Құм терапиясының маңыздылығы


Құмдағы ойындардың негізгі принциптері



бет3/8
Дата11.07.2020
өлшемі26,55 Kb.
#75101
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Құм терапиясы

Құмдағы ойындардың негізгі принциптері:
1. Шығармашылық белсенділік таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезінетін табиғи ынталандыратын орта жасау.
Бұл үшін біз баланың мүмкіншіліктеріне сәйкес келетін тапсырмаларды таңдаймыз; ертегі түріндегі ойындарға нұсқаулық құрамыз, оның нәтижесін, идеялары мен әрекетін жағымсыз бағалауға жол бермейміз.
2. Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау, шынайы «бірге тұру».
Осы принциптің негізінде қиялдағыдан шынайылыққа және керісінше өзара ауысу жүзеге асырылады. Мысалы, Ханшайымның құтқарушысы ролінде болып, бала жағдайдан шығатын жолды ұсынады, сонымен бірге оны құмда шағын фигуралардың көмегімен шынайы ойнайды. Сонымен, ол өзінің ісі мен таңдаған жолының дұрыстығы не қателігіне көз жеткізеді.

Құм – өте ұсақ  ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.

Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.

Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да мен құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолданып отырамын. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет