М. А. Молдашева



Pdf көрінісі
бет60/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   105
Байланысты:
Молдашева

 


 
85 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
VII тарау 
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЕСЕБІ 
 
 
7.1. ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ЕСЕПКЕ 
АЛУДЫҢ МӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ. ЕҢБЕК АҚЫ  
ЖҮЙЕСІМЕН ФОРМАЛАРЫ, ТҮРЛЕРІ 


 
86 
Жалақы  -  бұл  еңбек  өлшемі  мен  тұтыну  өлшеміне  бақылау 
жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. 
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі  міндеттері: 
1. Еңбектің  саны  мен  сапасына,  шығарылым  нормасының 
орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдаланылуына 
бақылау жасау; 
2. Субьектінің  әрбір  қызметкеріне  жалақыны  дер  кезінде  және 
уақтылы есептеу; 
3. Жалақыдан дер кезінеде және дұрыс ұстап қалу; 
4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша 
есеп айырысуды жүргізу; 
Тәжірибе  жүзінде  еңбекақыны  ұйымдастырудың  негізгі  екі 
нысаны – мерзімді және кесімді қолданылады. 
Мерзімді  еңбекақы  деп  еңбекақы  төлеу  жұмыспен  өтелген 
уақыттағы  тарифтік  ставкалар  немесе  қызметақылар  бойынша 
жүргізіледі. Мерзімдік еңбекақы – жай және мерзімді сыйақылар 
болып бөлінеді. 
Кесімді  еңбекақы  жағдайында,  қызметкерге  еңбекақы  әрбір 
орындалған  немесе  өндірілген  өнім  үшін  алдын  ала  белгіленген 
мөлшерде есептеледі. 
Кесімді еңбекақы мынандай жалақы жүйесіне бөлінеді: 
1.  Тікелей кесімді жүйе 
2.  Кесімді-сыйақылық жүйесі 
3.  Ілгерішіл-кесімді жүйе 
4.  Жанама-кесімді жүйе 
5.  Аккордтық жүйе 
Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты 
үшін,  орындаған  жұмыстары  мен  өнеркәсіптік  өнімдерінің  саны 
мен  сапасы  үшін  белгіленген  бағалаулар  мен  қызметақы 
бойынша есептелетін жалақы. 
 
Негізгі жалақының құрамына кіретіндер: 
а)  жұмыс  істеген  уақытына  тарифтік  ставкалар,  қызметақы, 
кесімді бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген 
жалақы; 
ә) қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме; 
б)  жұмыс  жағдайының  өзгеруіне  байланысты  кесімді  ақы 
алушыларға  қосымша  қызмет  (материалдардың  сәйкессіздігі, 
өңдеудің күрделілігі, құрал-сайман мен жабдықтың икемсіздігі); 


 
87 
в)  кесімді  ақы  алушыларға  үдемелі  бағалаулар  бойынша 
қосымша ақы; 
г) ақшалай және натуралды сыйақылар  және сыйақы берудің 
бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар; 
ғ) мерзімнен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы; 
д) түндегі жұмыс үшін қосымша ақы
е) жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер. 
Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған 
уақытына  ҚР  заңдарына  сәйкес  есептелетін  жалақы.  Қосымша 
жалақының құрамына кіретіндер: 
а) балаларын тамақтандырушы аналардың жұмсындағы үзіліс 
уақытына төлем; 
ә) жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем
б)  мемлекеттік  және  қоғамдық  міндеттемелерді  орындауға 
жұмсалған жұмыс уақытына төлем
в) негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем
г) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы; 
ғ) шыққанда берілетін жәрдемақы. 
Қызметкерлер  жалақыдан  басқа  әлеуметтік  сақтандыру 
қаражаттары  есебінен  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  жөніндегі 
жәрдемақыны алады. 
Кәсіпорынның  жоспарымен  белгіленген,  жалақы  төлеу  шы-
ғыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал 
есепті  кезеңде  қызметкерлерге  нақты  төленуге  тиіс  жалақының 
сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп аталады. 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет