Құм терапиясының маңыздылығы


Математика сабақтарында төмендегіндей жаттығуларды қолданамын



бет7/8
Дата11.07.2020
өлшемі26,55 Kb.
#75101
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Құм терапиясы

Математика сабақтарында төмендегіндей жаттығуларды қолданамын:

1.«Өлше де сана». Балалар қасыкпен құмды өлшейді және санын санайды.

2.«Түрлі өлшемдермен өлше». Бірдей мөлшердегі құмды балалар түрлі белгілері бар қасықтармен өлшеп салыстырылады және санын санайды.

Сурет сабақтарында келесі сабақ түрлерін қолданамын:

1. «Құммен сурет салуды үйренеміз». Осы сабақты балалармен бастапқы кезеңде әрқайсысымен жекелеп өткіземіз. Бір заттың бейнесін саламыз немесе көшірме қағаз арқылы бейнелейміз. Суреттің ортасына жіңішке қылқаламмен желім жағып үстіне құм себеміз, 1-2 минуттан соң артық құмды алып тастаймыз да, қайта өз ыдысына қалдық құмды саламыз.

2. «Суретті құммен саламыз».  Сабаққа түрлі түсті гуашпен боялған және түрлі табиғи реңкі бар құмдарды  қолданамыз. Түрлі түсті құмды біртіндеп желіммен әр түсті жеке алып отырып суретті шығарамыз.

3. «Бауырсақ және түрлі безендірілген қуыршақтар» дымқыл құмнан мүсіндеу.              

 Құм ойындары

Қыстың суық күндерін де сыртқа шығу мүмкін болмаған жағдайда балалармен құммен ойнайтын түрлі ойындар  ұйымдастырылады.



Ойын түрлері:

  1. «Ненің ізі».

  2. «Келесіге бер»

  3. «Сезімтал алақандар»

  4. Еркін ойындар»

Бала тәрбиесінің басты ошағы отбасы десек,құм терапиясының маңыздылығы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың болуына үлкен үлес қосады.Бала құммен ойынды тек балабақшада ғана ойнап қана қоймай,үйге барғанада да сол ойынды жалғастырады.Осы орайда балабақша мен ата-ананың байланысын нығайту барысында ата-аналарға үйге төмендегідей тапсырмалар беріп отырамын.

Ұсақ моториканы дамыту жаттығулары:



  1. «Коктейль трубочкалары»

  2. «Моншақтар»

  3. «Фасольды теру»

  4. «Жіпті орау»

  5. Сусымалы заттарды сапыру»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет