60
3010 «қысқа мерзімді банктік
қарыз»
3100
бөлімше
«Салықтар
бойынша міндеттемелер»
Банктерден
қарыз алу
Бюджетке төлемдер
жасалады
3510 «Алынған қысқа мерзімді
аванстар»
3310 «Жеткізушілерге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек»
Тапсырыс
берушілерден
аванстың келіп түсуі
Алынған тауарлар
мен қызметтердің
ақысын төлеу
3390 «Өзге қысқа мерзімді креди-
торлық берешек»
3220 «Зейнетақы аударымдары
бойынша міндеттемелер»
Кредиторлық
қарыздар
есебінен ақшлалардың
келуі
Жинақтаушы зей-
нетақы қорына ақша-
лар аударылады
3210 «Әлеуметтік сақтандыру
бойынша міндеттемелер»
Бюджеттен
тыс
қорларға
ақшалар
аударылды
5.3. ВАЛЮТАЛЫҚ ШОТТАРДАҒЫ АҚША
ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
ҚР белгіленген заңына сәйкес ел ішіндегі әр түрлі опера-
циялар бойынша кәсіпорындардың бір-біріне төлейтін төлемдері
тек ұлттық валютада жүргізілуі тиіс. Шетелдік валютамен қаржы
төлеу үшін арнайы рұқсат қажет.
Шетелдік валюта - кәсіпорындардағы тауарларды, дайын
өнімдерді сату, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау барысында
қолданылатын ҚР-ның ұлттық валютасынан басқа ақша бірлігі.
Табыс сол күнгі ақша айырбастау бағамы бойынша есептеліп,
ұлттық валютамен көрсетілуі тиіс. Бағам - екі елдің ақша
бірліктерінің өзара қатынасы.
Курстық айырмашылықты анықтау тәртібі және оның №9
бухгалтерлік есеп стандарты бойынша есебі.
№1032 «ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша
қаражаты» шотында шетелдік валютадағы операциялар есепке
алынады. Бір уақытта олар операцияны жасау күніне жүретін ҚР-
61
сы Ұлттық банкінің бағамы (курсы) бойынша теңгеде бейне-
ленеді. Бұл №1032 «ағымдағы банктік шоттардағы валютамен
ақша қаражаты» шоты активтік шот. Олардың дебеті бойынша
валютаның келуі, кредит бойынша – шығыс етілуі бейнеленеді.
Әрбір шетел валютасы бойынша оған қосымша аналитикалық
есеп жүргізу қажет.
Кәсіпорынның бағамдық айырмадан алатын табысы №6250
«Бағамдық айырмадан түскен кірістер» шотында, ал бағамдық
айырмадан шеккен шығыны №7430 «Бағамдық айырмадан
шығыстар» шотында бейнеленеді.
Кәсіпорындар бағамдық айырмадан алатын табысына
Дт-1032 Кт-6250; теріс нәтижеге Дт-7430 Кт-1032
Валюталық операцияларды мынадай негізгі құжаттармен
жабдықтайды: кірістеу кіріс валюталық ордерімен; шығысы
шығыс валюталық ордерімен; шетелге ақша аудару аударуға арыз
арқылы жүргізіледі. 1032 шоттың талдамалық есебі журнал ордер
№2 және ведомості №2 жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: