М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет59/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
57 
қазіргі өмірге енген демократиялық құндылықтар мен нарықтық 
қатынастар мәдениеті өзара әсерлесуі жағдайында, өзіндік даму жо-
лын таңдаудың күрделі міндеті пайда болады. Ол бірінші кезекте-
гі мәселе болып табылады. Өзіндік жолдың қандай болу керектігін 
сезіну мен түсіну, қоғамдағы түбегейлі өзгерістер кезеңінде пай-
да болады: Өткеннің рухани мұраларына қалай қарауға болады? 
Оны қабылдаймыз ба, немесе лақтырып тастаймыз ба? Өткеннің 
сабақтарын қалай ескеруге болады?
Барлық алдыңғы Қазақстанның тәуелсіз дамуына дейінгі тарих-
та философия ғылымдарында «түркілік философия» оның табиғи 
бөлігі ретіндегі «қазақ философиясы» ұғымының ақтаңдақтары, 
түркілік тақырып бойынша үнсіздітің болуымен және оның зерт-
телмегендігімен сипатталатыны белгілі. Олардың қалыс қалуына 
саяси және идеологиялық желеулер себепкер болды, ол кәсіби 
түркологтардың арасында түркілердің рухани өмірінің құбылыс-
тарын редукциялау немесе жалпылама түр ретіндегі тіл болмысы-
на, не болмаса халықтың ауызша шығармашылығы болмысына на-
зар аудару ретінде көрініс берді. Оларда филологиялық зерттеу 
парадигмасы басымдық танытты.
Кеңестік түркология тіл, салт, діни практика, белгілі бір ке-
зеңдердің тарихы мен мәдениеті мәселелерін зерттеуде қомақты 
жетістіктерге жетті. 
Ғылыми зерттеулердің үздік дәстүрлерін дамытушы тамаша 
түркітанушы саңлақтар белгілі. Солардың ішінде – В.В. Бартольд, 
В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский, Б.А. Серебренников, Н.К. Дми-
триев, Н.А. Баскаков, Л.Н. Гумилев, Н.Т. Сауранбаев, М.Б. Балақаев, 
А.И. Ысқақов, С.А. Аманжолов, С.Г. Кляшторный және көптеген т. б. 
ғалымдар бар. Олар түркі халықтарының тарихы, тілі, дәстүрлерін, 
сонымен қатар түркілік мәдениеттің үздік өкілдерінің дүниетаны-
мын зерделеуге мол үлес қосты.
Алайда, ол идеологиялық құндылықтық өлшемдері мен таптық 
пен партиялық сияқты параметрлері бар тұтастай алғандағы кеңестік 
философияға және Қазақстандағы философиялық зерттеулердің 
дамуына ықпал етпеді. Философия кәсіби білімдердің саласы 
ретінде, біртіндеп идеологиялық құрсауға түсті, бағынышты бола 
отырып «түркілік» мәселелерден алыстап, тіптен ақыр соңында 
оны жоққа шығарды. Оның түсіндіруінше, түркі тілдес халықтар 
философияның алдындағы «қоғамдық ой» деген атқа ие болған, 
кейде «қоғамдық-саяси ой», «әлеуметтік-философиялық ой» және 
т. б. атауларға ие болған рухани өндірістің түрін игергендердің 
қатарына қосылды. Бұл әлі философия бола қоймаған, бірақ соған 


58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет