, өйткені онда барлық қурғақ заттан 60-%-на дейін крахмал болады.

Крахмал дәнді-астық дақылдардың тұқымдарында, картоп туйнектерінде, жер алмуртында болады. Сабақтар мен жапырақтарда ол аз 2 % дейік Мал организмі денесіндегі крахмалды гликоген көрсетеді, ол бауырға жиналып, жинақ заттар қоры болып қызмететеді.

Қант қызылшасында (24 %-ке дейін), жүгеріде және ақ жүгері (сорго) сабақтарында, бақша дақылдарында, сүтте (3~5 паиз..) көп.

Клетчатка-өсімдікжасушасының (клетка) қабьғының негізпнігі. Оның организімде қорытылуы қиын және сіңімділігі нашар.

Клетчатканың көп мөлшері өсімдік мал азығының құнды-ш.нинтөмендетеді. Әсіресе, құнарсыз мал азығы клечаткаға бай дәнді-астық дақылдардың сабанында-35-45 %, пішенде .22 33 %. Дәнді астық дақылдардың дәнінде ол аз-2-10 %, и.ірюпта және тамыржемістілерд-0,8-1,7 %.

Осімдік неғұрлым жас болса, соғұрлым оның құрамында клетчатка аз. Гүлдеуге дейін шабылған шөптен гүлдеп болғаннан кейін шабылған шөптің клечаткасы екі есе көп ьопады. Сондықтан турып қалған шептен жасалған пішен ірі қара малдар организмінде нашар қорытылады және төменгі қореклпігімен ерекшеленеді.

Витаминдер органикалық заттар тобына кіреді. Мал .пыиының басқа қорекгікзаттарына қарағанда витаминдертірі организмде ештеңе құрамайды. Бірақ та олар жоғары биологиялық белсенділіктің иесі және организмге өте аз мөлшерде қажет. Дегенмең егер мал азығында сол немесе басқа витаминдер жоқ болса, малдардың өнімі төмендейді, заі алмасу бұзылады және ұдайы қабілеттілігі, сүт, ет, жұмыртқа және басқа өнімдер сапасы төмендейді. Мал азығында витаминжоқболса, малдаравитаминоз(цинга, рахитт б.), ал аз~мазжоқболса, гипоавитаминозаурулармен ауырады

А-витамині малшаруашылық енімдерінің көбінесе сүтте, балық майында, балық ұнында, жұмыртқа сарысында болады, Өсімдіктер азығының А-провитамині-каротин, ол мал организімінде А-витамині өтеді. Каротин беде, жоңышқа жапырақтарында, сәбізде, жас шалғын шөпте, жақсы кептірілген шөптен дайындалған шөп үнында көп болады.

Д-витаминіфосфор-кальций алмасуын реттейді Оның кем болғандьғынан малдар рахитауруымен ауырады Балық майы және жайылымда бағылған сиырдың жаз сүті Д-витаминге бай. Малдар Д-витамин кемшілігін көбінесе қыстыкөреді, өйткені жазда Д-витамині тірі организмде куннің улыра-фиолетік сәулесі арқылы синтезделеді Сондықтан малдардыжазда жайылымда ұстап, ал қыста, әсіресе, жас төлдердікварц электр шамы сәулесімен емдеу керек.

Аужанова М.А.


«Мал азығын өндіру және дайындау технологиясы»
Оқу-әдістемелік кешен

Редакционно-издательский отдел

Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

Подписано в печать 28.10.15 г. Объем 13,125 п.л. Тираж 20 экз.

Заказ №163

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған

Отпечатано в типографии

Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

Наш адрес: Казахстан, Акмолинская обл., г. Кокшетау,

ул. Ақан-сері, 24 РИО КГУ им. Ш. Уалиханова



e-mail: www.kgu.kz


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет