Мотивациялық -қозғаушы
|
Сәлеметсіздер ме?
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын келді күн
Қайырлы таң,қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем айларын кім атап береді?
-Көктемде табиғаттағы өзгерістер?
-Көктемде алғаш бүршік жаратын қай гүл? Енді балалар гүлдер әлеміне саяхаттайық.
Саяхат
(Балаларды гүл теруге саяхатқа шығару)
-Гүлдер мен таныстыру
-Бөлме гүлдері мен таныстыру.
-Дала гүлдері мен таныстыру.
-Бөлме гүлдеріне күтім жасауды көрсету.
-Гүл салатын ваза мен таныстыру.
-Гүлдерді жұлып алу топқа оралып,вазаға салу.
|
Шеңберге жиналады амандасады.
Тақпақты қайталайды.
-Көктем мезгілі
-Наурыз,сәуір,Мамыр
-Қар ериді,гүлдер өседі,күн жылынады.
-Бәйшешек
-қуанады.
-Гүлдерге қызығушылық таныта қарады.
-Ваза жайында өз түсініктерін айтты.
-Гүлдерді жұлып алып,топқа оралды.
|
Іздену -ұйымдастырушылық
|
-Біздің алдымызда нелер жатыр?
-Бұл вазаға не жетіспейді?
-Олай болса гүлдерді түрлі-түсті қағаздардан қиып жапсырайық.
Жабыстыру әдісін көрсетіп, түсіндіреді, Қағаздың ерекшеліктерін нақтылау: жыртылады,бүктеледі, умаждалады. көлемінің айырмасына назарын аудара отырып,түсітерін,пішіндерін сұрау.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі.
Енді қайта орнымызға отырып, жапсыруды жалғастырайық.
Жабыстыру барысында балаларға көмектесіп, бағыштау.
Қылқаламға желімді ұқыпты жағу, дайын пішіндерге жағу қағаз бетіне дайын пішіндерден заттардың бейнесін құрастыруды және оларды жапсыруды айту.Балаларға өз жасаған жұмыстарына баға бергізу, бір-бірінің жұмысына қарап жұмыстарын тамашалау.
Жақсы жұмыс жасаған балаларды мадақтау
|
-Ваза
-Гүлдер жетіспейді
-Гүлдерді қиюға кірісті.
-Тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдады,
Тәрбиеші нұсқауы бойынша гүлдерді қып жапсырды.
Өлең жолдарына сай
іс-қимылдар жасады.
-Балалар орындарына отырып,өз жұмыстарын қайта жалғастырады.
Онындарына отырып, бір-бірінің жасаған жұмыстарын тамашалау, баға беру.
-Мадақтағанға балалар қуанды.
|
Рефлексивті – түзетуші
|
Дидактикалық ойын
«Гүлдерді құрастыр»
-Балалар біз бүгін қайда саяхатқа шықтық?
-Онда қандай гүлдер мен таныстық?
-Гүлдерді жасаған сендерге ұнады ма?
-Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз несімен ұнады?
|
Балалар ойынды қызыға ойнады.
-Гүлдер әлеміне саяхатқа шықтық.
-Гүлдердің түрлерін атайды.
-иә бізге ұнады.
-Өз жауаптарын айтты.
|