М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



бет3/5
Дата31.01.2018
өлшемі0,85 Mb.
#37171
1   2   3   4   5

Дәріс №6.

Тақырыбы: Радиоактивтілік және радиоактивті ластану.

1. Радиоактивті ластану.

2. Қазіргі кездегі радиоактивті ластанудың алдын-алу шаралары.

Радиоактивтілік терминін 1898 жылы Мария Склодовская-Кюри ұсынды.Радиоактивтілік газет-журналдарда Чернобыль апатымен бірге жиі айтылады.Радиоактивтілікті беккерель, кюри, рентгенмен өлшенеді. Шағылысу дәрежесі радамен өлшенеді. Радиоактивті ластану қоршаған ортаны радиоактивті заттармен ластайды.1986 жылғы Чернобыль апаты н ештеңемен салыстыруға келмейді. 1983 жылы ақпанда Лондон конвенциясында мұхиттағы радиоактивті қалдықтарды жоюдың 2 әдісін қабылдады.



Дәріс №7.

Тақырыбы:Минералдық ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалау.

Біздің республикада минералдық ресурстарды қорғау және оны орынды пайдаланудың келесі шарттарын орындаумен қорытындыланады:

1. табиғаттағы барлық ресурстардың түрлері мемлекет меншігінде, сондай-ақ оларды болашақ ұрпақ үшін жер қойнауының байлығын сақтап, пайдалануды кешенді және жоспарлы түрде орындайды.

2. қоғамдық қажетті шығындардың ең азымен халық шаруашылығын минералдық шикізаттармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру, тау-кен өнеркәсіп өндірісінің қоршаған ортаға келтіретін зиянды әсерінің деңгейін төмендету үшін қалдықсыз және қалдығы аз үдемелі технология енгізу..



Дәріс №8

Тақырыбы:Энергетикалық ресурстар.

1. Энергетикалық ресурстарды пайдаланудың болашағы.

2. Жанармай-энергетика ресурстары. Мұнай.

Әлемде энергияның көп қоры шығындалады.1950жылы оны тұтыну жан басына шаққанда 2 есеге өсті. Энергетикалық ресурстарға дүниежүзінде көп көңіл бөлінеді. Қазақстанда энергетикалық ресурстардың қоры көп кездеседі. Қазақстанның мұнай-газ өндіретін облыстарына : Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жезқазған, Қызылорда облыстары жатады.Атырауда 77 мұнай-газ кен орындары бар. Бұндағы қор 877,8 млн т, немесе 40,4%-ті құрайды.



Дәріс №9.

Тақырыбы:Жер ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау.

1. Жер ресурстары.

2. Топырақ жамылғысының қазіргі жағдайы.

Біздің планетамыздың беті -510 млн км . Оның көп бөлігін су алуда.Ауыл шаруашылығына жарамды жердің жалпы үлес салмағы елдер бойынша: ТМД-27%, АҚШ-53 , Канада-7% ,Бразилия% ,Аргентина-65% ,Жапония-6%-ті құрайды.Жер-табиғаттың өнімі, бастапқы жағдайда оның құны болмайды.Жерді дұрыс пайдалану, үнемдеу және оны қорғау оның биологиялық әлеуіті мен өнімділігін бұрынғы қалпында ұстауға мүмкіндік беріп қана қоймай, оны айтарлықтай тыңайтады.


Дәріс №10.

Тақырыбы: Су ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау.

1. Су ресурстары

2.Су ресурстарының ластануының көздері.

Су-біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс.Су биосфераның барлық қабатында болады.Судың құрылымы өте күрделі болғандықтан таза суға анықтама беру қиын.Байкал көліндегі су табиғаттың ең таза су деп саналады.

Мұнаймен ластау-бүкіл Әлемдік мұхиттың өміріне қауіп төндіретін қатерлі фактор. Радиоактивті қалдықтар мұхитты ластаушылардың ең қауіптісі болып табылады.Әлемдік мұхиттың ластануы- бүгінгі таңдағы адамзаттың алдында тұрған үлкен проблема.
Дәріс №11.

Тақырыбы:Қазақстанның су ресурстары.

1. Жер беті сулары.

2.Жер асты сулары.

Жер үсті су ресурстары территория бойынша біркелкі емес. Сумен ең көп қамтамасыз етілген облыс- Шығыс Қазақстан- 1 шаршы шақырымға 290 мың м кубтан келеді. Республикада тұтынылатын судың негізгі үлесін ауыл шаруашылық өндірісі құрап отыр: жалпы мөлшерінің 77-80%-ін құрайды. Біздің республика Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Еділ өзендерінің су ресурстарын Ресеймен бірігіп пайдаланады.Судың ластану индексін қолдана отырып, жер үсті суы сапасының өзгеру динамикаларын салыстырып, анықтау үшін сипаттама қолданылады.


Дәріс №12.

Тақырыбы: Экологияның ғаламдық проблемалары.

1. Климаттың ғаламдық жылынуы.

2. Озон қабатының таусылу проблемалары.

XXғ. 60ж. Соңына қарай 20 жылдық тыныштықтан кейін бір мезгілде барлық сынап бағаналары жоғары көтеріле бастады. Жағдайдың бұлай дамуы 2030 жылы Токионың климатын тропикалық ауа-райына әкелуі мүмкін. Жылыжай әсері- бұл күн энергиясының біршама жылу бөлігін жер бетінде ұстап тұру.Жылыжай әсерінің түсінігін 1863 жылы Тиндалл қалыптастырған еді. 1896 жылы Аррениус көмірқышқыл газы атмосфераның төменгі қабатында болымсыз ғана , егер газ жоқ болса, оның температурасын 5-6 градусқа жоғары ұстап тұрады.


Дәріс №13.

Тақырыбы: XXI ғасыр артықшылықтары мен ғаламдық экологиялық проблемалары.

БҰҰ Бас Ассмблеясының 1997 ж. Маусымда Нью-Йоркте болған арнаулы сессиясы қоршаған ортаны дамыту бойынша РидЖанейрода өткен БҰҰ 2-конференциясынан кейінгі 5 жыл ішіндегі жұмыстың қорытындысын шығарды. Тұщы су- жоғары артықшылықтағы проблема. Батыс Азия мен Африканың бірқатар аймақтарында суды тиімді пайдалану өте маңызды. Сдың тапшылығымен орай бұл аймаққа тән сипат- оның көп мөлшердебулануы болып отыр. Жер асты суларын дұрыс пайдаланбау салдарынан су көздерінің тұзданып, бұзылуымен байланысты қиындықтар туып отыр..



Дәріс№14

Тақырыбы: ҒТР және биосфера тенденцияларының өзгеруі.

1. ҒТР-дың экологиялық мазмұны.

2. Экономикалық дамудың техногендік типі.

1968 жылы күзде биосфераны қорғауға арналған алғашқы симпозиум болды. Сол кезден бастап бұндай симпозиумдар жиі болып тұрады. ҒТР-дың дамуы экологияға өзіндік кері әсерін де берді. Адамның іс-әрекеті табиғи обьектілердің қайшылықтарына қарсы тұруға бағытталып отырды. Химиялық элементтердің антропогендік миграциясы қоршаған ортаны өзгеріске әкелген негізгі факторлардың бірі болды.Экологиялық дағдарыстан шығудың жолы күрделі, жан-жақты тапсымаларды шешуді талап етеді.



Дәріс №15.

Тақырыбы:Эколгиялық қауіпсіздік шараларының маңызы.

1. Ғаламдық экологиялық қауіпсіздік.

2. Қауіпсіздікті сақтау шаралары.

Ғаламдық экологиялық қауіпсіздік түсінігі жеткілікті түрде аныталмаған. Қауіпсіздліктің басты 3 түрі көрсетіледі:



  • әскери қауіптілік , оларға ғаламдық ядролық соғыс, жаппай қырып-жою қарулары, халықаралық қару тасымалдау, ірі соғыстар мен жергілікті қақтығыстар жатады.

  • экономикалық қауіптілік- жаппай кедейшілік, экономикалық жағдайлар, халықаралық миграция, пандемия т.б.

  • экологиялық қауіптілік- атмосфера құрамының өзгеруі, табиғи тұщы сулардың ластануы, ормансыздану, шөлдену, топырақ эрозиясы, өндірістік және тұрмыстық лақтырындылардың әсерінен болатын ластанулар, қауіпті технологияларды тасымалдау т.б.



Дәріс №16.

Тақырыбы:Қоршаған ортаның ластануынан болатын зияндардың экономикалық бағалануы.

1. Қоршаған ортаның ластануынан болатын зияндардың экономикалық бағалануының бар әдістеріне шолу.

2. Автокөлік шығарындыларымен ауа ортасының ластануынан болатын зияндар.

Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиян экономикалық, экологиялық және әлеуметтік болуы мүмкін. Экологиялық зиянда қоршаған ортаның, гидросфераның, флора мен фауна жағдайлары нашарлап, ахуалы төмендейді. Қоршаған ортаның ластануынан болатын экономикалық зиянның құрамына табиғатты қорғау шығындарын, зиянның өтелу шығындары мен уыстан шыққан пайданың алынбаған табыс түрін немесе әсерін де есепке алу қажет.Атмосфераның ластануынан болған экономикалық зиянды анықтау –зиян шамасының өзгеруіне факторлық талдау жасау әдістемесі болып табылады.



Дәріс №17.

Тақырыбы:Экологиялық мониторинг.

1. Мониторинг түсінігі.

2. Негізгі түрлері.

Экологиялық мониторинг- қоршаған ортаның өзгерісін бақылау, баға беру, кешенді ақпарат жинақтау, ұлттық, аймақтық, жергілікті деңгейде қоршаған ортаның жай-күйіне баға беру.Экологиялық мониторинг түсінігі 1972 жылы Стокгольм конференциясында енгізілді. Мониторинг жүйесі бірнеше бақылау тобын біріктіреді.Мониторинг құралдары- физикалық, химиялық биологиялық зерттеу әдістерін ұсынады.Негізгі түрлері: биологиялық, геоэкологиялық, биосфералық;

. Дәріс№18.

Тақырыбы:Биосфера ресурстары. Табиғатты пайдаланудағы негізгі басқарулар.

1. Негізгі түсінік.

2. Табиғатты пайдаланудың негізгі 2 құрамдас бөлігі.

Табиғи орта адамның өз қажеттіліктерін өтеу мақсатында табиғи обьектіні, табиғи ресурсты, табиғи кешенді біріктіреді.Табиғи обьектінің негізгі белгілері:



  • табиғи шығу тегі

  • табиғи ортамен экологиялық байланысы

  • табиғи құндылығы

Табиғатты пайдалану- бұл табиғаттың миллиардттаған жылдар бойы құрғанын қалай тұтынуды үйрететін ғылым.Адамзат өз ресурстарын құру алдында тұр.Адам баласы құрған жаңа ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалау табиғи қорларды үнемдеуге мол мүмкіншілік береді.

Дәріс №19.

Тақырыбы:Табиғатты пайдаланудың ғаламдық геоэкологиялық

проблемалары.

Басты глобалды геоэкологиялық проблемаға табиғаттың шынайы өзгергенің және антропогеннің әсерінен өзгергенің жатқызады.Ал табиғаттың өзгеруі географиялық ортаның экологиялық,экономикалық,және әлеуметтік өзгерісіне әкеледі.Жер бетіндегі басты проблема бұл айналадағы ортаның күкірт қос тотығымен және азот тотықтарымн ластануы болып отыр.Ал осындай ластану қышқыл жаңбырдың жауына әкеледі.Мұндай жаңбыр топырақ пен су көздерін уландырады.Мұндай жаңбырлардан АҚШ пен Батыс Еуропада қазірдің өзінде 30 млн. гектардан астам орман құрыды,Германияда орман алқабының жартысына жуығы зақымдалды.



Дәріс №20

Тақырыбы:Табиғатты қорғаудың экологиялық негіздері.

Бүкіл адамзатқа қатысты проблемаларды ғаламдық проблемалар деп атайды.

Ғаламдық проблемалар дүниежүзілік қомдастық елдерінің арасындағы

қарым-қатынастар мен табиғат арасындағы қатынастарды,ресурстармен

қамтамасыз етуді бірлесіп шешу мәселерін қамтиды.Мыңдаған жылдар

бойында адам өзінің техникалық мүмкіндіктерін арттырумен

болды,табиғатқа қол сұғып араласуын күшейте берді,табиғатта биологиялық

тепе-теңдікті сақтау қажет екенің ұмытты.Айналадағы ортаға түсетін салмақ

ХХ ғасырдың екінші жартысында ерекше күрт артты.

Дәріс №21.

Тақырыбы:Экологиялық проблемаларды шешу жолдары.

1.Экологиялық білім беру.

2. Экологиялық мониторинг.

Әлемдік экологиялық проблемаларды шешу үшін ең алдымен оның пайда болу себептерін білу қажет. Қалыптасқан экологиялық проблемаларды шешудің негізгі ғылыми бағыттары мен оны жетілдіру жолдары айқындала бастады.Олардың негізгілері:



  • экологиялық білімді жетілдіру

  • экологиялық сараптама

  • экологиялық мониторинг

  • экологиялық маркетинг

  • экологиялық бизнес

  • экологиялық нарық

  • экологиялық менеджмент

Дәріс №22.

Тақырыбы: Адам экологиясы..

1. Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясын оқытудың актуальдылығы.

2. Экологияның адам өміріндегі маңызы.

Қазіргі кездегі экология ғылымы ғаламдық барлық ғылымдардың салаларына араласа отырып экономикалық, әлеуметтік, рухани мәселелердің негізін қамтитын, соның ішінде қоғам мен адамның арақатынасының себептерін анықтайтын күрделі ғылым. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XXғ.өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты.



Дәріс №23.

Тақырыбы:Ландшафтарды қорғау-денсаулық кепілі.

1. Табиғат лабораториялары

2. Ерекше қорғалатын аумақтар

Қазақстан жері жасыл өсімдіктер әлемі мен жабайы жануарлар дүниесі өкілдеріне бай өлке.Ландшафтарды қорғаудың ең жоғарғы формасы-қорықтар ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы бойынша 9 мемлекеттік қорық, 66 қорыққор, 6 ұлттық парк және 24-тен астам табиғат ескерткіштері бар. Қорықтар- бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды.



Дәріс №24.

Тақырыбы:Экологиялық маркетинг.

1. Қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы маркетинг механизмі.

2. Маркетинг жүйесіндегі экологиялық аудит.

Табиғатты пайдаланудағы экономикалық механизмнің нарыққа көшуі мынадай элементтер арқылы жүзеге асады:



  • қоршаған ортаны ластаудағы төленетін төлемдер

  • табиғи ресурстар нарығын құру

  • экологиялық қорлар құру

  • экологиялық бағдарламалар

  • экологиялық қамсыздандыру

Экологиялық аудит- бұл компанияның экологиялық іс-әрекет шарасында тексерулер жүргізуі.

Дәріс №25.

Тақырыбы:Экологиялық құқық.

1. Экологиялық құқық түсінігі.

2. Экологиялық құқықты бұзу.

Экологиялық құқық қоршаған ортаны қорғау саласында, оның жағдайын жақсарту, зиянды іс-әрекеттердің алдын-алу шараларын ұйымдастырумен айналысады. Экологиялық құқық бұзу юридикалық фактіні құрайды. Экологиялық құқық бұзу обьектісін қоғамдық ұйымдар қарастырады.



Дәріс №26.

Тақырыбы: Экологиялық факторлар.

1.Негізгі экологиялық факторлар.

2. Факторлардың организмге әсері.

Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін қажетті немесе теріс әсер ететін ортаның элементтері.Шөл-шөлейттегі жердегі өсімдіктер үшін жоғары температура, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бұл қолайсыз фактор болып табылады.Факторлар 3 негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропикалық.



Антропогендік факторлар дегеніміз қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әрекетінің тікелей және жанама әсері.
Дәріс №27.

Тақырыбы:Қазақстан полигондары.

1. Полигондарға жалпы сипаттама.

2. Полигон зардаптары.

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар құпия сақталды. Қазақ даласының 19 млн.га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды.Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 ж.ж. аралығында 24 рет ядролық қару сыналған.Соның ішінде Азғыр полигоны 6,1 мың га жерді алып жатыр.Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр.Полигондар аймағындағы жер ресурстары техногендік ластанудың әсерінен бүлініп жарамсызданған.



Дәріс №28.

Тақырыбы:Жергілікті экологиялық проблемалар.

Экологияландыру идеясы қазіргі қоғамның барлық жақтарын қамтыды.Экологиялық аспектер көптеген ғылыми пәндер мен қарастырылады.Мысалы:биологияда-бұл классикалық экология,медицинада –адам экологиясы,техникалық ғылымдарда –инженерлық экономика,ал географияда –бұл геоэкология.Жергілікті экологиялық проблемаларды шешу –болашақ жас ұрпақтың міндеті.



Дәріс №29.

Тақырыбы:Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағыттары мен негізгі тетіктері.

1. Экономиканы экологияландыру.

2. Табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерін жетілдіру.

Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру үшін ресурс үнемдейтін технологияларды дамыту және экологиялық «лас» өндірістің үлесін азайту, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылауды, экологиялық мониторингтің және статистиканың табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландырудың экономикалық тетіктерін жетілдіру арқылы барлық әзірленетін мемлекеттік, өңірлік, салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу қажет.


Дәріс №30.

Тақырыбы:Қазақстанда қалыптасқан экологиялық хал-ахуал.

1.Арал мәселесі.

2. Қоршаған ортаның жағдайы.

3. Қала экологиясы.

Арал теңізі- Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Арал апатына себеп болған факторларға:

- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

- суды өте көп қаже ететін күріш, мақта дақылдарын көбейтіп жіберу.

-жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалану.

-табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді.



6.Семинарлық сабақтарға оқу-әдістемелік нұсқаулар
Сабақ негізінен сұрақтар беру, сол сұрақтарға жазба түрінде жауап беру және сол орындалған тапсырмалардың әрқайсысына есеп беру арқылы жүреді. Сабақ негізінен сұрақтар беру, сол сұрақтарға жазба түрінде жауап беру және сол орындалған тапсырмалардың әрқайсысына есеп беру арқылы жүреді. Сабақ негізінен сұрақтар беру,сол сұрақтарға жазба түрінде жауап беру және сол орындаған тапсырмалардың әрқайсысына есеп беру арқылы жүреді.Семинар сабағы берілген тақырып бойынша студенттің білімін тексеру мақсатында жұмасына бір рет кестеге сай өткізіледі. Студент қарастырылып жатқан мәселеге қатысты өз ойын талқылап, ортаға салады. Өткізілу әдісі негізінен әңгімелесу, сұхбаттасу, дебат, пікірсайыс ретінде өтеді. Пікірсайыс кезінде студенттер екі топқа бөлініп, өз ойларын жарыса ортаға салады. Сабақты бұндай әдіспен өткізу бір жағынан қызық болса, екінші жағынан топтың жұмыла жұмыс істеуіне оң ықпал етіп, студенттердің танымдық көзқарастарын кеңінен аша түседі.
Апта – 1

Семинар -1. Тақырыбы: Экологиялық дағдарыстан шығудың экологиялық экономикалық стратегиясы.

1.Рим клубы

2.Киото хаттамасы

Әдебиеттер:№1 65-69, 79-82 бет.
Апта 2

Семинар -2. Семинар сабағының мазмұны.Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндірістің тиімділігі.

1.Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндіріс..

2.Аз қалдықты өндірістің тиімділігін анықтау әдістері.

Әдебиеттер:№1 165-170бет.
Апта-3.

Семинар -3. Тақырыбы.Минералды ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалау.

1.Минералдық ресурстарды экономикалық бағалау.

2.Кен орындарын экономикалық бағалау.

Әдебиеттер.№1 182-185, 202-215 бет..
Апта 4.

Семинар -4. Тақырыбы. Ауыл шаруашылығы секторындағы экологиялық проблемалар

1.Ауыл шаруашылығы секторындағы экологиялық проблемалар..



Әдебиеттер.№2 377-384 бет.
Апта 5.

Семинар -5. Тақырыбы: Табиғат ресурстары үшін төленетін төлемдер

1.Жер қойнауын пайдаланудың төлем түрлері.

2.Өнімдерді бөлу туралы келісімшарттар..

Әдебиет: №1 293-296, 312-318 бет.
Апта – 6.

Семинар -6. Тақырыбы: Ғаламдық экологиялық қауіпсіздік

1.Ғаламдық экологиялық қауіпсіздік.

2.Экологиялық қауіпсіздіктің алдын-алу шаралары.

Әдебиет: №2 541-546 бет.
Апта 7.

Семинар -7. Тақырыбы: Қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемдер

1.Қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемдер.

2.Төлемдерді анықтаудың әдістері.

Әдебиеттер: №1 114-128 бет.
Апта 8.

Семинар -8. Тақырыбы.Экологиялық аудит түсінігі

1.Экологиялық аудит қалыптасу тарихы.

2.Шет жердегі экологиялық аудиттің деңгейі.

Әдебиеттер№6 157-172 бет.
Апта 9

Семинар -9. Тақырыбы.Жануарлар әлемін қорғау

1.Жануарлар әлемін экономикалық тұрғыдан қорғау механизмі..



Әдебиеттер:№3 413-415 бет.
Апта 10.

Семинар -10. Ауыл шаруашылығын химияландырудың экологиялық аспектілері.

1.Ауыл шаруашылығын химияландырудың экологиялық аспектілері.



Әдебиеттер:№7 215-221 бет.
Апта 11.

Семинар -11. Тақырыбы:Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы

1.Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы.



Әдебиеттер: №7 184-186 бет.
Апта 12.

Семинар -12. Тақырыбы: Экология туралы заңдар мен маңызды құжаттар

1.Экология туралы заңдар мен маңызды құжаттар.



Әдебиеттер:№7 254-267 бет.
Апта 13.

Семинар -13. Тақырыбы: Семей-Невада қозғалысының маңызы.

1.Семей-Невада қозғалысының маңызы.

2.Азғыр, Тайсойған полигондарына сипаттама.

Әдебиет:№7
Апта 14.

Семинар -14. Тақырыбы:Оқушылардың экологиялық білімдері

1.Экологиялық білімнің мақсаттары.

2. Экологиялық білімдегі гуманизация.

Әдебиеттер:№4,№5.
Апта 15.

Семинар 15. Тақырыбы: Қазақстан Республикасының 2004-2015 ж.ж.арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы.

1Қазақстан Республикасының 2004-2015ж.ж. арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасының негізгі мақсат-міндеттері



Әдебиеттер:№7 289-297 бет.
7. ОЖСӨЖ-нің өткізудің әдістемелік нұсқауы
ОЖСӨЖ 2 бағытта өткізіледі: берілген тапсырмаларды орындау және тексеру. ОЖСӨЖ практикалық сабақ ретінде өтіледі. Сабақ негізінен сұрақтар беру, сол сұрақтарға жазба түрінде жауап беру және сол орындалған тапсырмалардың әрқайсысына есеп беру арқылы жүреді. Сабақ негізінен сұрақтар беру, сол сұрақтарға жазба түрінде жауап беру және сол орындалған тапсырмалардың әрқайсысына есеп беру арқылы жүреді. Сабақ негізінен сұрақтар беру,сол сұрақтарға жазба түрінде жауап беру және сол орындаған тапсырмалардың әрқайсысына есеп беру арқылы жүреді.ОЖСӨЖ сабағы берілген тақырып бойынша студенттің білімін тексеру мақсатында кестеге сай өткізіледі. Студент қарастырылып жатқан мәселеге қатысты өз ойын талқылап, ортаға салады. Өткізілу әдісі негізінен әңгімелесу, сұхбаттасу, дебат, пікірсайыс ретінде өтеді. Пікірсайыс кезінде студенттер екі топқа бөлініп, өз ойларын жарыса ортаға салады. Сабақты бұндай әдіспен өткізу бір жағынан қызық болса, екінші жағынан топтың жұмыла жұмыс істеуіне оң ықпал етіп, студенттердің танымдық көзқарастарын кеңінен аша түседі.

1. ОЖСӨЖ мазмұны. Табиғатты пайдалану экономикасы пәнінің негізгі мақсаты мен міндеттері.

Әдебиеттер: 1. 4-9 бет.

Мақсаты: Табиғатты пайдалану экономикасы пәнінің негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтау.
Бақылау сұрақтары: 1. Табиғатты пайдалану экономикасы пәнінің негізгі мақсаты не?

2. Пәннің негізгі міндеті не?


2. ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақстандағы тұрақты экологиялық даму бағдарламасы.

Әдебиеттер:№2 51-58 бет, №1 89-95 бет.

Мақсаты: Қазақстандағы тұрақты экологиялық даму бағдарламасы туралы түсінік қалыптастыру

Бақылау сұрақтары: 1. Тұрақты экологиялық бағдарлама қашан қабылданды?

2. Оның негізгі мақсаты не?


3. ОЖСӨЖ мазмұны. Рио-де-Жанейродағы БҰҰ конференциясы.

Әдебиеттер: 1. 76-82 бет.

Мақсаты: Рио-де-Жанейродағы БҰҰ конференциясы туралы түсінік қалыптастыру.

Бақылау сұрақтары: 1. Рио конференциясы қашан болды?

2. Оның мақсаты не?

3. Негізгі міндеті қандай?
4. ОЖСӨЖ мазмұны.Табиғатты пйдалану экономикасы пәнінің негізгі құрылымы.

1. Пәннің негізгі бағыттары.



Әдебиеттер:№2 71-75 бет.

Мақсаты: Табиғатты пйдалану экономикасы пәнінің негізгі құрылымын анықтау

Бақылау сұрақтары:

1. Пәннің негізгі құрылымы қандай?

2. Пәннің негізгі қарастыратын мәселесі қандай?
5. ОЖСӨЖ мазмұны.

Экономикалық дамудың техногендік типі.



Әдебиеттер:№3 138-141 бет.

Мақсаты: Экономикалық дамудың техногендік типін анықтау

Бақылау сұрақтары: 1. Экономикалық даму деген не?

2. Техногендік типті қалай анықтайды?


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет