Эволюциялықөзгеріс өмір барысында сандық,сапалық қасиеттерінің қалыптасуы.Адам өмірінің даму барысындағы өзгерістер.
Революциялықөзгеріс терең жəне тез,аз уақыт аралығында адам өмірінде болатын өзгерістер. Ол баланың дағдарыс кезеңдеріне сəйкес келеді.
Ситуациялықөзгеріс баланың психологиясында ұйымдастырылған жəне ұйымдастырылмаған үйрету жəне тəрбиенің əсерінен болады.
Эволюциялық өзгеріс пен революциялық өзгеріс берік,нақты бекінген болып келеді.Ал ситуациялық өзгеріс жаттықтыруды қажет етеді.
Жас ерекшелігі психологиясының негізгі ұғымдарының бірі – жас (возраст).Əрбір жаста сол кезеңге сай ерекшеліктер болады жəне ол келесі жаста өзгеріп, дамып отырады немесе қайталанбайды.Жас ерекшелігі психологиясы бірнеше бөлімге бөлінеді:мектепкедейінгіжаспсихологиясы,бастауыш мектеп жасындағылар психологиясы,жасөспірімдер психологиясы,ересек адамдаржəнеқартадамдарпсихологиясыт.б.
Жас ерекшелігі психологиясының теориялық жəне практикалық мəселелері.
Жас ерекшелігі психологиясының негізгі мəселелеріне балалардың психикалық, қарым-қатынастық дамуы,ағзаның анатомиялық-физиологиялық дамуы немесе сыртқы ортаның əсерінен даму барысы жатады.Біріншіден ағзаның даму деңгейі оның анатомиялық құрылысына байланысты.Егер ағзада аномалия болса, адамның психикалық дамуына кедергі келтіреді немесе ми дамуында кемістік болса психикалық процестердің даму барысында ауытқулар мен өзгерістер болады.Екіншіден ағзаның психикалық дамуы жəне «мен» бейнесінің дамып,қалыптасуы қоршаған ортаға байланысты.
Екінші мəселе балаға оқу мен тəрбиенің ұйымдастырылуы.Ұйымдасдасқан оқу мен тəрбиенің сапалы түрі арнайы мемлекеттік оқу орындарында жүзеге асады. Ол отбасынан басталып, ЖОО –на дейін жалғасады.
Үшіншімəселе, болашақ пен қабілеттіліктің байланысы.Оған баланың қабілеті мен болашақтағы өмірлік жасының сəйкес келуі жатады.
Төртінші мəселе, ол революциялық,эволюциялық,ситуациялық өзгерістердің адам ағзасының дамуына қайсысының əсерінің басым екендігі жатады.Қай кезеңде болмасын қайсысының біріншісі жай, екіншісі аз уақыт ішінде, үшіншісі терең емес даму əсері күшті сол мəселеге байланысты болады.